Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Қостанай облысына жұмыс сапары барысында РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі өкілі Денис Пактың қатысуымен Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясы шеңберіндегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексеріп қарады.

Сапар барысында өңірді мыңдаған жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін, автомобиль жасау саласындағы, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің, сонымен бірге компоненттік базаның жаңа алдыңғы қатарлы жобалары табысты жұмыс істейтін және іске қосылуға дайындалып жатқан, аймақтың өнеркәсіптік мүмкіндіктері көрсетілді.

Сонымен, бүгін «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» зауытында АВТОВАЗ президенті Николя Мордың қатысуымен LADA автомобильдерін бірлесіп шығару бастау алды. Демек, зауыттың өндірістік алаңында LADA автокөліктерінің барлық модельдері: Niva Travel, Niva 4х4, Vesta, X-RAY, Largus и Granta шығарылатын болады.

LADA Granta автомобильдерінің өндірісі автокөліктерді бояу операцияларын қолданумен қатар шағын торапты әдісін (CKD) қамтиды. Сонымен бірге, қазіргі уақытта отандық зауытта LADA автомобилін оқшаулауды одан әрі арттыру мақсатында осы модельдің шанақтарын дәнекерлеу бойынша жоғары технологиялық өндірістік операцияларды дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Өндіріс үшін қажетті оқытудан өткен жаңа жұмыс орындары ұйымдастырылды.

Үкіметтік делегация «Рено Ресей» бас директоры Ян Птачектің қатысуымен, жақында Arkana және Kaptur модельдерін шығару жөнге келтірілген «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» зауытындағы Renault өндірістік желісінің жұмысын қарап шықты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары «КАМАЗ» ЖАҚ бас директоры Сергей Когогинмен жаңа үлгідегі К5 КАМАЗ жаңа модельдік қатарының жүк техникасына арналған, шойын құймасы компоненттерін шығаратын KamLitKZ зауыты құрылысының барысымен танысты.

ҚР Премьер-Министрі орынбасарының қатысуымен жетекші белдіктердің басты берілістерін өндіру жөніндегі КАМАЗ зауытын салу жобасы бойынша жаңа инвестициялық келісімшартқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен KamLitKZ арасында осы компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылды.

Осы келісімдерді жасасу КАМАЗ компаниясының Қазақстан аумағында автомобиль компоненттерінің заманауи жоғары технологиялық өндірістерін құру жөніндегі ірі инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберіндегі тағы бір қадам болып табылады. Қазақстандық өндіріс өнімдері Набережные Челны қаласындағы (Татарстан, РФ) «КАМАЗ» бас зауытының конвейеріне жеткізілетін болады. 

Жаңа жобаға салынған инвестиция шамамен 82 млрд теңгені құрайды. Қазақстан зауытында және онымен шектес салаларда 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады. Жоба «Өнеркәсіптік Даму Қоры» АҚ қатысуымен жүзеге асырылуда.

ҚР Премьер-Министрі орынбасарының, РФ Өнеркәсіптік сауда министрлігі өкілінің, «КАМАЗ» ЖАҚ бас директорының және «АВТОВАЗ» АҚ президентінің қатысуымен өткен кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі 8 негізгі құжатқа қол қойылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу