Денсаулық сақтау министрі Шымкент қаласы мен Түркістан облысы тұрғындарымен кездесті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген тапсырма мен жұмыс жоспары бойынша Шымкент қаласына барып, есеп беру мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді.

Министр халық алдында Денсаулық сақтау министрлігінің өңірлермен бірге жүргізіп жатқан жұмысы және Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласының алдына қойған міндеттерінің орындалу барысы туралы баяндады.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Ұлттық жоба аясында медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жаңғырту,  медицина және фармацевтика өнеркәсібін дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Пациенттердің құқықтарын қорғау және медицина қызметкерлерін сақтандыру, олардың мәртебесін арттыру бойынша заң жобасын қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласында нәрестелердің тууының оң динамикасы байқалады және ана өлімі 2020 жылмен салыстырғанда 16%-ға төмендеген. Сонымен қатар қанайналым жүйесінің ауруларынан, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткіштері де төмендеді», — деді А. Ғиният. 

Мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Соның аясында ҚР «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заңы  қабылданды. Оның негізгі мақсаты – биологиялық қауіптерді ерте анықтап, олардың алдын алу.

Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені ескере отырып, коронавирус инфекциясының таралуын болжау матрицасы қайта қаралды. Бүгінде коронавирус инфекциясынан қорғанудың жалғыз жолы – вакциналау және ревакцинация. 

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында халықты вакциналаумен қамту үшін тиісті шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында тәулігіне орта есеппен 11 мың адам вакцина алып жатыр. Бүгінде екпе алуы керек тұрғындардың 10,4 млн-ы (78,3%) егілді.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын – алғашқы медициналық-санитариялық көмек, бұл халыққа көрсетілетін барлық медициналық көмекті үйлестіруге арналған қызмет. Шымкент қаласында  алғашқы медициналық-санитариялық көмектің 76 объектісі жұмыс істейді. 

2021 жылы министрлік елдегі денсаулық сақтау объектілеріне түгендеу жүргізді. Республика  бойынша 2025 жылға дейін 500 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісін салу жоспарланып отыр, оның ішінде Шымкент қаласында 14 амбулаториялық-емханалық объектінің салынуы мен ашылуы жоспарланған. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау үшін оны барынша мобильді және халықтың қалың тобына, оның ішінде ауыл тұрғындарына қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді», — деді денсаулық сақтау министрі.

Халықтың сұрауы бойынша амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілді, осының негізінде Шымкент қаласының халқы жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызметтер  ала алады.

Сондай-ақ онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде зерттеп-қарауды және емдеуді жеделдету үшін «Жасыл жол» қағидаты енгізілді, оның аясында онкологиялық ауруға күдікті пациенттерге 18 жұмыс күні ішінде консультация беріледі және зерттеп-қаралады (зертханалық зерттеулер, УДЗ, рентген, ЭКГ, КТ, МРТ, сондай-ақ эндоскопия).

Сонымен қата денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін жетілдіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті қаржыландыру үлесін денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 60%-ына дейін жеткізу бойынша жұмыс жалғасуда, ол биыл 55%-ды құрады.

«Біз қашықтан медицинаны дамытуға көп көңіл бөлеміз. Тек өткен жылдың өзінде қашықтан 6,5 млн қызмет, оның ішінде ауыл тұрғындарына 1 млн астам  қызмет көрсетілді», — деді А. Ғиният.

Амбулаториялық хирургия одан әрі дамиды, биыл көрсетілетін қызметтердің көлемін 1,7 есе ұлғайту көзделген (нақты 2021 ж. – 146 835 қызмет, 2022 ж.  жоспар  – 252 708 қызмет). Сонымен бірге амбулаториялық оңалтудың III кезеңін дамыту бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Мектеп медицинасын жетілдіру аясында жаңа стандарт енгізілетін болады, бұл оқушыларды профилактикалық қарап-тексеру тәсілдерін жүйеге келтіруге және асқазан-ішек трактісі, тірек-қимыл аппараты, көру және тағы басқа ауруларды ерте анықтауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ консультациялық-диагностикалық қызметтер 1,5 есе ұлғайтылады, бұл ауруларды ерте диагностикалаудың қолжетімділігін арттыруға және халықтың денсаулық сақтауға жеке шығыстарын төмендетуге мүмкіндік береді. Дәрілік заттарға қол жеткізуді арттыру мақсатында амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесін кеңейту мен қайта қарау жұмысы жалғасатын болады.

Әрі қарай денсаулық сақтау министрі өңірдің денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелеріне тоқталды.

«Қала бойынша МСАК деңгейінде медициналық қызметтер көрсету қағидаларының бұзылу жағдайлары бар – пациенттер ақылы негізде зертханалық-диагностикалық зерттеуге жіберіледі. Стационарлық қызмет бойынша медициналық көмек көрсету қауіпсіздігінің бұзылуы байқалады. Жабдықтың дұрыс жұмыс жасамауы салдарынан науқас операция кезінде термиялық күйік алды. Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы Алғашқы медициналық-санитариялық және стационарлық көмек қызметінің жұмысын күшейтуі қажет», — деді ол.

Сондай-ақ Шымкент қаласында жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттанудан болатын өлім-жітімнің өсуі байқалады (2021 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 34,72; 2020 жылы – 34,61). Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 32%-ға артып, 100 мың тұрғынға шаққанда 40,31-ді құрады (2021 жылғы 5 ай – 32,17).

Шымкент қаласының әкімдігіне қауіпті емес мінез-құлық факторларын насихаттауды күшейту; травматологиялық қызметті медициналық жабдықтармен жарақтандыру (бірінші кезекте жедел түрде электронды-оптикалық түрлендіргіштерді (С-дуга), күштік жабдықтарды, ортопедиялық үстелдерді (тек қана қалалық көп бейінді ауруханада бар) сатып алуды талап етіледі); шетелге шығу мүмкіндігімен Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында травматолог дәрігерлерді даярлау деңгейін арттыру қажет.

Ана мен бала денсаулығын сақтау – медицина саласындағы ең өзекті әрі көкейтесті мәселе, ол халықаралық құжаттарда да ұлттық құжаттарда да саяси мәні бар маңызды көрсеткіш ретінде белгіленген.

Айта кету керек, 2022 жылы жалпы ел бойынша бала туу саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендегені байқалады. 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласында ана өлімі 4,7 есе төмендеді. 2022 жылғы 6 айдың ішінде 14,9 мың ана босанды, 15,3 мың нәресте дүниеге келді.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылып, 2026 жылға дейін экстракорпоралдық ұрықтандыруға жыл сайын 7 000 квота бөлу көзделген. Осы бағдарламаның аясында Шымкент қаласында 2021 жылы 403 әйел экстракорпоралдық ұрықтандыруға жолдама алып, 41 әйел бала көтеріп, 90 отбасы сәби сүю бақытына ие болды.

Балаларды профилактикалық қарап-тексеру пакеттері кеңейтіледі (жалпы қан талдауы, жалпы несеп талдауы, отоакустикалық эмиссияны тіркеу, қысқа латенттелген есту потенциалдарын тіркеу, аутизмге арналған түрлендірілген скринингтік тест «М-CHAT-R») Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен 16,4 млрд теңге мөлшерінде қаржыландыру көзделген және оған  9 сирек ауруы бар баланы емдеу үшін 24 дәрілік заттар сатып алынады. Сирек кездесетін аурулар ішінде жұлын-бұлшықет атрофиясы және эпилепсиясының сирек түрлері бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 8 перзентхана салу жоспарланып отыр, соның ішінде Шымкент қаласында 1 перзентхана салынады. Сонымен қатар шешім талап ететін бірқатар міндет бар, олар: шала туған балаларға көмек көрсету сапасын арттыру, балалардағы патологияларды ерте анықтауды қамтамасыз ету.

«Аналар мен балалардың денсаулығын сақтау мәселелері – министрліктің ерекше бақылауында. Қала бойынша нәресте өлім-жітімінің өсуі проблемалық мәселелердің бірі болып отыр», — деді денсаулық сақтау министрі.

Ажар Ғинияттың айтуынша, Шымкент қаласында 2021 жылдың қорытындысы бойынша республикада нәресте өлім-жітімінің ең жоғары көрсеткіші байқалады (2021 жылы – 1000 тірі туғандарға шаққанда 12,08; 2020 жылы – 7,95; 2021 жылы – 8,35). 2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,83%-ға өсті (2022 ж. 5 ай – 1000 тірі туғандарға 14,43; 2021 жылғы 5 ай – 13,02).

Қаладағы нәресте өлім-жітімінің себептерінің біріншісі перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар болып отыр, дамудың туа біткен ақаулары – екінші орында. 3-ші орында – жұқпалы және паразиттік аурулар. Өңірде нәресте өлім-жітімін төмендету бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет, деді А. Ғиният.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесінің дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 78 мың штат бірлігін құрайды, оның ішінде 32,7 мыңы – бейінді мамандар, ал Шымкент қаласында 4,9 мың штат бірлігі бар, оның ішінде 3,6 мыңы – бейінді мамандар. Өңірде дәрігер кадрлардың тапшылығы 185 штат бірлігін құрайды. 2022 жылы еліміздің өңірлеріне медициналық жоғары оқу орындарының 2 692 түлегі, Шымкент қаласына 115 түлек бөлінді (53 жалпы практика дәрігері, 3 анестезиолог және реаниматолог, 1 хирург, 2 терапевт).

Республикада ауылға жұмысқа келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары көзделген. 2021 жылы 282 маман көтерме жәрдемақы алды, 222-сі тұрғын үй алды, 92 маман басқа да әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілді.

«Өткен жылы біз медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасын әзірледік. Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономика бойынша орташа жалақыға 2 есе көтеру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы 531 мың теңгені, ал орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы тиісінше 250 мың теңгені құрайды», —  деді ведомство басшысы.

Қала халқының жоғары технологиялық медициналық көмекке (ЖТМК) қолжеткізуін арттыру аясында 2022 жылға 3,094 млрд теңге сомасына 1240 қызмет көзделген. 2021жылы – 2,132 млрд теңге сомасына 879 ЖТМК  көрсетілді. Шымкенттің қалалық балалар ауруханасында онкогематология, кардиохирургия, нейрохирургия бөлімшелері ашылды. Биыл ПЭТ орталығын ашу жоспарланып отыр.

Отандық денсаулық сақтаудың басым міндеттерінің бірі – еліміздің  халқын дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету. Осы мақсатта Бірыңғай дистрибьютор СҚ-Фармация амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету аясында 175,7 млрд теңгеден, оның ішінде орфандық аурулар бойынша 41,2 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттарды сатып алды. Ал стационар деңгейінде 179,2 млрд теңгеден, оның ішінде орфандық аурулар бойынша 9,6 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттар сатып алды.

Шымкент қаласында амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету аясында 9,5 млрд теңгеден, оның ішінде орфандық аурулар бойынша 0,5 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттар сатып алу жүзеге асырылды, стационарлық көмек аясында 6 млрд теңгеден астам сомаға, оның ішінде орфандық аурулар бойынша 0,4 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттар сатып алынды. 

Сонымен қатар барлық денсаулық сақтау ұйымдарында, оның ішінде босандыру және реанимация қызметтеріне, оларды медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықтауға түгендеу жүргізілді. Медициналық техникамен жабдықтау 83,3%-ды құрады, ал тозуы 51%-ды құрады. Шымкент қаласы бойынша медициналық техникамен жабдықтау 79,2%-ды құрады,  ал тозуы 42%-ды құрады.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру аясында «СҚ-Фармация» базасында медициналық техниканы орталықтандырып сатып алуға көшіруді жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2022 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын сатып алу үлесін 40%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешу үшін мынадай шаралар көзделген: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша кемінде 30 жаңа өндірісті іске қосу, оның ішінде Big Pharma (Roche, PFIZER және басқаларды) тарта отырып, отандық фармацевтикалық өнімді халықаралық тану үшін Ұлттық реттеушіні (FDA) дамыту (Нұр-Сұлтан қаласындағы Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының жанынан зертхана салу), отандық фармацевтикалық өнімдердің сапасын арттыру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы процестерін цифрландыру (өтініш беруден бастап олардың айналысқа шығуына дейін), дәрілік заттарды таңбалау мен оларды қадағалауды енгізу (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап).

«2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске асырылып жатыр. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 16,1 млн адам тіркелген, бұл біздің ел халқының 83,6%-ын құрайды», — деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Оның айтуныша, қазірде 3,15 млн адам әлі күнге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр, Шымкент қаласы бойынша бұл көрсеткіш 237,5 мың адамды (21,1%) құрап отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асырудың арқасында 2021 жылмен салыстырғанда медициналық қызметтерді қаржыландыру 4%-ға, оның ішінде:

- профилактикалық медициналық қарап-тексеру – 2 есе;

- консультациялық-диагностикалық қызметтер – 1,5 есе;

- стационарлық көмек – 1,2 есе;

- жоғары технологиялық медициналық қызметтер – 2,2 есе ұлғайтылды.

Сондай-ақ КТ, МРТ және ПЭТ қымбат тұратын зерттеулер санының ұлғайғаны байқалады. Одан басқа, соңғы уақытта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен жаңа қымбат тұратын технологияларды қаржыландыру бойынша шаралар қабылданды.

Атап айтқанда:

- Гамма-пышақты қолданумен радиохирургиялық емдеу әдісі;

- ретинобластома кезіндегі селективті интра-артериялық химия терапия;

- омыртқаның тері арқылы транспедикулярлық фиксациясы;

- омыртқа денесінің транспедикулярлық пластикасы;

- түзету тибиалдік остеотомия;

- және радиозотоптық диагностика қызметтерінің 18 атауы бойынша.

А. Ғинияттың айтуынша, 2022 жылға мынадай міндеттер тұр:

  • Сақтандырылмаған халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеудің баламалы тетігін енгізу арқылы медициналық сақтандырумен қамтуды кеңейту (жарналар 12 айға  аударылуы тиіс);

  • 2023 жылдан бастап медициналық қызметтердің сапасы мен сервисін арттыру, инвестицияларды ынталандыру мақсатында тарифті толықтыру (негізгі құралдарды жаңартуға шығыстарды қосу).

2022 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерге 67 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылғы шығындардан 14 млрд теңгеге көп (КВИ бойынша шығыстарды есепке алмағанда).

2022 жылы денсаулық сақтау жүйесінің алдында мынадай бірқатар басым міндеттер тұр:

  • «Биологиялық қауіпсіздік туралы» Заңды іске асыру;

  • Денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау;

  • «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру;

  • Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру туралы заңды қабылдау;

  • Қылмыстық-түзету жүйесінің медициналық қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру.

Сондай-ақ биыл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын әзірлеу және оны іске асыруды бастау жоспарланған.

«Өткен жылы министрлік халық денсаулығын сақтаудың барлық бағыттары бойынша маңызды жұмыс жүргізді. Қол жеткізілген жетістіктермен қатар тез арада шешуді талап ететін міндеттер де бар. Біз ел халқына медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін  тиімді шешімдерді әзірлеу үшін кәсіби және азаматтық қоғамдастықтың бүкіл күш-жігерін біріктіруіміз қажет», — деді А. Ғиният.

Одан кейін министр Түркістан облысына барып, тұрғындарға есеп беру мақсатында кездесу өткізді.

Онда Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрлігінің өңірлермен бірге жүргізіп жатқан жұмысы және Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласының алдына қойған міндеттерінің орындалу барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Ұлттық жоба аясында медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жаңғырту, медицина және фармацевтика өнеркәсібін дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Пациенттердің құқықтарын қорғау және медицина қызметкерлерін сақтандыру, олардың мәртебесін арттыру бойынша заң жобасын қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында нәрестелердің тууының оң динамикасы (5%-ға өсу) (2020 ж. – 29,72; 2021 ж. – 31,22) байқалады. Сонымен қатар қаңайналым жүйесінің ауруларынан өлім-жітім көрсеткіштері төмендеді. 

«Мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді. Соның аясында ҚР “Биологиялық қауіпсіздік туралы” заңы  қабылданды. Заңның негізгі мақсаты – бұл биологиялық қауіптерді ерте анықтау, алдын алу. Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені ескере отырып, коронавирус инфекциясының таралуын болжау матрицасы қайта қаралды», — деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Бүгінде коронавирус инфекциясынан қорғанудың жалғыз жолы – вакциналау және ревакцинация. Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында халықты вакциналаумен қамту үшін тиісті шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта Түркістан облысында тәулігіне орта есеппен 11 мың адам вакцина алды. Бүгінде вакцина алуы керек азаматтардың ішінде 1 млн 286 мың адам (97,9%) екпе алды.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын – алғашқы медициналық-санитариялық көмек, бұл халыққа көрсетілетін барлық медициналық көмекті үйлестіруге арналған қызмет. Түркістан облысында  алғашқы медициналық-санитариялық көмектің  722 объектісі жұмыс істейді.   2021 жылы министрлік елдегі денсаулық сақтау объектілеріне түгендеу жүргізді.  Республика бойынша 2025 жылға дейін 500 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісін салу жоспарланып отыр, оның ішінде Шымкент қаласында 142 амбулаториялық-емханалық объектінің салынуы мен ашылуы жоспарланған. Биыл 4 фельдшерлік пункт, Ордабасы ауданында 3 объект, Төлеби ауданында 1 объект салынып жатыр. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау үшін оны барынша мобильді және халықтың қалың тобына, оның ішінде ауыл тұрғындарына қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Халықтың сұрауы бойынша амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілді, осының негізінде Түркістан облысының халқы жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызметтер  ала алады. Сондай-ақ онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде зерттеп-қарауды және емдеуді жеделдету үшін «Жасыл жол» қағидаты енгізілді, оның аясында онкологиялық ауруға күдікті пациенттерге 18 жұмыс күні ішінде консультация беріледі және зерттеп-қаралады (зертханалық зерттеулер, УДЗ, рентген, ЭКГ, КТ, МРТ, сондай-ақ эндоскопия). 

Сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін жетілдіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыру үлесін денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 60%-на дейін жеткізу бойынша жұмыс жалғасуда, ол биыл 55%-ды құрады. 

Амбулаториялық хирургия одан әрі дамиды, биыл көрсетілетін қызметтердің көлемін 1,7 есе (нақты 2021 ж. – 146 835 қызмет; 2022 ж. жоспар – 252 708 қызмет) ұлғайту көзделген. Сонымен бірге амбулаториялық оңалтудың III кезеңін дамыту бойынша шаралар қабылданып жатыр.

«Мектеп медицинасын жетілдіру аясында жаңа стандарт енгізілетін болады, бұл оқушыларды профилактикалық қарап-тексеру тәсілдерін жүйеге келтіруге және асқазан-ішек трактісі, тірек-қимыл аппараты, көру және тағы басқа ауруларды ерте анықтауды күшейтуге мүмкіндік береді», — деді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ консультациялық-диагностикалық қызметтер 1,5 есеге ұлғайтылды, бұл ауруларды ерте диагностикалаудың қолжетімділігін арттыруға және халықтың денсаулық сақтауға жеке шығыстарын төмендетуге мүмкіндік береді. Дәрілік заттарға қол жеткізуді арттыру мақсатында амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесін кеңейту мен қайта қарау жұмысы жалғасатын болады. 

Әрі қарай денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өңірдің денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелеріне тоқталды.

«Өңірдің жекелеген медициналық ұйымдарында (Сарыағаш орталық аудандық ауруханасы, облыстық жедел  медициналық жәрдем станциясы, Түркістан қалалық емханасы) пациенттерге клиникалық хаттамаларға сәйкес келмейтін   медициналық көмек көрсету жағдайлары анықталды, бұл пациенттердің жағдайының ауырлауына әкелді», — деді ол.

Бүгінгі таңда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы департаменті ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес әкімшілік хаттамалар  толтырып,  жеке және лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған байланысты министр Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық  басқармасына тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. 

Ана мен бала денсаулығын сақтау – медицина саласындағы ең өзекті әрі көкейтесті мәселе, сондықтан халықаралық құжаттарда да, ұлттық құжаттарда да саяси мәні бар маңызды көрсеткіш ретінде белгіленген.

Айта кету керек, 2022 жылы жалпы ел бойынша бала туу саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендегені байқалады. 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласында ана өлімі 4,7 есе төмендеді. 2022 жылғы 6 айдың ішінде облыс бойынша 27 мың босану қабылданды, 27,6 мың нәресте дүниеге келді.

«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2021 жылдан бастап “Аңсаған сәби” арнайы бағдарламасы іске қосылып, 2026 жылға дейін экстракорпоралдық ұрықтандыруға жыл сайын 7 000 квота бөлу көзделген. Осы бағдарламаның аясында Түркістан облысында 2021 жылы 453 әйел экстракорпоралдық ұрықтандыруға жолдама алып, 62 әйел жүкті болып, 106 отбасы сәби сүю бақытына ие болды», — деді денсаулық сақтау министрі.

Министрдің айтуынша, балаларды профилактикалық қарап-тексеру пакеттері кеңейтіледі (жалпы қан талдауы, жалпы несеп талдауы, отоакустикалық эмиссияны тіркеу, қысқа латенттелген есту потенциалдарын тіркеу, аутизмге арналған түрлендірілген скринингтік тест «М-CHAT-R»).

Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен 16,4 млрд теңге мөлшерінде қаржыландыру көзделген және оған 9 сирек ауруы бар баланы емдеу үшін 24 дәрілік заттар сатып алынады. Сирек кездесетін аурулар ішінде жұлын-бұлшықет атрофиясы және эпилепсиясының сирек түрлері бар.

2022 жылы Түркістан облысында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Жаңа технологиямен жабдықталған «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы нерв жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдап, емдейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 8 перзентхана салу жоспарланып отыр, соның ішінде Түркістан облысында 2 перзентхана салынады (Сарыағаш және Ордабасы аудандары). Сонымен қатар шешім талап ететін бірқатар міндет бар, олар: шала туған балаларға көмек көрсету сапасын арттыру, балалардағы патологияларды ерте анықтауды қамтамасыз ету.

«Аналар мен балалардың денсаулығын сақтау мәселелері – министрліктің ерекше бақылауында. Облыс бойынша нәресте өлім-жітімінің өсуі проблемалық мәселелердің бірі болып отыр», — деді А. Ғиният.

Түркістан облысында 2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52%-ға өсті (2022 ж. 5 ай – 1000 тірі туғандарға 4,15; ҚР бойынша 2021 жылғы 5 ай – 5,57). Нәрісте өлім-жітімінің себептері бойынша перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар бірінші болып отыр, дамудың туа біткен ақаулары – екінші орында. 3-орында – жұқпалы және паразиттік аурулар.

Өңірде нәресте өлім-жітімін төмендету бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет, деді министр. 

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесінде дәрігерлердің қамтамасыз етілуі 78 мың штат бірлігін құрайды, оның ішінде 32,7 мыңы – бейінді мамандар, ал Түркістан облысында 6 мың штат бірлігін құрайды, оның ішінде 4,6 мыңы – бейінді мамандар. Өңірде дәрігер кадрлардың тапшылығы 290,5 штат бірлігін құрайды.

2022 жылы еліміздің өңірлеріне медициналық жоғары оқу орындарының 2 692 түлегі, Түркістан облысына 170 түлек бөлінді. Республикада ауылға жұмысқа келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары көзделген. 2021 жылы 282 маман көтерме жәрдемақы алды, 222-сі тұрғын үй алды, 92 маман басқа да әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілді. Түркістан облысында 25 маман көтерме жәрдемақы алды.

«Өткен жылы біз медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасын әзірледік. Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономика бойынша орташа жалақыға 2 есе көтеру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы 531 мың теңгені, ал орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы тиісінше 250 мың теңгені құрайды», — деді А. Ғиният.

Облыс халқының жоғары технологиялық медициналық көмекке (ЖТМК) қолжеткізуін арттыру үшін 2022 жылы 2,725 млрд теңге сомасына 155 қызмет көзделген. 2021 жылы – 4,281 млрд теңге сомасына 94 ЖТМК көрсетілді. Биыл облыстық офтальмологиялық аурухана құрылды.

Отандық денсаулық сақтаудың басым міндеттерінің бірі – ел халқын дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету. Осы мақсатта Бірыңғай дистрибьютор СҚ-Фармация амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету аясында 173 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттарды сатып алды, бұл ретте өңірлерге сатып алынған дәрілік заттардың 45%-ы жеткізілді, ал стационар деңгейінде 165 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттар сатып алды, бұл ретте сатып алынған көлемнен өңірлерге 39%-ы жеткізілді.

«Түркістан облысында амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету аясында 11,6 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттар сатып алу жүзеге асырылды, стационарлық көмек аясында 10 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттар сатып алынды», — деді министр.

Сонымен қатар барлық денсаулық сақтау ұйымдарында, оның ішінде босандыру және жансақтау қызметтеріне оларды медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықтау бойынша түгендеу жүргізілді. Медициналық техникамен жабдықтау 83,3%-ды құрады, техниканың 51%-ы тозған. Түркістан облысы бойынша медициналық техникамен жабдықтау 84%-ды, мұнда техника 24 %-ға тозған. 

«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру аясында біз «СҚ-Фармация» базасында медициналық техниканы орталықтандырып сатып алуға көшіруді жоспарлап отырмыз», — деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар 2022 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын сатып алу үлесін 40%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешу үшін мынадай шаралар көзделген: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша кемінде 30 жаңа өндірісті іске қосу, оның ішінде Big Pharma (Roche, PFIZER және басқаларды) тарта отырып, отандық фармацевтикалық өнімді халықаралық тану үшін Ұлттық реттеушіні (FDA) дамыту (Нұр-Сұлтан қаласындағы Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының жанынан зертхана салу), отандық фармацевтикалық өнімдердің сапасын арттыру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы процестерін цифрландыру (өтініш беруден бастап олардың айналымға шығуына дейін), дәрілік заттарды таңбалау мен оларды қадағалауды енгізу (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап).

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске асырылып жатыр. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 16,1 млн адам тіркелген, бұл біздің ел халқының 83,6%-ын құрайды.

Бұл ретте 3,15 млн адам әлі күнге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр, көрсеткіш Түркістан облысы бойынша бұл 463,9 мың адамды (22,2%) құрап отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асырудың арқасында 2021 жылмен салыстырғанда медициналық қызметтерді қаржыландыру 4%-ға, оның ішінде:

- профилактикалық медициналық қарап-тексеру 2 есе;

- консультациялық-диагностикалық қызметтер 1,5 есе;

- стационарлық көмек 1,2 есе;

- жоғары технологиялық медициналық қызметтер 2,2 есе ұлғайтылды.

Сондай-ақ КТ, МРТ және ПЭТ қымбат тұратын зерттеулер санының ұлғайғаны байқалады. Одан басқа, соңғы уақытта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен жаңа қымбат тұратын технологияларды қаржыландыру бойынша шаралар қабылданды.

Атап айтқанда:

- Гамма-пышақты қолданумен радиохирургиялық емдеу әдісі;

- ретинобластома кезіндегі селективті интраартериялық химия терапия;

- омыртқаның тері арқылы транспедикулярлық фиксациясы;

- омыртқа денесінің транспедикулярлық пластикасы;

- түзету тибиалдік остеотомия;

- және радиозотоптық диагностика қызметтерінің 18 атауы бойынша.

2022 жылға дейінгі міндеттер:

  • Сақтандырылмаған халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеудің баламалы тетігін енгізу арқылы медициналық сақтандырумен қамтуды кеңейту (жарналар 12 айға  аударылуы тиіс);

  • 2023 жылдан бастап медициналық қызметтердің сапасы мен сервисін арттыру, инвестицияларды ынталандыру мақсатында тарифті толықтыру (негізгі құралдарды жаңартуға шығыстарды қосу).

2022 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерге 67 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылғы шығындардан 14 млрд теңгеге көп (КВИ бойынша шығыстарды есепке алмағанда).

Жалпы 2022 жылы денсаулық сақтау жүйесінің алдында мынадай бірқатар басым міндеттер тұр:

  • «Биологиялық қауіпсіздік туралы» Заңды іске асыру;

  • Денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау;

  • «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру;

  • Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру туралы заңды қабылдау;

  • Қылмыстық-түзету жүйесінің медициналық қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру.

Сондай-ақ биыл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын әзірлеу және оны іске асыруды бастау жоспарланған.

«Өткен жылы министрлік халық денсаулығын сақтаудың барлық бағыттары бойынша маңызды жұмыс жүргізді. Қол жеткізген жетістіктермен қатар тез арада шешуді талап ететін міндеттер де бар. Біз ел халқына медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін тиімді шешімдерді әзірлеу үшін  кәсіби және азаматтық қоғамдастықтың бүкіл күш-жігерін біріктіруіміз қажет», — деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу