Р. Скляр ХІІ Санкт-Петербург халықаралық газ форумына қатысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация ХІІ Санкт-Петербург халықаралық газ форумының жұмысына қатысты.

Форум аясында «Газпром» ЖАҚ-пен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, ол табиғи газды тасымалдау, қайта өңдеу, геологиялық барлау және басқа да іс-шаралар мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдардың кең спектрін көздейді.

Сонымен қатар «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесу өтті, оның барысында арадағы ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтіліп, сондай-ақ тараптардың одан әрі өзара тиімді әріптестікке әзірлігі айтылды.

#Роман Скляр #Геология #Мұнай-газ саласы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу