02 Желтоқсан 2024, 18:07
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров валюта нарығындағы ахуал мен оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы мәлімдеді.
Соңғы бірнеше аптада валюта нарығында белгілі бір ауытқулар байқалып, ұлттық валюта бағамы әлсірегені атап өтілді. Осыған байланысты, азаматтар мен бизнестің алаңдаушылығын ескере отырып, Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үйлестірілген шаралар қабылдауда.
Нұрлан Байбазаров ұлттық валютаның бағамының түзетілуі тек сыртқы фундаменталды факторлардың ықпалынан туындаған құбылыс екенін атап өтіп, олардың негізгі үшеуіне тоқталды:
«Мұндай жағдайда азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатының нашарлауына жол бермеу және кәсіпкерлерге теріс әсерін азайту Үкіметтің басты міндеті болып саналады. Экономика мен халық үшін ықтимал теріс салдарды тұрақтандыру әрі барынша азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады», — деп мәлімдеді Нұрлан Байбазаров.
Оның айтуынша, Үкіметте ресурстар мен құралдар жеткілікті.
Тұтыну бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша
«Тұтыну тауарлары бағасының тұрақтылығын сақтаудың маңызын жете түсінеміз әрі Ұлттық банкпен және ЖАО-мен бірлесіп, инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды, оның ішінде ішкі нарықты тауарлармен толтыру, бәсекелестікті қорғау, сыртқы сауданы реттеу мен тарифтерді реттеуді жалғастырамыз», — деді спикер.
Вице-премьер осындай әрекеттердің арқасында Қазақстанда 2023 жылы жылдық инфляция 20%-дан 9,8%-ға дейін төмендеп, 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 8,4%-ды құрағанын айтты.
Брифингте Үкіметтің жағдайды қадағалап отырғаны әрі әлеуметтік маңызы бар заттарға қатысты экономикадағы бағаларды тежеуге бағытталған шараларды қабылдайтыны айтылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін жаңа өнімнің қоры пайдаланылады.
Қысқы және көктемгі маусымаралық кезеңде азық-түліктің айтарлықтай қоры қалыптасты. Тұрақтандыру қорлары, сауда нысандары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қоймаларында 826 мың тоннадан астам негізгі азық-түліктің 29 түрі бар. Бұл қорлар сақтау мерзімін ескере отырып, жүйелі түрде толықтырылады және еліміздің бірнеше айлық қажеттілігін өтеуге жеткілікті.
«Жаңа жылдық мерекелер жақындағандықтан, мүмкін болатын баға өсімін тежеу үшін қосымша шаралар қабылдануда. Өңірлерде тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Қысқы және маусымаралық кезеңде бағаны одан әрі тұрақтандыру үшін ақпан айының басында тұрақтандыру қорларынан көкөністерді шығаруды бастау жоспарлануда, бұл нарықты қажетті өнім көлемімен қамтамасыз етуге әрі баға ауытқуының алдын алуға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Н. Байбазаров.
Өңірлік комиссиялардың қызметі шеңберінде бағаның өсуіне талдау жүргізілуде, өнімсіз делдалдар анықталып, тауарлық үстеме бағаның асып кету фактілері қаралуда. Осы жылы аталған комиссиялардың қызметі фискалдық-бақылау және күштік органдарды (БҚДА, ҚМА, ҚР МКК) тарту арқылы күшейтілді.
Маусымаралық кезеңде ішкі нарықты көкөністермен толықтыру үшін жақын шетелден ерте пісетін көкөністерді жеткізу үшін жасыл дәліз ұйымдастырылуда.
Сауда саласында бизнеспен өзара тығыз байланыс жүзеге асырылады.
«Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалуда және толық көлемде орындалатын болады. Бұл Үкіметтің басым бағыттарының бірі», — деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.
Әлеуметтік төлемдерді өсіру бойынша
Осы жылдың қаңтар айынан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, барлық зейнетақылар мен жәрдемақыларды жыл сайынғы индекстеу жүзеге асырылды (жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 7%-ға, ортақ зейнетақы 9%-ға).
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ортақ зейнетақыны 8,5%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақыны 6,5%-ға жыл сайынғы индекстеу жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен өсіру жалғасуда.
2025 жылға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік төлемдердің 42 түріне 6 трлн теңгеден астам сомада шығыстар көзделген. 2024 жылмен салыстырғанда өсу 12,5%-ды құрайды (немесе 671,0 млрд теңгеге).
Балалары бар отбасыларды қолдау
Балалары бар 2 млн-ға жуық қазақстандық отбасы республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақылармен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдермен қамтылды.
2025 жылдың басынан бастап балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың барлық мөлшері 6,5%-ға индекстелетін болады.
Жалпы, 2025 жылға арналған республикалық бюджетте балалары бар отбасыларға жәрдемақы төлеуге 875,1 млрд теңге қарастырылған.
Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау
Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау атаулы әлеуметтік көмек көрсету арқылы жалғастырылатын болады.
Осы жылдың 1 қарашасына атаулы әлеуметтік көмекті 76,0 мың отбасы немесе 403,0 мың адам алды.
«Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәсілдерін қайта қарау шеңберінде азаматтардың шығыстарын ескере отырып, отбасының цифрлық картасын пайдалану арқылы атаулы әлеуметтік көмектің трансформациясы, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен біріктіру күтіп тұр», — деді спикер.
Білім алушыларды қолдау бойынша
Сонымен қатар 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап шәкіртақы мөлшері бакалавриат бағдарламасы бойынша 20%-ға, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға өсті.
Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы да 18%-ға ұлғайтылды, 2025 жылғы қаңтардан бастап тағы да 17%-ға өсетін болады.
Үкімет инвестицияларды ынталандыру және экономиканы әртараптандыру жөніндегі белгіленген жоспарларды іске асыруды жалғастырады.
Мұнай-газ химиясы, машина жасау, металлургия және агроөнеркәсіптік кешенде жоғары қайта бөлудің 17 ірі жобасын іске асыру басталды.
Экономикаға үлкен инвестициялар құйылуда
Биыл тек Мемлекет басшысының ауқымды бастамаларын іске асыру шеңберінде экономиканы қаржыландыру 2 трлн теңгеден асты (тұрғын үй құрылысы, өңірлерді газдандыру, ТКШ жаңғырту, көлік инфрақұрылымы).
Осы жылы жалпы сомасы 40 трлн теңгеге жуық ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды 2029 жылға дейін іске асыру басталды.
Жыл соңына дейін Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба қабылданады.
Фермерлерді қолдау жалғасады. Келесі жылға көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бүгінгі таңда фермерлерден өтінімдер қабылдануда.
#Брифинг #Нұрлан Байбазаров #Экономика«Біздің экономикамызға шетелдік капиталды тарту бойынша жұмыс күшейтілді. Бизнес үшін жағдайды жақсарту және экономиканы ырықтандыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасады. Біз Үкімет бағдарламаларын іске асырудан экономикаға шетел валютасының түсуі валюта нарығын тұрақтандыруға әсер етеді және экономиканың одан әрі өсуіне ықпал етеді деп күтеміз», — деп түйіндеді баспасөз мәслихатын Н. Байбазаров.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу