05 Наурыз 2025, 18:00
Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомствоның 2024 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылып, 2025 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды.
ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев атап өткендей, жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, өткен жыл ведомство үшін қызметтің барлық бағыттары бойынша оң серпінмен қорытындыланды.
Мәселен, 2024 жылы сауданың өсуі 9,1%-ды (НКИ) құрады. Сауда саласына 884,6 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 14,6%-ға артық.
«Ішкі тауар айналымы да тұрақты оң динамикада қалып отыр. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі тауар айналымы 14,1%-ға өсіп, 69,6 трлн теңгені құрады. Оның ішінде көтерме сауда 47,2 трлн теңге, бөлшек сауда 22,4 трлн теңге», — деді министр.
Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстанның сыртқы тауар айналымы $141,4 млрд-ты құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда $1,6 млрд-қа жоғары. Бұл ретте сауда балансы $3,1 млрд-қа өсті (өсім 16%) және $21,8 млрд-ты құраған.
Тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортының көлемі өткен жылы 10,7%-ға өсіп, $40,2 млрд-қа жетті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 1,4%-ды ғана құрады. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жақсы көрсеткіш.
«Сауда бүгінде жұмыспен қамту, инвестицияларды ынталандыру және тұрақты дамуға жәрдемдесу арқылы ұлттық экономиканың негізгі салаларының бірі болып саналады. Сауданың үлесіне 1,6 млн адам жұмыспен қамтылған еліміздің ЖІӨ-нің 19,1%-ы тиесілі», — деді министр.
Мемлекет басшысы экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және сауда саясаты бойынша бірқатар міндет қойған болатын. Біріншіден, экспортты ілгерілету үшін қажетті құралдарды шоғырландыра отыра, экспортты қолдаудың бірыңғай терезесін құру.
Өткен жылдың қаңтар айында сақтандыру және қаржылық қолдау шараларының кең спектрін жүзеге асыруға бағытталған «Экспорттық несие агенттігі туралы» Заң қабылданды. Осы бағытта Қазақстанның экспорттық несие агенттігі қолдау құралдарының қатарын кеңейтті. Субсидиялауға балама ретінде кепілдік беру, экспорт алдындағы және сауда қаржыландыру құралдары енгізілді.
Көлік дәліздерінің дамуын ескере отырып, Қытай, Еуразиялық экономикалық одақ, Орталық Азия, Еуропалық Одақ және Таяу Шығыс елдері сияқты нарықтары анықталды. Сондай-ақ сыртқы сауда байланыстарын кеңейту мақсатында Қазақстан мен Сингапур арасындағы көрсетілетін қызметтер мен инвестициялардың еркін саудасы туралы келісім ратификацияланды. Бұған қоса толық форматты келісім Біріккен Араб Әмірліктерімен жүргізіліп жатыр.
Иран және Еуразиялық экономикалық одақ шенберінде тауарлардың еркін саудасы туралы толық форматты келісімді ратификациялау аяқталды. Қазақстандық тауарлардың экспортын ілгерілету үшін қажетті инфрақұрылым салынып жатыр.
Инвесторларды тарту орталықтарына айналатын және көрші елдермен шикізаттық емес экспорттың өсуіне мүмкіндік беретін 5 трансшекаралық хаб салынатын болады. Сыртқы инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілде.
«Елшіліктердің қолдауымен Қытайда 2 серіктес кеңсенің көрме алаңдары іске қосылды және Үрімші қаласында сауда өкілдігі ашылды. Дубайда «Qazaq Trade House» сауда үйі жұмысын бастады. Біріккен Араб Әмірліктері, Ауғанстан, Тәжікстан, Италия, Өзбекстан, Ресей және Қырғызстанды қоса алғанда, негізгі серіктес елдерде 10 сауда-экономикалық миссия ұйымдастырылды», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.
Экспортты ілгерілетудегі маңызды қадам аймақтандыру қағидаты бойынша жаңа тәсілі енгізілді.
Сондай-ақ Үрімшімен сауда 22%-ға, Сычуань провинциясына экспорт 49%-ға және Цзянсуға экспорт төрт есе өсті. Қазақстандық компаниялардың ең ірі және танымал көрмелерге: CIFTIS, CIIE, Digital Expo, Еуразия ЭКСПО қатысуы қамтамасыз етілді. Қазақстандық тауарларды ұлттық павильондар арқылы jd.com, Doiyin, Alibaba халықаралық электрондық алаңдарда ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Екіншіден, Мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қорғау бойынша реттеуші шараларды әзірлеуді тапсырды. Ішкі нарықты қорғау және отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары қабылданды.
«Тарифтік реттеу шаралары бөлігінде Еуразиялық экономикалық комиссияның импорттық кедендік баж мөлшерлемелерін белгілеу және өзгерту жөніндегі 24 шешімі қабылданды. Тарифтік емес реттеу шаралары бөлігінде отандық өндірушілерді қорғау және ішкі нарықты тауарлардың жекелеген түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы импорт және экспортқа 20-ға жуық тыйым салулар мен шектеулер енгізілді», — деді министр.
Қорғау шаралары бөлігінде Қытай, Украина және Үндістаннан келетін өнеркәсіптік тауарларға қатысты демпингке қарсы 6 шара ұзартылды.
Ішкі нарықты қорғау мақсатында техникалық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау құралдары белсенді қолданылады. Отандық өнімді растау үшін – Қазақстанда шығарылған тауарлар тізілімі енгізілуде. Бұл мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізе алатын өндірушілердің бірыңғай пулы. Тиісті заң жобасы Парламент Мәжілісінің 1 оқылымында мақұлданды.
Сонымен қатар Министрлік жанынан Саудадағы техникалық кедергілер, сондай-ақ қауіпсіз өнімді әкелу және айналым мәселелері бойынша ахуалдық штаб құрылды.
Құс еті, сүт және ет өнімдері шекара маңындағы өткізу пункттерінде 600 мың тоннадан астам мал шаруашылығы өнімі күшейтілген бақылауда тексеріліп, 1 мыңға жуық көлік кейін қайтарылды және 1 мыңнан астам сертификат жойылды.
Тұтынушыларды сапасыз және қауіпті өнімдерден қорғауға бағытталған «Сапалы Өнім» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба аясында 2 мыңнан астам өнім түрі сатып алынып, тексерілді. Оның ішінде 1,5 мыңнан таңбалау мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша 392 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Ішкі нарықты қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар оң сауда балансын жақсартуға ықпал етті», — деп атап өтті спикер.
Үшіншіден, Мемлекет басшысы тауар биржаларына қойылатын талаптарды қатаңдатуды, «қалта биржаларын» алып тастауды, күшті өңірлік тауар-шикізат биржасын құру мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.
Бұл бағытта министрлік тауар биржалары саласындағы заңнаманың тәсілдерін өзгерту бойынша жұмыс жүргізді.
Өткен жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы тауар биржаларын реформалауға және баға белгілеудің әділ нарықтық тетіктерін енгізуге бағытталған жаңа Заңға қол қойды.
Жаңа заң биржалардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін күшейтеді, сондай-ақ баға белгілеуді қатаң мемлекеттік бақылауды және өтімді сауданың бірыңғай алаңда шоғырлануын көздейді.
Осылайша, биржалық сауда, ұйымдасқан нарықты дамытудың негізгі бағытына және тауар айналымының заман талабына сай негізіне айналады.
Министрлік жұмысының тағы бір маңызды бағыты, тауарлардың экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыт өнімдердің бағасы мен сапасы бойынша қол жетімділігін ғана емес, сонымен қатар отандық өнімдермен сауданы ынталандыруды да қамтиды.
Отандық өндірушілерді қолдаудың маңызды құралы сауда сөре кеңістігін тағы 20%-ға кеңейту бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау арқылы ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау функцияларын алғаш рет алып отыр. Енді сөрелердің кемінде 50%ы қазақстандық азық-түлік өнімдерімен және кемінде 20%-ы азық-түлік емес тауарлармен толтырылуы тиіс.
«Сондай-ақ біз тұтынушылардың алдауын болдырмау үшін өнімнің сапасы мен экспозициясына қойылатын талаптарды күшейттік. Тауарларды орналастыру кезінде тауарлық көршілік қағидаттарын басшылыққа алу қажет, мысалы, сүт сүтті сусынның жанында болмауы керек, ал май спредтің жанында болмауы керек. Біз ішкі сауда инфрақұрылымын жүйелі жаңғыртуды жалғастырамыз және заманауи көп форматты саудаға көшеміз. Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2029 жылға қарай олардың үлесін 70%-ға дейін жеткізу», — деді министр.
Сауда және интеграция министрлігі былтыр 16 базарды жаңғыртуды аяқтады. Биыл нарықтарды жаңғыртуды толығымен аяқтау міндеті тұр, бұл шамамен 100 базар. Сауда инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Осы мақсаттарға биыл 5,27 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.
«Қорытындылай келе, Министрліктің 2025 жылға арналған негізгі сын-қатерлері мен басым міндеттерін атап өткім келеді. Бәріңізге мәлім, Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық бағытты орындау үшін Үкіметке Жалпы ішкі өнімді екі есеге арттыру жөнінде үлкен міндет қойған болатын. Осы жылы экономиканың 6-7% деңгейінде өсуін қамтамасыз ету міндеті тұр», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.
Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін сауда саясаты үш стратегиялық басымдықты іске асыруға бағытталатын болады:
біріншіден, сауда ашық болуына және оның өнімділігін арттыруға бағытталған қазіргі заманғы сауда экожүйесін қалыптастыру. Мұндағы басты міндет – цифрлық трансформация. Тауарларды, сауда объектілерін, сауда ағындарын цифрландыру қажет. Сауданың «цифрлық айнасын» жасау және тауарлардың қадағалауын қамтамасыз ету. Сондай-ақ биржалық және электрондық сауда құралдарын дамыту қажет.
екіншіден, ішкі және сыртқы нарықтарда, отандық тауарларды ілгерілету мақсатында импортқа тәуелділікті төмендетуге және отандық өндірушілердің ұстанымдарын нығайтуға бағытталған тетіктерді енгізуге ерекше назар аудару қажет. Экспорттық саясатқа қатысты қосылған құны жоғары жобаларды ілгерілетуге, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға күш-жігерді жұмылдыра отырып, экспорттық қолдау тәсілдеріне өзгеріс енгізу қажет.
үшіншіден, тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты қорғау, тауарлар және қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын жетілдіру.
#Инвестициялар #Президенттің тапсырмасы #Экономика #ҚР Сауда және интеграция министрлігі«Үкіметтің тапсырмасы бойынша Министрлік сауда саясатын дамыту тұжырымдамасын әзірлеп, жоғарыда көрсетілген тәсілдер мен оларды іске асыру жөніндегі шараларды қолданатын болады», — деп түйіндеді министр алқа отырысын.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу