Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды

Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2020, 11:55:59

Төртінші өнеркәсіптік революция қызметкерлердің білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптарды күшейтеді. Өткен жылы Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін негізгі салалар үшін 10 мың маманды оқыту жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Индустрия 4.0 — бұл физикалық нысандарды, процестерді және цифрлық технологияларды біріктіру арқылы қосымша құндылық қамтамасыз етілетін өндірісті ұйымдастыру тұжырымдамасы. Бұл ретте цифрлық технологиялар нақты уақыт режимінде физикалық процестерге мониторинг жүргізуге, дербес шешімдер қабылдауға, машиналардың өздері мен адамдар арасындағы өзара іс-қимылын бақылауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы көптеген кәсіпорындар өндірістік процестерге цифрлық технологияларды енгізуді қолға алды, бұл ең аз шығынмен өндірісті бақылаудың онлайн-режиміне көшуге мүмкіндік берді. Мәселен, Қазақстандағы алтын құймалардың танымал өндірушісі – «Алтыналмас АК» АҚ Ақтоғай филиалының алтын шығару фабрикасында жасанды зерде технологиясын енгізу технологиялық процесті предиктивтік талдау және үлкен деректерді басқару негізінде ұсақтау процесін нақты режимде қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.

Жаңа шынайылық пен қашықтан жұмыс істеу режиміне бейімделу қиындықтары жағдайында Индустрия 4.0 кәсіпорындарға күрделі кезеңдерге, бұл жағдайда коронавирус пандемиясына дайын болуға жол ашады.

Бүгінгі таңда Индустрия 4.0 енгізу толық қарқынмен жүріп жатыр және бірде-бір ел одан тыс қала алмайды. Индустрия 4.0 технологияларының көмегімен салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар көптеген елдерде, Германияда, Қытайда, Мексикада, Италияда, Латвияда, Ресейде және т. б. елдерде қабылданған.

Елдерде Индустрия 4.0 тұжырымдамасына көшу өндірістік шығындарды оңтайландыру, жаңа табыс көздерінің пайда болуы, жаңа тауашалардың пайда болуы, еңбек жағдайларының жақсаруы, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен жарақаттануды азайту есебінен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндігіне негізделген.

Сонымен қатар COVID-19 Индустрия 4.0 технологияларын мемлекеттік бағдарламалар қабылданған елдерде ғана емес, сондай-ақ Индустрия 4.0 дамыту жөніндегі бірыңғай саясаты жоқ елдерде де енгізудің триггері болды.

Пандемия жағдайында Индустрия 4.0 — бұл тез өзгеретін жағдайларға бейімделудің тиімді әдісі және нәтижесінде, бәсекелестікте өмір сүру құралы. Пандемия жағдайында цифрлық технологияларды баяу енгізіп жатқан компаниялар, тиісінше, елдер ең көп зардап шегеді. Технологиялық дамудың артта қалуы және жаһандық қосылған құн тізбектеріне кірігу мүмкін болмау тәуекелі туындайды, бұл соңында бәсекеге қабілеттіліктің жоғалуына әкеледі.

 

Қазақстандағы Индустрия 4.0 ұзаққа созылатын пандемияға дайын ба?

Қазіргі таңда өнеркәсіптік кәсіпорындардың көпшілігі Индустрия 4.0 технологияларын толық көлемде енгізу жөніндегі жобаларды қолға алған. Негізінен, бұл жобалар өткен кезеңде бекітілді және 2020 жылға жоспарланған жобалар орындалады. 2022-2025 жылдарға арналған жобалар бойынша түзетулер енгізілуі мүмкін.

Пандемия тек қашықтан байланыс орнатуға және адамның ең аз қатысуымен өндірістік процестерді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін Индустрия 4.0 технологиясын енгізуді тездетті.

Жалпы алғанда, көп нәрсе белгілі бір дәрежеде дамыған салаларға байланысты болады. Цифрланбаған өндіріс процестерінің үлкен үлесі тән салаларға соққы үлкен болады.

Индустрия 4.0 технологияларын енгізуден түсетін пайдаға қатысты осы технологиялар қысқа мерзімде өндірісті қашықтағы режимге қайта бағдарлауға және тіпті жаңа өндірісті: қорғаныс экрандары мен ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) аппараттарына қосалқы бөлшектерді өрістетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар үлкен деректерді талдау, сенсорлар және телематика сияқты технологиялар операциялық жұмыстарды мүмкіндігінше тез әрі тиімді жүргізуге және қашықтан қол жеткізу арқылы өндіріс процестеріне уақытылы жауап беруге және түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Осылайша, Индустрия 4.0 технологиялары пандемия кезінде өндірісті тоқтатпауға және өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде ел экономикасы оңтайлы деңгейде сақталады.

 

Қазақстан үшін әлемдегі қазіргі жағдайда жаһандық өнеркәсіп желісіне бірігу қаншалық перспективалы? 

Қазіргі уақытта цифрландыру бойынша жоспарлар бөлігінде қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған кәсіпорындар (тау-кен металлургиясы кешені, машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика) алдыңғы қатарда тұр. Бұл таңқаларлық емес, өйткені олардың өнімдерінің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі өндірістің тиімділігіне тікелей байланысты.

Бұдан басқа, осы салалардағы кәсіпорындар цифрландыру жобаларын іске асыру үшін қажетті ресурстардың жеткілікті мөлшеріне ие. Бұл ретте, бүгінгі күні отандық өндірістерде Индустрия 4.0 технологияларын енгізу мен қолданудың көптеген мысалдары бар.

Машина жасау саласында «Мэйкер» ЖШС жобалаудан бастап өнім дайындауға дейінгі өндірістік процесті толығымен автоматтандырды. «Проммашкомплект» ЖШС тұтас таптамалы темір жол дөңгелектерін өндіру бойынша толық циклдің жоғары технологиялық автоматтандырылған кешенін қолданысқа енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асырды.

Өндірістердің жаһандық тізбегіне ену процесі туралы айта отырып, оңтүстіккореялық «POSCO» компаниясымен бірлесіп «ПОСУК Титаниум» («POSUK Titanium») ЖШС бірлескен кәсіпорнын құрған «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ кәсіпорнын атап өту қажет. Аталған кәсіпорындарда өндірістің барлық кезеңдерін автоматтандыру және бақылау бойынша жоба іске асырылуда, бұл кейіннен оларды ірі кеме жасау компанияларына өткізу үшін шығарылатын өнімге өндірістің расталған паспорты бар электрондық сертификат беруге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, жаңа технологиялар арқылы өндірістің жаһандық тізбегіне кіру процесі «Made in KZ» брендінің танымалдығын арттыруға, сондай-ақ өнеркәсіпке жаңа инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

 

Карантин және әлемдегі пандемия кезінде «ақылды» зауыттардың жұмысы қалай жүргізілді? 

Қазіргі уақытта заманауи ақпараттық технологияларсыз тиімді өндіріс құру мүмкін емес. «Ақылды» өнімдерді енгізу экономиканың басым секторлары мен кәсіпорындарды дамыту үшін аса маңызды. 

Осылайша, «Қазмырыш» ЖШС, «ERG» және «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ компаниялары тау-кен өндіру өнеркәсібінің жүйе құраушы кәсіпорындарын цифрландыру бойынша жобаларды іске асыру шеңберінде Pitram, ERP мобильді персоналды басқару, баланстарды есептеу жүйелері, сондай-ақ Қашар карьерінде «Ақылды карьер» жобасын енгізді. Жобаларда алдыңғы қатарлы технологиялар: ERP датчиктері, борттық компьютерлер, спутниктік позициялау қолданылды және барлығы нақты уақыт режимінде қолданылды.

Бұл технологиялар кәсіпорындарға әлеуметтік қашықтықты сақтаумен жұмыс істеудің жаңа режиміне көшуге мүмкіндік берді, барлық жұмыстарға мониторинг операторлардың барынша аз қатысуымен нақты уақыт режимінде жүргізілді. Бұл ретте жүргізілетін жұмыстардың тиімділігі төмендеген жоқ.

 

Индустрия 4.0 еңбекті әлеуметтік ұйымдастыруға ықпалын тигізеді

4.0 саласы қызметкерлерден түбегейлі жаңа дағдыларды талап ететіндіктен, уақыт өте келе жұмыс орындарының бір бөлігі (негізінен бірсарынды қол еңбегі) жойылады және жаңа мамандықтар пайда болады. Компаниялар өз кадрларына қайта мамандандырудан өтіп, цифрлық технологиялар бойынша оқып, жаңа жұмыс орындарына ауысуға мүмкіндік береді.

Мысалы,«Химфарм» АҚ – аса ірі фармацевтикалық компания, модельдік цифрлық фабрикалар арасында көшбасшы цифрлық, инженерлік және білім беру орталығын ашты, онда ол өз қызметкерлерін, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін цифрлық өндірістік технологияларға оқытуды жоспарлап отыр, орталық 3Д принтерлермен және толықтырылған нақтылық технологиясымен жабдықталады. 

Өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға қатысты, 2018 жылы цифрлық шешімдерге баса назар аудара отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасалды.

Индустрия 4.0 технологияларын қолдану өндірістің ерекше зиянды және қауіпті секторларындағы өндірістік жарақаттану мен кәсіби сырқаттанушылық деңгейін төмендетудің пәрменді әдісі болып табылады. Мысалы, тау-кен жұмысшыларының орналасу жүйесін қолдану диспетчерге және объектінің командалық пунктіне ақпаратты нақты уақыт режимінде бере отырып, барлық тау-кен өндірістерінде адамның орналасқан жерін анықтауды қамтамасыз етеді, бұл авариялық жағдайларда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, өнеркәсіптік роботты аса қауіпті учаскелерде, мысалы, балқыту немесе құю цехтарында қолдану өндірістік жарақат алу жағдайларын едәуір төмендетеді.

Жалпы, еңбекті қорғау саласында қабылданған кешенді шаралардың және өндірісте жарақаттануды төмендету бойынша оң динамиканы сақтауға мүмкіндік берген жаңа технологияларды енгізудің арқасында өндірістік жарақаттану 2018 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға төмендеді.

 

Индустрия 4.0 көшу бизнес пен серіктестіктің қарым-қатынастарының жаңа үлгілерінің қалыптасуына әкеледі 

Ақпараттық технологиялардың дамуымен бәсекелестік түбегейлі өзгеруде, көптеген инвесторлар біздің бизнесіміздің маңызы неде деген басты сұраққа қайта жауап беруі керек. 

Мұндай жағдайда кәсіпорындардың басшылығы үшін құнды құрудың және пайда табудың жаңа стратегияларын табу қажеттігі туындайды. Бұл мәселенің шешімдерінің бірі Индустрия 4.0 деп аталатын жаңа цифрлық өнеркәсіптік технологиялады пайдалану болып отыр.

Бұл технологиялар компаниялар қызметінің ҒЗТКЖ-дан бастап одан кейінгі құн жасаудың бүкіл тізбегі бойынша дәстүрлі бағыттарын өзгертеді. Сондықтан осы трендтен артта қалу «борт сыртында қалу» қаупін және қосылған құнды құру тізбегіне жаһандық мағынада ғана емес, жергілікті деңгейде де ену мүмкінсіздігін тудырады.

ШОБ әрқашан жаңа технологияларды пайдаланатын және енгізетін неғұрлым ірі кәсіпорындардың экожүйесіне кіреді, осыған байланысты ШОБ-ты сақтап, ынтымақтастық шығындарын жеңілдететін және төмендететін шешімдерді ұстанып, енгізу қажет.

Индустрия 4.0 бұл тек цифрлық технологиялар ғана емес, сонымен қатар адамдар мен инновациялық мәдениет екенін түсіну маңызды. Тек кешенді өзгерістер ғана өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірістік шығындарды оңтайландыру, кірістілікті арттыру, еңбек жағдайларын, өнеркәсіптік қауіпсіздікті жақсарту және реактивті әрекет ету қабілеті түріндегі оңтайлы нәтижелерді бере алады және қазіргі кездегі пандемия сияқты күтпеген жағдайлар кезінде қосылған құн тізбегіне кірігуге мүмкіндік береді.

 

Индустрия 4.0 енгізуге кәсіпорындардың дайындығын бағалау

Технологиялар (ҒЗТКЖ, дизайн әзірлеуді, өндірісті, сатып алу жүйесін, сондай-ақ сыртқы және ішкі логистиканы қамтитын), басқару және стратегия (АТ менеджменті, кәсіпорындардың стратегиясы және өнімнің өмірлік циклін басқару), өндірісті ұйымдастыру (өндірістік процестерде өнімді қадағалау, сапаны бақылау, сондай-ақ шикізат пен материалдар қорын, дайын өнім мен жеткізулерді басқару), персонал мен коммуникациялар (өндірістік тапсырмаларды бөлуді, дағдылар мен құзыреттілікті, сондай-ақ оқыту іс-шараларын басқару) ерекше рөл атқарады.

Мұндай талдау шағын және орта бизнес субъектілерінің ағымдағы жағдайды бағалауына, Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге дайындық дәрежесі бойынша өндіріс секторларын ранжирлеуге, өнеркәсіпті цифрландыруды ынталандыру шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Индустрия 4.0-ге көшу кәсіпорындарға дамудың жаңа технологиялық деңгейге шығуға және жаңа нарық тауашаларын табуға, қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіруге мүмкіндік береді.


 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
21 Қыркүйек 2021, 16:34
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
21 Қыркүйек 2021, 12:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021
21 Қыркүйек 2021, 12:07
2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев
21 Қыркүйек 2021, 11:11
ВАК отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешім қабылданды
21 Қыркүйек 2021, 10:42
Қазақстанда егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары — Е. Қарашөкеев
21 Қыркүйек 2021, 09:39
Үкімет Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
21 Қыркүйек 2021, 09:28
Қазақстан ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин 
20 Қыркүйек 2021, 16:03
21 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2021, 14:57
А. Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:37
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қыркүйек 2021, 09:44
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №128
10 Қыркүйек 2021, 22:55
Республикалық штабта Алматыдағы КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал қаралды
10 Қыркүйек 2021, 17:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
10 Қыркүйек 2021, 16:56
Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай ауданына барды
10 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевті таныстырды 
10 Қыркүйек 2021, 11:55
Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм — Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуі барлық салаларда байқалады
10 Қыркүйек 2021, 08:50
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
09 Қыркүйек 2021, 18:29
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жаңа энергетика министрі М. Мырзағалиевті таныстырды
09 Қыркүйек 2021, 17:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №612 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №609 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №608 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №607 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №600 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.