Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, инвестициялар: Алматы облысының 2020 жылғы даму қорытындысы

Сенбі, 27 Наурыз 2021, 09:11:18

Қазақстанның таулары, құмдары, ормандары мен жазықтары, өзендері мен көлдері әсемдігімен көз тартқан табиғаты таңғажайып өңірлерінің бірі пандемия мен карантин шараларына қарамастан, 2020 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша өсу серпінін сақтап қалды.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың қатысуымен биыл 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр А. Мамин Алматы облысын әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің көпшілігінің оң өсу қарқыны бойынша көшбасшы өңірлердің қатарында атап өтті. Республикадағы аса ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушінің өткен жылдағы дамуының негізгі нәтижелері қандай болғаны және ағымдағы жылға қандай жобаларды жоспарланғаны туралы шолудан оқыңыздар.

Жалпы 2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 3 343,5 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101%.


Өнеркәсіп өндірісі 2,3% өсіммен 1 трлн 168 млрд теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2,3%-ға артып, 917,8 млрд теңгеге жетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4% өсіммен 680,7 млрд теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2019 жылға қарағанда 6,8%-ға өсіп, 310,2 млрд теңгені құрады. 6,9% өсіммен 957,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жалпы, 2020 жылы 60 682 жұмыс орны құрылды, оның 33 409-ы – тұрақты жұмыс орны.

Пандемия және мемлекеттік қолдау шаралары

Әрине, көрсеткіштердің серпінді өсуіне тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қолдау мен бірқатар маңызды жобаларды іске асыру көп жағдайда ықпал еткені сөзсіз.

Жыл қорытындысы бойынша Алматы облысында шектеу шараларына қарамастан экономикалық дамуда өсім сақталғанын сеніммен айтуға болады. Оған мемлекеттің тұрақты қолдауының және бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырудың арқасында қол жеткізілді.

Мәселен, Индустрияландыру картасы аясында 2 818 жұмыс орны құрылған 128,7 млрд теңге сомасына 20 нысан пайдалануға берілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде басым жобаларды жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша 85,2 млрд теңге сомасына 254 жоба пысықталуда, оның ішінде 56,1 млрд теңге сомасына 183 жоба мақұлданды.

«Бизнестің жол картасы» аясында кәсіпкерлікті қолдауға 7,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде «Даму» КДҚ» АҚ-мен бірлесіп «Жетісу» ШОК қаржыландырудың өңірлік бағдарламасы іске қосылды, оның шеңберінде бизнесті қолдау үшін 1 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар «Еңбек» бағдарламасы бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 6,2 млрд теңге бөлінді. Барлығы 1286 адам 5,6 млрд теңгеге шағын несие алды. «Еңбек» бағдарламасы аясында гранттарға қосымша 419 млн теңге бөлінді. 

Пандемия кезінде, әсіресе, шағын және орта бизнес зардап шекті. Дағдарысқа қарсы уақтылы қабылданған шаралардың арқасында 119 мың бизнес субъектісі салықтық ынталандырулар алды, 641 субъектіге 24 млрд теңге кредиттерінің төлемін кейінге қалдыруға мүмкіндік жасалды.

Жеке секторда 6,5 мың жалға алушыға жалға алу төлемі 30%-дан 90%-ға дейін төмендетілді, бизнестің 690 субектісі коммуналдық меншік мүлкін жалға алу төлемдерінен толық босатылды.

Өңірдегі халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына тұрақты түрде қолдау көрсетілді. Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемді 665,8 мың адам жалпы сомасы 28,3 млрд теңге, карантиндік режим кезеңінде 368,2 мың адам жалпы сомасы 15,6 млрд теңге алды.

Бүкіл елімізбен қатар облыста да Экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспары қабылданды. Жоспарға инвестициялар тарту, агроөнеркәсіптік кешенді, өңдеу өнеркәсібін, шағын және орта бизнес пен сауданы дамыту жөніндегі шаралар енгізілген.

Облыс экономикасының одан әрі дамуы және өсуін қамтамасыз ету үшін орта мерзімді перспективада Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада үш бағыт бойынша 25 индикаторға қол жеткізу көзделген: «Өңір экономикасының өсуі», «Өмір сүруге қолайлы және қауіпсіз аймақ» және «Өмір сүрудің жаңа сапасын қамтамасыз ету».

Осы бағдарлама шеңберінде Алматы облысында экономиканың тұрақты дамуын жыл сайын орта есеппен 4%-ға қамтамасыз ету көзделіп отыр. Осылайша, жалпы өңірлік өнім 2025 жылға қарай 5 трлн теңгеге жетпек. 

Ол үшін өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсаты алға қойылған. Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық портфеліне 5,4 трлн теңгеге 546 жоба енгізілді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 2021-2025 жылдары төрт жарым мың жұмыс орнын құра отырып, инвестициялар көлемі 690 млрд теңге болатын 37 жоба іске асырылады. Олардың арасында трансұлттық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылатын ірі жобалар да бар. Атап айтқанда, Іле ауданында ұсақ малды терең өңдейтін «Жетісу қой», Қапшағай қаласында ірі қара мал етін өңдейтін «Тайсон фудс», Кербұлақ және Ұйғыр аудандарында «Прима құс», «Кәусарагро» құс фабрикалары, Еңбекшіқазақ ауданында «Жетісу вольфрамы» кен өңдеу зауыты, Сарқан ауданында «Kunkuat» жел электр станциясының құрылысы сияқты жобалар бар. Соның нәтижесінде шикізаттық емес экспорт көлемі жыл сайын 8%-ға, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 6%-ға артады.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығында басымды дақылдар егістігінің көлемі ұлғайтылады. Он үш ауданда 30 мал бордақылау алаңы мен 22 сүт-тауарлы фермасын құру жоспарланып отыр. Осының бәрі 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 1,3 трлн теңгеге, еңбек өнімділігін 2,5 есе өсіріп, 6 млн теңгеге жеткізуге мүмкіндік береді.

Өңір экономикасындағы локомотивтердің бірі ретінде туризмге де зор мән берілген. Қолдау шараларының арқасында туристік ағын 2025 жылға қарай 3,5 млн адамға жетеді, бұл бюджеттің кіріс бөлігіне қомақты үлес қосатын болады.

Жалпы, Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыруға 3,5 трлн теңге қарастырылған, оның 2 трлн 300 млрд теңгесі – бюджеттік, 1 трлн 200 млрд теңгесі – жеке қаражат.

 

Өнеркәсіп

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының аралығында өнеркәсіптің көлемі 1 трлн 168 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 162,8 млрд теңгеге артық.


Өңдеу өнеркәсібінде 1025 млрд теңгеге өнім өндіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда 146,7 млрд теңгеге ұлғайған. Бұл ретте жалпы көлемдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 87,8% құрайды, бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш.

Салалар бойынша мынадай салаларда өсім байқалады: тамақ өндірісі – 3,5%, сусын өндірісі – 2,3%, фармацевтика – 10,2%, металлургия – 8,5%, машина жасау – 30,9%-ға өскен.

«RG BRANDS Kazahstan» ЖШС мен «Кока Колла» сусындарының өндірісін арттыру, «Хамле Компани ЛТД» кондитерлік өнімдерінің ірі өндірушісі ассортиментін және өткізу нарықтарын кеңейту, «Азия АгроФуд» АҚ-ның ұн өндірісі мен «Маревен Фуд Тянь-Шань» өнімдерін шығару көлемдерін көбейту, «ТГПК» ЖШС қайта өңделген шойын көлемін арттыру арқылы көлем өсімі қамтамасыз етілді.

Жүйе құраушы кәсіпорындар 143,7 млрд теңгеге немесе 30,8% өсіммен 609,5 млрд теңгеге өнім өндірді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 42 жаңа кәсіпорын іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 18 өнеркәсіптік кәсіпорында өндіріс кеңейтілді, 1 500-ге жуық жұмыс орны құрылды.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2020 жылы 917,8 млрд теңгені құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен 24,2 млрд теңгеге артық, 2019 жылғы деңгейге қарағанда нақты көлем индексінің өсімі 2,3% деңгейінде.

Облыста 40,4 млрд теңгеге 34 инвестициялық жоба аяқталды, 19,3 млрд теңгеге 23 жоба іске асыру сатысында. Нәтижесінде 2020 жылы АӨК негізгі капиталына салынған инвестициялар легі 80 млрд теңгені (ауыл шаруашылығы – 58 млрд, тамақ өнімдері – 27 млрд теңге) құрады.

2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі 968,5 мың га болды, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 6,9 мың га артық. Атап айтқанда, дәнді дақылдар алаңы – 13,4 мың га, оның ішінде дәндік жүгері – 4,6 мың га, қант қызылшасы – 2,1 мың га, картоп пен көкөніс – 1,6 мың га және жемшөп дақылдары –  4,8 мың га кеңейтілді.

Тауар өндірушілер 175,4 мың тонна тұқыммен қамтылған, оның ішінде жоғары өнімді тұқымдардың үлесі – 98,7%. Облыста аттестатталған 39 тұқым өсіру шаруашылығы мен питомник жұмыс істейді, оның 31-і – өндіруші және 8-і – шетелдік селекцияның тұқымын (көшеттерін) өткізушілер.

Ауыл еңбеккерлері үшін жанар-жағармай материалдарымен уақытылы қамтамасыз ету мәселесі үлкен маңызға ие. Жанар-жағармай материалдарын үздіксіз жеткізу шаралары қабылданды, соның нәтижесінде 2020 жылы 38,3 мың тонна дизель отыны сатып алынды, оның 26 мың тоннасы литріне 165,8 теңге жеңілдік бағамен алынды (нарықта 1 литрі 179/183 теңге). 

8,8 млрд теңгеге 948 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы (2019 ж. – 616 бірлік) сатып алынды, оның ішінде 6 сервистік-дайындау орталығын жинақтау үшін 86 бірлік техника жергілікті бюджет есебінен (1,1 млрд теңге) сатып алынды.

Сонымен қатар өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суару 1001 га жерге енгізілді.

5,1 га жылыжай іске қосылды (Қарасай ауданында «Eurasian Green Produkt»  ЖШС), облыс бойынша барлығы 101,1 га жерде 100 нысан жұмыс істейді, бұл жылыжай өнімдері өндірісінің 6,2%-ға өсуін қамтамасыз етті.

1244 га жерге бақша салынды және бақтардың жалпы ауданы 24,7 мың га дейін жеткізілді (2019 ж. – 23,5 мың га). 2020 жылы көпжылдық екпелерді жыл сайын жаңарту мен қарқынды бақтардың дамыту нәтижесінде алдыңғы жылмен салыстырғанда жемістердің жалпы түсімі 16,6%-ға артты (барлығы 151 мың тонна жиналды).

Су шаруашылығында жергілікті бюджет есебінен 12 нысан жөнделді (1,6 млрд теңге), ИДБ қаржысы есебінен Ескелді және Ақсу аудандарында суару желілерін реконструкциялау, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде Талдықорған қаласындағы суару желілері, Көксу және Қаратал платиналары, сондай-ақ, Панфилов ауданының Өсек су торабында реконструкциялау жүргізілді.

Мал шаруашылығы саласында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 939 шаруашылық 74 мың бас мал сатып алды. Асыл тұқымды мал сапасын жақсарту үшін мал өнімділігін арттыру мақсатында шетелден 4,9 мың бас таза тұқымды ірі қара әкелінді.

Ұйғыр ауданында 29 мың тонна етке арналған ет бағытындағы «Оtаn Green Food» ЖШС және Іле ауданында жұмыртқа бағытындағы репродуктор «Наурыз Агро» ЖШС екі құс фабрикасы іске қосылды.

Облыста 2400 басқа арналған 6 сүт фермасы және 7 бордақылау алаңы (ІҚМ бойынша 6 – 920 басқа, ұсақ мал бойынша 1 – 7000 басқа) пайдалануға берілді, осылайша облыста олардың жалпы саны сәйкесінше 110 (77,5 мың басқа) және 82 (25,7 мың басқа) объектіге жеткізілді.


Соның нәтижесінде ет өнімдерін өндіру 2,2-ға, сүт өнімдері 3,2%-ға, жүн өндіру 3,4%-ға өсті.

Мал мен құс саны орта есеппен облыс бойынша 4,6%-ға, оның ішінде ІҚМ – 5,4%-ға, қой мен ешкі – 4,3%-ға, жылқы  – 8,3%-ға және түйе  – 2,1%-ға өсті.


Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласында 2019 жылға қарай тамақ өнімдерін шығару 3,5%-ға, оның ішінде ет өнімдерін шығару 9,2%-ға, балық өнімдерін өндіру 46,8%-ға, сүт өнімдерін өндіру 17,5%-ға, ұн тарту және крахмал өнімдерін өндіру 6%-ға өсті.

4 қайта өңдеу кәсіпорны іске қосылды, оның ішінде жылына 2500 тонна ақуыз майын шығаратын зауыт (Іле ауданында «АгриТех» ЖШС), 16 000 тонна соя майын өндіретін зауыт (Еңбекшіқазақ ауданында «Жетісу Соя»  ЖШС), жылына 60 мың тонна құрама жем зауыты (Панфилов ауданында «ССА Фид Милс»ЖШС), 400 тонна өсімдік майын шығаратын зауыт (Талдықорған қаласында «Агрокомплекс Жетісу Мажико ЖШС) іске қосылды. 

2020 жылғы қаңтар-қарашада  $165,1 млн-ға (01.12.2019 ж. – $135,7 млн) АӨК өнімі, оның ішінде $110,1 млн-ға өңделген өнім (01.12.2019 ж. – $91,2 млн) экспортталды, өсім тиісінше 23,6% және 20,6% құрады.

Қазіргі заманғы технологияларды енгізу жолымен еңбек өнімділігін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыру 2021 жылы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы негізгі міндет саналады.

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігін 2,5 мың га ұлғайту жоспарланып отыр және жалпы ауданы 971 мың га жеткізілетін болады.

Сонымен қатар дәндік жүгері алқабы 1,6 мың га (2020 ж. – 86,3 мың га, 2021 ж. жоспар – 88,1 мың га) және майлы дақылдар алқабы 3,2 мың га (2020 ж. – 154,7 мың га, 2021 ж. жоспар – 158 мың га) кеңейтіледі.

Қант қызылшасының егіс алқабы 16,3 мың га жеткізіліп, өткен жылға қарағанда 230 га ұлғайтылады (2020 ж. – 16,1 мың га, 2021 ж. жоспар – 16,3 мың га).

Қызылша өсіретін шаруашылықтардан 10 833 дана қант қызылшасы тұқымын жеткізуге 5 865 өтінім қабылданды.

Биылғы жылдың көктемгі егіс жұмыстарына шамамен 26 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы (16,9 мың трактор, 1,5 мың тұқым сепкіш және 7,1 мың жер өңдеу техникасы) тартылатын болады, олардың 70%-ы бүгінгі күні жөнделіп бітті.

Облыста 520 га жерге көпжылдық екпелердің көшеттерін, оның ішінде озық технологияларды қолдана отырып 120 га жерге қарқынды бақтар отырғызу көзделген.

Су шаруашылығы саласында биылғы жылы 11 нысанға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда, бұл 6 700 га жерді тартуға мүмкіндік береді.

Пайдаланылмай жатқан суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін облыстық бюджет есебінен (барлығы 16 аудан 3,3 млрд теңгеге) суару желілерін реконструкциялау бойынша 12 жобалық сметалық құжаттар әзірленді.

Мал шаруашылығында селекция арқылы өнімділікті арттыруға басымдық берілуде. Облыста асыл тұқымды мал мен құстың үлесін орта есеппен 25%-ға жеткізу жоспарлануда (ірі қара малын 19,5%-дан 20%-ға дейін; қойларды 23%-ға дейін; жылқыларды 16%-ға дейін; түйелерді 52%-ға дейін; құстарды 18,7%-дан 19%-ға дейін).

Биылғы жылы мал шаруашылығы саласында 26 млрд теңгеге 32 инвестициялық жоба іске асырылатын болады.

Бұдан басқа, 16 бордақылау алаңын (45 305 бас ірі қара мал, 2500 бас ұсақ мал) және 11 тауарлы сүт фермасын (3 330 бас) іске қосу көзделуде, барлығы 219 мал шаруашылығы объектісі жұмыс істейтін болады (126 бордақылау алаңы: ірі қара малына арналған 116 мың басқа 123, ұсақ малға арналған 9,5 мың басқа 3; 29 мың мал басына 93 сүт фермасы).

«Отаn Green Food» ЖШС-ның (Ұйғыр ауданы) қайта жаңғыртылған құс фабрикасы биылғы жылы қуаттылығының 60%-на шығуды жоспарлап отыр, бұл 17 мың тонна ет өндіруге мүмкіндік береді (2020 жылы – 5,9 мың тонна).

Сондай-ақ, «Наурыз Агро ЛТД» ЖШС-ның (Іле ауданы) жаңа құс фабрикасы биылғы жылдың ақпан айында 55 мың дана көлемінде инкубациялық жұмыртқаның бастапқы өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр, жыл соңына 32 млн данаға дейін жеткізілетін болады.

«Прима Құс»  ЖШС 37 мың тонна ет бағытындағы құс фабрикасының құрылысын бастайды.

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласында Еңбекшіқазақ ауданындағы «Frosco» ЖШС-ның сақтау объектісімен бірге жеміс-көкөніс өнімдерін қатыру кешеннің құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, Іле ауданындағы «Алатау Құс» ЖШС қуаттылығы сағатына 20 тонна өнім шығара алатын жемшөп зауытын салуды жоспарлап отыр.

Көксу қант зауытында құрақ қант желісі (жылына 12 мың тонна) іске қосылуға дайын, 7500 тонна шикізат әкелінді, ақпан айынан бастап өнім шығару жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Көксу ауданында қызылша жомын өңдейтін және түйіршіктелген жем шығаратын зауыт салу үшін жер телімі бөлінді. 

Озық технологияларды енгізбей еңбек өнімділігін арттыру, нарықта сұранысқа ие өнім шығаруды қамтамасыз ету мүмкін емес. Биылғы жылы шамамен 50 агроөнеркәсіптік субъектісін цифрландыру көзделген.

Осы шаралар есебінен биылғы жылы ауыл шаруашылығы өндірісін 2,5%-ға (918-ден 960 млрд теңгеге дейін), еңбек өнімділігін 18%-ға (2410-нан 2832 мың теңгеге дейін), тамақ өнімдерін шығаруды 4,1%-ға (281-ден 300 млрд теңгеге дейін), экспорт жеткізу көлемін 21%-ға ($180 млн-нан $220 млн дейін) арттыру жоспарланған.

 

«Қарапайым заттар экономикасы» 

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несие бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап облыста 85,2 млрд теңге сомасына 254 басым жоба пысықталуда, оның ішінде 56,1 млрд теңге сомасына 183 жоба мақұлданды. Оның ішінде АӨК саласында – 194 жоба (76,4%), тамақ өнеркәсібі - 18 жоба (7,1%), туризм және қызмет көрсету – 7 жоба (2,8%), жеңіл өнеркәсіп және ағаш өңдеу, қағаз – 3 жоба (1,2%), машина жасау және металлургия – 4 жоба (1,2%), жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдарын және фарфор мен фаянстан жасалған шаруашылық-тұрмыстық бұйымдар өндірісі, жүктерді қоймалау және сақтау – 20 жоба (7,9%), білім беру – 1,6%), химия өнеркәсібі және электр энергетикасы – 4 жоба (1,6%) бар.

Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер мен Агрокредит корпорациясы 56,1 млрд теңге сомасына 183 жобаны мақұлдады.

Бағдарлама аясында бірқатар ірі жобаларға қолдау көрсетілді, атап айтқанда  Ақсу ауданында қуаттылығы 150 мың тонна қант қызылшасын өңдейтін, 550 жұмыс орнын құратын «Ақсу Қант» ЖШС қант зауытын 90%-ға жаңғыртуға 4 млрд теңге кредит берілді; Панфилов ауданындағы «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС-ін 2,2 млрд теңге несие сомасына кеңейту, бұл өндіріс көлемін 40%-ға немесе айына 3 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік берді және қосымша 50 жұмыс орны құрылды; Көксу ауданындағы «Уыз май» ЖШС шикізат сатып алу үшін 3,5 млрд теңге сомасына қолдау алды және 20 жаңа жұмыс орны құрылды.

Кәсіпкерлердің жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасына қатысуы және халық тұтынатын тауарлар өндірісін ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғастырылады және тұрақты бақылауда.

 

Инвестициялар

Облыста инвестициялық салада үлкен жұмыс атқарылуда. Бүгінде Алматы облысы – жаңа мүмкіндіктері бар, инвестиция салуда тиімділік әлеуеті үлкен өңір.

Жалпы облыстағы инвестиция көлемініңөсімі оң сипатқа ие. Жыл сайын облысқа 500 млрд теңгеден астам инвестиция салынады. Мәселен, өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 680,7 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылғыдан 4%-ға жоғары (ҚР – 95,7%).

Коронавирус инфекциясы індетіне байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан 2020 жылы өңірде 3 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, 131,4 млрд теңгеге 42 жоба іске асырылды. 

Мемлекет басшысы 2019 жылдан бастап ЖІӨ-дегі инвестициялар көлемін 2025 жылға қарай 30%-ға дейін жеткізу жөнінде стратегиялық міндет қойды, бұл облыста өзіне алған міндеттемелер шеңберінде табысты іске асырылуда. Жалпы сомасы 273,5 млрд теңгеге ТОП-10 жоба анықталды, бұл өңірде бизнесті дамытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Өткен жылдан бастап 10 ТОП жобаның 7-інің құрылысы басталды. Олардың ішінде Қапшағай қаласындағы «Green Land Alatau» ЖШС жылыжай кешені (жалпы құны 44,8 млрд теңге), Ұйғыр ауданындағы «Прима Құс» ЖШС құс шаруашылығы кешені (жалпы құны 42,6 млрд теңге, 580 жұмыс орны), «Waste Energy Kazakhstan» ЖШС тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты, Іле ауданындағы «Zhetysu Koy» ЖШС ұсақ мал бордақылау, сою және терең өңдеу ет комбинаты (жалпы құны 12,6 млрд теңге, 450 жұмыс орны), Ескелді ауданы Қора өзеніндегі Қора ГЭС-3 «Қора ГЭС-і» ЖШС, Алакөл ауданындағы «Dostyk Trans Terminal» ЖШС-ның қайта тиеу терминалы (жалпы құны 8,2 млрд теңге,100 жұмыс орны), Іле ауданындағы «Nauryz Agro» ЖШС бройлер бағытындағы құс фабрикасы (жалпы құны 6,2 млрд теңге, 165 жұмыс орны).

Алматы облысын дамытудың инвестициялық құрамдас бөлігі қысқа мерзімді, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективаны да қамтамасыз етіп отырғанын атап өту қажет. Облыстың табысты іске асырылып жатқан инвестициялық жобалары оның экономикалық дамуының және өркендеуінің көрсеткіштері болып табылады.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізу, сондай-ақ ЖІӨ-ге қатыстыинвестициялар деңгейін 30%-ға дейін ұлғайту мақсатында 2025 жылға қарай Алматы облысының қалыптасқан инвестициялық жобалар пулы таяу болашақта (2-3 жыл) өңірге инвестициялардың орнықты легі тартылуына жағдай жасайды, қазіргі уақытта бұл 546 жобаны қамтиды (5,4 трлн теңге, 44 500 жұмыс орны), соның 313-і (1,9 трлн теңге, 16 500 жұмыс орны) іске асырудың түрлі сатысында тұр

Сонымен қатар, облыста инвесторларды тарту мен сүйемелдеудіңкешенді жүйесі құрылған. Инвесторларға жәрдем көрсету мақсатында 2014 жылдан бастап «Алматы облысының Өңірлік даму орталығы» ЖШС (бұдан әрі - Орталық) жұмыс істейді, ол «Бір терезе» және «Жасыл дәліз» қағидаттарына сәйкес фронт-офис функцияларын атқарады.

Инвестиция тарту мен халықаралық қатынастарды дамытуда белсенді жұмыс жүргізу үшін 2019 жылы Алматы қаласында (ҚР Қаржы және инвестициялық орталығы) «front-office» орталығы, сондай-ақ Талдықорған қаласында «follow up» қағидаты бойынша сүйемелдейтін «back – office» жұмыс істейді.

Заман ағымына қарай Орталық инвесторлармен өзара іс-қимылдың, ынтымақтастықтың тиімді схемасын әзірледі, бұл жоба бастамашысының азғантай күш-жігерімен инвестор мүдделерін білдіруге берген өкілеттіктер шеңберінде мемлекеттік органдардан қажетті келісімдер мен рұқсаттарды уақтылы алуға мүмкіндік береді. Инвесторларды толық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.

Бір ауысымда 2000 бас ірі қараның етін қайта өңдеуге қуатты америкалық ірі «Tyson Foods» компаниясының ет комбинатын (шамамен115 млрд теңге) салуды іске асыру мәселесін пысықтау - облысқа инвестиция тартудағы белсенді жұмыс көрсеткіштерінің бірі.

Сондай-ақ, 2020 жылы 161 (Талдықорған қаласының кеңсесінде 44 және Алматы қаласында 117) кездесу ұйымдастырылып, 345-тен астам өтініш өңделді, облыс басшылығының төрағалығымен «Kazseeds» ЖШС (жүгері тұқымын отырғызуды ұйымдастыру, жобаның құны $20 млн), «Прима Құс» ЖШС (құс фабрикасының құрылысы, жобаның құны 39 981 млн теңге), «OTAN GreenFood» ЖШС (құс фабрикасын реконструкциялау, жобаның құны 10 497 млн теңге) және т. б. ірі компаниялармен 14 жиын өткізілді. 

Бұдан басқа, инвестиция тарту шаралары шеңберінде invest.alm-reg.kz мамандандырылған инвестициялық порталы құрылды, ол ашық қолжетімділікте жұмыс істейді, оның қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мобильді нұсқалары бар. Порталда инвесторларға қажетті барлық ақпарат (мемлекеттік қолдау шаралары, жер учаскелерінің картасы, бос жер учаскелері, іске асырылатын инвестициялық жобалар, қонақ үйлер, екінші деңгейдегі банктер және т.б.) орналастырылған. Сондай-ақ Facebook, Instagram сияқты танымал әлеуметтік желілерде парақшалар жүргізіледі.

Осылайша, өңірде инвестиция тарту, инновациялар және инвестициялық жобаларды іске асырудың табыстылығы мәселелері орталықтандырылып, облыс басшылығының ерекше бақылауына алынды. Өңірдің инвестициялық портфелі аймақтың оң инвестициялық имиджін қалыптастыруда бюрократиялық кедергілердің туындауына жол бермеу үшін құрылған тетіктің (квазимемлекеттік құрылым шеңберінде) нәтижелілігін көрсетіп отыр. 

 

Шағын және орта кәсіпкерлік

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыру

Бүкіл ел бойынша тәрізді, пандемия кезінде облыста, әсіресе, шағын және орта бизнес зардап шекті. Үкімет дағдарысқа қарсы уақтылы қабылдаған шаралардың арқасында 119 мың бизнес субъектісі салықтық ынталандырулар алды, 641 субъектіге 24 млрд теңге кредиттерінің төлемін кейінге қалдыруға мүмкіндік жасалды. Жеке секторда 6,5 мың жалға алушыға жалға алу төлемі 30%-дан 90%-ға дейін төмендетілді, бизнестің 690 субектісі коммуналдық меншік мүлкін жалға алу төлемдерінен толық босатылды.

Алматы облысында 2020 жылдың қорытындысы бойынша 123 181 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 813 субъектіге көп.

Шағын және орта бизнес секторында 261,8 мың адам жұмыс істейді, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 3,3% құрайды.

Қаңтар-қыркүйекте өнім шығару көлемі 1125,3 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 8,5%-ға жоғары (1036,8 млрд теңге). 2020 жылы өнім шығарудың күтілетін көлемі 1 611,3 млрд теңге (НКИ-100,9%). ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесі 2019 жылы 33,6% құрады.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ШОБ субъектілерінен бюджетке 124,2 млрд теңге түсті, бұл 2019 жылдың деңгейінен 11 млрд теңгеге жоғары (2019 жылы  – 113,2 млрд теңге).

Сонымен қатар ШОБ-ты қолдаудың жүйелі шараларын қамтамасыз ету мақсатында облыста «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

«БЖК-2025» аясында 2020 жылға 7,7 млрд теңге бөлінді.

Оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 2,3 млрд теңге бөлінді. 01.01.2021 жылғы жағдай бойынша 100% игерілді, 51,8 млрд теңге жалпы кредиттік сомаға 262 жоба мақұлданды, 447 жұмыс орны құрылды. 

Ішінара кепілдік беруге 1,2 млрд теңге бөлінді. 01.01.2021 жылғы жағдай бойынша бұл қаржы 100% игерілді. 4,7 млрд теңге кепілдік сомасына 287 жоба мақұлданды, 380 жұмыс орны құрылды.

Гранттар ұсыну бойынша 222 млн теңге бөлінді. Конкурстық комиссия 183 жұмыс орны құрылатын 99 жобаны мақұлдады (1-кезең – 33 жоба, 2-кезең – 66 жоба).

Жетіспей жатқан инфрақұрылымдарды жүргізу бойынша 22 нысанға 4 млрд теңге (РБ – 2,2 млрд теңге, ЖБ – 1,8 млрд теңге), оның ішінде «Қайрат» индустриалды аймағында 4 жобаны іске асыруға 1,9 млрд теңге бөлінді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша «БЖК-2025» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 58,6 млрд теңге болатын жалпы кредиттік сомаға 670 жоба қаржыландырылды, оларда 1 000-нан астам жұмыс орны құрылып, 2 000-нан астам жұмыс орны сақталды.

Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде «Даму» КДҚ» АҚ-мен бірлесіп «Жетісу» ШОК қаржыландырудың өңірлік бағдарламасы іске қосылды, оның шеңберінде бизнесті қолдау үшін 1 млрд теңге бөлінді.

Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 38%-ға дейін жеткізу көзделген. Ол үшін «Бизнестің жол картасы» аясында жыл сайын 265 кәсіпкерге қолдау көрсетіледі, «Еңбек» бағдарламасы бойынша микрокредиттер мен гранттарды 3 мыңнан астам адам ала алады.

 

Қолжетімді тұрғын үй – «Нұрлы жер», «7-20-25»

Алматы облысында 2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы көлемі 957,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 2396 отбасы баспаналы болды, соның ішінде «Нұрлы жер» бойынша – 1233 пәтер; «7-20-25» – 477 пәтер; «5-10-20» –  96 пәтер; «Бақытты отбасы» –  590 пәтер берілді.

Жалпы Алматы облысында 2021-2025 жылдары 5 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделген, оның 1,1 млн шаршы метрі «Нұрлы жер» аясында беріледі. Сол сияқты 58 мың пәтерлік бір мыңнан астам коммерциялық үй салынады, соның 5 мыңы «7-20-25» бағдарламасы арқылы беріледі. Тұрғын үймен өңірдегі 3 мыңнан астам әлеуметтік әлжуаз санаттағы отбасылар мен 5527 көп балалы отбасы қамтылады деп жоспарланып отыр. 

 

«Нұрлы жол» бағдарламасының автожол жобалары 

2020 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 42 жобаны іске асыруға 15,3 млрд теңге бөлінді (РБ – 10,0 млрд теңге, ЖБ – 5,3 млрд теңге), 330,3 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: 30 шақырым жолдың құрылысы мен қайта жаңартуына – 4 347,5 млн теңге; 12 көпір мен 4 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеуге – 1 898,6 млн теңге; 296,3 шақырым жолға орташа жөндеуге 9 098,0 млн теңге бөлінді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 20 нысан бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 84%-ға жетті.

Жалпы 2021-2025 жылдарда қайта жаңғырту мен құрылыстың барлық түрлерімен облыстың 4 мың шақырым жолы қамтылады. Соның есебінен 118 ауыл жолының сапасы жақсарады. 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жергілікті маңыздағы жолдардың үлесін 100% жеткізу міндеті қойылған. 

 

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасы 

«Еңбек» бағдарламасы бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 6,2 млрд теңге бөлінді. 2020 жылы барлығы 1286 адам 5,6 млрд теңгеге шағын несие алды. «Еңбек» бағдарламасы аясында гранттарға қосымша 419 млн теңге бөлінді.

Биылғы жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру үшін 16,1 млрд теңге қарастырылып, 30 942 адамды қамту жоспарлануда. 

Бүгінгі күнге жұмыспен қамту шараларымен 34,5 мың адам қамтылды.    

Бірінші бағыт шеңберінде 2,3 млрд теңгеге 3 907 адамды оқыту жоспарлануда, оның ішінде тегін кәсіптік-техникалық білім беруге 1,8 млрд теңгеге (15-24 жастағы) жастар қатарынан 1 535 адамды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 479,9 млн теңгеге 2 372 орта жастағы адамды қамту жоспарланған.

2020 жылы бағдарлама бойынша 1535 студент қабылданды, оның ішінде 630-ы 9-сыныптан кейін, 905-і 11-сыныптан кейін қабылданды. 2020 жылға 1,8 млрд теңге бөлініп, игерілді.

2021 жылдың 1 қаңтарына 45 мамандық бойынша 15 оқу орны мен 14 оқу орталығында 2536 адам қамтылды. Оның ішінде 2408 адам оқуын аяқтап, 2272 адам немесе 94,4%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Екінші бағыт бойынша 6,2 млрд теңгеге 6397 адамды қамту қарастырылған. Оның ішінде 1094 қатысушыға (ауыл 1080, қала – 14) 4,8 млрд теңгеге шағын несие беру жоспарлануда.

Қалаларда және ауылдарда микрокредиттерді кепілдендіруге 69,6 млн теңге, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 8 млн теңге бөлінді.

Жыл басынан 1064 ауыл тұрғыны 4552 млн теңгеге шағын несие алды. 

Қалаларда 2019 жылға бөлінген қаражат есебінен 11 адамға 106,5 млн теңге, 2020 жылдың қаражаты есебінен 24 адамға 239,2 млн теңге сомасына шағын несие берілді.

«Бастау бизнес» жобасы бойынша 2900 адамды қамту жоспарланып, бүгінгі күнге 3677 адам қамтылды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1331,6 млн теңгеге 200 АЕК дейін 2403 грант беру көзделген. Қазіргі таңда 2403 адамға 1331 млн теңге көлемінде грант берілді. 

Үшінші бағыт бойынша 7,7 млрд теңгеге 23 279 адамды қамту қарастырылған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 60 682 жұмыс орны құрылды, жылдық жоспар 48 999 жұмыс орны болған, яғни орындалуы – 123,8%. Соның 33409-ы – тұрақты жұмыс орны. Осылайша, 2020 жылдың 3-тоқсанында облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады.

Атап өтсек, тек өңдеу өнеркәсібінің өзінде алдағы 5 жылда инвестиция көлемі 690 млрд теңге болатын, төрт жарым мың жұмыс орны құрылатын 37 жоба жүзеге асырылады.

 

Жұмыспен қамтудың Жол картасы

Індет кезінде Президенттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы өңір экономикасына зор қолдау болды. Осы бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен облысқа бір реттен 105,6 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде өңірде 20,9 мың жұмыс орнын құратын 1046 жобаны іске асыру жоспарланған болатын. Соның ішінде 451 жоба немесе 43%-ы әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартуға, 237-сі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен абаттандыру мәселелерін шешуге бағытталған. Барлығы 975 жоба аяқталды. 19,5 мың жұмыс орны құрылды.«Жұмыспен қамту жол картасының» жобалары бойынша жұмысқа орналасқандардың орташа жалақысы 88,2 теңгені құрады. Материалдық көмек басқа қаладан келген 38 жұмыскерге 3,2 млн теңге көлемінде төленді.

 

 Цифрландыру мен инновацияларды енгізу

«Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес облыс әкімдігі 11 негізгі бағыттан - білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, қаланы басқару, қауіпсіздік, көлік, ТҮКШ, құрылыс, экология, бизнес пен туризмді дамыту, АКТ бағыттарынан тұратын тұжырымдаманы іске асыруда.

2020 жылы облыста «109 қызметі», «Өңірлік геоақпараттық жүйе», «112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет» және басқа да ірі жобалар іске асырылды.

«109 қызметі» жобасы елімізде кеңінен таралуда. Ол 2020 жылдың басында Талдықорған қаласында қала тұрғындары мен қонақтарының қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша шұғыл емес мәселелерін шешу мақсатында іске қосылды. Қызмет шұғыл емес сипаттағы тосын оқиғаларды болдырмауды ұйымдастыру және консультациялық қолдау көрсету бойынша азаматтар үшін жергілікті атқарушы органның, оның құрылымдық бөлімшелері мен қалалық қызметтердің ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. 2021 жылғы 9 ақпандағы жағдай бойынша 13 926 өтініш қабылданып, өңделді. Биылғы жылы жобаны облыс көлемінде кеңейту жоспарлануда. 

Сондай-ақ, облыста Өңірлік геоақпараттық жүйе (ӨГАЖ) енгізілуде. Ол барлық салалар бойынша дерекқорлар мен кадастрларды біріктіруге мүмкіндік береді. ӨГАЖ арқылы Талдықорған, Текелі және Қапшағай қалаларында (10 - жер қатынастары саласында және 6 - сәулет және қала құрылысы саласында) тестілеуден өтетін 16 мемлекеттік қызмет электрондық форматқа ауыстырылды. Бүгінгі таңда жүйе ақпараттық қауіпсіздік сынақтарынан сәтті өтті. Геопорталды өнеркәсіптік пайдалануға енгізу және мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау жұмыстар жүргізілуде. Жоба құрылыс мақсаттарына жер учаскелерін беру, топотүсірілім, техникалық шарттар, аумақтарды дамыту жоспарлары және т.б. іс-шаралар бойынша онлайн қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде сәулет және жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге дейін қысқарады. 

«112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі» қылмыстарға, оқиғаларға, дағдарысты жағдайларға, шұғыл жедел жәрдемге, дүлей зілзалаларға, басқа да төтенше жағдайлар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жедел ден қою жөніндегі қызметтер мен бөлімшелердің күші мен құралдарын жедел басқару үшін олардың іс-қимылдарын үйлестіру, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде басқарушылық шешімдерді әзірлеу және іске асыру үшін жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін хабарламаларды жедел қабылдауға, тіркеуге, өңдеуге және тиісті қызметке жіберуге арналған.

БКДҚ құрудағы мақсат азаматтардың ЖАО жұмысына, жалпы алғанда, шұғыл және коммуналдық авариялық қызметтердің жұмысына сенімін арттыруға, жедел ден қою диспетчерлік қызметтерін жалған, анықтамалық, қайталама және бейінді емес шақырулардан босатуға,  өтініштерді пысықтау кезінде барлық қызметтердің үйлесімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, қызметтер жұмысының тиімділігін кешенді талдауға, инциденттерге қатысты бірлесіп әрекет ету уақытын қысқартуға бағытталған.

2020 жылдың 25 қарашасында Талдықорған қаласында «Е-билеттеу» жобасы іске қосылды. Бүгінгі таңда Талдықорған қаласының автобустарында 196 валидатор (100%) орнатылды, салондарда жол жүру ақысын төлеуге арналған нұсқаулықтар орналастырылған. Белгіленген жүйеде жол ақысын төлеудің 9 тәсілі қарастырылған: көлік карталарымен, банк карталарымен, СМС төлемімен, 4 мобильді қосымшамен, смартфондағы NFC және қолма-қол ақшамен төлеу. Жоба экономикалық және әлеуметтік жағынан өз тиімділігін көрсетуде.

Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп орындары өндірісті үнемі жаңартып отырады, соның ішінде цифрландыру элементтерін де енгізуде. Инновациялық шешімдерді енгізу бағытында қабылданған шаралар өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және тұтастай алғанда өнеркәсіптік өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мысалы, «Қайнар АКБ» ЖШС аккумуляторлар өндірісі бойынша халықаралық стандартты енгізді. «Perco» қол жетімділікті басқару жүйесі мен бейнебақылау жүйесіне модернизациялау жүргізілді, 1С бағдарламасында «еркін қойма» технологиясы енгізілді, қойма есеп жүйесі штрих-кодтаудың көмегімен автоматтандырылды (аккумуляторларды есепке алу, сақтау және жүктеудің жедел режимі).

Қуаттылығы жылына 1,2 млн тонна цемент шығаратын «ALACEM» цемент зауытының іске қосылуы 2020 жылы іске асырылған ірі жобалардың бірі болды. Өнімнің бір бөлігі Қытай, Қырғызстан, Өзбекстанға экспортталады. Цемент өндірісінде отын шығынын төмендететін және сәйкесінше өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын «құрғақ» өндіріс әдісі қолданылады. 2020 жылдың 4-тоқсанында 1,2 млрд теңгеге 114 мың тонна өндірілді, 2021 жылы 6 млрд теңгеге 600 мың тонна цемент шығару жоспарланып отыр.

 

Білім беру

Алматы облысында жалпы 1236 мектепке дейінгі білім беру мекемесі, 760 жалпы орта білім беретін мектеп, 2 балалар үйі, 15 отбасы үлгісіндегі жетімдер үйі, 7 арнайы мектеп-интернат, 76 колледж жұмыс жасайды.


Облыс бойынша 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 98% немесе 99 318 баланы құрайды. 1236 мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру мекемесінің 184-і – мемлекеттік балабақша, 717-сі – жекеменшік балабақша және 335-і – шағын орталық. Онда 94 567 бала қамтылған. Жекеменшік балабақшалардың үлесі 58,2%құрайды.

2020-2021 оқу жылында 760 орта білім беретін мектептердегі оқушы саны 429 141, өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушы саны 19 мыңға өсті. 

Облыс бойынша барлық 760 мектеп интернет желісіне қосылған. 2020-2025 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында интернетке қосу үшін 2020 жылға облыстық бюджеттен 522 млн теңге қаражат бөлінді. «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты оптикалық интернетпен қамту» республикалық жобасы аясында 2020 жылы 77 мектеп жоғарғы жылдамдығы бар интернетке ауыстырылды. Қазіргі таңда 527 (69,3%) мектеп талшықты оптикалық жоғарғы жылдамдықтағы интернетке қосылған, 233 (30,6%) мектеп спутник байланысы арқылы интернетке қосылған.

 Облыстық бюджет есебінен 4 млрд теңге бөлініп, 24 250 компьютерлік техника (21 910-ы – мектептерге, 2 200-і – колледждерге, 140-ы – білім басқармасына қарасты орталықтарға), республикалық бюджет есебінен 8,6 млрд теңгеге 55 686 компьютерлік техника сатып алынды. Үнемделген 162,6 млн теңгеге 1010 компьютерлік техника қосымша алынды.Сонымен қатар, демеушілер есебінен 2110 компьютерлік техника берілді (445 компьютер, 1004 ноутбук, 661 планшет). 

23 678 балаға мектептердегі компьютерлер уақытша пайдалануға берілді, 255 900 оқушының жеке компьютерлік техникасы бар. Жергілікті бюджет есебінен 567,3 млн теңгеге 38 994 роутер сатып алынды. Қашықтан білім алып жатқан 308 059 оқушы немесе 71,7% компьютерлік техникамен 100% қамтамасыз етілген. 

Облыста кәсіптік білім беретін 76 колледжде 31 838 студент білім алуда, оның 19 417-сі (61%) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқып жатыр.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 66 мамандық және 135 біліктілік бойынша мамандар даярланады. 38 колледж дуальды оқыту жүйесін енгізген. 2019-2020 оқу жылында дуальды оқыту жүйесі негізінде оқуын аяқтаған түлектердің 89% жұмысқа орналасты. 

2020-2021 жылдары мемлекет қолдауымен облыстың 10 колледжі «Жас маман» жобасы шеңберінде оқу және материалдық-техникалық базаларын жаңғыртады. Облыстық бюджеттен қосымша қаржыландыру мақсатында 2020 жылға 80,8 млн теңге қаражат бөлінді.

Биылғы жылы «Жас маман» жобасы аясында республикалық бюджеттен 5 колледжге 1,3 млрд теңге бөлінді, жергілікті бюджеттен 133,6 млн теңге қарастырылды, ол республикалық бюджеттің 10% құрайды.

2021 жылы «WorldSkills» халықаралық стандарттар негізінде басым бағыттарға қажетті жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында 5 құзыреттілік орталығы және жаттығу лагерлері ашылады.

2020 жылы колледждердің материалдық-техникалық базаларын нығайту үшін облыстық бюджеттен 178,9 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі күні Алматы облысында үш ауысымда оқытатын мектептер саны – 49. 

Бұл мәселені шешу үшін 2025 жылға дейін үш ауысымда оқытатын мектептерді жою мақсатында мектептер құрылыстарының жоспары әзірленді: 2021 жылы – 7 мектеп, 2020 жылы – 11 мектеп, 2023 жылы – 9 мектеп, 2024 жылы – 10 мектеп, 2025 жылы – 11 мектеп құрылысы жоспарланды.

2020 жылы барлығы 32 білім беру нысанының құрылысын жүргізу жоспарланып, оған жалпы сипаттағы трансферттермен 14 млрд теңге, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 29,9 млрд теңге қаржы қарастырылған. 2020 жылы 15 білім беру нысанының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. 7 білім нысаны - 2021 жылға өтпелі. 

Құрылысы аяқталған мектептердің ішінде 1500 орындық 4 мектеп үш ауысымда оқытуды жою үшін, 120 орындық 1 мектеп бейімделген ғимаратта орналасқан мектептің орнына, 1280 орындық 2 жаңа мектеп апатты мектептердің орнына  салынды. Жергілікті бюджет есебінен 818 орындық 4 студенттер жатақханасы салынып, қолданысқа берілді. 

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 10 200 орындық 7 мектеп құрылысын салу үшін республикалық бюджеттен 29,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Соның ішінде 6 мектеп үш ауысымда оқытуды жою үшін, 1-еуі оқушы орнының тапшылығын жоюға бағытталған. Мектептер құрылысы 2021 жылға өтпелі.

Облыс бойынша 58 білім беру нысанының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұл мақсатқа барлығы 24 599 млн теңге (РБ - 22 561 млрд теңге, ЖБ - 2 038 млрд теңге) қарастырылды. 

2021 жылға 28 білім беру нысанының құрылысы жоспарланған (ЖБ –14,1 млрд теңге), оның 9-ы 2020 жылдан өтпелі, 11-і жаңа нысан және 8-і «ЖҚЖК» бағдарламасымен жүзеге асырылады.

Жалпы Алматы облысында білім саласында үш ауысымды және бейімделген мектептерді болдырмаудың айқын жоспары бар. Алдағы 5 жылда өңірде 34 мың орындық 86 мектептің құрылысы жоспарланған. Осы жоспарды жүзеге асыруға бағытталған шаралар Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасында белгіленген. Атап өтсек, соңғы бес жылда облыста 82 мектеп салынған, соның 59-ы үш ауысымды мектептердің орнына салынды. 

 

Спорт

Бұқаралық спортты дамыту үшін аудан орталықтары мен ірі елді мекендерде 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істеп тұр. Өткен жылы Қарасай, Ескелді және Көксу аудандарында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, оның екеуі «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында іске қосылды. Ал алдағы 5 жылда 58 спорт нысаны тұрғызылып, халықтың спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі 1000 адамға шаққанда 60%-ға дейін ұлғаяды. 

 

Денсаулық сақтау 

Алматы облысының денсаулық сақтау бюджеті 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландыруды ескере отырып, 96,9 млрд теңгеден 172,8 млрд теңгеге немесе 56%-ға өсті.

Облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 804 мекеме бар, оның  641-і – мемлекеттік, 163-і – жекеменшік мекеме. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың адамға шаққанда 24,72, орта буын медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу 73,23 құрайды. Бүгінгі күні 381 дәрігер кадрларға, соның ішінде 57 жалпы тәжірибелік дәрігерге қажеттілік бар.

Облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары атқарылуда. 

Мәселен, осы мақсатқа 2020 жылы жергілікті бюджеттен 8,8 млрд теңге бөлініп, игерілді. 3 компьютерлік томограф, 18 рентген аппараты, 219 ӨЖЖ аппараты, 100 концентратор, 180 жедел жәрдем машинасы, 12 жылжымалы медициналық кешен алынды.

Медициналық құралдармен жабдықталу деңгейі 2019 жылмен салыстырғанда 75,9%-дан 89,3%-ға артты.

Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

2020 жылы Талдықорған қаласында 200 төсек-орындық модульді инфекциялық аурухана, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында әйелдер консультациясы бар 100 төсек-орынға арналған перзентхана, 10 дәрігерлік амбулатория және Көксу ауданының Айнабұлақ ауылында медициналық пункт салынды. Жалпы құрылысты салуға 4,2 млрд теңге бөлінді. 

Сонымен қатар, 7 денсаулық сақтау объектісіне  күрделі жөндеу жүргізілді, оның 4-еуі «Жұмыспен қамту жол картасы»  аясында  жасалды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Талдықорған қаласында орталық медициналық зертхана салынды.

2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы облыс бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіштері 18,9%-ға, жазатайым жағдайлардан, уланудан және жарақаттанудан болған өлім 12,8%-ға төмендеді. 

Цифрландыру бойынша интернет желісіне қолжетімділік облыстық, аудандық және қалалық ауруханалар деңгейінде 100%, аудандық деңгейден төмен – 96,0%. Компьютерлермен қамтамасыз етілу 100% құрайды. Қағазсыз құжат айналымы 53 медициналық мекемеде енгізілді, 223 нысан электронды форматқа көшірілді, электронды денсаулық паспортымен қамту 98,3% құрайды немесе 1993,2 мың адам қамтылды. Облыстың барлық медициналық мекемелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшірілді.

 

Коронавирус инфекциясы және аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру  

Коронавируспен күреске жергілікті бюджеттен барлығы 13,8 млрд теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа 8,8 млрд теңге жұмсалды.

Медициналық мекемелерде 17 компьютерлік томограф, 53 рентген аппараты, 606 ӨЖЖ аппараты жұмыс істейді.

Оттегі станцияларымен облыстың 17 ауруханасы қамтамасыз етілген. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 818,2 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, оттегі концентраторларының саны 1350 данаға жеткізілді. Төсек-орындарының оксигенді терапиямен қамтылуы 45%-ға жетті (норматив – 20%).

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 26 реанимациялық бөлім қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылған (136 төсек-орын), диагностикалау мен емдеу хаттамалары сақталады.

Жоғарғы лекті оттегілік терапия әдісі енгізілді, 36 «Хай Флу» аппараты бар (76 млн теңге), 500-ден астам адам емделіп шықты.

180 жедел жәрдем көлігі, сондай-ақ 12 жылжымалы  медициналық кешен сатып алынды (барлығы 17 ЖМК бар). Бригадалар саны 205-ке дейін артты.

Сонымен қатар, көпсалалы ауруханалар базасында ауыр науқастар мен балаларға арналған 4 ситуациялық орталық құрылды. Қажет болған жағдайда 5280 төсек-орын ашылады.

Коронавирустық пневмонияны ерте сатысында анықтау үшін жаңа цифрлық жүйе енгізілді.

Амбулаторлық және стационарлық деңгейлерде 3 455 медициналық қызметкер тартылды, оның ішінде 851 дәрігер (447 терапевт, 38 инфекционист, 143 реаниматолог, 8 нефролог, 8 пульмонолог 12 трансфузиолог, 98 невролог, 97 басқа мамандықтардың дәрігері), 2 604 орта және кіші медициналық персонал, сонымен қатар жоғары оқу орындарының 45, медициналық колледждің 281 түлегі бар. Зейнеткер дәрігерлер науқастарға консультативтік көмек көрсетеді.  

Облысқа 2021 жылы «Спутник V» вакцинасының 150 мың дозасын жеткізу жоспарланып отыр. 2021 жылғы ақпан айында 6 000 доза, наурыз айында – 9 000 доза, сәуірден маусымға дейін ай сайын  45 000 дозадан жеткізу күтілуде.

Биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап коронавирус инфекциясына қарсы суықтық тізбегін сақтай отырып, облыстық қан орталығының сақтау қоймасына Нұр-Сұлтан қаласынан «КФК «Медсервис Плюс» ЖШС-нен «Спутник V» вакцинасының 1 компонентті 1 450 дозасы жеткізілді. Бүгінгі күні вакцинаны сақтау үшін барлық 27 медициналық мекемеде тоңазытқыштар бар. Қазіргі кезде 36 тоңазытқыш және 75 белсенді термоконтейнерлер бар. 27 медициналық мекемеде 29 егу кабинеті дайындалды, медициналық қызметкерлер коронавирус инфекциясына қарсы тұрғындарға вакцинациялау жүргізу алгоритмі туралы семинар өткізді,474 медицина қызметкері аттестатталды.

150 мың адамға вакцина салу жоспарланып отыр, оның 14,2 мыңы – медицина қызметкері, 33,2 мыңы – педагогтар және басқа да мамандар, КВИ-ге қарсы 7 күн ішінде барлығы 641 адам егілді.

Облыста тәулігіне 6,3 мың зертханалық зерттеу жүргізе алатын 11 зертхана жұмыс жасайды. 

27 медициналық мекемеде 29 егу кабинеті дайындалды, медициналық қызметкерлер коронавирус инфекциясына қарсы тұрғындарға вакцинациялау жүргізу алгоритмі туралы семинар өткізді,474 медицина қызметкері аттестатталды. 150 мың адамға вакцина салу жоспарланып отыр, оның 14,2 мыңы – медицина қызметкері, 33,2 мыңы – педагогтар және басқа да мамандар, КВИ-ге қарсы 7 күн ішінде барлығы 641 адам егілді.

Облыста тәулігіне 6,3 мың зертханалық зерттеу жүргізе алатын 11 зертхана жұмыс жасайды. 2021 жылғы 9 ақпанға дейін ПТР әдісімен 414 726 адамға зертханалық зерттеу жүргізілді, оның 15 957-сі – медицина қызметкері.

Ал медициналық мекемелердің жұмысына келетін болсақ, облыста коронавируспен күресу мақсатында өңірдің медициналық мекемелерінде 1340 инфекциялық төсек-орын, оның ішінде: 1 деңгейлі 400 төсек-орын және 2 деңгейлі 940 төсек-орын бар. Бұдан бөлек, коронавирус инфекциясының болуына күдікті және күдік расталған адамдарға арналған реанимациялық төсек-орын саны 124-тен 136-ға дейін артты.

Медициналық персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдау бөлімшелерін, сүзгілерді және изоляторларды «таза» және «лас» аймақтарға бөлу шаралары күшейтілген, бөлімшелер мен палаталарды толтыру легі мен циклділігі қатаң бақылауға алынды.

Барлық медициналық мекемелерде жеке қорғану құралдарын қадамдық кию мен шешудің,  қабылдау бөлімшелерінде, сүзгілерде, изоляторларда ауру жұқтырған пациенттермен қарым-қатынастан кейін өңдеудің  көрнекі алгоритмдері бар.

Ғимараттарда КВИ-дің алдын алу мен таралуына қарсы  шаралар, қол гигиенасының ережелері, жеке қорғану құралдарын қолдану шаралары, биоматериалды жинау техникасы және бейне-, аудио- және фототүсірілімге тыйым туралы стендтер ілінген. 611 медициналық мекемеде 1128  бейне бақылау камерасы орнатылған.

Облыстың медициналық мекемелерінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған мамандар жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Облыс ауруханаларында жеке қорғану құралдарының екі айлық қоры бар (1,5 млн бетперде, 0,5 млн жұп перчатка, 16,9 мың жиынтық бір реттік қорғану киімдері).

Өңірдің медициналық мекемелері дәрілік заттардың екі айлық қорымен қамтамасыз етілген (стационар – 1,4 млрд теңгеге 204 атаулы, амбулатория – 73,7 млн теңгеге 5 атаулы дәрі-дәрмек).

Тұрғындардың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет есебінен 92,1 млн теңгеге (4 атаулы) вирусқа қарсы препараттар сатып алынды.

1,3 млрд теңгеге облыстың тұрақтандыру қоры қалыптастырылды. «INKAR» ЖШС-ның қоймаларына 41 атаулы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бөлінді. Сондай-ақ, «СҚ Фармация» арқылы дәріханаларға 63 млн теңгеге (33 атау) өтінім қалыптастырылды.

Өңірде дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі байқалмайды.

Сонымен қатар 2021-2025 жылдарға арналған Алматы облысының даму бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласында 2025 жылға дейін 62 нысан салу көзделіп отыр. Оның ішінде Алакөл, Балқаш, Іле, Талғар аудандарында 4 аурухана, Жамбыл, Кербұлақ, Райымбек аудандарында және Талдықорған қаласында 5 емхана, 54 дәрігерлік амбулатория мен медпункттер салынады. Қазір медицина мекемелері ғимараттарының тозуы 56% деңгейінде болса, бұл жұмыстар осы көрсеткішті 32%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Ал дәрігер тапшылығын жою үшін медициналық жоғары оқу орындарының 122 түлегі тапшы мамандықтар бойынша резидентурада оқитын болады. Бұл ретте жыл сайын әкімнің гранты 260 мектеп түлегіне берілетінін атап өтуге болады.

 

Әлеуметтік инфрақұрылымдарды қайта жаңғырту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту 

Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасында әлеуметтік инфрақұрылымдарды жаңғырту мен ТҮКШ дамытуға ерекше көңіл бөлінген. 

Халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 9 ауданның 33 ауылына орталықтандырылған су жүйесі жүргізіледі, 72 ауылда су желілерін жөндеу жұмыстары жасалады. Соның нәтижесінде орталықтандырылған сумен 100% қамтамасыз етуге қалалар 2023 жылы қол жеткізсе, ауылдар 2025 жылы жетеді.

 

Өңірді газдандыру

«Алматы-Талдықорған» магистралдық газ құбырын салу мен елді мекендерді газдандыру деңгейі 2014 жылғы 20%-дан 2020 жылы 59%-ға дейін өсті. «Талдықорған-Үшарал» және «Шелек-Кеген» магистралдық газ құбырларын салу арқылы Ақсу, Сарқан, Алакөл, Кеген және Райымбек аудандарының 195 елді мекені газбен қамтылатын болады. Сөйтіп 1,6 млн тұрғын немесе бүкіл халықтың 76% көгілдір отынның игілігін көру мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ, бағдарламада шағын қалалардың көп қабатты тұрғын үйлеріне газбен жұмыс істейтін блокты-модульді қазандықтар орнату қарастырылған. Бұл жұмыс 2018 жылы Талғар қаласынан басталып, өткен жылы Қаскелеңде жалғасқан. Үш жылдың ішінде екі қалада 4 898 пәтерлі 152 үй орталық жылу жүйесіне қосылды. Енді Есік, Жаркент қалалары және басқа да ірі елді мекендер қамтылады, сөйтіп автономды жылыту проблемасы толығымен шешіледі.

Бағдарламада жергілікті жолдарды жақсартуға да көңіл бөлінген. Бес жыл ішінде төрт мың шақырымнан астам жолды реконструкциялау және жөндеудің барлық түрлерімен қамту жоспарлануда. Осының есебінен 118 ауылдағы жолдардың сапасы жақсарады. Сөйтіп жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесін 2025 жылға қарай 100%-ға жеткізу міндеті қойылып отыр.

 

Қауіпсіздік

Қылмысты азайту мақсатында қоғамдық орындарында 1 736 бейнебақылау камерасын орнату, жыл сайын кемінде 30 патрульдік автокөлік сатып алу, тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункттерінің санын 217-ге жеткізу көзделген.

Жалпы Алматы облысында инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту үшін 590 млрд теңгеге 1 129 жоба, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 104 млрд теңгеге 445 жоба іске асырылады. Барлығы 407 ауыл немесе ауылдық елді мекендердің 56%-і қамтылады. Осы шаралар есебінен 2025 жылға қарай өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес келетін ауылдардың үлес салмағы 54%-дан 90%-ға дейін ұлғаяды.


 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
12 Сәуір 2021, 10:57
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
11 Сәуір 2021, 18:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №107
11 Сәуір 2021, 08:09
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
07 Сәуір 2021, 18:00
Өнеркәсіп, құрылыс, жұмыспен қамту: Жамбыл облысының 2020 жылғы даму қорытындысы
07 Сәуір 2021, 16:38
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
07 Сәуір 2021, 16:19
Мемлекеттік комиссия ШОБ қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
07 Сәуір 2021, 08:46
«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға әуе рейстерін ашуға ниетті
06 Сәуір 2021, 19:45
Қ. Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі қабылдады
06 Сәуір 2021, 12:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.04.2021
06 Сәуір 2021, 12:21
2025 жылға дейін еліміздегі барлық жолдар жол бойы сервисімен қамтамасыз етіледі — ҚР ИИДМ
06 Сәуір 2021, 11:20
600-ден аса вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды — ҚР ДСМ
06 Сәуір 2021, 10:08
Биыл ҚР-да 6 мың шақырым автомобиль жолын реконструкциялау және салу бойынша ірі жобалар іске асырылады
06 Сәуір 2021, 09:53
2021 ж. қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады
05 Сәуір 2021, 19:53
Вакцинациялаудың электрондық паспорты, жеке деректерді қорғау және байланыс сапасын жақсарту — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
05 Сәуір 2021, 17:27
Қ. Тоқаев ҚР Ұлттық Банкі басшылығының құрылымында кадрлық өзгерістер жасады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.