ҰКП жекешелендірудің мемлекеттік нысандарын бөліп төлеуге сатуды ұсынды
Жекешелендіру нысандарын бизнеске бөліп төлеуге сатқан жөн. Сәйкес ұсыныстарды «Атамакен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезді барысында ҰКП басшысы Абылай Мырзахметов айтты.
«Біз өңірлерге барғаннан кейін осындай мәселені алға қойып отырмыз. Бөліп төлеуге алған жақсы ма, әлде сенімгерлік басқаруға беру керек пе? Қазір бизнеске қиын екенін, капиталдың жоқтығын ескерген жөн, сонда отандық бизнес жекешелендіру үдерісіне нақты қатысуы тиіс», - деді А.Мырзахметов.
Ол кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алуға бизнестің қатысуы керектігін айтып өтті. «Мемлекет иелігінен алу аясында барша коммуналдық және республикалық меншіктің ревизиясы туралы мәселе көтеріліп отыр. Ол нарыққа берілуі тиіс деп есептейміз, мұнымен палата айналысатын болады», - деп баса айтты ол.
Съезд аясында делегаттар сондай-ақ ҰКП басқарма төрағасы мен мүшелерінің құзіреттерінің мерзімін 2018 жылдың 25 маусымына дейін ұзартуға дауыс берді.
Бұдан өзге, Қазақстан кәсіпкерлерінің жемқорлыққа қарсы іс-қимылы бойынша Хартия қабылданды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз