Каспийдегі паромдық инфрақұрылымның өткізу қуаттылығы 25 млн тоннаға дейін ұлғайтылады – Б.Қамалиев

«Ақтау» теңіз портын кеңейту және «Құрык» портында паром кешенін салу арқылы Каспийдегі инфрақұрылымның өткізу қуаттылығын 16,5-тен 25 млн тоннаға дейін ұлғайтылады, деп мәлімдеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Камалиев Парламент Мәжілісіндегі комитет отырысында.

«Қазақстандық қуаттылық пен Каспий бассейіне жүк тасымалдау транзиттік ахуалды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Ақтау» теңіз портын кеңейту және «Құрык» портында паром кешенін салу арқылы Каспийдегі инфрақұрылымның өткізу қуаттылығын 16,5-тен 25 млн тоннаға дейін ұлғайтылады», - деді ол.

Б.Қамалиев еске салып өткендей, өткен жылдың наурыз айында ұзындығы 111 шақырымға тең «Алматы 1- Шу» учаскесіндегі құрылыс жобасын жүзеге асыру басталғанын еске салды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда, олар ел экономикасының дамуына қосымша серпін береді. «Нұрлы жол» саясатын жүзеге асыру аясында ҚТЖ көліктік инфрақұрылымды дамыту саласының негізгі операторы болып сайланды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу