Онлайн-емтихандар, қашықтан оқыту және прокторингті қолдану — қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу сессиясы қалай өткізіледі

Бүгін ОКҚ алаңында ҚР білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов пен елорданың жоғары оқу орындарының өкілдері жоғары оқу орындарындағы сессияның басталуы туралы айтты. 

 

ЖОО-да оқу қашықтан және аралас форматта жүріп жатыр

М. Дәуленов өз сөзінде атап өткендей, көктемгі семестрде де ЖОО-лар қашықтан оқыту форматында жұмыс істеді. Оқытудың басқа форматтарына қарамастан, жоғары оқу орындары қашықтан оқытуға барынша дайын болды. Бірақ көптеген ұйымдастырушылық мәселелер шешуді қажет етті. Ең бастысы, әрине, қашықтан оқыту форматында оқу процесін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету болды.

Осыған орай, вице-министрдің айтуынша, министрдің қашықтан оқыту процесін реттейтін бірқатар бұйрықтарына қол қойылды. Атап айтқанда, әдістемелік ұсынымдар қабылданды.

Сонымен қатар күзгі семестрге дайындалу үшін Министрлік қашықтан оқытуға дайындық бойынша чек-парақты дайындады. Аталған чек-парақ Адал-Білім жобалық кеңсесінің қолдауымен жасалды және 105 параметрден тұрады, сондай-ақ жоғары оқу орындарының өздері чек-парақтың осы параметрлеріне қаншалықты дайын екендіктерін анықтау үшін процестің өзін-өзі бағалауын жүргізді.

Бүгінгі таңда студенттердің 84%-ы қашықтан және 16%-ы аралас форматта оқып жатыр.

Сондай-ақ М. Дәуленов ВАК-та коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша тиісті шешім қабылданғанын, оған сәйкес педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік және АТ бағыттары бойынша оқыту тек онлайн-режимде жүзеге асырылатынын хабарлады.

Медицина, инженерия секілді әрі қарай қашықтан оқыту қиындық туғызатын мамандықтар аралас форматта оқытылып жатыр. Осылайша, офлайн және онлайн оқытуды қолдана отырып, аралас формат «Жаратылыстану ғылымдары», «техникалық ғылымдар», «Ауыл шаруашылығы», «Денсаулық сақтау», «Өнер» секілді салаларда қолданылады. Бұл жағдайда дәрістер мен семинарлар онлайн режимінде өткізіледі. Зертханалық және практикалық сабақтар санитарлық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, күндізгі форматта өтеді.

 

ЖОО-лар қашықтан білім беру үшін қажетті цифрлық инфрақұрылыммен жабдықталған

«Әрине, ЖОО-лардың инфрақұрылымына қатысты сұрақтар әуел бастан болды және олардың қашықтан оқыту формасына көшуі көптеген жылдар бойы дайындық тұрғысынан болжамды процесс болды. Жоғары оқу орындары серверлік мүмкіндіктерді нығайтып, түрлі жүйелерді, яғни білім беру платформаларын сатып алды, байланыс арналарын кеңейтті», — деп атап өтті М. Дәуленов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, оқытушылар мен студенттерді цифрлық дағдыларға оқытуға, ноутбуктер сатып алуға, виртуалды зертханаларда оқытуға байланысты мәселелер туындады. Қашықтан оқытудың сапасы мен деңгейін қамтамасыз ету үшін қаражат бөлу қажет болды. Бүгінгі таңда ЖОО-лар АТ инфрақұрылымға инвестициялау бойынша үлкен жұмыс атқарды. Білім министрлігі оқу құнын көтермеу туралы ұсыныстар берді. ЖОО-лар, вице-министр атап өткендей, бұл міндетті сәтті орындады.

 

ЖОО жатақханаларында тұру және қашықтан оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған

М. Дәуленов атап өткендей, жоғары оқу орындары интернетке немесе қажетті компьютерлік техникаға қол жеткізе алмайтын білім алушыларға қолдау көрсетеді. Олар үшін жатақханаларда санитарлық-эпидемиологиялық режимді, қашықтан оқытуды сақтай отырып, өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. 

Бүгінде барлық жатақханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Сонымен қатар егер семестрдің басында жатақханаларда шамамен 15 мың студент тұрса, бүгінде 7 мың студент тұрады. 

«Бұл, ең алдымен, шалғай өңірлерде интернет қолжетімсіз жерде тұратын студенттер», — деп атап өтті М. Дәуленов.

Оқу залдары, компьютерлік сыныптар, конференц-залдар, тұрмыстық және душ бөлмелері жабдықталған, Интернетке сымсыз қосылу желісі жұмыс істейді.

Әрбір жатақханада қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды болдырмау үшін жауапты тұлғалар анықталды.

 

ЖОО-ларда емтихан академиялық күнтізбеге сәйкес өтеді 

«Кейбір студенттер интернеттің жоқтығынан кейбір емтихандар немесе сессия болмайды дегенді айтып жүр. Олай емес. Жазда студенттермен әңгімелесу жүргізілді және олардың барлығы интернетке қосылумен байланысты қиындық туындаған жағдайда жатақханаларда оқи алатындығы туралы хабардар етілді», — деді М. Дәуленов.

Вице-министрдің айтуынша, ЖОО-лар аймақтарға бөлу, қашықтан оқытуға арналған жүйелерді орнату жүргізілген сабақ оқытуға арналған бөлмелерді дайындауға қомақты қаражат жұмсады. Жатақханаларда да санитарлық сипаттағы тиісті шаралар қабылданды.

 

Сессия кезінде студенттердің барлық жазбаша жұмыстары плагиатқа тексеріледі

М. Дәуленов сондай-ақ ҚР БҒМ әзірлеген шектеу шаралары кезінде оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ЖОО-лар аралық және қорытынды аттестаттау рәсімін прокторинг жүйесімен, сондай-ақ студенттердің барлық жазбаша жұмыстарын антиплагиат жүйесі арқылы бірегейлігіне тексеру қамтамасыз ететініне назар аудартты.

«Бұл жүйе пандемиядан бұрын әзірленген. Қазіргі уақытта алуан түрлі прокторинг жүйелері пайдаланылады», — деді М. Дәуленов.

Вице-министрдің айтуынша, академиялық адалдық туралы сөз болғанда бұл студенттің өз білімін, өз құралдарын пайдалануы және емтиханды адал тапсыруы тиіс дегенді білдіреді.

Мысалы, елдің медициналық жоғары оқу орындарының бірінде студенттер проктерингті қолдана отырып өздерін емтихан тапсырудан босатуды сұраған жағдай болды.

«Бірақ медициналық жоғары оқу орындарының студенттері бұл туралы сұраса, біз қандай дәрігерлерді аламыз деген сұрақ туындайды. Студенттер емтихан тапсыра алмаймыз деп қорқады, қандай да бір академиялық адалсыздық болады деп алаңдайды. Біз әсіресе, медициналық жоғары оқу орындарының студенттері үшін бұл дұрыс емес деп санаймыз», — деді вице-министр.

Осы қыста сессия тиісті шараларды сақтай отырып, штаттық режимде өтеді. Сонымен қатар, қашықтан оқитын студенттер бұл сессияны қашықтан форматында тапсыратын болады.

Вице-министр атап өткендей, биылғы сессия негізінен ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. 26 қарашадан бастап жоғары оқу орындарында сессия басталды. Күндер әр университеттің академиялық күнтізбесіне байланысты. ЖОО-дағы сессиялар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Яғни, барлық студенттер жаңа жылға қарай барлық емтихандарын тапсырып, демала алады.

«Бүгінгі таңда академиялық үлгермеушілік жоқ. Қандай да бір академиялық қарызы бар студенттер академиялық кредиттерін жазғы семестрге ауыстырып, пәндерді сол кезде тапсыра алады», — деді М. Дәуленов.

Практика өткізу мерзімі ауыстырылды және олардың бір бөлігі санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, студенттердің өз қалаларында өткізілді.

 

ҚР ЖОО-ларында білім алушылар контингенті

Қазақстанда 128 жоғары оқу орны бар. Білім алушылар контингенті 600 мыңнан астам адамды құрайды.

2020-2021 оқу жылында қабылдау 169 196 адамды құрады, өткен оқу жылында жоғары оқу орындарын 149 756 адам аяқтады.

Өз кезегінде, М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры Талғат Нәрікбаев пандемия еліміздің барлық жоғары оқу орындарын қашықтан оқыту форматына көшуге ғана емес, оқыту сапасын бұрынғы деңгейінде сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға мәжбүр еткенін атап өтті.

«Бүгінгі студенттер — еліміздің ертеңі. Студенттердің нақты білім алғанына көз жеткізу үшін үнемі ағымдағы бақылау және онлайн-прокторинг жүргізіледі. Сондықтан сапалы оқытудың белгілері барлық студенттердің оқу мазмұнына үнемі қолжетімділік, тұрақты жұмыс істейтін платформаның болуы, сабаққа қатысу және материалды игеру болып табылады. Емтихан тапсыру кезінде прокторинг қолданылады, бұл студенттің қашықта болуын бақылауға, емтихан тапсыру кезінде бақылауға мүмкіндік беретін электрондық жүйе. Компьютер бақылауға алынған және студенттің емтиханды нақты өзі тапсырып, көшіріп отырмағанын көруге болады», — деді Т. Нәрікбаев.

Оның айтуынша, осы жылдың қыркүйек айында онлайн-емтихандарға қойылатын талаптар қабылданды. Бұл адамның жеке басын сәйкестендіру (қашықтан, автоматты), процесті жазу (үздіксіздік, уақыт шегі), сонымен қатар жазбалар мен оқиғалар журналдарын сақтау.

БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, «Астана» университетімен сот процестері жалғасып жатқанын, мәселе құқықтық салада шешілетінін еске салды.

«Мұнда екі негізгі мәселе бар. Бірінші кезекте – ұсынылатын білім беру сапасы мәселесі, өйткені студенттер мен оқытушылар тарапынан жеке өтініштер келіп түседі және осыдан кадрларды даярлау қалай жүріп жатыр деген сұрақ туындайды. Екінші жағынан, университеттің өзі министрлікке студенттер мен оқытушылардың саны туралы ақпарат береді. Алайда, іс жүзінде, университет бүгінде микрокәсіпкерлік субъектісі ретінде ұсынылады, ал Кәсіпкерлік кодекс бойынша микрокәсіпкерлік ұйымда 15 қызметкерден аспауы тиіс немесе жылдық айналым 30 мың АЕК-тен аспауы тиіс. Әрине, университетке кадрларды даярлау сапасына қатысты үлкен сұрақ бар», — деді Г. Көбенова.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу