10 Мамыр 2017, 09:14
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері туралы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы ұлттық заңнаманы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарымен үндестіруге, ұшулардың қауіпсіздігі мен авиация қызметін реттеудің тиімділігі деңгейін жоғарылатуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу