ҚР Президенті Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2017 жылы атқарған жұмысының қорытындысы жөніндегі есебі ұсынылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Данияр Ақышев Елбасыға Ұлттық банктің қазіргі қызметі, ақша-несие саясатының басты бағыттары, сондай-ақ еліміздің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады.

Ұлттық банк төрағасының есебіне сәйкес, 2017 жылы инфляция деңгейі 7,1%-ды құрап, жыл соңында алтын-валюта қорының көлемі $30,7 млрд жеткен.

«Қаңтар айында ахуал одан да жақсара түсті. Банк резервтері тағы 3%-ға өсіп, $31,7 млрд жетті. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері $58,3 млрд  құрады. 2018 жылғы қаңтарда инфляция деңгейі 0,6% болды. Бұл біздің биылға белгілеген – бестен жеті пайызға дейінгі аралықтағы жаңа өлшемімізге еніп отыр», — деді Д. Ақышев.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу