Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ЕАҮК: Алматыдағы Үкіметтік келіссөздер қалай өтті

Жұма, 31 Қаңтар 2020, 20:13:20

2020 жылғы 31 қаңтарда Алматы қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтті, оның барысында сауда ынтымақтастығы, кедергілерді жою, ұлттық ақпараттық жүйелер интеграциясы және басқа да бірқатар салаларда маңызды шешімдер қабылданды. Қазақстандық делегацияны Премьер-Министр Асқар Мамин бастап барды. 

Отырысқа сонымен қатар Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Беларусь Премьер-Министрі Сергей Румас, Молдова Премьер-Министрі Ион Кику, Қырғызстан Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абулгазиев,  Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты.

Әдеттегідей, Үкіметаралық кеңес отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтті. 

Шағын құрамда ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Интеграциялық бірлестікті нығайтуды дамыту үшін аса маңызды мәселелердің кең ауқымы қаралды. Атап айтқанда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Одақтың ішкі нарығының жұмысы аясында кедергілерді жою бойынша жұмыс барысы қаралды. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ аясында алкоголь нарығын реттеу туралы Келісім жобасына қатысты жұмыс барысы туралы баяндама тыңдалды. 

Кеңейтілген форматтағы отырыс Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық көлік дәліздері экожүйесін қалыптастыру мәселелеріне арналды. Отырысқа қатысушылар Еуразиялық үкіметаралық одақтың кейбір шешімдерін талқылады. 

Барлығы  ЕАЭО мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға бағытталған 14 мәселе қаралды.

Кеңес отырысын ашқан ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 2019 жылдың ЕАЭО дамуы үшін маңызды әрі жемісті жыл болғанын атап өтті. 

«Біріншіден, біз интеграциялық бірлестіктің бесжылдық мерейтойын атап өттік, алдағы бесжылдық кезеңге интеграциялық процестерді дамытудың жаңа көкжиектері үшін негіз салдық, бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. ЕАЭО ағымдағы және бұдан арғы дамуы бойынша өзара тиімді уағдаластықтарға қол жеткізілді. Кеме қатынасы туралы Келісімге қол қойылды, ортақ электр энергетикалық нарықты құрудың құқықтық негізі жасалды, ортақ қаржы нарығын құру Тұжырымдамасы бекітілді», — деді А. Мамин.

Беларусь Премьер-Министрі Сергей Румас 2020 жылы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО органдарында төрағалықты қабылдаған тараптың өкілі ретінде Еуразиялық интеграцияның одан әрі жүйелі дамуы үшін барлық күш-жігерін салуға ниетті. 

«Ең алдымен, біздің назарымыз кедергілерді жоюға, ЕАЭО нарықтарындағы шектеулерді алып тастауға, сондай-ақ тосқауылдардың жаңа түрлерінің пайда болу мүмкіндігінің алдын алуға аударылатын болады», — деді Сергей Румас.

Бұл мақсатқа қол жеткізу құралдарының бірі — бірінші кезекте техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларын қолдану, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру, субсидиялар ұсыну тәрізді салаларда  ЕЭК-ның ұлттық органдардан жоғарғы құзыреттерін күшейту. 

Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян Беларусь айқындаған интеграцияның басымдықты бағыттарына қолдау білдірді. Ол ортақ экономикалық кеңістікті қалыптастыруға бөгет болатын қалған кедергілерді жоюдың маңыздылығын атап айтты, тарифтерде бағаны белгілеу және табиғи монополиялар қызметтеріне қолжетімділік саласында кемсітілмейтін тәсілдерді қамтамасыз етумен ЕАЭО нарығында энергетикалық және көлік нарығын қалыптастыруға бағытталған күш-жігерді белсендіру қажеттігін нақтылады. 

«Одақ органдарының жұмысының тиімділігін раттыру және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту – біздің басты назарымызда болуы тиіс тағы бір бағыт. Армения Республикасы әдетте ЕАЭО цифрлық күн тәртібін құру және іске асыру процестеріне белсене қатысады және оларды қолдайды. Цифрлық көлік дәліздері экожүйесін қалыптастыру тауарлар мен қызметтерді тұтынушылар мен өндірушінің және сатушының арасындағы дистанцияларды азайтуға мүмкіндік береді деп санаймыз. Бұл тауарларды жеткізу уақытын және оның қозғалысының оңтайлы жолдары мен әдістерін іздеуге жұмсалатын уақытты біршама азайтады, осылайша, бұл тұрғыда нарықты едәуір жетілдіреді», — деді Армения Премьер-Министрі. 

Қырғызстан Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абулгазиев өз кезегінде қырғыз тарапының Одақ аясындағы теңдік, сенім мен өзара ынтымақтастық негізіндегі іс-қимылдарына баса мән беретінін атап айтты.  

«ЕАЭО экономикалық дамуының ортақ мақсаттары мен міндеттерін айқындау негізінде ұлттық мүдделерді ескеру, оған мүше мемлекеттердің экономикалық өсуінің қосымша көздерін қалыптастыру принциптері жатуы тиіс. Қырғыз Республикасы Одақты одан әрі дамыту мақсатында ынтымақтастықты тереңдетуге және интеграциялық процестерді жетілдіруге ұмтылатын болады», — деді М. Абулгазиев. 

РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин Ресейдің еуразиялық интеграцияның динамикасын оның қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша оң бағалап отырғанын жеткізді. Сонымен қоса, ұлттық органнан жоғары тұрғыда реттеу тиімдірек болып келеді. 

«Алдымызға мынадай мақсат қойдық – “бестік” елдерінің экономикасының өсімін қамтамасыз ету, сонда Одақта өмір сүретін адамдар ортақ кеңістіктің артықшылықтарын сезініп, тең мүмкіндіктерді пайдалана алады», — деді Ресей Үкіметінің басшысы.

2019 жылдың алғашқы үш тоқсанында Одақтың жиынтық ЖІӨ 1,4%-ға артты, ауыл шаруашылығында өнеркәсіп өсімі 2,7% құрады. 

Кеңейтілген форматтағы талқылау соңында үкіметтер басшылары ЕАЭО мүше елдердің интеграциясын жалғастыруға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды. Барлығы 10 құжатқа қол қойылды.  

РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының төрағасы Тигран Саркисянға ЕАЭО дамыту мен нығайтудағы зор үлесі үшін бірінші дәрежелі Столыпин медалін табыстады. 

«ЕЭК Алқасының төрағасы лауазымында сіз әріптестеріңізбен бірге оның қалыптасуының, Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуының ең күрделі кезеңдерінен өттіңіздер. Сізге осы ауқымды жұмысыңыз үшін алғыс айтқым келеді және осы сәтте пайдалана отырып, бұған дейін айтып кеткенімдей, сізді жуырда атап өткен мерейтойыңызбен құттықтағым келеді. Сізге денсаулық, зор табыс тілеймін. Мұндағы қатысушылардың барлығы бұл тілегіме қосылатынына сенімдімін», — деді М. Мишустин.

Беларусь Республикасының Премьер-Министрі С. Румас пен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисян баспасөз конференциясында келіссөздердің негізгі нәтижелері туралы хабарлады. 

ЕАҮК келесі отырысы 2020 жылы 9-10 сәуірде Минск қаласында  өтеді. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.