Зияткерлік меншік нысандарын сараптау және тіркеу рәсімдері «бір терезе» арқылы жүргізіледі

Заң жобасындағы зияткерлік меншік саласындағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша зияткерлік меншік саласының нысандарын сараптау және тіркеу рәсімдері «бір терезе» қағидасы арқылы жүргізіледі.

Бұл туралы ҚР әділет министрі Марат Бекетаев Үкіметтің кезекті отырысында зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынған заң жобасында баяндады.

Белгілі болғандай, қазір Қазақстанда өтінімдерді және сараптамаларды қабылдау сараптама ұйымдарында, зияткерлік меншік саласының нысандарына құқықты тіркеу Әділет министрлігінде жүргізіледі. Ал мұндай жұмыс ЭЫДҰ елдерінде, атап айтқанда АҚШ, Португалия, Жапония, Швейцария, Германия, Қытай, Корея елдерінде бір ведомствода «бір терезе» қағидасы арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бұл заң жобасы зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу