14 Қараша 2025, 10:53

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртуды ұсынған болатын. Президент атап өткендей, Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс.
2025–2030 жылдарға арналған өңірлік даму тұжырымдамасы өңірлерді дамытудың біртұтас әрі интеграцияланған саясатын қалыптастыруға бағытталған.
Аталған Тұжырымдама аясында ауылды дамытудың жаңа тәсілдері, атап айтқанда «Ауыл – Ел бесігі», «Ауыл аманаты» және басқа да бағдарламаларды біріктіріп жүзеге асыру көзделген.
Жаңа тәсіл ауылдарды кешенді дамытуды: инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, өнімді сақтау, өңдеу, буып-түю және өткізу үшін шағын индустриялық аймақтар құруды көздейді.
Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту шеңберінде 2024 жылы мемлекеттік бюджеттен 177 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 800-ден астам АЕМ-де 1,2 мыңға жуық жоба жүзеге асырылды. Бұл 194 ТКШ нысанын, 353 әлеуметтік нысанды және кент ішіндегі жолдардың 699 учаскесін салуға және жөндеуге мүмкіндік берді.
2025 жылға 176,4 млрд теңге көзделген, бұл 500 АЕМ-де 1 мыңға жуық жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жоспар бойынша 106 ТКШ нысаны, 279 әлеуметтік нысан және
535 көлік инфрақұрылымы нысаны жаңғыртылады.
«Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындары мен шағын қалалар тұрғындарының бизнес-жобаларына уәкілетті өкіл арқылы 2,5% мөлшерлемесімен бизнестің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлері үшін 5 жылға дейін, ал ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін кредит беруге бағытталған. Қарыздың ең көп сомасы 2,5 мың АЕК, ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін 8 мың АЕК-ке дейін көзделген.
2023–2024 жылдары 111,7 млрд теңге сомасына 16,6 мыңнан астам микрокредит берілді, соның есебінен 18,6 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін
2025 жылға 50 млрд теңге көзделген.
Бұдан бөлек, қаржыландыру қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен де жүзеге асырылады.
Ауылдық жерлерде кадр тапшылығын шешу үшін «Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну арқылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласындағы дипломы бар мамандарды, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін ынталандыру және тұрақтандыру.
АЕМ-ге жұмысқа және тұруға келген мамандарға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы және аудан орталықтары үшін 2 500 АЕК мөлшерінде және қалған ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көзделеді.
Бюджеттік кредиттің шарттары: сыйақы мөлшерлемесі 1% (кредиттеу пайызы 0,01%-дан өзгерді) және кредиттеу мерзімі 15 жылға дейін.
Жобаға сәйкес маман әлеуметтік қолдау шараларын алған кезде осы ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.
2024 жылы 9 177 маман 3,3 млрд теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алды, 3 672 маман 29,3 млрд теңгеге тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит алды.
2025 жылғы 7 қазандағы жағдай бойынша 3,6 млрд теңге сомасына 461 кредит берілді.
Әлеуметтік қолдау шараларын алған 18-35 жас аралығындағы жастар үлесі шамамен 85 %-ды құрайды.
Шағын және моноқалалардағы көлік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту үшін 2024 жылы республикалық бюджет қаражатынан 22,5 млрд теңге бөлінді, ол 5 моноқала мен 13 шағын қалада 31 жобаны жүзеге асыруға жіберілді. Жыл қорытындысы бойынша 48 шақырым автожол және 32 шақырым инженерлік желі жаңғыртылды.
2025 жылға 6 моноқала мен 16 шағын қалада 40 жобаны жүзеге асыруға 11,3 млрд теңге көлемінде қаржыландыру көзделген.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 509 518 адамды құрады.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайынғы индексациялау шеңберінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 8,5%-ға индекстелді (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып).
Зейнетақы төлемдері биыл 8,5%-ға ұлғайды, 2026 жылы 10%-ға өсім қарастырылған. Осы мақсаттарға биыл 4,2 трлн теңге бағытталады және 2026 жылы 4,9 трлн теңге бөлу жоспарлануда.
Базалық зейнетақы мөлшерін біртіндеп ұлғайту жалғасуда.
2025 жылы жиынтық зейнетақының ең төмен мөлшері (ынтымақты және базалық) 95 131 теңгені, ал ең жоғары мөлшері 213 046 теңгені құрады.
Ұлғайту нәтижесінде 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 179 327 теңгені құрады.
2025 жылғы қыркүйектің басындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 24,6 трлн теңгені құрады.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша үй жағдайларын жақсартуға және емдеуге 5,1 млрд теңге сомаға 3,6 млн өтініш қолдау тапты.
Сонымен қатар тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емдеу құқығын еңбек сіңірген жылдары бойынша жалпы сомасы 135 млрд теңгеге 69 мың зейнеткер пайдаланды.
2025 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыс істейтін халықтың 65 %-ы жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері 6,5%-ға өсті.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтері 1 022,1 млрд теңгені құрады. 1,2 млн адам шамамен 714 млрд теңге сомасына төлемдер алды.
2025 жылдың басынан бері балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға ұлғайтылды. 2025 жылы мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға, келесі жылы жәрдемақы тағы 10%-ға артады. Бүгінгі таңда осы көмек түрімен 544 мыңнан астам адам қамтылған.
Оларды төлеуге 2025 жылы республикалық бюджет қаражатынан 843,5 млрд теңге бөлінді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 13,2 %-ға артық.
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 1,3 млн адам жәрдемақы алды, оның ішінде:
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 26,2 млрд теңге сомасына 274,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына еңбекке қабілетті, атаулы әлеуметтік көмекті алатын 10,2 мың алушы тартылды.
2025 жылы мүгедектік бойынша жәрдемақы 6,5%-ға артты. Мүгедектігі бар 743,9 мың адам әлеуметтік қорғаумен қамтылды.
2025 жылы мүгедектік бойынша жәрдемақыларға 525,5 млрд теңге жоспарланған.
2025 жылғы 1 қазанға 544 мың адам 42,6 млрд теңге сомасына мүгедектігі бойынша жәрдемақы алды, жәрдемақының орташа мөлшері – 78 267 теңге.
2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы қабылданды. Жыл сайын әлеуметтік-көлік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жүргізілуде. Бүгінгі таңда 43 109 нысанның 24 216-ы немесе 56%-ы толықтай бейімделген.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қызметтерді лицензиялау енгізілді. Республикада арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 588 ұйым бар, оның ішінде 93 189 адамды қамтитын үкіметтік емес ұйымдар – 145.
Еліміздің 12 өңірінде мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік оңалту орталықтарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 7 қалада орталықтар (Шымкент, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Қостанай және Ақтөбе) жұмыс істейді.
Мемлекеттік қолдау шараларының атаулылығы мен тиімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік қолдау жүйесін цифрлық трансформациялау жүргізілуде.
Санаттылық қағидатынан мұқтаждық өлшемшарттарына көшу арқылы мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай цифрлық платформасы енгізілді.
Әл-ауқатты бағалау әдістемесі отбасыларды 6 санатқа – аса мұқтаждар санатынан (азық-түлікке қаражаты жоқ) әл-ауқаты жоғары (материалдық қиындықтары жоқ) санатқа дейін бөледі. Пилоттық жоба Шымкент қаласында және Қарағанды облысында өткізілуде.
Негізгі мақсат – ресурстарды шынымен мұқтаж адамдардың пайдасына қайта бөлу.
2025 жылдың ІІ тоқсанында орташа атаулы айлық жалақы 448 620 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3 %-ға жоғары.
2024 жылғы 1 қаңтардан бері ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 85 мың теңгеге дейін өсті, бұл 1,8 млн жалдамалы жұмыскердің табысына оң әсер етті. Сондай-ақ орташа жалақы мен еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін ескере отырып, ЕТЖ есептеудің жаңа әдістемесі бекітілді.
2025 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 9,3 млн адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі – 4,6 %.
Осы жылдың 1 қазанына жұмыссыздар қатарынан 616,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 278,7 мың жастар. Оқыту түріндегі жұмыспен қамтудың қосымша шараларымен 365 мыңнан астам адам қамтылды.
Бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 9 мыңға жуық адам, оның ішінде мүгедек азаматтар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар өтеусіз мемлекеттік гранттар алды.
Бірқатар цифрлық шешім жүзеге асырылуда.
1) қазіргі уақытта «Жобалардың инновациялық навигаторы» платформасы арқылы құны 77,3 трлн теңге болатын, 200 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған 1 517 инвестициялық жобаға мониторинг жүргізілуде. 2025 жылдың 1 қазанына 359 жобада 1 207 жұмыс орны құрылды.
2) жастар мен оқушыларды кәсіптік бағдарлау, студенттердің практикадан өтуі мақсатында – «Мансап компасы», Өндірістік практика жобалары. Бүгін өндірістік практикадан өту үшін 5,6 мыңнан астам жұмыс беруші 30 045 бос жұмыс орны жарияланды.
ТжКБ студенттерімен 4 мыңға жуық шарт және 1,6 мыңнан астам жоғары оқу орындары жасалды.
3) Еnbek.kz платформасында «Менің жазғы демалысым» арнайы бөлімі құрылды, онда 14 жастан бастап алғашқы кәсіби тәжірибені, жұмысқа орналастырудың цифрлық құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын алу мүмкіндігі бар.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру жөніндегі шаралар көзделген.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 18 982 алушыға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды.
2025 жылдың 1 қазанына еліміздің кәсіпорындарында 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда адамдар 5,3 %-ға аз зардап шекті. Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Ел бойынша 3 262 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау стандарттары енгізілді, 18 530 өндірістік кеңес өндірістік жарақаттардың алдын алу мақсатында құрылды.
2025 жылғы 10 маусымда ҚР Үкімет отырысында кәсіпорындарда қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету мәселесі қарастырылды.
Жағдайды тұрақты мониторингтеу және еңбек құқықтарын бұзу тәуекелдеріне уақтылы ден қою мақсатында кәсіпорындардың цифрлық картасы, Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы жұмыс істейді, «Кәсіподақ АЖО» автоматты жұмыс орны және тағы да басқалар көзделген.
2025 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «PARYZ» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясымен бірлесіп «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» республикалық форумын ұйымдастырды.
Форумға қатысушыларға Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбо бейне үндеу жолдады.
Іс-шара аясында ҚР Премьер-министрі Мемлекет басшысының атынан жұмысшы кәсіптерінің үздік өкілдеріне, оның ішінде Қазақстан экономикасын нығайтуға және дамытуға үлес қосқан еңбек ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу