Салық кодексіне салық жеңілдіктері бойынша түзетулер жобасы парламентке қыркүйекте енгізіледі - ЭБЖМ

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (ЭБЖМ) ҚР Парламенті қарауына салықтық жеңілдіктерді тексеру қортындысы бойынша Салықтық кодекске түзетулері бар заң жобасын қарауға енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен министрліктің алқа отырысында. 

«Тексеру нәтижесі бойынша Салық кодексіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар жасалады, сәйкес заң жобасы Парламентке ағымдағы жылдың қыркүйек айында енгізіледі», - деді Е. Досаев.

Ол ЭБЖМ сарапшылары әрекеттегі салық жеңілдіктерін тексеру жүргізгенін нақтылап өтті. Салық кодексімен қазіргі таңда 1,3 трлн теңгеге 281 жеңілдік қарастырылған. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу