2020 жылдың қорытындысы бойынша ТЖ кезеңінде 4,6 млн-нан астам адамға әлеуметтік төлем тағайындалды

2020 жылы Қазақстанда ТЖ режимінің қолданылуы кезеңінде мемлекет тарапынан теңдессіз қолдау шаралары қабылданды. ҚР Үкіметі елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асырды. ТЖ кезеңінде табыссыз қалған қызметкерлер мемлекеттен әлеуметтік төлемдер алды. Қазақстандықтар 2020 жылы қандай әлеуметтік қолдау алғанын шолу материалынан оқыңыздар.

 

2020 жылы халыққа әлеуметтік төлемдерге қанша қаражат бөлінді?

2020 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 4 млн-нан астам адамды қамтамасыз етуге 3 434 758 664,3 мың теңге сомасында қаражат бағытталды (ынтымақты зейнетақы төлеу, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері, мүгедектігі бойынша мемлекеттік базалық жәрдемақы, бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және т. б.).

Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 76,7 млрд теңге (оның ішінде РБ – 68,9 млрд теңге, ЖБ – 7,7 млрд теңге); мектеп жасына дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету үшін 13,4 млрд теңге (оның ішінде РБ – 12,1 млрд теңге, ЖБ-1,3 млрд теңге) көзделген.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлем 322,8 млрд теңге сомасына 4,6 млн-нан астам адамға тағайындалды.

Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде (2020 жылғы наурыз-мамыр, шілде, тамыз айларында) халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтарды сатып алу үшін кемінде 2 АЕК (5 556 теңге) мөлшерінде шоттарға аударымдар жүргізілді. Бұл 1,1 млн-нан астам адамға қатысты болды, бюджеттен 24,6 млрд теңге бағытталды.

 

Карантин кезінде ҚР тұрғындарына қандай әлеуметтік қолдау көрсетілді?

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша карантин кезеңінде 2,4 млн-нан астам адамға 153,5 млрд теңге сомасында әлеуметтік төлем тағайындалды.

Қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмек алушылар бойынша 2020 жылдың екінші тоқсанынан төртінші тоқсанына дейін өтініштерді тағайындау және ұзарту автоматты режимде жүзеге асырылды, бұл ретте жаңа алушылар үшін электрондық үкімет порталы арқылы өтініштерді қабылдау мүмкіндігі іске асырылды. Бұдан өзге, 2020 жылғы ІІ тоқсанда АӘК автоматты түрде тағайындау кезінде АӘК мөлшері бір мезгілде 5%-ға ұлғайтылды.

Соның нәтижесінде, биылғы жылдың 1 тоқсанында көмек тағайындалған АӘК алушыларға АӘК тағайындау мерзімі автоматты режимде биылғы жылдың 2 тоқсанына 109 мың отбасына (оның ішінде 561,4 мың адам), 2020 ж. 3 тоқсанында 121 мың отбасына (оның ішінде 627 мың адам), 2020 жылғы 4 тоқсанда 119,7 мың отбасына (оның ішінде 614,3 мың адам) ұзартылды. 

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға 2020 жылғы наурыз-мамыр, шілде, тамыз айларында азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтарды сатып алуға 2 АЕК мөлшерінде төлемдер жүзеге асырылды. 

24,6 млрд теңге сомасына 1,1 млн-нан астам азамат төлеммен қамтылды.

 

2020 жылы зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге қанша қаражат бөлінді? 

2020 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 257,3 млрд теңгеге 947,2 мың төлем алушыға әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды. 

Шектеу іс-шаралары кезеңінде қызметіне енгізілген шектеулерге байланысты табысынан айырылған адамдарды қолдау үшін МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер берілді — жалпы сомасы шамамен 476,3 млрд теңгеге 4,6 млн адам.

Біржолғы әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан вирусты жұқтырған медицина қызметкеріне 2 млн теңге, сондай-ақ қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына 10 млн теңге мөлшерінде жүзеге асырылды.

МӘСҚ-дан барлығы қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына-186 адамға, сондай-ақ жұқтырған 9 300 медицина қызметкеріне толық көлемде төлем жүргізілді.

МӘСҚ шамамен 20,5 млрд теңге (қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына 1,8 млрд теңге, вирусты жұқтырған қызметкерлерге 18,6 млрд теңге) сомасына төлем жүргізілді.

 

2020 жылы зейнетақы мен жәрдемақы қанша өсті? 

2020 жылы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындау қамтамасыз етілді. Қосымша қолдау мақсатында зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері екі рет индекстелді. Базалық зейнетақы мен жәрдемақылардың өсуі 10%-ды, ынтымақты зейнетақының өсуі 12%-ды құрады (ынтымақты зейнетақылар инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары индекстелген).

Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар әлеуметтік қамсыздандырудың базалық деңгейін білдіреді және белгіленген тәртіппен мүгедек деп танылған немесе асыраушысынан айырылған жағдайда барлық адамдарға беріледі.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына, мүгедектік тобы мен себебіне, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – асырауындағылардың санына және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты аталған жәрдемақылардың мөлшері жыл сайын артып келеді.

Мәселен, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 5%-ға өсті.

 

2020 жылы көп балалы аналарды қолдау бойынша қандай жұмыстар атқарылды?

Бүгінгі таңда Қазақстанда бала тууды ынталандыруға және балаларды отбасында тәрбиелеуге жәрдемдесуге, сондай-ақ көп балалы аналардың беделін арттыруға бағытталған балалы отбасыларды қолдаудың ұлттық моделі құрылды.

Мәселен, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған (бұрын «Батыр Ана» атағын, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденін алған) әйелдер көп балалы ана болып табылады — бұл арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленетін көп балалы ананың еңбегін мойындау және беделін арттыру.

2020 жылы бұл жәрдемақыны орта есеппен жалпы сомасы 49,1 млрд теңгеге 232,3 мың адам алды.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналардың, көп балалы отбасылардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған баспана алуға бірінші кезекте құқығы бар.

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар сонымен бірге бірқатар салықтар мен мемлекеттік баждарды төлеуден босатылды.

- көлік құралдарына салынатын салықты (бір автокөлік құралына);

- тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша салықты;

- үй маңындағы жер учаскесі бойынша салықты;

- жеке тұлғалардың мүлік салығын (АЕК 1000 еселенген мөлшері шегінде);

- нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезіндегі мемлекеттік баж салығын;

- зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 3-тармағына сәйкес 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап табысына қарамастан төленетін 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызметті қайта қалпына келтіру жолымен көп балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі реформаланды.

Бұл ретте, отбасындағы балалар санына қарай айлық есептік көрсеткішке еселік мөлшерлерде балалар санына қарай жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде сараланған тәсіл енгізілді (4 балаға – 44 532 теңге, 5 балаға – 55 672 теңге, 6 балаға – 66 811 теңге, 7 балаға – 77 951 теңге, 8 және одан да көп балаға әрбір балаға 4 АЕК-тен).

2020 жылы бұл төлемді орта есеппен 392,4 мың көп балалы отбасы жалпы сомасы 236,2 млрд теңгеге алды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 7 есе көп (32,1 млрд тг).

 

2020 жылы АӘК көрсету тетіктері қанша жетілдірілген?

2020 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру үшін атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) жүйесі оның ашықтығын, әділдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекке деген ынтаны арттыру үшін реформаланды.

Қолданыстағы АӘК көрсету жүйесін жаңғырту мыналарды көздейді:

1) қаржылай әлеуметтік көмек алушыларының өз кірістерін жасыру мүмкіндігін теріс пайдалану жағдайларын болдырмайтын ҚӘК тоқсан сайынғы тағайындауын қайтару;

2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген көп балалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы көп балалы отбасының беделі мен мәртебесін арттырып қана қоймай, оның материалдық жағдайына, оның ішінде көп балалы аз қамтылған отбасыларға оң әсерін тигізді;

3) кірісі табысы аз отбасының жиынтық табысында ескерілетін АӘК-ті еңбекке қабілетті алушыларға қойылатын талаптарды күшейту. Олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің ұсынылған белсенді шараларынан бас тартқан жағдайда АӘК алу құқығынан отбасының барлық мүшелері айырылады. Жұмыссыз халықты, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тарту мақсатында (еңбек делдалдығы, қысқа мерзімді оқыту, кәсіпкерлікке жәрдемдесу, субсидияланатын жұмыс орындарына жіберу) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс жүргізілуде;

4) учаскелік комиссиялар институтын күшейту. Олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу мерзімі үш күннен жеті күнге дейін ұзартылды. АӘК-ке мұқтаждықты анықтау критерийлерін белгілеу үшін құзыреттілікті анықтау қарастырылған, сонымен қатар отбасының мұқтаждығы жоқ екендігі туралы қорытынды ұсыну кезінде AӘК тағайындаудан бас тарту негіздері толықтырылды.

Тағайындалатын АӘК-ке қосымша 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілді.

Мектеп жасындағы балалар мектептерде тегін ыстық тамақпен, мектепке дейін және қайтарда тегін жол жүрумен, сондай-ақ мектеп формасымен және керек-жарақтармен қамтамасыз етіледі. Мектеп жасындағы балаларға арналған мемлекеттік әлеуметтік көмек білім беру желісі бойынша, жалпы оқыту шеңберінде көзделген мектептер арқылы тікелей беріледі.

1 жастан 6 жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балалар ай сайын азық-түлік жиынтығымен және тоқсан сайын тұрмыстық химия тауарларының жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Мектепке дейінгі жастағы МӘК алушылардың саны 218,2 мың баланы құрады (2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша).

6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген пакет (2 санат) 4 бөлімнен тұрады. Ол – оқу орны бойынша бір реттік тамақтандыру, мектеп формасымен қамтамасыз ету, мектепке қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз ету және қалалық қоғамдық көлікте жол жүрудің 50%-ын өтеу.

Мектеп жасындағы МӘК алушылар саны 217 мың баланы құрады (2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша).

Мектеп жасындағы МӘК алушылар саны 217 мың баланы құрады (2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша).

Мектеп формасы мен мектеп керек-жарақтарының жиынтығы білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша қалыптастырылып, оқушыларға оқу жылы басталар алдында жылына бір рет (АӘК алушыларға а.ж. 31 тамызына) берілетін болады.

6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға МӘК жалпы білім беру шеңберінде, орта білім беру ұйымдары арқылы бұрынғыдай қағидат бойынша беріледі.

2021 жылдан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну тәртібін және алушылар үшін өнім берушіні өз бетінше таңдау мүмкіндігін оңайлату мақсатында осы топтаманы қамтамасыз етуді әлеуметтік қызметтер порталына шығару ұсынылады. Сонымен бір мезгілде осы тетікті іске қосудың бірінші кезеңінде балама ретінде жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес кепілдік берілген әлеуметтік пакетті қамтамасыз ету мүмкіндігін сақтау ұсынылады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Заңға тиісті өзгерістер әзірленді.

 

2020 жылы мүгедектерді қолдау бойынша қандай шаралар қабылданды?

Әлеуметтендіру деңгейін арттыру мақсатында мүгедек адамдар техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

2020 жылдың қорытындысы бойынша оңалтудың жеке бағдарламасын орындау шеңберінде техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен 340 мыңнан астам мүгедек адам немесе 81% (2019 жылы - 69,5%) қамтамасыз етілді.

2020 жылы Ресей, Қытай және Еуропа елдерінен бұрын әкелінген электр жетегі бар отандық кресло-арбаларды өндіру бойынша жоба іске қосылды.

Мемлекеттік тапсырма бойынша «Тыныс» АҚ қазақстандық зауыты 1,1 млрд теңге сомасына электр жетегі бар 1381 алғашқы отандық кресло-арбаларды шығарды және мүгедек адамдарға пайдалануға берілді.

Мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспардың 2025 жылға дейінгі іс-шараларын іске асыру үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қызметтерді алушылар мен жеткізушілерге бірыңғай цифрлық алаңда тікелей өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді.

Мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту құралдары және қызметтерімен танысу және оларды өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілетін болады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Портал арқылы 28 мыңнан астам тауар мен қызмет алынды.

Министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) әзірледі.

Заң жобасы мүгедек адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған 75 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізуді көздейді, олар Нұр Отан партиясының сайлауалды тұғырнамасында көрініс тапқан.

Осылайша, заң жобасындағы тұжырымдамалық түзетулер болып табылады:

- «мүгедек» кемсітушілік терминін «мүгедек адамға» ауыстыру (Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес);

- мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квотаны орындамайтын жұмыс берушілерге өтемақы жарналарын енгізу;

- мүгедектіктің себебіне қарамастан, 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға жәрдемақы енгізу;

- 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды жәрдемақы мөлшерін қайта қарастыра отырып, мүгедектік топтары бойынша бөлу;

- мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақылардың екі түрін бір мезгілде алу құқығын беру;

- әлеуметтік қызметтерді «Инватакси» және арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету порталына көшіру;

- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған және тұрғын үй алмаған отбасылардың 1 немесе 2 топ мүгедектігі белгіленген жағдайда кезектілігін сақтау;

- банкроттық рәсімдерін жүргізу кезеңінде еңбекте мертігуден немесе кәсіптік аурудан мүгедек болған адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары.

Заң жобасының нормалары мүгедектерді қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысында, мүгедек адамдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өткен жұмыс кеңестерінде талқыланды, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келісілді және 2020 жылғы 25 желтоқсанда Парламентке енгізілді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу