03 Қазан 2024, 21:13
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында еліміздің ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінгі күні осы бағытта төрт ақпараттық жүйе іске қосылған.
Атап айтқанда, 2023 жылдың басынан бастап Субсидиялау мемлекеттік ақпараттық жүйесі іске қосылды. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау аясында фермерлерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша 14 бағытта тұрақты жұмыс жүргізіліп келеді. Барлық қызметтер мемлекеттік ақпараттық жүйеде көрсетіледі, қызмет алушылар ретінде 90 мыңнан астам пайдаланушы және 350-ден астам қаржы институты тіркелген. Пайдаланушылар санының өсуіне мемлекеттік ақпараттық жүйеге енгізілген «Күту парағы» механизмі де себеп болды.
Бұл жоба іске қосылғаннан кейін фермерлер, әкімдіктер, қаржы институттары (90 мыңнан астам пайдаланушы) үшін тегін қызмет көрсетілді, 1 млрд теңгеден астам қаржы үнемделді; барлық санаттағы фермерлерге (ірі, орта, ұсақ) қолжетімді болды; коррупциялық тәуекелдер азайтылды: өтінімдерді ретімен ғана қарау жүргізілед; өтінімдер тізілімін және күту парағын тіркеусіз көруге мүмкіндік берілді, облыстардың субсидиялау бағыттары бойынша бюджетімен таныса алады; орақ жұмыстарына арзандатылған дизель отынын алу үшін өтінім беру процесі енгізілді; өтінімдер бойынша мәліметтер мемлекеттің қолында, өтінімдермен жасалатын манипуляциялар жойылды.
«Статистикалық ақпарат бойынша, 2024 жылдың 1 қазанына сәйкес, субсидиялау жүйесінде 90 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Субсидиялау жүйесі арқылы 123 мыңнан астам өтінім беріліп, 67 080 өтінім мақұлданды, жалпы сомасы 254 млрд 521 млн теңге болды және 40 858 өтінім қаралуда. Субсидиялау жүйесіне енгізілген Өтінімдер тізілімі ағымдағы жылдың соңына дейін бюджетті бағалауға және жоспарлауға мүмкіндік береді», — деді вице-министр.
Сұранысы жоғары субсидиялар бойынша талдау көрсеткендей, мал шаруашылығы саласындағы негізгі субсидиялау бағыттары – сүт пен ет өндірісінің өзіндік құнын арзандату. Мемлекеттік қолдаудың арқасында барлық түрдегі жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу қарқыны артты, сатып алынған техникаға субсидиялау бойынша 28 мыңнан астам өтінім берілді.
Мал және өсімдік шаруашылығы кәсіпорындарының инфрақұрылымын салу, кеңейту және дамыту бойынша инвестициялық субсидиялар көрсеткіші өсіп келеді. Өсімдік шаруашылығында да өсімдіктерді қорғау құралдары, тыңайтқыштар және жоғары сапалы тұқымдарды сатып алу көлемінің өсуі байқалады.
Өнімдерді қайта өңдеу мәселесіне қатысты, субсидиялар сатылған өнімге төленеді, ал кәсіпорындар жаңа тәсілге бейімделді. Шағын және орта фермерлік шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту көрсеткіші артып келеді. Мақұлданған өтінімдердің тек 25%-ы ірі заңды тұлғалардың үлесіне тиесілі, бірақ жер көлемі мен өндіріс көлемін ескере отырып, заңды тұлғаларға төленетін субсидиялардың сомасы жоғарырақ.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл халқының кірістерін арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру басталды. Министрлік ведомстволық бағынысты ұйыммен («АЦЭП») бірлесіп, өтінімдерді электрондық форматта беруге және қарауға мүмкіндік беретін шағын кредиттеу ақпараттық жүйесін әзірледі.
Бағдарлама мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кооперациясы және ауыл шаруашылығымен байланысты емес бизнес салаларын дамытуға 2,5% мөлшерлемемен шағын кредиттер беруді қарастырады.
«Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі шарттары – несие мерзімі – 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін. Несие сомасы – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда 2 500 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 9 млн 230 мың теңгеге дейін жетеді.
Сондай-ақ кооперативтер құруды ынталандыру үшін бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне 8 мың АЕК-ке (айлық есептік көрсеткіш) дейінгі (2024 жылы – 29,5 млн теңге) несие беру қарастырылған. Яғни, өтінім беруші электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүйеде тіркеліп, қажетті құжаттарды жүктейді. Пайдаланушының рұқсатымен оның жеке деректері тексеріліп, кейбір мәліметтер автоматты түрде толтырылады. Өтінімді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияда қарау бірнеше кезеңнен тұрады. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алуға ниетті адам жеке кабинет арқылы құжаттардың нақты қай маманда қаралып жатқанын көре алады.
Ауылдық округтердегі халықты шағын несиелендіру процестерін автоматтандыру бірнеше маңызды артықшылықтар мен жақсартулар әкелуі мүмкін, мысалы:
Олардың ішінде 384 өтінім мақұлданды; 618 өтінім қаралуда; 13 өтінім мақұлданбады.
Маңызды бағыттардың бірі – еліміздің мал шаруашылығын цифрландыру. Мал шаруашылығында қадағалауды қамтамасыз ету үшін (соның ішінде, мал шаруашылығы өнімдерінің) барлық циклының кезеңдерін автоматтандыру жұмысын жоспарлы түрде жүргізіледі. Бүгінгі күні мал шаруашылығындағы қадағалауға 2 ақпараттық жүйе пайдаланылуда: Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесі; Агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі «e-Agriculture»;
Бірдейлендіру жүйесі 2022 жылдан бастап 7 модульмен толықтырылған.
Осылайша, мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы қадағалаудың барлық циклі автоматтандырылған:
Қадағалауды Агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі «e-Agriculture» (ЕАСУ) аяқтайды, оның құрамында төмендегі модульдер бар:
«Бүгінгі таңда Министрлік «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп ауыл шаруашылығы техникасын интеграцияланған ақпараттық жүйе негізінде бірыңғай цифрлық платформаға есепке алу жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өткім келеді», — деді вице-министр.
Пилоттық жоба Алматы қаласында және Қостанай облысында жүзеге асырылуда, оның нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ауыл шаруашылығы техникасын АЖ «ЦОН 2.0» жүйесінде тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынудың толық циклі жинақталатын болады, ол ауыл шаруашылығы техникасының шығу тіркеу құжаттарын (ауыл шаруашылығы машиналарын тіркеу куәлігі (техникалық паспорт), тракторшы-машинист куәлігі, кепілдің мемлекеттік тіркелуі, тракторлардың техникалық тексеруі) цифрлық форматта дайындауды қамтиды.
Биылғы жылдың 9 айы бойынша аталған жүйе арқылы 55 мыңнан астам ветеринарлық сертификат, 1 млн-нан аса ветеринарлық анықтама, 307 мың фитосертификат берілді және 24 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы тіркелді.
Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудың келесі бағыты – өсімдік шаруашылығын қадағалауға арналған жаңа ақпараттық жүйені енгізу болып табылады. Тиісті ақпараттық жүйені әзірлеу бойынша тиісті шаралар биылғы жылы басталды және агроөнеркәсіптік кешені саласын цифрландырудағы басым міндеті.
Бұл жүйе өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен шығу циклін бақылауға «танаптан сөреге дейін» мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба өсімдік шаруашылығында субсидиялардың әсерін бағалауға көмектеседі.
Бүгінгі таңда бар ақпараттың, соның ішінде цифрланбаған және тек қағаз түрінде болған ақпараттың жинақталуы және енгізілуі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, көкөніс пен астық қоймалары, астық иелері, көтерме-тарату орталықтары, экспорттаушылар мен импорттаушылар туралы электрондық реестрлерлер құрылды.
Сорттар реестрлері қалыптастырылды және мәліметтерді енгізу формасы және процесс қатысушыларына (тауар өндірушілері, нан қабылдау кәсіпорындары, элеваторлар, трейдерлер) жеке кабинеттер әзірленді.
Жүйенің негізгі артықшылықтарының бірі – бұл ашық қызметті жүзеге асыру, қолдағы қорлар, өнімділік және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің айналымы, соның ішінде астық туралы ақпаратты есепке алу мүмкіндігі, сондай-ақ тауар өндірушілер қызметінің бизнес-процестерін зерттеу және одан әрі цифрландыру болып табылады.
Өнімдерінің қадағалауын қамтамасыз ететін құрал — қызметтер алу кезінде ақпараттың дұрыс толтырылғанын тексеру үшін форматты-логикалық бақылауларды (ФЛК) енгізу болады. Келесі кезеңде экспорт және импорт көлемдерін растау функционалын енгізу жұмыстары жүргізіледі.
Агроөнеркәсіп кешенінің цифрландыруының соңғы кезеңі «Е-АӨК» платформасын енгізу болып табылады, ол агроөнеркәсіп кешенінің біртұтас цифрлық экожүйесін құру үшін бірегей платформалық тәсілді білдіреді.
#Ауыл шаруашылығы«Ауыл шаруашылығын цифрландыруға кешенді тәсілді қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешенінің біртұтас цифрлық платформасын құру мақсатында ауыл шаруашылығындағы барлық ақпараттық жүйелерді біріктіру жоспарланып отыр. Біртұтас цифрлық платформаны құру субсидиялау, ауылшаруашылық жерлерін басқару, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйелерінің өзара байланысы арқылы ауыл шаруашылығында толық қадағалауды қамтамасыз етеді», — деп түйіндеді баяндамасын Бағлан Бекбауов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу