ҚР Президенті «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басқарма төрағасы А. Байгенжинмен кездесу өткізді

Кездесуде Абай Байгенжин Мемлекет басшысына медициналық орталық қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«2003 жылдан бері кардиологиялық аурулардан болатын адам өлімінің саны үш еседен артық қысқарды. Дей тұрғанмен, елімізде онкологиялық ауруларға қатысты ахуал күрделі болып тұр», — деді медициналық орталық басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа 2018 жылғы маусымда іске қосылуы жоспарланып отырған жаңа үлгідегі «Томотерапия» онкология орталығының құрылысы жөнінде мәлімделді.

Кездесу соңында Елбасы Қазақстандағы онкологиялық ауруларды емдеу ісін одан әрі жетілдіру мәселесі бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу