Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Құрылыс, ШОБ-ты қолдау және инвестициялар — Шығыс Қазақстан облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды

Бейсенбі, 03 Қыркүйек 2020, 18:34:56

Сыртқы факторлар мен коронавирус инфекциясының таралуына қарсы қабылданып жатқан қорғаныш шараларының теріс қысымына қарамастан, Шығыс Қазақстан облысында биылғы қаңтар-шілде айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталып отыр. Өңір халқына және кәсіпкерлер қауымына қажетті мемлекеттік қолдау көрсетілді. Облыста өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылымды құру бойынша жобаларды іске асыру жалғасуда. Өңірдің пандемия және карантин шараларын қалай өткергені, оның әлеуметтік-экономикалық салдарымен күресу үшін қандай шаралар қабылданғаны туралы шолу материалынан оқыңыздар.

Биылғы 7 айда ауыл шаруашылығы көлемінің өсуі 102,5%-ды, инвестициялар өсімі — 104,1%-ды, құрылыс жұмыстары — 109,4%-ды құрады. 109,4% өсіммен 199,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Нақты сектордағы оң нәтижелер әлеуметтік сала көрсеткіштеріне әсер етті. Халықтың ақшалай табысы жыл ішінде 16%-ға, орташа айлық жалақы 21,4%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 7%-ға өсті. 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Экономиканың өсуін қалпына келтіру, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін облыста дағдарысқа қарсы мынадай шаралар іске асырылуда:

  • «Ақ-Ниет» жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып, бөлшек сауда субъектілерін несиелеу енгізілді, несиенің максималды сомасы 50 млн теңгені құрады;
  • өңірлік тұрақтандыру қорын толықтыруға қосымша 800 млн теңге бағытталды;
  • көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарына Павлодар МХЗ орташа нарықтық бағасы бойынша 30 мың тонна дизель отыны бөлініп, 3,3 млрд теңгеге несие берілді;
  • жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде инфрақұрылымды дамытудың өзекті мәселелерін шешу үшін облыстың 817 жобасын іске асыруға 20 мың жұмыс орнын құрумен 77,4 млрд теңге бөлінді.

Бұдан басқа, «Бизнестің жол картасы-2025» және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау жүзеге асырылуда. 

 

Өңір экономикасына пандемия қандай әсерін тигізді? 

Пандемия кезеңінде облыста ең көп зардап шеккен салалар — көлік, сауда және қызмет көрсету саласы. Эпидемиологиялық жағдай жеңіл өнеркәсіпті (жеке қорғаныш құралдарын өндіру), тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді жеткізуді дамытуға серпін берді. Бұдан басқа, облыста цифрлық технологиялар жедел енгізілуде.

Жол қозғалысы, көлік, әлеуметтік объектілер, шұғыл және коммуналдық қызметтер, геоақпараттық жүйелер қауіпсіздігі бойынша ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының кешенді, бірыңғай тәсілін қамтамасыз ететін ведомствоаралық бірыңғай цифрландыру орталығы құрылды. Осының арқасында халықтың сұраныстарына ден қою уақыты қысқарып, азаматтардың сенімі артты. 

 Өскеменде «Сергек» жүйесі іске қосылды, осыған ұқсас жүйе ағымдағы жылдың соңына дейін Семей қаласында енгізіледі. Бос жер учаскелерінің геоақпараттық порталы сәтті жұмыс істеуде, 8 қала цифрландырылды (Өскемен, Семей, Риддер, Аягөз, Шемонаиха, Серебрянск, Зайсан, Алтай), тағы 11 өңір жыл соңына қарай цифрландырылатын болады. Семей қаласында қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Осындай жүйе ағымдағы жылы Өскемен қаласы бойынша іске қосылады.


Пандемия кезінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қандай қолдау көрсетіледі? 

COVID-19 пандемиясының таралуына байланысты жағымсыз салдарларды азайту мақсатында жергілікті деңгейде шағын және орта бизнесті, АӨК-ті қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, халықтың табысын төмендетуге жол бермеуге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар іске асырылуда.

Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау аясында 2020 жылдың соңына дейін 2497 жұмыс орнын құрумен 76,7 млрд теңге несие сомасына 1558 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Жалпы, ағымдағы жылы кәсіпкерлікті дамытуға 35 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде ауыл шаруашылығы желісі бойынша – 27,1 млрд теңге, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлікті қолдау үшін – 7,9 млрд теңге.

Ағымдағы жылдың 7 айында облыстың шағын және орта бизнесіне жалпы сомасы 47,3 млрд теңгеге салық төленді. 2020 жылдың 1 тоқсанында ШОБ субъектілері 215,6 млрд теңгеге өнім шығарды, ал ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 227 919 адам болды.

2020 жылы экономиканың түрлі салаларында 25 367 жұмыс орнын, оның ішінде 11 767 уақытша жұмыс орнын және 13600 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған.

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша іс жүзінде 16 061 жұмыс орны құрылды немесе жоспардан 63%, оның ішінде: 6572 тұрақты (48%) және 9489 уақытша (81%) жұмыс орны бар.

Жұмыссыздықты қысқарту мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ерекше назар аударылады, 17 мың адам бағдарламаға қатысып, мемлекеттік қолдау шараларына ие болды. Бұдан басқа, облыста жұмыссыздық деңгейін ұстап тұруға Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру ықпал етті, оның шеңберінде шамамен 19,5 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 10 мыңнан астамы немесе 52,5% халықты жұмыспен қамту орталықтарының бағыттары бойынша ашылды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 817 жобаның 817 жобасы (100%) бойынша 77,4 млрд теңгеге келісімшарт жасалды, оның ішінде:

  • республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен – 23,2 млрд теңгеге 666 жоба;

  • мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) шығару есебінен – 54,2 млрд теңгеге 151 жоба.

Барлығы 817 жобаның 628-і аяқталды, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне қарай 19,5 млрд теңге сомасына 694 жобаны немесе 85%-ды аяқтау көзделіп отыр.

Барлығы 20 020 жұмыс орнын құру көзделуде, оның ішінде 18 870 – уақытша және 1 150 – тұрақты жұмыс орны. Ағымдағы жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша іс жүзінде 19 459 уақытша жұмыс орны құрылды (жоспардан 103%), оның ішінде жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 10 207 адам жұмысқа орналастырылды (жоспардан 106%).

Тауар өндіруші экспорттаушыларға өндірілген өнімді сыртқы нарықтарға ілгерлету кезінде шығындарды өтеу бойынша қолдау көрсетіледі. 2020 жылы өтінімдерді қабылдау 12 наурыздан бастап ашылды. Шығындарды өтеу екі негізгі бағытқа бөлінеді:

  • индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықта ілгерлету бойынша шығындары (шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу);
  • тауарларды теміржол, автомобиль, әуе, теңіз көлігімен жеткізу және тасымалдауды ұйымдастыру (көлік шығыстары – 50%).

2020 жылдың өткен кезеңінде облыстың 20 экспорттаушы кәсіпорны шығындардың бір бөлігін өтеуге 60 өтінім берді, оның 9-ы мақұлданды. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2020 жылы 6 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. 

Қаржылай емес қолдау аясында ШҚО-да 2350 тыңдаушыны оқыту жоспарлануда. Өңірлік деңгейде кәсіпкерлердің басым жобаларын іске асыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп 2016 жылдың соңында «Ақ-Ниет» ШОК субъектілерінің жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. Қазіргі уақытта дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу тетігіне өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, салалық шектеулер (оның ішінде бөлшек сауда) жойылды, кредиттің ең жоғары сомасы 50 млн теңгені құрайды, кредит мерзімі инвестицияға 7 жылға дейін және айналым қаражатын толықтыруға — 3 жыл.

Төтенше жағдай кезеңінде кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың тағы бір шарасы банктердің қарыз алушының өтініші және қаржылық жай-күйінің нашарлағанын растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылатын кредиттер бойынша негізгі қарыз бен сыйақы төлеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру болып табылады. Ү.ж. 20 тамыздағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктерге төлем мерзімін кейінге қалдыруды қалайтын ШОБ субъектілерінің 1736 өтінімі келіп түсті, оның ішінде 1089-ы мақұлданды, қалғандары қаралу сатысында.
 

Отандық өндірушілерге қандай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі?

Отандық өндірушіні қолдау қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде де, қазақстандық бизнесті дамытуға бағытталған жаңа бағдарламалар шеңберінде де жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде: кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепіл мүлкі жетіспеген жағдайда кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру және бизнес объектілеріне жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды жеткізу және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету түрінде қаржылық емес қолдау, кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту, мамандардың біліктілігін арттыру түрінде қаржылық қолдау ала алады.

Қазіргі уақытта дағдарысқа қарсы шаралар барысында БЖК-2025 бағдарламасына кредит беру тетігі бөлігінде өзгерістер енгізілді, ұсынылып отырған редакцияға сәйкес субсидиялау қосымша қаржылық жүктемесіз, түпкілікті қарыз алушы үшін 6% мөлшерінде біріздендірілген шарттарда жүзеге асырылады, ал айырмасын мемлекет төлейді.

Несиенің жоғарғы шегі бір қарыз алушыға 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды және салалық шектеулер алынып тасталды (саудадан басқа), кредит беру кезінде кепілдік беру тетігі жеңілдетілді - ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85%-ға дейін, кредит сомасы 360 млн теңгеге дейін, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 50%-ға дейін, кредит сомасы 1 млрд теңгеге дейін.

2020 жылы БЖК-2025 бағдарламасын жүзеге асыруға 6 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.

«Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы жергілікті өндірісті дамытуға және күнделікті сұранысқа ие импорттық тауарларды алмастыруға бағытталған. Соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) арқылы - 6%, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 5% құрайды. Инвестицияларға субсидиялау мерзімі – 10 жыл, айналым қаражатын толықтыруға – 3 жыл. Кепілмен қамтамасыз ету бойынша — бағдарламада қарыз сомасының 50%-на дейін мемлекеттік кепілдік беру көзделген.


ШОБ-ты қолдау бағдарламасы қаншалықты тиімді іске асырылуда? 

«Еңбек» бағдарламасын іске асыруға 2020 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 10,6 млрд теңге бөлінді. 2020 жылдың 1 тамызына 7,3 млрд теңге немесе қаржыландыру жоспарының 100% игерілді.

2020 жылдың 1 тамызына бағдарламаға 16 918 адам қатысты, оның ішінде жұмыссыздар – 10 528 адам (62%), және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2 838 адам (17%), жұмыс іздеушілер – 2 850 адам (17%), басқалары (студенттер, зейнеткерлер, оқушылар) – 702 адам (4%).

Оның ішінде 11 360 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа – 5203 адам немесе 49% орналасқан.

Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы мәлімет бойынша қысқа мерзімді курстарға (оқу мерзімі – 6 айға дейін) 639 адам немесе жылдық жоспардың 44% (1 461 адам) жіберілді. Бұдан басқа, техникалық және кәсіптік білім алатын 3 807 студент оқуын жалғастыруда (оқу мерзімі – 2 жыл 10 айға дейін), ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1730 адамнан тұратын жаңа ағым оқуды бастайды деп күтілуде.

Биыл «Бастау Бизнес» жобасы аясында 2000 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда. 7 айдың қорытындысы бойынша қатысуға 2042 адам тіркелді, оның ішінде 1494 адам оқуды аяқтады. 363 адамнан тұратын үшінші ағын 2020 жылдың 6 тамызында оқуға кірісті.

2020 жылға шағын несиелендіруге барлығы 4 406 млн теңге қарастырылған. Барлығы 3,5 млрд теңге сомасына 704 шағын несие берілді (жоспардың 83%).

2020 жылы 96 көп балалы отбасы 378 млн теңге (орташа мөлшері 3,9 млн теңге) сомасына 7 жылға дейінгі мерзіммен жылдық 4%-дан аспайтын пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген шағын несиелерді пайдаланды. 2019 жылы 73 көпбалалы отбасы 260 млн теңгеге шағын несие алды).

2020 жылы республикалық бюджет есебінен 1194 мемлекеттік грант беруге 664 млн теңге қарастырылған. 7 ай ішінде 403 млн теңгеге 728 грант немесе жылдық жоспардың 61% берілді, 70,6 млн теңге сомасына 127 аз қамтылған отбасы немесе берілген гранттардың 18% құрады.

Осы жылдың 1 тамызына мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 7 425 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде:

  • қоғамдық жұмыстарға – 6045 адам;
  • әлеуметтік жұмыс орындарына – 701 адам;
  • жастар іс-тәжірибесіне – 679 адам;

Облысқа 532 адам (200 отбасы) немесе 87%, жылдық жоспар бойынша 610 адам (315 отбасы), 532 адамнан: жұмыс күші көп өңірлерден 360 адам (143 отбасы), 172 адам (57 отбасы) «қандастар» көшірілді. Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы 286 адам бар, оның ішінде 98 адам жұмысқа орналастырылды (34%), 21 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады (7%), 2 адам оқуға жіберілді, 42 адам - үй шаруасындағы әйелдер (15%), 14 - оқушы мен студенттер (5%).


Карантин кезінде халыққа қандай қолдау көрсетілді? 

2020 жылдың басынан бері атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 9 544 отбасына (46 661 адам, оның ішінде 3 345 көп балалы отбасы – 21 308 адам және 6 199 аз қамтылған отбасы-25 353 адам) тағайындалды; кепілдендірілген әлеуметтік пакет 11411 балаға (8336 отбасы) төленді.

Наурыздан шілдеге дейін республикалық бюджет есебінен 5567 теңгеден 79155 азаматқа (АӘК алатын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға; 1, 2 және 3 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға; 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға; халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздарға) 1 320 млн теңге сомасына азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтары ұсынылды.

Төтенше жағдай кезінде наурыз айында және шілде айында карантин кезінде әлеуметтік жағынан осал азаматтар қатарынан облыстың 470 615 тұрғыны (зейнеткерлер (ҰОС ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және оған теңестірілгендерді қоса алғанда), АӘК алушылар, көп балалы отбасылар, 1,2,3 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар, жетім балалар) жалпы сомасы 160 млн теңгеге тегін қорғаныш маскаларымен қамтамасыз етілді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай облыстық бюджеттен 16 316 ҰОС қатысушысы мен тыл еңбеккерлеріне 828 млн теңге төленді. 16316 алушының ішінде: ҰОС қатысушыларына (123 адам) 600 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне (439 адам) және қатысушыларға теңестірілгендерге (699 адам) 100 мың теңгеден, марапатталмаған тыл еңбеккерлеріне (15055 адам) 42500 теңгеден берілді.

2020 жылғы 18 наурыздан бастап коронавирус пандемиясының алдын алу және онымен күресу үшін мұқтаж жандарды антисептикалық құралдармен, медициналық маскалармен және басқа да қажетті өнімдермен қамтамасыз ету бойынша «NurOtan»-ның «Біз біргеміз» бірыңғай республикалық акциясы басталды. Сондай-ақ, «Біз біргеміз» акциясы аясында жалпы сомасы 2 221 млн теңгеге 44424 адам 50 мың теңге көлемінде материалдық көмек алды. Карантин кезеңінде 152 878 адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы мөлшерінде әлеуметтік төлем алды.


Биыл 7 айда өңірде өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 1288 млрд теңгеден асты

Шығыс Қазақстан еліміздің өнеркәсіптік өндірісінің көшбасшыларының бірі. Облыс аумағында 53 мыңнан астам жұмыскері бар 46 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. 2020 жылдың 7 айында өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 1288,6 млрд теңгеге жетті, өсу қарқыны 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,3% құрады (2019 жылдың 7 айы – 1168,7 млрд теңге).

Тау-кен өндірісі саласында 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 339,4 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өсу қарқыны 129,1%.

Саланың негізгі кәсіпорындары «Қазмырыш» ЖШС, «Шығыстүстімет» ЖШС, «KazmineralsAktogay» ЖШС, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС болып табылады.

Өңірдің өнеркәсіп өндірісінің 68,5%-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Өңдеуші сектор кәсіпорындары 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 883,1 млрд теңге сомасына өнеркәсіп өнімін өндірді, өсім 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,8% құрады.

Өңдеу саласының жетекші кәсіпорындары «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ болып табылады, олар негізгі асыл және түсті металдарды, сондай-ақ титан, магний, тантал, АЭС үшін отын шығарады. Өнімнің негізгі үлесі экспортқа жіберіледі. 2020 жылдың 7 айында облыс металлургтері 577,9 млрд теңгенің өнімін өндірді (өсу қарқыны – 103,1%).

Өңір экономикасының қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі облыстың машина жасау кешені болып табылады. Республиканың барлық машина жасау өнімінің 20%-ы Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Машина жасау саласында 2020 жылдың 7 айында өндірілген өнім көлемі 139,2 млрд теңгені құрады (өсу қарқыны – 119%). Машина жасау кешені тау-кен шахтасы жабдықтарын, кен байыту фабрикалары мен металлургия зауыттарына, мұнай-газ өндірістеріне арналған жабдықтарды, өнеркәсіптік конденсаторларды, тартқыштарды, кабель-өткізгіш өнімдерді, автокөлік құралдарын және т. б. шығарады. Саланың жетекші кәсіпорындары: «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «КЭМОНТ» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС, «Қазэлектромаш» ЖШС, «Азия Авто» АҚ, «СемАз» ЖШС, «DaewooBusKazakhstan» ЖШС.

Химия өнеркәсібі өнімдерін «ӨМЗ» АҚ, «Орика Қазақстан» АҚ, «KAZFOAM» ЖШС, «Магелан» ЖШС кәсіпорындары өндіреді. 2020 жылдың 7 айында өндіріс көлемі 13,1 млрд теңгені құрады.

Ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында 2,9 млрд теңгенің өнімін өндірді. Саланың негізгі кәсіпорындары: «Мелисса» ЖШС (Өскемен қаласы), «Фаворит» ЖШС (Зубовка ауылы), «Жаңа Семей Шпал Зауыты» АҚ (Семей қаласы).

Облыстың жеңіл өнеркәсібінің өндірістік қуаттарының негізгі үлесі Семей қаласында («Семспецснаб» ЖШС, «УК Юнис» ЖШС, «Семей аяқ киім фабрикасы» ЖШС, «Роза-ӘДК» ЖШС, «BayazitLife» ЖШС, «Корунд» ПРК, «Технология комфорта» ЖШС) Өскемен қаласында («ПКФ Рауан» ЖШС, «Иснар» ЖШС) шоғырланған. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары 2020 жылғы қаңтар-шілдеде 2,6 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімін өндірді, өсу қарқыны - 104,0%. 2020 жылдың наурыз айынан бастап облыстың жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қайта пайдалануға болатын маскаларды тігуге тартылған. Негізгі мердігер «Семспецснаб» ЖШС болды.

 

Бүгінде негізгі индустриялық жобалар іске асырудың қандай кезеңінде? 

Кәсіпкерлікті қолдау картасының екінші бесжылдығы (2015-2019 жж.) аясында Шығыс Қазақстан облысында 3,3 мың жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 529,1 млрд теңге болатын 20 жоба пайдалануға берілді.

Аса маңызды жобалар:

  • «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС «Ақтоғай тау-кен байту комбинатын салу»; 
  • «OstFish» ЖШС «Бестер буданды бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы мен етін өндіру»;
  • «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС «Өнімділігі жылына 2 млн тонна кен өндіретін тау-кен байыту кешенінің құрылысы» 
  • «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС «Жаңа энергия үнемдейтін жабдықты: сыйымдылықты кернеу трансформаторларын, қуаты жоғары конденсаторларды әзірлеу және өндіріске қою».

2020 жылы 361 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 35,2 млрд теңге болатын 3 жобаны іске асыру жоспарланған. Ірі жоба «ГРК МЛД» ЖШС — «Карчигин кен орнының тау-кен байыту кешенінің құрылысы» жобасы болып табылады, құны 5 млрд теңге.

2021-2025 жылдар аралығында жалпы инвестиция көлемі 565,9 млрд теңге болатын және 8,8 мың жаңа жұмыс орнын құратын 24 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Перспективалы жобалар:

  • «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС «Жұмыс істеп тұрған сульфидті фабриканы қайталау жолымен Ақтоғай КБК-ның қайта өңдеу қуатын кеңейту»;
  • «Қазмырыш» ЖШС «Rail-Veyor көлік жүйесін іске қосумен алқаптағы Обручев кенішінің өнімділігін арттыру (1-кезек)»;
  • «АК Алтыналмас» АҚ «Мизек кен орнының алтын мыс кенін қайта өңдеу жөніндегі байыту фабрикасын салу». 

2019 жылдың қорытындысы бойынша инновациялық белсенділік деңгейі 14,9% (республикада – 11,3%) құрады, облыс республикада бірінші орын алады.

2019 жылы инновациялық өнім көлемі 223,6 млрд теңгені құрады, бұл Қазақстан Республикасының барлық инновациялық өнімінің ¼ бөлігін құрайды. Инновациялық өнім көлемі бойынша Шығыс Қазақстан 1-орында.

Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 40%-ын өндірді. Өткізілген инновациялық өнімнің 44% экспортқа шығарылды.

 

Өңірде инвестиция тарту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Шығыс Қазақстан облысының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2020 жылдың 7 айында 357,7 млрд теңгені құрады, НКИ – 104,1% (2019 жылдың 7 айында – 335,1 млрд теңге).

Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымында кәсіпорындардың меншікті қаражаты 69,7%, республикалық бюджет – 9,1%, жергілікті бюджет – 13,3%, банк кредиттері – 1,3%, басқа да қарыз қаражаты – 6,6%-ды құрады.

Инвестицияларды тарту құралдарының бірі — Кәсіпкерлікті қолдау картасы, онда 17,8 мың жұмыс орнын құрумен, жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге 77 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде Австралия, Ресей, ҚХР, БАӘ, Иранның қатысуымен 2021-2023 жылдары 82,6 млрд теңгеге 5 жоба іске асырылады.

Инвестицияларды одан әрі тарту үшін жағдай жасау мақсатында облыста Инвесторларға қызмет көрсету секторы және «бір терезе» қағидаты бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ инвестициялық портал жұмыс істейді.

Инвестициялық орталық ашылды, ол әрбір инвестициялық жоба мен инвесторды сүйемелдеу бойынша жағдай жасауға мүмкіндік берді. Инвестор жедел түрде жүгінген кезде қызмет көрсету үшін жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысы ұйымдастырылды (техникалық шарттар мен басқа да рұқсат беру құжаттарын алу, мемлекеттік қолдау шаралары мен инвестициялық преференциялар бойынша кеңес беру, жер телімдерін алу және т. б.). Инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу үшін «ProtectingBusinessandInvestments» жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 157,1 млрд теңгені құрады

2019 жылы Мемлекеттік кірістер және статистика комитеттерінің жедел деректері бойынша $343,3 млн сомасына ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды, оның ішінде $77,8 млн сомасына өңделген өнім немесе ШҚО ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық экспортының 22,7%-ы. Өңірдің өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 20-дан астам еліне: Ресей Федерациясына, Қытайға, Иран Ислам Республикасына, Тәжікстанға, Қырғызстанға, Латвияға, Литваға, Түрікменстанға, Германияға, Түркияға, Италияға және басқа елдерге экспортталды.

Өндіріске ең үлкен үлесті май, жарма және ұн тарту, сүт кәсіпорындары қосады. Шикізаттық емес экспорттың негізгі түрлері — өсімдік майлары, бидай ұны, қарақұмық жармасы, құс еті, балық және балық өнімдері, балықтың еті мен тартылған еті, сары май, ірімшік, шұжық және консервілер және басқалар болды.

«Восток – Молоко» ЖШС бас директоры Сейілжан Сайлаубаев кәсіпорынның дамуы мен сүт өнімдерін өндіру көлемі туралы айтып берді. Компания Қазақстандағы ең ірі сүт өндірушілердің қатарына кіреді. Сүт өнімдерінің 80-нен астам түрін шығарады.

«Ost Fish» ЖШС директоры Рашид Альчинбаев жабық сумен жабдықтау қондырғыларында бекіре тұқымдас балық өсіру цехы жылына 45 тонна бекіре және 4 тонна қара уылдырық өндіретінін айтты.

Облыстың өңдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдерінің үлесі 9%-ды құрайды. Осы жылдың 7 айында азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 79,4 млрд теңгені құрады (2019 жылмен салыстырғанда 104,8%).

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 157,1 млрд теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111% құрады. Жалпы өнімнің нақты көлем индексі 102,2% құрады.

2020 жылы субсидиялау бағдарламалары аясында АӨК дамытуды қолдауға 26,98 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді, оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамытуға 5,52 млрд теңге, мал шаруашылығын дамытуға 9,95 млрд теңге, инвестициялық субсидиялауға 4,97 млрд теңге, басқа бағыттар бойынша 6,52 млрд теңге.

Облыста экспортқа бағытталған 30-ға жуық ірі өндіріс жұмыс істейді. Өнім әлемнің 90-нан астам еліне жеткізіледі. Тауарлардың негізгі тұтынушылары — Қытай (32,3%), Ресей – 22,6%, Түркия – 17,7%, Өзбекстан – 3,5%. Шығыс Қазақстан облысының экспорты 2020 жылғы қаңтар-маусымда $1361,6 млн құрады. 2020 жылғы өткен кезеңде облыстың 20 экспорттаушы кәсіпорны шығындардың бір бөлігін өтеуге 60 өтінім берді, оның 9-ы мақұлданды.

 

Өңірде халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламалар қалай жүзеге асырылуда?

2020 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен (Жұмыспен қамтудың жол картасы аясындағы жобаларды ескере отырып) облыста 2019 жылғы көлемге қарағанда 14,4% өсіммен, жалпы ауданы 533 мың м2 болатын 6 454 пәтерге 118 көп пәтерлі (37-бір қабатты) үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде:

  • 294,3 мың м2, 3 679 пәтерге облигациялар шығару есебінен 42 кредиттік үй;
  • Сатып алу құқығынсыз 91,5 мың м2, 56 жалдамалы үй (37-бір қабатты), 1 184 пәтер;
  • «Ертіс» ӘКК» АҚ арқылы 52,6 мың м2, 8 кредиттік үй, 744 пәтер;
  • Жеке инвестициялар есебінен 94,7 мың м2, 12 коммерциялық үй, 847 пәтер.

Оның ішінде ЖАО-да кезекте тұрғандарды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен 2 675 пәтерге 196,9 мың м2 тұрғын үй енгізу жоспарлануда, оның ішінде:

  • сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 39,8 мың м2, 548 пәтер;
  • Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы шеңберінде 7,9 мың м2, 74 пәтерге жалға берілетін тұрғын үй;
  • 157,1 мың м2, 2 127 пәтерлік кредиттік тұрғын үй.

Биылғы 7 айда барлық қаржыландыру көздері есебінен 199,6 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2019 жылдың деңгейімен салыстырғанда 109,4%, 1 748 пәтер немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,8%, оның ішінде:

  • КПТҮ — 69,9 мың м2, 879 пәтер;
  • ЖТҚ — 123,5 мың м2, 869 пәтер;
  • басқа тұрғын үйлер — 6,2 мың м2.

«7-20-25» бағдарламасы аясында биылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша облыс бойынша екінші деңгейлі банктер 13,9 млрд теңге сомасына ипотекалық тұрғын үй қарыздарын алуға 1 552 өтінім қабылдады, оның ішінде 9 млрд теңге сомасына 998 өтінім мақұлданды.

 

Облыста «Нұрлы жол» бағдарламасының автожол жобалары қалай дамуда?

Шығыс Қазақстан облысында ұзындығы 454 км «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» және ұзындығы 415 км «Қалбатау – Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау жұмыстары іске асырылып жатыр. Реконструкциялау жұмыстарының аяқталу күні келісім-шарттарға сәйкес 2022 жылға белгіленген.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, жолшылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда «Өскемен – Қалбатау» бағыты бойынша 102 км учаскеде 84 км-інде қозғалыс ашылды, «Қалбатау – Аягөз» бағыты бойынша 66 км және «Қалбатау – Майқапшағай» бағыты бойынша 46 км жолға ыстық асфальтбетон төселді. Құрылыс маусымы басталғалы бері жыл соңына дейін аталған жол учаскелерінде жаңа асфальтбетон салу бойынша жүру жоспарын жүзеге асыру жоспарланған.

Бұдан өзге реконструкциялау аясында 68 көпір, оның ішінде 6 көлік айрығы мен жол өтпесін, 656 су өткізу құбыры құрылысын салу, сондай-ақ абаттандырумен және жылы дәретханалармен демалыс алаңдарын салу көзделген, елді мекендердің маңында автопавильондар орнату көзделген. Бүгінгі таңда автомобиль жолдарын қайта жаңарту учаскелерінде 3000-нан астам адам жұмылдырылып, 2000-нан астам құрылыс-жол техникасы жұмылдырылды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов Шығыс Қазақстан облысының автожол саласын реконструкциялау туралы айтып берді.

 

Алакөл көлінің жағалауында 13 жаңа демалыс базасы ашылды

Жолдарды жөндеуге 2014-2018 жылдар аралығында облыстық бюджеттен 3 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Алакөл көлінің жағалауларына республикалық «Алматы – Қалбатау – Өскемен», «Таскескен – Бақты» автомобиль жолдары, облыстық маңызы бар «Мақаншы – Жалаңашкөл» және «Барлық Арасан – Алакөл көлі» автомобиль жолдары арқылы баруға болады.

2019 жылдан бастап жалпы ұзындығы 454 км «Алматы – Қалбатау – Өскемен» автожолын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі — 2022 жыл. Сондай-ақ жағалауға дейін субсидияланатын әуе және т/ж маршруттары қамтамасыз етілген. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша көл жағалауында, сондай-ақ Үржар ауылының әуежайында жаңа дәретханалар орнату жобасы іске асырылды. Туристерге жайлылықты қамтамасыз ету үшін көл жағалауында киім ауыстыруға арналған кабиналар, қоқыс тастау контейнерлері, ақпараттық тақтайшалар мен белгілер, құтқару мұнарасы мен құтқару бекеті, су техникасына арналған арнайы айлақ орнатылды.

Шығыс Қазақстанда 2020 жылғы жазғы туристік маусым 3 маусымнан бастап, Алакөл көлінің жағалауында 13 маусымнан бастап кезең-кезеңмен ашылды. Осы кезеңде кәсіпкерлер үшін бірқатар шектеулер әрекет етті — орналастыру орындарының жобалық сыйымдылығынан 50% жүктемесі, Алакөл көлінің жағалауында демалып жатқан туристер үшін КВИ-ға теріс нәтижелердің болуы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды міндетті түрде сақтау.

Шектеу іс-шараларын енгізу жаңа туристік объектілердің ашылуына әсер еткен жоқ. Алакөл көлінің жағалауында осы жылы 730 төсек-орынға арналған 13 жаңа демалыс базасы ашылды, инвестицияның жалпы сомасы шамамен 800 млн теңгені құрады.

Сонымен қатар жағалауда 2 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда:

  • «Керуен Плаза» қонақ үй кешені — 230 орындық 4 жұлдызды қонақ үй, бассейні, жазғы кафесі, мейрамханасы бар. Жалпы құны — 1,5 млрд теңге.
  • «AlazoneArena» ашық аспан астындағы сахнасы — Юрмала қ. (Латвия) үлгісімен, жазғы террасасы және ірі концерттік іс-шараларды өткізуге арналған ойын алаңы бар 3700 орындық көрермен аймағы бар ашық концерттік алаң . Жалпы құны — 300 млн теңге.

Өңірде денсаулық сақтау жүйесі қалай дамуда?

Облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамыту «ШҚО денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2017-2019 және 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспары» бағдарламалық құжаттарымен айқындалған. Кешенді жоспар 5 негізгі бағытты қамтиды:

  • Халықаралық стандарттар бойынша клиникаларды жаңғырту;
  • Кадрларды даярлаудың үш деңгейлі бағдарламасы;
  • Озық технологияларға инвестициялар;
  • Цифрландыру және қағазсыз ауруханалар;
  • Медициналық көмек сапасының халықаралық стандарттарын енгізу.

Бірінші кезеңде (2017-2019 жж.) кешенді жоспар бойынша техникалық аудит және 22,3 млрд теңгеге 1086 бірлік медициналық жабдықтармен жарақтандыру жүргізілді, 5511 медицина қызметкері оқыту мен қайта даярлаудан өтті, оның ішінде шетелде өтті, компьютерлік томографтар орнатумен 2 инсульт орталығы, роботтандырылған хирургия және трансплантология бірінші орталығы, нейрохирургияға арналған гибридті операциялық орталық ашылды және аудандық ауруханаларды перинаталдық көмек көрсетудің 3 деңгейіне ауыстыру жүзеге асырылды. 200 төсек орынды балалар ауруханасы және 4 МСАК нысаны ашылды. Жетекші республикалық ғылыми орталықтармен бірлесіп мамандандырылған жоғары технологиялық орталықтар ашылды.

Облыста денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бағдарламасы аяқталды. Барлық медициналық ұйымдарда ақпараттық жүйелер енгізіліп, 8222 жұмыс орны компьютерлермен және көп функциялы құрылғылармен жабдықталған. Аудандық деңгейге дейін (фельдшерлік-акушерлік пункттер деңгейіне дейін) интернетпен қамту 100% құрайды. Электрондық денсаулық паспорттары халықтың 100%-ында ашылып, жүргізілуде.

2020 жылдан бастап шекара маңындағы аудандар мен ауылдарға баса назар аудара отырып, 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспар іске асырыла бастады. Осы бағдарлама шеңберінде өңірлендірудің 2 деңгейіне 5 аудан ауыстырылады, оның ішінде шетелде 8700-ден астам медицина қызметкері оқытылады, медициналық объектілерге жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Коронавирус инфекциясы пандемиясы басталғаннан бері қажетті төсек саны орналастырылды. Егер пандемияның басында 135 инфекциялық төсек орны болса, мамыр айында 1000-ға жуық төсек орны, ал шілдеде 2000-нан астам инфекциялық, 2800 провизорлық және 2100 карантиндік төсек орны болды. Жалпы, карантин кезеңінде КВИ-мен күреске облыстың төсек қорының шамамен 75%-ы жұмылдырылды.

Өскемен және Семей қалаларында COVID-19 ауыр және күрделі жағдайдағы науқастарына медициналық көмек көрсету мақсатында «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК және «Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында толық жабдықталған және жағдайы қиын пациенттерді емдеуге арналған екі құзыреттілік орталығы құрылды.

Емдеуге жатқызу уақытын қысқарту және провизорлық стационарлар жүктемесін азайту үшін пациенттерді жағдайдың ауырлығына қарай эшелондау алгоритмі әзірленді, бұл төсек қорын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, осылайша жағдайы ауыр пациенттер өкпе тінінің зақымдану дәрежесіне және сатурация деңгейіне байланысты белгілі бір провизорлық стационарға жатқызылады. Төсек қорын қажетті жабдықтармен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қолда бар 196 ӨЖЖ аппаратына, 57 цифрлық рентген аппараттарына қосымша 50 ӨЖЖ аппараты, 10 рентген аппараты сатып алынды. Жыл басында облыста 76 оттегі концентраторы болды, қосымша 466 оттегі концентраторы алынды және тамыз айының соңына дейін 800 концентратор болады. 200 монитор, 200 инфузомат, 3 ЭКМО (бұрын облыста болмаған), 200 пульсоксиметр, 100 ӨЖЖ және т. б. сатып алынады.

Облыс бойынша барлығы 15 компьютерлік томограф 24/7 режимде жұмыс істейді. Сонымен қатар әр аппарат белгілі бір ауданға немесе қалаға бекітілген. Үржар ауданына, Өскемен және Семей қалаларына КТ 3 аппараты қосымша сатып алынады, оларды қыркүйекте орнату жоспарланған.

Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен Өскемен және Семей қалаларында, сондай-ақ Күршім ауданында тағы үш ПТР-зертхана ашу жоспарлануда, бұл халықты тестілеуге қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар күту уақыты мен жедел жәрдем жүктемесін азайту үшін автомобильдер паркі 216 бірлікке кеңейтіледі. Алғашқы 100 машина 1 қыркүйекте жеткізілді. Әрбір машина толығымен жинақталады.

Барлық медицина қызметкерлері қажетті жеке қорғану құралдарының 60 күндік қорымен қамтамасыз етілген. Карантин кезінде туындаған мәселелерді шешу үшін барлық ресурстар тартылды. Кеңес беру және дәрігердің қабылдауы қашықтан жүргізілді, мобильді бригадалардың жұмысы ұйымдастырылды (облыс бойынша 377), үйге барып, ПТР зерттеуіне талдау жасалды. Әкімдіктерден қосымша мобильді бригадаларға арналған 216 автомобиль берілді. Бұл ретте, шұғыл медициналық көмек көрсетуде шектеулер болған жоқ.

АЛО аясында дәрі-дәрмектерді уақытылы алу және емханаға баруды шектеу үшін барлық АМСК дәрі-дәрмектерді мобильді бригадалар арқылы үйге жеткізумен 3 айға берді. Облыстың медициналық ұйымдарында «СҚ-Фармациядан» қалдықтар мен жеткізілімдер бойынша тұрақты бақылаумен 2 айға арналған дәрілік заттар қоры бар.

Облыста жоғары сұранысқа ие дәрілік заттардың тұрақтандыру қоры құрылды.

17 тамыздан бастап Шығыс Қазақстанда медициналық ұйымдар жоспарлы көмек көрсетуді қалпына келтіруге кірісті. Жоспарлы қызметті қалпына келтіру бойынша кезең-кезеңмен жоспар әзірленді. 50-ден астам медициналық ұйым жоспарлы науқастарды қабылдай бастады. Стационарлық кардиологиялық көмек, кардиохирургиялық, ортопедиялық, барлық педиатриялық профильдер, хирургиялық, оның ішінде гинекологиялық және урологиялық, барлық терапевтік профильдер, жүкті әйелдерді жоспарлы емдеуге жатқызу, паллиативтік көмек жұмысқа кірісті. Амбулаториялық-емханалық көмек ашылды, жоспарлы қабылдауларды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары жүргізеді. Сондай-ақ кеңес беру және диагностикалық қызметтерді жоспарлы түрде алуға болады.

Сондай-ақ Аягөз ауданаралық ауруханасында интервенциялық кардиологияның алғашқы операциялары жасалды. Triage жүйесі бар қазіргі заманғы қабылдау бөлмесіне және компьютерлік томографы бар 2 деңгейдегі инсульт орталығына аудандық ауруханада жаңа ангиографиялық зертхана орнатумен коронарлық араласу орталығы ашылды. Алғашқы 5 науқас облыс орталығында емес, тұрғылықты жері бойынша жаңа деңгейде көмек алды.

«Алтын сағат» аясында аудандар мен ауылдардың тұрғындары облыс орталығына дейін жүздеген шақырым жүріп өтпей, жоғары технологиялық медициналық көмек алады.

 

Өңірде білім беру жүйесі қалай дамуда?

Облыста 189 255 оқушы контингенті бар 647 мектеп бар. Қалалар мен аудандардың деректері бойынша дистанциялық режимде 147 269 оқушы контингенті бар 274 мектеп (42,3%) оқитын болады. Штаттық режимде 41 986 бала контингенті бар 373 мектеп жұмыс істейді.

Бұл мектептерде оқыту екі ауысымда, ауысым арасында бір жарым сағаттық үзіліспен, әр сабақтан кейін желдету және дезинфекциялау режимін қатаң сақтай отырып ұйымдастырылған. Оқу процесі маска режимін және күшейтілген медициналық бақылауды сақтай отырып жүргізіледі. Бүгінгі таңда барлық мектептер дезинфекциялау құралдарымен және санитарлық қауіпсіздік құралдарымен (тепловизорлар, санитайзерлер, кіре берістегі қорғаныш төсеніштері, маскалар, бактерицидті шамдар) қамтамасыз етілген. 1-4 сыныптардағы сынып-жинақтардың жалпы саны 68 423 бала контингентімен 3315 құрайды. 1-4 сынып оқушылары үшін 261 мектеп базасында жалпы контингенті 54 999 баланы құрайтын 4 332 кезекші сынып ұйымдастыру жоспарлануда:

  • болжамды контингенті 15 561 оқушы болатын 1 сыныпқа арналған 1 200 кезекші сынып (топ);
  • болжамды контингенті 14 650 бала болатын 2 сыныпқа арналған 1117 топ;
  • болжамды контингенті 12 765 бала болатын 3 сыныпқа арналған 1 028 топ;
  • болжамды контингенті 12 023 бала болатын 4 сыныпқа арналған 987 топ.

19 тамыздағы жағдай бойынша мектептер ата-аналардан (заңды өкілдерден) балаларды кезекші сыныпқа қабылдау туралы 45 089 (66%) өтініш қабылдады. Облыс мектептері кезекші сыныптарда оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізді: санитарлық талаптарды ескере отырып кабинеттерді дайындау, 1-4 сынып оқушыларына арналған жұмыс кестесін әзірлеу, педагогтердің жүктемесін есептеу және қосымша жүктеме үшін ақы төлеу үшін қосымша қаржыландыру.

Кезекші сыныптарда 3 038 педагог жұмыс істейтін болады. Педагогтарға қосымша қажеттілік 12 адамды құрайды. Бос орындарды жабу бойынша жұмысты мектеп директорлары жас мамандарды қабылдау жолымен, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждердің бітіруші курстарының 76 студентін педагогикалық практикаға тарту арқылы жүргізеді.

Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 54 599 баланы қамтитын 791 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, оның ішінде:

  • балабақшалар — 345 (38 950 бала), оның ішінде 136 жекеменшік балабақша (15 576 бала);
  • 446 шағын орталық (15 649 бала), оның ішінде 2 жекеменшік (85 бала).

Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, Бесқарағай, Жарма, Күршім, Ұлан, Үржар, Алтай а. және Курчатов қалаларынан басқа 12 ауданда мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді.

2020 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша 5 077 баланы (балалардың жалпы санының 9,3%-ын (54 599 бала) қамтитын 156 мектепке дейінгі балалар ұйымы (576 топ) өз қызметін қайта бастады.

Жұмысқа 1719 (27,9%) педагог, 1893 (35,2%) басқа қызметкерлер кірісті.

Облыс мектептерінде барлығы 33 052 компьютер бар, оның ішінде соңғы 5 жылда 10 337 бірлік сатып алынды. Бірінші жартыжылдықта 249 компьютер сатып алынды, 1 қыркүйекке дейін жергілікті бюджет қаражатынан 5 863 компьютер сатып алынады. Сондай-ақ РБ қаражатынан 4,1 млрд теңгеге 26 509 дана компьютерлік техника (2 759 компьютер, 20 176 ноутбук және 3 574 планшет) сатып алу жоспарланған.

166 779 баланың үйде (88%) компьютерлік техникасы бар, 22 476 балада жоқ, оның 16 904-іне мектеп компьютерлері уақытша пайдалануға беріледі. Қалған 5 572 бала штаттық режимде оқиды. 19 тамыздағы жағдай бойынша оқушылар мен мұғалімдерге уақытша пайдалануға беру актісі бойынша 9 346 компьютер берілді.

Білім беру бөлімдерінің мәліметтері бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан 31 241 бала, жетім балалар және ПҚБ бар балалар, оның ішінде 13 377 бала компьютерлік техникамен қамтамасыз етілмеген. Бұл балалар мектеп компьютерлерін сатып алу және уақытша пайдалануға беру есебінен компьютерлік техникамен қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ үш жыл ішінде (2017-2019 жылдары) мүгедектер, жетімдер, көп балалы отбасылар қатарынан 1 350 бала жаңа жылдық сыйлық ретінде ноутбуктар алды, жыл сайын — 450 баладан.

170 924 оқушы үйде интернет желісіне қосылған, 18 331 бала интернетпен қамтамасыз етілмеген, оның ішінде 11 454 баланың (3 276 отбасы) қосылуға техникалық мүмкіндігі бар. Бұл оқушылар үшін SIM картасы бар 5 620 роутер сатып алынды және интернет трафигі жоғары тарифтер қосылды. Қалған 6 877 бала штаттық режимде оқиды.

Сонымен қатар мектеп жасындағы балалар тұратын 52 елді мекенде интернет желісінің жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл мақсатқа ЖБ-дан 136,6 млн теңге бөлінді.

Мектеп жасындағы 908 оқушы тұратын 33 елді мекенде телерадио хабарларын таратудың жерүсті эфирлік желісі қамтылмаған. Бұл мектептер штаттық режимде жұмыс істейді. Осы 33 ауылда «Отау ТВ» цифрлық телевизиясы бар, оның тегін пакетіне 15 қазақстандық телеарна кіреді.

20 шілде мен 31 тамыз аралығында онлайн курстар арқылы 20 389 педагогты қосымша дайындау жұмыстары жүргізілуде. 719 педагог интернет желісіне қосыла алмайды. Мәселе кәсіподақтар мен ЖАО арқылы шешілуде.

Жаңа оқу жылына педагогикалық кадрларға қажеттілік 125 адамды құрайды. Жергілікті атқарушы органдар бұл мәселені жас мамандарды жұмысқа қабылдау жолымен шешеді.

Жаңа оқу жылында оқу Online.mektep.org және Daryn.online.kz платформаларының көмегімен жалғасады. Қалалар мен аудандар әкімдеріне мектептерді модульдерге қосу үшін ақшалай қаражат бөлу қажеттілігі туралы хат жолданды. Қаражат бөлуді жергілікті атқарушы органдар мәслихат сессияларында қарайды. Шарттың 43% жасалды.

Биыл 423 білім беру нысанын күрделі және ағымдағы жөндеуге 10,9 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 есе көп.

3 млрд 634 млн 800 мың теңгеге 40 мектепте күрделі жөндеу, 5 млрд 276 млн 600 мың теңгеге 346 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, барлық нысандарда жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Облыста үш ауысымды және апатты мектептер жоқ. Абай ауданының Қарауыл ауылында 300 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын.

647 мектептің 614-і (95%) бейнебақылаумен, 33 мектепте ескірген үлгідегі бейнебақылаумен қамтамасыз етілген.

ШҚО республикада АT-сыныптарды ашу бойынша көшбасшы. Қазақстанда 1 компьютерге көрсеткіш бойынша 11 оқушыдан келеді, облыс бойынша — 6 оқушы. Барлық 655 мектепті жаңа үлгідегі компьютерлермен және интерактивті панельдермен жабдықтау жұмыстары аяқталды. 2 жыл ішінде 1 125 педагог АT маман мамандығын алып, оқудан өтті.

Жастар жылы аясында өңірде алғаш рет облыстық АТ-хакатон «Jastar Time» өткізілді. Хакатонға 14 лайықты команда, бағдарламалауда 40 талантты балалар — аймақтық жоғары оқу орындарының, сондай-ақ облыс колледждерінің студенттері қатысты. Александров атындағы спорт сарайында АT-фестивалге 5000 адам келді, және онда сөзсіз дарынды балалар жоғары деңгейдегі және жаңашыл 95 АT-жобаны ұсынды.

Тұңғыш Президент жариялаған жастар жылында оқушылар мен студенттер арасында инновациялық идеяларды әр түрлі бағыттар бойынша одан әрі дамыту үшін облыс орталығында соңғы үлгідегі цифрлық жабдықтармен жабдықталған заманауи «Jastar Time» инновациялық орталығы ашылды. Инновациялық орталықта балалар өңірдің жетекші мектептерінен, колледждерінен және жоғары оқу орындарынан келген жоғары білікті педагогтарды тарта отырып, өз білімдерін жетілдіреді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.