Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың 2021 жылғы қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспарлары

Бүгін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2021 жылғы қызметінің қорытындысы және 2022 жылға арналған міндеттері туралы кеңейтілген алқа отырысы өтті.

 

АӨК-тің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,4%-ға төмендеп, 7,4 трлн теңгені құрады. Өткен жылғы аномалды құрғақшылық себеп болып, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 6,7%-ға (4,2 трлн. теңге) төмендеді, ал мал шаруашылығында өсім 3,6%-ға (3,1 трлн теңге) жетті.

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі көрсетілген кезеңде 1,9%-ға өсіп, 2,2 трлн теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар орнықты түрде ағылуда. Мысалы, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 33,3%-ға артып, 773,2 млрд теңгені құрады, тамақ өнімдері өндірісі 3,1%-ға өсіп, 114,4 млрд теңгені құрады.

2021 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға еңбек өнімділігі 2 153,5 мың теңгені (2020 жылдың 9 айында – 1 823,5 мың теңге) құрады.

 

Өсімдік шаруашылығы

Егіс алаңдарының құрылымы

2021 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары 22,9 млн га құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 343,3 мың га көп. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 16,0 млн га (236,9 мың га көп), оның ішінде бидай – 12,9 млн га (749,9 мың га көп) құрады. Майлы дақылдар 3,1 млн га (197,3 мың га көп), азықтық дақылдар – 3,1 млн га (82,8 мың га-ға аз), мақта – 109,9 мың га (16,0 мың га-ға аз), күріш – 96,8 мың га (7,3 мың га-ға аз), қант қызылшасы – 21,7 мың га (0,9 мың га-ға көп), картоп – 195,8 мың га-ға (1,4 мың га көп) және көкөніс дақылдары – 168,6 мың га (5,0 мың га көп) және бақша дақылдары – 110,0 мың га (8,1 мың га көп) құрады.

Егіс алаңдарын әртараптандыру

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2021 жылы республика бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы бойынша (меморандумдар көрсеткіштерінен 831,9 мың га көп) дәнді және дәнді-бұршақты (2,0 млн га көп), майлы (143,0 мың га көп), көкөніс (8,6 мың га көп) және бақша (10,6 мың га көп) дақылдары бойынша егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі меморандумдардың индикативтік көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Картоп бойынша 6,7 мың га және азықтық дақылдар бойынша 1,3 млн га индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізілген жоқ. Бұл ретте бидай алаңы қысқарудың орнына Меморандум көрсеткіштерінен 2,8 млн га асып кетті. Күріш егу алаңы Меморандум көрсеткіштерінен 11,5 мың га асып кетті. Мақтаның ауданы Меморандумның индикативтік көрсеткіштері деңгейінде болды.

Егін жинау

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2021 жылы 10,4 ц/га (2,4 ц/га-ға кем) орташа түсімділікпен, өңдеуден кейінгі салмақта 16,4 млн.тонна (2020 жылғы деңгейден 3,6 млн тоннаға кем) дәнді және дәнді-бұршақты дақыл бастырылды. Оның ішінд 11,8 млн тонна (2,4 млн тоннаға кем) түсімділікпен 9,3 ц/га (2,5 ц/га кем) бидай бастырылды.

2021 жылы 8,3 ц/га (1,2 ц/га кем) түсімділікпен 2,4 млн тонна (126,4 мың тоннаға кем) майлы дақылдар, 275,5 ц/га (47,7 ц/га кем) түсімділікпен 332,2 мың тонна (134,2 мың тоннаға кем) қант қызылшасы, 26,4 ц/га (0,5 ц/га артық) түсімділікпен 290,4 мың тонна (36,2 мың тоннаға кем) мақта, 52,1 ц/га (2,3 ц/га кем) түсімділікпен 503,8 мың тонна (53 мың тоннаға кем) күріш, 207,4 ц/га (0,7 ц/га көп) түсімділікпен 4 млн тонна (24,8 мың тоннаға көп) картоп, 268,0 ц/га (2,1 ц/га көп) түсімділікпен 4,5 млн тонна (171,2 мың тоннаға көп) көкөніс, 2,8 млн тонна (353,5 мың тоннаға көп) бақша дақылдары жиналды.

2022 жылға егіс алқаптарының құрылымы

Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша 2022 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары 22,9 млн га астам жерді құрайды, бұл 2021 жылғы деңгейден 13,5 мың га көп. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 15,8 млн га (272,9 мың га аз), оның ішінде бидай – 12,5 млн га (357,6 мың га аз). Майлы дақылдарды 2,9 млн га астам (160,1 мың га аз), азықтық дақылдарды – 3,7 млн га (446,9 мың га көп), мақтаны – 115,2 мың га (5,5 мың га көп), қант қызылшасын – 26,3 мың га (4,6 мың га көп), картопты – 200,2 мың га (5,0 мың га көп), көкөніс дақылдарын 168,1 мың га (2021 жылғы деңгейде) және бақша дақылдарын 107,2 мың га (3,3 мың га аз) орналастыру жоспарланып отыр.

Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдану

2021 жылы облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша минералды тыңайтқыштарды енгізу 626,5 мың тоннаны немесе ғылыми қажеттіліктің 24%-ын құрады. Өткен жылы сатып алынған тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 28,6 млрд теңге бөлінді, бұл 493,8 мың тонна минералды тыңайтқыштарды (сатып алу көлемінің 79%) арзандатуға мүмкіндік берді.

Жыл сайын Солтүстік Қазақстан облысы тыңайтқыштарды қолдану көлемін белсенді түрде арттыруда. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 160 мың тонна енгізілді, бұл жалпы республикалық маңызы бар минералды тыңайтқыштардың 26%-ын құрайды. Сондай-ақ, соңғы жылдары тыңайтқыштарға деген ғылыми қажеттілікті толығымен өтейтін Қызылорда облысын атап өтуге болады (қажеттіліктің 85-87%-ы енгізілген).

2021 жылы пестицидтердің құнын субсидиялау бағдарламасы есебінен 27,9 млн га алаң химиялық жолмен өңделді, 16,6 млн литр пестицидтер субсидияланды. Бұл мақсаттарға жергілікті және республикалық бюджеттерден 32,3 млрд теңге (жергілікті бюджет – 30,3 млрд теңге, республикалық бюджет – 2 млрд теңге) бөлінді.

2022 жылы жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 695 мың тонна деңгейінде минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспарланып отыр, бұл 2021 жылдың қорытынды көрсеткішінен 68,5 мың тоннаға көп. 2022 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінде тыңайтқыштарды субсидиялауға 26,8 млрд теңге көзделген.

2022 жылға пестицидтердің құнын субсидиялауға 31,7 млрд теңге көзделіп отыр.

Тұқым шаруашылығын дамыту

2021 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға облыстардың жергілікті бюджеттерінде 11,5 млрд теңге көзделген, республикалық бюджет қаражатынан қосымша 4,3 млрд теңге бөлінді. Қорғалған топырақта қызанақ және қияр өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тұқымның қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдан бастап қызанақ және қияр тұқымдарын субсидиялау енгізілді.

Тұқым шаруашылығы саласында қабылданып жатқан шаралар пайдаланылатын тұқымдық материалдың сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Мәселен, облыс әкімдіктерінің деректері бойынша сапасы төмен тұқымдарды пайдалану көлемі 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 181 мың тоннадан 76 мың тоннаға дейін немесе 2,4 есе қысқарды, элиталық тұқымдарды пайдалану үлесі 2020 жылғы 6,8%-дан 2021 жылы 7,7%-ға дейін өсті.

Соңғы бес жылда тұқым өндірушілерді егіс техникасымен қамтамасыз ету пайызының 70%-дан 89,4%-ға дейін, егін жинау 80%-дан 92%-ға дейін, тұқым тазалау 63%-дан 81,4%-ға дейін өскенін атап өткен жөн.

Бұл ретте тұқым өндірушілердің материалдық-техникалық базасын жаңарту қарқыны соңғы жылдары өсуде. Республиканың барлық дерлік аймақтарында заманауи тұқым тазарту кешендерімен жабдықталған алдыңғы қатарлы тұқым шаруашылықтары бар. Қазіргі заманғы тұқым тазарту желілері 32 тұқым өндірушіде бар.

2022 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,8 млрд теңге көзделген.

2022 жылғы егінге тұқым себу

Облыс әкімдіктерінің жедел ақпараты бойынша ағымдағы жылғы 7 ақпандағы жай-күй бойынша 2,3 млн тонна тұқым себілді, бұл жоспардағыға қарағанда 100,8%-ды құрайды, оның ішінде дәнді дақылдардың тұқымдары – 2 млн тонна (жоспарда – 101,3%), майлы дақылдар – 89,1 мың тонна (жоспарда – 96,2%), жемшөп тұқымдары – 15,3 мың тонна (жоспарда – 80,4%), картоп – 237,3 мың тонна (жоспарда – 99,9%).

Ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету

Егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарында 143,3 мың трактор, 4,7 мың бірлік өнімділігі жоғары егіс кешендері, 76,9 мың тұқым сепкіш, 221,2 мың топырақ өңдеу құралдары бар.

Республикада бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияларды орындайтын 4 675 бірліктен астам қазіргі заманғы егіс кешендерінің болуы дәнді дақылдар алаңдарының 70%-ына себуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Көрсетілген техниканың дайындығы 2022 жылғы 1 ақпанға шамамен 90% құрайды.

Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп биыл егіс жұмыстарын жүргізуге дизель отынына қажеттілікті айқындады.

Ағымдағы жылы егіс жұмыстарын жүргізуге өңірлердің дизель отынына қажеттілігі 400 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылы бөлінген көлемнен 20 мың тоннаға көп. Айырмашылық көбіне қосымша аудандарда агротехникалық жұмыстарды жүргізу (ылғалды болдырмау және т.б.) қажеттілігіне байланысты қалыптасады.

Өңірлердің қажеттілігі олардың тиісті есептерімен ағымдағы жылғы 6 қаңтарда Тиеп-жөнелту кестесін қарау және бекіту, сондай-ақ арзандатылған дизель отынының бөлінетін көлеміне тіркелген бағаны айқындау үшін ҚР Энергетика министрлігіне жолданды.

Суармалы жерлерді пайдалану

2021 жылы облыс әкімдіктерінің деректері бойынша пайдаланылатын суармалы жерлердің ауданы 1 527 мың га құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 16,8 мың га көп.

ҚР СЖжРА ҰСБ деректеріне сәйкес, жалпы соңғы 6 жылда өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру оң динамиканы көрсетіп отыр, бұл ретте жекелеген дақылдар бойынша теріс динамика бар. Мәселен, егер 2020 жылы суармалы жерлерде жиналған өнім 1,2 млн га құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,4 млн га құрады.

Мысалы, 2021 жылы суармалы жерлерде жекелеген негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша: дәнді дақылдар (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдары – 1739,3 мың тонна, бұл 2020 жылғы деңгейден 23,8%-ға көп (1404,9 мың тонна), қант қызылшасы – 331,4 мың тонна, бұл 2020 жылғы деңгейден 44,8%-ға көп (228,8 мың тонна), шитті мақта – 290,4 мың тонна, бұл 2020 жылғы деңгейден 10,8%-ға аз (325,6 мың тонна), көкөністер – 2701,4 мың тонна, бұл 2020 жылғы деңгейден 23,8%-ға көп (2181,7 мың тонна), бақша дақылдары – 2332,3 мың тонна, бұл 2020 жылғы деңгейден 23,1%-ға көп (1894,2 мың тонна), майлы дақылдар – 244,9 мың тонна, бұл 2020 жылғы деңгейден 65,9%-ға көп (147,6 мың тонна) жиналды.

Республика бойынша су үнемдеу технологиялары енгізілген суармалы жерлердің ауданы 2021 жылы 258 мың га құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 37 мың га көп.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына сәйкес 2022 жылы су үнемдеу технологиялары енгізілетін суармалы жерлердің алаңын 265 мың га дейін жеткізу жоспарлануда.

Су беру қызметтерінің құнын субсидиялау шеңберінде 2021 жылы 1 938 млн теңге игерілді, бұл 1 010 АШТӨ-ні субсидиялауға мүмкіндік берді. Бұл ретте субсидияланған судың көлемі 2 783 м3 құрады.

Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг жүргізуге және бағалауға 1566,4 мың га суармалы жер қамтылды, оның ішінде Алматы облысында – 584,3 мың га, Жамбыл облысында – 140,0 мың га, Түркістан облысында – 574,4 мың га (оның ішінде Шымкент қаласының аумағында 25,3 мың га суармалы жер) және Қызылорда облысында – 250,0 мың га тұрақты мелиорациялық мониторинг жүргізілді. Бұдан басқа Шығыс Қазақстан (4,8 мың га), Ақмола (1,2 мың га), Павлодар (3,6 мың га), Батыс Қазақстан (2,2 мың га), Қарағанды (0,9 мың га) облыстарында ИКЖЖЖ-1 объектілерінде, Жамбыл (5,0 мың га) және Түркістан (67,3 мың га) облыстарында ИКЖЖЖ-2 объектілерінде экологиялық мониторинг жүргізілді.

Есепті 2021 жылы жақсы мелиорациялық жай-күйі бар санатқа 761,4 мың га (49%) жатқызылды. 477 мың га (31%) алаңдағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі қанағаттанарлық деп берілген. 310,3 мың га алаңдағы жерлердің немесе суармалы жерлердің жалпы бақылаудағы ауданының 20%-ының мелиорациялық жай-күйі қанағаттанарлықсыз деп берілді.

Мелиорациялық жай-күйі қанағаттанарлықсыз суармалы жерлердің негізгі үлесі (200,2 мың га) Түркістан облысында, атап айтқанда, Мақтаарал, Жетісай, Шардара және Отырар аудандарында орналасқан, онда суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйі жергілікті жердің геологиялық құрылысына, сондай-ақ гидрологиялық және ирригациялық факторларға байланысты.

Соңғы бес жылда суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін талдау қанағаттанарлықсыз мелиорациялық жай-күйі бар аудандардың 316,7 мың гектардан 310,3 мың гектарға дейін азайғанын көрсетті.

Бұл ірі инвестициялық жобалар мен су шаруашылығы ұйымдарының өздерінің пайдалану шығыстары шеңберінде суару және коллекторлық-сорғыту желілерін қалпына келтірумен және реконструкциялаумен, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары есебінен АШТӨ тарапынан агротехникалық іс-шаралар кешенін сақтауды жақсартумен байланысты.

2022 жылы 1574,1 мың га суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалау жоспарлануда.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу

2021 жылдың қорытындысы бойынша жемістер мен көкөністерді өңдеу 154,6%-ға өсті, бұл ретте ұн-жарма өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің және өсімдік және жануарлардан алынатын майлар мен тоң майлар өндірісінің (тиісінше 94,7% және 96,4%) төмендегені байқалады.

Нақты көрінісінде, 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы құрақ қант өндірісі 2,8 есеге (67,4 мыңнан 191,1 мың тоннаға дейін), өңделген картоп 4,5 есеге (449 тоннадан 2035 тоннаға дейін), жеміс және көкөніс шырындары 13,1%-ға (58,9 мың тоннадан 66,6 мың тоннаға дейін), өңделген күріш 7,5%-ға (196 мыңнан 210,7 мың тоннаға дейін) ұлғайды.тонна), жүгері крахмалы 3,3%-ға (13,7 мыңнан 14,1 мың тоннаға дейін), сірне 42,7%-ға (36,4 мыңнан 52,6 мың тоннаға дейін), дән маңызының маңызы 23,9%-ға (6,1 мыңнан 7,6 мың тоннаға дейін) ұлғайды.

Сонымен қатар, ұн өндірісінің 7,7%-ға (3 352,4 мың тоннадан 3 093,5 мың тоннаға дейін), өсімдік майының 7,3%-ға (486,3 мыңнан 450,6 мың тоннаға дейін), кептірілген нан мен печеньенің, ұзақ сақталатын кондитерлік және тәтті тоқаш өнімдерінің 4,3%-ға (115,0 мыңнан 110,0 мың тоннаға дейін), макарон өнімдерінің 11%-ға (179,5 мыңнан 159,8 мың тоннаға дейін) төмендегені байқалады.

Жарма өндірісі 2020 жылдың деңгейінде қалды (84 мың тонна).

2021 жылдың 11 айында өңделген күріш экспорты 106,2 мың тоннаны (өсім 11,7 %), жарма 13,7 мың тоннаны (өсім 8,7%), макарон 59,9 мың тоннаны (өсім 13,9%) құрады.

Өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау бағдарламасы бойынша 1 терең өңдеу кәсіпорны 200 млн.теңге сомасында субсидия алды.

Ақмола облысында қуаты жылына 230 мың тонна шикізатты және Шығыс Қазақстан облысында қуаты жылына 330 мың тонна шикізатты өңдеуге арналған май тұқымдарын өңдеу жобалары пайдалануға берілді, СҚО-да «Биоперейшн» ЖШС компаниясының биоэтанол өндіру желісі іске қосылды.

 

2022 жылға арналған жоспарлар

2022 жылы Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жөніндегі жаңа Жол картасын әзірлеу, инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде паспорттарды өзектендіру, сондай-ақ био отынды қолдану саласын кеңейту бөлігінде Био отын туралы ҚР Заңына өзгерістер енгізу жоспарлануда.

2022 жылы мынадай жаңа жобаларды іске қосу жоспарлануда:

1. Қуаты жылына 6 мың тонна астық өңдейтін «Баха Соне» ЖШС (Ақмола облысы);

2. Қуаты жылына 5 мың тонна кондитерлік өнімдер шығаратын «Нәтиже Тәтті» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.);

3. Қуаты жылына 7 мың тонна макарон өнімдерін өндіретін «Элнур Адил Групп» ЖШС;

4. Қуаты жылына 140 000 мың тонна майлы тұқым өңдейтін «Altyn Shygys» ЖШС;

5. Қуаты жылына 4 мың тонна макарон өнімдерін өндіретін «Агротехмаш» ЖШС.

 

Фитосанитариялық қауіпсіздік

Өсімдіктерді қорғау бойынша

2021 жылы үйірлі шегіртке зиянкестерінің 640,9 мың га, оның ішінде итальяндық прустың – 384,7 мың га, азиялық шегірткенің – 142,1 мың га және мароккалық шегірткенің – 114,1 мың га алаңда таралуы болжанды.

Үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.

Өңдеуге 183 бірлік арнайы бүріккіш техника (150 бірлік жерүсті бүріккіштері, 12 ұшақ, 13 бірлік аса жеңіл авиация кемелері және 8 бірлік аэрозольді газ генераторлары) жұмылдырылды.

Химиялық өңдеу 626,1 мың га, оның ішінде итальяндық прусқа қарсы – 404,6 мың га, азиялық шегірткеге – 131,9 мың га және мароккалық шегірткеге – 89,7 мың га алаңда жүргізілді.

Егістіктердің шегіртке зиянкестерімен зақымдануы, сондай-ақ олардың шектес аумақтарға көшуі байқалған жоқ.

2022 жылы 997,3 мың га алаңда үйірлі шегіртке зиянкестерінің таралуы болжануда, республикалық бюджеттен үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге 1,9 млрд теңге бөлінді.

2022 жылы 82,4 млн га алаңда зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық мониторинг ұйымдастыру, сондай-ақ 997,0 мың га алаңда аса қауіпті зиянды организмдерге (үйірлі шегіртке зиянкестеріне) қарсы химиялық өңдеу жүргізу жоспарлануда.

Өсімдіктер карантині бойынша

2021 жылы республикалық бюджет есебінен 11 281 га, оның ішінде қауын шыбынына қарсы – 7 146 га, ашық топырақтағы қызанақ көбелегіне қарсы – 230,66 га, бактериялық күйікке қарсы – 728,5 га, амброзияның аралары мен түрлеріне – 204,1 га және сырғымалы (қызғылт) қышаға қарсы – 2971,7 га алаңға химиялық өңдеу жүргізілді. Көрсетілген мақсаттарға 42,3 млн теңге бөлінді.

Қазақстан Республикасының аумағында карантиндік объектілердің 14, ал ТМД шекаралас елдерінде олардың 20-30, Қытайда – 100-ден астам, ал алыс шетелде 400-ден астам түрі тіркелген. Жыл сайын республикаға әкелінетін карантинге жатқызылған өнімнің көлемі өсуде. Әлемнің 100-ден астам елінен фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған материал келіп түседі.

Бүгінгі күні карантиндік объектілердің таралу ошақтарын тексеру бойынша іс-шаралар аяқталды. Іс жүзінде 3,4 млн га немесе жоспар бойынша 100% тексерілді. 2021 жылы карантиндік объектілер 61,8 мың га алаңға таралды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7 мың га аз.

2022 жылы 3,4 млн га алаңда карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерге қарсы мониторинг ұйымдастыру жоспарлануда.

 

Мал шаруашылығы

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мал шаруашылығының жалпы өнімі көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артып, 3104,5 млрд теңгені құрады.

Мал және құс басының саны

2022 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара мал саны 4,3%-ға артып, 8185,1 мың басты, жылқы 10,5%-ға артып, 3470,8 мың басты, түйе 6,9%-ға артып, 243,4 мың басты, қой 4,7%-ға артып,18 575,7 мың басты, құс 10,6%-ға артып, 47 787,4 мың басты құрады. Бұл ретте, ешкі басы 1,2%-ға 2 280,7 мың басқа дейін, шошқа басы 5,1%-ға 775,3 мың басқа дейін төмендеді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы ірі қара малдың үлесі 47,7%, қой 49,4%, ешкі 32,3%, шошқа 44%, құс 74,8% құрады.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда сойыс салмағында барлық түрдегі ет өндірісінің көлемі 1 241,3 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға көп, оның ішінде:

  • ІҚМ еті – 3,6%-ға 540,8 мың тоннаға дейін;
  • ұсақ мал еті (қой, ешкі) – 1,8%-ға 175,5 мың тоннаға дейін;
  • жылқы еті – 5,9%-ға 151,3 мың тоннаға дейін;
  • түйе еті – 5,4%-ға 7,7 мың тоннаға дейін;
  • құс еті – 19,3%-ға 282,3 мың тоннаға дейін өсті.

Бұл ретте, шошқа етін өндіру 4,3%-ға 83,7 мың тоннаға дейін төмендеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша сүт өндіру көлемі шаруашылықтардың барлық санаттарында 3,2%-ға ұлғайып, 6197,9 мың тоннаны, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында 6,4%-ға ұлғайып, 1801,1 мың тоннаны құрады. 

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында өндірілген сүттің жалпы санынан тауарлық сүт өндірісі 2,9%-ға (1 025,9-дан 1 056,6 мың тоннаға дейін) ұлғайды.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы орташа сауым 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 13,6%-ға (бір сауын сиырға 4320-дан 4906 кг-ға дейін) ұлғайды.

Тауық жұмыртқасының өндірісі 4,5%-ға азайып, 4 819,8 млн дананы құрады. Ақмола (-1,8%), Алматы (-18,6%), Қарағанды (-2%), Қостанай (-1,8%), Солтүстік Қазақстан (-0,8%) облыстарында және Шымкент қаласында (-4,1%) төмендеу байқалады.

2021 жылы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы бір тауық жұмыртқасының орташа өнімділігі 283 дана болды.

Шетелдік селекцияның асыл тұқымды ІҚМ әкелу есебінен жалпы мал басынан асыл тұқымды мал басының үлесі 2010 жылғы 6,1%-дан 2020 жылы 12,5%-ға дейін ұлғайды.

2022 жылы мал шаруашылығы жалпы өнімінің өсуін 3,5% деңгейінде қамтамасыз ету жоспарлануда.

Бұдан басқа, мал шаруашылығындағы субсидиялау шаралары есебінен агроқұрылымдардағы 2021 жылғы деңгейге қатысты мындай өсім болжанады:

- асыл тұқымды мал басының үлес салмағы 12,8%-ға дейін;

- сиыр еті өндірісінің көлемі 7%-ға;

- қой етін өндіру көлемі 3,2%-ға;

- сүт өндіру көлемі 7,2%-ға;

- ұйымдастырылған шаруашылықтарда ІҚМ және ҰҚМ аналық басының 10%-ға;

- тұқымдық түрлендіруге қатысатын ІҚМ аналық басының саны 5,0%;

- құс етін өндіру көлемі 20%.

Тұқымдық түрлендіру

Соңғы жылдары етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды пайдалана отырып, ірі қара малдың аналық басымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс (тұқымдық түрлендіру) бағдарламасына қатысушы шаруашылықтар санының өсуі байқалады. 

2022 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша республика бойынша барлығы «Сыбаға» тұқымдық түрлендіру бағдарламасына жасы 18 айдан басталатын жалпы саны 1 238,0 мың бас аналық ІҚМ және 32,9 мың бас асыл тұқымды тұқымдық бұқалары (немесе барлық ірі қара малдың аналық басының 33%) бар 23,5 мың шаруашылық қатысады.

Бұл ретте, тұқымдық түрлендіру бағдарламасына қатысатын аналық мал басының үлесі технологиялық циклге байланысты ауыспалы болып табылатынын атап өту қажет. Бұл барлық мал басының, оның ішінде жасы 18 айдан басталатын аналық мал басының жыл бойы өзгеріп отыратындығына байланысты.

2021-2022 жылдардағы қысқы кезеңге азық дайындау

Облыстар әкімдіктерінің ақпараты бойынша 2021 жылғы 15 желтоқсандағы мәлімет бойынша 24,2 млн тонна пішен немесе жоспардан 102%, 1,6 млн тонна пішендеме немесе 103%, 2 млн тонна сүрлем немесе 100%, 4,8 млн тонна сабан немесе 100%, 5,2 млн тонна құнарлы азық немесе 95% дайындалған.

Дайындалған азық ауыл шаруашылығы құрылымдарында және ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарында мал басын қысқы кезеңге азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жайылымдарды суландыру

Қазіргі уақытта қолда бар 184,3 млн га жайылымдық алқаптың 103,2 млн га жайылымы немесе 56% суландырылды.

2014 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде пайдаланылмай жатқан жайылымдарды суландыру үшін республика бойынша іс жүзінде 9760 бірлік құдық салынды, оның ішінде 6874 бірлік құдық 26,4 млрд теңге сомасында субсидияланды.

Суландыру есебінен шалғайдағы жайылымдарға 913,7 мың бас ірі қара мал, 3013 мың бас қой, 309,3 мың бас жылқы және 43 мың бас түйе шығарылды.

Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу

2021 жылдың қорытындысы бойынша ет және сүт өңдеу саласында өндіріс өсімі тиісінше 109,4% және 101,9% құрады, бұл жақсы өсу қарқынын көрсетеді. Ет-сүт өнімдерін өндіру 774,4 млрд. теңгеге дейін жетті (2020 жылы – 684,5 млрд теңге).

Заттай мәнде 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы шұжық өнімдерінің өндірісі 1,1%-ға (60,1-ден 60,7 мың тоннаға дейін), салқындатылған және мұздатылған балық 13,9%-ға (35,4 мың тоннадан 40,3 мың тоннаға дейін), консервіленген балық 13,7%-ға (11,7 мың тоннадан 13,4 мың тоннаға дейін), сары май 2,8%-ға (26,4 мың тоннадан 27,2 мың тоннаға дейін) 2,2%-ға (36,2-ден 36,9 мың тоннаға дейін), оның ішінде қатты ірімшік 12,3%-ға (7,1-ден 7,9 мың тоннаға дейін), қышқыл сүт өнімдері 5,2%-ға (226,5-тен 238,2 мың тоннаға дейін), балмұздақ 22%-ға (35,2 мың тоннадан 42,9 мың тоннаға дейін). тонна), құрғақ сүт 5,3%-ға (6,5 мың тонна 6,8 мың тоннаға дейін) өсті.

Сонымен қатар, өңделген сүт өндірісінің 0,9%-ға (616,5 мың тоннадан 611 мың тоннаға дейін), ет және ет-өсімдік консервілері өндірісінің 30%-ға (9,8-ден 6,9 мың тоннаға дейін) төмендегені байқалады.

2021 жылдың 12 айында сары май экспорты 4,6 мың тоннаны (3 есе өсті), қышқыл сүт өнімдері 14,8 мың тоннаны (18%-ға өсті), ірімшік пен сүзбе 3,7 мың тоннаны (10,6%-ға өсті), балмұздақ 3,3 мың тоннаны (23,5%-ға өсті) құрады.

Сүт өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау бағдарламасы бойынша 100-ден астам кәсіпорын 10 млрд. теңге сомасында субсидия алды.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ішкі нарықтың сары май бойынша қамтамасыз етілуі отандық өндіріс есебінен 2014 жылғы 65%-дан 2021 жылы 100%-ға дейін, ірімшік пен сүзбе бойынша 51%-дан 57%- ға дейін ұлғайды. Жылына 100 мың тонна сүт өңдеу қуаттылығымен сүт өңдеу бойынша 12 жоба пайдалануға берілді.

2021 жылдың соңында Қостанай қаласында қуаттылығы жылына 20 000 тонна ет өндіретін ет өңдеу кешенін салатын «Биф Экспорт Групп» ЖШС пайдалануға берілді. Бұдан басқа, жалпы қуаттылығы жылына 14,4 мың тонна ет өндіретін 5 жоба («Көкжал» ШҚ, «Арай kz» ЖШС, «Марзагулов» ЖК, «Рауан Агро» ЖШС, «Ахтямов р. Н.» ШҚ) пайдалануға берілді.

2022 жылы жаңа 2 ет комбинатын іске қосу жоспарлануда:

  • қуаты жылына 20 мың тонна ет өндіретін «Aizet Farms» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.);
  • қуаты жылына 5 мың тонна ет өндіретін «Сыр Маржаны» ЖШС (Қызылорда облысында).

Бұдан басқа, жалпы қуаты жылына 27,5 мың тонна сүт өңдейтін 5 жобаны жаңғырту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ өңдеуші кәсіпорындардың сары май, қатты ірімшік және құрғақ сүт өндіру үшін шикізат сатып алуға жұмсалатын шығындарын субсидиялау бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.

Сонымен қатар АӨК ұлттық жобасының отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету міндеті аясында 2022 жылы 60 мың тонна шұжық өнімдерін, 73,9 мың тонна балық өндіруді қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

 

Ветеринариялық қауіпсіздік

Эпизоотиялық жағдай туралы

2021 жылы республика аумағында 400 саламатсыз пункт тіркелген. Оның ішінде 208 жануардың жіті инфекциялық ауруларының саламатсыз пункттері және 192 бруцеллез бойынша (ІҚМ – 157, ҰҚМ – 35) 208 ошақтың 196-сы жойылды, ал қалған 12 ошақта ветеринариялық іс-шаралар жалғасуда.

Аталған ошақтарда 545 бас мал және 5 789 бас құс өртеу арқылы жойылды. Жойылған жануарлардың құнын өтеуге республикалық бюджеттен иелеріне 136 093 033 теңге мөлшерінде сома бөлінді.

Бруцеллез бойынша 192 саламатсыз пункттің 178-і сауықтырылды, ал қалған 14 саламатсыз пунктте сауықтыру іс-шаралары жалғасуда.

Мал иелеріне жергілікті бюджеттен 247 307 340,7 теңге сомасында орташа нарықтық құнының 30% өтелді.

Саламатсыз пункттерде ауданы 5 289 872,08 м2 дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді.

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу

Республика аумағында таралу қаупі жоғары жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне аурулардың 68 түрі енгізілді, олардың 45 түрі бойынша Қазақстан саламатты эпизоотиялық жағдайға ие, 23 түрі бойынша диагностика және вакцинация бойынша арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген малдың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Республика аумағында профилактика мақсатында 2021 жылы құстарды қоса алғанда 20 ауруға (құтыру, аусыл, лептоспироз, листериоз, пастереллез, сібір жарасы, ет қоректі эхинококкоз, ұсақ қара мал шешегі, құстардың жоғары патогенді тұмауы, ірі қара малдың эмфизематозды карбункулы, инфекциялық ринотрахеит, ірі қара малдың вирустық диареясы, ұсақ мал обасы, түйе обасы, қойлар мен ешкілердің контагиозды пустелезді дерматиті (эктима), қойдың анаэробты энтеротоксемиясы, брадзот, туберкулез, жылқы маңқасы, жылқы ринопневмониясы, нодулярлық дерматит, түйе шешегі) қарсы малды вакциналау бойынша 153,9 млн манипуляция жүргізілді немесе жалпы жоспардың 100% құрайды. Осы мақсаттарға 7,2 млрд теңге бөлінді.

2022 жылға құстарды қоса алғанда, малды вакциналау бойынша 160,5 млн манипуляция жүргізу жоспарланған.

Диагностикалық зерттеулер жүргізу

2021 жылы республика бойынша малдың аса қауіпті 27 ауруы (бруцеллез, аусыл, лейкоз, құтыру, вирустық диарея, лептоспироз, листериоз, пастереллез, туберкулез, эмкар, вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит, нодулярлық дерматит, брадзот, жылқының инфекциялық анемиясы, блютанг, Шмаленберг ауруы және т.б.) бойынша 69,0 млн немесе жылдық жоспардың 100% диагностикалық зерттеулер жүргізілді.

Малдың аса қауіпті ауруларын диагностикалау жөніндегі 2022 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралар жоспары 12,8 млрд теңге сомасына малдың аса қауіпті 28 ауруы бойынша 34 562 734 басқа диагностикалық зерттеулерді құрайды.

Ауыл шаруашылығы малының биркалары бойынша 

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіруге арналған аспалы құлақ сырғаларын мемлекеттік сатып алу әкімшісі «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ болып табылады. 

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республика бойынша 19,4 млн дана пайдаланылмаған құлақ сырғалары бар (ІҚМ – 4,08 млн дана, ҰҚМ – 12,9 млн дана, шошқалар – 2,3 млн дана, түйелер – 59,1 мың дана).

2022 жылға құлақ сырғаларын сатып алу жарияланды. 15 502 491 дана, ІҚМ үшін 3 654 675 дана, ҰҚМ үшін 11 312 401 дана бирка сатып алу жоспарлануда.

 

Қаржы құралдары

Инвестициялық субсидиялау

2021 жылы инвестициялық субсидиялау бағдарламасын іске асыруға 104,4 млрд теңге көзделді (жергілікті деңгейде орындау 104,3 млрд теңгені құрады), бұл 24 189 АӨК инвестициялық жобасын субсидиялауға және 20 183 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Инвестициялық субсидиялаумен АӨК-нің 34 басым бағыты қамтылды.

Инвестициялық субсидиялау бағдарламасын іске асырудың жыл сайынғы тәжірибесі бюджет қаражатының негізгі көлемі орта есеппен ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуға тиесілі екенін көрсетеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатының 67,7 млрд теңгеден астам негізгі көлемі немесе 65%-ы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды субсидиялауға тура келді. 2019-2021 жылдары сатып алынған техникалар субсидиямен қамтылды.

Шамамен 13,3 млрд теңге немесе 13%-ы мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды субсидиялауға, 23,0 млрд теңге немесе 22%-ы өсімдік шаруашылығы саласындағы жобаларды қолдауға бағытталды.

2022 жылға инвестициялық субсидиялау бағдарламасын іске асыруға 72,1 млрд теңге бөлінді.

АӨК субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

Ауыл шаруашылығы малын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасын іске асыруға 2021 жылы 52,4 млрд теңге көзделді.

«Qoldau.kz» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің деректері бойынша бағдарламаны іске асыру есебінен 2021 жылы ауыл шаруашылығы саласына 370 млрд теңгеден астам кредит қаражаты тартылды.

2022 жылға ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасын іске асыруға барлығы 43,2 млрд теңге бөлінді.

АӨК субъектілеріне ЕДБ берген қарыздарды кепілдендіруді субсидиялау

2021 жылға арналған бағдарламаны іске асыру шеңберінде кепілдік бергені үшін комиссия сомасы 381 972 мың теңге мөлшерінде көзделген. 

Мына жобалар бойынша өсімдік шаруашылығы саласында 1 277 496 мың теңге сомасына (кепілдік сомасы) 6 жоба бойынша кепілдіктер берілді:

  • «Ен-дала» ЖШС (Ақмола облысы), кредит 404 млн теңге;
  • «Шаңырақ Р» ЖШС (Ақмола облысы), кредит 1400 млн теңге;
  • «Агро Өндіріс» ЖШС (Павлодар облысы), кредит 64 млн теңге;
  • «Ақсай» ЖШС (Қостанай облысы), кредит 411 млн теңге;
  • «Колос Фирма»ЖШС (Қостанай облысы), кредит 100 млн теңге;
  • «Көкшетау Астық Инвест ЛТД» ЖШС (Ақмола облысы), кредит 180 млн теңге.

Осы бағдарламаны 2021 жылы іске асыру АӨК саласында шамамен 2,5 млрд. теңге сомасына қаржы тартуға мүмкіндік берді.

2022 жылы республикалық бюджетте осы мақсаттарға 3 млрд теңге көзделген, бұл орташа кепілдік мөлшері 50% болған кезде ЕДБ-ның 20 млрд теңгеге дейінгі сомаға қарыз беруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ерікті сақтандыру бағдарламасын іске асыру

2021 жылы АӨК-ні сақтандыруды дамытуға 1 024,5 млн теңге сомасында қаражат бөлінді.

2021 жылдың басынан 163 сақтандыру шарты жасалды, оның ішінде:

1) 150,6 мың га қамти отырып, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру бойынша 118 шарт, осы шарттар бойынша 185,1 млн теңге сомасына сақтандыру сыйлықақысын субсидиялау жүргізілді, оның ішінде:

- 121,3 мың га қамти отырып, құрғақшылықтан сақтандырудың 100 шарты, осы шарттар бойынша 159,5 млн теңге сомасына сақтандыру сыйақысын субсидиялау жүргізілді. 818,8 млн теңге (111,4 мың га) сомасына сақтандыру төлемдері жүргізілді;

- 23,5 мың га қамти отырып, артық ылғалдан сақтандырудың 12 шарты, осы шарттар бойынша 16,6 млн теңге сомасына сақтандыру сыйақысын субсидиялау жүргізілді. 5,9 млн теңге (2,4 мың га) сомасына сақтандыру төлемдері жүргізілді;

- күздік дақылдар үшін топырақ ылғалдылығының тапшылығынан сақтандырудың 5,8 мың га қамтитын 6 шарты, осы шарттар бойынша 8,9 млн теңге сомасына сақтандыру сыйлықақысы субсидияланды.

2) шамамен 2,6 млн басты қамтитын мал шаруашылығын сақтандыру бойынша 45 шарт. Осы шарттар бойынша 57,5 млн теңге сомасына сақтандыру сыйақысын субсидиялау жүргізілді, оның ішінде:

- 6267 басты қамтитын ІҚМ-ны сақтандыру бойынша 33 шарт. Осы шарттар бойынша 28,6 млн теңге сомасына сақтандыру сыйақысын субсидиялау жүргізілді;

- ұсақ малды сақтандыру бойынша 2 шарт, 354 бас сақтандырылды. Осы шарттар бойынша 102,9 мың теңге сомасына сақтандыру сыйақысын субсидиялау жүргізілді;

- жылқыларды сақтандыру бойынша 2 шарт, 75 бас сақтандырылды. Осы шарттар бойынша 272,5 мың теңге сомасына сақтандыру сыйақысын субсидиялау жүргізілді;

- құстарды сақтандыру бойынша 8 шарт, 2 624 512 бас сақтандырылды. Осы шарттар бойынша 28,6 млн теңге сомасына сақтандыру сыйақысын субсидиялау жүргізілді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық Банкінің арнайы шотындағы бюджет қаражатының қалдығы 3 095,9 млн теңгені құрады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

2021 жылы республикалық бюджеттен 4 528 микрокредит беру жоспарланып, 20 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, 3 472 микрокредит беру жоспарланып, ҚР Ұлттық қорынан 15,3 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді. 2021 жылға жалпы сомасы 35,3 млрд теңгеге 8000 микрокредит беру жоспарланып отыр.

Жыл қорытындысы бойынша бұл қаражат толық көлемде игерілді, барлығы 11 118 микрокредит берілді, 9 051 жұмыс орны құрылды, оның ішінде:

  • 15,5 млрд теңге сомасына 4 108 стартап жоба;
  • 5,3 млрд теңге сомасына 1 423 бастаушы жоба
  • 14,4 млрд теңге сомасына 3037 қолданыстағы жоба

2022 жылы АШМ республикалық бюджетті бірінші нақтылау шеңберінде 8 мың микрокредит беру үшін 40 млрд теңге сомасында қажеттілік туралы Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім жолдады.

 

АӨК-ке инвестициялар тарту

АШМ 2021 жылғы 12 қаңтарда ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №5 қаулысымен мақұлданған «VALLEY KUSTO GB BV» компаниясымен Қазақстанда демонстрациялық фермалар желісін құру және қазіргі заманғы суару жүйелерін өндіру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін басқару жөніндегі зауыт салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, ҚР АШМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп агроөнеркәсіптік кешеннің 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі Жол карталарын әзірлеп, бекітті.

Жол карталарына сәйкес жалпы сомасы 4,4 трлн теңге болатын 934 инвестициялық жобадан тұратын пул жасалды.

Осы жобалар пулынан мынадай негізгі ірі бағыттар айқындалды:

  • етті мал шаруашылығы (бордақылау алаңдары, репродукторлар, сою цехтары, ет өңдеу зауыттары) – 1 трлн теңгеге 301 жоба;
  • жылыжай кешендері – 1 трлн теңгеге 67 жоба;
  • сүтті мал шаруашылығы – 452 млрд теңгеге 186 жоба;
  • құс шаруашылығы – 373 млрд теңгеге 47 құс фабрикасы;
  • өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу – 300 млрд теңгеге 73 жоба;
  • қант өндірісі, жобалардың жалпы сомасы 228 млрд теңге;
  • қарқынды бау-бақша шаруашылығы – 100 млрд теңгеге 32 жоба.
  • өзге де бағыттар шеңберінде жалпы сомасы 834 млрд теңгеге 225 жобаны іске асыру жоспарлануда, олар суару, тұқым шаруашылығы, тамақ өнімдерін өндіру және т.б. жөніндегі жобаларды қамтиды.

Бекітілген Жол карталарына сәйкес 2021 жылға жоспарланған 267 млрд теңге сомасындағы 285 жобаның 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша 255 млрд теңге сомасындағы 281 жоба пайдалануға берілді.

2022 жылы ҚР Үкіметі мен мынадай компаниялар арасында инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігін пысықтау жоспарлануда:

  • «Tyson Foods»-тың қатысуымен ІҚМ етін өндіру жобасы бойынша;
  • Алматы облысында толық циклді инновациялық, экспортқа бағдарланған мал шаруашылығы кешенін құру жобасы бойынша «KS Genetics»;
  • Тәулігіне 8000 тонна қант қызылшасын өңдейтін өндірістік қуаты бар қант зауытын салу жобасы бойынша «QAZSUGAR» ЖШС;
  • Бройлер етін өндіру және өңдеу бойынша тұйық циклді құс кешенінің құрылысы жобасы бойынша «Прима Құс» ЖШС.

Бұдан басқа, бекітілген Жол карталарына сәйкес 573 млрд теңге сомасына 308 инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Аграрлық азық-түлік нарықтары және АӨК өнімдерін техникалық реттеу

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында АШМ:

  • 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге 125 мың тонна көлемінде күнбағыс тұқымдары мен 110 мың тонна күнбағыс майы экспортына сандық шектеулерді;
  • 3 ай мерзімге картоп пен сәбіз экспортына тыйым салуды;
  • 6 ай мерзімге ІҚМ мен ұсақ қара малды әкетуге тыйым салуды енгізу бойынша жедел шаралар қабылдады.

Бұл ретте, Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында 2022 жылдың ақпанынан сәуірін қоса алғанда тауарлық және тұқымдық картопты квоталауды енгізу және сәбіз экспортына тыйым салуды жою туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта картоп пен сәбізді әкетуге тыйым салуды жою туралы, сондай-ақ картопты әкетуге квоталауды енгізу туралы тиісті бұйрықтың жобасын қабылдау бойынша жұмыс жүргізуде. Бұйрық жобасы мемлекеттік органдарда келісуде.

Сондай-ақ, Ведомствоаралық комиссияның хаттамасына сәйкес 2022 жылғы 1 наурыздан 2022 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде күнбағыс майына бөлінетін ай сайынғы квоталардың мөлшері 16 мың тоннадан 38 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Қазіргі уақытта АШМ тиісті нормативтік құқықтық акт әзірледі және мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.

Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды ұстап тұру және аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қарыздар беру арқылы ӘМАТ-қа бағаларды тұрақтандыру тетігі іске асырылуда.

2021 жылы тұрақтандыру қорлары 25,5 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатты, сондай-ақ 21,7 мың тонна сатып алынды.

Биылғы жылғы 10 ақпандағы мәлімет бойынша тұрақтандыру қорларында 25,1 мың тонна ӘМАТ, оның ішінде ұн – 6,6 мың тонна, қант – 4 мың тонна, макарон – 1,8 мың тонна, күріш – 0,8 мың тонна және т. б. сақталуда. Сондай-ақ шамамен 122,6 мың тонна жеткізуге форвардтық шарттар жасалды, оның ішінде картоп – 45,2 мың тонна, пияз – 12,6 мың тонна, сәбіз – 13,1 мың тонна және т. б.

Бұдан басқа, ӘМАТ-қа бағаларды ұстап тұру бойынша қарсы талаптарды белгілей отырып, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздар беру шеңберінде («айналым схемасы») 31,4 млрд теңге сомасына ӘМАТ-қа келісімшарт жасалды. Тұрақтандыру қорларын қалыптастыру үшін өңірлердің қаражатының көлемі 9 млрд теңгені құрайды.

Маусымаралық кезеңде көкөніс өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында АШМ өңірлерге тұрақтандыру қорларына қала халқының бес айлық қажеттілігінен 30% көлемінде көкөністердің негізгі түрлерін (картоп – 140,7 мың тонна, сәбіз – 32,4 мың тонна, қырыққабат – 33,8 мың тонна, пияз – 22,5 мың тонна) сатып алу ұсынымдары бойынша есептеме жолдады. Қарақұмық жармасы мен күнбағыс майы бойынша барлық халықтың бес айлық қажеттілігінен 30% көлемінде сатып алу ұсынымдары бойынша өңірлерге есептеме жіберілді (қарақұмық жармасы – 17,6 мың тонна, күнбағыс майы – 28,5 мың тонна).

Осылайша, өңірлер тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және тауар интервенцияларын жүргізу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Бұл мәселе ҚР АШМ-ның тұрақты бақылауында.

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 22 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимылдар жоспарын орындау шеңберінде ӘМАТ-қа бағаларды тұрақтандыру жөніндегі форвардтық тетіктерді қаржыландыруды (тұрақтандыру қорлары және «айналым» схемасы) 140 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделеді.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта АШМ 2022-2024 жылдарға арналған орта мерзімді кезеңге арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын әзірлеу және қабылдау бойынша жұмыс жүргізуде.

АӨК өнімдерін техникалық реттеу

2021 жылдың қорытындысы бойынша мынадай іс-шаралар жүргізілді:

  • «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО техникалық регламентіне (КО ТР 033/2013) № 5 қосымшасында айқындалған шикі сүттің микробиологиялық көрсеткіштері бойынша 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін өтпелі кезең ұсынылды;
  • ЕАЭО техрегламентіне «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 040/2016) мемаралықстандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарлама қабылданды, ет және ет өнімдерінің, балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі техрегламенттерге стандарттардың жаңа тізбелерін бекіту сатысында, сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техрегламентке стандарттардың тізбелері бойынша өзгерістер енгізілді.
  • ЕАЭО ТР 2 жобасы: азық және азықтық қоспалар бойынша (ҚР АШМ әзірлеушісі) талқылау сатысында, құс еті және оны өңдеу өнімдері бойынша (РФ АШМ әзірлеушісі) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, өтпелі ережелер талқылануда.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы қабылданды, ол ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінің қолданысқа енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының 7 техникалық регламентінің күшін жоюды көздейді.

Ел ішінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңына түзетулерге сәйкес тыңайтқыштардың қауіпсіздігі бойынша 1 ұлттық техникалық регламент бекітілді.

ЕАЭО техникалық регламенттерін әзірлеуге және оларға өзгерістер енгізуге Қазақстан Республикасындағы жауапты мемлекеттік органдардың 2019 жылғы 16 қыркүйектегі №341 бірлескен бұйрығы шеңберінде Кеден одағы мен ЕАЭО-ның техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізу бойынша талқылау жүргізілуде. Атап айтқанда, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) ветеринариялық дәрілік заттардың қалдықтары бөлігіндегі №2 өзгерістер, «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ет өнімдерінің тағамдық құндылығын таңбалау бөлігіндегі №1 өзгерістер (КО ТР 034/2013), ұғымдық аппаратты түзету және «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 033/2013) құрамында сүті бар өнімдерді таңбалауға қосымша талаптарды белгілеу бөлігіндегі №2 өзгерістер, өсімдіктерді қорғау құралдарының, азық және азықтық қоспалардың қауіпсіздігі бойынша 2 ұлттық техникалық регламентті қабылдау талқылануда.

 

АӨК-ні цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

2021 жылы ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша мынадай іс-шаралар іске асырылды:

  1. еліміздің аграрлық жоғары оқу орындары жетекші ІТ-университеттермен бірлесіп, цифрлық дағдылары бар аграрлық мамандар даярлау бойынша оқу бағдарламаларын («Цифрлық агрожүйелер мен кешендер («Мал шаруашылығы» бағыты)», «Биоинформатика», «АӨК-дегі цифрлық технологиялар», «Агроинформатика») енгізді;
  2. АӨК ұлттық жобасы шеңберінде АШТӨ-ге цифрлық жабдықтар мен шешімдер сатып алуы бойынша мемлекеттік қолдау көрсету жұмысы басталды;
  3. «Цифрландыру есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасында ауыл шаруашылығы объектілерінде, оның ішінде шалғай егістіктер мен жайылымдарда байланыс жабдығына арналған шығындарды субсидиялау іс-шарасы көзделген;
  4. сүт өнімдерін таңбалау жөніндегі пилоттық жоба аяқталды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша:

  1. 8 мемлекеттік көрсетілетін қызмет (ветеринария саласында – 4, өсімдік шаруашылығы саласында – 3, ауыл шаруашылығы техникасы саласында – 1) бойынша анықталған қателерді жою жөнінде жұмыстар жүргізілді;
  2. электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға артты;
  3. «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп ЕЛ МД желісі бойынша 19 мемлекеттік көрсетілетін қызметті түрлендіру жұмысы басталды, міндеттер қою айқындалды;
  4. ветеринария, өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы техникасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді түрлендіру жоспарланды;
  5. ақпараттық жүйелерді жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мен оңтайландыру жұмыстары жалғастырылды.

Ақпараттық технологиялар бойынша:

  1. РФ салалық жүйелерімен, оның ішінде ҚР ұлттық шлюзі арқылы қосылу талаптарын сақтай отырып, интеграциялану жұмысы жалғастырылды;
  2. агроөнімдерді көлік қатынасымен өткізу кезінде рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру мақсатында e-Freight жүйесімен өзара іс-қимыл іске асырылды;
  3. е-Статистика жүйесімен интеграцияны пысықтау жұмыстары басталды;
  4. «Заңды тұлғалар», «Жеке тұлғалар» дерекқорларымен интеграциялық өзара іс-қимыл аяқталуға жақын.

2022 жылы АШМ барлық көрсетілген бағыттар бойынша, оның ішінде АӨК ұлттық жобасының және АӨК-ні дамыту тұжырымдамасының, сондай-ақ «Цифрландыру есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының міндеттері шеңберінде жұмысты жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, мынадай міндеттерді орындау жоспарланған:

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кемінде 95%-ын автоматтандыру;
  • кемінде 5 жасырын көрсетілетін қызметті анықтау;
  • «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша кемінде 60% бағасына қол жеткізу;
  • АӨК үшін Интернет пен цифрлық жабдықты субсидиялауға арналған нормативтік базаны енгізу;
  • «Neo Nomad» цифрландыру жөніндегі семинарларын қайта бастау;
  • цифрлық аграрлық мамандықтар тізбесін кеңейту;
  • салалық ақпараттық жүйелерді дамыту;
  • «АЖБ» АЖ мобильді нұсқасын әзірлеу;
  • салалық дерекқорларды өзектендіру.

 

Жер ресурстары бойынша

2021 жылы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функцияларын жергілікті атқарушы органдардан қайтару жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, 2021 жылғы 30 маусымда жерлердіңі ұтымды пайдаланылуын мемлекеттік бақылаудың бірыңғай вертикалін құруды көздейтін жер қатынастарын дамыту мәселелері жөніндегі заң қабылданды.

Осылайша, жер беру жөніндегі функциялар әкімдіктерде қалды, ал әкімдіктердің жерлердің берілуі мен пайдаланылуын және жер иелерінің/жер пайдаланушылардың жерді пайдалануын бақылау жөніндегі функциялар аумақтық департаменттерді құру арқылы ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне берілді.

Сондай-ақ, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімдері қысқартылып, рәсімі оңайлатылды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 қаңтарда қол қойған заңына сәйкес:

  • пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқарту;
  • жергілікті жерге бармай ғарыштық мониторинг арқылы мемлекеттік бақылаудың жаңа тетігін енгізу көзделеді.

Жосықсыз жер пайдаланушыларға қатысты уақтылы шаралар қабылдау үшін ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 26 шілдедегі №223 бұйрығымен 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлықтың қолданылу кезеңінде ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбау не тиімсіз пайдалану мәселелері бойынша тексерулер жүргізу үшін «жаппай қауіп» ұғымын айқындау жөніндегі ұсынымдар бекітілді.

Жер учаскелерін беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында 2018 жылы Жер кодексіне әкімдіктерді жер учаскелерін беруден бас тартқан сәттен бастап 90 күн ішінде оларды беруге өтініштер келіп түсетін жер учаскелерін сауда-саттыққа шығаруға міндеттейтін түзетулер енгізілді.

Бұл ретте, әкімшілік жауапкершіліктің болмауына байланысты әкімдіктер көбінесе жер учаскелерін сауда-саттыққа шығару жөніндегі талаптарды орындамайды не оларды мерзімдерін едәуір бұза отырып шығарады.

Осыған байланысты, ҚР ӘҚБтК-ге жер учаскелері бойынша сауда-саттық жүргізбегені немесе уақтылы өткізбегені үшін әкімдіктердің лауазымды тұлғаларына әкімшілік айыппұл салу бөлігінде толықтырулар енгізу бойынша Заң жобасы әзірленді.

Осы норманы қабылдау ЖАО тарапынан Кодекс талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, олардың жауапкершілігін күшейтеді, сондай-ақ жер учаскелерін беру процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою жөніндегі тиісті тетіктерді күшейте отырып (қажет болған жағдайда), оларды өндірістік қызметке тарту, сондай-ақ ғарыштық мониторинг тетігін жетілдіру жөніндегі жұмысты жандандыру мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі келесі шаралар қабылдады. 

2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Жер кодексі жобасының нормаларын талқылау және ұсыныстар әзірлеу үшін Жер реформасы жөніндегі екінші комиссия жұмыс жүргізді. Комиссияның қарауына мораторий қолданылатын Жер кодексінің нормаларын одан әрі қолдану, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді нарықтық айналымға енгізу, сондай-ақ бақылау функцияларын жергілікті атқарушы органдардан орталық уәкілетті органға қайтару жолымен вертикалды қалпына келтіруді көздейтін мемлекеттен сатып алмай жер пайдаланушылар арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер пайдалану құқығын иеліктен шығару бойынша түзетулер енгізілді.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша барлық қабылданған ұсыныстар бойынша 2021 жылғы 30 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы әзірленді.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 13 мамырда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар ҚР заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға жеке меншік құқығын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша жер пайдалану құқығын беруге тыйым салуды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың тұрақты мониторингіне және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекеттік қорға одан әрі жекешелендіру үшін қайтаруға қатысты АШМ-ның осы тапсырмасын орындау үшін келесі шаралар қабылданды. 

Жерлердің ұтымды пайдаланылуын тиімді бақылау мақсатында 2019 жылғы 28 қазандағы заң шеңберінде АӨК мәселелері бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін веб-портал арқылы ғарыштық мониторингті қолдана отырып, анықтауға мүмкіндік беретін норма көзделген.

Бұл өзгерістер 2020 жылдың қаңтарынан бастап ауыл шаруашылығы жерлерінің ғарыштық мониторингі бойынша пилоттық жобаны Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында іске қосуға мүмкіндік берді.

Ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша пилоттық өңірлерде 8,3 млн га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды, 2,6 млн га жайылымдық жерлер қайтарылды.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың ғарыштық мониторингі барлық жерде енгізілді, сондай-ақ пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша шаралар тұрақты негізде қабылдануда.

Ғарыштық мониторингтің алдын ала нәтижелері бойынша бүкіл республика бойынша 22,4 млн га ауыл шаруашылығы жері анықталды, оның ішінде 1,1 млн га егістік және 21,3 млн га жайылым, оның 3,2 млн га, оның ішінде 3 млн га жайылым және 223 мың га егістік мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Бұдан басқа, 2022 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою мерзімдерін қысқарту (2 жылдан 1 жылға дейін), сондай-ақ ғарыштық мониторинг әдісін қолдана отырып, байланыссыз бақылау процесін автоматтандыру бойынша нормаларды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Міндетіне салақ қарайтын жер пайдаланушыларды пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінен өз еркімен бас тартуға экономикалық мәжбүрлеу мақсатында 2020 жылғы желтоқсанда Салық кодексіне пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын салық мөлшерлемесін 10-нан 20 есеге дейін ұлғайтуды көздейтін түзетулер қабылданды.

 

Мемлекет басшысының 2021 жылы берген тапсырмаларын орындау

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес және ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 10 шілдедегі кеңейтілген отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар нақты шаралар қабылдады. 

2021 жылғы 12 қазанда Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба бекітіліп, іске асырыла бастады. Оның негізгі міндеттері мыналар болып айқындалды:

  • ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру;
  • отандық өндірістің азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша елдің өзін-өзі қамтамасыз етуіне қол жеткізу;
  • АӨК өнімдерінің экспортын онда өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, 2 есеге ұлғайту;
  • 7 ірі экожүйені қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты түрде арттыру.

Осы міндеттерді шешу үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруды, жер қатынастарын дамытуды және саланы цифрландыруды, аграрлық ғылым мен білімді жетілдіруді, ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін шаралар кешені іске асырылатын болады, сондай-ақ 4,1 трлн теңге сомасына импорталмастыру және АӨК өнімінің экспортын дамыту бойынша кемінде 582 инвестициялық жоба іске асырылады. 

Сонымен қатар 2021 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын мақұлдады, онда ағымдағы ахуалды талдау, саланың проблемалары, халықаралық тәжірибеге шолу қамтылады, саланы дамытудың 10 жылға арналған үрдістері мен пайымын айқындайды.

Тұжырымдамада елдің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарының мақсаттары мен міндеттері, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары декомпозицияланған, сондай-ақ АӨК дамытудағы жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік трендтер, алдыңғы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру қорытындысы ескерілген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша АӨК тұжырымдамасы шеңберінде АӨК мемлекеттік қолдау шараларын (субсидиялау) және ветеринария саласын реформалау көзделген.

Жалпы тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде он жыл ішінде:

  • отандық өндірісті азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз ету;
  • агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 3 есеге ұлғайту;
  • ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 3 есеге арттыру;
  • АӨК-ге инвестициялар легін 4 есеге ұлғайту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасы әзірленді, ол жеке қосалқы шаруашылықтардың мәртебесін және оларды мемлекеттік қолдау құралдарын айқындайды.

Осы заң жобасын қабылдау жеке қосалқы шаруашылықтарды жүргізу кезінде туындайтын қатынастарды реттеуге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардың мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жалпы, жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы іске қосу жоспарлануда, бұл жеке қосалқы шаруашылықтар мен ұсақ шашыраңқы фермерлерді азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қажеттіліктерімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл Заң жобасы мүдделі тараптармен талқылаудың барлық кезеңдерінен өтті. Бүгінгі күні Заң жобасы Президент Әкімшілігінде пысықталды, сондай-ақ өткен жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданды. Заң жобасы өткен жылдың 31 желтоқсанында Парламент Мәжілісіне енгізілді.

Бұған қоса, ветеринария саласын реформалау шаралары әзірленді. Мұнда практикалық ветеринариялық қызметкерлердің жалақысын арттыру және орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері арасындағы өкілеттіктердің аражігін нақты ажырату есебінен ветеринариялық қызметтер нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау көзделеді.

Сондай-ақ цифрландыруға ерекше орын бөлінеді. Қазіргі уақытта Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми бағдарламасы шеңберінде мобильді қосымшасы бар «Мал дерек» бағдарламалық өнімі әзірленуде, ол практикалық ветеринариялық қызметкерлерді ветеринариялық құжаттаманың негізгі бөлігін цифрлық форматқа аудара отырып, қағаз жұмысының үлкен көлемінен босатуға, сондай-ақ жануарларды есепке алудың бүкіл процесін автоматтандыруға, оның ішінде «фермадан үстелге дейін» мал шаруашылығы өнімінің эпизоотиялық жай-күйін және қауіпсіздігін қадағалауға мүмкіндік береді. 

2022 жылы аталған бағдарламалық өнім пилоттық режимде бір ауданның базасында тестіленеді. Пилоттың нәтижелерін ескере отырып, пысықталғаннан кейін ол бүкіл республика бойынша енгізіледі.

Сонымен қатар адамдардың денсаулығына қауіп төндірмейтін аурулардың 5 түрі бойынша күрес пен профилактиканы бәсекелестік ортаға бере отырып, жеке ветеринариялық практиканы дамыту үшін ветеринария саласын кеңейту жоспарланып отыр.

Бұл бастамаларды іске асыру үшін ветеринария саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулардың тиісті пакеті әзірленуде, бұған 2022 жылы бастама жасалады.

Тағы бір атқарылған жұмыс – құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерді қолдау бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылды. 2021 жылғы 3 шілдеде АШМ жанынан азық дайындау мәселелері бойынша Жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб құрылды. Осындай штабтар барлық облыстарда құрылды. Аталған штабтардың басшылығымен мынадай мәселелер шешілді:

  1. Құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлердің фермерлері үшін ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жайылымдар беріліп, шөп шабуды ұйымдастыру бойынша өңіраралық өзара іс-қимыл ұйымдастырылды;
  2. Құрғақшылықтан неғұрлым зардап шеккен Маңғыстау және Қызылорда облыстары үшін Үкімет резервінен тиісінше 1,2 және 1,7 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлінді;
  3. Жергілікті бюджеттерден азық сатып алу құнын арзандатуға 13,6 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді;
  4. Құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлердің кредиттерінің мерзімі ұзартылды;
  5. 2021 жылдың соңына дейін теміржол көлігімен азық тасымалдауға жеңілдетілген тарифтер белгіленді (жеңілдетілген тариф нарықтық тарифтен 77%-ға төмен);
  6. Өңірлерге азық дайындау мақсатында қосымша 43,1 мың арзандатылған дизель отыны бөлінді;
  7. Зардап шеккен өңірлер үшін көршілес облыстарда шабындық жерлер бөлінді, өңірлер арасында азық дайындау мәселелерінде өзара көмек көрсету туралы меморандумдар жасалды, орындарға азық жеткізетін операторлар айқындалды. Табиғи резерваттар аумақтарында жалпы алаңы 210 мың гектардан астам азық дайындауға рұқсат берілді;
  8. Егін жинау барысында еліміздің астық егетін өңірлерінде сабан дайындау ұйымдастырылды;
  9. Жеке қосалқы шаруашылықтарды (ЖҚШ) мал азығымен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған шаруашылықтарға азықпен қамтамасыз етілмеген ЖҚШ бекітілді;
  10. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ зардап шеккен өңірлердің субъектілеріне нарықтық бағадан 17%-ға төмен бағамен 1,2 мың тонна арпа өткізді. Бұдан басқа, осы жылдың өнімінен 170 мың тонна көлемінде жемдік астықтың сақтандыру қоры құрылады;
  11. Ішкі нарықты азықпен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 23 тамыздан бастап ірі азықты (пішен, сүрлем, тұқымдық сұлы, өзге де сұлы, тұқымдық қара бидай және өзге де қара бидай) экспорттауға уақытша тыйым салынды. Сондай-ақ, азық (жұмсақ бидай (5-санат), арпа және күнжара/жом) экспортына квота беру енгізіледі.

Қабылданған шаралар зардап шеккен өңірлерде азықпен қамтамасыз ету бойынша бастапқы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ азықпен қамтамасыз ету мәселесін жүйелі шешу мақсатында 2022-2025 жылдарға арналған азық өндірісі саласын дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жіберілді.

Жол картасы шеңберінде азық-түлікпен қамтамасыз ету және ауа райы факторларының ауыл шаруашылығы өндірісіне теріс әсерін нивелирлеу мәселесін шешу мақсатында егіншілікті нақты әртараптандыруды қамтамасыз ету көзделеді. Бұл үшін АШТӨ арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ қазіргі заманғы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жалдау шарттары, ғарыштық мониторинг және Жерді қашықтан зондтау шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша жер пайдаланушылардың қызметін бақылау тетіктері және әртараптандыру процесін мемлекеттік реттеу шаралары әзірленеді.

Соның нәтижесінде азықтық дақылдарды өсіру алаңы ғылыми негізделген нормаларға дейін жеткізіледі. Бұдан басқа, жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында оларды бақылаудың жаңа әдістерінің мүмкіндіктері және тиісті мемлекеттік қолдау шаралары барынша пайдаланылатын болады. Сондай-ақ жайылымдарды түбегейлі және үстіртін жақсарту, жаңа жайылымдық жерлерді суландырудың неғұрлым тиімді моделін қолдану арқылы айналымға тарту жолымен жайылымдардың өнімділігін арттырудың жаңа тәсілдері әзірленетін және енгізілетін болады. 

АШМ Талдамалық қызметін күшейту үшін «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-ның «Экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС базасында АӨК Ахуалдық орталығы құрылды, ол ауыл шаруашылығы саласындағы ақпараттық ресурстардың деректер ауқымын шоғырландырады және біріктіреді, сондай-ақ оның базасында талдамалық және сараптамалық есептер, ұсынымдар және т. б., сондай-ақ ішкі және сыртқы аграрлық азық-түлік нарықтары мен экономиканың аралас салалары бойынша статистикалық деректер зерделенетін және өңделетін болады.

Бұған қоса, жеміс-көкөніс өнімдерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында көкөніс сақтау қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспар қабылданды, онда әрбір өңір бойынша сақтау объектілерін салу жөніндегі жоспарлар, көкөніс сақтау қоймаларын салу кезінде шығындарды өтеу үлесін ұлғайту және басқалар көзделеді. 

Жамбыл облысында ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаны масштабтау жөніндегі тапсырма шеңберінде АӨК дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде ауыл халқына микрокредит беру, оның ішінде ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау үшін іс-шара көзделген. Осы мақсаттарға Ұлттық жобада 2023 жылдан бастап жыл сайын 30 млрд теңгеден және 7,5 мың микрокредит беру жоспарда көзделген.

 

2022 жылға қойылған міндеттер

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын ескере отырып, саланы мемлекеттік қолдау жүйесін түзету бойынша ұсыныстар әзірленді. Олар, ең алдымен, оның тетіктерін оңайлатуға және бағыттарды оңтайландыруға, шаруашылық жүргізудің мөлшері мен нысанына қарамастан, барлық субъектілер үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Сондай-ақ, субсидия алушылар нақты индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерді міндетті түрде қабылдайтын норма енгізіледі.

Қазіргі уақытта ұсыныстарды АӨК-ні мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру бойынша құрылған жұмыс тобы қарауда, оған салалық қауымдастықтар мен одақтардың, агробизнестің, ғылымның, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары кірді. Қазіргі уақытта жұмыс тобының төрт отырысы өтті.

Жұмыс топтарын өткізу қорытындысы бойынша 2022 жылғы наурызда субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша түпкілікті өзгерістер пакетін Үкіметтің қарауына енгізу жоспарлануда.

Субсидиялаудың жаңа жүйесінің басты жаңалықтарының бірі оны цифрлық форматқа көшіру болады. Қазіргі уақытта субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін әзірлеу аяқталуда. Оның негізгі функционалы автоматты режимде субсидия алушылардың тізілімін қалыптастыру, олардың ЭҚЖЖ бойынша АШТӨ санатына сәйкестігін тексеру, субсидия алушылардың қарсы міндеттемелерін тіркеу және олардың орындалу дәрежесін, субсидия алу кезектілігін және қанағаттандырылмаған өтінімдердің күту парағын бағалау болады.

«Qoldau» жүйесінен айырмашылығы, жаңа жүйе фермерлер үшін тегін болады және барлық негізгі мемлекеттік дерекқорлармен біріктіріледі. Жүйенің барлық іс-қимылдары автоматтандырылады, бұл субсидияларды бөлу және беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, биылғы жылғы көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу мақсатында АШМ барлық қажетті шараларды қабылдауда. Атап айтқанда, өңірлерде көктемгі егіс жұмыстарын үйлестіру бойынша жедел штаб құрылды. 

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін «Кең дала» бағдарламасы арқылы АШТӨ-ге жеңілдікпен кредит беруге 70 млрд теңге бөлінді, ал Азық-түлік корпорациясының форвардтық сатып алу бағдарламасы арқылы 80 млрд теңге жіберіледі, бұл өткен жылдың деңгейінен 2 есе көп. Осы бағдарламалар бойынша өтінімдерді қабылдау басталды.

Сондай-ақ, АШТӨ-ні арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелері шешілуде. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге нарықтық бағадан 15%-ға төмен бағамен 400 мың тонна көлемінде ЖЖМ бөлінді.

Тұқым, тыңайтқыштар мен пестицидтерді сатып алуды субсидиялауға 2022 жылы 70 млрд теңге көзделген. 

Жалпы, облыстардың деректері бойынша 2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,9 млн га алаңға орналастыру жоспарлануда, бұл 2021 жылғы деңгейден 13,5 мың га көп.

Үшіншіден, халықтың малын жайылымдармен қамтамасыз ету мәселесін жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперациялау және осындай кооперативтерге босалқы жер қорынан және резервтік жер қорынан жер алқаптарын беру арқылы шешу жоспарлануда. Осы сәттердің барлығы «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» ҚР Заңының жобасында көрініс тапты.

Сондай-ақ, Заң жобасында дақылдық жайылымдарды құру көзделген – бұл дамыған елдердің жалпы әлемдік тәжірибесі және жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану құралы болып табылады, оған оларды суландыру, бағалы азықтық өсімдіктердің тұқымдарын себу арқылы өсімдіктердің түрлік құрамын жақсарту және байыту, жайылымдарды түбегейлі және үстіртін жақсарту, сондай-ақ жайылым айналымы ережелерін сақтау арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан, Заң жобасы шеңберінде ЖАО құзыретіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен жайылымдар инфрақұрылымын құру жөніндегі норма енгізілген.

Келесі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті мөлшерлерін айқындау мақсатында ҚР Үкіметі деңгейінде мемлекеттік органдардың, сарапшылардың, қоғам қайраткерлерінің және ғылыми институттардың қатысуымен арнайы жұмыс тобы құрылатын болады.

Аудандар (қалалар), облыстар бөлінісінде ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғары мөлшерлерін жерлерді аймақтарға бөлуді ескере отырып (елді мекендердің бас жоспарларына ұқсас) және өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерін қабылдай отырып, ауыл шаруашылығы жерлеріне және басқа санаттағы жерлерге әкімшілік-аумақтық бірліктердің жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлегеннен кейін бекіту ұсынылады.

Жалпы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлері 2022 жылғы 1 мамырға дейін бекітіледі.


АӨК өнімдерінің экспортын 3 есеге ұлғайту көзделіп отыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №960 қаулысымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.

Тұжырымдама – Мемлекеттік жоспарлау жүйесі мен БҰҰ Орнықты даму мақсаттарының жоғары тұрған құжаттарында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған саланы дамытудың 10 жылға арналған пайымын айқындайтын құжат.

Тұжырымдамада елдің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарының мақсаттары мен міндеттері декомпозицияланды, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік трендтер, алдыңғы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру қорытындылары ескерілді.

АӨК тұжырымдамасы ағымдағы ахуалды талдауды, сала проблемаларын, халықаралық тәжірибені шолуды, саланы дамытудың үрдістері мен пайымын қамтиды, саланы дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдемелерін, күтілетін нәтижелерді, сондай-ақ тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын айқындайды.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасы:

  • мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға;
  • азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
  • ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
  • жер ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
  • қаржы құралдарын жетілдіруге;
  • экспорттық әлеуетті дамытуға бағытталған.

Тұжырымдаманың қағидаттары:

  • теңгерімді орнықты даму: тиімді өндіріс, табиғи ресурстарды сақтау және адами капиталды дамыту;
  • тәуекелдерді есепке алу, аграрлық саясаттың тұрақтылығы мен сабақтастығы, саланы қолдаудың кумулятивтік әсері;
  • инклюзивтілік қағидаты: ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мөлшері мен ұйымдық нысанына қарамастан, нарықтың тең құқылы қатысушылары болуы үшін мемлекеттің тиісті жағдайлар жасауы және қолдау көрсетуі;
  • нарықтың барлық адал қатысушылары үшін әмбебап жағдайлар жасау;
  • АӨК-дегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жаңа білімдерге қолжетімділік;
  • цифрландыру және сапаны бақылау негізінде мемлекеттік қызмет көрсету тетіктерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсылығы.

Жалпы Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде он жыл ішінде:

- азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз ету деңгейін кемінде 80%-ға жеткізу;

- АӨК өнімдерінің экспортын 3 есеге ұлғайту;

- ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 3 есеге арттыру;

- АӨК-ге инвестициялар ағынын 4 есеге ұлғайту;

- ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесін жалпы ішкі өнімде 0,5%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

 

Биыл Түркістан облысында 848,4 мың га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев баяндама жасады.

Ұ. Тәжібаевтың айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік жүйелі қолдау шаралары мен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламада қарастырылған нысаналы индикаторлық көрсеткіштер Түркістан облысы бойынша толығымен орындалды.

Атап айтқанда, 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда негізгі капиталға тартылған инвестиция 9 есе (2021 ж. жоспар 5,2 есе), тамақ өндірісіне тартылған инвестиция 3 есе (2021 ж. жоспар 3,2 есе) артып, осы жылдар ішінде салаға 322 млрд теңге жеке инвестициялар тартылды. Жалпы өнім көлемі 2,2 есе артып 906,5 млрд теңгеге жетті. Республикадағы үлесі – 2 орын. Еңбек өнімділігі 2,7 есе (1 жұмысшыға 3067,2 мың/тг) артты.

2021 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 845,5 мың га алқапқа орналастырылды.

«Еңбек өнімділігін арттыру бағытында облыстың климаттық ерекшелігін пайдалана отырып, “Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу” жобасы іске асырылды. 8 мың гектарға 2878 жоба жүзеге асырылып, 279,1 мың т көкөніс өнімі жиналды», — деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Жаңадан 122,1 гектарға жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1467,4 гектарды құрады. Бұл республикадағы көрсеткіштің 71%-ы.

Түркістан облысында мал шаруашылығының дамуы республикада жетекші орынға шықты. Ірі қара аналықтың 53% асыл тұқымды бұқамен, ұсақ малдың 59% асыл тұқымды қошқарлармен түрлендірілді. Бұл бағытта республикада 1 орында тұр. Соның нәтижесінде мал басы мен өнімділік 3-4%-ға өсім көрсетті.

Сондай-ақ Ұ. Тәжібаевтың айтуынша, елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%, қой етінің 40% Түркістан облысының үлесінде. 30,7 мың т ірі қара мал еті, 3,2 мың т қой еті экспортқа жөнелтілді.

«Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ірі су нысандары салынып жатыр. Нәтижесінде 248,8 млн м3 ағын су қосымша жеткізіледі.

Бірінші. «Түркістан магистралды каналында күрделі жөндеу» жобасы бойынша 52 шақырым каналды бетондау жұмыстары жүргізілді. Жалпы жоба аясында 60 млн м3 су үнемделетін болады.

Екінші. 2021 жылдың желтоқсан айында «Кеңсай – Қосқорған-2» су қоймасы жобасы пайдалануға берілді. Жоба аясында 34 млн м3 ағын су жеткізіледі.

Бұдан бөлек, «Сырдария өзенінен машиналық арна салу» және «Сарқырама» су қоймасы жобалары әзірленуде. Бұл жобалар Түркістан (қаласын) өңірін кепілді ағын сумен толық қамтамасыз ететін болады.

«Кешенді жоспар аясында Түркістан қаласы айналасында 11 мың гектар азық-түлік белдеуін құру жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңға, 2,2 мың га 65 бірлік жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды. Технологияның тиімділігі: дақыл түріне қарай ағын суды 2 есе үнемдеумен қатар, өнімділікті 3 есеге дейін арттырады», — деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

Бұған қоса, жалпы азық-түлік белдеуі аясында құны 26,9 млрд теңгені құрайтын 5 серпінді инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

2022 жылы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын 848,4 мың га-ға орналастыру жоспарланып отыр (2021 жылы – 845,4 мың га).

Егістікті әртараптандыруға сәйкес, дәнді және бұршақты дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,1 мың га артып, 295,6 мың га (2021 ж. – 294,6 мың га), мал азықтық дақылдарға көңіл бөлініп, 12,4 мың га артып, 227,8 мың га (2021ж. – 215,3 мың га) орналастырылса, мақта дақылы 4,7 мың га артып, 114,7 мың га жерге (2021 ж. – 110,0 мың га), картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2,3 мың га қысқартылып, 126,7 мың га (2021 ж. – 129,0 мың га), майлы дақылдар 1,8 мың га қысқартылып, 83,2 мың га (2021 ж. – 85,1 мың га) орналастырылады.

2022 жылдың өнімі үшін егілген 177,3 мың га күздік бидайдың жағдайы жақсы.

Облыс бойынша тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген.

«Егіске қажетті 7,8 мың т масақты дақыл, 1,5 мың т мақсары, 2,6 мың т мақта, 0,5 мың т жоңышқа тұқымдары бар. Ал, жүгері, картоп тұқымдары коммерциялық ұйымдардан алынады. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 48 мың тонна жанар-жағармай бөлінді», — деді Ұ. Тәжібаев.

Мемлекет басшысының субсидиялаудың, мемлекеттік қолдау қаржыларының орта және шағын шаруаларға қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірнеше ұсыныстар енгізілді.

Бірінші: Өсімдік шаруашылығындағы 4 бюджеттік бағдарламаны қысқартып, бір «Гектарлық субсидия» бюджеттік бағдарламасын қолданысқа енгізу.

Басым дақылдардың 1 га кететін шығыстарын ішінара өтей отырып (30 – 50%), әлеуметтік маңызы бар өнімдердің егіс көлемін және жеткілікті қорын қалыптастыруға мүмкіндік беретін болады.

Анықтама: Қысқартуға ұсынылатын бюджеттік бағдарламалар:

1) Тұқым шаруашылығын қолдау;

2) Минералды тыңайтқыштар; 

3) Биоагент, пестицид; 

4) Басым дақылдар.

Екінші: Қаржылық қолдаудың қолжетімділігін арттыру бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың бюджеттік бағдарламасын оңтайландыру ұсынылады.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің» еншілес ұйымдары арқылы жылдық 14-16 %-бен берілетін несиелердің сыйақы мөлшерлемесін мемлекет тарапынан субсидиялау үлкен әкімшілік жүктеме туғызуда және бюджет қаражаты тапшылығы жағдайында көптеген шаруалар мемлекеттік қолдаудан тыс қалады. Сондықтан, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің» еншілес ұйымдары арқылы жылдық 4% мөлшерінде несие желісін ашып, АШТӨ тікелей қолдау ұсынылады.

Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бюджеттік бағдарламасын жоғары пайыздық екінші деңгейдегі банктерден алынған кредиттер/лизингтік несиелердің жылдық пайыздық мөлшерлемелерін төмендетуге бағыттау ұсынылады.

«Үшіншіден, жыл сайын мемлекет “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ арқылы көктемгі егіс жұмыстарын несиелендіруге қаражат бөледі. Іс жүзінде, құжаттарды рәсімдеу мерзімі ұзақ болғандықтан, шаруалар несиеге тек сәуір-мамыр айларында қол жеткізуде. Бұл қаражатты тиімді пайдалануға және түпкілікті нәтижеге бағдарлануға теріс әсер етуде. Осыған орай, Түркістан облысының климаттық тиімділігін ескере отырып, несие қаражатын қатаң түрде қаңтар-ақпан айларында бөлу бойынша нақты шаралар қабылдау қажет деп есептейміз», — деп түйіндеді сөзін Ұ. Тәжібаев.

 

2021 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 745,5 млрд теңгені құрады 

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов өз баяндамасында өткен жылдың қорытындысы бойынша, Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 745,5 млрд теңгені немесе республикалық жалпы көлемнің 10%-ын құрағанын айтты. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығындағы үлесі 11,4% немесе 482,4 млрд теңге, мал шаруашылығындағы үлесі 8,4% немесе 262,5 млрд теңгені құраған.

Күрделі ауа райы жағдайына қарамастан, облыс диқандары гектарынан 9,1 центнер түсіммен 4,5 млн га алқаптан 4,1 млн тонна астық жинады (бастапқы салмақта, пысықталғаннан кейінгі салмақта - 8,7 ц/га түсімділікпен 3,9 млн. тонна). Бұл ретте, өнімнің сапасы, сыныптылығы мен дән маңызының сапасы бойынша 2020 жылға қарағанда жоғары. Үшінші сынып бидайына астықтың шамамен 90%-ы сәйкес келеді.

Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары 141 мың тонна майлы дақылдар (5,5 ц/га орташа өнімділікпен 258,6 мың га алаңнан), 268 мың тонна картоп (178,1 ц/га орташа өнімділікпен 15,1 мың га алаңнан) және 48 мың тонна көкөніс (195,9 ц/га орташа өнімділікпен 2,3 мың га алаңнан) жинады.

Өңірдің агроөнеркәсіп кешені жем-шөпке деген ішкі қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз етті, атап айтқанда, 1,3 млн тонна пішен, 245 мың тонна пішендеме, 190 мың тонна сүрлем, 650 мың тонна жем дайындалды.

Мал шаруашылығы саласында өнім өндірісінің 11,6%-ға өсуіне қол жеткізілді, бұл республика бойынша үздік көрсеткіш болып табылады.

Өсім ет өндірісінің 188 мың тоннаға дейін 25%-ға, сүт өндірісінің 404 мың тоннаға дейін 0,4%-ға ұлғаюымен байланысты, 790,0 млн дана жұмыртқа өндірілді.

Қайта өңдеу саласын дамыту бойынша жұмыс жалғасуда, нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі 142 млрд теңгеге жетті, 2020 жылғы деңгейге қарағанда өсім 15,5%-ды құрады.

Сонымен қатар, ет өңдеу кәсіпорындарының жүктелуі 4%-ға артып, 81%-ға, сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 2%-ға артып, 76%-ға жетті.

Өткен жылы ауыл шаруашылығына инвестиция тарту бойынша көп жұмыс атқарылды. Инвестициялар көлемі 101,4 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 1,5 есе жоғары (2020 жылы – 62,1 млрд теңге).

«Өсім 31 млрд теңгеге 45 инвестициялық жобаны іске қосу есебінен, сондай-ақ 63 млрд теңге сомасына 2,2 мың ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу есебінен қамтамасыз етілді», — деді Ғ. Әбдіхалықов.

Анықтама: астық жинайтын комбайндар 23 млрд теңге сомасына 345 бірлік, тракторлар 18,2 млрд теңге сомасына 465 бірлік, егіс кешендері 6,5 млрд теңге сомасына 101 бірлік (сепкіштер - 0,4 млрд теңге сомасына 245 бірлік, өзге де техника 14,9 млрд теңге сомасына 1031 бірлік).

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, агроөнеркәсіп кешені саласында қол жеткізілген нәтижелер, көп жағдайда, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде мүмкін болды, оның көлемі 2021 жылы 76 млрд теңгеден асты, оның ішінде субсидиялар түрінде ғана 46 млрд теңге.

Анықтама: қайтарымсыз мемлекеттік қолдау (субсидиялар) 2021 жылы 46,7 млрд теңгені құрады (2020 жылы – 41,7 млрд теңге). Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына кредит беруге 30 млрдтеңге сомасына 400-ден астам АШТӨ (Қарапайым заттар экономикасы - 0,9 млрд теңгеге 16 АШТӨ, Кең Дала – 18 млрд теңгеге 268 АШТӨ, АШҚҚҚ – 0,2 млрд теңгеге 44 АШТӨ; астықты форвардтық сатып алуға 10,9 млрд теңгеге 94 АШТӨ) қаржыландырылды.

«Бүгінгі таңда 2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізуге дайындалу, басым міндет болып табылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік алаңы 53,3 мың га ұлғайтылып, шамамен 5,1 млн га құрайды (2021 ж. – 5039 мың га)», — деді облыс әкімінің орынбасары.

Анықтама: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға арналған алаңдарды 4609 мың га дейін ұлғайту жоспарлануда, бұл өткен жылғы деңгейден 26,9 мың га (2021 ж. – 4582,1 мың га), майлы дақылдарға арналған алаңдарды 2021 жылға қарай 14,2 мың га ұлғайта отырып, 278,5 мың га дейін жеткізу жоспарлануда.

Мал шаруашылығының қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету мақсатында мал азығын 195 мың га алаңға орналастыру жоспарланған, бұл 2021 жылға қарағанда 20 мың га-ға артық.

«Облыс диқандары 2022 жылдың өніміне 530 мың тонна көлемінде ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын 100% себуді жүзеге асырды. Биылғы егін егу науқанына шамамен 15 мың трактор, 16 мыңнан астам тұқым сепкіш және 1,4 мың егістік кешені тартылатын болады. Жалпы, іске асырылып жатқан іс-шаралар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қолдаудың арқасында ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етуге және олардың экспортын арттыруға бағытталатын жобаларды іске асыру жалғасатын болады», — деп түйіндеді Ғ. Әбдіхалықов.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу