Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру

Сәрсенбі, 03 Маусым 2020, 21:56:35

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде 2019 жылғы агроөнеркәсіп кешенінің қорытындысы, сондай-ақ 2020 жылдың 4 айындағы саланың даму көрсеткіштері туралы баяндады. 

Жалпы, өткен жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 0,9% артып, 5,2 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 4% ұлғайды, ал ауа райының қолайсыздығына байланысты өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 1,7% төмендеді. 

2019 жылы салаға 501,6 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылғы деңгейден 41% артық. 

Ауыл шаруашылығының өнімділігі 2019 жылдың қорытындысы бойынша бір жұмыспен қамтылушыға шаққанда 2,4 млн теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 14% артық. 

С. Омаров атап өткендей, 2019 жылы өнімділігі жоғары дақылдардың алқаптарын ұлғайту мақсатында егіс айналымын сақтауды ескере отырып, майлы және бұршақты дақылдар егісі ұлғайтылды, мысалы, зығыр 18,2%, соя 10,7%, сондай-ақ бақша көкөністері 4,7%. Әртараптандыруды жүргізу нәтижесінде бидай алқабы дара дақыл егісі ретінде 11,3 млн га қысқартылды. 

«Ауыл шаруашылығы өнімдерінің түсімділігіне және сапалық көрсеткіштеріне ықпал ететін негізгі факторлар өнімділігі жоғары тұқымдарды пайдаланумен агротехнологияны сақтау, минералдық тыңайтқыштарпен тыңайту, сондай-ақ машина-трактор паркін жаңғырту. Бұл бағытта министрлік жүйелі жұмыстарды атқаруда», — деді министр.

Мәселен, 2019 жылы өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 9,5 млрд теңге бөлінді, бұл егістіктердегі элиталық тұқымдар үлесін 5,9%-дан 6,5%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Өз кезегінде сапасы төмен тұқымдар үлесі 11,8%-дан 9,2%-ға дейін төмендеді.

Жыл қорытындысы бойынша шамамен 470 мың тонна минералды тыңайтқыш немесе ғылыми негізделген қажеттіліктің 18,8%-ы енгізілді. Алайда, бұл жеткіліксіз, сондықтан биыл ауыл шаруашылығы өндірушілерін тыңайтқышты ғылыми ұсынымдарға сай енгізуге ынталандыру үшін минералды тыңайтқыштарды субсидиялау сомасы 19 млрд теңгеден 26 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Машина-трактор паркін жаңарту қарқыны 4%-ға дейін артты. Шамамен 12 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, 2018 жылы 9,5 мың бірлік сатып алынған болатын.

«Техниканың жаңартылуына сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25%-ы субсидияланатыны, кредит пен лизинг бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемелерінің 10%-ға арзандатылатыны, сондай-ақ техника лизингіне бастапқы жарна ретінде пайдалану үшін инвестициялық субсидияны аванс ретінде алу мүмкіндігі септігін тигізді», — деді С. Омаров.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында суармалы жерлердің көлемін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта суармалы жерлердің көлемі 1 млн 546 мың гектарды құрайды, оның ішінде 210,4 мың гектар жер жаңбырлатып және тамшылатып суару сияқты ылғал-ресурс үнемдегіш технологиялармен қамтылған, олар өнімділікті бірнеше есе арттырады.

Заманауи суару жүйелерін енгізуді ынталандыру үшін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне инфрақұрылым жүргізу мен суару жүйелерін сатып алуға жұмсаған шығындарының 50%-ы өтеледі. Бұдан басқа, сыйақы мөлшерлемесі 10%-ға төмендетіледі.

 

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жаңа бағыттары пайда болды

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы маңызды міндеттің бірі ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу үлесін арттыру және қосылған құны барынша жоғары өнім өндіру болып табылады, бұл Елбасының өңделген өнім экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес келеді.

Осы мақсатта өткен жылы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша 450 мың тонна өңдеуге арналған жаңа қуаттылықтар пайдалануға берілді.

Бұл ретте крахмал, глютен, азықтық өнімдер мен биоэтанол алу үшін бидайды тереңдете өңдеу сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің жаңа бағыттары пайда болды. Бұл бағыт біз үшін перспективалы болып табылады, мәселен, өткен жылы 6,4 мың тонна глютен, 16,1 мың тонна бидай крахмалы өндірілді.

Өз кезегінде дәстүрлі өңдеудің де өсімі байқалады,атап айтқанда, өсімдік майын өндіру 24,6%-ға, макарон өнімдерін өндіру 4,6%-ға өсті.

ҚазАгро холдингі өткен жылы жалпы сомасы 230,8 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жылыжай, көкөніс және астық сақтау орындарын салу, қарқынды бақтар отырғызу секілді бағыттар бойынша жаңа өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу жобаларын қаржыландырды.

Мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру шеңберінде өсімдік шаруашылығындағы барлық субсидиялар Субсидиялаудың бірыңғай қағидаларына біріктірілді.

Өсімдік қорғау құралдарын субсидиялау кеңейтілді. Енді гербицидтер ғана емес, пестицидтерді басқа да түрлері субсидияланады. Қазір отандық селекция ғана емес, шетелдік селекцияның да тұқымдары субсидияланады.

Енгізілген басты жаңалықтардың бірі – субсидияларды күнтізбелік жыл шеңберінде емес, тұқым, тыңайтқыш, пестицид сатып алған күннен бастап 12 ай ішінде алуға болатындығы.  

 

Қазақстанда сүт өңдеу көлемі 7%-ға, ет өңдеу 8%-ға артты

Мал шаруашылығы саласында 4% көлеміндегі тұрақты өсім сақталып отыр. Жыл қорытындысы бойынша жалпы өнім көлемі 2,3 трлн теңгеге өсті.

Кредит беру және қосымша субсидиялау арқылы іске асырылған шаралар өз жемісін берді. Мәселен, ауыл шаруашылығы жануарлары өсімінде оң серпін байқалып отыр: ірі қара мал мен ұсақ мал 2,7%-ға, жылқы 11,5%-ға, шошқа 2,5%-ға, құс 1,6%-ға артты.

2019 жылы қызыл ет өндіру көлемі 5,8%-ға, құс етін өндіру көлемі 15,8%-ға ұлғайды. 

Мемлекеттік қолдаудың арқасында сүт өңдеу 7%-ға, ет өңдеу 8%-ға артты. Бұл ретте сүт зауыттарының жүктемесі 18%-ға, ет комбинаттарының жүктемесі 21,6%-ға ұлғайды.

Мал шаруашылығын дамытуға ҚазАгро 2019 жылы 156,5 млрд. теңге бағыттады. Құны 53 млрд. теңге болатын 82 мың бас ірі қара мал әкелу және 12,3 млрд теңгеге 374 мың бас ұсақ мал сатып алу қаржыландырылды.

Сондай-ақ, құны 19,1 млрд теңге болатын 16 жаңа инвестициялық жоба қаржыландырылды. Осылайша, бұдан бұрын қаржыландырылған жобаларды ескергенде, 2019 жылы мал шаруашылығында жалпы құны 64,3 млрд теңгеге 54 инвестициялық жоба енгізілді.

Биыл 178 мың ірі қара мал басын (ішкі асыл тұқымды емес малды қоса алғанда) және 250 мыңнан астам ұсақ малды сатып алуды қаржыландыру жоспарлануда, сондай-ақ импорт алмастыру шеңберінде 46 мың тонна сүт және 30 мың тонна құс етін өндіру жобаларын іске асыру көзделген.

 

2019 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 6,4%-ға артты

Министрлік елдің эпизоотиялық және фитосанитариялық саламаттылығын қамтамасыз ету және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізетін экспорттық нарықтар ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

«Орталық-облыс-аудан» қағидаты бойынша ветеринариялық бақылау вертикалі заңнамалық деңгейде қалпына келтірілді, бұл бақылауға жататын өнімдер қозғалысын бақылауды күшейтуге және өнімнің «танаптан үстелге дейін» қадағалануын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Өткен жылы Қытаймен шошқа етіне, сүт өнімдеріне, жүнге қойылатын ветеринариялық талаптар, зығыр тұқымына, бидай ұнына, құрамажемге қойылатын фитосанитариялық талаптар келісілді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қытай аусыл мен нодулярлы дерматит бойынша қойған шектеулер алып тасталды, бұл өз кезегінде қазақстандық ет өнімдері үшін Қытай нарығына қолжетімділік берді.

Сондай-ақ сойысқа арналған тірі ірі қара малды, сиыр етін, ұсақ малдың жанама өнімдерін, тағамдық жұмыртқаны Иранға экспорттауға қойылатын ветеринариялық талаптар келісілді. 

Нәтижесінде қазақстандық агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспорттау көлемі Қытайға 50,5%-ға, Парсы шығанағы елдеріне 3,2 есеге, Орталық Азия елдеріне 7,4%-ға, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 8,2%-ға ұлғайды.

Жалпы, өткен жылы қазақстандық өнімдер әлемнің 72 еліне экспортталды. Бұл ретте, өткен жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 6,4%-ға ұлғайып, $3,3 млрд құрады.

 

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту жөніндегі шаралар

2019 жылы 5,6 млн гектар пайдаланылмайтын жерлер, оның ішінде шамамен 800 мың гектар егістер, 4,6 млн гектар жайылымдар анықталды. Бұл қағаз есептер негізіндегі дәстүрлі мониторинг пен ақпаратты салыстырып-тексеру барысында анықталды. 

Аталған жерлер бойынша ден қою шаралары қабылданғаннан кейін бүгінгі күні:

  • 1,9 млн гектарды бұрынғы жер пайдаланушылар игере бастады;
  • 1,1 млн гектар жер пайдаланушылардың өз еріктерімен бас тартуы арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды;
  • 2,6 млн гектарды мемлекет меншігіне қайтару үшін әкімдіктер процессуалдық сот жұмыстарын жүргізуде.  

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуына бақылауды күшейту мақсатында 2019 жылғы 28 қазанда Жер кодексіне Жерді қашықтықтан зондтау арқылы ауыл шаруашылығы жерлеріне цифрлық мониторинг жүргізуге қатысты өзгерістер енгізілді. Биылғы қаңтарда Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануды ғарыштық мониторингтеу қағидалары қабылданды.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында веб-портал арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге мониторинг жүргізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды, оның нәтижелері бойынша жалпы алаңы 7,3 млн гектарды құрайтын жүктелмеген 9061 жайылымдық алқап анықталды.

2020 жылдың 3 айының қорытындылары бойынша мемлекеттік меншікке 2 млн гектардан астам жер қайтарылды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Министрлік Жер кодексіне және Кәсіпкерлік кодекске түзетулер әзірледі, олар мыналарды көздейді:

  • бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізуді енгізе отырып, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру кезеңдері мен қайтару мерзімдерін 2 жылдан 1 жылға қысқарту;  
  • жер учаскелерін мемлекет мұқтаждықтары үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдеріне ұқсас пайдаланылмайтын жерлерді алуға байланысты істерді соттың ерекше тәртіппен қарауы;
  • тексеру субъектілерін ұялы байланыс каналдарымен мәтіндік хабарламалар арқылы хабардар ету рәсімін автоматтандыру.


Биылғы қаңтарда Министрлік Заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі, ол 2020 жылғы наурызда Үкімет жанындағы Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында мақұлданды. Қазір ол жария талқылану мен келісілу сатысында тұр.

 

АӨК саласында цифрландыру элементтерін енгізуден экономикалық тиімділік 2,5 млрд теңгені құрады

Бұдан басқа, Ауыл шаруашылығы министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жер учаскелерін беру кезеңдері мен қадамдарын көздейтін жер қатынастарын цифрландыру жұмысын жүргізуде.

ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров 2019 жылдың қорытындысы бойынша цифрлық технологиялар енгізілген 49 фермерлік шаруашылық тіркелгенін (28 шаруашылық «дәлме-дәл» егіншілік бағытында, 21 – сүтті және етті мал өсіруде) атап өтті.

«Цифрландыру элементтерін енгізудің экономикалық тиімділігі 2,5 млрд теңгені құрады», — деді С.Омаров.

Анықтама: фермалардың деңгейін анықтау үшін элементтер жиынтығы қалыптастырылды, мысалы: өсімдік шаруашылығында бұл – егістіктің электрондық карталары, навигация жүйесі, автоматты басқару жүйесі, ал мал шаруашылығында – бағдарламалық қамтамасыз етілген сауу аппараттары, су мен жем беретін автоматты жүйе, жануарлардың белсенділігінің мониторинг жүйесі.

Өсімдік шаруашылығындағы телематика элементтері егіс кешендерінің аспалы жабдығына, комбайндарға және т. б. техникаларға кіруде. Бүгінгі таңда 5 млн га астам жер немесе барлық егіс алқабының 20%-ы 1,5 мың бірлік заманауи ауыл шаруашылығы техникаларымен өңделеді. Өндірілетін өнімнің өсімі алынды және өндірістік шығындар 20%-ға дейін қысқарды.

Министрдің айтуынша, цифрландыру элементтері де мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктеріне енгізілген. Тиісті жабдықтар болған жағдайда субсидиялаудың жоғары нормативі көзделген.


Агроөнеркәсіптік кешеннің 2020 жылдың 4 айындағы даму қорытындысы


Коронавирус пандемиясы себебінен орын алған дағдарысқа қарамастан, осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласында тұрақты жағдай сақталуда. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,2%-ға ұлғайды, тамақ өнімдерін өндіру көлемі 2,4%-ға өсті.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 10,1%-ға ұлғайып, 98,4 млрд теңгені, тамақөнімдерін өндіру көлемі 14,9%-ға өсіп, 20,6 млрд теңгені құрады.

Мал шаруашылығында жалпы өнім шығару 2,3%-ға өсті. Өндіріс көлемінің өсуі ет өндірісінің 3,6%-ға, сүттің 3,2%-ға өсуімен байланысты болды.

Өсімдік шаруашылығында 2020 жылдың көктемгі дала жұмыстарының уақытында жүргізілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып, бүгінгі күні егіс жұмыстары аяқталуға жақын қалды.

 

Саланың 2020 жылға арналған жоспарлары

Коронавирус пандемиясына байланысты қазіргі жағдай азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері басты мәселелердің бірі болғанын көрсетті.

Қазір көптеген елдер ішкі нарықты молықтыру мен импортты алмастыруға баса назар аудара отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту стратегиясын қайта қарастыруда. Өйткені карантиндік іс-шаралардың алғашқы күндерінде түрлі елдерде азық-түлік тауарларына деген сұраныс күрт өсті, ал қозғалыстың шектелуі мен блокбекекеттер азық-түлік тауарларының кедергісіз қозғалуына белгілі дәрежеде тосқауыл болды.

Биыл қазақстандық ауыл шаруашылығы өніміне сұраныстың артқанын ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдары алаңы 237,7 мың гектарға ұлғайтылып, 22,5 млн гектарға дейін жеткізілді.

Бұл ретте егіс алаңдарының құрылымында мынадай рентабельділігі жоғары дақылдардың: майлы дақылдардың 122,2 мың гектарға, азықтық дақылдардың 308,6 мың гектарға, көкөніс-бақша дақылдарының 11,5 мың гектарға, сондай-ақ жоғары сұранысқа ие қарақұмықтың 30,9 мың гектарға өсімі қамтамасыз етілді. 

Бұл жалпы өнім жиналымының дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бойынша 18,5 млн тоннаға (6,3%), майлы дақылдар бойынша 2,8 млн тоннаға (12%), азықтық дақылдар бойынша 33 млн тоннаға (1,5%), көкөніс-бақша дақылдары бойынша 7 млн тоннаға (4,5%) дейінгі болжамды өсімін қамтамасыз етеді.

Көрсетілген көлемдерге қабылданып жатқан мынадай шаралар есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр:

  • тұқымдарды, пестицидтер мен тыңайтқыштарды субсидиялауға 11,4 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді.
  • импорт алмастыру шеңберінде бақ отырғызу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ жабық топырақ алаңдарын кеңейту жалғастырылады.
  • суармалы жерлердің көлемі 60 мың гектарға ұлғайтылады. Бұған біз қабылдап жатқан қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алуға арналған инвестициялық субсидиялау нормативтерін 1 гектарға 500 мың теңгеден 800 мың теңгеге дейін ұлғайту шаралары ықпал ететін болады.
  • жоғары репродукциялы тұқым себілетін алқаптардың үлесін арттыру, сондай-ақ минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін жоғары көлемде және тұрақты алуға мүмкіндік береді.

Жалпы жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемін 3,1 трлн теңгеге, яғни жоспарланған индикаторларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Биыл мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі:

  • тірідей салмақтағы ет бойынша 1,9 млн тоннадан 2,1 млн тоннаға дейін (7%);
  • сүт бойынша 5,8 млн тоннадан 5,9 млн тоннаға дейін (2%);
  • жұмыртқа бойынша 5,5 млрд данадан 5,6 млрд данаға дейін (1,6%) ұлғаятын болады.

Бұған мал басын орта есеппен 5%-ға өсіру арқасында қол жеткізіледі. Сонымен қатар, 2019 жылы уақтылы қабылданған шаралар өсу серпініне оң әсер етуде, өйткені өндіріс қуаттылықтарын енгізу мен кеңейту бойынша жақсы іс жасалған болатын.

Биыл мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасау үшін қосымша шаралар қабылданатын болады, мәселен, 88 мың тонна құс етін өндіретін 8 құс фабрикасы іске қосылады, бұл импорт үлесін 44%-дан 39%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 

114 мың тонна шикі сүт өндіретін 25 өнеркәсіптік және 30 отбасылық тауарлық сүт фермасын салу жоспарланды.

Ірі қара мал және ұсақ мал сатып алуға шағын фермерлік қожалықтар құру мен дамытуды қаржыландыру басталып кетті, яғни, ет кластері үшін шикізат базасын дамытудың іргетасы қаланады.

Ет өңдеу секторында жалпы қуаттылығы 45 мың тонна болатын 3 заманауи ет өңдеу комбинаты іске қосылады

Субсидиялау және кредит беру тетіктерін жетілдіру есебінен сүт өңдейтін кәсіпорындар менет өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесі ұлғайтылатын болады.

Жоғарыда көрсетілген шаралар есебінен мал шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2,6 трлн теңгеге дейін өсіру қамтамасыз етілетін болады.

2020 жылдан бастап өсімдік шаруашылығындағы міндетті заңнамалық сақтандырудың күші жойылып, орнына агроөнеркәсіптік кешендегі ерікті сақтандыру жүйесі іске қосылды. Осы жылдың маусымынан бастап Министрлік ерікті сақтандыру бойынша барлық заңға тәуелді актілерді қабылдады. Оператор ретінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры сақтандыру өнімдерін іске қосты, олар бойынша сақтандыру сыйақысының бір бөлігін 50% субсидиялау көзделген.

Ауыл шаруашылығын қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерді тарту үшін, оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешеннің басым салалары бойынша қарыздарды кепілдендірудің жаңа құралы әзірленді.

Кепілдендіруді Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мынадай шарттарда жүзеге асырады: 3 млрд теңгеге дейінгі кредиттерге 50%-ға дейінгі кепілдік беру.

Басым инвестициялық жобалар бойынша жоба пайдалануға енгізілгенге дейін кепілдік 85%-ға дейінгі мөлшерді құрайды. Жоба пайдалануға берілгеннен кейін кепілдік мөлшері стандартты шарттарға дейін төмендетіледі (3 млрд теңгеге дейінгі кредитке 50%).

Агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа күн тәртібі шеңберінде аталған барлық тәсілдемелерді іске асыру агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін ашуға мүмкіндік беріп, саланың серпінді және үдемелі дамуын қамтамасыз етеді. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.