05 Желтоқсан 2024, 20:16
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірде Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндама жасады.
Жыл басынан қысқамерзімді экономикалық өсім 104,5% деңгейінде қалыстасып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 0,8%-ға, құрылыс жұмыстары 22,6%-ға, тұрғын үй 3,5%-ға, сауда 2,5%-ға, көлік 13,6%-ға, байланыс 8,8%-ға артты.
Өнеркәсіп
Облыс экономикасындағы негізгі үлес өнеркәсіп өндірісіне тиесілі – 19%, ондағы өңдеу өнеркәсібі секторының үлесі – 65,4%.
Жыл басынан бері 727,8 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Химия және құрылыс индустриясы өңдеу өнеркәсібінің негізгі өсу нүктелері болып табылады.
Жамбыл облысында Қазақстанның жалпы химия саласы өнімінің шамамен 24%-ы өндіріледі. Химия кәсіпорындары республика бойынша 100% фосфор, 81% минералды тыңайтқыштар шығарады.
Әкімнің айтуынша, облыста 13 млрд тонна қоры бар 48 фосфорит кен орны шоғырланған.
Сонымен қатар жыл басынан салада 212 млрд теңгеге өнім өндіріліп, облыс бойынша экспорт көлемінің 77%-дан астамын қамтамасыз етті.
«2030 жылға қарай тыңайтқыштардың премиум маркалары (суда еритін фосфор тыңайтқыштары) мен құндылығы жоғары өнімдерді (глифосат, тамақ өнімдері, тіс, фармацевтикалық, электронды бұйымдар, отқа төзімді материалдар) жылына 1 млн тоннаға дейін өндіруді жоспарлап отырмыз. Бұл жобалар аясында өңірге $1 млрд дейін инвестиция тартылады», — деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.
Құрылыс индустриясы
Келесі перспективалық даму бағыты – құрылыс индустриясы. Саладағы өнім көлемі 48 млрд теңгеге жетті. Облыстағы кәсіпорындар республика бойынша 87% гипс және 13% портландцемент өндіреді.
Жамбыл облысында 50 млн тоннадан асатын «Үлкен-Бұрылтау» гипсінің ірі кен орны бар.
Korcem клинкер өндіру зауытын іске қосып, алдағы жылы жалпы облыста өндірілетін цемент көлемін 3 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін цемент өндірісін қолға алмақ.
Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, құрылыс материалдарына сұраныстың өсуіне байланысты, келесі жылы Alit Holding құрғақ құрылыс қоспалары өндірісін іске қосса, ал «Кнауф Гипс Тараз» гипсокартон шығаратын зауыт құрылысын бастайтын болады. Жобаларды іске асыру өнім ассортиментінің 12 түріне дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2025 жылы инвестиция тарту есебінен өнеркәсіп өнімі көлемінің 7%-ға, өңдеу өнеркәсібі өнімінің 5,5%-ға өсуін қамтамасыз ету, өңдеу өнеркәсібі экспорты көлемін $200 млн дейін жеткізу жоспарда бар.
Инвестиция
2028 жылға дейінгі инвестициялық портфель 6,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін 80 жобадан тұрады. Құны – 3,3 трлн теңге.
Сондай-ақ жыл басынан 149,7 млрд теңгеге 21 жоба іске қосылып, 700 жұмыс орны құрылды. 370,5 млрд теңге инвестиция тартылды.
Топ ірі жобалар: Qazaq Soda (кальцилендірілген сода), «Еврохим удобрения» (минералды тыңайтқыштар), «Knauf Гипс» (гипсокартон), Shagala Mining (мыс өндірісі).
Облыста жүзеге асырылып жатқан жобаларда инновациялық технологиялар қолданылуда. Мысалы, Шатыркөл байыту комбинатында мыс кенін байытудағы ең озық инновациялық технологиялар қолданылады.
Бұған қоса, Korcem кәсіпорны Орта Азияда теңдесі жоқ қалдықсыз цемент өндіру технологиясын енгізді. Qazaq Soda жобасында қолдану жоспарланған технологиялар әлемдегі ең экологиялық таза және тиімді технологиялардың бірі болып табылады.
Сондай-ақ жасыл энергетика саласында Total Eren, Masdar және China Power жалпы қуаты 2,5 ГВт жел электр стансаларының құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асырып жатыр.
Jibek Joly арнайы экономикалық аймағының аумағында жел генераторлары компоненттерін шығаратын Sаny Renewable Energy зауытының құрылысы басталды, жалпы инвестиция көлемі – 54 млрд теңге.
«Биыл “Тараз” ӘӘК” базасында отандық және шетелдік инвесторлар үшін “бір терезе” қағидатымен қызмет көрсететін Zhambyl Invest дирекциясы құрылды. Дирекция инвестициялық жобаларды сүйемелдеумен айналысады, оның 8-ін біз жақын арада іске қосуды жоспарлап отырмыз», — деді Ербол Қарашөкеев.
Сонымен қатар бірқатар жобаны жүзеге асыру көзделген, мәселен:
«Тараз» индустриалық аймағы
«Тараз» индустриялық аймағының аумағында 1 300 жұмыс орны құрылатын 137 млрд теңгеге 15 жобаны іске асыру жоспарда бар.
Облыс аудандарында «Меркі», «Құлан», «Сарысу-1» және «Сарысу-2» субаймақтарын 180 гектарға құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл субаймақтарда әрбір аудан ерекшелігіне байланысты орта және шағын кәсіпорындар ұйымдастырылатын болады.
Облыс әкімінің айтуынша, мемлекеттік актілер бар. ИКИ техникалық шарттар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Шағын өнеркәсіптік аймақтар
«Тараз» индустриялық аймағы мен Jibek Joly арнайы экономикалық аймағы аумағында шағын орта бизнесті қолдау үшін өнеркәсіпті дамыту қорының қаражаты есебінен заманауи өндірістік жайлардың құрылысы басталды.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлермен инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген жайлардың 30%-ы броньдалған. Өндірістік жайлар төмен бағамен ұзақмерзімді жалға беріледі.
2025 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 826,4 млрд теңгені, тікелей шетел инвестициясы $86 млн құрап, 144,4 млрд теңгеге 30 жобаны іске асыру көзделген.
Агроөнеркәсіп кешені
Ауыл шаруашылығы саласына 24,6 млрд теңге субсидия бөлініп, 14,9 млрд теңге инвестиция тартылды.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 425,4 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 626,7 мың га құрады. Дәнді дақылдар – 366,3 мың га, майлы дақылдар – 32,9 мың га, көкөніс дақылдары – 26,4 мың га, картоп – 6,7 мың га, қант қызылшасы – 11,2 мың га.
Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, өңірде қант қызылшасынан басқа барлық дақылдар бойынша егін жинау науқаны аяқталды. 3,6 млн тонна өнім жиналды, оның ішінде 671,4 мың тонна дәнді масақ, 36,3 мың тонна майлы дақылдар, 1,2 млн тонна көкөніс дақылдары, 172 мың тонна картоп бар.
Қант қызылшасы бойынша егін алқабының 84%-ы жиналды. Бүгінгі таңда 600 мың тонна өнім алынып, орташа өнімділігі 650 ц/га құрады. Жиналған өнім Меркі және Ақсу зауыттарына өткізілуде.
Сонымен қатар қант қызылшасын субсидиялауға желгілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлініп, жыл соңына дейін республикалық бюджеттен 5 млрд теңге көлемінде қаржыландыру күтілуде.
«Биыл алғаш рет ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша бағдарлама іске асырылып, 3,2 млрд теңгеге жылдық 5%-бен 244 бірлік сатып алынды. Сонымен қатар “Тараз” ӘКК арқылы жылдық 2,5%-бен 68 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы, 116 бірлік аспалы және тіркеме техникалары және 7 қызылша жинау комбайны сатып алынды. Соның нәтижесінде, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту деңгейі 8%-ды құрады», — деді Ербол Қарашөкеев.
Мал шаруашылығында ұсақ мал 3,8 млн басқа, ірі қара 0,5 млн басқа, жылқы 0,2 млн басқа, құс 1,8 млн басқа дейін өсті.
Ет өндірісі 2,9%-ға, сүт 1,2%-ға артты. $26,2 млн-ға 134 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды.
Бұған қоса, жайылымдық жерлердің сапасы ерекше рөл атқарады. Биылдан бастап ФАО-мен (БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) бірлесіп, 2028 жылға қарай 5 мың гектардан астам жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Осы жылы құны 10,8 млрд теңгеге 163 жұмыс орнын құруды көздейтін 12 жоба іске асырылды. Жыл соңына дейін тағы 1 жобаны іске асыру көзделген.
4 млрд теңгеге инкубатор құрылысы бойынша жоба, 3,2 млрд теңгеге су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша 53 жұмыс орнын құруды көздейтін 5 жоба («Smart Agro Қарқара» ЖШС, «Қызылша жер» ЖШС, «Тоқтасын Агро» ШҚ, «Тастөбе» ШҚ, «Қызыл Дихан» ӨК); мақсары майы өндірісін кеңейту бойынша 1 жоба; балық шаруашылығы жобасы («KazAqua Альянс» ЖШС) және «Эльнұр ӘділГрупп» ЖШС) қуаттылығы – 7 мың тонна; 15 жұмыс орны, 0,3 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету сервистік орталығы («BNK Leasing» ЖШС), 19 жұмыс орны, 0,2 млрд теңгеге алма шырыны өндірісі («Рич голд» ЖШС), 10 жұмыс орны.
2025 жылы ет өндірісін 3,5%-ға, сүт өндіруді 1,6%-ға ұлғайту және 17 инвестициялық жобаны 48,8 млрд теңгеге іске асыру жоспарда бар.
АӨК инвестициялық жобалары
Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін кеңейту аясында 1 913 басқа арналған 4 тауарлы-сүт фермасының құрылысы аяқталуда, олар 2025 жылы іске қосылмақ. Бұл сүт өндірісін жыл сайын 15 мың тоннадан астам немесе 6,5%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Тағы 5 заманауи көкөніс қоймасының құрылысы жүргізілуде (қуаттылығы – 32 мың тонна), бұл қойма сыйымдылығын 10%-ға арттырып, маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді.
«Бұдан басқа, жалпы 8,5 млрд теңгеге су үнемдеу технологиялары, тері мен жүнді өңдеу, алма шырынын, балалар пюресін, балық және үй жануарлары азығын, фри картобын өндіру бойынша жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар 5 млрд теңгеге тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру бойынша 2 жоба іске асырыла бастады, бұл фермерлерді қолжетімді ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге және саладағы еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Жамбыл облысының әкімі.
Сондай-ақ өңірде қытайлық Fufeng Group компаниясымен бірлесіп, 173 млрд теңгеге жылына 500 мың тонна жүгеріні терең өңдейтін еліміз үшін бірегей зауыт құрылысы бойынша жоба іске асырыла бастады. Айта кеткен жөн, күрделі аминқышқылдарының бүкіл әлемдік өндірісінің 60%-ы осы компанияның үлесіне тиесілі.
Сонымен қатар 2025 жылы агроөнеркәсіп кешені саласына 50 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.
«Ауыл аманаты»
«Ауыл аманаты» жобасының аясында 2023-2024 жылдары 25,5 млрд теңгеге 38 ауылдық округте 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ 152,2 мың бас мал сатып алынды.
Бұған қоса, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін шағын цехтарды, құрылыс, кондитерлік және тігін цехтарын ашуға бақытталған жобаларды қаржыландыру жоспарлануда. Несие 5 жылға жылдық 2,5%-бен жеке кәсіпкерге 9,2 млн теңгеге дейін, ал кооперативтерге 29,5 млн теңгеге дейін беріледі.
2025 жылы шағын несиемен 1 500 адамды қамтамасыз ету көзделген.
Суармалы жерлерді қалпына келтіру
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде суармалы алқаптарды ұлғайту бойынша ауқымды іс-шаралар қабылданды.
Атап айтқанда, 2019 жылдан бастап Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Шу аудандарында Еуропа қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінен 36,3 млрд теңгеге 2 жоба іске асырылып жатыр. Оның 26,9 млрд теңгесі игеріліп, 608 шақырым 183 канал қайта жаңғыртылды. Соның нәтижесінде 47,5 мың га суармалы алқаптың сумен қамтылу деңгейі артты.
Бұдан бөлек, суармалы суды тиімді пайдалану мақсатында 55,4 мың га егіс алқабына су үнемдеу технологиялары енгізілді. Су үнемдеу технологияларын қолдануды кеңейту аясында облыста 3 кәсіпорын іске қосылды:
Облыста тамшылатып суару жүйесін өндіруді ұйымдастыру бойынша түрік инвесторларымен тағы 2 жоба жүзеге асырылмақ, атап айтсақ: Ardent Plastic – өндірістік қуаты – 10 мың гектарға дейін, Akplast – 15 мың гектарға дейін.
Келесі жылы Ислам даму банкінің несие қаражаты есебінен 25,8 млрд теңгеге 3 су қоймасы құрылысы жоспарлануда, бұл 35 мың га егістік алқабын суармалы сумен қамтамасыз етуге және 77 каналды қайта жаңғырту есебінен суармалы жерлердің ауданын тағы да 50 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Шағын және орта бизнес
2024 жылы ШОБ дамытуға 16,6 млрд теңге бағытталды (РБ – 12,8 млрд теңге, ЖБ – 2,8 млрд теңге, «Даму» қоры – 1 млрд теңге). 31 млрд теңгеге 1 152 жоба қаржыландырылды.
Бизнесті дамытуға облыстың қаржы институттары 38,6 мың кәсіпкерге 154,5 млрд теңге несие берді. Соның нәтижесінде, шағын және орта бизнес субъектілері шығарған өнім көлемі 23,9%-ға артты. Жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 106,9 мың бірлікті, онда жұмыспен қамтылғандар саны 164,6 мың адамды құрады.
Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құны 330 млрд теңгені, ЖӨӨ-дегі үлесі 23,5% құрады.
2025 жылы өндіріс көлемін 1,2 трлн теңгеге арттыру, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 110 мыңға, онда жұмыспен қамтылғандар санын 168 мыңға, жалпы қосылған құн көлемін 900 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.
Тұрғын үй мәселесі
Өңірде тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп, жаңа алқаптар мен шағын аудандар салынуда. Жыл басынан бері 577,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 3 709 пәтерлі 78 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 2 024 пәтер пайдалануға беріледі.
Бұдан бөлек, көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары үшін 1 575 пәтер сатып алынды.
«Жалпы, құрылыс және сатып алу есебінен әлеуметтік осал санаттағы 1 963 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 75%-ға артық. «Әулие ата жастары» жобасы аясында 140 жас отбасы баспанамен қамтылады», — деді Ербол Қарашөкеев.
Биыл тұрғын үй құрылысына, сатып алуға 2 есе көп бюджет қаражаты бөлінді. Мәселен: 2023 жылы – 1 904 пәтерге 23,2 млрд теңге; 2024 жылы – 3 934 пәтерге 40,8 млрд теңге; 2025 жылы да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Коммуналдық шаруашылық
Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – маңызды мәселелердің бірі.
Биыл 68 жоба іске асырылуда, жыл соңына дейін 37 ауылдық елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейін 98,1%-ға дейін жеткізу, ал 2025 жылы 100%-ға дейін жеткізу көзделген.
Сондай-ақ газдандыру аясында облыста 12 жоба іске асырылып жатыр, 3 елді мекен табиғи газбен қосымша қамтамасыз етіліп, газбен жабдықтау деңгейі 91,1%-дан 91,3%-ға дейін жетті.
Облыста «Еврохим-Қаратау» автоматты газ тарату стансасының құрылысы жүргізілуде. «Еврохим-Қаратау» ЖШС-ін газдандыру жалпы қуаты жылына 1 млн тоннадан астам өнім шығаратын минералды тыңайтқыштар мен күкірт қышқылын шығаратын ірі өнеркәсіптік жобалардың бірін іске асыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, 2024-2025 жылдары 12,6 млрд теңге бюджет қаражаты есебінен облыстың жалғыз газбен қамтылмаған Мойынқұм ауданының елді мекендерін газдандыру жөніндегі жобаны іске асыру басталды.
2025 жылы газбен қамту деңгейін 91,5%-ға жеткізу көзделген.
Жылумен жабдықтау және автожолдар
Жылу желілерінің ұзындығы – 350,7 шақырым, тозу деңгейі – 54%.
Облыс әкімінің айтуынша, Тараз қаласында М-1 негізгі жылу магистралі, Қаратау мен Жаңатас қалаларындағы орталық қазандықтар қайта жаңғыртудан өтті.
«Келесі жылы Тараз қаласында М-3 жылу желілері мен жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз, бұл 2025 жылдың соңына дейін тозу деңгейін 53%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», — деді Ербол Қарашөкеев.
Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 10 мың шақырым. Биыл автожол саласын дамытуға 25,5 млрд теңге бөлініп, құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен 710 шақырым жол қамтылды. Соның нәтижесінде, жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 99%-ға, 2025 жылы 99,5%-ға, ал көше-жол желісі 87%-ға, 2025 жылы 89%-ға дейін жеткізіледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Осы жылы әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 46,3 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 есеге артық (2023 жылы – 36,3 млрд теңге).
Президенттің «10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру» жөніндегі тапсырмасы аясында кәсіпкерліктің жаңа бастамаларын қолдау есебінен 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
Бұдан басқа, өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында облыс бойынша 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, оның ішінде 42 мыңы – тұрақты орындар.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 47 063 жұмыс орны (өтеусіз гранттар, тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, субсидияланатын жұмыс орындар) қамтылды. Оның 2,2 мыңы – мүгедек жандар.
2024 жылдың ІІІ тоқсанындағы мәліметке сәйкес, өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрайды. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 8,5%-ға артып, 279,6 мың теңгені құрады. 35,4 мың азаматтық қызметшілердің жалақысын 26%-ға арттыруға 26,8 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді.
Сондай-ақ 2025 жылы 68 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның 42 мыңы – тұрақты.
Білім беру саласы
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде өңірде 36 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде, бүгінде оның 13-і іске қосылды, оның 3-уі – «Жайлы мектеп» жобасы аясында. Соның нәтижесінде, 7 оқушы орны тапшылығы бар, 3 үш ауысымды, 3 тозығы жеткен, 2 апатты мектеп мәселесі шешілмек.
Сонымен қатар 9 мектеп және 1 техникалық шығармашылық орталық күрделі жөндеуден өтті.
Мектептерді жаңғыртуға 3,1 млрд теңге бөлінді (215 мектепті жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықтауға – 1,9 млрд теңге, білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз үшін – 1,2 млрд теңге).
Айта кетерлік жайт, мемлекеттік білім беру ұйымдары бейнебақылау интеграциясымен 90,5%, дабыл нүктелерімен 100%, турникеттермен 86,8%, мамандандырылған күзетпен 87,9%, жоғары жылдамдықты интернетпен 97% қамтылған.
Тараз қаласындағы 172 мектепке дейінгі ұйымда ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы енгізіліп, қаржыландыру процесінің ашықтығы қамтамасыз етіліп, әрбір ата-ана балабақшаны өз бетінше таңдауға мүмкіндік алды.
Бұған қоса, 70 мыңнан астам 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 5,6 млрд теңге, 1-11 сыныпқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан 40 мың балаға 4,1 млрд теңге қарастырылды.
2024 жылы білім беру саласына 315,8 млрд теңге бөлінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,1 есеге көп.
«Облыс оқушылары 15-ші жыл қатарынан республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша “Ең үздік команда” атанып, республикалық олимпиаданың қорытындысымен “Үздік олимпиадалық команда” деп танылды және мектептер үшін PISA зерттеуінің нәтижелері бойынша республика бойынша І орынды иеленіп, үздік нәтижелер көрсетті», — деп бөлісті Ербол Қарашөкеев.
2025 жылы 21 білім беру нысанының құрылысын аяқтау, 10 мектепті жаңғырту, өңірдегі барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ваучерлік жүйені енгізу жоспарланған.
Денсаулық сақтау
Биыл 7,4 млрд теңгеге 26 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде, оның 23-і пайдалануға беріледі, оның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында – 20 нысан.
Сондай-ақ 2 қалалық медициналық мекеме күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылды.
Бюджет қаражаты есебінен 5 млрд теңгеге 18 бірлік медициналық диагностикалық техника, 38 санитарлық машина сатып алынды, бұл ерте диагностиканың, жедел жәрдем жұмысының сапасы мен ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Соның нәтижесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 42,7%-дан 40,3%-ға дейін төмендеп, медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 96,7%-ға жетеді.
«2025 жылы жасанды интеллект арқылы қатерлі ісіктерді анықтаудың мамандандырылған жүйесін енгізу жобасын бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл аудандардың облыс орталығынан шалғай орналасуы, радиолог мамандардың тапшылығы мәселесін шешіп, ең бастысы науқастарды ерте диагностикалау және жедел емдеу тиімділігін арттырады», — деді Жамбыл облысының әкімі.
Сонымен қатар жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік, созылмалы респираторлық аурулар мен диабеттен 30 бен 70 жас аралығындағы мезгілсіз өлім қаупін төмендету бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады.
Спорт
2024 жылы спорт саласына жергілікті бюджеттен 15,8 млрд теңге бөлінді. 15 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде, 4 спорт кешені мен 103 спорт алаңы пайдалануға беріліп, жыл соңына дейін тағы 6 спорт кешені қолданысқа беріледі.
Бұдан бөлек, бюджеттен тыс 880 млн теңге қаражат есебінен 4 спорт нысаны қолданысқа беріліп, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен 2 модульдік спорт залын пайдалануға беру жоспарланған.
Жалпы, биыл халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейін 66%-ға, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халық үлесін 41%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Облыс спортшылары жыл басынан бері түрлі республикалық және халықаралық ресми жарыстарда 1 635 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 572-і – алтын, 521-і – күміс, 542-і – қола.
«Осы жылдың ең үздік жетістігі – “Париж-2024” жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан Елдос Сметовтің алтын медаль алуы болды. Бұдан бөлек, Париж-2024 XVIII жазғы Паралимпиада ойындарына Жамбыл облысы 4 лицензия алып, Жұмағали Нұрдәулет паражүзуден күміс медальға ие болды», — деді Ербол Қарашөкеев.
Сондай-ақ қыркүйек айында Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Жамбыл облысынан 17 спортшы қатысып, 18 медаль иеленді (7 алтын, 7 күміс, 4 қола, олар спорттың 8 түрінен, соның ішінде көкпар, көкбөрі, жамбы ату, құстармен аң аулау, қазақ күресі, құраш (өзбек күресі), ашырталы аба гүреши (түрік күресі), белбеу және басқалары).
Мәдениет саласы
Мәдениет саласында 16 нысанның құрылысы жоспарланған, 5 мәдениет нысаны, 1 музей пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 3 мәдениет нысанын іске қосу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, 17 мәдениет нысаны жөндеуден өтті. Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының ғимаратына, сондай-ақ, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның көрермендер залына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде, жыл қорытындысы бойынша халықтың мәдени инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 84,8%-ға жетеді.
Биыл мемлекеттік шығармашылық тапсырыспен 1,3 млрд теңгеге 224 үйірмеде 9,1 мың бала қамтылды. Әдебиет пен өнерді қолдау және таланттарды анықтау мақсатында поэзия, проза, драматургия, сатира, балалар әдебиеті саласында «Асқақ рухты Әулиеата» республикалық әдеби конкурсын осы жылдың 7 желтоқсанында өткізу жоспарланған.
«2025 жылды “Кітап оқу жылы” деп жариялаймыз. “Тараз – кітап оқитын қала” жобасын бастаймыз», — деді облыс әкімі.
Жастар саясаты
Облыс тұрғындарының 356 мыңға жуығы жастар санатына жатады. Бұл – облыс халқының 29,1%-ы.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3%, уақытша жұмыспен қамтылмаған жастар (NEET) үлесі – 6,6%.
Жыл басынан бері 22,7 мың жас белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 259 жас 2,5% жеңілдікпен несие алды.
«Жасыл ел» жобасы аясында маусымдық жұмыстарға 1,8 мың жас тартылды. Бұл мақсатқа 173,5 млн теңге бөлінді.
Туризм
Туризм саласында 16,4 млрд теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылуда.
6 туристік жоба пайдалануға берілді: Zerbulaq аквапаркі, Grand Way Hotel қонақ үйі, «Кэма аралы» демалыс аймағы, Royal Petrol жол бойындағы сервисі, «Алмалы» демалыс орталығы, Koksai resort демалыс аймағы.
Айта кетерлік жаңалық, туризм объектілеріне автомобиль жолдарын жүргізу және газдандыру мәселелері шешілді.
Келесі жылы Тараз қаласы бүкіл Еуразия өңірінің, ТМД елдерінің қолөнершілері мен аграрийлерінің қатысуымен «Достастық жәрмеңкесі» мемлекетаралық іс-шарасын ұйымдастыруға қонақтарды қабылдайды. 2025 жылы өңірге көптеп туристер тарту және туристік объектілердің инфрақұрылымын қалыптастыру көзделген.
Халықпен кері байланыс
Барлық деңгейдегі әкімдермен 751 есептік кеңес өткізіліп, 48,2 мың тұрғын қатысты, оның 4,7 мыңы – онлайн форматта.
#Баспасөз конференциясы #Білім беру #Денсаулық сақтау #Инвестициялар #Инфрақұрылымдық даму #Туризм #Экономика«Жыл басынан 32 жеке қабылдауыма 454 азамат жеке сұрақтарымен келді. Азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында жауаптар мен түсініктемелер берілді. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап облыстың 100 елді мекеніне барып, 186 нысанның жай-күйімен таныстым. Кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады», — деп Ербол Қарашөкеев баяндамасын тәмамдады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу