28 Шілде 2026, 11:55
2026 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде шамамен 2 418 МВт қуатты іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.
Министрдің мәліметінше ел экономикасының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2029 жылға дейін жалпы сомасы 6,2 трлн теңге болатын жалпы көлемі 7,3 ГВт жаңа генерация көздерін іске қосу, оның ішінде қолданыстағы қуаттарды алмастыруға бағытталған жобалар көзделген.
«Осылайша, Ұлттық жоба шеңберінде жаңа қуаттардың өсімі 6 484 МВт-ты, ал қолда бар қуаттарды алмастыру көлемі қазірдің өзінде 825 МВт-ты құрайды. 2026 жылы Ұлттық жоба шеңберінде шамамен 2 418 МВт қуатты іске қосу жоспарлануда. 2027 жылы шамамен 825 МВт жаңа қуатты іске қосу жоспарлануда, оның ішінде Жамбыл МАЭС-інде жалпы қуаты 210 МВт болатын 5 газ-турбиналық қондырғыны және «МАЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын іске қосу жоспарлануда. Аталған қуаттарды іске қосу 2027 жылдың басынан бастап экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал 2027 жылдың соңына қарай электр энергиясының шамамен 1,3 млрд кВт/сағ көлемінде профицитін қалыптастырады», — деді министр.
Сонымен қатар ведомство басшысы Ұлттық жоба шеңберінде 2028 – 2029 жылдары 4 000 МВт-тан астам қуатты іске қосу көзделгенін тілге тиек етті. 2029 жылы Қазақстанның энергия жүйесінде 20% көлеміндегі қажетті қуат резерві ескеріле отырып, электр энергиясы профицитінің тұрақты қамтамасыз етілуі күтілуде. Бұл өз кезегінде еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Ұлттық жоба шеңберінде 2025 жылы жалпы қуаты 36 МВт үш газ-турбиналық қондырғы салу арқылы Текелі энергия кешенін жаңғырту жөніндегі жобалар табысты жүзеге асырылды. Сонымен қатар осы жылы қуаты 240 МВт Қызылорда облысында бу-газ қондырғысын іске қосылды және қуаты 17 МВт Текелі энергия кешенін жаңғыртудың үшінші кезеңі аяқталды. Жыл соңына дейін 2 161 МВт іске қосылады деп күтілуде.
Өңірлерді сенімді жылумен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық жоба шеңберінде жалпы құны 1,3 трлн теңге болатын 1,6 мың шақырым жылу желілерін және 2,7 трлн теңге болатын 77,5 мың шақырым электр желілерін жаңғырту көзделген. Бұл жұмыс 2029 жылға қарай ел бойынша жылу және электр желілерінің орташа тозу деңгейін тиісінше 52%-дан 42%-ға дейін және 74%-дан 45%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Энергетика министрлігі ұзындығы 11 561 шақырым электр желілерін жаңғырту және реконструкциялау бойынша сомасы 514,5 млрд теңгенің 246 жобасын жүзеге асыруды қолдады, олардың:
70,2 млрд теңгенің 61 жобасы құрылыс-монтаждау жұмыстарының әртүрлі сатыларында;
269,7 млрд теңгенің 113 жобасы бойынша EPC-мердігерді және техникалық қадағалауды анықтау бойынша сатып алу рәсімдері өтуде;
11,2 млрд теңгені құрайтын 1 жобаның тарифі анықталу сатысында;
163,4 млрд теңгенің 71 жобасын Министрлік келісті және ол жобалар қараудың 1-ші кезеңінде.
Аталған жобаларды жүзеге асыру жылу желілерінің тозуын 66%-дан 62%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. 2025 жылы тартылған қаражат есебінен Түркістан облысы мен Шымкент қаласында 2,5 млрд теңге сомасына 104,2 шақырым электр желілерін реконструкциялау бойынша 2 жоба жүзеге асырылған. Нәтижесінде аталған өңірлерде электрмен жабдықтау сенімділігі артты.
Министрдің баяндауынша жылу желілері бойынша жалпы құны 449,2 млрд теңгені құрайтын 314 шақырым жылу желілерін реконструкциялауды көздейтін 137 жобаның портфелі қалыптастырылған.
Бүгінгі таңда:
191 млрд теңге сомасына 34 жоба жүзеге асыру сатысында;
77,1 млрд теңге қаржыландыру көлемі 38 жоба жүзеге асырылуға толық дайын;
құны 181 млрд теңгенің 65 жобасы қаралу кезеңінде.
«Бүгінгі таңда облигациялық қарыз алу шеңберінде жергілікті атқарушы органдар Қарағанды, Теміртау, Тайынша қалаларында 15 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 11,1 шақырым жылумен жабдықтаудың 3 жобасы аяқталды. Жүргізілген жұмыстар көппәтерлі үйлерді сенімді жылумен қамтамасыз етуге және 2025 – 2026 жылдардағы жылыту маусымын үздіксіз өтуге мүмкіндік берді», — деді министр.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі энергетика объектілерін цифрлық трансформациялау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.
Біріншіден, Ұлттық жоба шеңберінде энергетика объектілерінің деректері мен цифрлық сервистерін біріктіретін «EnergyTech» бірыңғай цифрлық платформасы құрылуда.
Екіншіден, интеллектуалды аспаптарды және басқарудың автоматтандырылған жүйлерін енгізе отырып, жылумен, электрмен және газбен жабдықтау нысандарын ауқымды аспаптандыру жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл объектілер жай-күйін мониторингтеу, есепке алудың ашықтығын арттыру және технологиялық шығындарды азайту үшін «EnergyTech» платформасына деректерді интеграциялауды қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, энергетика нысандарының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 200-ден астам энергетика объектісінде киберқауіптерді орталықтандырылған түрде мониторингтеуді, анықтауды және олардың алдын алуды қамтамасыз ететін Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылуда.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу