ҚР ІІМ есірткіге қарсы заңнамадағы түзетулерге түсініктеме жасады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және осы бағыттағы заңнамалық бастамалар туралы баяндама жасады.

2024 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылға қатысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. Қабылданған түзетулер қылмыстық жауаптылық жүйесін жақсартуға және қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай жазаларды саралауға бағытталған. 

Құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қолданыстағы 297-бабы қылмыстық жауапкершілікті сақтайды (оның ішінде  есірткіні жасырып қойып кетушілер) егер құқық бұзушылық бірінші рет жасалса және ол есірткі құралдарын оларды жасамай немесе қайта өңдемей өткізу туралы, жаза: 

  • 1-бөлім бойынша 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы болады, бұл бұрын 5 жылдан 10 жылға дейін жазаны қарастырған алдыңғы ең жоғары мерзімнен едәуір төмен;
  • 2-бөлім бойынша 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, бұрын 6 жылдан 12 жылға дейін жаза қарастырылған; 
  • 3-бөлім бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру, бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін.

«Бұл тәсіл мемлекеттің құқық бұзушылардың жасы мен жағдайларын ескеруге деген ұмтылысын көрсетеді, әсіресе егер олар жас болса, бұл заңның бастапқы қылмыскерлеріне адамгершілікпен қарауға мүмкіндік береді.  Олар үшін жаза мерзімін қысқарта отырып, заңда соттардың шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды одан әрі қолдану, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жұмсақ түрмен ауыстыру мүмкіндігі көзделеді», — деді Қуандық Әлжанов.

Осы түрдегі қылмыстарды жазалау мерзімдерін қысқарту жазаның пропорционалдылығын теңестіруге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін сотталғандардың әлеуметтік бейімделуін барынша жеделдетуге және олардың криминалитетпен бірігуін болдырмауға мүмкіндік береді. Алайда заң, сонымен қатар, рецидивистер үшін өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, есірткінің заңсыз айналымымен айналысатын лауазымды адамдар үшін және оларды өндірумен айналысатын адамдарға қатысты жазаны қатаңдату шараларын енгізеді, онда мерзімдер 15 жылдан 20 жылға дейін не өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді.

Осы баптың 3-бөлігіндегі «қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, лауазымды адам» біліктілік белгісі «15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру» неғұрлым қатаң жаза көзделетін 4-бөлімге ауыстырылды. Бұл жағдайда Қылмыстық кодекстің 297-1-бабының 4-бөлігіне қатысы бар лауазымды адамдардың қылмыстық жауаптылығын күшейтуді көздейді. Бұл есірткі өндірісі өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін (бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру). 

«Бұдан басқа, заңда прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөнінде өзге де шаралар қабылданды. Осы мақсатта прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың, есірткі, прекурсорлар, улы және күшті әсер ететін заттар өндіру үшін пайдаланылатын құралдар мен жабдықтардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді», — деп атап өтті Қуандық Әлжанов.

Бұрын тек прекурсорлар контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген болатын. Енді бұл өзгерістер прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың айналымын, сондай-ақ олардың есірткі өндірісіне пайдаланылуын қатаң бақылауға алуға мүмкіндік береді.

Заңның ережелеріне сәйкес (2-бап) аталған өзгерістер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, яғни, аталған жылдың 3 наурызынан бастап (ағымдағы жылдың 2 қаңтарында ресми жарияланған) күнтізбелік 60 күн өткен соң заңды күшіне енеді. Енгізілген өзгерістер қылмыстық жауаптылықтың неғұрлым әділ жүйесін құруға, сондай-ақ қоғамды есірткі құралдарының заңсыз айналымының зардаптарынан қорғау жөніндегі шараларды күшейтуге мүмкіндік береді.

#ҚР ІІМ

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу