2015 жылы нақты ақшалай табыстар 3,4%-ға өсті - ҚР ҰЭМ
2015 жылдың наурыз айында халықтың нақты ақшалай табыстары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
3,4%-ға өсті, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде.
«Нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,4%-ға өсті», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурызында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 65355 теңгені құрады, бұл 2014 жылғы наурызға қарағанда 8,8% жоғары. 2015 жылғы I тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 118638 теңгені құрады.
«Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санынан 5%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015 жылғы сәуірдің соңына 63,8 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,7%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4%-ын құрады», - деп баса айтты ведомствода.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз