Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ТЖ кезіндегі жұмыс, жаңа технологияларды енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — ҚР ІІМ басшысы халық алдында есеп берді

Сейсенбі, 09 Маусым 2020, 20:19:31

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халықпен есептік кездесуінде ведомствоның 2019 жылы атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері туралы айтып берді.

Е. Тұрғымбаевтың айтуынша, бүгінде ІІМ жүйесі өз жұмысының ашықтығы мен айқындылығы принципін көрсетіп, халықтың сенім деңгейін арттыру және «кері байланыс» орнату шараларын қабылдап жатыр.

Бұл үшін бірінші кезекте азаматтарды қабылдау тәртібі қайта қаралды. Енді облыстық департаменттердің, аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдерінің басшылары, олардың орынбасарлары апта сайын осы жұмыстарды жүргізеді. Министрліктің өзінде де қабылдау белсенді түрде жүзеге асырылуда.

«Тек өткен жылы мен 326 адамды (биыл – 111), менің орынбасарларым 309 адамды (биыл – 87) қабылдадық. Азаматтардың жолға, елордада тұру шығындарын болдырмау мақсатында тікелей өңірлік департаменттерден бейне байланыс арқылы өтініштерді қабылдау ұйымдастырылды. Бұл шешім қабылдауды жеделдетуге мүмкіндік береді», — деді министр.

Қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде «Азаматтар үшін қабылдау бөлмесі» құрылған, онда халыққа консультациялық көмек көрсетіледі.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және «кабинеттік жүйеден» өту аясында «Жолдағы қабылдау» акциялары тұрақты түрде өткізіледі. Осындай «дала» кеңестерін өткізу азаматтарға полициямен жеке байланыс жасауға мүмкіндік береді, ал, өз кезегінде, полицияда халықпен тиімді өзара іс-қимылды жолға қою мүмкіндік пайда болады.

Акция жүргізіліп басталғаннан бері 184 мың азаматқа кеңес берілді. 193 мыңнан астам өтініш қаралды, оның ішінде полицияның жұмысын жақсартуға қатысты 26 мың ұсыныс. 

 

Азаматтардың пікірі полиция жұмысын бағалаудың негізгі өлшемі ретінде пайдаланылады

Халықпен өзара іс-қимылды жақсартуға полиция органдарының басшылары мен учаскелік инспекторлар өткізетін есептік кездесулер ықпал етіп жатыр. Осындай іс-шаралар барысында азаматтардан құқықтық тәртіпті нығайту және нақты аумақта полиция жұмысына қатысты ұтымды ұсыныстар келіп түседі.

Ішкі істер министрінің блогы бар, онда жыл басынан бері 2 мың өтінішке жедел түсініктеме берілді.

Әлеуметтік желілерде полиция департаменттері басшыларының жеке аккаунттары ашылды, онда олары тікерей эфирге шығып, халықпен байланыс жасайды.

Халықпен «кері байланыс» жасау жетілдіріліп келеді. «Polisia.kz» жаңалықтар медиа-порталы құрылды, онда азаматтар мен БАҚ өзекті, жедел әрі сенімді ақпарат ала алады.

 Сонымен қатар «Сұрақ-жауап» бөлімі бар, онда бірде-бір хабарлама қараусыз қалмайды. Онда ең жиі қойылған сұрақтардың жауаптары орналастырылған. Бүгінгі таңда бұл сайтты интернет желісінің 15 мыңға жуық пайдаланушысы оқиды.

«Қоғамның полиция қызметіне деген үлкен қызығушылығын ескере отырып, серіктестік қарым-қатынас орнату үшін біз әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдаланамыз. Жақында Facebook-те "азаматтарға арналған қоғамдық онлайн қабылдау" іске қосылды. Біз қауіпсіздік жағдайын жақсартуға қатысты ұсыныстар мен тілектерді ескеруге қашан да әзірміз», — деп атап өтті министр.

Сонымен қатар өткен жылдан бастап азаматтардың қоғамдық пікірі полиция жұмысын бағалаудың негізгі өлшемі ретінде пайдаланылады. Ол үшін тәуелсіз институттар әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Айта кету керек, өткен жылдың нәтижелері жалпы полицияға халықтың 89%-ы сенетінін көрсетті, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш одан да жоғары (92%).



ҚР ІІМ автоматтандыру жүйесін 91%-ға жеткізуді жоспарлап отыр

Бүгінгі таңда Ішкі істер министрлігінде жаңа ақпараттық технологиялар енгізіліп жатыр.

Қағаз анықтамаларды алып тастау және барлық мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2019 жылы 24,5 млн қызмет көрсетілді.

Бұл, біріншіден, сыбайлас жемқорлықты жояды. Екіншіден, қарапайым азаматтардың уақытын үнемдейді. Үшіншіден, «Электрондық үкімет» порталы арқылы үйде отырып, мәселені шешуге мүмкіндік береді.

Нақты нәтижелерге қол жеткізілді:

  • Мекенжай анықтамаларын беру жойылды. Бұған дейін бұл анықтаманы алу үшін жылына 10 млн адам кезекте тұратын.

  • Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізге уақытша келген шетелдіктер тіркеуден өтпейді. Көші-қон қызметіне шақырылғандар өз бетінше хабарласуы тиіс.

  • Ішкі істер министрлігі көрсететін қызметтердің 83% электронды форматқа ауыстырылды. Жыл соңына дейін көші-қон саласында тағы бірнеше қызмет онлайн-жүйеге көшеді. Соның нәтижесінде 200 қызметкер басқа жұмысқа ауыстырылады.

  • Авто ХҚКО-лардың тіркеу-емтихан бөлімшелері жабылды және қызметкерлер мен азаматтар арасында тікелей байланыс болмауы үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына берілді. Жүргізуші куәлігін, нөмірлерді беру, көлікті тіркеу, сынақ тапсыру — осының барлығы енді ХҚКО-да жүзеге асырылады. Бұл сыбайлас жемқорлықты болдырмайды.

Жолдардағы бақылауды күшейту үшін ЖҚЕ бұзушылықтарын автоматты түрде тіркеу жүйесі енгізілуде. Тек соңғы жылы олардың саны 3 есеге артты. Осындай заманауи жүйелерді қолдану полицейлердің азаматтармен байланысын азайтуға, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға мүмкіндік берді. Олардың көмегімен республика бойынша жыл сайын 1,5 млн-нан астам тәртіп бұзушылық анықталды, бұл барлық ЖҚЕ бұзушылықтарының 40%-ға жуығын құрайды, ал елорда үшін бұл көрсеткіш 65%-ға тең. Ел бюджетіне 8 млрд теңгеден астам қаражат өндіріледі.

Мобильді қосымшалар, SMS-хабарламалар және пошта байланысы арқылы салынған жазалар туралы хабарламаларды жіберу тәжірибесі кеңеюде. Электрондық әкімшілік өндіріс саласы дамуда.

Патрульдік полиция қызметкерлері электронды планшеттермен (13 мың) және айыппұлдарды қолма-қол ақшасыз төлеу терминалдарымен жабдықталған. Бұл хаттамалар толлтыру уақытын қысқартады, тәртіп бұзушыны есепке алу бойынша тексеруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ айыппұлды ұсталған жерінде төлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл — сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара, өйткені енгізілген мәліметтер деректер базасынан алынбайды.

Сонымен қатар жақын арада жүргізушілерге өзімен бірге бірнеше құжатты — жүргізуші куәлігін, техпаспортты, сақтандыру полисін және т. б. алып жүру қажеттілігі жойылады. Азаматтар өздерімен бірге жеке куәліктерін алып жүрсе болғаны. Қалған ақпараттар планшет арқылы тексеріледі. Қазіргі таңда заңнамалық түзетулер енгізіліп жатыр.

Бұған қоса полицейлер бейнетіркегіштермен жабдықталған (14,5 мың). Оларды пайдалану субъективті бағалаулар мен даулы жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Сотқа дейінгі іс жүргізу автоматтандырылады. Биыл барлық қылмыстық істердің үштен бірі электрондық форматта тергелді (30 мың). Мұндай форма қылмыстық процестің ашықтығын қамтамасыз етуге, тергеу мерзімін айтарлықтай қысқартуға, сондай-ақ бақылауды арттыруға жол ашты.


Төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау

Е. Тұрғымбаев атап өткендей, төтенше жағдай және карантин кезінде полиция қызметкерлері дәрігерлермен бірге COVID-19-бен күресте алдыңғы қатарда еңбек етті.

Ішкі істер министрлігі елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерді жұмсады. Төтенше жағдай кезінде 400 блок-бекет, 200 санитарлық бекет жұмыс істеді. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерде күзет қойылды. Аурудың алдын алу үшін тұрғын үйлер күзетке алынды. 9 мыңнан астам адамға іздеу жарияланып, табылды.

«Бұл жұмыстарға Ұлттық ұланның және ішкі істер органдарының 50 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылды. Өзінің жеке уақытын құрбан еткен, отбасыларынан алыста жүріп, Отан алдындағы және халық алдындағы борышын адал атқарған қызметкерлерге, сондай-ақ біздің жұмысымызға түсіністікпен қараған азаматтарға алғыс айтамыз. Үлкен үлес қосқан еріктілерге де алғыс білдіремін», — деді Е. Тұрғымбаев.

Сонымен қатар өткен жылы ішкі істер органдары бірқатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тап болды.

Олардың ішіндегі ең ауқымды әрі маңыздысы — Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймаларындағы оқ-дәрілер жарылысының салдарын жою және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Өткен қыс мезгілі қардың қалың жаууымен және қар басумен есте қалды. Полиция мен құтқарушылар күндіз-түні іздестіру шараларын жүргізді — 12 мыңнан астам адамды, оның ішінде 850 баланы эвакуациялады және құтқарды. Қар құрсауынан 5 мыңнан астам техника шығарылды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері күрделі метеожағдайларда өз өмірлерін қауіпке тігіп, адамдардың қаза болуының алдын алды.

Қысқы жауын-шашынды ескере отырып, су тасқыны жағдайының күрделену қаупі жоғары болды. Су тасқыны қатерінің алдын алу бойынша қабылданған шаралардың — қорғаныс бөгеттерін салу, жағалауды бекіту, елді мекендерді инженерлік қорғау және т. б. арқасында елімізде айтарлықтай су басуға жол берілмеді.

Өткен айда ІІМ бөлімшелері Түркістан облысының Мақтаарал ауданына шұғыл түрде жеткізіліп, онда Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуынан зардап шеккен халыққа көмек көрсетті.

Жыл сайын ІІМ-нің елеулі күштері табиғи өрттерді сөндіруге жұмылдырылады. Биыл 173 орман-дала өрті орын алды. Олардың ішінде ең ауқымдысы — ауыр тікұшақ техникасы қолданылған Шығыс Қазақстан облысының «Семей орманы» табиғи резерватында болған өрт.

Барлық жағдайларда ТЖ, полиция, әкімдіктер, басқа да мемлекеттік органдар мен еріктілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында ауыр салдарлар орын алмады.

Елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. Жыл басынан бері 4 мыңнан астам өрт жағдайы тіркелді. Өкінішке орай, оларда 147 адам қаза тапты. Сонымен қатар өрт сөндірушілер 470 адамды құтқарды, оның 134-і — балалар.

Көбінесе тұрғын үй секторындағы өрттер пеш және электр жабдықтарының ақаулығына байланысты. Осыған орай, тұрғын үйлерді аралап, мыңдаған өрт қауіпсіздігі бұзушылықтары анықталуда. Әкімдіктер мен демеушілердің көмегімен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үйлерде 95 мыңнан астам түтін мен газ датчигі орнатылды.

«Қазіргі таңда біз үшін ең өзекті мәселе – адамдардың суда қаза табуына жол бермеу. Мамыр айында ауа температурасының жоғарылауына байланысты, суға шомылу маусымының ресми ашылуына дейін 36 адам, оның ішінде 15 бала суға батып кетті», — деді министр.

Негізгі себептері — өз күштерін асыра бағалау, мас күйінде және жабдықталмаған жерлерде шомылу, балаларды су қоймаларының жанында қараусыз қалдыру.

Бүгінгі таңда елімізде шомылу үшін құтқару бекеттерімен жабдықталған 100-ден астам қалалық және 500-ге жуық жеке жағажайлар анықталған.


Елдегі криминогендік ахуалдың жай-күйі

Көптеген бағыттар бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Мәселен, жыл басынан бері қылмыс саны 38%-ға қысқарды. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, ұрлық, бұзақылық саны азайды.

Сонымен қатар отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар саны 25%-ға өсті.

«Төтенше жағдай кезінде, азаматтардың өзін-өзі оқшаулауына байланысты, дағдарыс орталықтарының жедел желілеріне келіп түскен зорлық-зомбылық құрбандарының өтініштерінің саны артты. Сондай-ақ, өкінішке орай, 10 жәбірленушінің тек 2-і ғана полицияға жүгінуге келіседі», — деді министр.

Олардың отбасылық жанжалқойларға қатысты қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 37 мыңға жуық қорғау ұйғарымдары шығарылды, құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты 4,8 мың ерекше талаптар белгіленді.

 

Интернет-алаяқтық саны онлайн-сатып алудың өсуімен артты

Қашықтан сатып алу, онлайн-қызмет тәжірибесін оқшаулау режимінде кеңінен қолдану интернет-алаяқтық санының еселеп өсуіне ықпал еткенін атап өту қажет. Мұндай қылмыстарды ашумен ІІМ құрылымындағы Киберқылмыспен күрес орталығы айналысады.

Жақында ғана Алматы қаласында интернетте астыртын әрекеттердің тұтас схемасын ұйымдастырған топ әшкереленді. Қылмыскерлер жалған-криптовалютаны айналымға енгізіп, 800-ге жуық азаматтан 1,3 млрд теңге ақша алған. Осыған байланысты Е. Тұрғымбаев азаматтарды электрондық төлемдермен операциялар жасау кезінде қырағы болуға шақырды.

Бұған қоса алаяқтар бұқаралық ақпарат құралдарында агрессивті жарнама орналастырады, оған белгілі тұлғалар тартылады. Мысалы, мұндай әдістер «Выгодный займ», «Гарант 24 Ломбард», «ESTATE Ломбард» микрокредиттік ұйымдарының қаржылық пирамидаларды құруында қолданылды. Олардың іс-әрекеттерінен 39 мың салымшы 8 млрд-тан астам теңгеден айырылды. Олардың көпшілігі қазір өте қиын материалдық жағдайда. Өз кезегінде, ІІМ елде және шетелдерде 3 компания құрылтайшысын (Молдова, Қырғызстан), 25 аймақтық филиал басшыларын (7-еуі – іздестірілуде) ұстады. Аталған қылмыстық іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында.

Технологиялардың дамуымен алаяқтық пен ұрлық түрлері ұлғаюда. Адамдарды алдау үшін, олардың бағалы заттарын, малдарын ұрлау, үйлерін тонау мақсатында қарақшылар түрлі тәсілдер ойлап табады.

Технологиялық ақпараттық қылмыстармен күресу үшін полиция қызметкерлері АТ-мамандарын тартады және ұрлық пен алаяқтықтың алдын алуға тырысады.

Біріншіден, 3 жылға арналған арнайы бағдарлама қабылданды. Екіншіден, ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Үшіншіден, мал ұрлығы туралы заңға арнайы бап енгізілді.

Ауыл тұрғындарына, шаруа қожалықтарына мал ұрлығына айтарлықтай зиян келтіреді, себебі мал көбінесе жалғыз табыс көзі болып табылады. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қылмыстық кодекске мал ұрлығы үшін дербес бап енгізілді.

Биыл 70% жағдайда (1014-тен 750-і) мал ұзақ уақыт бойы қандай да бір бақылаусыз жайылып жүрген жайылымнан ұрланған. Қараусыз жайылып жүрген мал жоғалып, басқа адамдар өздеріне қосып алатын жағдайлар көп. 

Сонымен қатар бақылаусыз жайылып жүрген мал жол-көлік оқиғаларының себебі болып отыр. Жыл басынан бері 24 малды соғу фактісі тіркелді, соның нәтижесінде 4 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алды. Сондықтан заңмен мәслихаттарға мал жаю ережелерін әзірлеу міндеті жүктелген. Бұл олардың иелерінің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.


Енді автобөлшектер қайда және қалай сатылады?

Тағы бір кең таралған ұрлық түрі — автобөлшектер ұрлығының алдын алуға ІІМ бастамашылық жасаған Ішкі сауда ережесіндегі өзгерістер ықпал етеді.

Енді бұрын қолданылған қосалқы бөлшектер тек мамандандырылған дүкендерде, сауда орындарында міндетті түрде шарт жасаумен, тауарды тапсырған тұлғаны көрсете отырып және бұйымның фотобейнесін қоса бере отырып сатылады.

Ұлттық банкпен бірлесіп Ломбардтарға арналған ереже әзірленді, олар ұрланған заттарды қабылдау және сату жағдайларын болдырмайды.

Ұрлық жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді бұл қылмысты қайталап жасау ауыр қылмыс санатына жатады – бұл қылмыскердің жәбірленушімен татуласуына және жазадан құтылуына мүмкіндік бермейді. Осының барлығы ұрлық санын шамамен 50%-ға (31,7 мыңға дейін) қысқартуға жол ашты.

 

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр

Жыл басынан бері 1 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 748 сату фактісі және 49 — контрабанда.

Есірткі бизнесі саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметі жойылды.

Заңсыз айналымнан 1,4 тонна есірткі тәркіленді.

Елге жасырын кіргізілген героин көлемінің қысқаруы аясында синтетикалық есірткі кеңінен қолданылуда. Биыл олардың заңсыз айналымымен байланысты 261 факті анықталып, жойылды.

26 кг астам осындай есірткі тәркіленді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 5,5 есе артық. Синтетикалық есірткілер жасап шығаруда да, сатуда да өзінің арзандығымен ерекшеленеді. Жыл басынан бері 3 жасырын нарколаборатория қызметі анықталып, тоқтатылды.

Есірткі саудагерлері интернет-ресурстар мен электрондық төлем жүйелерінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, есірткіні байланыссыз сату жолын белсенді түрде пайдаланады.

Осыған байланысты, аталған технологияларды пайдалана отырып жасалған есірткі қылмыстары үшін, сондай-ақ насихаттау және жарнамалау жолымен есірткі қолдануға тарту үшін жауапкершілік күшейтілді.

Қабылданған шаралардың арқасында осыған ұқсас 500 электрондық ресурс анықталды, есірткі бизнесінің электрондық мекен-жайлары бар 234 граффити-жазулар алынып тасталды (қылмыстық жауапкершілікке 13 адам тартылуда).

Сонымен қатар Шу алқабында жабайы өсетін сораның үлкен плантацияларымен жеке шикізат базасының болуы жағдайды қиындатады.

Бұдан басқа оңтүстік өңірлерде, әсіресе Қызылорда облысында «үнді сорасын» өсіру фактілері тіркелген. Сондықтан маусым айының басынан бастап «Қарасора» ауқымды жедел алдын алу шаралары қолға алынған.

Жалпы, қабылданған шаралардың нәтижесінде, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, өткен 12 жыл ішінде есірткіге тәуелділердің тұрақты төмендеу үрдісі байқалады.


Патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысы 65%-ға өсті

Е. Тұрғымбаев атап өткендей, ҚР ІІМ-де құқық бұзушылық туралы дабылдарға жедел ден қою мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл жерде ең үлкен жүктеме патрульдік полиция бөлімшелеріне жүктеледі, себебі олар бірінші болып оқиға орнына барады. Осыған байланысты осы қызмет нығайтылды. Көшелердегі жасақ саны артты. Жалақы мөлшері 65%-ға өсті (103 мың теңгеден 146 мың теңгеге дейін).

Сонымен қатар өткен жылдан бастап барлық автопатрульдер азаматтарды құтқару құралдарымен жабдықталған. Оларды өрт, ЖКО кезінде, суға батушыларды құтқару кезінде пайдалану зардап шеккендердің өмірін сақтап қана қоймай, ІІМ қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жол ашты.

Бұдан өзге, шетелдіктердің Қазақстанда болу уақытында жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа қызмет — туристік полиция құрылды.

Облыс орталықтарының неғұрлым криминогендік учаскелерінде, тұрғын үй алаптарының аулаларында модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттері орнатылған.

Алдын алу әсері практикамен дәлелденген бейнебақылау жүйелері кеңейтілуде. Республика бойынша барлығы 230 мыңға жуық бейнекамера жұмыс істейді. Бейнебақылау жүйесінің көмегімен мыңдаған қылмыс ашылып, жүздеген мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталуда.
 

Жасөспірімдер қылмысы айтарлықтай қысқарды

ІІМ қызметінің маңызды бағыттарының бірі — жасөспірімдер қылмысының алдын алу.

Ювеналды полиция «қиын» жасөспірімдермен (6 мың) және қолайсыз отбасылармен (11 мың бала тұратын) жұмыс жүргізуде. Пәндік профилактикамен мектеп полиция инспекторлары айналысады. Соның нәтижесінде жасөспірімдер қылмысы айтарлықтай қысқарды.

Сонымен қатар балаларға қатысты қылмыстар ерекше алаңдаушылық тудырады. Жыл сайын 2 мыңға жуық осындай қылмыс жасалады. Бұл — азаптау, ұрып-соғу, қорқытып алу, қауіпті жерде қалдыру. Олардың үштен бірі жыныстық жуыспаушылықпен байланысты.

«Өткен жылы Тараз қаласындағы мектептердің бірінің көшедегі дәретханасында қыз баланы зорлау фактісі анықталды. Бұл жағдай оқу орындарында қауіпсіздікті ұйымдастыруда көптеген мәселелерді ашты. Қазір Білім министрлігі мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, барлық мектептер бейнебақылау жүйелерімен жабдықталып, күзет қызметтерімен келісімшарттар жасалып жатыр», — деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, балаларға қарсы қылмыстар (20 жыл немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру) үшін жаза қатаңдатылды. Дегенмен, тек полиция күшімен бұл мәселе шешілмейді. Мұндай жағдайлардың 70%-дан астамын жақын ортасындағы адамдар: әкелері, өгей әкелері, анасымен бірге тұратын адамдар, көршілері мен таныстары жасайды. Кейде мұндай қылмыстар жылдар бойы созылады. Көбінесе құрбандар мен олардың туыстары бұл мәселелерді отбасы ішінде шешуге тырысады. Жалпы қылмыс құрылымында олар 1%-дан астамын (1,4%) құрайды. Әрбір осындай факт — баланың қасіреті және оның сынған тағдыры.

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид те тағы бір маңызды мәселе болып табылады. Жыл басынан 58 бала өз-өзіне қол жұмсап, 137 бала өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін жасаған. Бұл ретте барлық жасөспірімдік суицидтердің жартысы (25 факт және 53 әрекет) төтенше жағдай кезеңінде орын алды. Яғни, олардың себептері көбінесе отбасылық проблемалармен байланысты.

 

Көлік тәртібінің төмендігі апаттарға себеп болуда

Ішкі істер органдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі — бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жыл сайын жолдарда 2,5 мың адам қаза тауып, 20 мыңнан астам адам жарақат алады. Жыл басынан бері 4,2 мың ЖКО-да 547 адам қаза тауып, 5,5 мың адам жарақат алды.

Жоғары апаттылықтың негізгі себебі — көлік тәртібінің төмендігі. Жүргізушілер көбінесе жылдамдықты шектен тыс асырып, маневр жасау ережелерін бұзады.

«Қоғамда көлік жүргізу мәдениеті әлі де қалыптаспағанын мойындау керек. Жолда қауіпті және агрессивті жүргізу қалыпты жағдайға айналды. Мұндай желікпелік қайғылы салдарларға әкеліп соқтырады. Бұған келтірер мысал көп. Сондықтан, жүргізуші көлікке отырған кезде, өз өмірі үшін ғана емес, басқа да қозғалыс қатысушыларының өміріне жауапкершілігін сезінуі тиіс. Мас күйінде көлікті басқару фактілерінің азаймауы алаңдаушылық тудырады», — деп атап өтті Е. Тұрғымбаев.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік күшейтілді. Алайда, кейбір азаматтарды бұл тоқтатпайды. 881 жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 3,4 мың тәртіп бұзушы көлік жүргізу құқығынан айырылды, 6,7 мыңға жуық адам қамауға алынды.

 

Колонияларда жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай жасалуда

ІІМ қызметінің тағы бір маңызды бағыттарының бірі — қылмыстық-атқару жүйесін (ҚАЖ) жетілдіру.

ҚАЖ проблемалары — бұл сотталғандарды жасақтап ұстау режимі бар ескі колониялардың мұрасы, олардың еңбекпен қамтылуы, материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етілуі, босатылғаннан кейін қайта әлеуметтендіру.

Жалпы, соңғы жылдары үлкен жұмыстар атқарылды. Ұлттық заңнаманы ізгілендірудің арқасында түрме тұрғындары қысқарды. Жыл сайын бас бостандығынан айыруға қатысты емес жазаларға сотталғандардың саны ұлғаюда. Осының есебінен 12 колония жойылды. Сотталғандардың құқықтық жағдайы жақсаруда. Туыстарымен әлеуметтік-пайдалы байланыстарды сақтау үшін интернет-кездесулер енгізілді. Бірқатар колонияларда электрондық дүкендер арқылы азық-түлікке, киім-кешекке, кітаптарға тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Сотталғандарға колонияларда орналастырылған электрондық терминалдар арқылы сотқа және прокуратураға өтініш беру құқығы берілген.

Сонымен қатар таза ауада күн тәртібінен бос уақытта дене жаттығуларымен айналысуға рұқсат етілген.

Колонияларда жұмысбастылықты қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалуда. Бүгінгі таңда бұл салаға сотталғандардың 42%-дан астамы тартылған. Бұл оларға жәбірленушілерге материалдық шығынды өтеуге, өз отбасыларына көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

ҚАЖ кәсіпорындарында металл-, ағаш өңдеу, құрылыс және өзге де тауарлар өндірісі игерілді. Алайда төтенше жағдай режимі еңбекті ұйымдастыруға айтарлықтай әсер етті. Қысқа мерзімде өндірістік қызметті қорғаныш маскаларын дайындауға қайта бағыттай алды.

Бұл полиция қызметкерлерін жеке қорғану құралдарымен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, басқа да ұйымдарға (әкімдіктер, «СК-Фармация» компаниясы) жеткізуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ карантиндік іс-шараларға араласушы жеке құрам үшін қорғаныс комбинезондарын тігу және дезинфекциялық тоннельдер шығару ұйымдастырылды. Осы жұмыс барысында сотталғандар еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтарды игеруде. Бұл олардың қоғамға одан әрі бейімделуіне ықпал етеді.

 

ІІМ органдары мен бөлімшелерінің саны 10%-ға қысқарды

 

Е. Тұрғымбаев жүйені реформалау шаралары туралы айтты. Өткен жылы құрылым оңтайландырылды, артық басқару бөлімдері жойылды. ІІМ органдары мен бөлімшелерінің саны 10%-ға қысқарды. Оның ішінде 1 мыңнан астам басшы лауазымы. Сондай-ақ бірқатар тән емес функциялар алынып тасталды. Үнемделген қаражат қызметкерлердің жалақысын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар тұрғын үйді жалға алу үшін өтемақы алатын қызметкерлердің тізімі кеңейтілді. Жаңа форматтағы полицейлерді дайындау мақсатында ведомстволық білім беруге елеулі реформа жүргізілді. Полицейлерді даярлау бойынша 12 оқу орнының 5 үздігі қалды.

Полиция стандарты бекітілді. Бұл қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті жеке және кәсіби қасиеттерге қойылатын талаптар жиынтығы.

Ішкі істер органдары жұмысының «сервистік моделіне» бағытталған басқа да іс-шаралар жүзеге асырылды, қоғаммен ашық сенімді қарым-қатынас құрылуда.



ІІМ жүргізіп жатқан реформалардың негізі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері

Өз қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қатаң шаралар қабылдануда. Ерте кезеңде кез келген көріністердің жолы кесіледі. Бірқатар маңызды құжаттар қабылданды, оның ішінде меморандум, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама және ІІМ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және қоғамдық ұйымдар арасындағы жоспар бар.

Оларға неғұрлым бейім бөлімшелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру есебінен халықпен байланыс барынша азайтылып, әкімшілік кедергілер төмендетілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитетке басымдық бере отырып, кадрларды іріктеу мен орналастыруға қойылатын талаптар арттырылды.

Бұл ретте тәжірибелі және адал мамандарды сақтау бойынша жүйелі шаралар қарастырылған. Қағидатты тәсілдің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының саны 34%-ға қысқарды.

«Әрбір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының оқиғасын төтенше жағдай деп бағалаймыз. Кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартамыз. Олардың тікелей басшылары жауапты болады», — деді министр.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.