Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы: 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсімі байқалды

Еліміздің ең ірі өңірлерінің бірі — Қарағанды облысы пандемияға қарамастан, 2020 жылы даму қарқынын бәсеңдеткен жоқ және бұрынғысынша серпінді дамып келе жатқан өңірлер қатарында қалып отыр. Базалық салалармен, олардың ішінде отын, электр энергетикасы, қара металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібімен қатар, экономиканың барлық салалары тұрақты өсуді көрсетті. Жыл қорытындысы бойынша Қарағанды облысы тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны және отандық өндірушілерді қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша көшбасшылар қатарында. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр А. Мамин Қарағанды облысының «Қарапайым заттар экономикасы» тауарларындағы жергілікті қамту үлесін бақылау бойынша көшбасшылар қатарында екенін атап өтті. Өткен жылдағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері және ағымдағы жылға жоспарлары туралы шолу материалынан оқыңыздар.

Көптеген аймақтар сияқты, аймақ пандемия кезінде шектеу шараларына байланысты қиындықтарға тап болды. Сонымен қатар, өнеркәсіп, АӨК, құрылыс сияқты салалардағы кәсіпорындардың тұрақты жұмысы есебінен өңір экономикадағы шығындарға және жұмыскерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеді. Талдау көрсеткендей, жалпы өңірлік өнім көлемінің өсуі 0,1%-ға немесе 3 979,3 млрд теңгеге қамтамасыз етілді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру өңдеу өнеркәсібі көлемінің 3,6%-ға өсуі есебінен 1,5%-ға немесе 2917,5 млрд теңгеге өсумен қалыптасты.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдері 397 млрд теңгеден астам (жылдық жоспарды 4,6%-ға асыра орындаумен), оның ішінде республикалық – 188,6 млрд теңгені (1,1%-ға), жергілікті – 208,6 млрд теңгені (7,9%-ға) құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 678,3 млрд теңгеге немесе 2019 жылғы деңгейге қарағанда 83,3%-ға жетті.

Орташа айлық жалақы да өсті. 2020 жылдың 3-тоқсанында ол 2019 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 17,5% өсіммен 203 мың теңгені құрады. Нақты жалақы индексі – 109,9%.

 

Эпидемиологиялық ахуал, карантин және экономикалық белсенділікті қалпына келтіру шаралары

Пандемияның күрделі кезеңінде кәсіпорындардың өндірістік белсенділігін қамтамасыз ету, интеграциялық процестерді қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету, халықтың табысын ұлғайту және инфляция деңгейін сақтау бойынша мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдалану облыста тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Экономика салаларын қолдау мақсатында облыстық жедел әрекет ету штабы құрылды, Қарағанды облысында 2020-2022 жылдарға арналған тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды сақтау және жедел әрекет ету бойынша дағдарысқа қарсы жоспар әзірленді және іске асырылуда.

Жоспарға 2 негізгі бағыт және 9 қосымша бағыт бойынша 119 іс-шара енгізілді:

- бизнесті қолдау және еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар пакетінің бағыттарын іске асыру жөніндегі шаралар;

- тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды сақтау жөніндегі шаралар.

Қабылданған шаралар бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке 208,6 млрд теңге немесе 107,9% кіріс түсті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бағасы тұрақталды, азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

2020 жылғы желтоқсанда тұтыну бағаларының индексі 2019 жылғы желтоқсанға қарағанда 107,7% (ҚР – 107,5%) құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 112,4%, азық-түлік емес тауарларына – 105,3%, ақылы қызметтерге 103,8% құрады.

Азық-түлік тауарларына бағаны төмендету жөніндегі шаралар шеңберінде тұрақтандыру қорынан картоп пен көкөніс, резервтік қордан ұн, сондай-ақ құс фабрикалары мен макарон өнімдерін өндірушілердің өнімдерінен өңірлерге (Қарағанды, Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш, Шахтинск, Теміртау және Абай) азық-түлік тауарларын жеткізу ұйымдастырылды.

Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері белгіленген бағамен жеткізіледі. Нанның бағасы астықтың резервтік қорынан ұнды іріктеу арқылы тұрақтандырылады.

 

Облыс өнеркәсібінің даму қорытындысы

Пандемия кезінде өнеркәсіп, АӨК және құрылыс сияқты салалардағы кәсіпорындардың тұрақты жұмысы есебінен экономикадағы шығындарға және жұмыскерлердің жұмыстан жаппай босатылуына жол берілмеді.


Өнеркәсіпте жыл ішінде өндіріс қарқынының оң серпіні байқалды және жыл қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 2019 жылғы деңгейге қарағанда 1,5%-ға өсумен 2,9 трлн теңгеге (2917,4 млрд теңгеге) жетті, өңдеу өнеркәсібінің 3,6%-ға (2281 млрд теңге) өсуі есебінен НКИ 101,5% болды.

Жүйе құраушы кәсіпорындардың жұмысына келетін болсақ, «АрселорМиттал Теміртау» 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан қорытындысы бойынша илем өндірісі 26%-ға өсумен 2,5 млн тоннаны (2567,2 мың тонна) құрады (2019 жылғы қаңтар – желтоқсанда - 2036,7 мың тонна).

Қазақмыста мыс шығару 394,6 мың тоннаны құрады немесе 4,1%-ға өсті (2019 жылғы қаңтар- желтоқсан – 379,1 мың тонна).

Жаңа жобалар есебінен де оң динамикаға қол жеткізілді. Бүгінгі таңда 12,5 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 2 трлн теңгеге жуық сомаға 50 жаңа инвестициялық жоба, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 21 жоба іске асырылуда. 

203,6 млрд теңге сомасына 2,5 мыңнан астам жоғары өнімді тұрақты жұмыс орындарын құрумен 11 жаңа өндіріс іске қосылды.

1) «Алтыналмас» алтын өндіру фабрикасы, құны – 46 млрд теңге, 300 жұмыс орны;

2) техникалық газ өндіру зауыты, құны – 27,5 млрд теңге, 20 жұмыс орны;

3) Ағадыр кентіндегі 26 мВт күн электр станциясы (Қазсолар-50, Германия), құны 5,6 млрд теңге;

4) «Steel Manufacturing» жез зауыты, құны – 28,1 млрд теңге, 164 жұмыс орны;

5) «YDD Corporation» ЖШС ферросилиций өндіру зауыты, құны – 34 млрд теңге, 450 жұмыс орны;

6)«Global City» көтерме-логистикалық орталығы, құны - 24 млрд теңге,1000 жұмыс орны;

7) Hitachi Construction Machinery ірі габаритті техникаға қызмет көрсету бойынша сервистік орталық, құны – 2,1 млрд теңге, 50 жұмыс орны.

8) «Polymet Solutions Corporation» резеңке техникалық бұйымдарды өндіру зауыты, құны – 1,2 млрд теңге, 20 жұмыс орны;

9) «YUTONG» (ҚХР) автобустары өндірісі, құны – 16,6 млрд теңге, 400 жұмыс орны.

10) «КазКрабон» ЖШС құю және байыту өндірісі, құны – 12 млрд теңге 104 жұмыс орны;

11) «Шанс» құрама жем зауыты, құны – 1,1 млрд теңге, 10 жұмыс орны.

 

Ауыл шаруашылығы

2020 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі 2019 жылғы деңгейге қарағанда 5,7% немесе 399,2 млрд теңгені құрады. Негізінен мұндай көрсеткіштерге өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің ұлғаюы есебінен қол жеткізілді.

Бір миллион тоннадан астам астық бастырылды, оның үштен екісі – жоғары сапалы бидай. Бұл 2019 жылғы деңгейден 22,6%-ға артық.

Сондай-ақ, картоп пен көкөніс өндірісі артты. 2019 жылға қарағанда 2,8%-ға (381,7 мың тонна) өсіммен 392,6 мың тонна картоп, 107,8 мың тонна көкөніс жиналды, өсім - 1,8% (105,9 мың тонна), оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 261,1 ц/га орташа өнімділікпен 272,2 мың тонна картоп (263,7 мың тонна) және 377 ц/га орташа өнімділігімен 61,1 мың тонна көкөніс (59,9 мың тонна) өсірген.

5,3 мың тонна көлемінде картоп пен басқа да көкөністердің тұрақтандыру қоры және 27 мың тонна көлемінде астықтың резервтік қоры құрылды. Қабылданған шаралар бағаның өзгеруіне жедел әрекет етуге мүмкіндік берді.

Мал басы 7%-ға, ет өндірісі 105,4%-ға және сүт өндірісі 104,1%-ға артты. 

Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамытуға бағытталған 1,4 млрд теңгеге 12 жоба пайдалануға берілді.

Жалпы, бүгінде АӨК-те 466 жұмыс орнын құрумен 15,7 млрд теңгеге 20 инвестициялық жоба іске асырылуда.

 

2021 жылға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жалпы өнім шығаруды 429 млрд теңгеге дейін ұлғайту міндетін қойып отыр. Ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің жалпы алаңын 3%-ға, яғни 35,5 мың гектарға ұлғайту немесе 1242,7 мың гектарға дейін жеткізу, 130 жұмыс орнын құрумен 5,1 млрд теңгеге АӨК-нің 5 жобасын іске асыру, оның ішінде шамамен 1500 бас ІҚМ арналған үш сүт-тауар фермасын салу жоспарлануда.

 

Құрылыс және тұрғын үй

Құрылыс саласында жұмыс көлемі өткен жылғы деңгейге қарағанда 6,9%-ға өсіммен 466,3 млрд теңгені құрады.

Жыл қорытындысы бойынша Қарағанды облысы – тұрғын үйді іске қосу қарқыны бойынша көшбасшылар қатарында. Мұны Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр А. Мамин атап өтті. 2020 жылы тұрғын үйді тапсыру бойынша көрсеткіштер 25,8%-ға өсті. Тұрғын үй қоры 529,5 мың м2 – 6,3 мыңнан астам пәтерге ұлғайды.

Барлық бағдарламалар мен демеушілік көмек есебінен шамамен 2,5 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, олардың 1290-ы – көп балалы және әлеуметтік жағынан осал отбасылар. Кезекте тұрғандар саны 6%-ға төмендеді.

2020 жылғы 1 қаңтарға облыс бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегінде 36 956 азамат, 2021 жылғы 1 қаңтарға кезекте 36 233 адам тұрды. 2019 жылы облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үймен тұрғын үй кезегінде тұрған 887 азамат қамтамасыз етілді.

2020 жылы 31 желтоқсанда облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан 1058 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде «Кредиттік ипотекалық компания» АҚ арқылы – 102, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы – 35 (жетім балалар – 182; халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 416, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 149, жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 10, көп балалы отбасылар – 300 және бір ҰОС қаьысушысы және мүгедегі бар. 

2019 жылғы 22 шілдеден бастап облыс бойынша көп балалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру басталды. Бағдарлама мұқтаж отбасылардың «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жылдығы 2%-бен жеңілдетілген ипотека алуы үшін құрылған.

«Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері өткен жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша 569 отбасы тұрғын үй займын алды, 2019 жылғы лимиттен – 243 (2 млрд 077 млн 155 мың), 2020 жылғы лимиттен – 326 (3 млрд 003 млн 844 мың) (санаты бойынша толық емес отбасылар – 293, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар – 63, көп балалы отбасылар – 213).

Пандемия кезеңінде азаматтардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтарын қорғау, жалақы деңгейін сақтау, оны ұлғайту және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі міндеттер бақылауда болды.

31.12.2020 ж. жағдай бойынша өңірде жалақы бойынша 173 қызметкерге 4 банкрот кәсіпорын қарыз. Қарыз сомасы 70,4 млн теңгені құрайды.

Жалақы деңгейінің өзгеруі, оны индекстеу Қарағанды облысының кәсіпорындары мен ұйымдарының ұжымдық шарттарында көрсетіледі.

Жыл бойы «Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалы педагог мәртебесі жоқ спорт мектептерінің жаттықтырушыларының жалақысын 25%-ға арттыруға қол жеткізді. Бүгінгі күні барлық мектептер бойынша есеп жүргізілді және 25 желтоқсанға дейін барлық қаражат төленді.

Сондай-ақ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорындарында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның әкімшілігі мен «Жақтау» металлургтер кәсіподағы жұмыскерлерге 2019 жыл үшін бонус төлеу (13-жалақы) мәселесін оң шешті.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ тарифтік ставкалар мен айлық ақыларды индекстеу туралы, сондай-ақ жұмыскерлерге бір рет 150 000 теңге төлеу туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа, 2021 жылдан бастап 2020 жылға арналған ҚР нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған инфляция деңгейінің 50% есебінен тарифтік мөлшерлемелер мен айлық ақылар индекстеу жүргізілетін болады. Ұжымдық шарттың талаптары бойынша индекстеудің екінші бөлігін белгіленген көрсеткіштердің орындалуына қарамастан, ай сайын сыйақы түрінде төлеу жүргізілді.

 

Атаулы әлеуметтік көмек

Бүгінгі күні облыстың 5 133 отбасы 1 561,5 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек алды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар (2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) ақпараттық жүйеде тікелей байланысты болдырмау мақсатында 2021 жылғы 1-тоқсанда 2020 жылғы 4-тоқсандағы кірістерін ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтінішті автоматты түрде жасайды.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет (бұдан әрі – КӘП) 6789 балаға (4 442 отбасына), оның ішінде 1 жастан 3 жасқа дейінгі 3 383 балаға, 3 жастан 6 жасқа дейінгі 3 403 балаға тағайындалды.

2020 жылы 2 829 отбасына жалпы сомасы 65,5 млн теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалды.

Төтенше жағдай және карантин кезеңінде 82 мыңнан астам адам жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтар алды.

Сонымен қатар, облыста ірі кәсіпорындармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Eurasian Resources Group, Қазмырыш компаниялары Қарағанды облысының бірқатар өңірлерінде әлеуметтік жобаларды іске асыруға 2020 жылдың ішінде шамамен 1,6 млрд теңге (1 580 млн) бағыттады. Меморандумдар аясындағы іс-шаралар толығымен орындалды.

 

Шағын және орта бизнес және халықты жұмыспен қамту мәселелері

Пандемия кезінде ең алдымен туризм, мәдениет, сауда, көлік және қызмет көрсету салалары зардап шекті. Ал бұл шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары. Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 желтоқсанда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 90,2 мың бірлікті (90 196) құрады, өсімі 2019 жылғы деңгейге қарағанда 2,1% болды.

Осы жылдың 11 айында заңды тұлғалар арасында бизнес белсенділігінің 5,4%-ға және шаруа қожалықтары арасында 7,8%-ға өсуі байқалады. Бұл бизнестің неғұрлым салмақты секторлары, олар ШОБ өнімдерінің барлық шығарылымының 88,3%-ын қамтамасыз етеді.

ШОБ субъектілері өндірген өнім көлемі 2020 жылдың қаңтар-маусымында 621 млрд теңгені құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артты (+58,6 млрд теңге). ШОК шығарылымының негізгі үлесі өнеркәсіпке – 30,3%, саудаға – 25,6%, құрылысқа – 17,7% тиесілі.

Осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны сақталған – бұл 233,4 мың адам (2019 жылдың тиісті кезеңіне 99,9%). ШОК-та жұмыс істейтіндердің жалпы санында ең үлкен үлес салмақты сауда секторы – 32,9%, өнеркәсіп – 14,3%, құрылыс – 10,3%, ауыл шаруашылығы – 8,9% алады. Облыстың жұмыспен қамтылған халқына қатысты ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың үлесі (635 037 адам) 37% құрады.

ТЖ және карантин кезеңінде шағын және орта бизнестің шамамен 40%-ы негізінен қызмет көрсету және сауда саласында (39,7 мың субъект) шектеулі режимде жұмыс істегеніне қарамастан (онда ШОБ-та жұмыс істейтіндердің жалпы санының 30%-ы (95 мың адам) жұмыс істейді), көбі жұмыс форматын қайта құра алды. Электрондық коммерцияның жаңа компаниялары пайда болды. Онлайн-сервистердің белсенді дамуы есебінен электрондық коммерция 3 есе өсті. Қолма-қол ақшасыз транзакциялар саны 4 есеге артты. Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің үлесі тауар айналымының жалпы көлемінде 19,1%-дан 75,7%-ға дейін өсті. Бұл қолма-қол ақшасыз төлемдерге деген сенімнің артқанын және оның көлеңкелі сектордан шыққанын білдіреді.

Дағдарысқа қарсы қабылданған шаралардың арқасында 30 мыңнан астам кәсіпкер салықтарын, банк несиелерін және жалдау ақысын төлеуді кейінге қалдырды (ЖАО мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлікті жалға алу үшін 125 млн теңгеге 1 289 шарт бойынша төлемақы есептеу тоқтатылды, 4 800 кәсіпкерге жалдау құнынан толық босатудан бастап 40%-ға дейін жеңілдіктер берілді, ЕДБ-нің 300 кәсіпкеріне несиедерін, негізгі борышын және пайыздарын төлеуді кейінге шегеру ұсынылды).

3 700 кәсіпкер қаржылай қолдау алып, 2,8 мың адам бизнеске оқытылды.

ШОБ өндірген өнім шығару 6,7%-ға артты (9 айда – 1 120,4 млрд теңге, көлемінің орташа өсу қарқыны өткен жылдары 10-15% құрады), 2 400 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Жыл қорытындысы бойынша ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемін 2019 жылғы деңгейге қарағанда 0,4% өсіммен 1,5 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда

«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыруға 2020 жылы 2,9 млрд теңге көзделген. Бағдарлама шеңберінде 48 млрд теңге инвестициялар сомасына 421 жоба мақұлданды, бұл 2019 жылдан 46%-ға артық. Құралдар бөлінісінде: несие бойынша сыйақыны субсидиялауға 19,6 млрд теңге инвестиция сомасына 229 жоба; кредиттерге ішінара кепілдік беру бойынша 4,3 млрд теңге кепілдік сомасына 173 жоба; инфрақұрылымға 6 жоба мақұлданды; гранттық қаржыландыру бойынша 13 грант берілді.

Нәтижесінде салынған субсидиялардың 1 теңгесіне 10 теңге инвестициядан келді, 561 жұмыс орны құрылды, бағдарламаға қатысушылардан түскен салық түсімдері 1421,5 млн теңгені құрады (01.09.20 ж.).

2021 жылы «БЖК 2025» бағдарламасын іске асыруға 4,1 млрд теңге қарастырылған, бұл қаражатқа 400-ден астам бизнес жобаларын қаржыландыру жоспарлануда.

Жыл қорытындысы бойынша қолжетімді қаржыландыру шеңберінде «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары бойынша 3,6 мың кәсіпкер қаржылай қолдау алды және ШОК субъектілеріне жеңілдікпен несие берілді (8%-бен).

Қаржылық емес шаралармен 2,4 мыңнан астам кәсіпкер («Бизнес Бастау» жобасы бойынша 1 800 адам (100%) және «Бизнес Кеңесші» және «Бизнес мектеп» жобалары бойынша 602 адам қамтылған, бұл жылдық жоспардан 38%-ға жоғары (жоспар – 436 адам).

2020 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады. 12 ай ішінде облыс жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, кәсіпорындарды ашу және мемлекеттік қолдау есебінен, атап айтқанда, Жұмыспен қамтудың жол картасы және «Еңбек» бағдарламасы есебінен жаңаларын құрды.

Осы және басқа да бағдарламалар аясында 66 мыңға жуық адам (65 792 адам) жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 46 мыңнан астам адам (46 148 адам) жүгінді, оның ішінде 43 мыңнан астам (43 591) адам жұмысқа орналастырылды.

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасына сомасы 62 млрд теңгеге 622 жоба енгізілді. Оны іске асыру 16 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді (16 017), оның ішінде 7 832 жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты және бұл 140 елді мекенде инфрақұрылымның дамуына серпін берді.

Жалпы, барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 2020 жылдың қорытындысы бойынша 33 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды.


«Қарапайым заттар экономикасы»

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр А. Мамин Қарағанды облысы «Қарапайым заттар экономикасы» тауарларындағы жергілікті қамту үлесін бақылау бойынша көш басында екенін атап өтті. Өңірде отандық өндірушілерді қолдау шараларына көп көңіл бөлінеді. «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы табысты іске асырылуда. Басым жобаларға жеңілдікпен кредит беру бағдарламасын іске асыру мониторингі бойынша өңірлік жобалау кеңсесі құрылды. Өңірде өндірілетін өнімге, сондай-ақ бағдарламаға әлеуетті түрде қатыса алатын кәсіпорындарға талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша азық-түлік, жиһаз, жеңіл өнеркәсіп секілді салаларда 2800-ден астам компания кірген тізбе жасалды.

Бүгінде жобалық кеңсенің мониторингінде 142,9 млрд теңге несие сомасына 225 жоба бар. 2020 жылы 9,5 млрд теңгеге 114 жоба мақұлданды, оның ішінде 6 млрд теңге сомасына 100 жоба субсидияланды (2019 жылы 16,9 млрд теңге сомасына 55 жоба мақұлданды, оның ішінде 14,5 млрд теңге сомасына 54 жоба субсидияланды).

Жобалар келесі салаларда жүзеге асырылады: АӨК – 192 жоба, өңдеу өнеркәсібінде – 27 жоба, қызмет көрсету саласында – 6 жоба.

2020 жылы іске асырылған ең ірі жобалардың ішінде 

– «Eurasian Foods» АҚ — АӨК қайта өңдеу. Маргарин және ұқсас тағамдық майлар өндірісі 5 млрд тг несие сомасына.

– «Аланда» ЖШС — Қарағанды қаласындағы медициналық қызметтер несие сомасы 500 млн тг;

– «Қайнар» ЖШС — АӨК өндірісі. Нұра ауданында өсімдік шаруашылығы үшін 300 млн теңгеге комбайндар сатып алу;

- «Еламан» ЖК — АӨК өндірісі. Нұра ауданында 100 млн теңгеге өзге де мал тұқымдары және буйвол өсіру.


Инвестициялар

Өңірге инвестициялар тарту бойынша үлкен жұмысты нақты жобалардың проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған инвестициялар тарту жөніндегі кеңес орындайды.

«Бір терезе» қағидатымен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, онда халыққа қызмет көрсету орталығының, инвесторларға қызмет көрсету орталығының, «ҚазАгрогарант» АҚ Қарағанды филиалының консультанттары, Қарағанды облысының АШТӨ үшін инвестициялық субсидиялар бойынша оператор, «Даму» КДҚ» АҚ, сондай-ақ энергетика және сумен жылумен жабдықтау саласындағы қызмет көрсетушілердің өкілдері орналасқан.

Сонымен қатар инвесторлармен кездесу және келіссөздер жүргізу үшін бөлме (Show Room) құрылды. Инвесторлармен барлық кездесулер әкімдікте емес, сол жерде өтеді. Қажет болса, «Шоу рум» олар үшін жұмыс кеңсесіне айналады.

Құрылымдық бөлімшелері инвесторларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, өңірдің инвестициялық имиджін ілгерілететін «Сарыарқа» ӘКК және «Сарыарқа» АЭА Басқарушы компаниясы атынан инвестициялар тарту саласындағы ұйымдар айқындалды.

Сондай-ақ облыста өңірдің мамандандырылған инвестициялық сайты жұмыс істейді (www.investinQ.kz).

2017 жылдан бастап облыста негізгі капиталға салынған инвестициялар тартудың оң динамикасы сақталуда: 2017 жылы – 363,3 млрд теңге, 2018 жылы – 489 млрд теңге, 2019 жылы – 811,4 млрд теңге.

2019 жыл тәуелсіздік жылдары инвестициялар тарту бойынша рекордтық болды, инвестициялар көлемі 2018 жылғы деңгейден екі есеге жуық асып, 811,4 млрд теңгені құрады. 2020 жылы инвестиция көлемі 678,3 млрд теңгені құрады. Негізгі үлес жеке инвестицияларға тиесілі – 81,6%. Бюджеттік инвестициялар – 18,4%.

Инвестициялардың жалпы көлемінің негізгі көлемі немесе 60,4%-ы өнеркәсіпке, оның ішінде 31,3% – өңдеу өнеркәсібіне, 20,5% – тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруге, сондай-ақ 15,2% – көлік пен қоймалауға тиесілі. 

Бүгінгі таңда өңірде 12,5 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 2 трлн теңгеге жуық сомаға 50 жаңа инвестициялық жоба іске асырылуда. 21 жоба – шетелдік инвесторлардың қатысуымен. 

203,6 млрд теңгеге 2,5 мыңнан астам жоғары өнімді тұрақты жұмыс орындарын құрумен 11 жаңа өндіріс іске қосылды.

 

«Нұрлы жол» бағдарламасының автожол жобалары 

Көлік саласында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және республикалық әрі жергілікті автомобиль жолдарының өткізу қабілетін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қарағанды облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы шамамен 12,5 мың км құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар 2 785 км, 3 462 облыстық және 6 194 км аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендер көшелері.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басталуымен 2013-2020 жылдар аралығында «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін реконструкциялау ескеріле отырып, Қарағанды облысының 1 000 км-ден астам автомобиль жолдары жөнделді.

Бүгінгі күні «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізі шеңберінде «Анар-Теміртау» 93 км, «Қарағанды қаласының солтүстік және шығыс айналма жолы» 48 км реконструкциялау учаскелері аяқталды. 

«Қарағанды-Балқаш» 363 км, «Балқаш-Бурылбайтал» 150 км учаскелерінде жол-құрылыс жұмыстары өндіріс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Жобаны толық аяқтау 2023 жылға жоспарланған.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс бойынша 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 50%-дан астамы тұрақты жұмыс орындары.

Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі жолдауында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында 2025 жылға дейінгі барлық республикалық жолдарды қайта жаңарту міндеті қойылды.

Облыс үшін негізгі бағыттардың бірі 4 бағыттағы автомобиль жолдары болып табылады – бұл:

- «Қызылорда-Жезқазған» (208 км),

- «Жезқазған-Қарағанды» (513 км), 

- «Қарағанды-Қарқаралы» (303 км), 

- «Жезқазған-Арқалық» (126 км), жалпы ұзындығы 1 150 км.

Бүгінгі күні жалпы ұзындығы 426,3 км «Қызылорда – Жезқазған» автожолын қайта жаңартуға жобалық құжаттаманы әзірлеу аяқталуда, оның ішінде Қарағанды облысы бойынша 207,7 км өтеді. Жобаны келесі жылы іске асыру көзделген.

Жалпы ұзындығы 942 км «Жезқазған-Қарағанды» (513 км), «Қарағанды-Қарқаралы» (303 км), «Жезқазған-Арқалық» (126 км) жобаларын кезең-кезеңмен іске асыру келесі жылдары жүзеге асырылатын болады.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына келетін болсақ, екінші бесжылдық аясында облыстық және аудандық маңызы бар 3 500 шақырымнан астам автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарлануда, онда 7500-ге жуық жұмыс орны құрылады. Осылайша, 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ға дейін жеткізілетін болады.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 69,5 км кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді (Ақтоғай, Шашубай, Ботақара, Қарағайлы, Көктас, Бүркітті, Осакаровка, Ақсу-Аюлы ауылдары), оның нәтижесінде осы АЕМ-де жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі орта есеппен 44%-дан 91%-ға дейін ұлғайды.


Цифрландыру және инновацияларды енгізу

Облыста цифрландыру бойынша жұмыс «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүргізілуде. Денсаулық сақтау саласында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жұмыс істейтін барлық ұйымдар компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген және Интернет желісі қолжетімді.

137 ұйым ДАМУМЕД бірыңғай медициналық ақпараттық жүйесіне қосылды, облыстың бірыңғай денсаулық сақтау экожүйесі құрылды.

Медициналық ақпараттық жүйені жеке дәріханалар мен зертханалардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жүргізілді.

Жасанды зердені енгізу бойынша жоба іске асырылуда — бұл сервистік модель қағидаты бойынша медициналық бейнелерді өңдеу, сақтау жөніндегі PACS-жүйелер.

 Білім беру саласында облыстың барлық мектептері кең жолақты интернетке қосылған. Барлық мектептерде «Bilimal» АБЖ пайдалана отырып, электрондық журнал енгізілді. Мектепке дейінгі ұйымдарға тіркеу және қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылған. Мектепке және ТжКБ ұйымдарына қабылдау Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде жүзеге асырылады.

 Әлеуметтік салада облыс орталығының 5 мектебінде әлеуметтік ID картаны енгізу жобасы іске асырылды. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Қарағанды қаласында орталықтандырылған жылумен жабдықталған көп пәтерлі тұрғын үйлер 95%-ға жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталған.

Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің аспаптарымен қамту 79%-ды құрайды.

 Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жоба іске асырылуда, оның шеңберінде 200 мыңнан астам есепке алу аспаптары орнатылды, 2 мыңнан астам орталық тарату пункттері, трансформаторлық қосалқы станциялар автоматтандырылды.

 Көлік саласында облыс орталығында электрондық билеттеу және электрондық диспетчерлендіру жүйесі тестілік режимде іске қосылды.

Құрылыс саласында 3 жобалық ұйым ВІМ-технологияларды игеруде.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының облыста іске асырылуына мысал ретінде өткен жылдың қараша айында Senim109 бірыңғай үйлестіру орталығы іске қосылды.

Осы жоба аясында 109 нөмірі бойынша қалалық ортаға қатысты өтініштер, шағымдар мен ұсыныстар қабылданады.

«Belsendi Azamat» мобильді қосымшасы әзірленді, ол арқылы тұрғындар 109 қызметіне хабарласа алады.

Қазіргі уақытта Senim109 жүйесі облыстың барлық аумағында кеңейтілді.

Қарағанды облысында атмосфералық ауаның жағдайын бақылау және сапасын жақсарту аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Оның шешімдерінің бірі «SmartEcoKaraganda» жобасын іске асыру болды, оның шеңберінде өткен жылы облыстың 4 қаласында күрделі экологиялық жағдайы бар 10 газ талдағыш орнатылды. Биыл тағы 20-сы орнатылды. 

Датчиктер онлайн режимінде атмосфераға 4 негізгі ластаушы заттардың концентрациясын, сондай-ақ атмосфералық қысымды, ылғалдылықты, желдің жылдамдығын көруге мүмкіндік береді. 

Биыл өңірлік геопортал іске қосылды, онда жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларындағы 8 мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру жоспарлануда.

Биыл мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға қатысты халықпен үлкен түсіндіру жұмысы жүргізілді, облыс өңірлерінде «Open akimat» жобалары іске асырылды, 40 мыңға жуық адам цифрлық сауаттылыққа оқытылды. 

Барлық осы шаралар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге (210-нан 53-ке дейін) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуды төмендетуге және заңнама бұзушылықтарын 17 есеге (1280-ден 75-ке дейін) төмендетуге мүмкіндік берді.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «ақылды қалалар» рейтингісіне сәйкес Қарағанды облысы республикада үшінші орынға ие болды.

 

3 ауысымда оқыту, компьютерлермен қамтамасыз ету мәселелері: облыста білім беру жүйесінің мәселелері қалай шешілуде

Үш ауысымды оқытуды жою мақсатында облыста 3 мектептің құрылысы аяқталды. 2020 жылдың қыркүйек айында үш ауысымдылық мәселесін шешу үшін Қарағанды қаласында 1200 орындық және Жезқазған қаласында 900 орындық мектептер пайдалануға берілді.

Биыл Ұлытау ауданы Бетбұлақ ауылында апатты мектептің орнына 80 орындық мектеп пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде апатты мектептер саны 2 бірлікке дейін қысқарды, бұл 0,4%-ды құрайды. Олар Жезқазған қаласының Теректі станциясының жалпы білім беретін мектебі, Шет ауданының Киікті ауылының жалпы білім беретін мектебі.

Жалпы облыс бойынша 12 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде, оның ішінде екі мектеп – апатты және екі мектеп – үш ауысымды нысандардың орнына.

 Үш ауысымды оқыту Қарағанды қаласының және Жаңаарқа ауданының 2 мектебінде сақталады (Қарағанды қаласының №34 мектеп-лицейі КММ, Жаңаарқа ауданының Атасу кенті №132 мектеп-лицейі).

Апаттылық және үш ауысымдылық мәселесін шешу үшін тағы төрт мектептің құрылысы жүргізілуде: Қарағанды, Жезқазған қалаларында, Шет және Жаңаарқа аудандарында.

Сонымен қатар облыстық бюджеттен және «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында білім беру нысандарын жөндеуге 17 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл өткен жылдағымен салыстырғанда үш есе көп. Жалпы, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша 2020 жылы 5,6 млрд теңгеге 47 жоба іске асырылды. Үш жобаны 2021 жылы аяқтау көзделген. Игеру 5,2 млрд теңгені құрады. Оның ішінде білім беру жүйесінде 3 432 оқушыға арналған 9 мектеп, мектеп-интернаттағы (Жезді кенті) 50 оқушыға арналған асхана және 565 орынға арналған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Ақсу-Аюлы ауылы) жөнделді.

Жалпы жаңа оқу жылында 204 мың оқушы контингенті бар 504 мектеп, оның ішінде 22 мың бірінші сынып оқушысы бар мектеп жұмысын бастады. Оқушылардың 61% қашықтан білім алуда. Екінші тоқсаннан бастап 6 096 кезекші сынып жұмыс істейді, онда 1-5 сынып оқушылары білім алады.

Эпиджағдай 270 мектепке штаттық режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Барлық оқу орындарында санитарлық режим барынша күшейтілді, барлық қажетті санитарлық құралдар сатып алынды.

 Онлайн оқытуды ұйымдастыру үшін облыстық бюджет есебінен 5 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алынды, демеушілік қаражат есебінен бір мыңға жуық компьютер келіп түсті.

Республикалық бюджеттен 28 мыңнан астам компьютерлік техника (2 920 компьютер, 21 355 ноутбук және 3 783 планшет) сатып алынды.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды интернетпен қамтамасыз ету үшін 6 мыңға жуық роутер сатып алынды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 63,3 млн теңгеге 4 573 модем сатып алынды және 2 429 балаға 19,9 млн теңгеге теңгерім толтырылуда.

Соның нәтижесінде компьютерлік парк толығымен жаңартылып, 56 мыңнан астам бірлікті құрады (56 073), бұл ҚР БҒМ талаптарына толық сәйкес келеді – 4 оқушыға 1 компьютер.

Мемлекет басшысының мектептерді бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету және барлық ауладағы санитарлық тораптарды мектеп ғимараттарына көшіру жөніндегі тапсырмасы толық орындалды.

 

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, алғашқы медициналық көмек және стационарлардың жай-күйі: 2020 жылы денсаулық сақтау жүйесі қалай дамыды

2020 жылы аймақтың денсаулық сақтау жүйесінде ауруды мүмкіндігінше ертерек анықтау, науқасты уақытылы оқшаулау және үй стационарларында сапалы емдеу үшін алғашқы медициналық көмекті күшейтуге баса назар аударылды.

 Ол үшін облыста 288 мобильді емхана бригадасы құрылды. Қосымша 122 жеңіл автокөлік сатып алынды (102 – жергілікті бюджет, 20 – демеушілік көмек). 60 реанимобиль (РБК-лизинг) алынды. Жедел жәрдемнің санитарлық автокөлік паркі жыл соңына дейін толығымен жаңартылады.

9 жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдарда жұмыс істеуге дайындалды (оның ішінде 3-і 2020 жылдың қазан айында республикалық бюджет есебінен алынды).

Жедел вирусологиялық тексеруге көп көңіл бөлінеді. Облыста тәулігіне жалпы қуаты 10,5 мың зерттеу жасалатын 10 ПТР-зертхана жұмыс істейді. Талдау нәтижелерін күту уақыты бір тәуліктен аспайды. 

Қарағанды облысында барлығы 19-59 жас аралығындағы халықтың 60%-ын вакциналаумен қамту жоспарлануда, бұл 477 446 адамды құрайды.

 Вакциналарды сақтау үшін Глобал Ситиден жалпы ауданы 350 кв/м болатын тоңазыту қоймасын жалға алу көзделген.

Ауруханалар, емханалар мен дәріханалар үшін қажетті дәрі-дәрмек қоры толықтырылды. «СҚ-Фармацияға» препараттардың қосымша көлеміне (стационарлар – 1,8 млрд теңге, емханалар – 1,08 млрд теңге) өтінімдер жасалды, мәлімделген көлемнің 80%-дан астамы жеткізілді.

Жеке дәріханаларда қолжетімді бағамен бөлшек саудада сату үшін дәрі-дәрмектер қорын құру үшін «СҚ-Фармацияға» 247 млн теңге сомасында өтінім берілді. 

1 млрд теңгеге халық арасында үлкен сұранысқа ие дәрілік заттардың тұрақтандыру қоры құрылды.

Көктемнен бастап төсек орын қоры 2 еседен астамға ұлғайтылды (2200-ден 4715-ке дейін). Бұл ретте пандемияға байланысты шұғыл көмекпен қатар жоспарлы медициналық көмек сақталады. 

Жезқазған қаласында 200 төсектік жаңа модульді госпиталь өз жұмысына кірісті. 9 қарашада Теміртау қаласында 250 төсек орындық инфекциялық стационар ашылды, Шахтинск және Абай қалаларында инфекциялық корпустардың жөндеу жұмыстары аяқталды, Қарағанды медицина университетінің аурулар институтының ғимаратында 150 төсек орындық инфекциялық-провизорлық госпиталь пациенттерді қабылдауға дайын. Желтоқсан айында Теміртауда провизорлық бөлімше мен Балқашта инфекциялық корпус ашылады.

Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2 аудандық аурухана (Ақтоғай, Ақсу-Аюлы ауылдары), бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория (Шашубай кенті), ауылдық аурухананың қазандығы (Баршино ауылы) ғимараттарының жөндеу жұмыстары аяқталды, бұл жайлы жағдайда сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Негізгі назар тыныс алу жүйесінің ауруларын уақытылы диагностикалау және емдеуге арналған жабдыққа аударылады.

Биыл 226 ӨЖЖ аппараты, оның ішінде ЖБ – 55, демеушілік көмек – 20, РБ – 151 сатып алынды. 2500 оттегі концентраторы, 2600 пульсоксиметр, 40 цифрлық рентген-аппараты сатып алынды, 25 госпитальде медициналық газ берудің орталықтандырылған жүйесі орнатылды (барлығы 710 орын), 18 компьютерлік томография кабинеті жұмыс істейді. Тағы 4 компьютерлік томограф Шахтинск, Жезқазған, Сәтпаев қалаларында орнатылды. Балқаш қаласына орнатылып жатыр. 

Кадр тапшылығы толықтырылуда. Жезқазған өңірінде кадр мәселесі өзекті болды. Жаңа инфекциялық аурухана салынып, бригадалар жасақталды, соның ішінде қажет болған жағдайда Қарағандыдан вахталық бригадалар жіберілетін болады. Жезқазғанға жұмыс істеуге және тұруға келген дәрігерлер тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 

Жалпы, Қарағанды облысы КВИ-дің жаңа толқыны орын алған жағдайда жұмыс істеуге дайын.

 

Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту

Сумен қамтамасыз ету және су бұру

Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 7 472,7 км құрайды, оның ішінде қалаларда 73,3% (5 476,3 км) және ауылдық елді мекендерде 26,7% (1 996,4 км), су бұру – 2 545,5 км (қалаларда – 2 279,3 км (89,5%), ауылдық елді мекендерде – 266,2 км (11,5%).

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қалаларда 98%-ды, ауылдарда 89,9%-ды құрады. Сумен жабдықтау желілерінің тозуы – 66%, су бұру – 77%.

Биыл мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 13,8 млрд теңге сомасына 90 жоба іске асырылды.

Жыл қорытындысы бойынша 300 кмден астам (қалаларда 128,3 км, ауылдарда – 174,8 км) су құбыры және кәріз желілерін салу және реконструкциялау жоспарланған.

01.01.2021 ж. жағдай бойынша 378 км су құбыры мен кәріз желілері салынып, қайта жаңартылды.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Есіл ауылының 25 км су құбыры желісін қайта жаңарту аяқталды, бұл халыққа (1 431 адам) сапалы ауыз суды үздіксіз және апатсыз беруді қамтамасыз етеді;

Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау

2020 жылы барлығы 4,7 км магистральдық жылу желілері жаңғыртылды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жылумен жабдықтаудың жаңғыртылған желілерінің үлесі 0,16%-ды (жоспардың 100%) құрады.

Бұдан өзге 2020 жылы «Қарағанды қаласының тұрғын үй алаптарын жылумен жабдықтаудың магистральдық желілерінің құрылысы (ұзындығы 22 км ЖЭО-3 жылу трассасы)» жобасын іске асыруды бастау үшін 350 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінде жылумен жабдықтау жүйелерін дамытуға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен 300 млн теңге және облыстық бюджет қаражатынан 50 млн теңге (қоса қаржыландыру) бөлінді.

Инженерлік желілердің тозу деңгейінің жыл сайын төмендеуі ауданда реконструкциялау және жаңғырту жобаларын қаржыландыру көлеміне байланысты 1-2% ауытқиды.

2020 жылы республикалық бюджеттен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жылумен жабдықтау саласында ауыспалы 4 жобаны іске асыруға 5,7 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді.

Жыл қорытындысы бойынша шамамен 8,2 км магистральдық жылу желілерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар орындалды, сондай-ақ Шахан кентінің қазандық ғимаратының құрылысы, қазандық жабдығын орнату және қосалқы ғимараттарды жайластыру бойынша жұмыстар орындалды.

1) «Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту. I кезек» 1 107 186 мың теңге, жалпы ұзындығы 5,8 км, 2019 жылы 2,5 км қайта жаңартылды, 2020 жылы жобаны іске асыруды жалғастыру үшін 1 621 220 мың теңге бөлінді.

2) «Қарағанды қаласының №5 сорғы станциясымен М10 жылу магистралін реконструкциялау» 1 621 220 мың теңге, жалпы ұзындығы 2,164 км, 2019 жылы 0,155 км реконструкцияланды, жобаны іске асыруды жалғастыру үшін 2020 жылы 2 747 709 мың теңге бөлінді.

3) «Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту. 2-кезек» 400 000 мың теңге, жалпы ұзындығы 11,4 км. 2019 жылы қажетті материалдар мен жабдықтар сатып алынды. Жобаны іске асыруды жалғастыру үшін 2020 жылы 550 237 мың теңге бөлінді.

4) «Шахан кентінің қазандығы мен жылу желілерінің құрылысы» 330 000 мың теңге, 2019 жылы қазандық негізін орнату бойынша жұмыстар орындалды. Жобаны іске асыруды жалғастыру үшін 2020 жылы 744 000 мың теңге бөлінді.

Бұдан өзге, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жылумен жабдықтау саласындағы 5 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға барлық қаржы көздерінен шамамен 5,2 млрд теңге бөлінді.

Бөлінген қаражатқа шамамен 18 км жылу желілерінің құрылысы мен қайта жаңарту бойынша жұмыстар орындалды, сондай-ақ Саран қ. орталық қазандығының құрылысы бойынша жұмыстар басталды. 

Жалпы, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қорытындысы бойынша облыстың шамамен 217 мың тұрғынын жылумен жабдықтау сапасы жақсарды, жылу желілерінің тозуы 59,4%-дан 58,4%-ға дейін төмендеді.

Газбен жабдықтау

Бүгінгі таңда Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында газ тарату желілерінің құрылысы жалғасуда. Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде, Осакаров ауданының Осакаровка кентінде, Шахтинск қаласының С. Сейфуллин кентінде газ тарату желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірленуде. ЖСҚ әзірлеуді осы жылдың ақпан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Жоғарыда көрсетілген аудандардың әкімшілік орталықтарында газ тарату желілерін салу алдағы уақытта жақын маңдағы ауылдар мен елді мекендердің 800 мыңнан астам тұрғынын газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2020 жылы облыстың 469 көппәтерлі тұрғын үйлерінің қасбеттері мен шатырларын жөндеуге барлық қаржы көздерінен 7,667 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді.

 

Сондай-ақ өткен жылдан бастап облыста жұмыс істемейтін лифтілерді қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыс басталды. 

Қарағанды облысының әкімдігі және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ 2019 жылғы 18 қарашада жұмыс істемейтін лифтілерді ауыстыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы меморандум жасасты. 

2020 жылы Қарағанды (65), Теміртау (30), Балқаш (3), Сәтпаев (2), Шахтинск (1), Жезқазған (1) қалаларында 1 млрд 224 млн теңгеге 102 лифт орнатылды. Сондай-ақ 2021 жылы жоспарда 100 лифт орнату көзделген.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу