ҚР Президенті Yildirim Holding компаниясы басқармасының төрағасы Юксел Йылдырыммен кездесті

Кездесу барысында тараптар химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларға қатысты мәселелерді және оларды іске асырудың перспективаларын талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.   

«Yildirim Holding» компаниясы басқармасының төрағасы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдіріп, Мемлекет басшысына Жамбыл облысында кальций қосылған сода өндіретін зауыт салу жоспары туралы айтты. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу