18 Маусым 2025, 10:10
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов хабарлады.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2030 жылға дейінгі ұзақмерзімді тұжырымдамасы әзірленді. Құжатта ғимараттар мен құрылыстар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ кадрлық әлеует сынды негізгі аспектілерді қамтитын денсаулық сақтау жүйесін кешенді түрде дамыту тетіктері қамтылған.
ҚР Президенті 2022 жылғы 1 қыркүйекте «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырған болатын.
«Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн. Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау қажет. Мен келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырдым. Бұл құжат, ең алдымен, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған. Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі», — деп атап көрсетті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы ҚР Парламентінің бірінші сессиясының отырысында сөйлеген сөзінде де еліміздің медициналық инфрақұрылымын жақсарту қажеттігін айтып, мемлекеттік басқару мен стратегиялық жоспарлаудың тиімділігі мен сапасын арттырудың маңыздылығын тоқталған.
Айта кетейік, 2023 жылғы 22 маусымда Президент жанындағы реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында Мемлекет басшысы денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.
Аталған тапсырманы орындау шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі инфрақұрылымды дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі. Тұжырымдамада ғимараттар мен құрылыстар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және медициналық персонал сияқты аспектілерді қозғай отырып, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудағы кешенді тәсілдер көрсетілген.
Десаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау инфрақұрылымы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында – медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудан бастап инвестициялар үшін қолайлы орта құруға және өңірлердің тұрақты өсуіне дейін маңызды рөл атқаратынына тоқталды.
« “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде 479 МСАК нысандарының құрылысы аяқталды. Бұл ретте бұрын медициналық нысандар болмаған ауылдарда 178 нысан салынды. 301 нысан ескірген және бейімделген нысандардың орнына салынған. 2025 жылдың соңына дейін тағы 176 МСАК нысанын аяқтау жоспарлануда»,— деді вице-министр.
Сондай-ақ Тимур Мұратов Ұлттық жобаның шеңберінде жергілікті жерге одан әрі байланыстыру үшін 5 климаттық және сейсмикалық аймақ бойынша эталондық жобалар әзірленгенін айтты. Бұл жобалау мерзімдерін оңтайландыруға, МСАК нысандарын жобалау мен салуда шамамен 16,5 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге, сондай-ақ ұлттық оператор әзірлеген эталондық жобаларды қолданудың мультипликативтік әсерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«Тұжырымдаманы жүзеге асыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы 34 негізгі-басым жобаларды, оның ішінде Ұлттық ғылыми орталықтардың, перинаталдық орталықтардың, көпсалалы ауруханалардың, оның ішінде балалар ауруханаларының және университеттік клиникалардың жобаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде», — деп атап өтті вице-министр.
Спикер атап өткендей, эталондық жобалардағы отандық тауар өндірушілердің үлесі 80%-дан асты.
Маңызды мәселе – өңірлерде кадрлармен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шаралары. Мәселен, ауылдық жерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау мамандарына әлеуметтік қолдау «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының шеңберінде көрсетіледі. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандырушы төлемдер пакеті кеңейтілді.
«Мәселен, 2024 жылдан бастап ауылдық жерге жұмысқа келетін аса тапшы медицина қызметкерлеріне 100 ЕТЖ – 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемді көздейтін норма іске асырылуда. Дегенмен, бүгінде төлемдер бойынша шешімдер барлық өңірде қабылданбаған», — деді вице-министр.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі. Құжат Денсаулық сақтау инфрақұрылымын – ғимараттар мен құрылыстарды дамытудағы кешенді тәсілді, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және медициналық персоналды көрсетеді. Тұжырымдама шеңберінде барлығы 41 іс-шара көзделген.
«Негізгі іс-шаралардың бірі ұзақ мерзімді өңірлік стратегияларды (мастер-жоспарларды) құру болды. Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстары бойынша 7 өңір бойынша осындай жоспарларды әзірлеу аяқталды. Қалған өңірлер бойынша жұмыс жалғасуда», — деп атап өтті Тимур Мұратов.
Вице-министр сондай-ақ Тұжырымдама шеңберінде ҚР ЦДИАӨМ цифрлық үкіметті қолдау орталығымен бірлесіп денсаулық сақтау инфрақұрылымы нысандарының цифрлық картасының жобасы әзірленіп жатқанын хабарлады. Өткен жылы цифрлық картаның жобасы 10 өңірге, биыл қалған өңірлерді қамтыды.
«2024 жылы еліміздің он өңірі бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымы нысандарының цифрлық картасының жобасы әзірленді, цифрлық картаны ҚР ДСМ ақпараттық жүйелерінің деректерімен ішінара кіріктіру жүргізілді. Биыл қалған 10 өңір бойынша жобаны әзірлеуді аяқтау жоспарлануда», — деді ол.
Сонымен қатар Министрлік ЦДИАӨМ-мен бірлесіп басқа ведомстволардың ақпараттық жүйелерімен (БНС, «TASQYN» АЖ, БМЖК) кіріктіру мәселесін пысықтауда. Қолданыстағы ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Денсаулық сақтау министрлігі 36 көпсалалы облыстық аурухананы ауқымды жаңғырту жұмыстарын бастады. Мақсаты – өңірлердегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, оны тұрғындардың нақты қажеттіліктеріне барынша бейімдеу.

«Бұл ретте жалпы төсек-орын қорының тек 20%-ын ғана әлеуметтік мәні бар созылмалы ауруларды (жүрек-қан тамырлары, бүйрек, асқазан-ішек аурулары және басқалар) емдеуге арналған терапиялық төсек-орындар құрайды, мұндай дерттер көбінесе мүгедектікке әкеледі және ұзақ емдеуді қажет етеді», — деп түсіндірді Тимур Мұратов.
Осы себепеті жаңғырту шеңберінде төсек қоры нақты жүктемеге және сұранысқа сай қайта бөлінеді. Қажетсіз, артық төсектер аса сұранысқа ие терапиялық бағыттарға — гастроэнтерология, эндокринология, ревматология, пульмонология және басқа да салаларға бейімделеді.
Жаңғырту шеңберінде мынадай негізгі шаралар көзделген:
• созылмалы аурулармен ауыратын пациенттердің емделу жолын оңтайландыру;
• кадрлық әлеуетті дамыту және мамандарды әлеуметтік қолдау;
• ұлттық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен қашықтан консультация беру мен диагностиканы енгізу;
• медициналық жабдықтарды жаңарту;
• өңірлік симуляциялық орталықтар желісін құру;
• диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізу.
Сондай-ақ республикалық және өңірлік құзырет орталықтарының рөлі күшейтіледі. Бұл орталықтар жаңа клиникалық тәсілдерді енгізетін алаңға айналмақ. Бас штаттан тыс мамандардың мәртебесін арттыру, сондай-ақ жас дәрігерлерді даярлау және қолдау да басты назарда болады. Жаңғырту бағдарламасын аяқтау өңірлердегі денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, созылмалы аурулардан болатын өлімді азайтуға және халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға жағдай туғызады.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде жергілікті жерге одан әрі байланыстыру үшін 5 климаттық және сейсмикалық аймақтары бойынша эталондық жобалар әзірленді. Ол келесілерге мүмкіндік береді:
1) мерзімдерді оңтайландыру;
2) бюджет қаражатын үнемдеуді шамамен 16,5 млрд. теңгемен қамтамасыз ету:
МСАК нысандарын жобалауда шамамен 2 млрд. теңге (эталондық жобаларды байланыстыру есебінен, жао-ны әзірлеудің орнына 655 жеке жоба).
МСАК нысандарының құрылысында шамамен 14,5 млрд. теңге (жао әзірлеген жеке жобалардың және ұлттық оператор әзірлеген эталондық жобалардың орташа құнымен салыстырғанда).
3) ұлттық оператор әзірлеген эталондық жобаларды қолданудың мультипликативтік әсері.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу