23 Қазан 2024, 19:25
Еліміздің көлік министрі Марат Қарабаев ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды міндетті мүшелік (қатысу) негізінде өзін-өзі реттеуге беру туралы Үкіметтің түзетулерін таныстырды.
Ол заң жобасында тұрақты халықаралық, облысаралық және тұрақты емес автобус тасымалы, такси және олардың диспетчерлік қызметтерін, автовокзалдардың, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері ұйымдастыру функцияларын өзін-өзі реттеуге беру көзделгенін айтты.
Заң жобасы Мәжіліске өткен жылы маусымда енгізілді және өзін-өзі реттеуге тұрақты халықаралық, облысаралық, тұрақты емес автобус тасымалы, такси және оларды диспетчерлеуді, сондай-ақ депутаттар ұсынысымен автобекет қызметтерін ұйымдастыру функциясын беруді көздейді. Сонымен қатар заң жобасы өзін-өзі реттеуді құру, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, мүшелік жарнаның мөлшері, өзін-өзі реттеу ұйымын тізілімге қосу немесе алып тастау тәртібі, сондай-ақ мүліктік жауаптылық мәселелерін регламенттейді.
«Министрлік осы мәселе бойынша жұмысты 2020 жылы бастады және оның аясында қажетті қоғамдық тыңдауларды өткізді, тиісті талдауларды жүргізді, халықаралық тәжірибелерді зерделеді», — деді көлік министрі.
Заң жобасымен көзделген функцияларды өзін-өзі реттеуге беру:
- тасымал процесін бақылауды мемлекеттік деңгейден өзін-өзі реттеудің ішкі ұйымдастырушылық деңгейіне ауыстыра отырып, осы нарықта қызмет көрсетушілердің жұмыс сапасын өз мүшесі ретінде бақылауға мүмкіндік береді;
- кәсіби әлсіз тасымалдаушыларды өздігінен тасымал нарығынан шығаратын адал бәсекелестікке негізделген одақта қызмет атқаруға жағдай жасалынады;
- нарықтың негізгі талаптарын ескере отып уәкілетті орган анықтаған басты бағыттарды дамытуға бейімделген сапалы стандарттар мен қағидаларды жедел қабылдау мүмкіндігін туындатады;
- саладағы бюрократия мен сыбайлас жемқорлық салдарын азайта келе, қоғамдық бақылау тетігін дамытуды қамтамасыз етеді.
Дамыған елдерде өзін-өзі реттеу экономиканың барлық саласында орын алған. Халықаралық тәжірибе – саланың өзін-өзі реттеуге өтуінің тиімділігін көрсетеді, өйткені тек бір саланың мәселесімен айналысатын білікті сарапшылары бар жеке ұйымның болуы, осы саланың қарқынды түрде дамуын қамтамасыз ете алады. Мысалы, өзін-өзі реттеу Америкада 1934 жылдан бастап кәсіпкерліктің барлық секторында, тіпті денсаулық саласында да жұмыс істейді. Англияда 1889 жылы жүк тасымал қауымдастығы құрылған, ол қазіргі күні елдегі жүк көлік паркінің жартысын, сондай-ақ теміржолмен 90% жүкті, ал теңіз көлігімен 70% жүкті тасымалдайтын операторларды, біріктіреді. Ал көрші елдерде өзін-өзі реттеуде Ресей көшбасшысы болып отыр. Ол елде 2007 жылы «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң қабылданып «тәуелсіз бағалау», «төрелік басқару», «сәулет-құрылыс/кадастр» өзін-өзі реттеуге өтті. 2018 жылдан бастап елімізде де міндетті мүшелікпен өзін-өзі реттеу «тәуелсіз бағалау», «заң консультанттары» саласында енгізіліп, бүгінгі күні өз қызметін атқаруда.
Заң жобасын Мәжілісте талқылау кезінде депутаттармен жобаны одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізілді. Олар:
- мүшелік жарнаны төмендетуді;
- өзін-өзі реттеуге мүше болу міндетінен таксимен айналысатын жеке тұлғалар мен жалдама жұмысшысы жоқ кәсіпкерлерді босатуды;
- өзін-өзі реттеумен қабылданатын ережелердің минимальды талаптарды анықтауды;
- өңірлерде олардың өкілдіктері болуды қарастырады.
Заң жобасымен «Көлік туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Астананың мәртебесі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға түзетулер мен толықтырулар енгізу көзделген.
#Көлік«Автокөлікпен жолаушылар тасымалы саласында өзін-өзі реттеуді енгізу қазіргі уақыт талабы болып табылады, сондай-ақ елімізде жолаушылар тасымалының өркениетті және қауіпсіз нарығын қалыптастыруға өз мүмкіндігін береді деп пайымдаймыз», — деп түйіндеді сөзін Марат Қарабаев.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу