Инвестицияларды арттыру, туризмді дамыту және тұрғын үй мәселесін шешу — Маңғыстау облысының 2020 жылғы даму қорытындысы

2020 жыл оңай жыл болған жоқ, алайда Маңғыстау облысы барлық негізгі салалар бойынша оң даму қарқынын көрсетті. Осылайша, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны артты, ірі инвестициялық жобалар іске асырылды, өндіріс орындары жаңа технологияларды енгізіп жатыр. PrimeMinister.kz облыстың 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2019 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда қалай дамығаны туралы шолу материалын дайындады.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы өңірлік өнім 2 171,2 млрд теңгені құрады, ЖӨӨ нақты өсімі — 95,4%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 3 073,8 мың теңге көлемінде қалыптасты, елдің ЖІӨ-дегі үлесі— 4,7% (2019 жылы – 4,7%).

ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі 51,9%-ды, ауыл шаруашылығы 0,8%-ды, сауда 3,9%-ды, тау-кен өнеркәсібі 45,3%-ды, өңдеу өнеркәсібі 3,9%-ды, электрмен және сумен жабдықтау және т. б. 2,6%-ды, басқалары 43,4%-ды құрады.

 

Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру шаралары

Дүниежүзілік індет салдарынан зардап шеккендердің 17 мыңға жуық шағын және микробизнес субъектілері жеңілдіктер алып, салық төлеуден босатылды. 404 кәсіпкерге негізгі борыштары өтеліп, жалпы сомасы 14,8 млрд теңгеге қарыздар бойынша төлеу уақыты кейінге қалдырылды.

1 339 адам бизнес негіздеріне оқытылды, оның ішінде: «Бизнес-мектеп» жобасы бойынша — 349 адам, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша — 990 адам.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 63,3 млрд теңгеге 879 жоба қолдау тауып, 1 428 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7 есеге артық (2019 жылы – 5,4 млрд теңгеге 235 жоба және 698 жаңа жұмыс орны құрылды).

2020 жылы микрокредиттік ұйымдар 2,5 млрд теңге сомасына 456 микрокредит берді және 599 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 1,9 млрд теңге сомасына 351 микрокредит берілді және 458 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде:

  • қалаларда 700 млн теңгеге 92 шағын несие беріліп, 129 жұмыс орны ашылды;
  • ауылдарда 1,2 млрд теңгеге 259 шағын несие беріліп, 329 жұмыс орны ашылды.

«Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы іске қосылғаннан бері (2018 жылғы қараша) 2,9 млрд теңге сомасына 144 жоба іске асырылып, 1 126 жаңа жұмыс орны құрылды.

Екінші деңгейдегі банктер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген несие ресурстарының көлемі 23,4 млрд теңгені құрады.

Кәсіпкерлік саласында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыста ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны 2 439 адамға артып, 121 525 адамды құрады (2%-ға өсті), ШОК субъектілерінің өнім шығаруы 991,7 млрд теңгені құрады, өсім – 7,2%. ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі 31,8%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының жүктемесін арттыруға жан-жақты қолдау көрсетілді, 4 жаңа жоба іске қосылды (жалпы құны — 10,9 млрд теңге, 175 жұмыс орны).

  • Қант шикізатын қайта өңдейтін шағын зауыт;
  • Мұнай кәсіпшілігі және бұрғылау жабдықтарын шығару, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі өндірістік цех;
  • Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында мұнай-химия кешенін салу;
  • Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кешенін салу (2 кезең).

 

Халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту және әлеуметтік қолдау

Шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлем тағайындау үшін (42 500 теңге) 75 354 өтінім тіркелді. Әлеуметтік төлем 66 332 өтінішке (4,2 млрд теңге) тағайындалды. Оның ішінде 19 мың өтініш проактивті форматта және 22 мыңы (29 560 адам) жергілікті штабтарға келіп түсті, штабқа түскен 13,4 мың өтініш (20 052 адам) қанағаттандырылды.

Бұдан өзге, 2020 жылы Ақтау қаласының ескірген жолаушылар автобус паркіне қатысты көпжылдық мәселесі шешілді. Оны жаңарту үшін 216,5 млн теңге бөлінді, оларға отандық өндірістің 18 заманауи автобусы сатып алынды.

Қала және ауылішілік жолдарға күрделі жөндеу жүргізілді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Бейнеу ауданында 44 көше, Маңғыстау ауданында 13 көше, Түпқараған ауданында 25 көше асфальтталды. Ақтау қаласының ауданішілік жолдарына да жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында жүзеге асырылды. Қаланың алты шағын ауданында барлығы 136 мың шаршы метр жол жөнделді.

Әуе тасымалдары бойынша сапалы және қолжетімді қызметтер көрсету мақсатында Үкіметтің қолдауымен «FlyArystan» компаниясы 6 бағыт бойынша жаңа рейстер ашты.

 

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,7%-ға артты

Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қолданыстағы бағамен 2 098,9 млрд теңгеге өнімін өндірді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 93,9%-ды құрады.

Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1 788,7 млрд теңгені құрады (НКИ – 93,3%).

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,7%-ға артып, 174,3 млрд теңгені құрады.

Мұнай өндіру көлемі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға төмендеп, 16,7 млн тоннаны құрады. Табиғи газ өндіру көлемі 6,1%-ға азайып, 2,9 млрд м³ құрады.

Өсім азық-түлік өнімдері өндірісінде 7,4%-ға, жеңіл өнеркәсіпте 7,3%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдер өндірісінде 26,5%-ға, машина жасауда 2,4%-ға байқалады.

 

Маңғыстау облысында 2020 жылы 26 жылыжай іске қосылды

Ауыл шаруашылығы өнімдері 20,7 млрд теңгеге өндірілді (НКИ – 94,8%). Ірі қара мал басының 2%-ға (22,5 мың бас), жылқы басының 7%-ға (92,6 мың бас), түйенің 3,2%-ға (71,1 мың бас) артқаны байқалады.

2020 жылы жалпы сомасы 578 млн теңгеге 2 ірі жоба іске асырылды:

● қуаттылығы жылына 3,6 мың тонна қант шикізатын өңдейтін шағын зауыт;

● «Диханов» шаруа қожалығының жылына 100-200 тонна бақша өнімдерін шығаратын жылыжай кешенінің 1 гектары.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауылда кәсіпкерлікті дамытуға (шағын несиелендіру) республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 329 жұмыс орнын құрумен 259 жоба қаржыландырылды.

ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірдің 375 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 865,5 млн теңге көлемінде субсидия берілді.

Өңір халқын жергілікті көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында жалпы ауданы 5,1 га 26 жылыжай пайдалануға берілді. Мал шаруашылығын дамытуға мемлекет 71 құдықты бұрғылауға субсидия берді.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауылда кәсіпкерлікті дамытуға республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (841,7 млн теңге) және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (360,7 млн теңге) арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда қаржы институттары арқылы 1,2 млрд теңге сомасына 259 жоба несиелендірілді. Жобалар аясында 329 жұмыс орны құрылды.

 

2020 жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі капиталына салынған инвестициялар 2,9%-ға өсті

Маңғыстау облысы инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр. 2020 жылы инвестиция көлемі 576,4 млрд теңгені құрады. 2019 жылмен салыстырғанда өсім 2,9%-ды құрады.

2020 жылы облыста 926 жаңа жұмыс орнын құрумен 99,2 млрд теңгеге 11 инвестициялық жоба іске асырылды. Бұл мынадай ірі жобалар:

  • жылы жағажай аумағында «Aktau Tourism City Ltd» туристік-қонақ үй кешені;
  • «Дунга» кен орнының теңіз/қабат суын дайындау және айдау жүйесі;
  • Жаңаөзен қаласындағы «ҚазГӨЗ» ЖШС арналған электр энергиясын өндіру;
  • қант шикізатын қайта өңдеу және оның негізінде құмшекер мен науат өндіру жөніндегі шағын зауыт салу және пайдалануға беру;
  • Қарақия ауданында қуаты 10 МВт/сағ және 5 МВт/сағ құрайтын «Жетібай» ЖЭС станциясында жел электр станциясын салу;
  • көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кешенін жаңғырту (2-кезең), Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағы.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында 1778 жұмыс орны құрылған 18 кәсіпорын жұмыс істейді.

 

Маңғыстау облысы республиканың перспективалық туристік аймақтарының ТОП-10 қатарына кірді

Өңірде туризмді дамыту — экономиканың басым бағыттарының бірі.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысы республиканың перспективалық туристік аймақтарының топ-10 қатарына кірді.

Қазіргі уақытта өңірдегі туризмнің перспективалы бағыттарының бірі Каспий теңізінің жағалауында орналасқан Ақтау қаласынан Құрық портына дейінгі учаскелерде теңіз курортын, жағажай туризмін дамыту болып айқындалған.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы тамыздағы «Ақтау заманауи теңіз курортына айналуы тиіс» деген тапсырмасынан кейін туризмді дамытуға үлкен көңіл бөлінеді және өңірдің инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде.

ҚР Үкіметінің қолдауымен Ақтау қаласының «Жылы жағажай» ауданының инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстардың 1-кезеңі аяқталды (құрылыстың жалпы сомасы 17 млрд теңге, 31 км – жол, 10,5 км –  электр энергиясы, 58 км – газ, 56 км – су құбыры желілері).

2020 жылы орналастыру орындарының (қонақ үйлердің) мәліметтері бойынша қызмет көрсетілген келушілердің саны 178 мың адамды құрайды, 93 орналастыру орны тіркелген, туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 71,8 млрд теңгені, орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 3,3 млрд теңгені құрады (ресми статистикалық деректер 2021 жылғы наурызда жарияланады).

2020 жылдың шілдесінде «Aktau Tourism City Ltd» компаниясы жобасының 1-кезеңі іске қосылды. «Rixos Water World Aktau» көпфункционалды туристік-қонақ үй кешені (инвестиция көлемі – 68 млрд теңге; 2020 жылдың қорытындысы бойынша қонақ үйге 78 518 мың адам келді (2021 жылдың 23 қаңтарындағы жағдай бойынша – 4 701 адам); 600-ден астам адам жұмысқа орналастырылды, ШОБ субъектілерімен 140-тан астам келісімшарт жасалды). 

Сонымен қатар 2020 жылдың тамыз айында Ақтау Холидей ИНН бассейні мен аквапарк құрылысының жобасы іске қосылды (жобаның құны 1,6 млрд теңгені құрады және 50 жаңа жұмыс орны құрылды).

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен курорттық аймақты дамытудың инженерлік-көліктік инфрақұрылымының 2 кезеңін дамыту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің 2020 жылғы қарашадағы сапары аясында курорттық аймақты дамытудың 2-кезеңі басталды, оның шеңберінде екі жыл ішінде Тетис Интернэшнл Хаб LTD (тақырыптық парк, гольф-клуб, сауда орталығы, қонақ үйлер), БиАй Груп (виллалар мен апартаменттер кешенінің құрылысы) және «Bazis-A» корпорациясының (Aqualina Resort курорттық-қонақ үй кешенінің құрылысы) ірі жобаларын іске асыру көзделген.

Қазіргі уақытта инвесторлармен жобалау-іздестіру жұмыстары жалғасуда, құрылыс кезінде энергия ресурстарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін техникалық шарттар алынды.

Жалпы, өңірдегі туризм саласы бойынша 2021-2024 жылдар кезеңінде жалпы сомасы 490 млрд теңгеден асатын, 2500 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын 12 жобаны іске асыру жоспарланған.

1. Кешен құрылысы (тақырыптық парк, гольф-клуб, сауда орталығы, қонақ үйлер), Tethys International HUB LTD (1-кезең – 202,8 млрд теңге, 2-кезең – 113,9 млрд теңге, 1800 жұмыс орны, 2021 жылғы 3-тоқсанда 1-кезең, 2022 жылы 2-кезең).

2. Қарақия ауданында Safari Hotel қонақ үй кешенімен «Визит-орталық» салу. TETHYS INTERNATIONAL HUB LTD жеке компаниясы (жобаның құны – 38,6 млрд теңге, 200 жұмыс орны, 2021 жылдың 4 тоқсанында іске қосу).

3. Виллалар мен апартаменттер кешені құрылысы, BI Group (жобаның құны – 47 млрд теңге, 80 жаңа жұмыс орны, пайдалануға беру – маусым 2021 ж.);

4. BI Property компаниясы Double Tree by Hilton 4* қонақ үй кешенінің құрылысы (жобаның құны – 22 млрд теңге, 110 жаңа жұмыс орны, пайдалануға беру – 2022 ж.);

5. Aqualina Resort курорттық-қонақ үй кешенінің құрылысы, Bazis-A корпорациясы (жобаның құны 28 млрд теңге, 80 жұмыс орны, 2021 жылдың 3 тоқсанында 1 кезеңді іске қосу, 2022 жылы 2 кезеңді іске қосу).

6. Ақтау қаласындағы «Достар» қонақ үй кешенін кеңейту — «Достар Компани ЛТД» ЖШС (жобаның құны 400 млн теңге, 20 жұмыс орны, 2-ші жартыжылдық);

7. Түпқараған ауданында «Сартас» визит-орталығының, «Нефтемаш» КЗ» ЖШС құрылысы (жобаның құны – 248 млн теңге, 40 жұмыс орны, 2-тоқсан).

8. Фламинго Резорт демалыс базасы. «Фламинго» ЖШС (жобаның құны – 12,9 млрд теңге, жұмыс орындары – 290, іске асыру кезеңі – 2020-2022 жылдар).

9. «Нұр» сауықтыру кешені. «СКР-Снаб» ЖШС. (құны – 9,5 млрд теңге, жұмыс орындары – 240, іске асыру кезеңі – 2019-2021 жылдар).

10. Assyl Aktau қонақ үйі. «Assyl Aktau» ЖШС. (Жоба құны – 6 млрд теңге, жұмыс орны – 130. Іске асыру мерзімі – 2020-2022 жылдар).

11. Seaside Palace демалыс аймағы. «Каспиан Инвест Групп» ЖШС (құны – 2,1 млрд теңге. Жұмыс орны – 90. іске асыру мерзімі – 2020-2022 жылдар).

12. Ақтау қ. «Жылы жағажай» ауданында сауықтыру кешенін салу және пайдалану, «Aktauborproduct» ЖШС (жобаның құны – 2 млрд теңге, жұмыс орындары – 55. Іске асыру мерзімі – 2021-2024 жылдар).

Қарақия, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының туристік объектілеріне апаратын сервистік орындарды 12 санитарлық-гигиеналық тораптар орнатылған. 

Бірегей бренд-бук, логотип әзірленді, visitmangystau.kz сайты іске қосылды, қалалық автобустар мен аялдамалар бірдей стильде безендірілген. Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының туристері үшін жолсілтеме, карта жасалды.

 

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 161 отбасы тұрғын үй займын алды

Құрылыс жұмыстарының көлемі 206,3 млрд теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 112,2% құрады. 1 192,8 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді (өсу қарқыны – 101,5%).

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша 2020 жылы ауданы 23,5 мың м2 419 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде 215 пәтер көп балалы отбасыларға берілді.

«7-20-25» бағдарламасы аясында 4 ірі қала, соның ішінде Ақтау қаласы үшін 25 млн теңге мөлшерінде несиенің ең жоғары мөлшері анықталды. Бүгінде Ақтау қаласының аумағында 96 жер учаскесінде 12 мыңнан астам пәтерге арналған шамамен 960 мың м2 коммерциялық тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, олардың басым бөлігі «7-20-25» бағдарламасы бойынша іске асырылатын болады.

2021 жылдың басында екінші деңгейлі банктерге несие алуға 19,7 млрд теңге сомасына 1 947 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 8,4 млрд теңге сомасында несие беруге 826 өтінім мақұлданды.

2020 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 162 өтінім мақұлданды, оның ішінде 161 отбасы жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге тұрғын үй заемдарын алды. Жалпы сомасы 126,6 млн теңгеге 133 тұрғын үй сертификаты берілді.

Бұдан басқа, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы тұрғын үй құрылысының бағытын енгізу бойынша жұмыс басталды. Осы бағыт бойынша жер учаскесі және тиісті жобасы бар құрылыс компанияларының бастамалары қаралуда.

«7-20-25» бағдарламасы аясында бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктерге жалпы 19 млрд теңге көлемінде несие алуға 1 886 өтінім келіп түсті, оның ішінде 8,2 млрд теңге сомасына 806 өтінім мақұлданды.

 

2020 жылы 32 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету саласында 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыруды ескере отырып, 32 298 жұмыс орны құрылды (2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда — 31 506 жұмыс орны). Тұрақты жұмыс орындарымен 28 025 адам, маусымдық жұмыспен — 4 273 адам қамтамасыз етілді.

2020 жылғы III тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрады (2019 жылғы III тоқсан – 5,3%). 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте бір қызметкерге орташа айлық жалақы 310 854 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңіндегі көрсеткіштен 9,9%-ға артық.

Келесі салаларда жұмыс орындары құрылды: құрылыс – 6 669, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді жөндеу –  4 006, білім беру –  1 585, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 283, көлік және қоймалау – 520, өнеркәсіп – 1 405.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы бірқатар іс-шара іске асырылды.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 1455 адам қамтылды.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 1243 адам қамтылды, 835 адам мемлекеттік грант алды.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша жастар практикасына 1 701 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 811 адам, ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарға 5 016 адам жіберілді.

 

Ірі өнеркәсіптік жобаларда инновацияларды енгізу және цифрландыру

2020 жылы іске асырылған ірі жобалар:

  • «Тоталь Е энд П Дунга ГмбХ» — Түпқараған ауданының теңіз/қабат суын дайындау және айдау жүйесі (8,6 млрд теңге, 4 жұмыс орны, инвестор Франция). 2020 жылғы 1 маусымда пайдалануға берілді.

Мультипликативті әсері:

Бұл жобада Дунга кен орнында суды тазарту және теңіз суын кері айдау үшін дайындаудың жаңа технологиялары қолданылады.

Аралас теңіз және қабат суы (ілеспе су, өндірілетін мұнай) теңіз суын механикалық қоспалардан тазарту және оттегін шығару үшін дайындау қондырғысына беріледі.

Әрі қарай, қысымды ұстап тұру үшін айдау ұңғымаларын қолдана отырып, аралас теңіз және қабат суын айдау арқылы қабаттағы қысымның төмендеуіне қол жеткізіледі, осылайша су ұңғыманың аузына мұнай шығарады, осылайша оң көрсеткіштерге әсер етеді.

  • Ақтау қаласының аумағында «жылы жағажай» ауданында «Aktau Tourism City Ltd» туристік-қонақ үй кешенінің құрылысы (68 млрд тг, 635 жұмыс орны, инвестор Түркия). 2020 жылғы 30 шілдеде пайдалануға берілді.

Мультипликативті әсері:

«Барлығы қамтылған» жүйесі бойынша Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз бес жұлдызды қонақ үй.

Демалыс пен ойын-сауыққа арналған заманауи кешеннің (бассейн, аквапарк, әр түрлі санаттағы нөмірлер, таза құмды жағажай) есебінен ол Маңғыстау облысына туристердің қосымша ағынын тартады, бұл Қазақстанның бүкіл әлемде танымалдығын арттыруға мүмкіндік береді және осылайша қосымша пайда әкеледі: инвестициялар, қосымша жұмыс орындары, барлық деңгейдегі бюджеттер үшін — қосымша салықтар, төлемдер, алымдар мен баждар. Көлік қызметтері, фото-бейнетүсірілім қызметтері, ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру және т. б. сияқты ШОБ дамыту.

Бүгінгі таңда 140-тан астам шағын компаниямен келісімшарттар жасалды, бұл клинингтік қызметтер, көлік және логистика көлемінің ұлғаюына, сервистік көрсетілетін қызметтердің жақсаруына, ауыл шаруашылығын дамытуға оң әсер етті.

Риксос ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өндірушілерден, соның ішінде жергілікті өндірушілерден сатып алады. Риксостың ашылу уақытында келесі өнімдермен қамтамасыз етілді: сүт және сүт өнімдері (49 тонна), жемістер мен көкөністер (84 тонна), ет және ет өнімдері (50 тонна), май өнімдері (9,5 тонна), бакалея өнімдері (23 тонна), алкогольді және алкогольсіз сусындар (500 000 литрден астам).

  • «OSS Kazakhstan» ЖШС мұнай кәсіпшілігі және бұрғылау жабдықтарын өндіру цехы (жоба құны – 1,1 млрд теңге, 50 жұмыс орны). 2020 жылғы 15 желтоқсанда пайдалануға берілді.

Мультипликативті әсері:

Кәсіпорында заманауи жабдық, атап айтқанда ТМД-дағы жалғыз лазерлік станок пайдаланылады, ол қазақстандық өнімді — мұнай жабдығы мен мұнай өндіруші компанияларға арналған жинақтауыштарды шығаруға мүмкіндік береді. Бұл импортты алмастыруды дамытуға, жергілікті қамтуды дамытуға, өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. 

  • Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кешенін жаңғырту (2-кезең) «Mangystau OiL Refining» ЖШС (жобаның құны – 2 млрд теңге, 50 жұмыс орны). 2020 жылғы 31 желтоқсанда пайдалануға берілді.

Мультипликативті әсері:

Мұнай-химия кешенінде заманауи технологиялық және экологиялық нормаларға сәйкес келетін қазіргі заманғы жабдық пайдаланылады, бұл жоғары сапалы өнім — мазут, дизель отыны, пеш отыны, тікелей айдау бензинін шығаруға мүмкіндік береді. Бұл Маңғыстау облысының отандық өндірістегі дизель отыны мен бензинге қажеттілігін қамтамасыз етуге және қазақстандық қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады.

  • «Onis Petroleum» ЖШС мұнай-химия кешенінің құрылысы (жобаның құны 7,5 млрд теңге, 30 жұмыс орнын құру). 2020 жылғы 31 желтоқсанда пайдалануға берілді.

Мультипликативті әсері:

Мұнай-химия кешенінде қазіргі заманғы технологиялық және экологиялық нормаларға сәйкес келетін заманауи жабдық пайдаланылады, бұл жоғары сапалы өнім — мотор майларын, мұнай-химия өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Бұл импортты алмастыруды дамытуға, Маңғыстау облысының отандық өндіріс өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, қазақстандық қамтуды ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

  • «ОралМұнайӨнеркәсіп» ЖШС шағын газ поршеньді электр станциялары базасында «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС үшін электр энергиясын өндіру (жобаның құны – 5,4 млрд теңге, 50 жұмыс орны). 2020 жылғы 1 желтоқсанда пайдалануға берілді.

Мультипликативті әсері:

Кәсіпорында Германия мен Оңтүстік Корея өндірген заманауи өнеркәсіптік генераторлар қолданылады. «Шағын газ поршеньді электр станциялары базасында «ҚазГӨЗ» ЖШС үшін электр энергиясын өндіру» жобасын іске асыру «ҚазГӨЗ» ЖШС электр энергиясының шығындарын жылына 1 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

 

Үш ауысымда оқыту мәселесін шешу үшін 3 мектеп пайдалануға берілді

Облыс бойынша 311 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда 36,5 мың бала қамтылған. Бүгінгі күні 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100%-ды құрайды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 66,3%-ды құрайды.

1 499 орындық 7 жекеменшік мектеп ашылды, оның 4-уі Ақтау қаласында (Айжұлдыз – 34 орын, Зере – 130 орын, Өркен – 300 орын, Жайсаң бала – 300 орын), 3-уі Мұнайлы ауданында (Смарт-ілім – 525 орын, Білімді Қазақстан – 110, Лагерь – 100).

Облыс бойынша үш ауысымда оқытатын 15 мектеп (2019-2020 оқу жылында – 18 мектеп) бар. Үш ауысымда оқыту мәселесін шешу үшін 3 мектеп пайдалануға берілді: Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында 600 орындық, Мұнайлы ауданының Батыр ауылында 960 орындық, Қарақия ауданының Жетібай ауылында 300 орындық мектеп.

Орта білім беру саласында карантиндік шектеулер кезеңінде қашықтан оқытуды қамтамасыз етуге басты назар аударылды.

Биылғы оқу жылының III тоқсанынан бастап облыс мектептерінде оқыту үш форматта жүргізіледі:

  • 1-5 сыныптар контингенті 61 355 оқушыдан тұратын кезекші сыныптарда оқиды;
  • 9 және 11-сыныптар 16 757 оқушы контингентімен аралас форматта оқиды (пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан);
  • штаттық режимде 3 570 оқушы контингенті бар негізі 300 орынға дейінгі 34 мектеп (оның ішінде 11 жекеменшік мектеп) оқиды.

77 737 оқушы қашықтан білім алады.

Облыстың барлық мұқтаж оқушылары мен педагогтары компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Осы мақсатта республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 32 829 компьютер құрылғысы сатып алынды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен республиканың жоғары оқу орындарында білім алу үшін жалпы білім беретін мектептер мен колледждер түлектеріне облыс әкімінің 170 гранты бөлінді.

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында облыстың ауылдық елді мекендерінде 434 жас маман 113 млн теңгеге көтерме жәрдемақы алды, оның ішінде 207 адам 833 млн теңгеге тұрғын үйге бюджеттік несие алды.

 

2020 жылы туберкулезбен ауыру көрсеткіші азайды

Жалпы облыс бойынша денсаулық сақтау саласында 26 мемлекеттік және 33 жеке меншік медициналық мекеме жұмыс істейді.

«Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының» мәліметтеріне сәйкес 12 айдың қорытындысы бойынша:

  • 2020 жылы нәрестелер өлімінің деңгейі 1000 тірі туғандарға шаққанда 8,1 промиллені құрады (2019 ж. — 9,6);
  • ана өлімінің деңгейі 2020 жылы 100 мың туылғандарға шаққанда 36,8 құрады (2019 ж. — 6,6);
  • 2020 жылы туберкулезбен ауыру 100 мың тұрғынға шаққанда 46-ға дейін азайды (2019 ж. — 52,2).

2020 жылы 100 төсектік облыстық онкологиялық диспансер жұмыс істей бастады (құрылысы НКОК компаниясы есебінен жүргізілді) және 200 төсектік модульдік инфекциялық стационар іске қосылды.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін Ақтау қаласының 17 шағын ауданында «ЯСИН» медициналық орталығы іске қосылды.

2020 жылы денсаулық сақтау саласында коронавирус инфекцияcымен күресу шараларына баса назар аударылды.

Жалпы инфекцияның алдын алу мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарында барлығы 1727 төсек-орын дайындалды, бүгінгі күні төсек-орындарды жұмыспен қамту 25%-ды құрайды. Қазіргі уақытта облыстың инфекциялық және провизорлық стационарларында 260 ӨЖЖ аппараты, 638 оттегі концентраторы, 24 рентген аппараты жұмыс істейді.

Жалпы пандемиямен күреске республикалық және жергілікті бюджеттерден 4,8 млрд теңге бағытталды. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылды. ӨЖЖ, УДЗ және рентген аппараттары, пациенттің мониторлары, компьютерлік томограф, жеке қорғаныс құралдары және т. б. сатып алынды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 52 бірлік, ал жергілікті бюджет есебінен 34 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды. Облыстың жедел және шұғыл медициналық көмек қызметі санавтокөлікпен 100% қамтамасыз етілген.

Медициналық қызметкерлердің қонақ үйлерде тұруы және тамақтануын ұйымдастыру қамтамасыз етілген. Бұрынғы перзентхана ғимараты мен облыстық аурухананың оттегі беру жүйесіне жөндеу жүргізілді. Дәрілік заттардың тұрақтандыру қоры құрылды.

Медициналық мекемелерді жабдықтау да демеушілік қаражат есебінен жүргізілді. Өткізілетін іс-шараларға жер қойнауын пайдаланушы компаниялар мен жеке компаниялар айтарлықтай қолдау көрсетті. Облыс әкімдігін НКОК, Маңғыстаумұнайгаз, Қаражанбасмұнай, Өзенмұнайгаз, Қарақұдықмұнай және басқа да ірі компаниялар қолдады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 33 денсаулық сақтау нысанында құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа 1,5 млрд теңге бөлінді. Бағдарламада барлық аудандар мен қалалардың ауруханалары, Ақшұқыр, Сайын Шапағатов, Бостан, Сайөтес, Басқұдық, Атамекен және Қызылсай ауылдарының дәрігерлік амбулаториялары қамтылған.

 

Қазіргі эпидемиологиялық жағдай

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысындағы жағдай тұрақты. Өңір «жасыл» аймақта тұр. Жағдайды бақылауда ұстау және сырқаттанушылар санының өсуіне жол бермеу үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін өңірде арнайы құрылған мониторингтік топтар жұмыс істейді.

2020 жылғы 17 тамыздан бастап облыста 24 мониторингтік топ құрылды, 956 рейд және 3356 объектіге мониторинг жүргізілді. Рейдтер барысында 155 объектіде карантиндік талаптардың бұзылғаны анықталды, 138 әкімшілік хаттама жасалды. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер – 24, жеке тұлғалар – 113, заңды тұлғалар – 1.

2020 жылы індеттің екінші толқынына дайындық аясында Маңғыстау облысында 200 орындық заманауи модульдік инфекциялық стационар салынды. 2 452 инфекциялық және 131 реанимациялық төсектері бар тағы 11 стационар барлық қажетті жабдықтармен толық жабдықталған және резервте тұр.

Медициналық мекемелер 260 ӨЖЖ аппаратымен, сондай-ақ 638 оттегі концентраторымен қамтамасыз етілген. Өңірде 7 компьютерлік және 4 магниттік-резонанстық томограф, 2 жылжымалы медициналық кешен, сондай-ақ 1 жылжымалы зертхана бар. Өңірдің жедел жәрдем автомобиль паркі 85 санитарлық көлікпен толықты және 100% жаңартылды.

Осы жылдың 26 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста І-ІІ деңгейдегі инфекциялық стационарларда 112 адам ем алуда. Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, 112 пациенттің 44-інде ПТР-талдау нәтижелері оң нәтиже көрсетті.

Қазіргі уақытта 97 науқастың жағдайы орташа ауыр, 10 науқас ауыр жағдайда, 5 науқас өте ауыр жағдайда жатыр.

Реанимациядағы пациенттердің жағдайы тыныс алу жеткіліксіздігімен және созылмалы аурулармен байланысты. Облыс бойынша төсек қорының жүктемесі 25%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда өңірде 444 инфекциялық төсек, 54 реанимациялық төсек орны пайдаланылуда. ҚР азаматтары мен шетелдіктер үшін ПТР талдауынсыз 270 карантиндік төсек орны ашылды.

Маңғыстау облысы халқының қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы өнімдердің оперативтік қорын қалыптастыру мақсатында «Каспий» ӘКК» АҚ 300 млн теңге бөлді. Құрылған жұмыс тобының шешімі бойынша өңірдің екі компаниясына — «ФАЙЗ-2016» ЖШС және «АДА Фарм-Ақтау» ЖШС — 0,01% пайыздық мөлшерлемемен 100 млн теңгеден несие бөлінеді. Сатып алынатын дәрілік заттарды облыстың басқа дәріханаларының да сатып алу мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта бұл екі компания 60 млн теңгеге қаражат сатып алды. Бұл негізінен қызу түсіретін дәрілер, антикоагулянттар, антибиотиктер, бронходилататорлар (бронхолитик), антигистаминдер, анестетиктер. Қалған қаражатқа қосымша дәрі-дәрмектерге тапсырыс беріледі.

 

Қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдар желісінің үлесі 94% құрайды

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды.

2020 жылы 110 км жол салынды және орташа есеппен 264 км жөнделді. Бұл —  «Ата жолы 1-2 кезең» автожолын қайта жаңарту, Бейнеу ауданының Бейнеу және Маңғыстау ауданының Сайөтес, Түпқараған ауданының Атамекен және Баутино ауылдарында жолдар салу және т. б.

Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 7,8 млрд теңге бөлініп, 30 жоба іске асырылып, 1 382 адам жұмысқа орналастырылды.

2020 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бейнеу, Ақшұқыр, Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық ауылдарында 46,1 км жол салынды және 47,4 км жолға орташа жөндеу жүргізілді.

Қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдар желісінің үлесі бүгінгі күні 94%-ды құрайды.

 

Жаңа аумақтарды электрмен және газбен үздіксіз және сенімді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде

Жалпы өңір бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау қалаларда 100%-ды, ауылдық елді мекендерде 92%-ды, қалаларда орталықтандырылған су бұру 93,1%-ды, АЕМ-де 3,8%-ды, облыс бойынша электрмен жабдықтау 100%-ды, газбен жабдықтау 98,9%-ды құрайды.

2020 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау бойынша 17 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 7,2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша көрсеткішке қол жеткізу үшін 79,3%-ға дейін (58 АЕМ-нен 46 АЕМ) биыл Мұнайлы ауданының Қызылтөбе және Бірлік ауылдарында 1-ші жобаны іске асыру аяқталады.

Су бұру және ағынды суларды тазарту жүйелерімен тек Ақтау және Жаңаөзен қалалары жабдықталған. АЕМ-де негізінен септиктер қолданылады. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде АЕМ-де орталықтандырылған су бұрумен 3,8%-ға дейін қамтамасыз ету бойынша 2020 жылға арналған жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу үшін биыл 3 жоба іске асырылуда, оның ішінде Маңғыстау ауданының Шетпе ауылындағы кәріз желілері мен КТҚ, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылындағы кәріз желілері. Сонымен қатар 2020 жылы Құрық ауылында 2 мың адамды, Мұнайшы ауылында 800 адамды, Қарақия ауданының Жетібай ауылында 960 адамды қамтитын су бұру желілерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. 

Облыс орталығын жағалау аймағына қарай және солтүстік-батыс бағытта кеңейту жаңа аумақтарды үздіксіз және сенімді электрмен және газбен жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешуді талап етеді.

Бұл бағытта 110-6 кВ (құны 1,6 млрд теңге) «Хазар» құрылысы жалғасуда, «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырының 4-ші желісінің құрылысына ЖСҚ әзірленді.

Қазіргі уақытта аймақты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті болып отыр. Маңғыстау облысында ауыз су тапшылығын жою мақсатында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Осы бастамалардың бірі — Ақтаудағы «Каспий» тұщыландыру зауытының қуатын тәулігіне 40 мың м3 дейін арттыру жобасы. Қазіргі уақытта жоспар әзірленді, ол бойынша жұмыс басталып кетті. Осылайша, осы жылдың мамыр айында тәулігіне қуаты 5 мың м3 ауыз су өндіретін қондырғы пайдалануға берілетін болады. Бұл алдағы жаз айларында халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. 

Мұнайлы ауданының Баянды ауылында тұщыландыру қондырғысын іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол 3 жылдан бері жұмыс істемейді. Сонымен қатар тәулігіне 3 мың м3 қуаттылығымен қосымша тұщыландыру қондырғысының құрылысы басталды. Іске қосу мерзімі – 2021 жылдың ақпан айы.

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігімен бірлесіп «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС тұщыландыру қондырғыларын қайта құру жобасын іске асыру және қуаты тәулігіне 24 мың м3 қосымша қондырғы салу жөніндегі жұмыс келісілді. 2021 жылы жергілікті бюджетте тиісті қаражат қарастырылған. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін конкурс өткізу рәсімі бойынша жұмыс басталды.

Кендірлі курорттық аймағында қуаттылығы тәулігіне 50 мың м3 болатын тағы бір тұщыландыру зауыты пайда болады. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Өңірде экология саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен, қауымдастықтармен және жұртшылық өкілдерімен бірлесіп, 2021-2025 жылдарға арналған «Маңғыстау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасы» әзірленді. Оның аясында 36 түрлі іс-шаралар мен акциялар өткізіледі. Олардың барлығы ҚТҚ-ны сұрыптаудың, қайта өңдеудің, кәдеге жаратудың, қауіпті қалдықтарды жоюдың, қала маңындағы ірі кәсіпорындардың шығарындыларын азайтудың ең заманауи әдістерін қолдануға, көгалдандыру мен экологиялық насихаттау мен ағартуға бағытталатын болады. 

Мысалы, «Қошқар Ата қалдық қоймасын қалпына келтіру жобасы». 2020-2025 жылдарға аумақты зерттеу және қалдық қоймасының айналасында ауданы 150 га (ұзындығы 15 км, ені 100-150 м) жасыл қорғаныш аймағын құру жөніндегі жұмыс жоспары әзірленді. Қазіргі уақытта ауданы 40 га жасыл аймақ құру үшін конкурс жарияланды, жұмыстар жақын арада басталады.

 

Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді

Бұған дейін қабылданған 2016-2020 жылдарға арналған бағдарлама сәтті аяқталды. Қазіргісі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа форматта әзірленді. Өңірді дамытудың негізгі басымдықтары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қазіргі ахуалға мониторинг жүргізу деректері ескерілді, бұдан басқа, аудандар мен қалалар тұрғындарына ауызша сауалнама жүргізу нәтижелері назарға алынды.

Бағдарлама үш негізгі бағытпен қамтылған: «Экономика өсімі», «Жайлы және қауіпсіз өңір», «Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету».

Бірінші бағыт орнықты экономиканы дамытуды көздейді және экономиканы дамыту мен әртараптандыруға, қолайлы бизнес-орта мен инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, өнеркәсіптік және инновациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталатын болады.

Экономиканың перспективалы салаларын дамыту есебінен, ал бұл өңдеу өнеркәсібі, көлік, логистика, АӨК дамыту және туризм — орташа жылдық өсу қарқыны қамтамасыз етілетін болады. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және реконструкциялау бойынша жұмыс жалғасады.

Өңдеу өнеркәсібінде отандық және шетелдік инвесторлардың (Сингапур, Қытай, Түркия, Әзірбайжан) қатысуымен шамамен 268 млрд теңге сомасына, 1300-ден астам жұмыс орнын құрумен шамамен 17 жоба іске асырылады.

АӨК-тің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мал шаруашылығы үшін жемшөп базасын дамытуға, жалпы ауданы 437 га 5 агрозон құруға баса назар аударылатын болады.

«Еңбек» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру үшін жыл сайын микрокредиттер беру жалғасады және т. б.

1-бағытты іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнім көлемінің өсуі 2019 жылғы 3,6 трлн теңгеден 2025 жылға қарай 4 трлн теңгеге дейін жетті.

Екінші бағыт — «Жайлы және қауіпсіз аймақ».

Алдағы 5 жылда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында шамамен 3,5 млн м2 тұрғын үй енгізу жоспарлануда. Нәтижесінде 2025 жылға қарай бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету 25,5-тен 27,2 м2-ге дейін ұлғаяды. Екінші маңызды мақсат — халықты ауыз сумен қамтамасыз ету. Бұл үшін бағдарлама мыналарды көздейді:

  • Жалпы ұзындығы 664 км 21 елді мекенде жекелеген учаскелердің сумен жабдықтау желілері мен жүйелерінің құрылысы;
  • «Каспий» тұщыландыру зауытын кеңейту және жаңғырту, Баянды ауылында және Форт-Шевченко қаласында тұщыландыру қондырғыларын салу;
  • Кендірлі курорттық аймағында және Қаражанбас кен орнында бірқатар тұщыландыру зауыттарының құрылысы. Сонымен қатар МАЭК аумағында тұщыландыру қондырғыларын ауыстыру жоспарланған.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай халық 100% сумен қамтамасыз етілетін болады.

2025 жылға дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 99,8%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Үшінші бағыт — «Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету».

Бұл бағытта инвестициялық жобаларды, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру есебінен жылына 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруды ескере отырып, халықты жұмыспен қамтуды арттыру жоспарлануда.

Ауылдарда кемінде 7 дәрігерлік амбулатория ашу, 6 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізу, Ақтау қаласында 400 төсектік көпбейінді қалалық аурухана салу, жастардың денсаулық орталықтарын ашу жоспарлануда.

Үш ауысымды оқытуды жою бойынша жұмыс жүргізіледі, 15 120 орындық 17 білім беру нысанының құрылысы жоспарлануда. 5 жыл ішінде 26 спорт нысанын пайдалануға беру көзделген.

Бүгінде ауылды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, ол үшін «Өңірлерді дамыту», «Ауыл ел бесігі» секілді мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын жаңғыртуға, оларды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізуге қаражат бөлінеді. 2025 жылы ауылдық елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі 62,6%-дан 98,4%-ға дейін ұлғаяды.
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу