Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Медициналық қызмет көрсету, ауылдық медицинаны қолдау, КВИ пандемиясы кезіндегі жұмыс — ӘМСҚ-ның 2020 жылғы және 2021 жылдың I тоқсанындағы жұмысының қорытындылары

Дүйсенбі, 17 Мамыр 2021, 18:27:25

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Медициналық көмекті қаржыландыру қорытындылары және халықтың МӘМС жүйесіне қатысуы туралы айтып берді.

Б. Төкежановтың айтуынша, 2021 жылға арналған сатып алу жоспары бойынша халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге, оның ішінде ТМККК – 1,1 трлн теңге, МӘМС – 700 млрд теңге қарастырылған.

1 сәуірдегі жағдай бойынша 1,46 трлн теңге сомасына 1 363 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасалды. 

Б. Төкежанов биыл қазақстандықтар үшін амбулаториялық-емханалық және стационарды алмастыратын көмек қолжетімді болатынын, ауылдық денсаулық сақтауды, скринингтік бағдарламаларды, мейірбикелік көмекті, патронаждық қызметті қолдау көзделгенін атап өтті. Қаржыландырудың едәуір үлесі балалар денсаулығын сақтауға қарастырылған. Атап айтқанда, «Қамқорлық» — ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық оңалту және ЭКО квоталарын ұлғайту бойынша «Аңсаған сәби» бағдарламаларын іске асыру.

Сонымен қатар антенаталды бақылауды жүргізуге 29,7 млрд тенге қосымша бөлінген, 0-5 жас аралығындағы балаларды профилактикалық тексеруді жүргізуге 12 млрд теңге, сондай-ақ мектеп медицинасын дамытуға 22,5 млрд теңге бөлінді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы 1 тоқсандағы медициналық көмек көрсету қорытындылары денсаулық сақтау жүйесінің жалғасып жатқан коронавирус пандемиясының қиын жағдайындағы жұмысқа бейімделгенін көрсететінін, халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің өсу динамикасы байқалатынын атап өтті.

«Емханалар деңгейінде консультативтік-диагностикалық көмек көлемі артты. Қаржыландырудың өсуіне байланысты бұл қызметтер 2020 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 20%-ға өсті. 37,7 млрд теңге сомасына 22,4 млн қызмет көрсетілді. Бұл 2020 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 3,4 млн қызметке артық», — деді ол. 

Айта кету керек, 80% жағдайда консультациялық-диагностикалық қызметтерге ақы төлеуді Қор МӘМС қаражаты есебінен жүргізеді. Ең алдымен, бұл жоғары дәлдіктегі диагнозға қатысты — КТ және МРТ.

Нысаналы топтардағы пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 152,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 122,3 млрд теңге, МӘМС – 30,1 млрд теңге. 

Қор қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алудағы кідірістерге жол бермеу үшін алдын ала аванстық төлемдер түрінде дәрі-дәрмектерді сатып алуға қаражат бөлетінін атап өткен жөн.

Жалпы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттер саны 1,5 есеге ұлғайды. Егер 2020 жылдың I тоқсанында бұл 74 мың пациент болса, биыл қажетті дәрі-дәрмектермен 190 мың адам қамтамасыз етілді. Қор Денсаулық сақтау басқармаларының алдында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын барлық пациенттерді қамту туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Биыл осы проблеманы шешуде ілгерілеу байқалады және алдағы уақытта да осы мәселеге мониторинг жүргізілетін болады, себебі Қор СҚ-Фармация және пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру бойынша медициналық ұйымдар алдындағы өз міндеттемелерін толық орындайды.

Медициналық сақтандыру қоры консультациялық-диагностикалық көмектің қолжетімділігін жақсарта отырып, ауылдық медицинаны дамытуды қолдайды. Өткен жылы шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Осылайша, бүгінгі күні ауыл тұрғындарына барлығы 149 ЖМК қызмет көрсетеді, олардың ішінде бейінді мамандардың консультацияларын алуға, скринингтерді қоса алғанда, тексерулерден өтуге, зертханалық анализдер тапсыруға, ауруханаға жатқызуға жолдама алуға, вакцинация жасауға болады. Бірінші тоқсанда «жылжымалы емханалар» деп аталатын мобильді медициналық кешендер арқылы ауыл тұрғындарына 231,9 млн теңге сомасына 120 мың қызмет көрсетілді.

Брифинг барысында Б. Төкежанов I тоқсанда МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдар түрінде 183 млрд теңге түскенін хабарлады. Ең көп соманы мемлекеттің жеңілдік берушілер үшін жарналары құрады – 95,4 млрд теңге немесе барлық түсімдердің 52%-ы. Өз қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің аударымдары жалпы сомада 44,4 млрд теңге (24%), қызметкерлердің жарналары – 35,2 млрд теңге (19%) құрады. Жеке кәсіпкерлер, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін дербес төлеушілер жарналарының үлесі 5% құрады. 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 84,4%-ы медициналық сақтандыруға қатысушы, бұл 15,9 млн адам.

I тоқсанның қорытындылары туралы айта отырып, коронавируспен күресу үшін іс-шараларды қаржыландырудағы қордың рөлін атап өткен жөн. 

«Қаржыландырудың негізгі сомасы COVID-19-бен күреспен айналысатын медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы төлеуге қарастырылған. Қаңтарда 50,5 мың медицина қызметкері 13,9 млрд теңге сомасында үстемеақы алды, ақпанда 51,7 мың қызметкер 13,8 млрд теңгеге үстемеақы алды. Наурыз айында төлемдер сомасы 53,2 мың қызметкерге 14,7 млрд теңгені құрады», — деп хабарлады Болат Төкежанов.

Сонымен қатар коронавирус инфекциясымен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыру 71,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде: 

  • медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге – 15,6 млрд теңге, карантиндік және инфекциялық стационарларда 95 мыңнан астам адам емдеуге жатқызылды және емделді; 
  • ПТР диагностика қызметтеріне – 10,3 млрд теңге, 1,3 млн ПТР-тест өткізілді; 
  • мобильді бригадалардың шығуларына – 3 млрд теңге, 526,9 мың шығу жүргізілді; 
  • үйдегі стационарлардың қызметтеріне – 33,3 млн теңге, үйде 1057 пациент емделді. 

Қор пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда. 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты Telegram-қосымшасындағы Saqtandyrybot сияқты Қордың ресми кері байланыс арналары, Денсаулық сақтау министрінің блогы және денсаулық сақтау министрлігінің сайты арқылы 1 тоқсанда 250 мыңнан астам өтініш түсті. Оның 2475 халықтан түскен шағым. 

«Шағымдардың Топ бесеуін медициналық көмек көрсетуден бас тарту (35,7%), көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы (20,3%), ақылы негізде ТМККК және МӘМС кіретін қызметтерді алуға жолдамалар (10,7%), ақпараттық жүйелерде нақты көрсетілмеген қызметтерді анықтау (10,6%), дәрілік препараттармен қамтамасыз етуден бас тарту (8,5%) мәселелері құрайды», — деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы.

Болат Төкежанов бұл мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін өңірлер деңгейінде денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін арттыру, кадрлық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу, сондай-ақ барлық медициналық ұйымдарда бар пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің жұмысын күшейту қажет екенін және олардың міндеті пациенттің құқықтарын қорғау екенін атап өтті. 

Брифинг барысында Болат Төкежанов халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу туралы айтып берді. 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Қор сарапшыларымен 203,6 мың ақау анықталды, айыппұлдарды есепке алғанда сомасы 3,5 млрд теңгені құрады. Оның ішінде нақты көрсетілмеген қызметтер айыппұлдарды есепке алғанда 29,3 млн теңге сомасына 3 823 жағдайды құрады.

«Биылдан бастап, жеткізушілер тарапынан бұзушылықтардың алдын алу үшін Қор проактивті мониторинг енгізді. Енді ақаулықты анықтаған кезде, жеткізуші 45 күн ішінде қателерді жоюы керек. Әйтпесе, айыппұл салынады. Бұл жаңалық медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және жеткізушілермен сенімді қарым-қатынас жасауға көмектеседі», — деп атап өтті Қор басшысы.

Осылайша, жыл басынан бері 610 млн теңге сомасына 61 362 әлеуетті ақау анықталды. Проактивті мониторинг қорытындысы бойынша 61 мың ақаулықтың тек 10,4 мыңы бойынша медициналық ұйымдарға айыппұл салынды. 

«Бірінші тәжірибе медициналық ұйымдар жағдайды түзетуге және одан әрі ақауларға жол бермеуге мүдделі екенін көрсетті, ақауларды жасырудың “қатал” практикасы еңсерілді, ол ақауларды талдауға, себептерін анықтауға және жағдайды жоспарлы түрде түзетуге мүмкіндік бермеді», — деп атап өтті Болат Төкежанов.

Сондай-ақ, Б. Төкежановтың айтуынша, 1 сәуірдегі жағдай бойынша қор 1 363 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасасқан, оның ішінде 688 клиника — жеке меншік. Өткен жылы 635 субъект болды, жыл сайын жеке сектордың үлесі өсуде, нарықта елеулі бәсекелестік орын алуда. Бұл пациенттің ең жақсы клиниканы таңдау мүмкіндігі. Медициналық қызметтерді жеткізушілердің тізімі Қордың Fms.kz сайтында орналастырылған. 

Өңірлік бөліністе жеке меншік жеткізушілердің ең жоғары үлесі Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында: тиісінше 72%, 66% және 55%. Қостанай (30%), Ақмола (30%) облыстарында және БҚО (22%) төмен көрсеткіштер байқалады. 

Көмектің мынадай түрлері бойынша қаржыландыруды едәуір ұлғайту көзделген:

  • МСАК 17%; 
  • стационарды алмастыратын көмек 42%; 
  • ауыл халқына медициналық көмек 30%; 
  • паллиативтік көмек 96%; 
  • АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС ауыратындарға медициналық-әлеуметтік көмек 36%; 
  • онкогематология 26%.

Халықты аса толғандыратын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне келетін болсақ, мұнда медициналық сақтандыру қоры емхана деңгейінде препараттарды сатып алуға 152,4 млрд теңге, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 122,3 млрд теңге, МӘМС пакетінде 30,1 млрд теңге көзделген. Егер бұған дейін 74 мың пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілсе, биыл олардың саны 190 мың адамға дейін өсті.

Айта кету керек, Қор қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алудағы кідірістерге жол бермеу үшін алдын ала аванстық төлемдер түрінде дәрі-дәрмектерді сатып алуға қаражат бөледі. Медициналық ұйымдар мен «СҚ-Фармация» алдында қаржылық қамтамасыз ету тұрғысынан міндеттемелер орындалуда.

Өз сөзін қорытындылай келе, ӘМСҚ басшысы қаржы ресурстарының қомақты бөлігін алып жатқан пандемиямен күрес жағдайында да халық үшін ең маңызды бағыттар бойынша жоспарлы медициналық көмек көлемін ұлғайту жалғасып жатқанын айтты.

«Өткен жылы қазақстандық медицина үлкен ауыртпалықты бастан өткергенін, мыңдаған емделушілер жоспарлы медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылғанын, қазір еліміздің барлық медициналық ұйымдары өз жұмыстарын штаттық режимде жалғастырып жатқанын білеміз. Бірінші тоқсанда біз халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің өсуіне қол жеткіздік», — деді ол.

Тек бірінші тоқсанның өзінде 800 мың зертханалық зерттеу, КТ, МРТ, УДЗ, рентгенография бойынша 500 мыңнан астам қызмет, 7 млн скринингтік зерттеу қаржыландырылды.

Осы жылдың 1 тоқсанындағы стационарлық көмек мониторингінің қорытындысы бойынша жаңа медициналық технологияларды қолданумен хирургиялық іс-қимыл санының 25%-ға өскені байқалады. Жыл басынан бері еліміздің медициналық ұйымдарында 1602 ота жасалды.

Биыл экстракорпоралды ұрықтандырудың 526 процедурасы орындалды. Мәселен, өткен жылы 1-тоқсанда барлығы 59 ЭКҰ жасалған.

Қор медициналық оңалтуды дамытуды ынталандыру жұмыстарын жалғастыруда, оның ішінде амбулаториялық деңгейде де жүзеге асырылып жатыр. Осылайша, Қазақстанда оңалту көмегін көрсететін медициналық ұйымдардың саны екі жылда шамамен 10 есеге, 610 клиникаға дейін артты. Амбулаториялық-емханалық деңгейде 2,7 млрд теңге сомасына 2,8 млн оңалту қызметі көрсетілді.

Коронавирус инфекциясы постковидті асқынулармен ауырғандар үшін қауіпті. Қор елдегі оңалтуды, оның ішінде ковидпен ауырғаннан кейінгі оңалтуды дамытуды барынша қолдайды, бұл қауіпті созылмалы аурулардың ерте сатыда дамуының алдын алуға мүмкіндік береді, оларды емдеу денсаулық сақтау бюджетінен қомақты қаржылық шығындарды талап етуі мүмкін. 

1 тоқсанның қорытындысы туралы айта отырып, КВИ таралуының алдын алуда, коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды диагностикалау мен емдеуде іс-шараларды қаржыландырудағы Қордың рөлін атап өту қажет.

Қаржыландырудың негізгі сомасы коронавируспен күресуге жұмылдырылған медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы төлеуге қарастырылған. Осы үстемеақылардың арқасында инфекциялық стационарлардағы кейбір санаттағы дәрігерлердің жалақысы 1 млн теңгеге жетті. 

Биыл қаңтарда 50,5 мың медицина қызметкері 13,9 млрд теңге сомасына, ақпанда 51,7 мың медицина қызметкері 13,8 млрд теңге сомасына үстемеақы алды. Наурыз айында төлемдер сомасы 53,2 мың қызметкерге 14,7 млрд теңгені құрайды.

Барлығы үстеме түрінде есептелген сома 1 тоқсан үшін 42,4 млрд теңгені құрайды.

1-тоқсанда коронавирус инфекциясымен күрес аясында іс-шараларды қаржыландыру 71,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде:

  • медицина қызметкерлеріне үстемеақылар – 42,4 млрд теңге;
  • медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге - 15,6 млрд теңге, карантиндік және инфекциялық стационарларға 95 мыңнан астам адам емдеуге жатқызылды және емделді;
  • ПТР диагностика қызметіне – 10,3 млрд теңге, 1,3 млн ПТР-тест өткізілді; 
  • мобильді бригадалардың шығуына – 3,0 млрд теңге, 526,9 мың шығу жүргізілді; 
  • үйдегі стационарлар қызметіне – 33,3 млн теңге, 1057 пациент үйде емделді. 

2020 жылы шамамен 1,9 млн ПТР-тест жүргізілді. Биылғы жылдың алғашқы үш айында КВИ вирусын анықтауға 1,3 млн зерттеу қаржыландырылды. Сонымен қатар, өткен жылы Қор 550 мың мобильді бригаданың шығуын қаржыландырды. Биыл тек бірінші тоқсанда коронавирус белгілері бар пациенттерге жарты миллионнан астам шығу жүзеге асырылды. 

«Қор жұмысының басты бағыттарының бірі – халықпен кері байланыс орнату және пациенттердің құқықтарын қорғау. Біздің қызметтеріміз шағымдарды, сұрақтар мен ұсыныстарды өңдеуге қабылдай отырып, халыққа білікті ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді», — деді Б. Төкежанов.

Осы жылдың бірінші тоқсанында 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты, Telegram қосымшасындағы Saqtandyry-Bot сияқты Қордың ресми кері байланыс арналарына, сонымен қатар денсаулық сақтау министрінің блогы мен Денсаулық сақтау министрлігінің сайты арқылы 250 мыңнан астам өтініш келіп түсті. 

МӘСҚ басқарма төрағасы Қор пациенттердің қолжетімді және сапалы медициналық көмек алуға деген құқықтарын бұзуға қатысты ымырасыз ұстанымда екенін атап өтті. Қор халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда. 

1 тоқсанның қорытындысы бойынша Қор сарапшылары 203,6 мың бұзушылық анықтады, айыппұлдарды есепке алғанда оның сомасы 3,5 млрд теңгені құрады. Анықталған ақаулардың ішінде 29,3 млн теңге сомасына 3 823 жағдай жалған есеп деуге болатын көрсетілмеген қызметтерді құрайды. 

Биылғы жылдан бастап Қор медициналық ұйымдардың проактивті мониторингі деп аталатын жаңа мониторинг түрін енгізді.

Енді ақау анықталған жағдайда, жеткізуші қорытындыға қол қойылған күннен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде анықталған ақаулар мен орындалмаған міндеттемелерді жоюы керек. Көрсетілген мерзімде ақаулар жойылмаған жағдайда айыппұл салу көзделген.

1 тоқсанда 321 медициналық ұйымда проактивті мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында анықталған Қор сарапшыларының негізгі ескертулері: 

  • ақпараттық жүйелерде құжаттаманың дұрыс жүргізілмеуі; 
  • диагностика мен емдеу стандарттарынан ауытқу;
  • кадрлардың жинақталмауы және медициналық техниканың толық жабдықталмауы, бұл медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасына тікелей әсер етеді. 

Жалпы, 610 млн теңгені құрайтын 61 362 әлеуетті ақауы анықталды. Алғашқы тәжірибе медициналық ұйымдардың жағдайды түзетуге және одан әрі ақаулардың алдын алуға мүдделі екенін көрсетті, ақауларды жасырудың «қатал» тәжірибесі жойылды, бұл ақаулардың себептерін талдауға, анықтауға және жағдайды жоспарлы түрде түзетуге мүмкіндік бермей жүргендігі анықталды.

МӘМС жарналары мен аударымдары түрінде 1 тоқсанда 183 млрд теңге түскен. Түсімдердің ең көп сомасын мемлекеттің жеңілдік алушылар үшін жарналары – 95,4 млрд теңгені немесе барлық түсімдердің 52% құрады. Осылайша, мемлекет бұрынғысынша халық алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін сақтайды. 

Өз қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің аударымдары жалпы сомасында 44,4 млрд теңгені (24%), қызметкерлердің жарналары – 35,2 млрд теңгені (19%) құрады. Жеке кәсіпкерлердің, БЖТ төлеушілердің, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін дербес төлеушілердің жарналарының үлесі 5% құрады.

Анықтама:
  • мемлекет жарналары – 95,4 млрд теңге немесе 52,1% (өткен жылы – 73,2 млрд теңге, өсім 30% [мөлшерлеме 1,4%- дан 1,6%-ға дейін артты]);
  • жұмыс берушілердің аударымдары – 44,4 млрд теңге немесе 24,2% (өткен жылы – 36,8 млрд теңге, өсім – 21%%);
  • қызметкерлердің жарналары – 35,2 млрд теңге немесе 19,2% (өткен жылы – 12,7 млрд теңге, өсім 2,8 есе [мөлшерлеме 1%-дан 2%-ға дейін артты]);
  • жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары – 4,5 млрд теңге немесе 2,4% (өткен жылы – 1,6 млрд теңге, өсім - 2,8 есе);
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалар - 1,6 млрд теңге немесе 0,9% (өткен жылы – 0,4 млрд теңге, өсім - 4 есе);
  • БЖТ төлеушілер - 372 млн теңге немесе 0,2% (өткен жылы – 114 млн теңге, өсім 3 есе);
  • дербес төлеушілер - 1,5 млрд теңге немесе 0,8% (өткен жылы – 93 млн теңге, өсім 16 есе).

Қор халықты медициналық сақтандырумен қамтуды арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 84,4% медициналық сақтандыруға қатысушы болып табылады, бұл 15,9 млн адам. 

МӘМС жүйесінен 2,9 млн қазақстандық тыс қалған, бұл халықтың осы бөлігі үшін МӘМС пакетінің медициналық қызметтерінің қолжетімділігіне қатысты белгілі бір проблемалар туғызады. Алайда, олар әрқашан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді алуға құқылы. 

Сақтандырылмағандардың ішінде 2 млн адам тұрақсыз төлеушілер болып табылады. Яғни олар үшін қандай да бір аударымдар және (немесе) жарналар алынды, бірақ олар тұрақты емес, соның салдарынан берешек пайда болады және медициналық сақтандыруда сақтандырылу мәртебесі жоқ, БЖТ немесе жарнаны дербес төлеуші ретінде бір рет немесе екі рет төлеу МӘМС пакетінде барлық 12 ай ішінде медициналық қызметтерді алу құқығын бермейді. Төлемдердің жүйелілігін сақтау маңызды. 

Тағы 922 мың адам МӘМС үшін бірде-бір рет жарна төлемеген. Олардың саны азайып келеді: жыл басында олар бір жарым есе көп – 1 428 мың адам болды. 

Сақтандырылудың төмен көрсеткіші Қостанай (77,0%), Алматы (77,3%), Түркістан (77,9%), Жамбыл (79,6%), Қызылорда (80,3%), Шымкент қаласында (79,5%) байқалады.

Халықтың сақтандырылуының ең жоғары көрсеткіштері Атырау (85,8%) және Маңғыстау (85,1%) және Ақмола (85,1%) облыстарында байқалды.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «Атамекен» ҰКП-ны, Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерін және медициналық ұйымдарды тарта отырып, халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша ведомствоаралық жұмыстың маңыздылығын атап өту қажет.

ШОБ қызметкерлерінің тізімін өзектендіру мәселесі пробеламлық мәселе болып қалып отыр. Еске салайық, өткен жылы пандемия кезінде қолдау көрсету үшін Үкіметтің шешімі бойынша шағын және орта бизнес субъектілері міндетті төлемдерді, оның ішінде МӘМС төлеуден босатылған болатын.

МӘМС жүйесінде өз қызметкерлерін сәйкестендіру үшін ШОБ ұйымдары сақтандыру мәртебесін қамтамасыз ету үшін оларды дерекқорға енгізу қажет болды. 

Қазіргі уақытта жарналарды төлеуден босатылған жұмыс берушілердің шамамен 20%-ы (61 233 ШОБ) өз қызметкерлерінің тізімін өзектендірген жоқ. Осыған байланысты аталған қызметкерлерде сақтандырылу мәртебесі жоқ және медициналық көмек алуда шектеулі. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Шілде 2021, 09:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №121
24 Шілде 2021, 11:38
А. Мамин Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті
23 Шілде 2021, 20:20
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселелерін қарады
23 Шілде 2021, 15:06
Жартыжылдық қорытындысы: Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні тұрақты өсім көрсетіп отыр
23 Шілде 2021, 10:44
Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр
23 Шілде 2021, 09:44
Қажмұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Шілде 2021, 18:49
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
22 Шілде 2021, 13:45
Биыл жол салуға бөлінген қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмсалады — Маңғыстау облысының әкімі
22 Шілде 2021, 13:45
Алдағы қыс маусымына жем-шөп қорын құру үшін тиісті қаражат бөлінуде — Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
22 Шілде 2021, 13:34
С. Трұмов: халықаралық деңгейдегі туризм нысандарының салынуы облыс экономикасының дамуына зор серпін береді
21 Шілде 2021, 18:27
Е. Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
21 Шілде 2021, 15:38
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым, АӨК, цифрландыру   
21 Шілде 2021, 12:07
Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды
19 Шілде 2021, 21:29
Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
19 Шілде 2021, 21:23
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелерін қарады
19 Шілде 2021, 18:20
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
19 Шілде 2021, 15:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
16 Шілде 2021, 16:13
Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
14 Шілде 2021, 18:38
Ғабит Сыздықбеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
14 Шілде 2021, 17:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №429 Қаулысы
14 Шілде 2021, 17:20
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
14 Шілде 2021, 17:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №466 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №459 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы
13 Шілде 2021, 17:59
2021 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға өсті — Б. Сұлтанов
13 Шілде 2021, 16:15
Үкіметте 2021 жылы халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
13 Шілде 2021, 16:08
Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
12 Шілде 2021, 19:10
ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады
12 Шілде 2021, 14:48
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
12 Шілде 2021, 12:08
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
11 Шілде 2021, 10:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120
10 Шілде 2021, 16:55
ҚР Ұлттық банкі «цифрлық теңгені» енгізу бойынша пилоттық жобаны дайындап жатыр
10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды
09 Шілде 2021, 18:27
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді
09 Шілде 2021, 09:15
Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 20:36
Марат Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 19:36
Е. Тоғжанов Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
06 Шілде 2021, 17:35
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады
04 Шілде 2021, 11:06
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119
03 Шілде 2021, 19:26
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
02 Шілде 2021, 20:42
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты
02 Шілде 2021, 17:22
А. Мамин ЕАДБ отырысын өткізді – Банктің 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді
02 Шілде 2021, 17:20
А. Мамин Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
02 Шілде 2021, 14:17
ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
02 Шілде 2021, 14:04
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Шілде 2021, 13:43
А. Мамин «Алтын Орда» көлік айрығын реконструкциялауды 2021 жылғы қазанда аяқтауды тапсырды
02 Шілде 2021, 13:08
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін Алматы метросының «Сарыарқа» және «Достық» станцияларының құрылысын аяқтауды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.