15 Желтоқсан 2025, 15:37
Желтоқсан айы жыл қорытындысын шығарып, есеп беретін кезең. Осы ретте өңілер әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін жария етуде. Мәселен, Қызылорда облысында осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілген. Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі соңғы бес жылда екі есеге артып, 3,7 трлн теңгеге жетеді деген болжам бар. 2025 жылы 720 млрд теңге инвестиция тартылады деп жоспарланған, онағы жеке инвестицияның үлесі 70% ды құрайды.
Тарқатып айтар болсақ, Қызылорда облысында осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді. Оның ішінде: өңдеу өнеркәсібі – 10,7% (327,9 млрд теңге), ауыл шаруашылығы – 1,9% (211,5 млрд теңге), негізгі капиталға салынған инвестициялар – 16% (602,8 млрд теңге), тұрғын үйлерді пайдалануға беру – 10% (766,7 мың ш.м.), құрылыс жұмыстарының көлемі – 17,6% (235,3 млрд теңге), көлік және қоймалау – 2,4% (271,1 млрд теңге), жалпы сауда – 7% (751,3 млрд теңге).
Ал ЖӨӨ көлемі соңғы бес жылда екі есеге артып, 3,7 трлн теңгеге жетеді деген болжам бар. 2021 жыл ол нақты 1,9 трлн теңге (102,2%) болған болса, 2022 жылы 2,4 трлн (102,4%), 2023 жылы 2,6 трлн (104,7%), 2024 жылы 3,1 трлн (108,1%) құрады. 2025 жылғы жоспар – 3,7 трлн теңге (106,5%).
Сол сияқты облыс бюджеті 2021 жылы 346 млрд, 2022 жылы 364 млрд, 2023 жылы 609 млрд, 2024 жылы 749,3 млрд теңге болған, ал 2025 жылы 851,3 млрд теңге болады деген жоспар бар.
Облыс бюджетінің өз кірістері:
2021 жыл – 69,7 млрд теңге;
2022 жыл – 76,1 млрд теңге;
2023 жыл – 96,7 млрд теңге;
2024 жыл – 146,1 млрд теңге;
2025 жыл – жоспар 167,3 млрд теңге.
Облыстың даму бюджеті:
2021 жыл – 47 млрд теңге;
2022 жыл – 49,3 млрд теңге;
2023 жыл – 127 млрд теңге;
2024 жыл – 187,5 млрд теңге;
2025 жыл – жоспар 207 млрд теңге.
Облыс бюджетін оңтайландыру жұмыстары жалғасуда. 2023-2025 жылдар аралығында 108 млрд теңге үнемделді, оның 64,3 млрд теңгесі білім, 15,4 млрд теңгесі мәдениет және спорт, 8,2 млрд теңгесі әлеуметтік қорғау саласынан, ал 13,1 млрд теңгесі әлеуметтік нысандардың құрылысынан. 7 млрд теңгесі демеушілер есебінен ЖСҚ әзірлеуге берілді.
Сондай-ақ бюджеттен тыс көздер қаражаты тартылды:
- Арнайы мемлекеттік қордан – 23,4 млрд теңге,
- «Қазақстан Халқына» – 10 млрд теңге,
- «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» – 13,8 млрд теңге.
- Жергілікті кәсіпкер және меценаттардың әлеуметтік жауапкершілігі аясында – 55 млрд теңге.
Кәсіпкерлікті дамыту саласы
Биылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша Қызылорда облысында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны – 68 925, оның ішінде белсенді жұмыс жасап тұрғаны – 66 247 немесе 96,4%. Алғашқы жарты жылда шағын және орта кәсіпкерлікте 113 мың адам жұмыспен қамтылды. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 608,5 млрд теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 128,2%-ды құрады. Бұл – өсім бойынша республикада 3 орын деген сөз. Шағын және орта кәсіпкерліктің Жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 20,1% (ЖҚҚ – 279,9 млрд теңге), орта кәсіпкерліктің үлесі 3,5%-ға жетті (ЖҚҚ – 49,1 млрд теңге).
«Кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден шамамен 42 млрд теңге қаржы қарастырылды. Жыл басынан бері 2248 жобаға 36,8 млрд теңге сомасында қаржылай қолдау көрсетілді. Мәселен:
- мемлекеттік қаржылық қолдау бағдарламасы аясында бизнестің жалпы несие портфелі 6,1 млрд теңгені құрайтын 105 жобасы субсидияланды және несие портфелі 1,6 млрд теңгені құрайтын 32 жобасы кепілдендірілді.
- мемлекеттік гранттар беру бойынша (5 млн теңге, 400 АЕК) 1 514 жоба 2,4 млрд теңгеге қаржыландырылды.
- "Ауыл аманаты" жобасы аясында 68 жоба 586 млн теңгеге несиелендірілді.
- "Қызылорда" өңірлік инвестиция орталығы арқылы 70 жобаға 997,6 млн теңге, Аграрлық несие корпорациясы арқылы 370 жобаға 12,9 млрд теңге несие берілді.
- ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары аясында 59 жоба 5,2 млрд теңгеге қаржыландырылды.
- "Өрлеу" бағдарламасы аясында 28 жобаға 6,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Мәселен кәсіпкерлік нысандардың аумағына дейін инженерлік инфрақұрылым желілерін жеткізу үшін 2 жобаға 249,2 млн теңге сомасында қолдау көрсетілді. Олар – "Қызылорда Нан" ЖШС 70 млн теңгеге және "Техоснастка Ремсервис" ЖШС жобасы 179,2 млн теңгеге», — деді облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев.
Оның айтуынша, «Бизнеске арналған үкімет» платформасы арқылы «бір терезе» қағидатымен облыс кәсіпкерлеріне жер, сәулет-қала құрылысы, техникалық шарттар құжаттарын рәсімдеу, мемлекеттік бағдарламалар аясында кеңес беру және сүйемелдеу мәселелері бойынша 18,6 мың қызмет көрсетілді.
Өнеркәсіп саласы
2021-2024 жылдары өнеркәсіп саласына 1,9 трлн теңге инвестиция тартылған болса, 2025 жылы 720 млрд теңге инвестиция тартылады деген болжам бар. Ондағы жеке инвестицияның үлесі 70% ды құрайды. 2025-2028 жылдары 2,8 трлн теңгеге 98 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 12 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылмақ.
2025 жылы іске қосылатын инвестициялық жобаларға тоқталар болсақ, биыл 54 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде 36 жоба іске қосылды, соның 13-і ірі жоба.
Олар – өңірдің кірпіш өнімдеріне қажеттілігінің 90% қамтамасыз ететін «Қызылорда САЗ-М» ЖШС заманауи кірпіш зауыты (5 млрд теңге), «Орхун медикал» ЖШС онкологиялық диагностикалық орталығы (4 млрд теңге), «Қызылорда нан» ЖШС нан-тоқаш, кондитерлік, печенье және макарон өнімдерін өндіру кешені (3,1 млрд теңге), «Айна гласс» ЖШС айна шығару зауыты (1,5 млрд теңге), «ECC» ЖШС жол бойындағы сервис кешені (1 млрд теңге) және екі сауда үйі (жалпы құны 1,2 млрд теңге), «Syr darya» коммуналдық базары (2,4 млрд теңге); «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағы (0,6 млрд теңге).
Іске қосылатын ірі жобаның бірі – түрік инвесторы «Aksa energy» компаниясы салып жатқан қуаттылығы 240 МВт жаңа жылу электр орталығы (құны 215 млрд теңге).
Азық-түлік өнеркәсібінде – «Казах кэмел» ЖШС өнімі экспортқа бағытталған түйе сүтінен жылына 392 тонна құрғақ ұнтақ өндіру зауыты (3 млрд теңге), «Абзал және К» ТС күріш ақтау зауыты (1 млрд теңге) және 2 мың шаршы метр шағын өнеркәсіптік аймақ биыл іске қосылады («Техоснастка-Ремсервис» ЖШС).
Құрылыс индустриясында «Шалқия тас» ЖШС асфальтбетон зауыты (700 млн теңге) және темір-бетон шығару зауыты (700 млн теңге) іске қосылады.
Сонымен қатар, «Эко Энерджи Плюс» ЖШС Арал және Шиелі аудандарында Автомобиль газ толтыру компрессорлық стансалары бар көп функционалды комплекс ашылады (жалпы құны - 2 млрд теңге)
Өңірді толықтай «жасыл энергетикаға» көшіру мақсатында биыл құны құны 11,7 млрд теңгеден асатын жалпы қуаты 40,5 мегаватты құрайтын 2 күн электр стансасы іске қосылады. Олар – «Тесис» ЖШС 40 МВт, құны – 11,5 млрд теңге; «Freedom Telecom» ЖШС 0,5 МВт, құны – 150 млн теңге.
Шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2026-2029 жылдары жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жобалар:
Испандық «Рока групп» компаниясымен жылына 500 мың бұйымға дейін санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын жоғары технологиялық зауыт салу жөнінде Үкімет басшысының алдында келісімге қол қойылды. Еліміздегі алғашқы зауыттың құны 40 млрд 700 млн теңгені құрайды. 300-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.
Одан бөлек «Orient Ceramic» керамикалық тақтайша шығару (қуаттылығы айына 1 млн шаршы метр, құны – 27 млрд теңге), «Fabe agro» жылыжай салу (қуаттылығы жылына 45 мың тонна қызанақ, құны – 134,5 млрд теңге), «КСТ Энерджи» кальциленген-керамикалық тақтайша шығару (қуаттылығы 5,1 млн шаршы метр, құны – 3,3 млрд теңге) жобалары бар. Швейцариялық «Харвест агро» компаниясымен техникалық қара сора, жүгері мен сояны өсіру, қайта өңдеу бойынша аграрлық-индустриялық кластер құрылады (қуаттылығы 60 мың тонна шикізат және 20 мың гектарға суармалы егіншілік, құны – 51 млрд теңгені құрайды).
Жобалар іске қосылған соң 3,4 мың жұмыс орны құрылатын болады.
Ауыл шаруашылығы саласы
2024 жылға «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 376 жоба қаржыландырылып, 100% игерілген. Соның ішінде:
- өңдеу саласына – 640,1 млн теңгеге 96 жоба (25,6%);
- егіншілік саласына – 170,6 млн теңгеге 27 жоба (6,8%);
- мал шаруашылығына – 686,1 млн теңгеге 86 жоба (27,4%);
- техника сатып алу – 42,2 млн теңгеге 6 жоба (1,7%);
- түрлі бағыттарға – 961 млн теңгеге 161 жоба (38,5%). Нәтижесінде 403 жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
2025 жылға бағдарлама аясында 5,5 млрд теңге қаржы қаралып, 443 жобаны жүзеге асырылады деп жоспарланған. Қазіргі таңда «Amanatnesie.kz» электронды порталы арқылы 2,4 млрд теңгеге 253 өтінім түсіп, несие комитетінің қарауына 2,1 млрд теңгені 225 жоба ұсынылған. Нәтижесінде 1,3 млрд теңгеге 165 жоба мақұлданып, бүгінгі күнге 1,1 млрд теңгеге 145 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар, қайтарылған қаржы есебінен 146,7 млн теңгеге 15 жоба қосымша қаржыландырылды.
«Егін шаруашылығы бойынша. Биыл облыста егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға 3,9 млрд текше метр су лимиті белгіленді. Статистикалық мәліметке сәйкес, облыс бойынша барлығы 189,6 мың гектарға егiс егілді. Оның ішінде дәндi дақылдар 93,1 мың га, майлы дақылдар 6,4 мың га, мал азықтық дақылдар 72,7 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың га. Үкіметпен бекітілген Жол картасына сәйкес 80,9 мың гектар жерге күріш дақылы егілді. 2022 жылмен салыстырғанда күріш егісінің көлемі 8,1 мың гектарға қысқарды. Дәнді, майлы дақылдар және картоп, көкөніс, бақша дақылдарын жинауда облыс бойынша егілген 5 мың га күздік бидай дақылы толығымен жиналып, 6,1 мың тонна өнім алынды орта өнім гектарына 12,2 центнерден келді. Сол сияқты егілген 5,4 мың га жаздық бидай дақылы толығымен жиналып 3,5 мың тонна өнім алынды орта өнім гектарына 6,6 центнерден келді, 368 га арпа толығымен жиналып, 256 тонна өнім алынып, орта өнімі 6,9 центнерден алынды. 6,4 мың гектар майлы дақылдар толық жиналып, 5,6 мың тонна өнім алынды. Жоңышқа дақылының үш орымынан жалпы 349,1 мың тонна шөп жиналды. 538 га сүрлемдік жүгері толық жиналып, 5872 тонна өнім алынды. Орта өнім 109,1 ц/га құрады. Картоп, көкөніс, бақша дақылдарынан бүгінгі күнге толық жиналып аяқталды. 6,7 мың гектар көкөністен 130,7 мың тонна өнім алынды. Орта өнім 194,1 ц/га құрады. 8,5 мың гектар бақша дақылдарынан 189,9 мың тонна өнім алынды. Орта өнім 223,1 ц/га құрады. Сонымен қатар, 1,6 мың гектар картоптан 24 мың тонна өнім жиналды. Орта өнім 147,6 ц/га құрады», — деді облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов.
Оның айтуынша өңірде су үнемдейтін озық технологияларды пайдалану көлемі 2024 жылы 4,4 мың гектарға дақылдар егіліп, 2022 жылмен салыстырғанда 5,5 есеге арттырылса (2022 жылы 793 га). Биылғы жылы 8,1 мың гектарға жеткізілді.
ҚР Үкіметі бекіткен Жол картасына сәйкес алдағы 3 жылда су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін 24,2 мың гектарға жеткізу жоспарланған. Бұл бағытта, жалпы көлемі 4,8 мың гектар болатын 3 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Мысал ретінде: «Таң ЛТД» ЖШС-нің 3 мың гектарға тамшылатып суару әдісімен жүгері егу, «РЗА Агро» ЖШС-нің жаңбырлатып суару әдісімен 1000 гектарға сүрлемдік жүгері егу, «Camel Pro» ШҚ-ның 800 гектарға жоңышқа дақылын егу жобаларын айтуға болады.
Күріш егістіктерінде су үнемдеудің ең тиімді жолы – лазерлік тегістеу жұмыстары. Топырақ беті тегістелген алқапта өнімділік 30%-ға жоғарылап, су шығыны 20%-ға үнемделетініне көз жеткізілді. 2024 жылы лазерлік тегістелген күріш егістігінің көлемі 50 гектарды құраса, 2025 жылы 60 мың гектарға жеткізілді (2028 жылға дейін 72 мың гектар). 2026 жылы 65 мың гектарға жеткізілетін болады.
Агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыру бағытында «Ер-Әлі» шаруа қожалығы күріш алқаптарында суару жүйелерін цифрландыру, су шығынын азайту мақсатында аустралиялық «Рубикон Уотер» компаниясының автоматтандырылған су өлшеу жабдықтарын орнатқан. Нәтижесінде, суармалы су көлемін 20%-ға дейін үнемдеуге, өнімділікті арттыруға қол жеткізілген.
Күріш дақылын жинау бойынша, қазіргі таңда егілген 80,9 мың гектар күріштің әр гектарынан 58,1 центнерден өнім алынып, 470 мың тоннаға жуық күріш жиналды (өткен жылы 496 мың тонна).
Ораққа шаруашылықтардың қолда бар 4 117 бірлік техникасы қатысты: трактор – 1928 дана, комбайн – 554 дана, жатка – 457 дана, жүк көлігі – 350 дана, тіркеме – 822 дана. Бекітілген кестеге сәйкес күзгі егін жинау жұмыстарына бөлінген 10,4 мың тонна жанар-жағар май жергілікті операторлар арқылы 10,4 мың тоннасына келісім шарт жасалып, облысқа 9,4 мың тоннасы (90,4%) жеткізілді. Арзандатылған дизель отыны шаруашылықтарға әр литріне 254 теңгеден сатылды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне қарсы күрес шаралары 2025 жылғы облыс бойынша өсімдік зиянкестері саяқ шегірткеге қарсы өңдеу жоспарланған 55,4 мың га алқап, бүгінгі таңда толығымен 100%-ға атқарылды. Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жеңіп алған әлеуетті өнім беруші «Защита растений К» ЖШС тарапынан жүргізілді.
«Кең дала-2» бағдарламасы шеңберінде 2025 жылдың көктемгі егін егу және дала жұмыстарын жүргізуге былтырғы жылдың қараша айынан бастап құжаттар қабылдануда (2024 жылы 2 шаруашылық 1,4 млрд теңгеге қаржыландырылды). 2025 жылғы көктемгі егін егу және дала жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 64 763 га егістік көлемін қаржыландыруға 13,9 млрд теңгесі 87 шаруашылықтарға берілді (орындалуы 62%). Шаруашылықтардың қарыздарын кепілдендіру бойынша «Даму» қоры арқылы барлығы 56 шаруашылыққа 11 036,2 млн теңгеге кепілдеме берілді.
«Мал шаруашылығы бойынша 2024 жылды 2022 жылмен салыстырғанда облыс бойынша МІҚ – 32,6%-ға, қой мен ешкі 10,6%-ға, жылқы 4,5%-ға, түйе 4,8%-ға артты. 2025 жылдың 1 қарашасына 414,8 мың бас МІҚ, 760 мың бас қой мен ешкі, 263,9 мың бас жылқы, 65,8 мың бас түйе және 124,7 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жылқы - 4,9%-ға, түйе-0,8%-ға, құс – 4,3%-ға артса. Осы есепті кезеңде 30,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 39,2 мың тонна сүт және 6,7 млн дана жұмыртқа өндіріліп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 4%-ға, сүт өндірісі 2,8%-ға, жұмыртқа 7,8%-ға артты. Мал азығын дайындау бойынша 2025-2026 жылдың қысына түсетін 676,8 мың шартты мал басына 958 мың тонна табиғи шөп, 192 мың тонна жем, 157 мың тонна сабан және 7,2 мың тонна сүрлем дайындау жоспарлануда. Бүгінгі күні облыс бойынша 980 мың тонна (102,3%) шөп (оның ішінде, жоңышқаның үш орымынан 349,1 мың тонна шөп жиналды), 194,1 мың тонна жем (101,1%), 161,9 мың тонна сабан (103,1%) және 5,9 мың тонна сүрлем (82,4%) дайындалды. Сонымен қатар, жем дайындау бойынша өңірдегі күріш өңдеу кәсіпорындары арқылы күріш жемімен қажеттіліктің 80%-ын қамтамасыз ететін боламыз. Қалған жетіспейтін (20%) көлемді республикамыздың басқа аймақтарынан тасымалданады», — деді облыс әкімінің орынбасары.
Оның айтуынша, инвестициялық жобалар бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласында 2022-2024 жылдар аралығында жалпы құны 14,6 млрд теңгені құрайтын 25 жоба жүзеге асырылып, 221 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Оның ішінде балық өңдеу цехы, тауарлы сүт фермасын модернизациялау, қарқынды алма бағын егу, құс фабрикасы және күріш ақтау зауыттары іске қосылды.
Ал 2025 жылы жалпы құны 10,7 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, 125 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда құны 6,4 млрд теңгені құрайтын 9 жоба іске қосылды.
Жол картадағы ірі жобаларды Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде жеңілдетілген қаржыландыру бойынша 5 жобаға республикалық бюджеттен 5 млрд теңге қаражат бөлініп, бөлінген қаржыға 4 инвестициялық жоба (800 басқа арналған тауарлы сүт фермасына, 2 балық шаруашылығын дамыту жобасына, жүн-теріні өңдеу және қалдықтарынан құрама жемді қайта өндеу зауыты) несиелендірілді.
2025 жылы аталған бағдарлама аясында 11 млрд теңге қаралып, оның 850 млн теңгесі бөлінді. Қазіргі таңда 13 жоба пулы жасақталды: 2 жоба тауарлы сүт фермасының құрылысы, 4 жоба балық шаруашылығын дамыту, 1 жоба жеміс және көкөніс сақтау қоймасының құрылысы және алма шырынын өңдеу, 3 жоба көкөніс сақтау қоймасының құрылысы, 1 жоба қой фермасының құрылысы, 1 жоба тауарлы-сүт фермасына мал сатып алу және 1 жоба жүгеріден крахмал өңдеу зауытының құрылысы туралы.
Жер қатынастары
Өңірдің жалпы жер көлемі 24,1 млн га, бұл республика аумағының 8,3%-ын құрайды. Суармалы жерлер көлемі – 270,3 мың га (оның ішінде инженерлік жүйеде әзірленген жер - 178,6 мың га).
Ауыл шаруашылығына пайдаланып отырғаны 2,9 млн га немесе жалпы жер қорының 12% ы (пайдаланып отырған тұлғалардың саны - 17 658, оның ішінде 6246 шаруа қожалық, 162 ЖШС, 21 жеке қосалқы шаруашылық, 9651 бағбандық, 146 бақшалық, 921 саяжай бірлестіктері, 146 шөп шабумен және мал жаюмен айналысатын азаматтар, 24 өндірістік кооператив, 5 мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 12 ғылыми зерттеу және оқу мекемелері, 12 қосалқы және 312 басқада кәсіпорындар ұйымдар мен мекемелер тіркелген).
Жалпы облыс көлемінде 2025 жылы 60 мың га жерлерді мемлекет меншігіне қайтару көзделіп, бүгінгі күнге 66,7 мың га жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды (жоспар 111,1 % орындалды). 2024 жылы 70 мың га жерлерді қайтару жоспарланып, жыл соңында 77,5 мың га жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды (жоспар 110% орындалды).
2022-2024 жылдары қайтарылған 460,2 мың га жерлердің 93,6 мың га қайта айналымға енгізілді (оның ішінде 52,8 мың га конкурс арқылы, 40,8 мың га 19 елді мекеннің жайылымы үшін белгіленген).
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы
Санақты облыс тұрғындарына кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді. Облыстық, қалалық, аудандық газеттерге бірнеше рет мақалалар мен сұхбаттар берілді. «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасымен бірнеше телебағдарламаларда тікелей эфирлер ұйымдастырылды.
Санақты кадрлық қамтамасыз ету бойынша кент және ауылдық округтерде жұмыссыз азаматтар арасынан 46 нұсқаушы, 164 интервьюер-сұхбатшы ретінде тартылды.
Атқарылған шаралардың нәтижесінде санақтың онлайн кезеңінде 10 894 шаруашылық субъектісінің (СХП/КФХ/ИП) 10 894-ы сауалнамадан өтіп, 98,1% құрады (республика бойынша үшінші орында), ал жеке қосалқы шаруашылықтар (ЛПХ) бойынша 92 112 үй шаруашылықтарынан 14 679-ы онлайн өтіп, 15,9%-ды құрады (жоспар 11%).
Аймақта жоспар бойынша 77 433 үй шаруашылығы бекітілсе, 78 188 үйшаруашылығы санаққа қатысып, 101,4% ды құрады. Ал қалған 427 ауыл шаруашылығы құрылымы офлайн кезеңде планшет арқылы 100% қамтылды.
Бүгінгі күні Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы бойынша деректерді жинау аяқталды. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросымен жинақталған деректердегі қателіктерді өңдеу және талдау жұмыстары жүргізілуде.
Ветеринария саласы
«Облыс көлемінде эпизоотиялық ахуал тұрақты. Бұл мақсатта 2022 жылы ауыл шаруашылығы жануарларының 14 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алуға республикалық бюджет есебінен жоспарланған 6 млн доза ветеринариялық препараттар 100% жеткізілді. Облыстық бюджеттен 248,3 млн теңге бөлініп, 6 түрлі энзоотиялық ауруларға қажетті 667,5 мың доза препараттар алынды. 2023 жылы ауыл шаруашылығы жануарларының 14 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алуға республикалық бюджет есебінен жоспарланған 7 млн доза ветеринариялық препараттар 100% жеткізілді. Облыстық бюджеттен 272,3 млн теңге бөлініп, 6 түрлі энзоотиялық ауруларға қажетті 707,4 мың доза препараттар алынды. 2024 жылы ауыл шаруашылығы жануарларының 14 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алуға республикалық бюджет есебінен жоспарланған 7,5 млн доза ветеринариялық препараттар 100% жеткізілді. Облыстық бюджеттен 284,5 млн теңге бөлініп, 6 түрлі энзоотиялық ауруларға қажетті 758,1 мың доза препараттар алынды. Осы жылы ауыл шаруашылығы жануарларының 13 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алуға республикалық бюджет есебінен жоспарланған 6,3 млн доза ветеринариялық препараттар 100% жеткізілді. Облыстық бюджеттен 315,3 млн теңге бөлініп, 6 түрлі энзоотиялық ауруларға қажетті 799,4 мың доза препараттар алынды. Бүгінгі таңда вакцинация және диагностикалық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Облыс көлемінде эпизоотиялық ахуал тұрақты. 2023-2025 жылдары саланын материалдық-техникалық жағдайын нығайтуға 946,7 млн теңгеге 98 жаңа автокөлікпен қамтылды. Жалпы 71% ға автокөліктер базасы жаңартылды», – деді облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов.
Табиғи ресурстар саласы
2025 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстар:
«Арна» КММ арқылы Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылындағы «Қарақ» учаскесінде орналасқан 5 көзді су тоспаға күрделі жөндеу жүргізілді және де 5 каналға 10,7 шақырым болатын механикалық тазалау жұмыстары атқарылды.
Қазіргі таңда, Сырдария ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Баржық» каналының 5 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылдың 5 сәуірінде Самарқанд қаласында (Өзбекстан) өткен Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 89 отырысында Шардара су қоймасына вегетациялық кезеңіне (2025 жылдың 1 сәуір-1 қазан аралығында) 3,7 млрд текше метр судың түсетіні келісілсе, нақты 2,5 млрд текше метр су түсіп, орындалуы 67,6% ды құрады.
2025 жылдың басынан бері Солтүстік Арал теңізіне 1,7 млрд текше метр су түсті. Теңіздегі судың көлемі 22,1 млрд текше метрді құрады (2022 ж - 18,5 млрд м3, 2024 ж – 22,3 млрд м3, 01.12.2025 ж. – 22,1 млрд м3).
«Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру қолға алынуда. Жобаға тапсырыс беруші - Су ресурстары және ирригация министрлігі. Жоба 3 компоненттен тұрады және келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған: Солтүстік Арал теңізінде судың жинақталу көлемі мен сапасын 40 млрд м³ дейін ұлғайту; Балық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді қолдау жолымен балық шаруашылығын дамыту; Солтүстік Арал теңізінің экологиялық мониторингі мен су ресурстарын басқаруды жақсарту; Қорғаныс орман жолақтарын орнату арқылы Арал теңізінің ұлтанынан тұзды шөгінділердің шығарылуын азайту; экологиялық туризмді дамыту.
Бұл жоба бойынша Су және ирригация министрі өңірге бірнеше мәрте арнайы жұмыс сапармен келіп, жүзеге асыру мәселелерін жергілікті халықпен пысықтады. Ол биыл 9-10 қаңтарда Қызылорда және Арал қалаларында облыстың су шаруашылығы саласының бастамашыл топтарымен және аудан тұрғындарымен өткізілген кездесулерінде жобаны талқылау барысында бір деңгейлі нұсқаны қолдап, екі деңгейлі нұсқа тиімсіз екендігін білдірді. Нәтижесінде, теңізді ұлғайтудың бір деңгейлі нұсқасы бойынша Көкарал бөгеті Балтық жүйесі 42 белгіден 44 белгіге биіктетілетін болды. Бұл нұсқа бойынша:
- теңіздегі судың көлемі 7 млрд текше шақырымға көбейеді (27 млрд текше шақырымнан 34 млрд текше шақырымға дейін);
- теңіздің кеуіп қалған табанының 762 шаршы шақырымы сумен толады (3 151 шаршы шақырымнан 3 913 шаршы шақырымға дейін);
- судың минералдануы 8,89 дан 7,28 грамм/литрге дейін төмендейді;
Қазіргі таңда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі қайта әзірленуде, Премьер-Министрдің тапсырмасымен жыл аяғына дейін аяқталатын болады.
Сонымен қатар, барлық нұсқада Аманөткел-2 су торабын салу қарастырылған (болжамды жоба құны 31 млрд теңге). Бұл Ақшатау-Қамыстыбас көлдер жүйесіне тұрақты түрде су беруді қамтамасыз ететін болады. Құрылыстың жалпы болжамды құны 71,9 млрд теңге.
2022 жылдан бастап «Көкарал бөгетін сақтап қалу» жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталды. Жоба құны 4,5 млрд теңге. Мердігер «Қазсушар» РМК (келісім шарт құны 4,3 млрд теңге). Мерзімі 2022-2026 жылдар. 2025 жылы – 1,1 млрд теңге, 2026 жылы – 600 млн теңге қаржы бөлінді. Жоба бойынша құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқтау жоспарлануда.
Жолдау аясында Қараөзек арнасындағы 3 тоспаны қалпына келтіру арқылы 1 млрд м3 дейін тасқын суларды жинақтайтын су қоймасын салу жоспарлануда. Жобаның құны 3,8 млрд теңгені құрайды. Қаржы көзі – Ислам даму банкі есебінен қаржыландыру жоспарлануда. Тапсырыс беруші – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті. Қараөзек су қоймасының салынуымен суды сақтау, вегетациялық кезеңде пайдалану мәселелері шешім табатын болады.
Орман шаруашылығы
Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 7,3 млн га құрайды, оның 3,8 млн га орманды алқаптар. Облыс аумағында 2020-2022 жылдар аралығында орман орналастыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде орман шаруашылығы мекемелерінің штаттық кестесін нормативке жеткізу үшін 2023-2025 жылдарға жалпы сипаттағы трансферт бөлініп, қосымша 135 штат бірлігі құрылылып, бүгінгі күні орман шаруашылығы мекемелерінде қызметкерлер саны 749 жетті.
Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 2021-2024 жылдары барлығы 659,1 мың гектар алқапқа 201 млн дана (отырғызу-37,3 млн дана, себу-163,7 млн дана) екпелер жасалды, оның ішінде 332,5 мың гектары облыс үлесінде, қалған 326,6 мың гектары Орман шаруашылығы комитетімен атқарылды. Аталған жұмыстарды орындау үшін барлығы 1071 мың гектар алқапқа топырақ зерттеу мен жобалау жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы қалған 440,9 мың гектар аумаққа сексеуіл көшеттері мен галофитті тұқымдарын егу жоспарлануда. Биыл облыстық деңгейде 100 мың гектар 15 мың га алқапқа сексеуіл көшетін отырғызу, 85 мың га алқапқа қажетті 357 тонна галофитті тұқымдарды араластырып себу жұмыстары (сексеуіл 71,4 тонна, қарабарақ 285,6 тонна) жоспарланып, қазіргі уақытта 15 мың га жерге 4,5 млн дана көшет отырғызылды. Облыстық деңгейде көктем, күз айларында өткен жылғы егілген екпелердің шығымдылығы төмен алқаптардың 26 500 гектарына толықтыру (8 млн дана сексеуіл) жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек, 85 мың га жерге қажетті 71,4 тонна (100%) сексеуіл тұқымы толық жиналып, жинақталған тұқымдар «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК Оңтүстік-батыс аймақ филиалынан орман тұқымының өну сапасына тексерістен өткен.
Агротехникалық талаптарына сәйкес жоспарланған 285,6 тонна қарабарақ тұқымдары жинақталуда. Бүгінгі күнге жоспарланған көлемінің 240,8 тоннасы жинақталып, тұқым себу жұмыстары 1 желтоқсанан басталды. Бүгінге себу жұмыстары 3 мың 187 гектарға атқарылды.
Бір айта кететіні, жыл сайын фитоорманмелиорациялық және көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 158 гектар жерге 8 уақытша орман тұқымбақтары ұйымдастырылып келеді.
Бұдан бөлек, Дүниежүзілік Банк қайтарымсыз қаржысы есебінен Қазалы ауданында сексеуіл, саялы ағаш көшеттерін дайындау үшін 33,5 га тұрақты орман тұқымбағын құру жұмыстары толығымен аяқталып, 15 тұрақты мамандар 30 маусымдық жұмысшылар алынды.
2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында 1055 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орман тәртібін бұзушылықтар бойынша 213 жағдайы анықталды.
2025 жылдың 27 ақпанында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 15 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 65 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады. Жыл сайын мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің өрт қауіпті учаскелерінде 2055 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізілсе, 6005 шақырымға ескі өрт жолақтары жаңартылды. Өрт қауіпті аймақтарда 235 дана аншлагтар орналастырылды, 3879 дана елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ескерту хаттар таратылып, бұқаралық ақпарат құралдарына 38 рет мақалалар жарияланды.
2022-2025 жылдар аралығында орман мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен 2060,9 млн теңге бөлініп, ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес қажетті техникалар сатып алынды.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару
2025 жылдың 11 айында жинақталған 230,7 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 75,6 мың тоннасы, яғни 32,8%-ы өңделді. Бүгінде, облыс бойынша қалдықтарды жинау, сұрыптау және өңдеу саласында 17 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда.
Облыс бойынша 145 полигон бар, оның 7-еуіне экологиялық талаптарға сәйкес рұқсат құжаттары алынып, сенімгерлік басқаруға берілген. Олар – Қызылорда қаласы, «With You E&C Kyzylorda» ЖШС; Арал ауданы, Арал қаласы, «Хан Батыр» ЖШС; Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті «Ж. Досмухасан»; Қармақшы ауданы, Жосалы кенті; Қармақшы ауданы Ақай а/о; Шиелі ауданы, Шиелі кенті «Қауіпсіздік Формуласы Астана» ЖШС; Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, «Тереңөзек тазалығы» КМК. Ал 67-сіне қоршау жұмыстары жүргізілді.
2024 жылы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне облыстық бюджеттен 475,5 млн теңге қаржы бөлініп, сұрыптау кешені бар полигон пайдалануға берілді.
Жаңақорған ауданына - 968 млн теңге құрайтын жоба-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, оң қорытынды алынды. Облыстық бюджеттен полигон құрылысын салуға қаржы қарастырылуда.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес бюджет есебінен бөлек, облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау, өңдеу бағытында 99 млрд 259 млн теңгеге 10 жоба жүзеге асырылуда. Олар:
1. Арал ауданы - «Хан Батыр» ЖШС (80,2 млн теңге);
2. Қазалы ауданы - «Досмұқасан Жалғасбек» ЖК (73,9 млн теңге);
3. Қармақшы ауданы - «GREENORDA PROJECT» ЖШС (175,2 млн теңге);
4. Жалағаш ауданы - «К. Канатбаева» ЖШС (73,3 млн теңге);
5. Шиелі ауданы - «Формула безопсности Астана» ЖШС (150,9 млн теңге);
6. Жаңақорған ауданы - «Ком Хоз Жаңақорған» ЖШС (159,5 млн теңге);
7. Қызылорда қаласы - «With You E&C Kyzylorda» ЖШС (37 800 млн теңге);
8. Қызылорда қаласы - «Seven Rivers Technologies» ЖШС (60 000 млн теңге);
9. Қызылорда қаласы - «Дезинфекция» ЖШС (214,9 млн теңге);
10. Қызылорда қаласы - «Rem Plast Invest» ЖШС (559 млн теңге жеке қаражат).
Оның ішінде, 98 млрд 700 млн теңгені құрайтын 9 жоба «Жасыл Даму» акционерлік қоғамының қаржыландыруы арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге облыс бойынша 9 жобаның барлығы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» сараптамасының 1-ші кезеңінен өткізілген. Құны 159,5 млн теңгені құрайтын Жаңақорған ауданының «Сұрыптау кешенін орнату» жобасы («КомХозЖаңақорған» ЖШС) қаржыландырылды.
Арал ауданының жобасы 2-кезең сараптамасымен мақұлданып (22.08.2025 ж.), қаржыландыру үшін келісім-шарт жасалуда («Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені», «Хан-Батыр» ЖШС, құны – 80,2 млн теңге).
22.11.2025 ж. жалпы құны 37,8 млрд теңгені құрайтын Қызылорда қаласында Оңтүстік Корея технологиясы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату жобасы 2-кезең сараптамасымен мақұлданды. 2025 жылғы шілдеде «With You E&C Kyzylorda» ЖШС-нің Оңтүстік Корея технологиясы бойынша жылына 300 мың тонна қалдық сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату зауытының капсуласы салынды. Бүгінгі күні зауыттың құрылыс жұмыстары жүруде. Қалған жобалар 2-кезең сараптамасынан өтуде.
Балық шаруашылығы
Қызылорда облысы бойынша Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және балық шаруашылығына маңызы бар 201 көлдер бар. Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай (100%) және 164 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 37 көл резервтік қорда. (Арал-2, Қазалы-11, Қармақшы-6, Сырдария-6, Жалағаш-3, Шиелі-5, Жаңақорған-1, Қызылорда қаласы-3). 01.07.2025-01.07.2026 жылдарға Қызылорда облысында орналасқан су айдындарына 7 167,5 тонна балық аулау лимиттері бөлінді.
Балық аулау бойынша 2022-2025 жылдар аралығындағы көрсеткіш: 2022 жылы 7386 тонна балық, 2023 жылы 6484,1 тонна балық, 2024 жылы 5750,5 тонна балық ауланса, 2025 жылдың 11 айында облыс бойынша 4 800 тонна балық ауланды.
Балық өңдеу және балық өнімдерінің экспорты бойынша 2022-2025 жылдар аралығындағы көрсеткіш: облыста 11 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасайды. Оның 4-інде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар. Балықтың 14 түрі экспортталады. 2022 жылы 3575,7 тонна балық өнімдері 12 шет елдеріне, 2023 жылы 3394,3 тонна балық өнімдері 13 шет елдеріне, 2024 жылы 4010,9 тонна балық өнімдері 12 шет елдеріне экспортталды. 2025 жылдың 11 айында 2960,5 тонна балық өнімдері 12 шет елдеріне экспортталды. Балық өнімдері экспортталатын шет елдер – Ресей, ҚХР, Дания, Германия, Польша, Литва, Нидерланды, Қырғызтан, Грузия, Австрия, Сербия, Латвия, Венгрия, Румыния, Чехия.
Тауарлы балық өсіруді (аквакультура) дамыту бойынша 2022-2025 жылдар аралығындағы көрсеткіш: Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес 2024 жылға облыс бойынша 1426 тонна балық өсіру көзделген. 2022 жылға 409 тонна балық өсіру жоспарланса жыл қорытындысымен 410 тонна балық өсірілді, 2023 жылы 875 тонна жоспарланып, жыл қорытындысымен 837,2 тонна балық өсірілді, 2024 жылы 1000 тонна балық өсіру жоспарланып, жыл қорытындысымен 1001 тонна балық өсірілді. 2025 жылдың 11 айы бойынша 1000 тоннадан аса балық өсірілді. Облыста тауарлы балық өсірумен 109 шаруашылық айналысады. Оның ішінде 76 көл-тауарлы балық шаруашылығы көлі, 28 тоған және 3 тор қоршама шаруашылығы және 2 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылған.
Балық шаруашылығын дамытуға арналған субсидия бойынша 2022-2025 жылдар аралығындағы көрсеткіш: 2022 жылы облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың 30%-ын субсидиялауға 8,4 млн теңге бөлініп, аталған қаржы игерілді. 2023 жылы облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың 30%-ын субсидиялауға 9,1 млн теңге бөлініп, бөлінген қаржы толығымен жұмсалды. 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бойынша 9,5 млн теңге бөлініп, 6 балық өсіру шаруашылықтары толығымен субсидияланды. Акваөсіру субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу субсидия түріне ағымдағы жылға жергілікті бюджеттен 10,1 млн теңге қаржы бөлініп, балық өсіру шаруашықтары субсидиялануда.
«Таза қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы
Өңірдің барлық елді мекендерінде санитарлық тазарту, аббаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге тазалық шараларына барлығы 500 мыңнан аса (503 209) еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Нәтижесімен 21 мың тоннадан (21 961) астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 510 скверлер мен парктер, 256 тарихи-мәдени ескерткіштер, 1019 әлеуметтік нысандар (мектептер, бала-бақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 3 943 өнеркәсіп және бизнес нысандары,332 су объектілері (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б), мен 45 894 көшелердің бойы (7 124 көп қабатты үйлер мен 38 770 жер үйлердің аулалары) тазартылды. Оған 540-тан аса техника (548) жұмылдырылды.
2025 жыл басынан облыс бойынша 255 500 дана өңірдің климатына сәйкес жерсінетін қарағаш, терек және сырталының көшеттері егілді.
Ауылдық аймақтарда қолайлы орта қалыптастыру, тұрғындарды тазалық шараларына ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуде. Бұл маңызды жобаға 2023-2024 жылдары 1,5 млрд теңге бөлініп, «Үздік» атанған елді мекендерге 48 арнайы техника табысталды. 2025 жылы үздік атанған аулдарға 564 млн теңгеге 19 техника табысталды.
Энергетика және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы саласы
Өңір тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша облыс аумағындағы 4 қала 100 % орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ауылдық елді мекен тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 98,6% құрады. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған ауылдық елді мекендер саны – 4 немесе 2841 адам. 4 ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамту жобаларына қажетті қаражат көлемі толық шешілген. 2025 жылға 9,9 млрд теңге қарастырылған.
«Елді мекендерді газдандыру бойынша айтсам, облыс аумағындағы 4 қала 100% табиғи газбен қамтамасыз етілген. Олар - Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы. Газдандырылған ауылдық елді мекендер саны – 54. 2025 жылы газдандыру жобаларын жүзеге асыруға 17,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Республикалық бюджеттен 5,6 млрд, облыстық бюджеттен 3,1 млрд теңге, Мемлекеттік арнаулы қордан 8,5 млрд теңге. 2025 жылдың басынан бері 8 елді мекен газға қосылды Олар – Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Н.Ілиясов, Ақтан Батыр, Шаған, Дүр Онғар. Осы жылдың соңына дейін 1 елді мекен, яғни Сабалақ ауылы газдандырылып, газдандырылған ауылдық елді мекендер саны 55-ке жетіп, газдандыру деңгейі 83 % құрайды деп күтілуде. Электр энергиясымен қамту бойынша, облыста әртүрлі кернеудегі 2 018 дана қосалқы станса мен 10 504 шақырым электр желісі бар. Тозу деңгейі 61% құрайды. Биыл құны 6.1 млрд теңгеге 280 шақырым электр желісі және 87 дана қосалқы станса қайта жаңғыртылуда. Жылумен қамтамасыз ету бойынша, өңірімізде жылу энергиясымен қамтамасыз етуші жалғыз кәсіпорын – "Қызылордажылуэлектрорталығы" МКК. Жылу-энергия көздерінің тозуы – 85%, жылу желілерінің тозуы – 42%. Стансаның жалпы қолданыстағы қуаты электр энергиясы бойынша 67 МВт, жылу энергиясы бойынша 355 Гкал. 2025 жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 10 млрд теңге қаржы қаралуда. 7,9 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға – 3,6 млрд теңге, БОНО маркалы 3 қазандықты жаңғырту – 3,8 млрд теңге, қалған негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу – 2,6 млрд теңге», — деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин.
Көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғыртуға келе болсақ, өңірдегі көпқабатты тұрғын үйлердің саны – 1468, жөндеуді қажет ететін үйлер саны - 601 (41 %). 2024 жылы республикалық бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлініп, 33 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілген. Олар - Қызылорда қаласында - 18, Арал ауданында – 6, Жалағаш ауданында – 2, Сырдария ауданында – 7 үй.
2025жылы 14 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 1,5 млрд теңгегебюджеттік өтінім тапсырылды. Облыстағы апатты көпқабатты тұрғын үйлер саны - 66 (Қызылорда қаласы - 63, Сырдария ауданы – 2, Жалағаш ауданы - 1).
Жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған барлығы 648 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр (Қызылорда қаласы - 617, Сырдария ауданында – 18, Жалағаш ауданында - 13).
- 2024 жылы облыстық бюджеттен 1,7 млрд теңге қаржы бөлініп, 2025 жылдың наурыз айында 135 пәтер табысталды.
Құрылыс саласы
2022-2025 жылдары аралығында Қызылорда облысында 343,3 млрд теңгеге 1235 жоба (114 әлеуметтік нысандар, 1015 тұрғын үй, 106 инженерлік инфрақұрылымдар) жүзеге асырылған. Биыл 138,1 млрд теңгеге 89 жобаның құрылысы жүруде.
Соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көздерінен 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 5 мыңнан аса пәтер (5148) табысталды. Аймақта алғаш рет соңғы екі жылда барлық аудандарда жаңадан бір жарым мыңға жуық пәтер салынып, тұрғын үй кезегіндегі тұрғындарға табысталды.
Биыл 2561 пәтерлі тұрғын үй құрылысына бюджеттен 36,1 млрд теңге бөлінді. Қаржыландырудың барлық көздерінен 870 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Жол инфрақұрылымы
Облыста 3545 шақыым жол бар: республикалық деңгейде – 1024,5 км, облыстық деңгейде – 555 км, аудандық деңгейде – 1965,5 км. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 2024 жылы 92,5%, 2025 жылы 95% құрады.
Автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдерінің құрылыс және жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы 2024 жылы 44,7 млрд теңге, 2025 жылы 51,1 млрд теңге болды. Ал жөнделген жолдар ұзындығы: 2024 жылы – 300 км, 2025 жылы – 329 км.
Жол жөндеу жұмыстары бойынша 2025 жылы республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 49,6 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 329 км-ге жуық автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдерін жөндеуден өткізілуде.
«"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық дәлізі туралы айтар болсам, Қызылорда облысы аумағында республикалық маңызы бар М-32 "Самара-Шымкент" автомобиль жолының ұзындығы 810,5 шақырымды құрайды. Оның 244,5 шақырымы 4 жолақты (I-б техникалық санат, Түркістан облысы бағытына қарай), ал 566 шақырымы 2 жолақты (II техникалық санат, Ақтөбе облысы бағытына қарай). Осы ретте М-32 "Самара-Шымкент" автомобиль жолының Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысы бағытындағы ұзындығы 566 шақырым жол бөлігін 4 жолақты автомобиль жолына (I-б техникалық санатқа) ауыстыру бойынша жұмыстар жүруде. Қазіргі таңда, "ҚазЖолҒЗИ" АҚ және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-мен бірлесіп 2-техникалық санаттан 1-ші санатына ауыстыру бойынша техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Техникалық-экономикалық негіздеме 2 учаскеге бөлінді. 1-ші учаске: Қызылорда қаласының айналма жолын салу жобасы әзірлеу бойынша ТЭН әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны – 46,3 млрд теңге. Жолдың жалпы ұзындығы 24,5 км. Сонымен қатар, "Исламдық даму банкімен" қаражат көзін тарту жұмыстары жүргізіліп, бірқатар келісімге қол қойылуда. 2-ші учаске: Жолдың жалпы ұзындығы 462 км. ТЭН жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны 832 млрд 812 млн теңге», — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов.
Көлік инфрақұрылымы
Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 шақырымды құрайды және 8 темір жол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті бар. Облыс аумағынан барлығы 14 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 5 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған.
2022 жылы Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 7 % лизингпен табиғи газ отынымен (метан) қозғалатын 100 дана «Yutong ZK6852 HG» маркалы автобус алынды.
2023 жылы «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы ғимаратына, оның іргелес аумағына 600 млн теңгеден астам қаржыға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне табиғи газ отынымен (метан) қозғалатын 50 дана «Yutong ZK6852 HG» маркалы автобус алынды.
2024 жылы Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне табиғи газ отынымен (метан) қозғалатын 150 дана «Yutong ZK6852 HG» маркалы автобус алынды.
Қызылорда қаласының сол жағалауында жоба құны 975 млн теңгені құрайтын жаңа автовокзалы құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Жаңа автовокзал Қызылорда қаласы әкімдігімен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің меншігіне беріліп, қазіргі таңда өз қызметін көрсетуде.
Қызылорда қаласында «Экотакси» қызметін құру жобасы бойынша 100 дана электромобиль алынып, Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.
№21/22 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызының жаңа вагондарының тұсаукесер рәсімі өтті. Осы бағытта 44 вагон сатып алынды.
Темір жол вокзалы аумағындағы сауда орындары ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
«Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы ашылды. Жобаны жүзеге асыруға Болат Өтемұратов қоры 16 млрд 600 млн теңге инвестиция салды. Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Әуе айлағының өткізу мүмкіндігі 7 есеге – жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін арттырады. Жаңартылған "Қорқыт Ата" терминалы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді. Жаңа терминалда ішкі және халықаралық рейстерге арналған залдар, транзиттік жолаушылар залы, СІР-зал, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, "Duty Free" аймағы, сауда нүктелері, медпункт, жолаушыларды тіркеуке арналған 8 орын және 5 өзін-өзі тіркеу бекеті, жүкті және жолаушыларды тексерудің 7 бақылау нүктесі, 10 төлқұжатты бақылау кабинасы бар», — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
«Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 31 рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 18, Алматыға – 13 рейс. Бұл рейстер «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компанияларымен атқарылуда.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін теміржол вокзалдарының тізіміне 7 темір жол вокзалы (Жаңақорған, Шиелі, Жосалы, Төретам, Қазалы, Арал теңізі, Сексеуіл), 2 қызмет көрсету пункті (Тереңөзек және Жалағаш) және Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы енгізіліп, күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылы облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 202 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, аудандық (кентішілік) – 99 маршрут, қалаішілік және қаламаңы - 32 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылған. Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1069 дана автобус пен жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
Әлеуметтік қорғау саласы
2023-2025 жылдары облыста «Өңірлік жұмыспен қамту» картасы шеңберінде 140 088 жаңа жұмыс орындары құрылды. Соның ішінде, «10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру» Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 35 252 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылды.
Соңғы үш жылдың ішінде жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,9% дан 4,6% ға дейін (2022 ж.-4,9%, 2023 ж. – 4,9%, 2024 ж. – 4.8%, 2025 ж 3 тоқсан – 4.6%,), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4% дан 3,5% ға дейін төмендеді (2022 ж. – 4%, 2023 ж. – 3,5%, 2024 ж. – 3,4%, 2025 ж. 3 тоқсан – 3,4% ).
4643 осал топтағы жұмыссыздардың кәсіпкерлік бастамаларына «мемлекеттік қайтарымсыз грант» беріліп, жеке кәсібін ашты.
Жастардың кәсіпкерлік бастамасы аясында 2023 жылы жеңілдетілген 2,5% бен несие беріліп, 492 жастар өз кәсібін ашуға мүмкіндік алды.
Әлеуметтік қорғау саласына бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына мониторинг жұмыстары күшейтілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2023-2025 жылдары 8,2 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді.
2023-2025 жылдары 4 мың 426 мекемелер мен ұйымдарда құрылған 19 мың 848 жұмыс орындарының шынайылығына мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде шарт талаптарын бұзған жұмыс берушілермен жасалған келісім шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылып, 614,4 млн теңгенің мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді. 39 жағдайда заңсыз төленген 16,4 млн теңге қаржы бюджетке кері қайтарылды.
Салықтық есептілігін «нөлдік табыспен» тапсырған жеке кәсіпкерлер мен ұйымдарға талдау жасалынып, субсидияланатын жұмыс орындарын құрған 151 кәсіпкерлік субъектісімен келісім шарт тоқтатылды.
Жаңа бизнес идеяларға арналған грант қаражатының тиімді пайдалануына жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысымен 188 жағдайда мақсатсыз жұмсалған 252,2 млн теңге қаржы алушылардың өз еріктерімен және сот шешімімен толықтай бюджетке қайтарылды.
Одан бөлек, 2 540 кәсіпкерлермен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалып, 5 709 адамға экологиялық үстемеақыны жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төлеу практикасы енгізілді. Меморандум аясында экологиялық үстемеақы төлеп, бюджет қаржысы 1,9 млрд теңгеге үнемделді.
2022-2025 жылдары табысы кедейшілік шегінен төмен 103 мыңға жуық (19 455 отбасы 1027 35 адам) адамға 9 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Берілетін көмек қаржының шын мұқтаждарға бағытталуын зерделеу үшін учаскелік комиссиялардың сапалық құрамы қайта бекітіліп, облыстық деңгейде құрылған мониторингтік топтар үй аралау жолымен әр бір отбасына жеке зерделеу жұмыстары ұйымдастырылды.
Зерделеу барысында көмек алушылармен табыстарын жасыру үшін отбасындағы зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарды, жұмыспен қамтылған мүшелерін есептен шығару, жеке кәсіпкерлерге формальды түрде тіркелу арқылы жалған анықтамалар ұсынған фактілер анықталды.
Соңғы үш жылда көмек алушылардың саны 63 712 адамнан 19671 адамға немесе 3,2 есеге азайып, нәтижесімен бюджет қаржысы 5,4 млрд теңгеге үнемделді.
2024 жылы «Халық банк» акционерлік қоғамы тарапынан банктің жүз жылдығына арналған «100 игі іс» науқаны аясында Қызылорда және Байқоңыр қалаларына мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға әрқайсысының құны 23 млн теңге тұратын арнайы 2 - инватакси көлігі сыйға тартылды.
Қызылорда облысында 2024 жылдан бастап Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы базасында іске қосылған «Үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жұмыс жасауда.
Жоба аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры тарапынан 283 млн теңгеге 95 дана мүгедектігі бар балаларды оңалту құралдары (2024 жылы 229,3 млн теңгеге 83 дана жетек арба, көп функционалды әмбебап кресло-арба, вертикализатор, 2025 жылы 53,7 млн теңгеге 12 дана тренажерлар) жеткізілді.
2023 жылдан бастап санаторий-курорттық емделу қызметін алатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жылына бір рет ілесіп жүрушінің шығындары өтеле бастады. Әлеуметтік көмек мөлшері 2023 жылы 1 адамға 40 айлық есептік көрсеткіш, 2024 жылдан бастап 60 айлық есептік көрсеткіш 235 920 теңге мөлшерінде өтелуде.
2024 жылы алғаш рет облыс бойынша барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға әрқайсысына
3 айлық есептік көрсеткіш (11 796 теңге) мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек беруге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 25 қазан Республика күніне орай төленді.
Облыста мүгедектігі бар адамдарға, балаларға, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған 5 орталық жұмыс жасайды.
Облыстағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтардың бюджеті биылғы жылы 5 млрд 762,7 млн теңгені құрайды, 2022 жылмен салыстарғанда (3 млрд 562,5 млн теңге) 38,2%-ға ұлғайды.
2024 жылдан бастап пилоттық режимде енгізілген «Социум» автоматтандырылған платформасы көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруға ықпал етті.
2023 жылдан бері психоневрологиялық аутқуы бар адамдарға арналған орталықтың төсек орын саны 380 орыннан 500 орынға кеңейтілді.
Білім саласы
Қызылорда облысында 975 білім ұйымдары (607 балабақша, шағын орталық, 340 мектеп, 28 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары), 3 жоғары оқу орны (Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда «Ашық» университеті, «Болашақ» университеті) бар. Биыл мектеп бітірген оқушылар саны – 9 549, мектепке барған оқушылар саны – 17 665 адам. 2025 жылға білім саласының бюджеті 300 млрд теңгеге жетті. 2024 жылы білім бұл көрсеткіш 262,1 млрд теңгені құраған болатын.
Бүгінгі күні облыстағы 607 мектепке дейінгі ұйымда (158 мемлекеттік, 404 жекеменшік, 45 шағын орталық) 46 481 бала тәрбиеленуде. 3 жастан 6 жасқа дейін балалар 100%-мектепке дейінгі ұйыммен қамтылса, 2 мен 6 жас аралығындағы балалардың қамтылу көрсеткіші 93%-ды құрайды.
2025-2026 оқу жылында облыс бойынша оқушы саны – 189 288. Оның ішінде 300 мемлекеттік мектепте - 170 686, ауылдағы 230 мектепте - 92 902, қаладағы 70 мектепте - 77 784, 1-4 сыныпта - 63 648, 5 - 9 сыныпта-85 644, 10 - 11 сыныпта 21 394. 39 жеке мектепте - 15 039 оқушы Қалған 6 мектепте (НЗМ, спорт интернат, 3 арнайы мектеп, 1 кешкі мектеп) 4 013 бала бар.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында облыста 6900 орындық 10 мектеп құрылысы жүргізіліп, бүгінгі күнге 10 мектеп (Қызылорда қ. – 5, Арал – 2, Қазалы – 1, Жаңақорған – 2), пайдалануға берілді.
Денсаулық сақтау саласы
Қызылорда облысында 20 аурухана, 24 емхана (10 жеке) бар. 2025 жылдың 1 қарашасында облыстағы бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету ұйымдарына 819 109 тұрғын тіркелген. Оның ішінде 82,2% (674 003 тұрғын) мемлекеттік медициналық ұйымдарға тіркелген болса, 17,8% (145 106 тұрғын) жеке медициналық ұйымдарда. Тұрғындарға 29 стационарлық (18 мемлекеттік, 11 жеке),
25 амбулаториялық-емханалық (15 мемлекеттік, 10 жеке), 101 дәрігерлік амбулатория, 27 фельдшерлік акушерлік бекет, 93 медициналық бекет қызмет көрсетуде.
«2025 жылдың 10 айының қорытындысындағы денсаулық сақтау саласынының негізгі индикаторлары мынадай: жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2,5%-ға төмендеген, ана өлімі Қызылорда облысы бойынша 1 жағдай тіркелген, сәби өлімі көрсеткіші 19,7%-ға азайды, қан айналым жүйесінен өлім-жітім 12%-ға кеміп, 552 науқасты құрады, қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші 1,7%-ға төмендеп, 100 000 тұрғынға шаққанда 141,5-ті яғни науқас саны 1159 адамға түсті, ал оның өлім жітім көрсеткіші 1,7%-ға төмендеп, 324 науқас болды, туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 300 науқаспен 7,3%-ға, одан болатын өлім-жітім көрсеткіші 6 науқаспен 22,2%-ға төмендеді», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков.
Облыстағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту
2023 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен Қызылорда қаласының сол жағалауынан 300 төсек-орындық көпбейінді аурухана және ауысымына 100 келушіге арналған емхана (онкологиялық бөлімшесі бар) құрылысы жүруде. Жобаның жалпы құны - 36,4 млрд теңгені құрайды. 2023 жылы республикалық бюджеттен 750 000 мың теңге, жергілікті бюджеттен 70 000 мың теңге, РБ-дан 2024 жылы 3 280 977 мың теңге, 2025 жылы 16 000 000 мың теңге бөлінді.
Сонымен қатар, Арал ауданында «Қамқорлық» оңалту орталығы биылғы жылдың қыркүйек айында ашылды. Қазақстан халқына қоры арқылы аталған орталықтарды 300 млн теңгеге құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Биыл жергілікті бюджет есебінен «Сырдария аудандық орталық аурахананың» құны 125,5 млн теңгеге №1 көтергіш сорғы стансасы ғимаратын қайта жаңғырту және cуды қысыммен көтеретін мұнарасын ауыстыру жұмыстары аяқталып, ауруханаға жаңа су мұнарасы іске қосылды.
«"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы өңірімізде бекітілген негізгі міндеттерге сәйкес жүзеге асырылуда. Ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету бойынша Қызылорда облысында құны 10,7 млрд теңгені құрайтын 28 медициналық нысан (25 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет) салынып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша облыста жалпы құны 9 млрд 773 млн теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда. Өткен жылы 2 нысан құрылысын бастауға ҚР Үкіметінің резервінен 1,7 млрд теңге бөлінсе, биылғы жылы Арнаулы мемлекеттік қордан 6,9 млрд теңге бөлінді. Жергілікті бюджет есебінен – 996,4 млн теңге бөлініп отыр. 2024-2025 жылдары Шиелі ауданында қосымша ғимарат пен жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданында қосымша ғимарат құрылысы аяқталып, қабылдау актісі алынды. Биыл Арал және Қазалы аудандарында көпбейінді аудандық ауруханалар ғимараттарына қосымша құрылыс салу бойынша құрылыс жұмыстары 100% орындалды. Пайдалануға қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Ал, Арал ауданындағы жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратын биылғы жылдың желтоқсаны айының аяғына дейін іске қосу жоспарлануда», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізу
2025 жылы 12 нысан (4 нысан 2024 жылдан өтпелі) күрделі жөндеуден өткізуге 2,3 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда 10 нысанда (Қызылорда көпбейінді облыстық ауруханасы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық оңалту орталығы, Арал қаласындағы «Қамқорлық» оңалту орталығы ғимаратын күрделі жөндеу, Көпбейінді қалалық ауруханасы ғимаратының вентиляция жүйесін орнату, Қызылорда қаласы Төле би көшесі №136 А көшесі бойындағы емхана ғимараты, Қазалы ауданы Бекарыстан би және «Болат жолы», Сырдария ауданы Шаған ауылындағы және Шиелі ауданы «Болашақ» дәрігерлік амбулаторияларының ғимараттары) күрделі жөндеу жұмыстары аяқталса, ал қалған 2 нысанды биылғы жылдың 20 желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.
Биыл өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдарына 8,2 млрд теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынуда.
Жыл сайынғы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудің нәтижесінде жабдықталу деңгейі 2022 жылы 83,2% болса, бүгінде бұл көрсеткіш 87,6%-ға артты (республикада 85,6%-ды құрайды).
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры
2025 жылға қаралған қаржы жоспар бойынша денсаулық сақтау саласына барлығы 168,8 млрд теңге қаржы қаралған. Оның ішінде: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» арқылы 125 млрд теңге (ТМККК - 66,5 млрд теңге, МӘМС - 58,5 млрд теңге) болса, денсаулық сақтау басқармасы арқылы 21,5 млрд теңге, құрылыс басқармасы арқылы 22,3 млрд теңге қаралған.
Медицина ұйымдарының көрсеткен қызметтері (ұстау шығындары)
Қор арқылы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген тарифтер бойынша (әрбір медициналық қызметке бекітілген) қаржыландырылады.
«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен атқарылған жұмыстар
Қор құрылған кезден бастап аймақта 10 млрд теңгеден астам қаржыға маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды.
Денсаулықтау саласы бойынша
Өңірдің денсаулық сақтау саласына 4 млрд 800 млн теңге бөлінді.
Аталған қаражатқа облыстық балалар ауруханасында Қызылорда қаласы, Жаңақорған, Арал аудандарында «Қамқорлық» орталықтары ашылды.
Денсаулық сақтау саласына қажетті дәрі-дәрмек алу (құны - 735,8 млн теңге), орталықтарды жабдықтау (құны - 67 млн теңге), медицина мамандарын шетелде оқыту (құны - 6 млн теңге) бойынша үлкен қолдау көрсетті.
Қор облыстық онкология орталығына құны 1 млрд 100 млн теңге тұратын, республика бойынша 3 облыста ғана бар скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешен табыстады.
Қор келесі жылы 2,6 млрд теңгеге онкологиялық ауруларды тиімді емдеуге арналған жоғары технологиялық жабдықтар (желілік үдеткіш) сатып алуды және аутизмге шалдыққан, басқа да психикалық бұзылыстары бар балаларды әлеуметтендіруге арналған орталық ашуды жоспарлауда.
Білім беру саласы бойынша
Білім беру саласына 4 млрд 912 млн теңге бөлінді.
2023-2025 жылдары 2 млрд теңге бөлініп, 8 мектептің физика, химия, биология, робототехника, компьютерлік кабинеттері қайта жабдықталды.
Екі жарым мыңнан астам ауыл балалары жазғы лагерьлерде демалды (272,3 млн теңге).
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы интернаттардың материалдық-техникалық базасы жаңғыртылды (96 млн теңге).
«Болашақ инженерлер» жобасы аясында 9 мектепке робототехника құрылғылары алынып, тиісті мамандар арнайы оқудан өтті (32,4 млн теңге).
Бұдан бөлек жыл соңына дейін 2 млрд 511 млн теңгеге облыстың 50 мектебіне «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесі енгізіледі, физика, химия, биология кабинеттері жабдықталады. 8 шағын жинақты мектептердің материалдық базасы нығайтылады.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 1 000-ға жуық студенті әлемдік «Курсера» платформасында білім алуына мүмкіндік жасалды (ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландырады).
Спорт саласы бойынша
Спорт инфрақұрылымын дамытуға 2025 жылы жалпы құны 348 млн теңгеге Шиелі ауданының Досбол датқа ауылында, Жалағаш ауданының Аққыр ауылында заманауи спорт кешендері салынып, ел игілігіне табысталды.
Сырдария, Қармақшы аудандарындағы спорт кешендері жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді (67,2 млн теңге).
Бүгінде Қызылорда қаласының сол жағалауында құны 2 млрд 900 млн теңге болатын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүруде. Нысан желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Оған қордан 2,3 млрд теңге, облыстық бюджеттен 600 млн теңге бөлінді.
Келесі жылы 6 спорт мектебі жабдықталады (50 млн теңге).
Әлеуметтік сала бойынша
Әлеуметтік қолдау және оңалту бағытында мүгедектігі бар балалар мен жастар (14-29 жас) инновациялық протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді (33,5 млн теңге).
«Үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы аясында 283 млн теңгеге 95 құрал-жабдықтар сатып алынды.
Қармақшы ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін «Дәметкен Ана» орталығының материалдық базасы нығайтылды.
Байқоңыр қаласы
Байқоңыр қаласында бүгінгі таңда 54 388 адам тұрады, оның 38 768 Қазақстан Республикасының (71%), 14 342 Ресей Федерациясының (26%), 1 278 өзге елдердің азаматтары(3%).
Ғарыш саласы кәсіпорындары мен Байқоңыр қаласының әкімшілігіне бағынысты мекемелерде 9 984 ҚР азаматы жұмыс жасайды.
Қалада 12 мектеп және 15 балабақша бар, оның 5 мектебі (4991 оқушы) мен 5 балабақшасы (932 бала) қазақстандық стандартпен жұмыс жасауда.
Қазақстандық білім беру стандартымен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санын көбейту мақсатында жалдан шығарылған ғимараттар негізінде 2024 жылы 2 балабақша ашылды. Жыл соңына дейін тағы 1 балабақша ашу үшін, ресейлік тараптан мектепке дейінгі мекеменің ғимараты жалдан шығарылып, облыстық коммуналдық меншікке қабылданды. Бұдан бөлек, қала әкімшілігімен ресейлік мектепті жалдан шығару және нысан негізінде қазақстандық білім беру стандарты бойынша мектеп ашу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Тұрғындарға Байқоңыр қалалық көпбейінді ауруханасы қызмет атқаруда. Қызметкерлердің саны – 505, оның 68 дәрігер. Ауруханаға 39 790 адам тіркелген.
«ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы» келісімге сәйкес қаладағы барлық көп пәтерлі тұрғын үй (20 427 пәтер) газдандырылды.
ҚР республикалық және жергілікті бюджеттерінің қаражаты есебінен бірқатар жобаларды жүзеге асыру арқылы қазақстандық тараптың қаланы дамытуға қосқан үлесі артып келеді.
Үкіметтің 2016 жылғы 2 қарашадағы №656 қаулысымен бекітілген Байқоңыр қаласының Бас жоспарына сәйкес, 2019 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 50 пәтерлі бес тұрғын үй салынып (2 млрд 1 млн теңге), жаңа 7 «А» шағын ауданы құрылды.
Қазіргі таңда, тағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (жалпы құны – 5,4 млрд теңге).
Сондай-ақ, қаланың су құбырлары мен кәріз желілері РФ жалдауынан шығарылып, Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілді. 2021 жылы 11,4 шақырым кәріз желілері қайта жаңғыртылды (құны 901,2 млн теңге).
Жобаны одан әрі жүзеге асыру үшін 12,6 млрд теңгенің үш кезеңді негізгі ЖСҚ әзірленді (жоба аясында 94,6 км су құбыры және 84,6 км кәріз желілерін жөндеу жоспарлануда).
Жұмыстарды бастау үшін 2024 жылы республикалық бюджеттен 768,9 млн теңге бөлінді. Аталған қаржыға 3,2 шақырым кәріз су жүйесі жаңғыртылды. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыру үшін арнаулы мемлекеттік қор есебінен 9,1 млрд теңге қаржыландыру мақұлданды.
«Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру туралы
«Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру туралы үкіметаралық келісім шеңберінде жүргізілуде. Келісімге сәйкес қазақстандық тарап жерүсті технологиялық жабдықтарын құруға және жаңғыртуға, ал ресейлік тарап «Союз-5» зымыран тасығышын құруға жауапты.
Жобаның жалпы құны: 90, 795 млрд теңге, оның ішінде:
- 2020-2024 жылдар аралығында 20, 493 млрд теңге игерілді;
- 2025 жылға 60, 862 млрд теңге бөлінді;
- 2026 – 2028 жылдарға 9, 439 млрд теңге жоспарланған;
- Кешенді сынақтар және 1 кезеңнің алғашқы іске қосылуын жүзеге асыру ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған.
Жобаны жүзеге асыру, ең алдымен, еліміздің ғарыш саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие. Қазақстанда өзінің ғарыш кешені пайда болады, оның көмегімен қазақстандық және шетелдік де ғарыш аппараттарын ұшырылады.
Осылайша, жобаны жүзеге асыру Қазақстанға АҚШ, Ресей, Қытай және тағы да басқа солар сияқты алыптармен қатар әлемдік ғарыш державалары клубына кіруге мүмкіндік береді, бұл оның халықаралық беделін арттырады.
Қазіргі уақытта нысанда әртүрлі ұйымдардың 870-ке жуық қызметкері жұмыс істейді. Олардың басым бөлігін Байқоңыр қаласының, Ақай және Төратам елдімекендерінің тұрғындары.
2025 жылғы желтоқсанда алғашқы іске қосу кезінде іске қосу есебіне «Бәйтерек» БК» АҚ (мердігерлік ұйымдарды есептемегенде)
281 қазақстандық маман қатысатын болады. Олардың ішінде:
- басқарушы құрам: 29 адам;
- инженерлік-техникалық қызметкерлер: 137 адам;
- жұмысшы мамандар: 115 адам.
Бизнес тұрғысынан жобаны жүзеге асырудың үлкен коммерциялық әлеуеті бар. «Бәйтерек» ҒЗК-мен ұшырылатын зымыран класы ғарыш аппараттарын ұшыратын шетелдік тапсырыс берушілер арасында үлкен сұранысқа ие. «Союз-5» ЗТ-ны іске қосу қызметінің құны – $60 млн.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу