Тег бойынша жаңалықтар - Өңірлер

«Құрылыс және тағы да құрылыс»: Жетісу облысының алты ауданын газбен қамтуға 37,4 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында жариялаған «Халықтық құрылыс» ауқымды бағдарламасы аясында Үкімет Инфрақұрылымды дамыту қорынан Жетісу облысының алты ауданында – Ақсу, Сарқан, Алакөл, Панфилов, Қаратал және Ескелді аудандарында газ құбырлары мен газ тарату желілерін салуға 37,4 млрд теңге бөлді.

Түркістан облысында әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандар жаңартылуда

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысын тексерді.

Негізгі капиталға 1 трлн теңге инвестиция және жасыл энергетикаға басымдық: Ақтөбе облысының экономикасы қалай дамып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында Ақтөбе облысында инвестиция тарту, өнеркәсіпті дамыту және инфрақұрылымды жаңғырту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, энергетика, өндіріс, ауыл шаруашылығы және көлік салаларында жобалар жүзеге асырылып отыр.

«Қуатты аймақтар»: Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы тау-кен металлургия кешенінің жүйе құраушы кәсіпорындарын аралады

Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен, ірі өндіріс орындардың қызметімен және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Өнеркәсіпті дамыту және еліміздің өндірістік әлеуетін нығайту – Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттардың бірі.

Түркістан облысында қуаттылығы жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылды

Түркістан облысының Шардара ауданында «Қазкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу зауыты жұмысын бастады. Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 150 мың тонна шикізат. 500 жұмыс орны құрылған.

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

Үкіметте Мемлекет басшысының туризм мен спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында берген туризм мен спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Қанат Бозымбаев өңірлердің қысқы маусымға дайындығын және көктемгі су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық барысын тексерді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өңірлердің 2026–2027 жылдардағы қыс мезгіліне дайындығы және 2027 жылғы көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары бойынша кеңес өтті.

«Құрылыс және тағы да құрылыс»: Президент тапсырмасына сәйкес Петропавлда жаңа медициналық жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлінді

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген өңірлерде денсаулық сақтау нысандарын салу және жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда.

Жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Жиында төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов, сондай-ақ өңірлердегі жағдай туралы бірқатар облыс әкімдері  баяндама жасады.

Алатау қалалық кеңесінде қаланы дамыту мен басқарудың стратегиялық мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Алатау қалалық кеңесінің отырысында қаланың ұзақмерзімді дамуы, арнайы құқықтық режимнің нормативтік базасын және қалалық басқару жүйесін қалыптастыру мәселелері қаралды.

Лондонда Alatau City бойынша $1,3 млрд сомасындағы 9 келісімге қол қойылды

Лондонда Alatau City Investment Roundtable инвестициялық дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара Алатау қаласын дамытуға халықаралық капитал тартуға бағытталған еуропалық роуд-шоудың бастамасы болды. Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.

Олжас Бектенов жол саласын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының автомобиль жолдары саласын реформалау жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы бойынша кеңес өткізді. Жиында Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттер аясында жол құрылысының сапасын арттыру және заманауи автомобиль жолдары желісін қалыптастыру мәселелері қаралды.

Үкіметте Петропавл қаласының әуежайын дамыту мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Петропавл қаласының әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимарат – Iconic Complex көпфункционалды кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысты.

Олжас Бектенов Шымкенттің индустриялық дамуымен танысып, жол сапасын жақсарту жұмыстарын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуымен және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңір экономикасының жаңа өсу бағыттарын дамыту және автожолдар сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.

Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қарашадағы №1003 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қарашадағы №1001 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қарашадағы №1000 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 қарашадағы №980 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 қарашадағы №977 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 қазандағы №955 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 қазандағы №950 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 қазандағы №940 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №931 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №933 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №935 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №925 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №924 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 қазандағы №917 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы №900 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы №899 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №897 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №895 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қазандағы №886 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы №888 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы №883 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 қазандағы №878 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 қазандағы №864 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №853 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №848 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №854 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №852 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №851 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №850 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №849 қаулысы