Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда 1 қыркүйекте қашықтан оқыту  жалғасады: «кезекші сыныптар», оқулықтармен қамту және компьютерлер сатып алу

Дүйсенбі, 17 Тамыз 2020, 20:18:09

2020-2021 жылғы оқу жылында қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты еліміздің барлық мектептерінде 1-11 сыныптар үшін оқытуды дистанциялық форматта бастау жоспарланған, тек шалғайдағы ауылдардағы шағын жинақты мектептер мен бастауыш мектептердің «кезекші сыныптары» барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтаумен әдеттегідей оқытылатын болады. Биыл Қазақстанда 7391 мектепте 3,3 млн астам адам білім алады, оның ішінде 1 сыныпта 396 мыңнан аса бала оқиды. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин барлық оқыту әдістемесін әзірлеуді және ағымдағы жылғы 20 тамызға дейін алдағы оқу процесі туралы егжей-тегжейлі баяндаумен онлайн режимінде республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыруды тапсырды.

Ел Үкіметі аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін 500 мыңға жуық компьютерді беруді қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін оқушылар мен педагогтерді оқу жылының қашықтан оқытумен басталуына толық дайындау, мұғалімдерге тиісті оқытуды жүргізу, интернет-платформалар мен теледидарда қажетті контентті толық көлемде дайындау қажет. Оқулықтарды беру 25 тамызға дейін аяқталады. Оқулықтардың барлық қағаз түріндегі нұсқалары ашық қолжетімді электронды форматтарымен сүйемелденуі керек. Сондай-ақ, білім беру ресурстарының жұмысының қолжетімділігі мен тұрақтылығын, елді мекендердегі интернеттің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз ету қажет. 

«Кезекші» сыныптардың жұмыс істеуі бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, өзін-өзі оқыту және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырудың басталуымен байланысты. Алайда, мектептерде санитарлық қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Балалар тек бір кабинетте оқиды, әр уақыттағы үзілістер, кіру кезінде температураны өлшеу, желдету, кварцтау және ылғалды тазалау режимдері күшейтіледі. Әлеуметтік қашықтықты ұйымдастыру үшін оқыту ауысымына, 10-15 баладан аспайтын шағын топтарға бөлу, мектепте оқу күндерін кезектестіру көзделеді. Сонымен қатар, пәндердің бір бөлігі қашықтан оқытылады.

Эпидемиологиялық жағдайы жақсы шалғайдағы ауылдық елді мекендердегі оқушыларға келетін болсақ, олар штаттық режимде оқитын болады. Бұл оқушылардың жалпы санының 4%-ын құрайды. Барлығы 127 мың бала контингенті бар осындай 1934 мектеп анықталды. Қашықтықтан оқыту — бұл оқу жылын бастау үшін ғана шешім. Бұдан әрі, халықтың сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты төмендеуіне байланысты санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектептердің аралас және штаттық оқыту форматтарына біртіндеп көшуі жүзеге асырылатын болады.

Үйде оқытудағы ең осал топтар: ерекше оқыту қажеттілігі бар балалар, табысы төмен отбасылардан шыққан балалар, бастауыш сынып оқушылары — осы оқушылар топтары үшін инклюзивті және қолжетімді білім беру ұйымдастырылады.

Төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша педагогтер мен оқушылардың ұсыныстары жиналды. Жаз бойы БҒМ интернет-платформаларды жаңғырту бойынша жұмыс жасады. Бірінші және екінші тоқсандар пәндері бойынша оқу материалы дайындалды. Әрбір әкімдік онлайн-оқытуды өткізу үшін стриминг-мүмкіндігімен интернет-платформаны қосуды қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ контенттік қамтамасыз ету және ТВ-сабақтарын дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. 

Жаңа оқу жылын колледждер де қашықтықтан бастайды. Дәстүрлі формат өндірістік оқытуды , бірінші және бітіруші курстардың білім алушылары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру кезінде, сондай-ақ санитариялық режимді күшейте отырып, шағын контингенті бар шалғайдағы колледждерде жеке кесте бойынша болады.

Жоғары білім беру бойынша оқыту негізінен қашықтан ұйымдастырылады. Дәстүрлі формат зертханалық жұмыстарды, өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы жүргізу үшін жеке кесте бойынша болады.

 

Нұр-Сұлтан қаласы

Елордалық барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы қашықтан басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін «кезекші сыныптардың» жұмыс істеуі жоспарланған. Бұл ретте барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Педагогтердің 30%-ға жуығы штаттық режимде, оның ішінде кезекші топтарда сабақ беру үшін жұмысқа шығады.

Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасыдан шыққан әрбір оқушы мектеп құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгеден алады. Жалпыға міндетті оқу қоры аясында 17 мың балаға көмек көрсетіледі. Өткен жылмен салыстырғанда 4 мың 300 бала артық қамтылатын болады.

Биыл көмек 40 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Егер отбасында 3-4 баладан болса, онда әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді. Бұл мақсатқа бюджеттен 680 млн теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларға басқа да әлеуметтік көмектер көрсетіледі.

Мектептерде оқу қашықтан жүргізілетінін ескере отырып, әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды ноутбуктермен, роутерлермен қамтамасыз етуге 6 млрд-қа жуық теңге бөлінеді. Осылайша, осы санаттағы барлық балалар компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз етіледі. Олар: аз қамтылған отбасы балалары, ерекше қажеттіліктері бар балалар, жетім балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар. Жалпы 34,5 мыңға жуық бала қамтылады.

Нұр-Сұлтанда 12 мыңнан астам педагог (мектеп, колледж педагогтері, балабақша тәрбиешілері) қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша онлайн-курстардан өтті. Балалар, ата-аналар және балабақша қызметкерлері үшін жұмыс алгоритмдері жасалды. Барлық нысандар санитарлық талаптарға сай дайындалған.

Бұған қоса «Елордалық электронды мектеп» электронды платформасы әзірленді, онда қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, бейне-сабақтар мен сабақтар, білім берудің цифрлық ресурстары және т. б. орналастырылған. Білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтар үшін осы платформа оңай қолжетімді болады.

 

Алматы қаласы

Алматы қаласында жалпы контингенті 261 мың баланы құрайтын 205 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. 2019 жылы бірінші сыныпқа 32 мыңға жуық бала қабылданды, биыл 30 мыңға жуық бала күтілуде.

Коронавирус инфекциясы пандемиясының жалғасуына байланысты мектептерде ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қашықтан оқыту басталады, бұл ретте эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай оқытудың дәстүрлі форматына кезең-кезеңімен көшу жоспарлануда. Бірінші кезеңде оқытудың штаттық режиміне 1-5 сынып оқушылары, екінші кезеңде 6-11 сынып оқушылары санитарлық қауіпсіздіктің барынша жоғары шараларын қамтамасыз ете отырып көшеді. Білім беру ұйымдары кезекші сыныптар ұйымдастырылған жағдайда дезинфекциялау, санитарлық қауіпсіздік құралдарымен (термометрлер, санитайзерлер, дезинфекциялау тоннельдері мен кілемшелер) жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген.

Алматы қаласының мектептерінде кезекші сыныптар ағымдағы жылдың тамыз айының соңындағы жағдай бойынша қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ашылады.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылына дайындық шеңберінде қажетті жұмыстар, оның ішінде бірінші кезекте әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар басталды. Мониторинг нәтижелері бойынша мұқтаж оқушылар мен мұғалімдер саны 70 мыңнан астам адамды құрайды.

Бұл міндет бес бағыт бойынша орындалады:

  • мектеп балансындағы компьютерлік техниканы уақытша жауапкершілігіне беру;
  • білім беру ұйымдарының бюджет қаражатын үнемдеуі есебінен ноутбуктер сатып алу;
  • ноутбукттерді орталықтандырылған сатып алу;
  • жалпыға міндетті оқу қорының қаражаты есебінен өтеусіз негізде беру үшін аз қамтылған отбасылар үшін планшеттер сатып алу;
  • Үкіметтің резервтік қорынан қаражат алу есебінен компьютерлік техника сатып алу.

Мұқтаж балаларды ағымдағы жылдың тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында компьютерлермен, ноутбуктермен және планшеттермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сонымен қатар, қаланың мобильді байланыстың өткізу қабілеті төмен және мобильді байланыс операторлары қосымша антенналарды орнататын аудандарында интернетке қолжетімділіктің болуына мониторинг жүргізілді.
 

Шымкент қаласы

Бүгінгі таңда қалада 320 мыңға жуық білім алушымен 742 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Биыл 13 мектеп және 2 өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі. Ал, 5 мектептің құрылысы 2021 жылы аяқталады. Соның нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды.

172 мектепте 222 мыңнан астам оқушы оқиды, 1 сыныпқа 24 мыңнан астам бала барады деп жоспарлануда. Бүгінгі күні барлық оқу орындарында жылыту және сығымдау жүйесінің жөндеу жұмыстары 100% аяқталды. Сонымен қатар, жеке қазандықтармен жылытылатын 25 мекемеде 4 793 тонна қатты және 190 тонна сұйық отын тасымалданады. Қазіргі уақытта 15 мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 17 мекемеде спорт алаңдары, 36 мектепте жылы дәретханалар орнатылуда. 30 мектепте соңғы үлгідегі бейнебақылау камераларын және турникеттерді орнатуға мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айта кету керек, жаңа оқу жылында 11 сынып оқушыларын толық қамтамасыз ету және қосымша оқулықтар сатып алу үшін баспалармен келісімшарттар жасалды. Қазіргі уақытта баспалардан оқулықтардың 60%-ы жеткізілді, оқулықтарды сатып алу жұмыстарын биыл 25 тамызда аяқтау жоспарлануда.

Ғаламторға мұқтаж қала мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына «әмбебап нөмірлер», сондай-ақ Интернет желісіне қосылған қажетті роутерлер ұсынылады. Бүгінгі таңда мегаполис мектептері «BilimIand» интернет-платформасында қашықтан оқытуға толық дайын. Қашықтан білім беруге көшуге байланысты 222 050 оқушының 35%-ы компьютерлік техникаға мұқтаж болды. Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан 35 798 баланы толық қамту мақсатында республикалық бюджеттен 4,8 млрд теңгеге 31 160 компьютер сатып алуға сұраныс жіберілді.

Осы жылдың шілде айында 10 975 компьютер сатып алынды, компьютерлердің жалпы саны 20 201 құрады. Жергілікті бюджет есебінен қосымша 4 800 компьютер сатып алу жоспарлануда. Оқушыларға мектеп компьютерлерін уақытша беру арқылы 24 955 отбасының 41 900 баласы қамтылады.

Қаланың 30 колледжінде қашықтан оқыту «Smart Nation College» сандық білім беру интернет-платформасында өткізіледі. Айта кету керек, педагогикалық, АТ, әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар бойынша оқитын студенттер қашықтан оқиды, ал технологиялық, аграрлық, медициналық бағыттар бойынша, сондай-ақ өнер бағыты бойынша оқитын студенттер аралас оқуға көшеді. Атап айтқанда, дәрістер мен семинарлар онлайн режимінде, ал зертханалық сабақтар мен өндірістік практика күндізгі оықту форматында жүзеге асырылатын болады.

 

Шығыс Қазақстар облысы 

Облыс аумағында 646 мектеп жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында оқушылардың болжамды контингенті 189 255 оқушы, 23 000 педагогты құрайды. Бірінші сыныпқа қабылданатын бала саны болжаммен - 21 000 бала. Ауылдық шағын жинақты мектептер мен орын тапшылығы жоқ мектептерді қоспағанда, барлық мектептерде оқу жылын қашықтық форматта бастау жоспарлануда.

Штаттық режимде 23 893 бала контингенті бар 334 (51,7%) шағын жинақталған мектептер оқитын болады. Бұл мектептерде оқыту екі ауысымда, ауысым арасында бір жарым сағаттық үзіліспен, әр сабақтан кейін үй-жайларды желдету және дезинфекциялау режимін қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады. Мектептерде маска режимі енгізіліп, медициналық бақылау күшейтіледі.

Бүгінгі таңда барлық мектептер дезинфекциялау құралдарымен және санитарлық қауіпсіздік құралдарымен (тепловизорлар, санитайзерлер, кіре берістегі қорғаныш төсеніштері, маскалар, бактерицидті шамдар) қамтамасыз етілген. Барлық балалар тегін маскалармен қамтамасыз етіледі. Жалпы контингенті 109 665 оқушыны құрайтын қалған 312 (48,3%) мектепте оқыту қашықтан ұйымдастырылады. Бұл ретте бастауыш сыныптарда ата-аналардың өтініші бойынша қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, 15 адамға дейін толымдылығымен топтарға бөле отырып, кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады.

Осындай форматта оқу үшін жалпы контингенті 55 697 оқушыны немесе оқушылардың жалпы санының 29,4%-ын құрайтын 5 319-ға жуық топ ашу жоспарлануда.

Осылайша, облыстың 189 255 оқушысының: 

  • балалардың 79 590-ы немесе 42%-ы штаттық режимде және кезекші сыныптарда,
  • 109 665 оқушы немесе 58%-ы — қашықтан оқыту форматында оқитын болады.

Қашықтықтан оқытудың режимдік сәттерін түсіндіру үшін оқу жылы басталғанға дейін балаларға арналған бірыңғай сынып сағаттары («Үйде қалай оқу керек», «Киберкультура» және т.б.), сондай-ақ бірыңғай ата-аналар лекторийлері өткізіледі.

Қашықтан оқыту режимін баланың үйінде және мұғалімнің үйінде компьютерсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда облыс мектептерінде 33 200 компьютер бар. Компьютерлік техника 166 779 балада (88%) бар, 22 476 балада жоқ. Осыған байланысты білім беру ұйымдарынан қайтарымды негізде 17 101 компьютерді 197 педагогқа және 16 904 оқушыға, бірінші кезекте, әлеуметтік осал отбасы санатындағы балаларға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қалған 5 712 бала штаттық режимде оқитын болады.

Осы жылдың 25 тамызына дейін облыс мектептеріне қосымша 1,6 млрд теңгеге 9 548 бірлік компьютерлік техника сатып алынады. 

Сондай-ақ, Үкімет резервінен жалпы сомасы 4,1 млрд теңгеге 26 509 бірліктен астам компьютерлік техника сатып алуға қаражат бөлу жоспарлануда.

Қашықтықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру және балалар үйден шықпай-ақ құрдастарымен және мұғалімдермен жайлы қарым-қатынас жасау үшін үйде Интернет болуы қажет. 189 255 оқушының 170 924-інің үйінде интернет желісіне қолжетімділік бар, 18 331 бала интернетпен қамтамасыз етілмеген, оның ішінде 11 454 баланың (3 276 отбасы) интернетке қосылуға техникалық мүмкіндігі бар. Бұл оқушылар үшін SIM-картасы бар 5 620 роутер сатып алынды және интернет трафигі жоғары тарифтер қосылды. Қалған 6 877 бала штаттық режимде оқитын болады.

Сонымен қатар, мектеп жасындағы балалар тұратын барлық елді мекендерде интернет желісінің жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 52 елді мекенде интернет желісіне қолжетімділік жылдамдығы артады, осы мақсаттарға 136,6 млн теңге бағыттау жоспарлануда.

Қашықтықтан оқыту форматына қарамастан, әрбір оқушы тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылы 1,5 млн дана оқу материалдарын сатып алуға шамамен 1,6 млрд теңге бағытталды. Оқулықтарды облыс мектептеріне жеткізу ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін аяқталады.

Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының желісіне жалпы контингенті 56 993 баланы құрайтын 345 балабақша (137 жеке меншік) және 446 шағын орталық кіреді. Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар жаңартылады, олар ата-аналардың немесе заңды өкілдердің балабақша әкімшілігіне өтініші негізінде құрылады. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған жағдайда санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, толық топтар ашылатын болады.

Облыста 1 633 бала контингенті бар 12 арнайы ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 170 тәрбиеленуші контингенті бар 3 мектеп-интернат санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, жаңа оқу жылын штаттық режимде бастайды. 1 463 бала контингенті бар 9 мекеме қашықтықтан жұмыс істейтін болады. Онда кезекші сыныптар да ашылады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде, мектептердегі сияқты жаңа оқу жылын бастаудың екі нұсқасы қарастырылуда. 

Қашықтан оқыту 69 колледжде (контингенті 32 мыңнан астам студент) ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен бірге, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, техникалық, технологиялық, медициналық мамандықтар мен өнер мамандықтары бойынша зертханалық жұмыстар сағаттары санитарлық ережелердің барлық қажетті талаптарын сақтай отырып, саны аз топтарда дәстүрлі форматта өткізілетін болады.

Штаттық режимде оқыту шағын контингенті бар (200-ге жуық студент) және ауылдарда немесе халқы аз қалаларда орналасқан 13 колледжде ұйымдастырылатын болады. Бұл колледждердің жалпы контингенті 1 721 студентті құрайды. Білім алушылардың, педагогтардың және колледждердің басқа да қызметкерлерінің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша: оқу сабақтарының икемді кестесі, кабинеттік жүйеден бас тарту, әр түрлі уақытта әртүрлі топтар үшін үзілістер ұйымдастыру, қашықтықты сақтау және қосымша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. 

Жаңа оқу жылында «Жас маман» жобасын іске асыру шеңберінде облыстың 5 колледждің базасында WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес келетін құзыреттілік орталықтары ашылатын болады, онда бүгінгі күні жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілді және қазіргі заманғы жабдықтарды орнату 80% орындалды.

Бірінші қыркүйекке дейін барлық орталықтар өз қабырғаларында облыстың барлық басқа колледждерінің студенттері мен педагогтарының практикалық сабақтары мен тағылымдамаларын өткізу үшін білім алушыларды қабылдауға және базалық болуға дайын болады. Жүргізіліп жатқан жұмыс 2022 жылға қарай кәсіптік-техникалық білім беру сапасын 24%-ға, колледж түлектерін жұмысқа орналастыру үлесін 16%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Облыста мектептер мен балабақшалардың ауқымды құрылысы жалғасуда. Осы жылдың қыркүйек айында 3 жаңа мектеп өз есігін айқара ашады.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Өскемен қаласында 915 орындық 5 балабақша ашылады. Сондай-ақ, облыс орталығында Жас техниктер станциясы қайта жөнделгеннен кейін SMART-қосымша білім беру орталығы іске қосылады. Ағымдағы жылы 423 білім беру нысанын күрделі және ағымдағы жөндеуге бұрын-соңды бөлінбеген 10,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 есе көп. Жалпы, барлық нысандарда жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта 423 нысанның 381-і (90%) аяқталды. Қалған жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдарында (100%) бейнебақылау жүйелері орнатылған. 

Сонымен қатар, жедел әрекет ету және балалардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін 146 білім беру ұйымының бейнебақылау жүйесін интеграциялау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен оқу жылында барлығы 353 (55%) мектеп, ал жаңа оқу жылында 646 (100%) мектеп жылы дәретханалармен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатқа 1 млрд теңге бағытталды.

Бүгінгі таңда облыс мектептерінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 48 мың бала білім алуда. Халықты әлеуметтік қолдау - мемлекеттік саясаттың басты басымдығы. Мұқтаж санаттағы әрбір бала барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі.

Осы жылы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыс жалғастырылады және 20 тамызға дейін барлық 48 мың бала мектеп формасымен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Егер өткен жылы тек мектеп формасы берілсе, биыл аяқ киім де беріледі. Бұл мақсатқа 1,2 млрд теңге бағытталды. 

Оқу жылының басынан бастап мектепке дейінгі балалар мекемелерінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 3 764 баланы төлемнен босату бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Бұл мақсатқа бюджеттен 373 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, жаңа оқу жылынан бастап 21 524 бала қоғамдық көлікте тегін жүреді. Бұл мақсатқа облыстық бюджет есебінен 418 млн теңге бөлінді.

Бұдан басқа, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жаңа 2020 оқу жылында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 1 605 бала қажетті мамандықтар бойынша тегін техникалық білім алуға мүмкіндік алады.

 

Қарағанды облысы

Жаңа оқу жылында облыс мектептерінде 3,5 мың кезекші сынып жұмыс істейді, онда кіші буынның 48 мың оқушысы баратын болады. Бұл жалпы санның 50%-ы. Әр сыныпта 15 оқушыдан аспайды. Сабақтардың уақыты қысқартылады. Пандемия уақытындағы қатаң санитариялық талаптарға байланысты мектеп оқушыларына оқу орындарында ыстық тамақ берілмейді. Алайда шектеулер алынған соң 1-2 сынып оқушыларын мектеп ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етеді. Алдағы екі жыл бойы ыстық тамақпен барлық бастауыш мектептің оқушыларын қамту жоспарлануда. Қарағанды облысы мұндай шешім қабылдаған еліміздегі алғашқы өңірлердің бірі екенін атап өткен жөн.

Шағын жинақты ауыл мектептері (олардың саны облыста 193) оқу жылын үйреншікті режимде бастайды, себебі ондағы оқушылар саны санитариялық талаптарға қайшы келмейді. 

Өңірдің барлық оқу орындарында санитариялық режим күшейтілген, қажетті дезинфекциялаушы заттар мен жеке қорғаныс құралдары сатып алынды. 

Қашықтан оқытуға тартылған барлық мұғалімдер мен оқушылар компьютерлік техникамен қамтамасыз етіледі. Оларға мектеп техникасы уақытша пайдалануға беріледі. Бірінші кезекте әлеуметтік тұрғыдан әлсіз отбасылардан шыққан балаларға ерекше назар бөлінеді. Облыста шамамен бұндай 28 мың адам бар. Сонымен бірге, компьютерлерді беру кезінде отбасындағы балалар саны ескеріледі. Мәселен, егер отбасындағы төрт мектеп оқушысының бірде бірі кезекші сыныпқа келмейтін болса, онда оларға кемінде екі техника тиісті болады. 

Облыстық бюджет есебінен шамамен 9 мың компьютер қосымша сатып алынды, оқу жылы басталғанға дейін тағы 5 мыңы сатып алынады. Шамамен мың компьютер демеушілер есебінен сатып алынады. «Қазақмыс» корпорациясы мен шаруа қожалықтары өңірді осылайша қолдап отыр. Қарағандылық мектептер үшін республикалық бюджет есебінен әлі 28 мың бірлік техника салып алынады. 

Осылайша, облыста оқу жылы басталғанда қашықтан оқыту үшін 47,5 мың компьютер болады. 

Сонымен бірге өңірде мұғалімдер мен мектеп оқушыларын толассыз ғаламтормен қамтамасыз ету үшін модем мен роутерлер сатып алынуда. Ғаламтордың төмен жылдамдығы қашықтағы ауылдарда байқалады, алайда атап өткеніміздей, ондағы балалар қашықтан емес, мектептерге барып білім алатын болады.

Бүгінде интернеттің төмен жылдамдығы 116 елді мекенде байқалады, онда 6 999 бала оқитын 122 ауыл мектебі орналасқан. Осы жылы 85 елді мекенде интернет жылдамдығын 3-4 G дейін жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл 73 ауыл мектептерінен 5 мыңнан астам оқушылардың интерактивті платформаларда оқуға қосымша қосылу мүмкіндігін береді. Қазір «Қазақтелеком» АҚ әрбір проблемалы өңірді өңдеп жатыр. Оқу жылының басында жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі.

Үйреншікті жұмыс тәртібінің өзгеруіне қарамастан, мұғалімдердің жалақысы бұрынғыдай қалады. Қазіргі таңда өңір мектептеріне оқулықтар жеткізілуде. Талап етілген көлемнің шамамен жартысы қамтамасыз етілді. Қалған оқу құралдары жақын күндері жеткізіледі.

Сонымен қатар пандемияға байланысты балабақшалардың қызметі уақытша тоқтатылды. Эпидемиологиялық ахуал жақсарғаннан кейін олар ата-аналарының өтініші бойынша 15 баладан кезекші топтар режимінде жұмыстарын қайта бастайды.

Қазіргі уақытта облыстың 69 колледжіне құжаттар қабылданып жатыр. Қабылдау 20 тамызда аяқталады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы жергілікті бюджет есебінен биыл 8 700 орынды құрайды. Оның ішінде 400 орын — медициналық мамандықтарға. Штаттық режимде 200 адамға дейін контингентпен ауылдық колледждердің студенттері ғана білім алады (бұл 8 колледж, 1 324 студент). Қалған колледждер оқу жылын қашықтан бастайды. Алайда зертханалық және практикалық жұмыстар, сондай-ақ техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша практиканың барлық түрлері санитарлық нормаларды сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын кіші топтардағы колледждердің шеберханалары мен зертханаларында жүргізілетін болады. Гуманитарлық және экономикалық мамандықтар бойынша практикалық жұмыстар мен практиканың барлық түрлері қашықтан өтетін болады. Компьютерлері жоқ студенттерге техника уақытша пайдалануға беріледі.

 

Қостанай облысы

Облыс аумағында 490 мектеп жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында оқушылардың алдын ала контингенті 108,6 мың оқушыны, 13 мың педагогті құрайды. Бірінші сыныпқа – 12 мыңнан астам бала барады. Барлық мектептерде, ауылдық шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, оқу жылын қашықтан бастау жоспарланған, яғни өткен оқу жылының төртінші тоқсанның тәжірибесі бойынша. Облыста жалпы контингенті 18,6 мың оқушыны қамтитын 330 шағын жинақталған мектеп бар. Оның ішінде жалпы контингенті 16 мыңнан астам оқушысы бар 265 мектеп санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, штаттық режимде оқитын болады. Аталған мектептер өткен оқу жылының 4 тоқсанында осы режимде оқытылған болатын. Бұл мектептердегі оқыту екі ауысымда ұйымдастырылады, ауысымдар арасында бір жарым сағат үзіліс болады, желдету режимі қатаң сақталады және әр сабақтан кейін дезинфекциялау жүргізіледі. 

Мектептерде маска режимі енгізіліп, медициналық бақылау күшейтіледі.

Штаттық режимде жұмыс істейтін мектептердің ең көп саны Қостанай, Меңдіқара, Әулиекөл, Жангелді, Қарабалық, Федоров аудандарында. Мұндай оқыту форматы осы елді мекендерде қолайлы эпидемиологиялық жағдай болған кезде ғана мүмкін. Егер жағдай күрделінетін болса, облыстың білім беру жүйесі қашықтық режимге толық көшеді. Жалпы контингенті 92,5 мың оқушы қалған 225 мектепте оқу процесі қашықтан ұйымдастырылады. Бұл ретте, ата-аналардың өтініштері бойынша бастауыш сыныптарда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, толымдылығы 15 адамға дейін топтарға бөлінген кезекші сыныптар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда осындай форматта оқу үшін жалпы контингенті 27,3 мың оқушысы немесе төменгі сынып оқушыларының жалпы санынан 55% бар 2400-ге жуық топтың ашылуы жоспарланып отыр. 

Осылайша 108 мың оқушының: 

  • 16 мыңы немесе 15% штаттық режимде оқытылады;
  • 27 мың оқушы немесе 25% кезекші сыныптарда;
  • 65 мың оқушы немесе 60% қашықтықтан оқитын болады.

Қашықтықтан оқытудың режимдік сәттерін түсіндіру үшін оқу жылы басталғанға дейін балаларға арналған бірыңғай сынып сағаттары («Үйде қалай оқу керек», «Киберкультура» және т.б.), сондай-ақ бірыңғай ата-аналар лекторийі өткізілетін болады.

Қашықтан оқыту режимін баланың үйінде және мұғалімнің үйінде компьютерсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін жаз мезгілінде 1,4 млрд теңгеге 6 мың компьютер сатып алынды, бұл облыстың білім беру ұйымдарының компьютерлік паркін 50%-ға жаңартуға мүмкіндік берді. ҚР Білім және ғылым министрлігі үкіметтік резервтен жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге 15 мыңнан астам компьютерлік техниканы сатып алуға қосымша қаражат бөлуді қарастырып жатыр. Жалпы, педагогтер мен мектеп оқушыларының қажеттілігін өтеу үшін бұл ресурстар жеткілікті. Осыған байланысты педагогтер мен оқушыларға, бірінші кезекте әлеуметтік әлжуаз санаттағы отбасылардың балаларына қайтарымды негізде компьютерлер беру бойынша жұмыс жүргізілді. Бүгінде 11 012 мұғалім мен 176 оқушыға 11 188 компьютерлік техника берілді.

Түрлі қаржыландыру көздері есебінен Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мобильді интернет модемдері сатып алынады. Сондай-ақ, облыстың барлық 490 мектебі жаңа оқу жылы басталғанға дейін жоғары жылдамдықты интернетке қосылады (4 Мбит/с-тан бастап), бұл мақсатқа 2020 жылы 163,5 млн теңге бөлінді.

Қашықтықтан оқыту форматына қарамастан, әрбір оқушы тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылы оқу материалдарын сатып алуға шамамен 1,2 млрд теңге бағытталды. Оқулықтарды облыс мектептеріне жеткізу ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін аяқталады.

Облыстың мектепке дейінгі ұйымдар желісі 186 балабақшадан тұрады, оның ішінде 64 жекеменшік балабақша бар. Тәрбиеленушілердің жалпы саны 22,7 мың баланы құрайды. Бұдан басқа, облыс аумағында 9 мың баланы қамтитын 399 шағын орталық жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ұйымдастырылатын болады, олар ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің балабақшаның әкімшілігіне өтінішінің негізінде құралады. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде - әлеуметтік қашықтықты және қатаң санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, толық топтар ашылады.

Облыстағы жалпы контингенті 39 мыңға жуық тәрбиеленушісі бар 45 қосымша білім беру ұйымдарында эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмыс санитарлық нормаларды сақтай отырып, қашықтан форматында және штаттық режимде жеке тәртіппен немесе шағын топтарда ұйымдастырылатын болады.

Жаңа оқу жылында санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, штаттық режимде 506 тәрбиеленуші контингенті бар 2 мектеп-интернат, 259 оқушы оқитын 4 арнайы мектеп қашықтан жұмыс істейтін болады, педагогтар сабақтарды әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып дайындайды. Жаңа оқу жылын қашықтан режимінде облыстың жалпы контингенті 22 мыңнан астам студенті бар барлық 34 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы да бастайды. Барлық колледждерде тиісті жағдайлар жасалған.

2020 жылы облыста студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа жобалар іске қосылды. Осылайша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде Қостанай қаласында колледждердің екі жатақханасының құрылысы басталды: осы жылдың соңына дейін аяқтау мерзімімен 700 млн теңге сомасына қуаты 250 орын болатын Қостанай жоғары медициналық колледжінің және жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 500 орындық Қостанай автомобиль көлігі колледжінің құрылысы басталды. Құрылысты 2021 жылы аяқтау жоспарлануда.

Облыста заманауи мектептердің ауқымды құрылысы жалғасуда. Осы жылдың қыркүйек айында мемлекеттік тілде оқытатын 320 орындық жаңа мектеп өз есігін айқара ашады, сондай-ақ осы жылдың соңына дейін 1200 орындық және 320 орындық мектептердің құрылысы аяқталады.

131 білім беру нысанының күрделі және ағымдағы жөндеулерін жүзеге асыруға бұрын-соңды болмаған 9,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,6 есе көп. Жалпы, барлық нысандарда жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта 131 нысанның 91-і аяқталу сатысында.

Сонымен қатар, облыста білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жұмыстары аяқталуда. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 187 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 460 мектеп немесе 94%-ы бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 122 мемлекеттік балабақшаның 112-сі немесе 92%-ы камералармен жабдықталған. Оқу жылы басталғанға дейін жұмыс толық көлемде аяқталады. Жалпы, облыста оқу жылын ойдағыдай ұйымдастыру үшін барлық іс-шаралар кешені өткізіліп жатыр.


Маңғыстау облысы

Биыл өңірде жаңа оқу жылында 304 балабақша, 141 жалпы орта білім беретін күндізгі, 9 жекеменшік, 6 кешкі мектеп, 4 арнайы білім беру, 27 техникалық кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс істейді.

Облыстағы 304 балабақшада (145 мемлекеттік, 159 жекеменшік) 36 315 бала тәрбиеленуде. Өңірдегі карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты 2020 жылғы 7 шілдеден бастап кезекші топтардың жұмысы тоқтатылды. Осыған қарамастан республикалық ведомствоаралық комиссияның және өңірлік жедел штабтың шешімімен жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында қызметкерлердің жалақылары толық көлемде төленіп келеді. 

Қазіргі кезде 1-6 жастағы 33 484 бала кезекте тұр, карантин жағдайына байланысты балабақшаларға жолдама беру уақытша тоқтатылды. 3-6 жастағы балаларды қамту 100%, 1-6 жас — 60%.

1 қыркүйектен бастап 141 мектепке 160 630 оқушы келеді деп күтілуде. Өткен жылмен салыстырғанда оқушылар контингенті 11 649-ға (7,2%) артық болуы мүмкін.

Болжам бойынша 1 сыныптарға 19 900 оқушы келеді. Биыл электрондық үкімет порталы арқылы мектепке қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды. 10 тамыздағы жағдай бойынша ата-аналардан 17 500 өтініш қабылданды.

Жаңа оқу жылының қарсаңында 7 мектеп:

  • 1 860 орындық 3 мемлекеттік мектеп (Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында 960 орындық, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында 600 орындық, Қарақия ауданы, Жетібай ауылында 300 орындық бастауыш мектеп); 
  • 934 орындық 4 жекеменшік мектеп (Ақтау қаласында — 3, Мұнайлы ауданында — 1) іске қосылады. 

Жыл соңына дейін Ақтау қаласындағы 34 шағын ауданда 1 200 орындық, Шығыс-1 шағын ауданында 300 орындық 2 мектеп пайдалануға беріледі. Осылайша жаңа оқу жылында барлығы 9 мектеп іске қосылады. 

Сонымен қатар биыл Ақтау қаласында 3 600 орынға шақталған 3 мектептің құрылысы басталады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында осы жылы 5,554 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:

  • 300 орындық 1 мектеп құрылысы;
  • Үш мектепке қосымша құрылыс;
  • Екі мектепті күрделі жөндеу;
  • 21 мектепті ағымдағы жөндеу;
  • Екі мектепті реконструкциялау.

53 мектептің сыртқы әжетханаларын ішке орнату және 94 мектептегі бейнебақылау жүйелерін жаңарту және жетілдіру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 312 млн теңге қаржы бөлінді. 10 тамыздағы жағдайға әжетханаларды орнату жұмыстары 35 мектепте (66%), бейнебақылау жүйелерін орнату жұмыстары 79 мектепте (84%) аяқталды. Жұмыстар 15 тамызға дейін толық аяқталады.

Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары жаңа оқу жылына дайындық актілерін сонымен қатар жылыту маусымына 453 білім беру нысанының дайындық актілерін 20 тамызға дейін құзырлы органдардан (СЭС, ТЖ) алады.

2020 жылға мектептерді оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 2 012 млн теңге қаржы бөлінді. 

1-10 сынып оқушыларына қосымша қажеттілікке, 11 сыныптарға толықтай жаңа бағдарламаға сәйкес басылып шығатын оқулықтар және 1 сыныптарға жұмыс дәптерлері, барлығы 1 128 638 дана оқулық сатып алынады.

Қазіргі кезде Ақтау қаласының 111 мың оқулығы (9,8%) баспалардан алынып, мектептерге жетті. Ақтау қаласы, Маңғыстау, Мұнайлы аудандарының 188 331 (16,7%) оқулықтары баспалардан алынды.

Тасымалдау барысы күнделікті бақылауда. Оқулықтар 25 тамызға дейін өңірге жеткізіледі. 

Бүгінгі күні өңір мектептерінде 168 педагогқа қажеттілік бар, оның ішінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, математика, физика, химия, орыс тілде оқытатын бастауыш сыныптарының мұғалімдеріне қажеттілік басым. 

Биыл басқа облыстардың ЖОО-нан педагогикалық мамандықтарды бітірген 300-ге жуық түлек, Ш.Есенов университетін 159 педагог (30 - математика, 18 - тарих, 23 - биология, 34 - орыс тілі мен әдебиеті, 37 - ағылшын тілі, 14 - физика, 3 - информатика) бітіріп келеді деп жоспарлануда. 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2019-2020 оқу жылында 502 маманға қолдау көрсетілді, соның ішінде 322 адам біржолғы жәрдемақы, 180 адам тұрғын үй кредиттерін алды. 

Жаңа оқу жылында екі мектеп (Маңғыстау ауданы Бекі селосы, Қарақия ауданы Аққұдық ауылы) дәстүрлі, ал қалған мектептердің барлығы қашықтықтан оқытылады. Осы 2 мектепте оқытуды барлық санитарлық талаптарға сай өткізу үшін жергілікті бюджеттен Аққұдық мектебіне 3,3 млн теңге, Бекі мектебіне 2,9 млн теңге қаражат қаралды. Мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту үшін республикалық Ел Арна, Әл Фараби телеарналарынан телесабақтар көрсетіледі. 

Білім беру процесін сапалы жүзеге асыру үшін оқушылар мен мұғалімдердің компьютерлер немесе ноутбуктерге және интернетке қолжетімділігі болуы тиіс. Бұл бағытта барлық елді мекен бойынша талдау жасалды. Нәтижесінде, мектептердегі 49 652 оқушыда (20 939 отбасы) компьютер құрылғыларына қажеттілік анықталды.

Қажеттілікті отбасыда 3-ке дейін оқушы болса, 1 компьютерден, 4-тен 6 оқушыға дейін болса 2 компьютерден, 7-8 оқушы болса 3 компьютерден қажет деп есептегенде және компьютері жоқ 1218 мұғалімдер қоса алғанда, барлығы 35 829 компьютер қажет етіледі. 

Компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметіне жедел шығындарға арналған резервінен және жергілікті бюджеттен 30 641 дана компьютерлік құрылғылар сатып алынады. 

Сонымен қатар мектептердің балансындағы 4 850 компьютер оқушыларға пайдалануға беріледі. 

Нәтижесінде 35 491 дана компьютерлік құрылғы ең алдымен аз қамтылған отбасылардың, жетім және ерекше білімді қажет ететін оқушыларға уақытша пайдалануға таратылып беріледі. 

Сонымен қатар 400-ге жуық компьютерлік құрылғыны демеушілер, кәсіподақтар есебінен және «Мектепке жол» акциясы аясында алу жоспарланған.

Бұдан бөлек, қашықтықтан оқыту кезінде білім беру платформаларының кедергісіз жұмыс жасауы үшін 4 серверлік құрылғы сатып алуға 12,0 млн теңге қаржы бөлінді.

Карантин шаралары жеңілдетіліп, оқушылар дәстүрлі оқытуға көшкен кезде мектептердегі қатаң санитарлық талаптарды сақтау үшін дезинфекциялық тоннельдер, кварцтар, санитайзерлер, тепловизорлар және т.б. арнайы құрылғылармен жабдықталады. Осы мақсатта бюджеттен 352 млн қаржы қарастырылды.

Интернетпен қамту бойынша да облыс бойынша аудан, қалалар, елді мекендер бойынша талдау жасалды. Нәтижесінде 36 219 баланың (14 244 отбасы) үй жағдайында интернетке қосылу мүмкіндігі төмендігі анықталды. 

Интернет жылдамдығы 17 елді мекенде 4 мб/с төмен. Екі елді мекенде (Маңғыстау ауданы, Бекі ауылы, Қарақия ауданы, Аққұдық ауылы) интернет жоқ (53 оқушы, 15 мұғалім тұрады).

Интернетпен қамту жұмыстарын білім басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, қала, аудан, ауыл әкімдері, «Қазтелеком», «Қазтранском», «Х-Сом», «Бикада», «АртКом», «Ақтау спецмонтаж», «Ксеll», «Билайн», «Алтел», «Теле2», «SAMGAU TELEKOM», «Каспийтелеком», және т.б. телекоммуникация компанияларымен бірлесіп мамыр айынан бастап жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл мәселе күнделікті бақылауда, 25 тамызға дейін жұмыстар аяқталады. 

Облыстағы 27 колледждің контингенті 19422 студент, оның 12437-і (64%) мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда. Колледждерге 2020-2021 оқу жылына мемлекеттік тапсырыспен 4264 адам қабылданады.

Биыл медициналық мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысы өткен жылға қарағанда 2 есеге артты. Жаңа мамандықтарға «Лабораториялық диагностика», «Гигиена және эпидемиология» мемлекеттік тапсырыс берілді. 

Барлық колледж студенттері жаңа оқу жылында қашықтан білім беру жүйесінде оқытылатын болады. 

Қабылданатын 1 курс студенттерін қоспағанда 254 студентке компьютер мен ноутбук жетіспеушілігі бар. Колледждер баланстағы компьютерлер мен ноутбуктерді студенттерге уақытша қолдануға беру арқылы шешеді. 

Жаңа оқу жылынан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша жаңартылған білім мазмұнына көшеді. Оған керекті оқулықтарға тапсырыс берілді. 

«Жас маман» жобасы аясында 10 колледждің материалдық базасы жаңартылады.

2020 жылға 5 колледжге жабдықтарды сатып алу үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары 2 колледжде толықтай аяқталды. Қалған 3 колледж бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Жыл соңына дейін құрал жабдықтарымен толықтай қамтамасыз етіледі. 

2021 жылы тағы 5 колледжге «Жас маман» бағдарламасы арқылы құрал-жабдықтар алынады.

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы аясында 3 колледждің жатақханасына және 2 колледждің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар тамыз айының соңына дейін аяқталады.

 

Ақмола облысы

Жаңа оқу жылында мектептерге 132 мыңнан астам оқушы келеді, олардың 15 мыңға жуығы — бірінші сынып оқушылары. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, саны аз 555 мектептің 248-і жаңа оқу жылын штаттық режимде, 307-і қашықтан оқытумен бастайды деп жоспарлануда. Бұл ретте, осы мектептердің бастауыш сыныптарында ата-аналардың өтініші бойынша 15 оқушыдан аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Алдын ала мәліметтер бойынша, осындай кезекші сыныптар 3 мыңға жуық болады, онда 45 мыңға жуық оқушы оқи алады. 

Үкімет резервінің қаражатынан осал санаттағы балаларды компьютерлермен қамтамасыз етуге 23 мыңнан астам дана компьютерлік техника сатып алынады, олар 3-4 тоқсан ішінде жеткізілетін болады.

Мектептерде әлеуметтік осал санаттағы 25 472 оқушы білім алуда. Компьютерлік техникасы жоқ мұғалімдерге білім беру қызметкерлерінің салалық кәсіподағы есебінен ноутбуктер сатып алынады және пайдалануға беріледі. 14 868 педагогтен 13 204 (89%) педагогтің жеке компьютерлері/ноутбуктері, 1 618 педагогтің смартфондары бар.

Облыста оқушылар мен педагогтарды интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде облыстың барлық жалпы білім беретін мектептері кеңжолақты жылдам интернетке қосылған. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ облыстың тағы 35 мектебінде жылдамдықты 8 Мбит/с дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, оны бірінші қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.

Қашықтықтан оқыту кезінде үйде студенттерде тұрақты интернеттің болуы өте маңызды. 132 мың оқушыдан 124 400 бала немесе 94%-ы үй жағдайында интернетке қол жеткізе алады, 7 800 оқушыда (6%) интернет жоқ.

Бұл мәселені шешу үшін оқушыларға Wi-Fi роутерлері, ұялы байланыс операторларының мобильді интернеті бар флеш-карталары беріледі.

Қазіргі уақытта цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіұялы байланыс операторлары өкілдерімен бірге оқушылар мен педагогтер үшін айына 990 теңге тұратын «Білім» жеңілдетілген тарифтік жоспарын іске қосу бойынша келіссөз жүргізуде. Бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушы арасында шексіз қоңырауларды, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі белгілеген білім беру ресурстарына тегін қолжетімділікті көздейді.

Балалардың денсаулығын сақтау үшін штаттық режимде оқытуды жоспарлайтын ауылдардағы шағын жинақты мектептер және бастауыш сыныптар дезинфекциялық құралдармен, санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылына дайындық кезінде дәстүрлі түрде мектептердің жалпы білім беру қорынан аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға оқу-жазу құралдарын, киім-кешек пен аяқ киім сатып алуға көмек көрсетіледі. Ағымдағы жылы облыстың аз қамтылған отбасыларынан шыққан 17 мың баланы қолдау үшін осы мақсатқа 300 млн теңгеден астам қаражат бағытталатын болады. Сондай-ақ, жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасатын болады. Жыл сайын бизнес-қоғамдастықтардың меценаттары мен Ақмола облысының белсенді азаматтары осы мақсатқа шамамен 250 млн теңге бөледі.

Облыс мектептерінде 14 мыңнан астам мұғалім еңбек етеді, оқу жылының басында мектептер толығымен педагог кадрлармен толықтырылады. Ағымдағы жылғы 1 маусымда кадрларға қажеттілік 387 педагогті құрады, бүгінгі күні мектептерге 139 маман, оның ішінде 78 жас маман келді.

Педагогтердің IT-құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Ақмола өңірде «Қашықтан оқытуды үйренемін» онлайн-курсы 10-15 тамыз аралығында өтеді. Оқытудың форматы - асинхронды, бұл мұғалімдерге оқу уақыты мен қарқынын өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, онлайн-курстың әр тақырыбы өз бетінше оқуға арналған өзекті материалдар мен ресурстарды қамтиды.

Сонымен қатар барлық оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оқулықтарды білім беру ұйымдарына жеткізу және оларды оқушыларға тарату бекітілген кесте бойынша 20 тамызға дейін аяқталады, бұл мақсатқа шамамен 1 млрд теңге бөлінді. 10 тамыздағы жағдай бойынша оқулықтар 50%-ға жөнелтілді.

Бүгінгі таңда облыста үш ауысыммен оқытатын 12 мектеп жұмыс істейді. 1 қыркүйекке қарай Целиноград ауданында 1500 орындық екі мектепті пайдалануға беру жоспарланған.

Биыл мектептерді жөндеу бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мен «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында өңірдің 114 мектебі жөнделуде.

Бүгінгі таңда мектептердің 73%-ы және балабақшалардың 91%-ы бейнебақылаумен жабдықталған. 2020 жылы осы мақсаттарға 284,5 млн теңге сомасында қаражат көзделген.

Жаңа оқу жылына және колледждер де дайындалып жатыр. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы аясында жаңа оқу жылында бюджет қаражаты есебінен облыстың 32 колледжіне 6 мыңға жуық студент қабылданады. 1 мыңға жуық студент контингенті бар 8 шағын колледж штаттық режимде оқытатын болады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар қайта ашылады. Бүгінде 89 мектепке дейінгі ұйымда 244 кезекші топ ашылды. Қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердегі оқыту қашықтан жүргізіледі, алайда, өтінішке сәйкес балаларды қалыпты режимде оқыту құқығы ата-аналардың қолында қалады. Бұл ретте топтардың толықтырылуы 5 адамнан аспайтын болады.

Ата-аналар мен балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында онлайн-кеңестер өткізіледі. Денсаулығына қатысты проблемалары бар балаларды қабылдау алдын-ала жазылу тәртібімен жеке тәртіпте жүзеге асырылады.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Облыста бүгінде 477 мектепте шамамен 75 мың бала білім алады. Жыл санап оқушылардың саны өсіп келеді. 2018 жылы 7,7 мың бала бірінші сыныпқа барса, былтыр 8,5 мың оқушы мектеп табалдырығын аттады. Биыл бірінші сыныпқа 9 мыңға жуық бала келеді. 

Эпидемиологиялық ахуалы қолайлы ауылдардағы 318 шағын жинақты мектепте санитарлық қауіпсіздіктің барлық шараларын сақтаумен оқу штаттық режимде өтеді. Бір сыныпта 15 баладан аспауы тиіс, екі ауысымда оқиды. 

Қашықтықтан оқытатын мектептердегі бастауыш сыныптарда ата-аналардың өтініші бойынша 2 мың кезекші топ ашылады. Бір сыныпта 15 бала ғана оқиды. Қашықтықтан оқу үшін мұғалімдер мен оқушыларға компьютерлік техника қажет. Жалпы алғанда, балаларға сатып алынған 15 мыңға жуық компьютер таратылады. Бірінші кезекте компьютерлер табысы төмен отбасылардың балаларына, жетімдерге және ерекше балаларға берілетін болады. Сондай-ақ, 373 мұғалімге компьютерлер уақытша пайдалануға беріледі. Барлық балалар тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі. 

Бүгінде облыста 635 елді мекеннен 437 ауылда кең жолақты интернет бар. 

Биыл тағы 133 ауыл сапалы интернетке қосылады. Жыл соңына дейін 570 ауыл кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілмек, бұл барлық ауылдардың 90%.

Қазіргі таңда кең жолақты Интернетке мектептердің 96%-дан астамы қосылған. Осыған байланысты «тәуекел тобына» кірмейтін мұғалімдер мектептерден, әрқайсысы өз кабинетінен жұмыс жүргізеді. Шалғай ауылдарға 1,5 мың роутер мен USB-модемдер сатып алынады. Олардың барлығы табысы төмен отбасылардың балаларына беріледі.

Білім беру мекемелерінде санитарлық шаралар күшейтіледі. Тепловизорлар, санитайзерлер мен дезинфекциялық құралдардың қажетті көлемі алынуда. Қажетсіз байланыстарды болдырмау үшін мектептерде асханалар уақытша жұмыс істемейді. 

Бұдан кейін, тұрғындардың ауруды жұқтыру деңгейінің тұрақты төмендеуіне байланысты, мектептердің аралас және дәстүрлі оқыту форматына біртіндеп көшуі жүзеге асырылады. Телесабақтар қосымша оқу ресурсына айналады. Телесабақтар республикалық телеарналарда көрсетіледі. 

Облыс аумағында қабылдау мүмкіндігімен барлық елді мекендерде «OTAU TV» жерсеріктік телерадиохабар тарату арқылы қосылуға болады. Сонымен қатар, «Қазтелерадионың» қолда бар барлық станциялары арқылы хабар тарату туралы келіссөз басталды. Қазір 29 станциясы арқылы хабар таратылады. Қосымша тағы 13 станция қосылады. Облыс тұрғындарын қамту 100%. құрамақ.

Өңірдегі мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы 142 мектеп жаңарса, биыл 107 білім ордасы жөнделмек. Осылайша, екі жыл ішінде біз өңір мектептерінің жартысын жаңартамыз. Үш мектеп салынуда. Жаңа оқу жылында Жас Өркен ықшам ауданында 900 орындық және Бескөлде 300 орындық заманауи екі мектеп ашылады. 

Сондай-ақ, оқу жылы басталғанға дейін бейнебақылаумен қамтамасыз ету және мектептердің автобус паркін жаңарту мәселелері толығымен шешіледі. Ұзақ уақыт ішінде алғаш рет мектептердегі жиһаз бен спорттық құрал-жабдықтарды жаңартуға қаражат жұмсалды. Компьютерлерді жаңарту мәселесі де шешілуде. Соңғы үш жылда 1 600 бірлік компьютер сатып алынды. Биыл карантин кезінде үнемдеу есебінен оқушыларға 580 компьютер берілді. Қосымша 14 мың бірлік техника сатып алынады. Бұл - ноутбуктер, компьютерлер және планшеттер.

Облыста 25 колледж бар. 3 колледж қашықтықтан жұмыс істесе, 12 аралас оқыту жүйесіне көшеді. Ауылдардағы 10 колледжде оқыту штаттық режимде өтеді.

Қосымша білім беру ұйымдарында эпидемиологиялық ахуалға байланысты оқыту қашықтан форматында жүргізіледі. Штаттық режимде 5 адамға дейінгі шағын топтарда жеке сабақтар өткізуге рұқсат етіледі.

Арнайы білім беру ұйымдарында балаларға кеңес беру онлайн режимде өтеді. Балалар сабаққа алдын ала жазылады, тек денсаулықтары күрделі балалар ғана жеке қабылданады.

Соңғы үш жылда өңірге 1 390 жас мұғалім келді. Биыл тағы 315 жас маман келеді деп күтілуде. Педагогтердің АТ-құзыреттерін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Педагогтер үшін қашықтан жұмыс істеу дағдыларын игеруге арналған онлайн-курс әзірленді. Қазірдің өзінде 3 мыңға жуық мұғалім даярлықтан өтті. Оқу жылы басталғанға дейін тағы 10 мың адам оқиды. 

Сондай-ақ, ата – аналарға арналған онлайн-курстар өткізіледі.

Техникалық қолдау көрсету үшін 20 тамыздан бастап аудандар мен Петропавл қаласында 15 Call-орталық жұмыс істей бастайды. 
 

Батыс Қазақстан облысы

Биылғы оқу жылын облыстағы барлық 380 мектептің ішінен 220 шағын мектеп оқуды штаттық режимде бастайды. Бұл мектептердің басым көпшілігі интернет жылдамдығы төмен немесе интернеті жоқ елді мекендерде орналасқан. Аталған мектептерде шамамен 16 мыңнан астам оқушы оқиды.

90 мыңнан астам оқушыларды қамтитын бала саны көп қалалық және ауылдық 160 мектеп қашықтықтан оқыту режиміне көшетін болады. Қашықтықтан оқытылатын мектептер BilimLand, Daryn.online, Edupage білім беру порталдарына қосылатын болады.

Қашықтықтан оқыту режиміне көшкен мектеп оқушылары қажеттіліктеріне сәйкес компьютермен қамтамасыз етіледі. Жаңа оқыту режиміне көшу үшін педагогтар мен оқушыларды компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз ету көзделген.

Егер мұғалімдерді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесі кәсіподақ есебінен және мектептердегі компьютерлерді беру арқылы шешілетін болса, оқушыларға қайтарым негізінде 20 мыңнан астам компьютер сатып алу көзделіп отыр.

Жаңа оқу форматына оқытуды ұйымдастыру бойынша облыс педагогтары арнайы курстардан өтті. Сондай-ақ, барлық оқушылар мен ата-аналарды дайындау мақсатында «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы 10 тамыздан 24 тамызға дейін лекторлық курстарын өткізуді бастады.

Қашықтықтан оқытатын мектептерде бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптарды ашу көзделуде. Бұл сыныптарда шамамен 17 мыңнан астам оқушы білім алатын болады. Штаттық және кезекші сыныптары бар мектептерде қатаң санитарлық талаптарды сақтау шаралары қамтамасыз етіледі. Әр сыныпта оқушылар саны 15-тен аспайтын болады. Оқушылар арасында қашықтықты сақтауға қатаң көңіл бөлінеді.

Мектептер толығымен санитарлық құралдармен қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджет есебінен санитайзерлер, тепловизорлар, антисептиктар, кварцтық лампалар сатып алынады. Балалар келіп оқитын мектептерде маска режимі енгізіліп, әр сабақ сайын желдету, дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізіліп, медициналық бақылау күшейтіледі.

Ауылдық елді мекендердегі оқушы саны аз колледждер қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде жұмысын жалғастыратын болады. Ал педагогикалық, ІТ, гуманитарлық бағыттағы колледждер толығымен қашықтан оқытуға көшеді. Техникалық, аграрлық, медицина және өнер бағыттарындағы колледждерде лекциялар онлайн, ал лабораториялық және практикалық жұмыстар оқу орнында жүргізілетін болады. Колледждер College SmartNation, Edus білім беру порталдарына қосылады.

Барлық 380 жалпы білім беретін мектептер интернет желілеріне қосылған. Алайда, интернеттің жылдамдығына байланысты бірқатар мәселелер бар екенін айта кету керек. Жылдамдықты арттыру және қосымша спутниктік станцияларды орнату үшін жергілікті бюджеттен 56 млн теңге қаражат бөлу қарастырылуда.

Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 2,8 млрд теңге қаражат бөлінді. Оқулықтар мектептерге оқу жылы басына дейін жеткізілетін болады. Мектептерде оқыту процесі қашықтықтан ұйымдастырылатын болғандықтан, кейбір мектептердегі жөндеу жұмыстары жалғаса беретін болады. 

Биыл облыс бойынша 2550 орындық 5 мектептің құрылысы жүргізілуде. Соның ішінде 2 мектеп жаңа оқу жылына дейін тапсырылатын болады. Жалпы, 9,3 млрд теңге қаражатқа 27 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Оның ішінде 22 мектеп қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі.

 

Алматы облысы

Облыста 87 318 бала контингенті бар 1 181 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Қамту — 98,4%. Оның ішінде 642 жекеменшік балалар мекемесі 48 333 баланы қамтып отыр.

Оқу жылының басынан бастап ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтарда балаларды қабылдау ұйымдастырылады. Санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, штаттық режимде 2 ауысымда 19 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейтін болады. Ата-аналардың өтініші бойынша интернет-платформаларды, видеосабақтарды, цифрлық білім беру ресурстарын және т. б. қолдана отырып, қашықтықтан оқыту форматында сабақтар өткізуге болады.

Қашықтықтан оқытуға 854 оқушы контингенті бар 7 арнайы мектеп-интернат және 18 621 оқушы контингенті бар 40 қосымша білім беру ұйымы көшеді. 

Ағымдағы жылы облыста 32 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 23 мектеп, студенттерге арналған 4 жатақхана бар. Облыста жүзеге асырылып жатқан Жұмыспен қамтудың жол картасының арқасында жалпы сомасы 27 млрд теңгеге 1500 орындық тағы 6 мектеп салу көзделген.

1 қыркүйекке дейін 2600 орындық 6 мектеп пайдалануға беріледі. 2020 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында және жергілікті бюджет есебінен 23,9 млрд теңге сомасына 55 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілуде, оның ішінде: мектептер — 42, колледждер — 2, балабақшалар — 5, ОӨК — 1, спорт және балалар алаңдарын ашу жоспарланған 5 мектептің аумағын абаттандыру бар.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 5 млрд теңге, компьютерлер сатып алуға 4 млрд теңге, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен сатып алуға 3,4 млрд теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды жөнелту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні облыс бойынша жеткізу 30% құрайды. Облыс мектептеріне оқулықтарды жеткізу ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін орындалады.

Облыста мектептері жоқ 69 шалғай елді мекеннен оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылған. Осы мақсатта 71 автобус сатып алуға жергілікті бюджеттен 940,6 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда 61 автобус сатып алынды. Қалған 10 автобус тамыз айының соңына дейін сатып алынады.

Облыста 76 колледж бар, оның ішінде 43 мемлекеттік, 33 жеке меншік, білім алушылардың болжамды саны 28 758 студентті құрайды. 59 колледжде студенттерді қашықтықтан оқыту, 12 колледжде — штаттық режимде оқыту жоспарлануда.

Ағымдағы жылы 330 орындық үш студенттік жатақхана салынып, төрт колледж жатақханасының құрылысы басталады. Колледждерде 4 872 компьютер бар, компьютерлік техникаға қажеттілік - 2915 бірлік. Жергілікті бюджеттен 2097 компьютер сатып алуға 405 млн теңге бөлінді.

«Жас маман» бағдарламасы есебінен 5 колледж 1,6 млрд теңге алып, оқу жабдықтарын жаңартты, 2021 жылы тағы 6 колледж өз жабдықтарын жаңартады. Бұл оқу орны үшін материалдық базаны халықаралық талаптарға сәйкес келтірудің бірегей мүмкіндігі. «Жас маман» жобасы бойынша сатып алынатын заманауи өндірістік жабдық үздік әлемдік стандарттар мен практикаларға сәйкес келетін еңбек нарығына жақсы дайындалған кадрларды шығаруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 5 тамызынан бастап жергілікті бюджет есебінен білім беру грантына құжаттарды қабылдау басталды, қажеттілікті ескере отырып, 260 бала облыс гранттары есебінен білім алатын болады. Оның ішінде жалпы конкурсқа 110 білім гранты, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 150 білім гранты бөлінді.

 

Атырау облысы

Облыстағы 196 мектепте 131 900 оқушы бар. Жаңа оқу жылына қашықтықтан оқыту бойынша оқушылар мен мұғалімдердің интернетке қолжетімділігі жайлы алдын ала сараптама жасалуда.

Бүгінгі күні 16 693 оқушыға компьютер, 3000 балаға интернет желісін қосу қажеттілігі бар. Қазір «Қазақтелеком» АҚ қажеттілік бойынша интернетке қосу жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек, жалпыға міндетті оқу қорынан қайтарымсыз негізде 3000 роутер сатып алу бойынша ұялы операторлармен келісім жүргізілуде.

Оқушыларға қажетті компьютер жетіспеушілігін шешу мақсатында жаңа оқу жылы басталғанға дейін 15 246 мектеп компьютері қайтарымды келісіммен таратылып берілетін болады. 

1611 ноутбук алу үшін жергілікті бюджеттен 282 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар, қала мектептерін жан басына қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаржының 250 млн теңгесіне 1389 ноутбук алу жоспарлануда. Жалпы алғанда 3000 компьютерлік техника алынады. 

 1611 ноутбук алу үшін жергілікті бюджеттен 282 млн теңге бөлінді және қала мектептерін жан басына қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаржының 250 млн теңгесіне 1389 ноутбук алу жоспарлануда. Жалпы алғанда 3000 компьютерлік техника сатып алынады. Бұған қосымша, республикалық трансферт есебінен 18 510 компьютерлік техника алу үшін сұраныс жолданды.

Өңірде білім беру мекемелерінде кадр тапшылығы мәселесі өзекті болып тұр. Қазір облыс бойынша 472 оқытушы қажет. Олардың 74-і бастауыш сынып мұғалімі. Жаңа оқу жылында облысқа 101 жас маман келеді. Оның 20-сы бастауыш сынып мұғалімі. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 20 маман аудандарға келеді.

Жаңа оқу жылынан бастап 170 мектепте 1-4 сыныптарда 1446 кезекші сынып ашылады. Балалар оқитын барлық білім беру мекемелерінде қажетті дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ шалғайдағы 17 елді мекеннің бастауыш сынып оқушылары көлік тасымалымен қамтамасыз етіледі.

Мектептер залалсыздандыру құрал-жабдықтарымен толық қамтылды. Білім беру ұйымдарында қажетті санитарлық жұмыстары жүргізілуде. Қажетті дезинфекциялық құралдар алынды, тепловизорлар алынып жатыр.

Оқушыларды оқу материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша жергілікті бюджеттен қажетті қаражат бөлінді. Оқулықтарды сатып алу үшін 19 баспамен 110 келісімшарт жасалды. 10 тамыздан бастап олар облысқа жеткізіле бастады. Ағымдағы жылы тамыз айының 20-на дейін білім беру ұйымдары оқулықтармен толық қамтылады.

Сонымен бірге, мектеп әжетханалары мен ғимарат ішінде әжетхана салу құрылысына қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта мердігер мекемелер құрылыс жұмыстарымен айналысуда. Әжетханалар құрылысы тамыз – қыркүйек айларында толықтай аяқталады деп күтілуде. Жаңа оқу жылының басталуына орай, мектептерде бейнекамералар орнатылады. Жалпы білім беру мекемелеріне қосымша бейнекамераларды орнату мен жөндеуге қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді. 
 

Қызылорда облысы

Облыстағы 293 мектепте 168 мыңнан аса оқушы білім алады деп күтілуде. 1 сыныпқа 18 789 бала қабылданады деп жоспарлануда. 

Биылғы жылы облыстағы 55 білім беру нысаны жөндеуден өтуде. Оның 12-і балабақша, 33-і мектеп, 4-і мектептен тыс мекеме, 5-і колледж. Бұған 7 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бүгінгі күні жөндеу жұмыстарының 70%-ы аяқталған. 

Қазіргі таңда облыста 8 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оқу жылына Қызылорда қаласынан және Жалағаш ауданынан 2 мектеп құрылысы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

Сонымен қатар, 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Қызылорда қаласынан 600 орындық, Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектептер жыл соңында аяқталады деп күтілуде. Ал келесі 2021 жылы Жаңақорған ауданында 2 мектеп, сонымен қатар Қызылорда қаласында «Саяхат», «Сырдария» мөлтек аудандарынан 2 жеке мектеп пайдалануға беріледі. 

Жаңа оқу жылында облыстағы 243 мектепте 163 491 оқушы, яғни, 83%-ы бірінші тоқсанды қашықтан оқуды бастайды. Ал, аудан орталығынан шалғай орналасқан және шағын жинақталған 50 мектепте 4986 оқушыны барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра штаттық режимде оқыту жоспарлануда. Бұл өңірдегі оқушылардың 3%-ын құрап отыр. 

Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайға сәйкес штаттық режимде оқытатын мектептер саны өзгеруі мүмкін. 

Ата-аналардың өтініштеріне сәйкес 1-4 сынып оқушыларына қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, 2 891 кезекші сынып ашылады.

Қашықтан оқыту қолжетімді интернет платформалар арқылы жүргізіледі. Оқушылар мен мұғалімдердің платформаға қолжетімділігін арттыру мақсатында облысқа арнайы сервер орнатылады. 

Мектептерде санитарлық талаптарды сақтауға қажетті дезинфекциялық тунельдер, байланыссыз термометр, санитайзерлермен қамтамасыз етуге 182 млн теңге қаржы бөлінді.

Облыста 9687 оқушыларда мүлдем электрондық құрылғылар жоқ. Сонымен қатар 8307 бала интернетпен қамтылмаған. Яғни бұл 3853 отбасын құрайды. 

Құрылғысы жоқ оқушыларға мектеп балансындағы компьютерлер уақытша пайдалануға беріледі. Ал, меценаттар мен демушілер есебінен ноутбук пен планшеттер беріледі. Бүгінгі күні Үкіметтен 22 мыңнан аса компьютерлік техниканы сатып алуға 3,5 млрд теңге қаржы бөлінгенін атап өткен жөн.

 

Ақтөбе облысы 

Өңір бойынша 402 мектеп жұмыс жасайды, 158 мыңнан астам оқушы қамтылатын болады. Соның ішінде 1 сыныпқа 19 мыңнан аса оқушының баратыны жоспарланған. 195 мектеп оқушылары қашықтан оқытылады. Шалғай елді мекендердегі 207 мектеп 15 448 баланы дәстүрлі түрде оқытатын болады. А.ж. 2-тоқсанынан бастап 1793 кезекші сынып ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ондай сыныптарға ата-аналардың рұқсатымен 10-15 оқушыдан алынатын болады. Осыған байланысты вирустың таралу қаупін болдырмауды қамтамасыз етудің тиісті шаралары қабылданбақ. Яғни, кезекші сыныптарда балалардың дене қызуы үнемі өлшеніп отыруы қадағаланып, тазарту, кварцтеу тәртібі күшейтіледі.

Оқулықтар сатып алу үшін облыс бюджетінен 1,7 млрд теңге бөлінген. Облысқа оқулықтар жеткізу жағы бекітілген кестеге сай жүзеге асырылады. Ауылдық жерлерде орналасқан техникалық және кәсіби білім беретін 13 мекеме студенттерін штаттық тәртіпте, 28 колледж қашықтан оқытатын болады.

Сонымен қатар, өңірде оқушыларды компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарының балансындағы барлық компьютер тексеріліп, нәтижесінде тек 12 мың 550 компьютер ғана жарамды екені анықталды. Олар әлеуметтік жағынан әлжуаз отбасыларға таратылады. 

Техникалық және кәсіби білім беретін мекемелерге 538 компьютер қажет. Бұл сұрақты шешу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлу жоспарланып отыр. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында бюджет есебінен 24605 роутер мен модем сатып алу жоспарлануда.

Бұдан басқа, өңірдегі білім беру мекемелерінде құрылыс және жөндеу жұмыстары жалғасуда. Үш ауысымдағы және апатты жағдайдағы, ескі мектептерді жою үшін қазіргі таңда 13 мектеп пен 7 жапсарлас құрылыс салынып жатыр. Осы жылдың соңына дейін 9 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 60 білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда алты нысанның жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жаңа оқу жылына дейін 48 нысанның, қыркүйек айында тағы 6 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталмақ.


Түркістан облысы

Түркістан облысында 1 қыркүйектен бастап оқушылардың 92% қашықтан оқыту форматында білім алады. Бұл - өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау мақсатында қолға алынып отырған шара. 

Облыстың Бас санитар дәрігері рұқсат берсе, балалаp саны 180-нен аспайтын шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептерге дәстүрлі түрде оқуға рұқсат беріледі. Түркістан облысында мұндай шағын мектептер саны - 139, ондағы оқушы саны - 12 мыңнан асады. Осы орайда жергілікті аудан, қала әкімдері мен білім басқармасы бірлесіп, барлық тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы қажет. Ең алдымен мектепте медициналық қызметкер күні бойы оқушыларды бақылауы қажет. Сонымен қатар, санитайзерлер орнатылып, әр партаға тек бір оқушыдан отыруы тиіс.

Бүгінгі таңда аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылардың компьютерлік техникасы жоқ. Бүгінгі таңда аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылардың басым бөлігінде компьютерлік техника жоқ. Өңірлердің оқушылары үшін 57 мыңнан астам компьютер сатып алынады, олар аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан білім алушыларға және ұстаздарға қашықтан оқыту кезінде пайдалану үшін уақытша берілетін болады. 

Облыстағы 838 елді мекеннің 707-інде интернет және ұялы байланыс жүйелері бар, ал 131 елді мекенде интернет желісі жоқ екенін айта кеткен жөн. Бұл мәселені оңтайлы шешу бойынша Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ұялы операторлары «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесе отырып, 2 жылдық дамыту бағдарламасын даярлауда.

Сондай-ақ оқу жылына дайындық барысында облыстағы барлық білім мекемелеріне қажет оқулықтардың 100% қаржысы төленіп, тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылды. 25 тамызға дейін барлық оқушыларға қажетті оқулықтар жеткізілетін болады. Бұдан бөлек, бүгінгі таңда 48 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 18-і 2020 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. 

 

Павлодар облысы 

Жаңа оқу жылында облыста 356 мектеп жұмыс істейді. Болжамды деректер бойынша оқушылар контингенті 111 888 адамды құрайды. Бірінші сыныпқа 12 813 баланы қабылдау жоспарлануда. 173 мектеп (100 935 оқушы) бірінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастауды жоспарлап отыр. 183 шалғайдағы ауылдық шағын жинақты мектепте (10 953 оқушы) санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, оқу жылын штаттық режимде бастау жоспарлануда. 

Бүгінгі таңда облыста 21 907 компьютер бар. Сонымен қатар қосымша 18 078 компьютер алынады. Компьютерлер барлық мұқтаж балалар мен педагогтарға беріледі.

Жалпы орта білім беру ұйымдарына оқулықтар сатып алу толық көлемде жүргізілді - 712 642 дана. Жөнелту кестесіне сәйкес оқулықтар облысқа 20 тамызға дейін жеткізіледі. 

Балалардың білім алу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында 3 192 оқушы үшін тасымалдау ұйымдастырылды (100%). 109 бірлік көлік жұмылдырылды. 30 автобус сатып алу жоспарланған. 

2020 жылы облыста білім беру объектілерін салу және қайта жаңарту бойынша 7 жоба, күрделі жөндеу бойынша 74 жоба іске асырылды және іске асырылуда. 

Облыста 43 ТжКБ ұйымы қашықтықтан білім беруге дайындалды. 6 шағын жинақты аграрлық-техникалық колледж оқу жылын штаттық режимде бастауды жоспарлап отыр. Колледж студенттері толық компьютерлермен және Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Жаңа оқу жылына колледждердің өз қаражаты есебінен 450 жаңа компьютер сатып алынды.

 

Жамбыл облысы 

Ағымдағы жылы Жамбыл облысында 22 білім беру мекемесінің құрылысына 10,1 млрд теңге бөлінді. Олардың қатарында 15 мектеп, алты қосымша құрылыс және бір оқушылар сарайы бар. Бүгінде бір мектептің құрылысы аяқталды. Бұл ретте ағымдағы жылдың соңына дейін 14 нысанды, оның ішінде сегіз жаңа жалпы білім беретін мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Осылайша, үш апатты, бір үш ауысымды, орын тапшылығы бар үш мектеп және екі ескі мектеп мәселелері шешілмек. Қалған екі апатты, сегіз үш ауысымды және орын тапшылығы бар бес мектептің мәселелері 2021-2022 жылдары кезең-кезеңімен шешілетін болады. 

Атап айтсақ, Тараз қаласында 1278 орындық төрт жаңа мектептің құрылысы басталған. Жұмыстың жалпы құны - 2,8 млрд теңгені құрайды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл - ел бесігі» бағдарламалары мен жергілікті бюджет аясында 42 мектепте күрделі жөндеу, 53 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 8 млрд астам теңге қарастырылған. Сонымен қатар, Таразда бюджеттен тыс қаражат есебінен жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын Оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.