Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Репортаж: Алматыда «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтуде

Жұма, 31 Қаңтар 2020, 15:01:25

Алматыда ЕАЭО елдерінің Премьер-Министрлерінің қатысуымен «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы басталды. Үкімет басшылары өткен жылдың қорытындысын шығарып, Одаққа кіретін мемлекеттерді цифрландыру саласында қандай жетістіктерге жеткенін атап өтті. PrimeMinister.kz редакциясы форум алаңынан репортаж дайындады.

Қаңтардың соңғы күні Қазақстанның оңтүстік астанасына Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің — Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан Үкіметтерінің басшылары келді. Таңертеңнен бастап «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына саяси көшбасшылар, жетекші CEO, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар жиналды. Биыл форум үлкен деректер (Big Data) және жасанды зерде негізінде өңірдің тұрақты дамуын құру жолдарын талқылауға арналған. Айта кету керек, цифрлық форум 2017 жылдан бастап жыл сайын Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен өткізіледі. 

Форум Қазақстан, Ресей Федерациясы, Беларусь, Молдова Премьер-Министрлері, Қырғызстан мен Арменияның вице-премьерлерінің қатысуымен «Деректер мен жасанды зерде негізінде тұрақты аймақты құру» тақырыбында пленарлық сессиямен ашылды.

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин форум қатысушыларына арнап сөз сөйледі. Қазақстан Үкіметінің басшысы бұл Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін және осы бағыттағы Одақ елдерінің ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін Алматыда бас қосатын жыл сайынғы іскерлік дәстүрге айналғанын атап өтті.

«Бүгінде әлемдік экономиканың дамуына елеулі әсер ететін цифрлық технологиялар мен инновациялар қарқынды даму үстінде. Елдеріміздің сапалы дамуында шешуші рөл атқаратын жасанды зердені дамытуға ерекше көңіл бөлінеді», — деді Асқар Мамин.

Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Сергей Румас өз кезегінде форум өткен жылмен салыстырғанда өскенін, бірақ өз форматын өзгертпегенін айтты.

«АТ-елді құру бойынша алдымызға үлкен мақсат қоя отырып, біз экономиканы қайта құру және оны цифрлық жолға көшіру бойынша сын-тегеурінді қабылдадық. АТ-саласын дамудың ұлттық басымдығы ретінде анықтай отырып, мемлекет қажетті бастапқы шарттарды қалыптастырды. Беларусьте дамыған және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін мәліметтерді беру, сақтау, өңдеу инфрақұрылымы, сәйкестендіру тетіктері, ақпаратты қорғаудың заманауи құралдары құрылды», — деді С. Румас.

Молдова Республикасының Премьер-Министрі Ион Кику өз сөзінде Молдовада бүкіл қоғамды трансформациялау мен жаңғыртудың негізгі қозғалтқышы ретінде АТ-секторды шоғырландыруға және цифрлық экономиканы дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін хабарлады. АТ-секторы ұлттық экономиканың аса дамыған және серпінді секторларының біріне айналды. Молдова Республикасының ақпараттық технологиялар индустриясында соңғы жылдары серпінді өсім байқалуда.

«Индустрия айналымы үш жылда екі еседен астам өсті. Ұлттық экспорттың өсуінде де осындай қарқын байқалады», — деді И. Кику.

Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин Цифрлық форумның қысқа уақыт ішінде цифрлық трансформация мен жаһандық экономиканың келешегі, сондай-ақ ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі талқыланатын іскери алаңға айналғанын атап өтті. Ол Форум аталған мәселелердің ЕАЭО-ның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалының маңыздылығын жақсы түсінуге мүмкіндік беретіндігіне және өте күрделі заманауи сын-тегеуріндерге жалпы жауаптарды әзірлеуге ықпал ететіндігіне сенім білдірді. Осы сын-тегеуріндердің барлығын РФ Үкіметі Төрағасының сөйлеген сөзі сүйемелденетін қысқа роликте Ресей тарапы тұжырымдады.

«Цифрландыру жаһандық бәсекелестіктің кілтіне айналды және көшбасшылық позицияларға қол жеткізу біздің елдерімізден адамдардың өмірі мен бизнесті жүргізу үшін ең жақсы жағдайлар жасау бойынша аса өршіл міндеттерді қоюды талап етеді», — деді Михаил Мишустин.

Ол осы міндеттердің негізгілерін атап өтті. Бұл — Одақта бірыңғай цифрлық сәйкестендіру жүйесін қалыптастыру, деректерді қорғау, тауарлар мен қызметтерді құжаттамалық-физикалық қадағалау жүйесімен жұмысты жалғастыру және т. б.

Армения Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян мұндай алаңдар стратегиялық маңызды болып табылатынын атап өтті, өйткені одан әрі қозғалу үшін дұрыс бағытты көрсетеді және ЕАЭО платформасында АТ-саласындағы күш-жігерді шоғырландырудың дұрыс векторын береді. М. Григорян Арменияда не болып жатқанын және онда АТ-даму мәселелерін қалай қабылдайтынын, бұл мәселені ЕАЭО алдында тұрған мәселелер мен міндеттермен қалай салыстырып қарауға болатынын айтты.   

Қырғызстан Республикасының Вице-Премьер-Министрі Жениш Разаков бүгінгі таңда цифрландыру Қырғызстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі екенін айтты.

«Өткен жылы біз ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға ықпал ететін нормативтік-құқықтық актілердің үлкен пакетін қабылдадық. Қазіргі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес мақсатында тауарларды таңбалаудың пилоттық жобасы қисынды аяқталуға жақындап келеді, бұл келешекте тауарлардың қадағалануына қолайлы жағдай жасайды», — деді Жениш Разаков.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян цифрлық салада ЕАЭО алдында тұрған негізгі трендтер мен сын-тегеуріндер туралы айтып берді.

«4 жыл бұрын біз Еуразиялық цифрлық платформаны әзірлеу қажет деген бастама көтерген кезімізде, біздің елдеріміз оған әзір болған жоқ. Бізді ол үшін жаңа өкілеттіліктерге ие болғысы келеді деп сынады. Бүгін мен барлық Премьер-Министрлердің біздің бірге жұмыс істеп, өз әлеуетімізді іске асыруымыз керектігі жайлы айтқандары үшін қуаныштымын. Біздің алдымызда тұрған жаһандық сын-тегеруіндер үш жыл бойы Еуразиялық одақтың цифрлық күн тәртібінде іске асырылып келеді, мен мұны цифрлық трансформацияны басқару проблемасы деп санаймын», — деді Тигран Саркисян. 

           

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд тұрақты даму мақсаттарына жету үшін ауқымды деректер мен жасанды зерденің рөлінің қандай екенін және ЕАЭО-ға қатысушы елдердің күш-жігер біріктіруден бастап тұрақты дамуды құруға дейінгі синергияны қалай пайдалана алатыны туралы пікірімен бөлісті. 

«Демек, сөз 2030 күн тәртібі туралы болып отырғанда, жасанды зерде мен ауқымды деректер үлкен әлеуетке ие болады. Медициналық диагностика – бұл жасанды зерде пайдаланылған жағдайда ауруларды жылдамырақ әрі арзанға диганостикалауға мүмкіндік беретін әдеттегі түсініктердің бірі. Білім беру саласына қолжетімділік те едәуір көлемде қолжетімді болуы мүмкін», — деді Фабрицио Хохшильд. 

 

Сонымен қатар, сессияға Amazon Web Services үкіметті трансформациялау жөніндегі директоры Лиам Максвелл, 01 Edu system негізін қалаушы Николя Садирак, Ұлыбританияның Мемлекеттік цифрлық қызмет директоры (GDS) (National, International&Research) Крис Фергюсон қатысты. 

Форум Digital Almaty Awards сыйлығын табыстау салтанатымен жалғасты.

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин, Армения Республикасының Премьер-Министрі Мгер Григорян, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Сергей Румас, Молдова Республикасының Премьер-Министрі Ион Кику, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Қырғыз Республикасының Вице-Премьер-Министрі Жениш Разаков «Қала үшін үздік АТ-жоба», «Үздік стартап-жоба», «Big Data — үздік компания», «Мемлекеттік сектордағы үздік АТ-жоба», «АТ бойынша жыл әйелі», «Жылдың АТ-чемпионы» номинациялары бойынша сыйлықтарды табыстады. 

Форум алаңында ерекше көрме өтті, онда қазақстандық стартаптар мен АТ-чемпиондар өздерінің бірегей жобаларын ұсынды. 

Ұсынылған жобалардың бірі — Kazdream Technologies компаниясы ауқымды деректер мен жасанды зерде негізіндегі жобаларды әзірлеумен айналысады. Компания ұялы байланыс операторларының, әлеуметтік желілердің, мемлекеттік деректер қорының мәліметтерін жеке деректерге байланыссыз кіріктіреді және сараптама жасайды, оның мемлекеттік органдар өз жұмысында пайдаланады. 

Компанияның негізін қалаушы Дәурен Төлебаев компания құру идеясы қалай туындағанын айтып берді. 

«Мен – деректер фанатымын. Мен деректерді, оларды сараптағанды, оларды жинақтағанды жақсы көремін. Мен үшін деректер көп болған сайын мен соншалықты бақыттымын. Сен неғұрлым бұл деректерді көбірек алсаң, соғұрлым жақсы. Мен біздің жобаларды деректердің “нәрін жинаушы” деп атаймын. Басқаша айтқанда, деректерді алып, шырынсыққышқа салып, нәтижесінде процестерді автоматтандыруға көмектесетін жобалар аламыз», — деді Д. Төлебаев.

Сонымен қатар көрмеде CTO & Project Manager компаниясы ұсынылды, ол адамның жүзін тану арқылы уақытты есепке алу және қолжетімділікті бақылау бойынша бағдарламалық қамтуды әзірлеген. 

«Келушілер, қызметкерлер мен клиенттер үшін нысандарға кіру GPS-координаттарды сақтаумен мобильді қосымша арқылы локациядан тыс биометриялық есептегіш арқылы бақыланады. Барлық деректер “бұлтта” жиналады және клиент кез келген уақытта әлемнің кез келген нүктесінен кіріп, өз қызметкерлерінің келу статистикасы мен сараптамасын тексере алады», — деді компания өкілі Арман Ерназаров.   

         

Форум аясында өзекті тақырыптарға тақырыптық панельдік сессиялар, воркшоптар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, екіжақты кездесулер өтеді. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.