13 Қараша 2025, 11:03

Үкіметте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында жастар саясаты, спорттық инфрақұрылым және креативті индустрияны дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.
2025 жылғы 16 маусымнан бастап бюджет қаражаты есебінен шетелдік легионерлерді қаржыландыруға тыйым салу, Олимпиада, Паралимпиада, Азия ойындары мен Ұлттық ойындардың нәтижелері бойынша басымдықпен қаржыландыру, мүгедектігі бар спортшыларды қолдау және спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарын енгізу бойынша түзетулер күшіне енді.
Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халықтың 41,4 %-ы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады (8,4 млн-нан астам адам). 2025 жылдың соңына дейін бұл қамту 42 %-ға дейін ұлғайтылады. Балалар мен жасөспірімдер үлесі 30,4 %-ға жетті (республикада 4-17 жастағы балалар мен жасөспірімдердің жалпы саны 5 121 058 адамды құрайды).
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 4-17 жас аралығындағы 240 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секциясына тегін барады, оған 50 млрд теңге бөлінді.
521 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде және мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінде 400 мыңнан астам бала шұғылданады.
2025 жылғы 1 қазанда спорттық құрылысжайлардың жалпы саны 25,7 мыңды құрады және халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 1000 адамға шаққанда 55,1%-ды құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 56%-ға жетеді. 2024 жылы 90 спорт нысаны салынды, оның ішінде ауылдарда – 61, аудандық маңызы бар қалаларда – 29.
2025 жылы 35 спорт нысаны пайдалануға берілді (оның ішінде 27-сі ауылдық жерлерде, 8-і қалаларда). Тағы 67 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Түркістанда Орталық Азияда баламасы жоқ Халықаралық деңгейдегі ескек есу арнасы пайдалануға берілді. Қызылордада УЕФА стандарттарына сәйкес келетін 11 мың көрерменге арналған стадионның құрылысы аяқталды. 2025 жылдың соңына дейін Астана қаласында Ұлттық спорт университетінің құрылысы аяқталады.
2025 жылы Қазақстан аумағында 30-дан астам ірі спорттық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде фристайлдан Әлем кубогы, дзюдодан Гранд-Слам, World Boxing қолдауымен бокстан Әлем кубогы, әскери қызметшілер арасында қазақша күрестен әлем чемпионаты, ауыр атлетикадан және атыс түрлерінен Азия чемпионаттары.
Қазақстандық спортшылардың 2025 жылғы ірі халықаралық ареналардағы тарихи жеңістері:
Шорт-трек – Азия қысқы ойындарындағы алғашқы алтын;
Мәнерлеп сырғанау – әлем чемпионатындағы күміс медаль;
Фристайл-могул – әлем чемпионатының қола медалі;
Фристайл-акробатика (синхронды секіру) – Қысқы Азия ойындарындағы алғашқы алтын;
Семсерлесу – еліміздің әлем чемпионатындағы алғашқы тарихи медалі;
Көркем гимнастика – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы алтын медалі;
Дзюдо – әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы тарихи финал және күміс медаль;
Бокс – World Boxing қолдауымен бірінші Әлем чемпионатында медальдық есепте 1 орын;
Грек-рим күресі – әлем чемпионатының алтын медалі;
Парабиатлон – Қазақстан әлем кубогының қорытындысы бойынша хрусталды глобустың иегері атанды.
17 өңірде 18 креативті орталық ашылып, салықтық жеңілдіктер енгізілді, білім беру бағдарламалары, акселераторлар және халықаралық тағылымдамалар іске қосылды.
Жаңа Салық кодексінде ұлттық кино өндірушілерін корпоративтік табыс салығынан (КТС), ал фильмдерді прокатқа шығарушыларды қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату, сондай-ақ баспа журналистикасы саласы үшін төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесін (10%) белгілеу көзделген.
Аталған шаралардың нәтижесінде Қазақстан креативті тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша WIPO (World Intellectual Property Organization / Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы) рейтингінде 93-орыннан 65-орынға, ал фильм өндіру бойынша 60-орыннан 31-орынға көтерілді.
Осы жылдың 21 шілдесінде Креативті индустрияларды қолдау бойынша корпоративтік қор тіркелді. Қор өз қызметін төрт негізгі бағытта жүзеге асырады: таланттарды іздеу (жобаларды акселерациялау және инкубациялау); жобалардың девелопменті (жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеу және тарту); инфрақұрылымды дамыту; экспортқа жәрдемдесу (қазақстандық креативті өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді халықаралық нарықтарда ілгерілету).
Бір жыл ішінде креативті индустрия субъектілерінің саны 17%-ға немесе 7 103 бірлікке өсіп, қазіргі таңда олардың саны 46 667 субъектіні құрайды. 2029 жылға қарай креативті индустриялардың ЖІӨ-дегі үлесін 2%-ға дейін (2024 жылы – 1%), креативті өнімдер мен көрсетілетін қызметтер экспортын $115 млн-ға дейін (2024 жылы – $96 млн), кәсіпкерлік субъектілерінің санын 60 мың бірлікке дейін (2024 жыжы – 45,5 мың бірлік), сондай-ақ осы салада жұмыспен қамтылғандар санын 180 мың адамға дейін (2024 жылы – 143,6 мың адам) жеткізу жоспарлануда.
Еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі мәртебесін бекітетін «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң қабылданды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылғы 23 сәуірде «Ұлттық кітап күні» атты жаңа мереке алғаш енгізілді.
2025 жылы 118 кітап атауларын шығару жоспарлануда, олар жыл соңына дейін кітапхана қорына беріледі. Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейіне «Ұлттық» мәртебесі берілді.
Пекин қаласында Қазақстанның мәдени орталығы құрылды. Арменияда, Ереван қаласында Қазақстанның мәдениет күндері және Қазақстандағы Вьетнамның мәдениет күндері өткізілді.
Заңнамалық деңгейде әр жыл сайын киноны мемлекеттік қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде 30 %-ын «Қазақфильмге» бағыттайтын тетік енгізілді. Бұл киностудияның қызметін орнықты әрі қаржылық тұрғыдан тұрақты етуге мүмкіндік береді.
2024 жылы алынған кірістер мен әкімшілік шығыстарды оңтайландыру есебінен «Қазақфильм» 7 жылдан кейін алғаш рет шығынға батқан ұйымнан өзін-өзі қаржыландыратын ұйымға айналды, бұл қаржылық менеджменттің жақсарғанын және кинокомпанияны басқарудың тиімділігінің артқанын көрсетеді.
Жыл басында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2025 жылға жаңа конкурс жариялады, оның жеңімпаздары 16 жаңа кино жоба болды.
Жыл басынан бері 9 ұлттық фильм (көркем және анимациялық фильмдер) кең кинопрокатқа шығарылды, ал жыл соңына дейін тағы 3 фильмді прокатқа шығару жоспарланып отыр.
«Беташар» ұлттық дәстүрі ЮНЕСКО-ның репрезентативті тізіміне енгізілді.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жастар саны 5,8 млн адамды құрады. Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Наурыз» және «Отау» жеңілдікті тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда, бұл мақсатқа 206 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде
7 918 жас тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Жұмысшы жастарды қолдау үшін «Отбасы банк» АҚ жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен жаңа банк өнімі – «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын әзірледі.
17 өңірде жас мамандар үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында Астана қаласында «Jol Tap», Алматы қаласында, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында «Jumys Tap» бағдарламалары жүзеге асырылуда.
2025 жылғы жалпы сомасы 355,2 млн теңгеге (2025-2027 жылдарға) 6 басым бағыт бойынша жастарға арналған арнайы гранттық жобалар іске қосылды (лудомания мен нашақорлықтың алдын алу, жастардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру және тағы да басқалар).
Өңірлерде атаулы жұмыс жүргізетін ұйымдар үшін жастар ресурстық орталықтары жұмыс істейді, сондай-ақ даму институттары («Даму» КДҚ, «Ауыл аманаты» жобасы және тағы да басқалар) желілері арқылы жастарға микрокредит беру үшін қаражат бөлінеді.
Волонтерлердің Ұлттық фронт-офисі мен өңірлік 20 фронт-офис өз жұмысын жалғастыруда. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негізгі басым бағыттарда 30 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды.
Қазақстандағы халық санағы деректеріне сәйкес отбасылар саны 5,5 млн-ды құрады.
Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы, 2025-2027 жылдарға арналған отбасы және неке институтын сақтау және нығайту жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда.
Мерекелік күндер тізбесіне сәйкес Әкелер күні (маусым айының әр үшінші жексенбісі), Аналар күні (мамыр айының әр екінші жексенбісі), Отбасы күні (қыркүйек айының екінші жексенбісі) аталып өтеді.
Отбасы институтын қолдау мақсатында елде жыл сайын 1 млн-нан астам адамның қатысуымен 8 мыңнан астам іс-шара өткізіледі.
Әртүрлі өмірлік жағдайларда отбасыларға көмек көрсету үшін 131 Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді.
Орталықтар мемлекеттік отбасылық саясат шараларын жүзеге асырады, оның ішінде неке мен отбасын сақтауға, отбасылық жанжалдарды шешуге бағытталған шараларды, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіруді, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Қазіргі уақытта бүкіл республика бойынша FSM жүйесі арқылы 44,5 мыңнан астам өтініш тіркелген. Оның ішінде 20 мыңға жуық отбасы құқықтық, психологиялық және әлеуметтік кеңес алды, ал 15,4 мың отбасы тұрақты бақылауда. Барлығы 164 отбасына зорлық-зомбылықтан кейін қолдау көрсетіліп жатыр, олардың құрамында 256 бала көмек алды.
Отбасылық саясат саласындағы жаңа жобалар: «Ата-аналар академиясы» (www.ata-ana.kz платформасы), «Жұмыс орындарындағы отбасына мейірімді саясат», тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті медиа-ілгерілету жобасы (Tatuluq.KZ платформалары).
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу