ПМПИ ректоры: ЖОО-ның Экспо-2017-де ұсынылған жобалары Ресей, Беларусь, Моңғолия, Қытай ғалымдарының қызығушылығын тудырды

«Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған жаңа ғылыми тәсілдер мен технологияларды қолдану туралы бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, х.ғ.д., профессор Алтынбек Нұхұлы айтып берді. 

Ректордың айтуынша, «Экспо-2017» көрмесіне волонтер ретінде ПМПИ-дің 100-ге жуық студенті атсалысты. Олар топпен жұмыс істеуден үлкен тәжірибе жинақтап, мәдениетаралық әрі ұлтаралық өзара іс-қимыл дағдыларын алды. Институт қаражаты есебінен 450 адам көрмені аралап, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерімен танысты. 

«Айта кеткен жөн, «Экспо-2017»-ге қатысу бізге зерттеулердің жаңа бағыттарын дамытуға жол ашты. Біздің ғалымдардың көрме алаңдарында көрсетілген бірқатар жобалары Ресей, Беларусь, Моңғолия, Қытай ғалымдарының қызығушылығын тудырды. АҚШ ЖОО-ларының өкілдерімен байланыс орнатылды. Mississippi Valley State University, University of California, San Diego университеттерімен қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы келісімшарттар технологиялар трансфертіне, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуге, сондай-ақ, студенттердің академиялық мобильділігін жүзеге асыруға септігін тигізеді», — деді А. Нұхұлы. 

Спикердің айтуынша, Техас университетімен де ынтымақтастық орнатылған. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 4Н, FFA бағдарламалары зерделеніп жатыр. ПМПИ базасында аталған бағдарламалардың пилоттық жобасы іске асырылады. 

Бүгінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында студенттердің дамуға бағытталған 17 әлеуметтік стартап және ПОҚ бағдарламасы ашылған. ҚР мен Тель-Авив университетінің қауымдастығымен бірлесіп, «Жастар ортасында жастар кәсіпкерлігінің экожүйесін құру» жобасы жүзеге асырылуда. «Шай саңырауқұлағының табиғи қалпы негізінде биологиялық байытылған өнімнің өнеркәсіптік өндіріс технологиясын жасау» жобасы коммерцияланған. «Алтын Батыр Company» ЖШС-ны тіркеу туралы куәлік алынып, аталмыш жобаны іске асыруға қатысты 10 келісімшарт жасалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу