Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, штаттық форматқа көшу — БҒМ-де жаңа оқу жылына дайындық туралы айтылды

Жұма, 27 Тамыз 2021, 18:54:19

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы білім беру бағдарламаларының жетекшісі Татьяна Адерихинаның қатысуымен брифинг өтті. Оның тақырыбы жаңа оқу жылының басталуына дайындыққа арналды. 

ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, жаңа оқу жылын қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, штаттық форматта бастау жоспарлануда. Мектепке дейінгі ұйымдар штаттық жұмыс режиміне оралды.

«Алдағы оқу жылында 7 мыңнан астам мектеп шамамен 3,6 млн оқушыны, оның ішінде 380 мыңға жуық бірінші сынып оқушысын қабылдайды», — деді ол.

Министрлік мектептер жүктемесіне талдау жүргізді:

1. Ұлттық білім беру деректер қорының деректері бойынша мектептердің 95%-ның жобалық қуаты мен оқушылар саны барлық санитариялық талаптарды сақтай отырып, оқуды толық штаттық форматта бастауға мүмкіндік береді. Мұндай мектептерде оқушылардың 81%-ы оқиды. Мектептерге кейбір пәндерді қашықтық форматта өткізу мүмкіндігі беріледі.

2. Оқушы орындарының тапшылығына және үш ауысымда оқытуға байланысты 300 аса мектептің жағдайы қиынырақ болуы мүмкін. Мұндай мектептерде оқушылардың 19%-ы оқиды. Бұл мектептер қосымша шаралар арқылы, оның ішінде кейбір пәндерді қашықтан оқыта отырып, икемді кесте бойынша штаттық түрде оқытатын болады. Ауысымдар мен кіші ауысымдар ұйымдастырылады. Негізгі пәндер тек штаттық форматта оқытылады.

3. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысы бекітілді, ауруды жұқтырғандармен байланыста болған балалар үшін оқшаулау кезеңіне синхронды қашықтан оқыту ұйымдастырылады.

Ата-аналардың өтініштері негізінде созылмалы науқастығы бар балаларға медициналық ұйым анықтамалары негізінде асинхронды қашықтықтан оқыту ұсынылады. Олар оқулықтармен, оқыту контенті бар ақпараттық жүйемен, электрондық журналмен қамтылады. 

Шолпан Каринова биыл сабақтардың ұзақтығы 45 минутты құрайтынын айтты.

Мектептерде оқу процесі қатаң түрде санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады.

Бұл:

  • күнделікті термометрия, маска режимі, кварцтеу, желдету, залалсыздандыру;
  • бұқаралық және қоғамдық іс-шараларды шектеу;
  • бастауыш, орта, жоғары сыныптарды дәлізде араластырмау үшін әр уақыттағы үзілістер;
  • ауысымдар санын арттыру;
  • педагогтер мен мектептің басқа да қызметкерлерін 100% вакциналау (медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда);
  • мектептерде бір сыныпқа бір кабинеттен бекіту;

Жергілікті атқарушы органдар оқу контенті бар цифрлық платформаларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Мектептер қажетті ақпараттық жүйелерге қосылған. 1-11 сыныптарға арналған 13 мыңнан астам бейнесабақтар «Күнделік» жүйесінде және интернет-ресурстарда орналастырылған.

Бүгінгі таңда барлық өңірлерге қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жеткізілді. Мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Биылғы жылы 264 мектепте күрделі жөндеу өткізілуде. 44 мектепте жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Барлық мектептерге оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік хат жолданды.

Колледждерде оқу процесін ұйымдастыруға бойынша, жаңа оқу жылында еліміздің 795 колледжінде 470 мыңға жуық студент білім алатын болады. 1 курстарға 150 мыңнан астам студент келеді деп күтілуде.

Колледждердің жобалық қуаты оқуды штаттық форматта жүргізуге толық мүмкіндік береді, сонымен қатар оқу пәндерінің 20%-ын қашықтан өткізуге рұқсат етіледі. Зертханалық, практикалық сабақтар және өндірістік практика штаттық режимде өткізілетін болады.

«Инфекциялық аурулар белгілері бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін қажет болған жағдайда оқыту қашықтан ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда педагогтардың 99%-ы вакцина алды. Бұл жұмыс 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Балалардың денсаулығын қорғау мақсатында бұл жұмысты 1 қыркүйекке дейін аяқтаймыз», — деді Шолпан Каринова.

ҚР білім және ғылым вице-министрі Қ. Ерғалиев қазақстандық жоғары оқу орындарындағы жаңа оқу жылына дайындық пен оқыту форматы бойынша ақпарат берді.

«Алдағы оқу жылында еліміздің жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер дәстүрлі форматта оқитын болады. Айта кеткен жөн, жоғары оқу орындарының шешімі бойынша оқу аралас форматта жүргізілуі мүмкін. Яғни дәрістер онлайн, ал семинарлық, зертханалық және тәжірибелік сабақтар офлайн режимде ұйымдастырылады. Ал, қашықтан оқыту форматы ерекше білім беру қажеттіліктері бар және тәуекел тобындағы студенттерге қатысты қолданылуы мүмкін», — деді ол.

Студенттердің шоғырлануын азайту үшін каскадты немесе кезеңді тәсіл қолданылады. Яғни, оқу жылы оқу курсына байланысты басталады. Мәселен, оқу жылы 3-4 курс білім алушылары үшін 1 қыркүйектен басталса, ал 1-2 курс және магистранттар үшін оқу университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес қыркүйек айының соңына дейін, бірақ бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес 30 қыркүйектен кешіктірмей басталады.

Жоғары оқу орнының аумағы, оқу корпустары, кітапхана мен жатақханаларда міндетті түрде «Ashyq» қосымшасы пайдаланылатын болады. Оқу ғимараттарына «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар білім алушылар кіре алады. Оқу ғимараты не жатақханаға кірген кезде термометрмен тексеріп, антисептик қолдану міндетті болады. Маска режимі де қамтамасыз етіледі.

«Студенттерден ПТР-тестінің болуын талап етуге болмайтынын ерекше атап өткім келеді. Студенттер мен ППО құрам арасында COVID-19 індетіне қарсы вакцина алудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқу ақысына деген жеңілдіктер, қызметкерлер үшін сыйақы және басқа да ынталандыру шаралары қабылданып жатыр», — деді ол.

Санитарлық нормаларды сақтауға ерекше назар аударылатын болады. ЖОО-да егу пункттері ашылды, қосымша санитайзерлер, байланыссыз термометрлер сатып алынды.

Айта кету керек, көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Сонымен бірге жылжымалы сабақ кестесін белгілеу жоспарланып отыр. Оқу барысында «бір аудитория – бір топ» қағидасы қатаң сақталады. Ал, аудиторияларды желдету және санитарлық тазарту жұмыстары үшін үзілістер де қарастырылған.

Қуаныш Ерғалиев жұқпалы ауру белгілері пайда болған жағдайда студенттер оқуларын қашықтан жалғастыра алатынын айтты. 

Бұдан басқа, эпидемиологиялық жағдай нашарлап, құзырлы органның тиісті шешімі болған жағдайда ЖОО-лардың қашықтан оқыту форматына көшу бойынша дайындығы пысықталуы тиіс. Жоғары оқу орындарымен студенттерді офлайн режимнен онлайн форматқа ауыстыру бойынша жоспары әзірленеді. 

Жаңа оқу жылында білім алушылар үшін академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша білім алу және шетелдік тағылымдамалардан өту шаралары қайта басталады деп жоспарлануда. 

ЮНИСЕФ-тің ҚР-дағы білім беру бағдарламаларының жетекшісі Т. Адерихинаның айтуынша, ЮНИСЕФ санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жаңа оқу жылында күндізгі режимде жұмыс істеу үшін барлық мектептерді ашуды ұсынады. Қазақстан Республикасына да осындай үндеу жолданды.

«Балалар күндізгі оқуды мүмкіндігінше тезірек қайта бастауы керек. Мектептер соңғы кезекте жабылып, бірінші кезекте ашылуы керек. Әлемдегі пандемия кезінде мектептердің жабылуына байланысты әрбір үшінші мектеп оқушысы қашықтан білім ала алмады. Қазақстан балаларында да осындай мәселе орын алды. ҚР Білім және ғылым министрлігі осындай салдарды азайту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін мойындайды және оқу жылын күндізгі режимде бастауға дайындалып жатыр», — деп атап өтті Т. Адерихина.

Мектептер балалардың дамуында, қауіпсіздігі мен әл-ауқатында маңызды рөл атқарады. Барлық елдер балаларға қажет нәрсенің бәрін — оқу, тамақ, қорғаныс, денсаулық, психикалық денсаулық және басқаларын қарастыруы керек. Әр баланың мүдделерін қамтамасыз ету бірінші орынға қойылады.

Балалардың мектепке бармау қаупі үш негізгі себепке байланысты мектепке бару қаупінен асып түседі:

  1. мектептердің жабылуы оқуға, оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатына, әр бала, оның отбасы және олардың экономикасы үшін терең салдары бар даму кезеңдеріне теріс әсер етеді;
  2. тәуекелдерді азайту шараларын қолдана отырып, мектептер балалар үшін оларға бармаудан гөрі қауіпсіз орта бола алады. Соңғы мәліметтер әлі күнге дейін мектептер қоғамда COVID-19 таралуына ықпал етпейтінін және COVID-19-дың балаларға қауіп төндірмейтінін көрсетеді;
  3. мектептердің жабылуы қашықтан оқу аса қолжетімді емес және зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, немқұрайлыққа, балалардың некеге тұруына және басқа да қауіптерге тап болуы мүмкін әлеуметтік әлжуаз отбасылардың балаларына теріс әсер етеді.

«Балалардың өміріндегі осы үзілістің ұзақмерзімді әсерін төмендету үшін олар мектепке оралған кезде толық қолдау көрсетуді қажет етеді», — деді Татьяна Адерихина.

Ол мектептерді қайта ашу жеткіліксіз екенін айтты. Дүниежүзілік банкпен, ЮНЕСКО-мен, ЮНИСЕФ елдердің үкіметтерін мектептерді қалпына келтірудің негізгі үш басымдығына назар аударуға шақырады:

  • барлық балалар мен жастарды олардың оқуға, денсаулыққа, психоәлеуметтік салауаттылыққа және басқа да қажеттіліктерін ескере отырып, мамандандырылған қызметтерге қол жеткізе алатын мектептерге қайтару жөніндегі нысаналы бағдарламалар;
  • оқушыларға түсінбей қалған сабақтарын түсінуге көмектесетін тиімді білім беру бағдарламалары;
  • оқытудағы олқылықтарды жоюда және білім беруге цифрлық технологияларды енгізуде мұғалімдерді қолдау.

Сарапшының пікірінше, бұл коронавирус инфекциясы пандемиясына дейін мектепке бармаған бүкіл әлемдегі мектеп жасындағы әрбір бесінші баланы қоса алғанда, балалардың осал топтарын қамтуды арттырады.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Ш. Каринова оқытудың дәстүрлі түріне көшу бойынша шешім қабылдау барысында жағдайға мұқият талдау жүргізілгенін атап өтті.

Стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік сауалнама жүргізді, онда ата-аналардың 80%-ы қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі оқыту формасына оралуды қажет деп санайтынын көрсетті.

«Ата-аналар білім беру мекемелерінде қабылданған шектеулер мен басқа да жаңа ережелерге түсіністікпен қарайды», — деп атап өтті Ш. Каринова. 

Сондай-ақ ол 12 жастан асқан балалар мектепке қосымша арқылы тек ерікті негізде кіре алатынын түсіндірді.

«Сонымен қатар егер баланың мектепке қосымша арқылы кіруге ниеті немесе мүмкіндігі болмаса, бұл оның оқу орнына кіре алмайтынын білдірмейді», — деп атап өтті Ш. Каринова.

Тікелей оқу бағдарламасы бойынша Ш.Каринова елімізде критериалды бағалау жүйесі енгізілгенін айтты. Яғни, тоқсан ішіндегі баға бөлімдер бойынша жиынтық және тоқсан ішіндегі жиынтық қалыптастырушы бағалаудан тұратын болады. Ол бұл үлкен әдіс екенін атап өтті. 

Бұған қоса, адам көп кабинеттерде санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау туралы сұраққа жауап бере отырып, Ш. Каринова қосымша шаралар қабылданып, оқу процесінің қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етілетінін айтты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қыркүйек 2021, 09:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №130
25 Қыркүйек 2021, 13:01
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2021, 18:16
Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды  
24 Қыркүйек 2021, 11:09
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №650 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 11:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №647 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 09:30
Е. Тоғжанов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Қыркүйек 2021, 19:26
Президент тапсырмаларын іске асыру аясында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жалғасуда — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 19:07
ЕТЖ артуының жалпы әсерін кемінде 3,5 млн қызметкер байқайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 18:50
Салықтар мен төлемдер бойынша нақты жүктеме 2023 жылдан бастап төмендетіледі — ҰЭМ
23 Қыркүйек 2021, 18:47
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
23 Қыркүйек 2021, 18:45
Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде енгізілген ақпараттық жүйе ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың 79 шарасын қамтиды — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 17:43
2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14%-ға дейін қысқарады — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 17:28
ҚР Үкіметі 64 шарадан тұратын инфляцияға қарсы әрекет ету кешенін қабылдайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 15:49
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды
23 Қыркүйек 2021, 12:52
А. Мамин ЕҚДБ президенті О. Рено-Бассомен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
21 Қыркүйек 2021, 16:34
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
21 Қыркүйек 2021, 12:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021
21 Қыркүйек 2021, 12:07
2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев
21 Қыркүйек 2021, 11:11
ВАК отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешім қабылданды
21 Қыркүйек 2021, 10:42
Қазақстанда егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары — Е. Қарашөкеев
21 Қыркүйек 2021, 09:39
Үкімет Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
21 Қыркүйек 2021, 09:28
Қазақстан ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин 
20 Қыркүйек 2021, 16:03
21 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2021, 14:57
А. Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.