19 Сәуір 2018, 05:51
Жұма күні, 20 сәуірде, сағат 11:20-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында шағын несие беруді көбейту туралы баспасөз конференциясы өтеді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Шыңғыс Ахметов шара спикері болады.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу