IT саласындағы гранттар, бюрократиядан арылту — Қазақстанда цифрландыру қалай дамып жатыр

Цифрландыру жөніндегі ұлттық жоба аясында Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың жоғары білікті IT-маманын даярлау жөнінде өршіл міндет қойды.

Бүгінгі таңда жаңа технологиялардың дамуы жағдайында заманауи IT-индустрияның қыр-сыры жылдам өсу қарқынына ие. Еліміз үшін ақпараттандыруды дамытудың айқындаушы перспективасы – жаңа буынның ІТ-мамандары дайындаған бірегей ақпараттық өнімдер мен технологияларды әзірлеу. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 100 мың жоғары білікті IT-маманды даярлау үшін бірқатар міндеттер мен іс-шараларды әзірледі. Бірінші кезекте:

  • 20 заманауи бағдарламалау мектебін ашу;
  • IT бағдарламалау мектептеріне 20 мың ваучер (оқуға грант) бөлу;
  • бейінді университеттердің өңірлік университеттерге қамқорлығы.

Министрлік IT-мамандарды жаппай даярлауға IT мектептерді тарту жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді. 2021 жылы 6 жаңа IT мектебі ашылды. 2022 жылы тағы 5 мектеп ашу жоспарда бар. ІТ мектептер 2021 жылдан бастап өңірлерде ашылған.

Мысалы, Алматы қаласында «HackerU» мектебі, Ақтау қаласында «Da Vinci School» мектебі, Орал қаласында IT хаб негізінде мектеп, Жезқазған қаласында «Zhez-IT» мектебі, ал Павлодарда ERG компаниясы мен Павлодар облысының әкімдігі демеушілік көрсеткен С. Торайғыров университетінің базасында, сондай-ақ «Шаг» компьютерлік академиясы ашылды.

IT мектептер мен студенттерді мемлекеттік қолдау мақсатында Министрлік «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қоры базасында IT мектептерге ваучерлер (гранттар) бөлу тетігін әзірледі.

2021 жылы пилоттық жоба ретінде 13 IT мектепке 100 грант берілді, ал 2022 жылы IT мектептерге 2000-3000 грант беру жоспарда бар. 1 ваучердің құны 600 мың теңгені құрайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі гранттар бөлуді қаржыландыруды алдын ала мақұлдады.

Сонымен қатар 2025 жылдың аяғына дейін 20 000 білім грантын беру осы кезеңде 20 000 студентті оқытуға мүмкіндік береді, бұл орайда IT мектептерде әрбір грант үшін тағы екі студентті оқыту сияқты қарсы міндеттемелер болады.

Жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыру ЖОО түлектерінен басқа, білікті IT-мамандарының санын 2023 жылға қарай 9000-ға (3000 ваучер + әрбір алынған ваучерге +2 студент дайындау бойынша IT-мектептердің міндеттемесі), 2025 жылдың соңына қарай 60000-ға (20000 ваучер + әрбір алынған ваучерге +2 студент дайындау бойынша IT-мектептердің міндеттемесі) ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, жасалған және жасалып жатқан жағдайлар ҚР-дағы жеке бағдарламалау мектептерінің өсу қарқынына, оның ішінде шетелдік IT мектептердің филиалдарын ашуға оң әсерін тигізетінін атап өткен жөн.

Бұл тетік IT-мамандарды сапалы даярлау және бейінді ЖОО-лардың тәжірибесін қолдану, сондай-ақ өңірлік ЖОО-лардың деңгейін арттыру мақсатында өңірлік ЖОО-лардың бейінді ЖОО-лармен ынтымақтастық орнатуына бағытталған. Бейінді университеттердің тәжірибесін ескере отырып, аталған шаралар профессор-оқытушылар құрамын оқытуға, бейінді университеттер командасымен бірлесіп, өңірлік университеттерде оқытудың өзекті бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ өңірлік университеттер студенттерінің академиялық мобильділік бағдарламасына қатысуына мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Astana IT University 3 өңірлік ЖОО-мен меморандум жасасты, атап айтсақ: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті. 

Бұдан басқа, 100 мың жоғары білікті IT-маманды даярлау үшін Министрлік 2021-2025 жылдарға арналған білікті IT-мамандарды даярлаудың жол картасын әзірледі, онда ТжКБ 17000 студентті, жоғары оқу орындары – 40000 студентті, IT-мектептер – 40000 және IT-компаниялар 3000 студентті оқытады.

 

«Қағазбастылықты» азайту

Қазіргі таңда жаңартылған Тізілімде 692 мемлекеттік қызмет бар, оның 90%-дан астамы немесе 654-і электрондық форматта, 95,8%-ы Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылады. 

2021 жылы «Egov» порталы арқылы 52 млн қызмет алынды. 2020 жылдың сәйкес кезеңінде 52 млн астам қызмет көрсетілді. Бұл үрдіс қолданыстағы пандемиялық шектеулермен түсіндіріледі, соның салдарынан электрондық қызметтер саны бірнеше есе өсті. 2021 жылы порталда 1,3 млн астам пайдаланушы тіркелген. Пайдаланушылардың жалпы саны 12,7 млн тең.

Мемлекеттік корпорацияның қамқорлығымен 331 ХҚКО жұмыс істейді. 2021 жылы 17,5 млн астам қызмет көрсетілді. 2020 жылдың сәйкес кезеңінде 16,3 млн астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мамандандырылған ХҚКО 2021 жылы 4 млн астам қызмет көрсетті, 1 млн астам жүргізуші куәлігі берілді, оның ішінде көлік құралдарын тіркеу және одан алу – 2,9 млн астам, 5,8 млрд теңгеден астам сомаға 20 мыңнан астам МТНБ берілді.

Өткен жылы шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін мобильдік ХҚКО-лар 7,2 мыңнан астам рет барып, 34 мыңнан астам өтініш қабылданды.

«Connection Point» секторында 2021 жылы азаматтар өз бетінше 15 млн астам мемлекеттік қызмет алды.

Мүмкіндіктері шектеулі жандардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде ашықтық пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік корпорация 38 мыңнан астам қызмет көрсетті, оларға бару саны 40 мыңнан астамды құрады. Мемлекеттік корпорация 2021 жылы 4,5 млн ЭЦҚ берді, оның ішінде 529 мыңнан астамы жеке куәлік беру және 4 млн-нан астамы – онлайн растау.

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі 2021 жылы 98,2%-ды құрады. 2022 жылы ВАК-тың 1 отырысы өтті, өткен 2021 жылы 8 ВАК отырысы өтті, онда 36 қызмет түрі қаралды.

Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде 34 анықтаманы талап етуді алып тастау мүмкіндігі қосылды, оның ішінде: 

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен 15 анықтама алып тасталды;

2) мәліметтер формасына анықтамалардың 19 түрі көшірілді.

Сондай-ақ Министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында Заңдар мен Кодекстерге түзетулер топтамасын әзірледі, бүгінгі күні Заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда.

MGov мобильдік қосымшасында «Е-лицензиялау» МДҚ қызметтерін ескере отырып, 500-ге жуық қызметтер мен сервистер жүзеге асырылды («Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының көрсеткішіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қызметтердің 70%-ы смартфондарда қолжетімді). EGov mobile қолданушыларының саны 6 млн-ды құрайды, 2021 жылы 19 млн қызмет көрсетілді.

Қызметтердің қолжетімді болуын оңтайландыру үшін ведомство әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді «egov mobile» ақпараттық жүйесіне көшіру жөніндегі жоспарды бекітті. Қазіргі таңда аталған жоспарға сәйкес Министрлік уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, «egov mobile» ақпараттық жүйесін одан әрі дамыту, яғни мобильдік байланыс құралдары арқылы сервистер қосу және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс жүргізуде. Осы жұмыс шеңберінде бүгінгі таңда «egov mobile» ақпараттық жүйесінде 125 қызмет пен сервис қолжетімді. Бүгінгі күні Жоспарда қарастырылған барлық қызметтер «egov mobile» тесттік ортасында іске асырылған.

 

«Smart Bridge» жобасын іске асыру

2020 жылғы наурызда әртүрлі ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың оңайлатылған тәртібін қамтамасыз еткен «Smart Bridge» интеграциялық платформасы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Интеграция процесінде көптеген құжаттық материалдарды ресімдеуді қарастыратын бұған дейін болған қолайсыз рәсім жойылды. Ақпараттандыру объектілерінің иелері Smart Bridge-де өздерінің ақпараттық жүйелерінің сервистерін жариялау мүмкіндігіне ие, олар арқылы ақпараттық қауіпсіздіктің барлық талаптарын ескере отырып, кейіннен өзге жүйелермен интеграциялау жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі таңда платформада мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және жеке секторлардың 197 ақпараттық жүйесінің 1 073 сервисі жарияланды.

Smart Bridge-дің жұмыс істеу кезеңінде әртүрлі ақпараттық жүйелер арасындағы 1477 интеграцияны тұрақты пайдалануға беру қамтамасыз етілді. 

Интеграция мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректерді тұрақты түрде өзектендіруге мүмкіндік берді, оларды толтыру процестерін автоматтандырды, кейбір сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді халық арасында танымал сыртқы платформаларға шығарды. Сондай-ақ интеграция есебінен жеке және заңды тұлғалардан әртүрлі анықтамалық және өзге де мәліметтерді талап етпейтін, қызметтер көрсету процестері оңтайландырылды.

 

E-өтініш

ҚР ЦДИАӨМ көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жылдамдығын жақсарту мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда жаңа жүйені өрістету жұмыстарын аяқтады, іске асыру барысында 180 мыңнан астам қызметкер оқытылды.

Барлық өңірде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының базасында өтініштерді қабылдауға толық дайын 259 орталық құрылды.

Жаңа жүйе арқылы өтініштерді қабылдау биылғы 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің күшіне енуімен жүзеге асырылады.

Биылғы 5 мамырдан бастап жаңа жүйеде және дәстүрлі электрондық құжат айналымы жүйесінде өтініштерді кезең-кезеңмен қабылдау және қатар тіркеу жұмыстары басталды. Жаңа жүйеде мемлекеттік органдарға келіп түскен 580 мыңнан астам өтініш тіркелген.

Пилоттық режимде Президент Әкімшілігіне «Aitu» қосымшасындағы жаңа жүйенің мобильді нұсқасы таныстырылды, пысықтау және өнеркәсіптік пайдалануға беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Big Data технологиясын пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде өтініштерге мониторинг жасау, сондай-ақ өтініштердің кез келген сатысында қаралуын бақылау мүмкіндігі енгізілуде.

Осы жұмысты тиімді орындау мақсатында Президент Әкімшілігі басшысының 2021 жылғы 5 мамырдағы №21-63-17.85 тапсырмасы бойынша азаматтардың өтініштерін қарау жұмысының жаңа форматын түсіндіру үшін, оның ішінде ӘРПК шеңберінде өңірлерге барып, мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан арнайы ақпараттық-түсіндіру топтары ұйымдастырылды.

 

1414 бірыңғай байланыс орталығы 

Бірыңғай байланыс орталығының жұмысы аясында 692 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беру мүмкіндігі ұйымдастырылды, бұдан басқа Орталық «электрондық үкімет» порталының сервистері бойынша кеңес береді (egov.kz, elicense.kz).

Сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, вакциналау, Ashyq қосымшасы, Е-otinish жүйесі, ХҚКО қызметі туралы ақпарат алуға, ХҚКО-да көрсетілген қызметке шағым қалдыруға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуге өтінім беруге болады.

Өткен жылы Бірыңғай байланыс орталығы (ББО) 24 млн астам өтінішті қабылдап, өңдеді. 2022 жылдың басынан қазірге дейін ББО 2,7 млн өтінішті қабылдап, өңдеді, оның ішінде 1,8 млн-ы дауыстық хабарлама.

Бұған қоса атқарылған жұмыс шеңберінде, ЦДИАӨМ Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл және Қостанай қалаларында 5 алаңда ББО бөлімдерін ұйымдастырды. Дауыстық және жазбаша байланыс арналары – онлайн чат, электрондық пошта арқылы кеңес беруге 353 қызметкер жұмылдырылды.

Сонымен қатар фронт офистерде 63 виртуалды ассистент кеңес береді. 

2022 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша желідегі қоңырауларды күтудің орташа уақыты – 29 секунд, мәзірден кейін тоқтап қалған қоңыраулардың пайызы және 30 секунд күту – 4,9%, пайдаланушылардың қанағаттануы, яғни қазіргі уақытта пайдаланушының орташа бағасы бес балдық шкала бойынша 4,78 баллды құрайды.

Сонымен қатар ведомство әдістемелік материалдарды, диалог құрылымы бойынша талаптарды, жұмыс кезінде операторларға қойылатын талаптарды, операторлар үшін әңгімелесу скрипттерін әзірледі, сапаны бақылау үшін бағалау критерийлері айқындалды.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Қостанай облыстарының ББО бөлімдерінің басшыларымен тренинг-семинарлар өткізілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінде желідегі қоңырауларды күтудің орташа уақыты 23 секундты құрайды. Мәзірден кейін тоқтатылған қоңыраулардың пайызы және 30 секунд күту – 4%. Пайдаланушылардың жалпы қанағаттануы 4,84 баллды құрады.

Материалдық ынталандыру мақсатында операторларға кесімді-сыйлықақылы еңбекақы төлеу жүйесі енгізілді, есептеу кезінде сандық көрсеткіштер де, сапалық көрсеткіштер де ескеріледі. 

Материалдық және материалдық емес ынталандыру теңгерімін сақтау үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі уәждемелік іс-шаралар әзірледі.

 

«SMART DATA UKIMET» АТЖ жобасы бойынша жұмыстар

SDU – кестелер, графиктер және көрнекі панельдер түрінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі жөніндегі талдамалық ақпаратты ұсынатын, көрсеткіштердің нұсқалық болжамды есептеулерін орындайтын және сценарийлік болжамдау модельдерінің кешенін әзірлеу үшін қажетті үлкен деректердің бірыңғай кеңістігі.

Бүгінгі таңда SDU-ға орталық мемлекеттік мекемелер мен кейбір әкімдіктердің (ЦДИАӨМ, ДСМ, ҚМ, ЕХӘҚМ, ИИДМ, ӘМ, БҒМ, ҰЭМ, ЭГТРМ, Алматы қаласының әкімдігі) 58 ақпараттық жүйесі бойынша тарихи деректер жүктелді, 2022 жылдың соңына дейін МО 9 АЖ қосу жоспарланып отыр, SDU дамыту үшін жобалауға арналған тапсырма әзірленіп, бекітілді.

Қолда бар деректердің негізінде 2021 жылы мынадай кейстер іске асырылды:

1) Келесі модульдерді іске асыра отырып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлердің әлеуметтік жағдайына талдау жасау және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету скорингі»:

  • Өңірлердің әлеуметтік жай-күйін талдау (Өңірлердің әлеуметтік жай-күйі көрсеткіштерінің мониторингі жынысы, жасы, еңбекке қабілеттілігі бойынша, сондай-ақ орташа табысы бойынша, ауылдық округтерге дейінгі бөліністегі демографиялық көрсеткіштерді көрсетеді);
  • «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын көрсету скорингі (бағдарламалардан өткеннен кейін қатысушылардың жалақысын ұлғайту үшін Еңбек МБ-дан белгілі бір бағдарламаны дәл таңдауға мүмкіндік беретін Еңбек МБ шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларына қатысушыларды скорингтеу үшін болжамды модель әзірлеу);

2) Төмендегілей модульдерді іске асыра отырып, «COVID-19-ға қарсы шаралар тиімділігінің мониторингі»:

  • Вакциналау картасы. Күн сайын өңірлерде, аудандарда және елді мекендерде ДСМ және ӘМ деректер базасынан тікелей вакцина алғандардың мониторингі өзектендіріледі;
  • 1000-нан астам қызметкері бар ірі жұмыс берушілер бойынша вакциналауға талдау. Күн сайын еліміздің әрбір ұйымында тікелей ДСМ және «ТӨҰ» ААЖ деректер базаларынан вакцина алған қызметкерлердің мониторингі өзектендіріледі;
  • Картадағы ASHYQ-тан оқиғаларды онлайн бақылау. Бұл функция ел бойынша ASHYQ қосымшасының пайдаланылуын мәртебе бойынша (көк, жасыл, сары, қызыл) картадағы мекен-жайларға дейін сағат сайын көруге мүмкіндік береді;
  • «АХАЖ»-дағы жағдай. «АХАЖ» АЖ-дан туу, өлім, неке қию, ажырасу бойынша фактілердің мониторингі;
  • ЦДИАӨМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін вакциналауға мониторинг. Күн сайын Министрлікке ведомстволық бағынысты әрбір ұйымда вакцина алған қызметкерлердің мониторингі тікелей ДСМ және «ТӨҰ» ААЖ дерекқорларынан өзектендіріледі;
  • ҚТЖ ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін вакциналауға мониторинг. ҚТЖ-ның әрбір ведомстволық бағынысты ұйымында вакцина алған қызметкерлерге тікелей ДСМ және «ТӨҰ» ААЖ дерекқорларынан мониторинг жүргізу;

3) Төмендегідей модульдерді іске асыра отырып, «ЖАО үшін SDU мониторингтік орталығы»:

  • Өңірлердің денсаулық сақтау саласы;
  • Агроөнеркәсіп кешені. Қаржы министрлігінің деректер базасынан басқа елдермен АӨК-тің барлық өнімдері бойынша өңірлердің экспортын/импортын көру мүмкіндігі;
  • Ауылдық округтер;
  • «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасынан жылжымайтын мүлік бойынша талдау. Мақсаты бойынша жылжымайтын мүлік объектілерінің санын мониторингілеу: тұрғын, тұрғын емес. Тұрғын үйдің шаршы метрінің егжей-тегжейлі анықтамасы және елді мекендерге дейін онда тұратын адамдардың тығыздығы, сондай-ақ тұрғын емес жылжымайтын мүлікке топтар бойынша егжей-тегжейлі талдау көрсетілген: ауруханалар, діни орындар және т. б.;
  • E-Otinish-ке талдау.

4) «Қала халқына станциялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету» (Медициналық көмек көлемін жоспарлауды автоматтандыру);

5) Қайтыс болғандарға әлеуметтік жәрдемақылардың төленуіне талдау (Қайтыс болған адамдарға төленген жәрдемақылардың саны мен сомасын, төлемдердің түрлері, өңірлер бөлінісінде талдау және анықтау).

Сондай-ақ өткен жылы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін SDU-дағы деректермен жұмыс істеу бойынша оқыту ұйымдастырылды. 

«Smart Data Ukimet» құралдарымен жұмыс жасауға оқыту үшін жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен Жобалық команда құрылды.

 

Жаңа платформалық модель бойынша

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Цифрландыру министрлігі Қазақстан Республикасында ауқымды цифрлық трансформацияны жүргізуге негіз болатын жаңа платформалық модельге көшу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Әлемдегі тұрақсыз сыртқы саяси жағдайларды ескере отырып, Министрлік платформалық шешімдерді іске асырудың ықтимал нұсқаларын зерделеуде.

Сонымен қатар қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық әсерді талдауды, қаржы-экономикалық модельді, сондай-ақ цифрландырудың платформалық моделіне көшу шеңберінде платформа құруға арналған техникалық параметрлерді қамтитын жобалау-техникалық құжаттамаларды әзірлеу жұмысы ұйымдастырылды.

Ғарыштық байланысты дамыту бойынша

Шалғай елді мекендерде кең жолақты интернет желісін қолжетімді етудің жаңа трендтерін ескере отырып, OneWeb және SES компанияларымен бірлесіп, 2021 жылғы 4-тоқсанда мүдделі мемлекеттік органдардың сараптамалық жұмыс тобы үшін демонстрациялық сынақтар өткізілді. 

Жалпы Қазақстан аумағында 617 АЕМ-ді қамтамасыз ету үшін ГЕСЖ жүйесін 2023 жылы іске қосу жоспарланған.

Салық кодексі шеңберінде радиожиілік спектрі үшін төлемақының жылдық мөлшерлемесінің азаюына негізделген байланыс операторларының міндеттемелеріне сәйкес, байланыс операторлары дербес немесе топтасқан түрде босатылған қаражатты байланыс сапасын жақсарту жөніндегі жобаларды қаржыландыруға бағыттайды.

Осылайша, байланыс операторлары 2022 жылдың соңына дейін байланыс сапасын жақсарту жоспарланып отырған 362 АЕМ 250+ тізімін ұсынды, оның ішінде 2021 жылы – 255 АЕМ, онда бүгінгі күні 269 АЕМ сапасы жақсарды.

Қазіргі уақытта Министрлік елімізде 5G технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

ҚР Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 31 тамыздағы сырттай отырысының хаттамасына сәйкес, байланыс операторлары 5G стандартының бесінші буынының мобильді байланысын тестілеуді ұйымдастыру құқығына ие болды:

1) «Қазақтелеком» АҚ — Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының аумағында 3650-3750 МГц диапазонында; 

2) «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Кселл» АҚ және «Кар-Тел» ЖШС — 3700-3800 МГц диапазонында белгілі бір орындарда – Алматы қаласының сынақ абоненттік терминалдары аумағында.

Қазақстанда 2022 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар қалаларда, 2023-2025 жылдары облыс орталықтарында 5G желілерін іске қосу жоспарланып отыр.

 

Операторлардың жауапкершілігін күшейту үшін айыппұлдар өседі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары байланыс және интернет қызметтерін сапасыз көрсеткені үшін байланыс операторларына айыппұлдарды 100-ден 1000 АЕК-ке дейін ұлғайту бойынша «ҚР ӘҚБтК-ге байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды. Құқық бұзушылық қайталанған кезде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштеріне, сондай-ақ байланыс қызметтері сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесіне өзгерістер енгізілді. Бұл құжаттар техникалық өлшеулер жүргізу кезінде құқықтық негіз саналады.

Сондай-ақ Комитет оператор «кемінде 70%-дан кемінде 80%-ға дейін» мәлімдеген деректерді беру кезінде тіркелген байланыс желілері арқылы Интернетке қол жеткізу қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне өзгерістер енгізеді. Өзгерістердің қабылдануы халықтың байланыс және сапалы интернет қызметтерін алу құқықтарын қорғауға бағытталған.

 

Бәсекелестікті және мемлекеттік субсидияны дамыту

Ауылдық жерлердегі байланыс қызметтері нарығындағы бәсекелестікті дамыту және байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі әмбебап байланыс қызметтері операторларының залалдарын субсидиялау тетігін жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №238 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті, байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі байланыс операторларына қойылатын талаптарды, байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін жүктеу тәртібін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.

Қаулы жобасында байланыстың әмбебап қызметтерінің тізбесіне өзгерістер енгізу көзделеді:

- қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с бастап 8 Мбит/с-қа дейінгі Интернет желісіне жеке қол жеткізу қызметтері;

- қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с-тан астам талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша Интернет желісіне жеке қол жеткізу қызметтері;

- Интернет желісіне жеке қол жеткізу қызметі бойынша субсидияланатын абоненттерді қоспағанда, жергілікті телефон байланысы қызметтері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №963 қаулысымен қабылданды.

Байланыс сапасы жөніндегі бұйрық және байланыс сапасының параметрлерін өлшеу әдістемесі

Биыл «Байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы №410 бұйрығына және «Байланыс қызметтері сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 327 бұйрығына өзгерістер енгізілді:

- Интернетке қол жеткізу қызметтерінің сапасы көрсеткіштерінің номенклатурасы кеңейтілді. Ұялы байланыстың жаңа стандарттарының пайда болуымен және мобильді трафик көлемінің өсуімен деректерді жүктеу жылдамдығының мәндерін көрсете отырып, ұялы байланыс арқылы деректерді беру қызметтерін нормалау енгізілді;

- тіркелген байланыс желілері арқылы Интернетке қол жеткізу қызметтерінің сапа көрсеткіштерін нормаға келтіру енгізілді. Деректерді беру жылдамдығының көрсеткіші абоненттің тарифтік жоспарында көзделген ең жоғары мәннің кемінде 70%-ын құрайды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралары аясында ауқымды іс-шаралар кешені іске асырылуда. ЦҚМБ 5 бағыттан, 17 тапсырмадан, 125 іс-шарадан тұрады.

Мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға 4 жыл ішінде республикалық бюджет қаражатынан 61,1 млрд теңге игерілді.

«Экономика салаларын цифрландыру» 1-бағытының аясында ОЭК және ТМК кәсіпорындарында цифрлық технологияларды енгізу жүргізіліп жатыр, онда өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарын технология тұрғысынан қайта жарақтандыру Индустрия 4.0 элементтерін қолдана отырып жүргізіледі.

«Цифрлық мемлекетке көшу» атты 2-бағыт аясында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, денсаулық сақтауды, әлеуметтік-еңбек жұмысын, құқық қорғау жүйесін, Smart city және т. б. цифрландыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді.

«Цифрлық «Жібек жолын» іске асырудың» 3-бағыты бойынша кең жолақты Интернетке жаппай қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

Карталарды цифрландыру және деректер базасын ашу

«Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы (ҰКДИ)» бюджеттік инвестициялық жобасы бойынша:

2021 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында кеңістік деректерінің ұлттық инфрақұрылымын құру бойынша жұмыстар басталды.

ҰКДИ аясында 1942 жылғы координаттар жүйесінің орнына мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік, гравиметриялық желілер жаңғыртылады және QTRS (Qazaqstan Terrestrial Reference System) бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесі орнатылады, ашық пайдаланудың бірыңғай цифрлық картографиялық негізі құрылады. ҰКДИ-ды іске асыру кезеңі – 2021-2024 жылдар.

2021 жылы орындалды:

- 11 пункт салу, Іргелі астрономиялық-геодезиялық желінің (ІАГЖ) 11 референц станциясын орнату;

- 75 пункт салу, Жоғары дәлдікті геодезиялық желінің (ЖДГЖ) 75 референц станциясын орнату;

- Мемлекеттік іргелі гравиметриялық желінің (МГрЖ) 11 пунктін салу;

 - 1-санаттағы мемлекеттік гравиметриялық желінің (МГрЖ-1) 43 пунктін салу.

- 1-санаттағы мемлекеттік нивелирлік желінің 2150 км ұзына бойы нивелирлеу;

- «Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету» жобалық ақпараттық жүйесін құру.


Картографиялық қамтамасыз ету бойынша

Бүгінгі таңда ҚР аумағының 65%-ы бойынша масштабы 1:25 000 цифрлы топографиялық карталар жасалып, жаңартылды.

Масштабы 1:2 000 цифрлы топографиялық жоспарлар құрылды, оған 68 қала кірді. Атап айтқанда, олардың қатарында 3 республикалық маңызы бар қала, 14 облыс орталығы, 1 ірі қала (Семей), 26 моноқала, 24 шағын қала, 61 аудан орталығы және 331 ауылдық елді мекен бар.

 

Ғарыш индустриясын дамыту – перспективалар мен жоспарлар

2021 жылы саланың ғарыш жүйелері штаттық режимде жұмыс істеді, қойылған міндеттер тұтастай шешілді. Отандық спутниктерді топтастыру 5 ЖҚЗ және байланыс ғарыш аппараттарынан тұрады.

Байланыс спутниктері бойынша техникалық аудит және «KazSat-2» байланыс аппаратының ресурстарын 2026 жылғы желтоқсанға дейін екі жылға ұзарту бойынша жұмыстар кешені жүргізілді. Осыған ұқсас «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» ЖҚЗ жерсеріктерінің ресурстары 2023 жылдың соңына дейін екі жылға ұзартылды. Ғарыш аппараттарының ресурстары жыл сайын расталып, қажет болған жағдайда одан әрі ұзартылады.

 

Ғарыштық мониторинг

Бүгінде мемлекеттік органдар ЖҚЗ ғарыш аппараттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 40-тан астам міндетті шешу үшін ғарыштық мониторинг жүргізуде.

Мәселен, 2021 жылы 391 мың өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесі, 1,1 млн га пайдаланылмайтын егістік жер, 2641 ағаш кесу полигоны, 7353 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды.

 

«Байқоңыр» кешені бойынша

Жалға берілген ғарыш айлағы штаттық режимде жұмыс істейді. 2021 жылы 14 іске қосу жүзеге асырылды, оның аясында біздің ведомстволық бағынысты кәсіпорнымыз экологиялық мониторингті жүзеге асырды.

Сондай-ақ қаржылық міндеттемелерді орындауға қатысты РФ тарапынан ғарыш айлағы үшін жалдау ақысы 2021 жылы уақытылы түскен.

Сондай-ақ Ресей Федерациясымен келісімдерге сәйкес спутниктерді поляр маңындағы орбиталарға ұшыру үшін Союз-2 зымыран тасығыштары үшін жаңа құлау аймағы ашылды.

ЦДИАӨМ қамқорлығымен «Байқоңыр» кешені бойынша Үкіметаралық комиссияның жетінші отырысы өтті, онда мүдделі мемлекеттік органдар әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және өндірістік сипаттағы 18 мәселені қарады.

 

Отандық ғарыш ғылымын дамыту

Шарттық міндеттемелер аясында «Бәйтерек» БК» АҚ «Байтерек» ғарыш зымыран кешенін құру бойынша жобаны іске асырып жатыр, аяқтау мерзімі – 2023 жылдың соңына дейін.

Эскиз жобасын әзірлеу барысында Роскосмоспен бірге «Союз-5» зымыран тасығышының коммерциялық тартымдылығын жақсартатын шешімдер қабылданды.

Бұл жағдайлар эскиз жобасын тапсыру мерзімінің 4 айға кейін шегерілуіне әкелді, нәтижесінде кешен құру аясындағы жұмыс кезеңдері 2022 жылға ығысты. Алдағы уақытта жобаны іске асыру кестесін 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ өткен жылдың қаңтар айында Министрлік 5 елдің қатысуымен ТМД Ғарыш жөніндегі кеңестің екінші отырысын өткізді, ғарыш қызметіне қатысушы елдердің өзара іс-қимылына қатысты 14 мәселе қаралды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Байқоңыр» ғарыш айлағының перспективалары» тақырыбы бойынша талдамалы зерттеулерді аяқтады, нәтижелері «Әділет» ақпараттық жүйесінде жарияланды.

Ғарыш саласының 10 іс-шарасы мен 2 көрсеткіші «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс»ұлттық жобасына енгізілді.

Отандық қамтуды оқшаулауды арттыру және саланың ғылыми-техникалық әлеуетін арттыру жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру аясында 2021 жылы 2021-2023 жылдарға арналған 4 бағыттағы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру басталды.

Ғарыш саласының проблемалық мәселелерін шешу бойынша 2022 жылға арналған жол картасы бекітілді.


Біліктілікті арттыру, шетелде оқу және практикадан өту – кадр базасын дамыту

Мемлекет басшысы елімізде инженерлік-техникалық білім беруді жетілдіруге қатысты бірнеше рет айтқан болатын. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мынадай бағыттар бойынша ғарыш саласы үшін мамандар даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде:

  1. Байқоңыр қаласында орналасқан Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалында және «Болашақ»халықаралық бағдарламасы бойынша Қазақстанның бес базалық жоғары оқу орнында мамандар даярлау;
  2. ғарыш саласы мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

Бірінші бағыт бойынша. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың басым бағыттары бойынша базалық білім беру ұйымдарының тізбесіне ғарыш саласы үшін мамандар даярлау бойынша базалық ЖОО ретінде мынадай 5 оқу орны айқындалды:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унвиерситеті;
  • Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
  • Алматы энергетика және байланыс университеті;
  • Азаматтық авиация академиясы.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған жоғары оқу орындарында ғарыш саласы үшін кадрлар даярлау 3 мамандық бойынша жүзеге асырылады: «Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану», «Авиациялық техника және технологиялар» және «Ғарыштық техника және технологиялары».

Сондай-ақ ғарыш саласы кадрларын даярлау «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында жүзеге асырылады.

ҚР БҒМ мәліметтері бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында ғарыштық мамандықтар бойынша қазіргі уақытта 13 адам білім алып жатыр. 2005-2020 жылдары ғарыш саласы бойынша бакалавриат, магистратура және тағылымдама бағдарламалары бойынша 113 адам оқуын аяқтады.

1996 жылдан бастап Байқоңыр қаласында орналасқан Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалында Қазақстан Республикасының ғарыш саласы үшін қазақстандық азаматтарды оқыту жүргізілуде. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі МАИ-дың «Восход» филиалында студенттерді оқыту үшін жыл сайын 45 грант бөлу қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда 185 қазақстандық студент, олардың ішінде 75-і ҚР БҒМ мемлекеттік тапсырысы, 90-ы РФ федералдық бюджеті, 20-сы өз қаражаты есебінен білім алып жатыр.

Екінші сұраққа қатысты. «Ғарыш саласы кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы аясында Министрлік жүйелі негізде 2009 жылдан бастап біліктілікті арттыру мақсатында оқыту семинарларын және 2012 жылдан бастап ғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары бойынша шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастырады.

2019 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша Бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының аумағында 91 біліктілікті арттыру семинары өткізілді, онда 1396 маман оқудан өтті және Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Англияның, Германия Федеративтік Республикасының, Корея Республикасының, Сингапурдың жетекші шетелдік ғарыш орталықтарында 118 маман үшін 17 тағылымдама ұйымдастырылды.

Өкінішке орай, 2020 жылдан бастап COVID-19 пандемиясына байланысты бағдарламаға бөлінетін қаражат қысқартылды. Бүгінгі таңда Қазғарыш ғарыш саласы кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламасын жаңарту мәселесін пысықтап жатыр.

Ғарыш саласы мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру кезіндегі қазіргі және келешек қажеттіліктерге талдау жүргізілді. Талдау көрсеткендей, бүгінгі таңда Қазғарыштың барлық ведомстволық бағынысты кәсіпорындары семинарлар мен шетелдік тағылымдамаларды қажет етеді. 697 сала мамандарының 367-сі (52,6%) Қазақстан Республикасының аумағында қайта даярлау және біліктілікті арттыру семинарларына мұқтаж. 697 сала мамандарының 105-і (15%) шетелдік жетекші кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуді қажет етеді.

Қазақстандық «Файервол» – цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ЦДИАӨМ қандай жұмыстар атқарып жатыр

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жаһандық цифрландырудың маңызды мәселелерінің біріне айналып жатыр.

Осы мәселелерді шешу үшін бүгінгі таңда «Қазақстанның киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасы іске асырылып жатыр, оның аясында киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша іс-шаралар кешені өткізілді, бұл Қазақстан 40-тан 31-орынға көшкен БҰҰ киберқауіпсіздік жаһандық рейтингісінде оң көрініс тапты.

Атап айтқанда, Комитет киберқауіпсіздік мәдениетін дамыту мақсатында тұрақты негізде халықтың киберқауіпсіздік қатерлері туралы хабардарлығын арттыру бойынша іс-шаралар жүргізуде, әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша халықтың хабардар болу деңгейі 75%-ды құрайды (2021 жылы – 78%).

2021-2022 жылдарға ақпараттық қауіпсіздік мамандығы бойынша білім беру гранттарының саны 2 632-ге дейін ұлғайтылды.

2020-2021 жылдар аралығында Ақпараттық қауіпсіздік саласында 542 маман шығарылды, 4 маман «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтті. Мамандықтар жіктеуішіне сәйкес киберқауіпсіздік мамандығы бойынша басым бағыт енгізілді.

АҚ саласында қайта даярланған мамандар саны артты, 2021 жылы АҚ саласында 4 177 маман ҚР Президенті жанындағы МБА базасында қайта даярлаудан өтті.

Сондай-ақ бүгінгі таңда министрлік бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, АТ және АҚ департаменттерінің қызметкерлерін компьютерлік шабуылдарға ден қоюға дайындау үшін алаң құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Киберполигон – киберқауіпсіздік мамандарын даярлау мақсатында шындыққа барынша жақындатылған кибер жаттығулар өткізуге арналған алаң.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында сапалы кәсіби қызметтер нарығын дамыту мақсатында 21 жеке Жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылды.

Бұдан басқа, ақпараттандыру объектілерінде ақпараттық қауіпсіздік бойынша қоғамдық бақылау тетігін ұсынатын BugBounty жеке осалдықтарды анықтау платформасы құрылды. BugBounty сайтында 697 киберқауіпсіздік бойынша тәуелсіз сарапшылар тіркелген, олардан осалдықтар туралы 1000-нан астам хабарлама алынды.

2022 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша тізілімге 56 отандық өндірушіден 173 АКТ өнімі енгізілді. Олардың ішінде бағдарламалық қамтамасыз етудің 45 түрі және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің 128 атауы бар.

2018 жылы мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарын және республиканың аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымын кибершабуылдар мен кибер жанжалдардан қорғауды қамтамасыз ететін Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығы (АҚҰҮО) құрылып, жұмысын бастады.

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді талдау, бағалау, болжау және алдын алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздіктің салалық жедел орталығы құрылды.

Қазіргі уақытта шамамен 150 ақпараттық жүйе сынақтанн өтті және «Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынау нәтижелері бойынша акт беру» мемлекеттік қызметі бойынша актілер алды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласын оңтайландыру мақсатында ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақ актісін алуға электрондық лицензиялау веб-порталы арқылы өтінім беру рәсімі енгізілді.

Бұдан басқа, бүгінгі күні Комитет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес «Қазақстан киберқалқаны-2» киберқауіпсіздік тұжырымдамасының жаңа нұсқасының жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірлегенін атап өткен жөн.

Аталған құжаттың жобасында дербес деректердің тарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту, отандық бағдарламалық қамтамасыз етуді дамыту, қазақстандық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану және шетелдік әлеуметтік және медиа-платформалардың қызметін реттеу мәселелері бойынша негізгі іс-шаралар, сондай-ақ киберқауіпсіздік саласындағы Қазақстан сарапшыларының пікірі мен халықаралық тәжірибесін ескере отырып, киберқауіпсіздіктің негізгі сын-қатерлері көрініс тапқан.

Осыған байланысты бүгінгі күні жоғарыда аталған жоба Министрліктің Заң департаментінде қаралуда. Министрліктің Заң департаментімен түпкілікті келісілгеннен кейін жоба МОИП бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге енгізілетін болады. Жобаның жаңа редакциясын 2022 жылдың екінші жартыжылдығында қабылдау жоспарланып отыр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу