2015 жылы «Атамекен» ҰКП қолдауымен 1600 жаңа кәсіпорын ашылды - Т.Шотанов

2015 жылы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 1600 жаңа кәсіпорындар ашылды, деп хабарлады Ұлттық палата төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында.

«Егер қысқаша түрде қорытындысы туралы айтатын болсақ, 1,6 млрд теңге көлемінде бөлінген сома – бұл 5 жылдан астам уақыт бойы бөлініп келе жатқан қаржы. Әр жыл сайын болып жатқан девальвация, инфляцияға қарамастан сома өзгеріссіз қалады, шағын және орта бизнеске көрсетілетін қызметтер саны артып келеді. Осылайша, 2014 жылы 15 мың қызмет көрсетілсе, 2015 жылдың қорытындысы бойынша ол екі есеге ұлғайды», - деді Т.Шотанов.

Төраға орынбасары 2015 жылы ШОБ 30 мың субъектілеріне қызмет көрсетілгендігін және анық нәтижелер бар екендігін атап өтті.

«Атап айтқанда, 1600 жаңа кәсіпорындар ашылды, 2800 кәсіпкерлер екінші деңгейдегі банктерден қаржыландыру алды. 3600 кәсіпкерлердің жобаларына толық қолдау көрсеттік. Осылайша, кәсіпкерлер өздерінің жобаларына 30 млрд теңгені жұмылдырды», - деген сандарды келтірді ҰКП өкілі.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу