Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда 720 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қарастырылған

Дүйсенбі, 18 Мамыр 2020, 19:00:57

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында ҚР Президенті Қ. Тоқаев қазіргі жағдайдың мынаны нақтылап бергенін атап өтті: азық-түлік қауіпсіздігі  тұтас бір мемлекеттің қауіпсіздігінің басты элементі. Бүгінде еліміздің аграршыларына барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қажетті тізімі бекітілді, олар бойынша баға мемлекеттік деңгейде реттеледі. Азық-түлік қорының жеткілікті болуын қамтамасыз етіп, оларды дүкен сөрелеріне дейін жеткізу тетіктерін пысықтау және бағаны қатаң бақылау қажет, алыпсатарлыққа жол беруге болмайды. 

Төтенше жағдай кезеңінде еліміздің кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеді, өндірілген өнім сауда нүктелеріне еш кедергісіз жеткізілді, бұған дүкен сөрелерінде азық-түліктің жеткілікті көлемде және алуан түрінің болуы дәлел бола алады. 

Коронавирус індетінің таралуына байланысты туындаған дағдарыс, төтенше жағдайдың және көптеген елдерде карантиннің енгізілуі шекаралардың жабылып, жолға қойылған сауда-саттық байланыстарының бұзылуына әкелді, бұл барлық елдердің дерлік экономикасына кері әсерін тигізді. Бұл жағдай әсіресе, негізгі азық-түлік өнімдерінің импортына тәуелді елдерде теріс ықпалын көрсетті. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтерінше, Қазақстан өз өндірісі есебінен негізгі азық-түлік өнімдерімен өзін толық қамтамасыз етіп отыр. Мәселен, ведомство күнделікті пайдаланылатын азық-түлік тауарларының 29 түрінің өндірісіне, импортына, экспорты мен тұтынуға есеп жүргізіледі (ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикалық мәліметтерінің негізінде). 

Осы мәліметтерге сәйкес, 2019 жылы көрсетілген 29 азық-түлік тауарынан 23-і бойынша отандық өндіріс еебінен қамтамасыз етілу 80% және одан астамды құрады, ал кейбір тауар түрлері бойынша 100%-дан асты. 

Тек 6 тауар мұнда кірмеді: алма (62,9%), балық (60,8%), шұжық өнімдері (62,0%), сыр және ірімшік (57,0%), қант (46,6%),  құс еті (58,3%), аталған өнімдер бойынша әзірге импортқа тәуелділік бар.

Атап айтқанда, құс еті, сыр, ірімшік, қант, алма және шұжық өнімдері бойынша импортты алмастыру жұмыстары жүргізілетін болады. Ұзақ мерзімдік салалық бағдарламалар әзірленді. 

Сонымен қатар, 2019-2021 жылдарға арналған Тамақ және өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі жол картасы жүзеге асырылып жатыр, онда шикізаттық базаны дамыту, оның ішінде сүт, ет, қант қызылшасын, көкөністер мен жемістерді өңдеу, құс шаруашылығы қарастырылған. 

Сонымен қатар «Амал био» және «Дала-фрут» компаниялары мысалында Алма өндірісін дамыту жөніндегі жол картасы іске асырылуда. 

Импорт алмастыру бойынша іс-шаралар аясында 2020 жылы қуаты 105 мың тонна 25 сүт-тауарлық ферма, 3 ет комбинаты, қуаты 73 мың тонна болатын 8 құс фабрикасы салынады, 2000 га жерге бақ егу жоспарланған, Жамбыл және Павлодар облыстарында жалпы қуаты жылына 200 мың тонна қант болатын 2 қант зауытының құрылысы басталды, жұмыс істеп тұрған үш қант зауытын жаңғырту жоспарланған.  

Сонымен қоса, суармалы жерлер кеңейтіледі, оның ішінде: мал азығы егілетін жерлер 45 мың га дейін, көкөніс егілетін жерлер 15 мың га дейін, сондай-ақ әртараптандыру бойынша майлы, бұршақ, техникалық дақылдар тәрізді өнімділігі жоғары дақылдарды егу алқаптары ұлғайтылады. Бұл 2024 жылға қарай ішкі нарықты осындай азық-түлік тауарларымен толық көлемде, ал қантпен 40% көлемінде молықтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

 

Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуда жеткілікті өсу қамтамасыз етілуде

Қазір өндіріс көлемін ұлғайтуға ғана емес, мал шаруашылығының тиімділігі мен өнімділігі деңгейін арттыруға да көбірек көңіл бөлінуде. 

Ет өндірісі 3,7%-ға артып, 149,4 мың тоннаны құрады (оның ішінде сиыр еті 62.2 мың тонна, қой еті 15,5 мың тонна, шошқа еті 15,1 мың тонна, жылқы еті 15,9 мың тонна, құс еті 38,2 мың тонна), тауарлық сиыр сүті 4,0%-ға артып, 334,9 мың тоннаға дейін жетті. 

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шұжық өнімдерін өндіру көлемі 21,1%-ға, ет және ет-өсімдік консервілерін өндіру 1,7%-ға, өңделген балық өндірісі 2 есе, консервіленген балық өндіру 62,1%-ға, өңделген сүт 3,7%-ға, ақ май 14,5%-ға, ашытылған сүт өнімдерін өндіру 6,4%-ға, қатты сыр өндіру 9,9%-ға, құрғақ сүт өндіру 30,7%-ға артқан. 

 

Дайын өнім қорымен бірнеше аптадан бірнеше айға дейін қамтыла алады

Өңірлердің шұғыл мәліметтері бойынша 2020 жылдың 4 мамырына елімізде жалпы 857 мың тонна көлемінде түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар, оның ішінде тұрақтандыру қорларында – 47,1 мың тонна, өндіруші кәсіпорындарда – 284,1 мың тонна, қоймаларда – 172,8 мың тонна, сауда желілерінде – 351,1 мың тонна.  

Сонымен қатар 351 млн дана жұмыртқа, 3,8 млн тонна азық-түлік бидайы бар. Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорының жалпы көлемі 719,4 мың тонна, оның ішінде ұн – 147,7 мың тонна, картоп – 121,5 мың тонна, күріш – 98,7 мың тонна, макарон – 17,6 мың тонна және т.б.

Нақты тұтыну бойынша дайын өнімдердің қолдар бар қорымен қамтамасыз етілу өнімдердің алуан түрлері бойынша бірнеше аптадан бірнеше айға дейін қамтиды. Бұл ретте азық-түлік өнімдерін өндіру үшін шикізат пен материал да, сондай-ақ өндіруші кәсіпорындардың қуаты да жеткілікті, барлық кәсіпорындар жұмыс істейді және өнім өндіреді. Сонымен қатар өнімдердің бір бөлігі шетелдерден жеткізіледі, бірақ, ол тұрғындарды азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқармайтын аз ғана бөлігі. Осылайша, азық-түлік тауарларының қоры үнемі толықтырылып отырады және өнімдердің тапшылығы болмайды. 

Бағаға келсек, дағдарыс пен дүрбелең жағдайларында әрдайым азық-түлік өнімдерінің бағасының көтерілуі орын алады. Бұл ретте, егер бағаның бұлайша өсуі бір жағынан объективті факторларға байланысты болса, екінші жағынан көбіне-көп баға негізсіз өседі. Осыған байланысты, төтенше жағдай кезеңінде бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Сауда және интеграция министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен бұйрығымен негізгі азық-түлік тауарларының 9 түріне шекті баға бекітілді.  


Экспортқа тыйым салу және тұтынудағы жоғары сұраныс

ҚР статистика органдарының мәліметінше, 2020 жылғы қаңтар айында АӨК өнімінің экспорты $219,1 млн құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66,2%-ға аз ($330,9 млн). Алайда, АӨК қайта өңделген өнімінің экспорты 2020 жылғы қаңтар айында 7,6%-ға артып, $94,6 млн (2019 жылғы қаңтарда – $87,9 млн) құрады.

2020 жылғы қаңтарда көп экспортталған АӨК өнімдерінің тобына: АӨК өнімі экспортының жалпы көлемінің 17,9%-ы — бидай және меслин, 12,5% — арпа, 11,9% — ұн, 9,2% — мақта талшығы, 8,5% — зығыр тұқымы, 7,6% — өсімдік майы, 3,6% — күнбағыс дәні, 1,8% — жасымық, 1,6% — балықтың жон еті (мұздатылған) кіреді.

Сондай-ақ республика үшін әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік тауарларының кейбір түрлеріне тыйым салынды. Тізімге енгізу үшін мынадай белгілер ескерілді: ішкі және сыртқы нарықтардағы жоғары сұраныс (ұн, бидай, күнбағыс майы), ішкі нарықтағы импорттың жоғары үлесі (қант), өндірістің маусымдылығына байланысты ішкі нарықта жеткіліксіз болуы (қарақұмық, картоп).

Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салынған тауарлар тізбесі:

  • Қант — отандық өндіріс көлемінің жеткіліксіздігі, ішкі нарықта қант импортының жоғары үлесі;

  • Қарақұмық, қарақұмық жармасы, картоп және пияз — ішкі және сыртқы нарықтардағы жоғары сұраныс, қарақұмық жармасы мен шикізаты экспортының жоғары үлесі, маусымаралық кезеңде көлемінің жеткіліксіздігі;

  • Тазартылған күнбағыс майы мен күнбағыс дәні — шикізатқа және май тұқымына ішкі және сыртқы нарықтарда жоғары сұраныстың болуына байланысты қамтамасыз етілуін азайту тәуекелі.

Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі (квоталар):

Ұн мен бидай — ішкі және сыртқы нарықтардағы жоғары сұраныс.

Сондай-ақ бұған дейін Қазақстаннан әкетуге тыйым салынған тазартылмаған күнбағыс майы және тұқымдық картоп сандық шектеулер (экспортқа арналған квоталар) белгіленген тауарлар тізбесіне енгізілген.

 

Ауыл шаруашылығы дақылдарын себу

Биылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша республиканың 13 өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары) тұқым себу алдындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда ылғал жабу 16,3 млн га немесе жоспардың 108% (15 млн га), топырақты тұқым себу алдында өңдеу — 2,9 млн га немесе 41% (7 млн га) жүзеге асырылды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын егу 12 облыста (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстары) қолға алынған.

Атап айтқанда, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 907 мың га немесе жоспарланған жердің 6,2%-на, майлы дақылдар – 382 мың га (12,6%), көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 199 мың га (44,5%), қант қызылшасы – 17,4 мың га (83,3%), мақта – 54 мың га (45,2%), көпжылдық шөптер – 170 мың га (54,7%) жерге егілді.

Көктемгі-егіс жұмыстары қалыпты режимде жүргізіледі, бұл ретте осы жылдың егіс жұмыстарының қарқыны өткен жылдың қарқынынан жоғары.


Шаруаларды қолдау, салықтан босату

Үкімет Қаулыларымен мынадай қолдау шаралары көзделген:

  • 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығынан босатылды;

  • барлық салықтар бойынша 2020 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімге орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұл есептеу тоқтатылды және салық есептілігін тапсыру мерзімі 2020 жылдың 3 тоқсанына ауыстырылды;

  • ҚҚС есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне ірі қара мал және асыл тұқымды балапандар енгізілген;

  • 2020 жылғы 1 қазанға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша ҚҚС мөлшерлемесі 8% көлемінде белгіленген.

Сондай-ақ барлық шағын, орта, микробизнес субъектілері үшін:

  • 2020 жылғы 1 маусымға дейін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі ұзартылды;

  • 2020 жылғы 1 маусымға дейін салық және кеден берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шарасы тоқтатылды.

Бұдан өзге, шағын және микро бизнес субъектілері үш жылға табыс салығын төлеуден босатылған.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
12 Қаңтар 2021, 14:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады — Н. Ноғаев
12 Қаңтар 2021, 13:13
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
12 Қаңтар 2021, 13:00
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2021, 11:55
Көлік құралдарын шығару машина жасау саласының өсуіне оң әсер етті —  Б. Атамқұлов
12 Қаңтар 2021, 10:51
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев
12 Қаңтар 2021, 10:43
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды — ҰЭМ 
12 Қаңтар 2021, 10:02
2020 жылы нақты сектор ҚР ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды
11 Қаңтар 2021, 15:16
12 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қаңтар 2021, 15:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №94
11 Қаңтар 2021, 13:30
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 11:30
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 10:36
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді
11 Қаңтар 2021, 02:15
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
10 Қаңтар 2021, 16:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесіне барды
10 Қаңтар 2021, 15:30
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
10 Қаңтар 2021, 07:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин парламент сайлауында дауыс берді
09 Қаңтар 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №947 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №944 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №946 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №939 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №930 Қаулысы
08 Қаңтар 2021, 15:54
Дүниежүзілік банк 2020 жылы Қазақстан экономикасының динамикасын бағалауды жақсартты
08 Қаңтар 2021, 14:03
Қазақстан АХҚО алаңы арқылы АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты арттырады
07 Қаңтар 2021, 14:30
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы – «Алғыс» ордені табыс етілді
07 Қаңтар 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
07 Қаңтар 2021, 08:05
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
06 Қаңтар 2021, 18:17
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
06 Қаңтар 2021, 17:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.