05 Маусым 2023, 20:00
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, осыдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абай облысын құру туралы Жарлығы шықты. Біздің өңір енді ғана құрылып жатса да, Президенттің, Үкімет пен Парламент депутаттарының әрдайым қолдауын сезініп келеді. Жылдар бойы жиналып, қордаланып қалған мәселелерді бір сәтте шешуі мүмкін еместігін сіздер жақсы түсінесіздер. Проблемаларымыз аз емес. Соларды біртіндеп шешу үшін жоспарлы жұмыстарды қолға алдық. Біздің мақсат – Мемлекет басшысы ұсынған, стратегиялық міндеттерді лайықты орындап, ынтымағы жарасқан, көп ұлтты халқымыздың бүгіні мен болашағын баянды ету», — деп бастады сөзін Нұрлан Ұранхаев.
Өңір басшысының айтуынша, 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өңірдің жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетіп отыр. Өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 104,9%-ды құрады. Ең үлкен өсім жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысанарының саны (120,4%), өнеркәсіп өнімдері (109,7%), құрылыс (108,8%), өңдеуші өнеркәсіп (106%) бойынша тіркелді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 8,2%-ға өсіп, 420,4 млрд теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімін шығару 473,3 млрд теңгеге жетті. Бұл өсім мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 4,1%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. 340,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 352 отбасы тұрғын үймен қамтылды.
Өндіріс қарқыны әлеуметтік көрсеткіштерге оң әсер етті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 24,2%-ға өсіп, 260,1 мың теңгені құрады. Негізгі макрокөрсеткіштердің оң динамикасы биылғы жылдың төрт айында сақталып отыр. Мысалы, құрылыс секторы 159,8%-ға, инвестициялар 112,9%-ға, өңдеу өнеркәсібі 121,3%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 105,3%-ға, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 102,7%- ға өсті.
Облыс бюджетінің кірістері 138,9%-ға өсіп, бюджетке 33,8 млрд теңге түсті. Биыл облыс бюджетінің көлемі 374,6 млрд теңгені, оның ішінде меншікті кіріс 10,4%-ға өсіп, 92,1 млрд теңгені құрады.
Сумен жабдықтау объектілерін дамытуға қаржыландыру 2,5 есе, жолдарды жөндеуге 2,3 есе ұлғайды. Білім беру саласы бойынша шығыстар 1,2 есе, денсаулық сақтау бойынша 1,8 есе, ауыл шаруашылығында 9 еседен астамға өсті. Облыс орталығы Семей қаласының бюджеті 86,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 49%-ға артық. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласын қаржыландыру көлемі 1,4 есе және әлеуметтік қорғау 1,5 есе ұлғайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары Үкіметтің қаулысымен бекітілді. Кешенді жоспар инвестиция көлемі 1,9 трлн теңге болатын 102 іс-шарадан тұрады.
«2028 жылға дейін инвестициялық жобалар пулы жасақталды. Оған 6,8 мың жұмыс орнын құратын 870 млрд теңгеге 43 жоба енгізілді. Оның ішінде биыл 1 034 жаңа жұмыс орнын ашатын 8 жоба іске асырылып жатыр. Құны – 29,3 млрд теңге», — деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Ал агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша 5,6 млрд теңгеге 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерді қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы ауданы 297,7 мың гектар жер учаскелері анықталды. Биыл әзірге мемлекет меншігіне 99,7 мың га пайдаланылмайтын жайылым жерлері қайтарылды.
Өңір басшысының айтуынша, инфрақұрылымдық сипаттағы проблемаларды шешуге ерекше назар аударылып келеді. Ең маңызды мәселелердің бірі – жылумен жабдықтау. Семей қаласының оң жағалауында 118 Гкал жылу энергиясының тапшылығы бар. Жылу қуатын 40 Гкал-ға ұлғайту мақсатында «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтары қайта жаңартылып жатыр..
«Жылу желілерінің тозуы – саланың басты проблемаларының бірі. Облыстағы желілердің жалпы ұзындығы – 455,2 км, олардың орташа тозу деңгейі – 63,8%. Желінің шамамен 290 шақырымы қайта жөндеуді қажет етеді», — деді Нұрлан Ұранхаев.
Қазаның жылумен жабдықтау мәселелерін шешу үшін 2023-2024 жылдары облысты дамытудың кешенді жоспарына жылу көздерін қайта жаңарту бойынша 11 жоба, желілерді жаңғыртудың 19 жобасы енгізілді, оларды іске асыруға республикалық бюджеттен 150,4 млрд теңге қажет. Меморандум аясында 23 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, бұл 2,2 млрд теңге сомасына бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл жобалардың сметалық құны – 105,5 млрд теңге.
Үкіметпен бірлесіп, жоғарыда аталған жобаларды іске асыруға бюджеттен қаражат бөлу мәселесі пысықталып жатыр. «Самұрық-Энерго» АҚ-мен 3-ЖЭО құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары басталды. Оларды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Әрі қарай өңір басшысы сумен жабдықтау мәселесін сөз етті. Оның айтуынша, халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл 17 млрд теңгеге 54 жобаны іске асыру жоспарланған. 2024-2025 жылдары су құбыры желілерінің 19 жобасын салу жоспарланды.
Көлік инфрақұрылымы саласында 2025 жылы аяқталатын Семей қаласындағы автокөлік көпірін реконструкциялау жобасы іске асырылуда. Биыл құрылысқа 7,2 млрд теңге бөлінді. Жұмыстарды жапон мамандары жүргізеді деп болжануда. Семей қаласындағы аспалы көпір бойынша жапон мамандары тексеру жүргізді. Құрылымды жөндеуге және жол төсемін жаңартуға қажетті құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1 қазаннан бастап Семей қаласында «Сергек» фото және бейнетіркеу жүйесі енгізілді. 1 500-ден астам орнатылған бейнебақылау камерасы жаңадан құрылған «Ахуалдық орталыққа» қосылған. Семей қаласы мен облыста бейнебақылау желісін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«2024-2025 жылдары көлік дәліздерін кеңейту үшін ұзындығы 270 км болатын «Бақты-Аягөз» теміржолының құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта теміржол сызбасын Үкіметпен және «ҚТЖ» АҚ-мен бірлесіп жасап жатырмыз. Әкімдік теміржол салу мақсатында жерлер белгілеп, резервке қойды. Жобаны іске асыру Қытай Халық Республикасымен арадағы теміржол тасымалының көлемін жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Оның айтуынша, облыс бойынша тұрғын үй алуға кезекте 19 мыңнан астам адам, оның ішінде көп балалы отбасылар санаты бойынша 2 370 адам тұр. Жалпы ауданы 459 мың м2 66 кө ппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Алдағы үш жылда тағы 148 көп қабатты тұрғын үйд пайдалануға беру жоспарланған, бұл 6,8 мың отбасыға өз баспанасын сатып алуға мүмкіндік береді.
Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін облыс бойынша 2022 жылы 1 700 балаға арналған 4 мектеп салынды. Жеке инвестициялар есебінен Семей қаласында 650 оқушыға арналған 1 мектеп ашылды. «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары 5 700 балаға арналған 11 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 5 мектептің құрылысы басталады.
Осы жылы облыс орталығында «KAZ Minerals Management» ЖШС қаражаты есебінен 1 200 оқушыға арналған мектептің құрылысы басталды. 2025 жылға дейін Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 6 шағын жинақталған мектеп, сондай-ақ мектептерге 6 қосымша ғимарат салынатын болады. Балаларды қосымша біліммен қамтуды одан әрі арттыру мақсатында көпфункционалды Оқушылар сарайын салу жоспарланып отыр.
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Шәкәрім университетінде «Shakarim High School» және Ә. Бөкейхан университетінде «Abay IT-School» мектептері ашылады. Облыстың жоғары оқу орындарына қосымша 500 білім гранты бөлінді.
Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2025 жылға дейін облыс бойынша 10,8 млрд теңгеге 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанының құрылысы жоспарланған, оның ішінде 57 нысанның құрылысын биыл бастау жоспарланып отыр.
Облысты дамытудың кешенді жоспарына Семей қаласында 100,4 млрд теңгеге 5 медициналық нысанның құрылысы енгізілген. Инвесторлар есебінен қажетті құжаттаманы дайындау жұмыстары жүргізілуде, осылайша 709,2 млн теңге көлемінде бюджет қаражаты үнемделді.
Әрі қарай Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев әлеуметтік қолдау шаралары туралы сөз қозғады.
Оның айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрады. Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында экономиканың түрлі саласында жаңа жұмыс орындарын құру шаралары қабылданып жатыр.
«Халық табысын арттырудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама ұлттық жобалармен өзара байланысты. Сонымен қатар бағдарламада 3 негізгі бағыт анықталды», — деді өңір басшысы.
Жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5% үстемемен шағын несие беру бойынша жұмыс басталды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге 100 млн теңге көзделген. Шағын және орта бизнеске қолжетімділікті кеңейту аясында биыл несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға 500 млн теңге, шағын және орта бизнеске ішінара кепілдік беруге 100 млн теңге бөлінбек.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй мәселелерін шешу үшін жеке тұрғын үй қорынан жалға алуға 50%-дық өтемақы төлеуге бюджеттен 865 млн теңге бөлінді.
Мүгедектігі бар адамдарға арналып 150 орындық оңалту орталығы ашылды. Аталған орталықтың салынуы өңір тұрғындары үшін аса маңызды. Облыста 25 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оның 3 мыңы – балалар. Оңалту шараларын ұлғайту және одан әрі бейімдеу, өмір сапасын арттыру үшін Семей мен Аягөз қалаларында 150 орындық екі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын салу көзделіп отыр. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Мәдениет және спорт саласы бойынша Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, облыста 423 тарих және мәдениет ескерткіштері бар, олардың 13-і – республикалық, 410 – жергілікті маңызы бар ескерткіштер. Сәулет, тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр.
«Саламатты ұлт» ұлттық жобасы аясында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінуде. Облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға 230 мың адам немесе тұрғындардың 38%-ы тартылған. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 3,5%-ды құрады. 2022 жылы 5 спорт мекемесі ашылды. Жүзу бассейні, денешынықтыру-сауықтыру кешені, спорттық модульдерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қысқы спорт түрлеріне қызығушылықтың артуын және облыс орталығында спорт ғимараттарының болмауын ескере отырып, инвестордың есебінен мұз аренасы бар көпфункционалды спорт кешенін салуға ЖСҚ әзірленіп жатыр.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Семей қаласын дамытудың бас жоспары әзірлене бастады. Бас жоспардағы алғашқы жобалардың бірі – жалпы ауданы 72 га болатын қаланың сол жағалауындағы ескі тұрғын үйлерді қайта тұрғызу және бұзу», — деді өңір басшысы.
Өткен жылдан бастап 35 ауланы абаттандыру бойынша жоспарлы жұмыс басталды. Биыл тағы 70 аула аумағын, сондай-ақ 15 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланды.
«Олардың бірінде татар ақыны Мұса Жәлелге бюст орнатуды көздеп отырмыз, сонымен бірге Қазан қаласында Абайға арнап ескерткіш орнату жоспарланған», — деді Абай облысының әкімі.
Оның айтуынша, қаланы көгалдандыру бағдарламасы қоғамдық демалыс орындарын ретке келтіруден басталады. Жасыл желектерді күту үшін жергілікті суару жүйесінің бірыңғай схемасы жасалады. 60 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр, оның аясында тротуарлар да жабдықталады.
Сондай-ақ қаланың сәулеттік келбетін реттеуге, оның архитектуралық бірегейлігін қалпына келтіруге, неғұрлым біртекті тартымды қалалық ортаны құруға мүмкіндік беретін бірыңғай дизайн код құру жоспарлануда. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Былтыр біз аспалы көпірдің оң жағалауындағы көпір астындағы кеңістікті пайдалануға бердік. Бүгінде ол балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізіп, жастар жиналатын сүйікті орнына айналды. Бір аптадан соң, маусым айының 15 күні, дәл осындай кеңістік сол жағалауда ашылады», — деді Нұрлан Ұранхаев.
Сол сияқты семейліктердің ең сүйікті орындарының бірі – Бейбітшілік аралы. Кезінде бұл жерде «балалар теміржолы» болған. Өкінішке орай, қазір ол жоқ. Сол себепті аралда «Балалар теміржолы» салынбақ. Тағы бір жоба – Ертіс жағалауынан аралға апарар жаяу жүргіншілер көпірі.
«Жалпы іске асырылып жатқан барлық іс-шара облысты дамыту міндеттерін сапалы шешуге, адами капиталдың сапасын, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Біздің жұмысымыздың басым бағыты – Президенттің Жолдаулары, облысты дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы мен Кешенді жоспар аясында экономиканы жаңғыртудың стратегиялық міндеттерін тиімді іске асыру», — деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Абай облысының жекелеген көрсеткіштеріне тоқталсақ, барлық салада оң динамика байқалады. Атап, айтқанда, облыстың қысқа мерзімді экономикалық даму көрсеткіші өткен жылдың қорытындысы бойынша 104,9%-ды құрады. Осы жылдың төрт айында негізгі макрокөрсеткіштердің де өсімі байқалды.
Ең көп өсім жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінде (120,4%), өнеркәсіп өнімдерінде (109,7%), құрылыста (108,8%) және өңдеу өнеркәсібінде (106%) тіркелді. Негізгі капиталға салынған инвестиция 8,2%-ға өсіп, 420,4 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнімі 473,3 млрд теңгеге жетті. 340,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 3 352 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Сыртқы сауда айналымы $1,4 млрд-ты құрады. Өндірістік белсенділік әлеуметтік көрсеткіштерге оң әсер етті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орташа жалақы 24,2%-ға өсіп, 260,1 мың теңгені құрады. Осы жылдың төрт айында негізгі макрокөрсеткіштер бойынша да оң динамика байқалады. Мәселен, 4 айда құрылыс секторы 159,8%-ға, инвестиция көлемі 112,9%-ға, өңдеу өнеркәсібі 121,3%-ға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 105,3%-ға, ауыл шаруашылығында жалпы өнім 102,7%-ға өсті.
Облыс бюджетіне өз кірістері бойынша 33,8 млрд теңге түсті, 138,9% өсімді құрады. Биылғы облыс бюджеті 374,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде меншікті кірістер 92,1 млрд теңгені құрады. Өсім – 10,4%. Облыс орталығы Семей қаласының бюджеті 86,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 49%-ға артық. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қаржыландыру көлемі 1,4 есе, халықты әлеуметтік қорғау 1,5 есе ұлғайтылды.
Сонымен қатар Абай облысында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Абай облысы мен Семей қаласы еліміздің дамыған өңірлеріне айналуы керек және бұл бағытта нақты мақсат қойылып отыр. Қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар, сондай-ақ облысты дамытудың кешенді жоспары мен қалыптасқан инвестициялық жобалар пулы аясында жоспарланған жобалар өңірдің одан әрі дамуына септігін тигізеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыстың 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспар 102 шараны қамтиды. Бұл бағытта 1,9 трлн теңге қарастырылған.
Сонымен қатар 2028 жылға дейін инвестициялық жобалар пулы қалыптасты, оның құрамына 870 млрд теңгеге 43 жоба кіреді. 6,8 мың жұмыс орны құрылады жеп жоспарлануда. Оның ішінде биыл 1 034 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 29,3 млрд теңгеге 8 жоба жүзеге асырылуда:
1) «SHARCEM» ЖШС Жарма ауданындағы жылдық қуаты 1,2 млн тонна цемент зауытын жаңғырту. Жоба International Cement Shar Сингапур инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда;
2) Семей қаласындағы «ARX Minerals» ЖШС Беркарин кен орнының базасында мыс өндіру және катодты мысқа қайта өңдеу зауытын салу, жобалық қуаты жылына 4 мың тонна көлемінде 500 мың тонна кен өндіру және катодты мысқа қайта өңдеу;
3) Семей қаласындағы «Алел» қаржы инвестициялық корпорациясы» АҚ көмір өңдеу зауытының қуатын тәулігіне 16 м3-қа дейін арттыра отырып, көмірді десорбциялау цехын салу, бұл алтын өндіруді 4%-ға арттыруға әсер етеді;
4) «Yqylas-Invest» ЖШС-нің Семей қаласында қуаты айына 30 тонна ет консервілерін құрайтын ет жартылай фабрикаттарын өндіру;
5) Үржар ауданындағы «Бақты» кеден өткелінің «Eurotransit Terminal» ЖШС көлік-логистикалық орталығы;
6) Семей қаласында «Qazaq Astyq Group» ЖШС үшін қуаты тәулігіне 200 тонна күнбағыс майын құю және орау желісі бар өңдеу цехының құрылысы;
7) Бородулиха ауданындағы «Е. Зайтенов» шаруа қожалығынында өнімділігі жылына 40 тонна май цехының құрылысы;
8) Үржар ауданындағы «Мухит Агро» ЖШС-де суару жүйелерін салу, көлемі – 960 га.
Сонымен қатар Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ауыл шаруашылығы – облыстың ғана емес, жалпы Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігінің негізі. Инвестициялар мен жүзеге асырылып жатқан жобалардың арқасында өңірде дәстүрлі мал және егін шаруашылығы жаңа деңгейге көтерілуде.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру өткен жылдың соңында 473,3 млрд теңгеге жетті. Өсімге мал шаруашылығы өнімдерінің 4,1%-ға артуы есебінен қол жеткізілді. Ет өндіру 5,1%-ға, сүт 3,4%-ға, жұмыртқа 3,8%-ға өсті. Ірі қара мал басының саны 5%-ға артып, 728,3 мың басқа жетті. Сиыр 1,8%-ға, жылқы 11,3%-ға және қой мен ешкі 4%-ға өсті.
Облыс бойынша барлығы 742,5 мың га егін орылды, оның ішінде дәнді дақылдар – 331,9 мың га, майлы дақылдар – 265,8 мың га, мал азығы – 130,8 мың га, картоп – 7,9 мың га және көкөніс – 6,2 мың га.
Осы жылы егіс көлемі 743,6 мың гектарды құрап, көктемгі дала жұмыстарына 19,3 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Агроөнеркәсіп кешенінде келесі бағыттар бойынша 5,6 млрд теңгеге 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 297,7 мың гектар жер учаскелері анықталды. Биыл пайдаланылмаған 99,7 мың га жайылымдық жер қайтарылды.
Соынмен қатар жылумен қамту мәселесін шешу – бақылауда. Семей тұрғындары үшін көп жылдардан бері жылу мәселесі өзекті болып келді. Қаланың сол жағалау бөлігі 1-ЖЭО арқылы жылумен және ыстық сумен жеткілікті түрде қамтамасыз етілсе, оң жағалауды жылу ресурстары әлдеқашан таусылған көптеген шағын қазандықтар желісі қамтамасыз етеді.
Семей қаласының оң жағалауында жылу энергиясының тапшылығы 118 Гкал құрайды. Облыс орталығындағы тұрғындар санының артуына орай көп қабатты үйлердің белсенді түрде салынуы жағдайды қиындатып отыр. Осы мәселені шешу үшін «Самұрық-Энерго» АҚ 3-ЖЭО құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кірісті. Жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Алдын ала есептеу бойынша ЖЭО-ның жоспарланған жылу қуаты 1 200 Гкал/сағ, ал электр қуаты 360 МВт болады. Қазіргі таңда жылу қуатын 40 Гкал арттыру мақсатында «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтары қайта жаңғыртылуда.
Сондай-ақ саланың басты мәселелерінің бірі – жылу желілерінің тозуы. Абай облысындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы– 455,2 км, олардың орташа тозуы 63,8%-ды құрайды. Желінің шамамен 290 шақырымы қайта жөндеуден өтуде. Жылу желілері Семейде 68%-ға, Курчатовта 35%-ға, Жармада 75%-ға, Бородулихада 63%-ға, Аягөзде 53%-ға, Үржарда 30%-ға, Абай ауданында 25%-ға тозған.
2023-2024 жылдары қаланы жылумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін өңірді дамытудың кешенді жоспарына жылу көздерін қайта жаңарту бойынша 11 жоба және желілерді жаңғырту бойынша 19 жоба енгізілген, оларды іске асыруға республикалық бюджеттен 150,4 млрд теңге қажет. Меморандумдар аясында 23 жобаның ЖСҚ-сы әзірленуде, бұл 2,2 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл жобалардың сметалық құны 105,5 млрд теңгені құрайды. Үкіметпен бірлесіп, жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен қаржы бөлу мәселесі пысықталуда.
«Алдымызда Абай облысының барлық тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл жалпы құны 17 млрд теңгені құрайтын 54 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. 2024-2025 жылдары су құбыры желісінің 19 жобасын салу жоспарлануда», — деді Нұрлан Ұранхаев.
Абай облысының тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 91,9%-ды құрайды. Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің орташа тозуы – 51%. Облыстың 610 мың тұрғынының 49 мыңға жуығы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген.
2023 жылы 17 млрд теңгені құрайтын 54 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, жоба жүзеге асқаннан кейін ауыз сумен қамтамасыз ету 93,1%-ды құрайды.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың мәліметінше, өңірдің көлік артериялары жөндеуді қажет етеді. Абай облысы бірнеше мемлекетті байланыстыратын транзиттік пункт болып отыр. Облыстың көлік дәліздері ұзақ уақыт бойы жүктерді тасымалдау және сауда үшін пайдаланылып келеді. Сондықтан жайлы жолдарды салу – өңірді дамыту және тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін маңызды міндет.
Көлік инфрақұрылымы саласында 2025 жылы аяқталатын көлік өтетін көпірді қайта құру жобасы іске асырылуда. Биыл 7,2 млрд теңге бөлінді. Жұмыстарды жапон мамандары жүргізеді деп болжануда.
Сонымен қатар аспалы көпір бойынша жапондық мамандар тексеру жүргізді. Қазіргі уақытта көпір құрылымын жөндеуге және жол төсемін жаңартуға қажетті құжаттамаларды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ 2023 жылы жергілікті маңызы бар 235 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылады. Бұл мақсаттарға 9,9 млрд теңге қарастырылған.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 3 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 77 км кенттік жолдар ішінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұдан басқа облыстың автожолдары мен көпірлерін салу және реконструкциялау бойынша 2,7 млрд теңгеге жобалар іске асырылатын болады:
Нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесіне осы жылдың соңына дейін 90%-ға дейін қол жеткізу жоспарлануда. Жалпы 2025 жылға қарай 97%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Осы жылдың төрт айында құрылыс секторы 159,8%-ға, инвестициялар 112,9%-ға, өңдеу өнеркәсібі 121,3%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 105,3%-ға, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 102,7%-ға өсті. Облыс бюджетіне өз кірістері бойынша 138,9% өсу қарқынымен 33,8 млрд теңге түсті. Биыл облыс бюджетінің көлемі 374,6 млрд теңгені, оның ішінде меншікті кірісі 10,4% өсіммен 92,1 млрд теңгені құрады.
2028 жылға дейін 6,8 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 870 млрд теңгеге 43 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Биыл 1 034 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беертін 29,3 млрд теңгеге 8 жоба іске асырылуда. Оның ішінде цемент зауытын жаңғырту, мыс өндіру және қайта өңдеу зауытын, көмір десорбциялау, май цехтары, суару жүйелерін салу, ет жартылай фабрикаттарын өндіру жобалары бар. Агроөнеркәсіп кешені саласы аясында 5,6 млрд теңгеге 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауданы 297,7 мың гектар жер учаскелері анықталды. Биыл мемлекет меншігіне 99,7 мың га пайдаланылмайтын жайылым жерлері қайтарылды.
Семей қаласының оң жағалауында 118 Гкал жылу энергиясының тапшылығы бар. Жылу қуатын 40 Гкал-ға ұлғайту мақсатында «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтарын қайта жаңарту жүргізілуде. Облыстағы жылу желілердің жалпы ұзындығы – 455,2 км, олардың орташа тозуы – 63,8%. Желінің шамамен 290 шақырымы қайта жөндеуді қажет етеді.
Семей қаласында желілердің 68%-ы, Курчатовата 35%-ы, Жармада 75%-ы, Бородулихада 63%-ы, Аягөзде 53%-ы, Үржарда 30%-ы, Абай ауданында 25%-ы тозған. Халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл 17 млрд теңгеге 54 жобаны іске асыру жоспарланған. 2024-2025 жылдары су құбыры желілерінің 19 жобасын салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта облыс бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 91,9%-ды құрайды. Облыс бойынша су құбыры желілерінің орташа тозуы – 51,0%.
Облысты дамытудың кешенді жоспарына Семей қаласында қоқыс сұрыптау желісін орналастыру үшін құрылысы бар жаңа заманауи қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы енгізілген. Инвесторлар есебінен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу