Жаңа мектептер салу және суық тиюдің күзгі-қысқы маусымына дайындық: Қарағанды облысы әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған

Қарағанды облысы Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан. Мұнда бүкіл ел халқының оннан бір бөлігі тұрады. Аумағы бойынша ең ірі облыс тартымды өнеркәсіптік әлеуетке ие. Соңғы 11 ай ішінде Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыстар атқарылғаны туралы РrimeМinister.kz шолу материалынан оқыңыздар. 

Қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша Қарағанды облысында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң серпіні байқалады. 

Мәселен, Қазақстан Республикасының ЖІӨ-дегі облыстың үлесі 8,6%-ды құрады. Жалпы өңірлік өнім жан басына шаққанда 1 772,3 мың теңгені құрады. Атап айтқанда, 2020 жылдың І жартыжылдығында облыстың ЖӨӨ 2 441,4 млрд теңгені құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторға келер болсақ, осы жылғы қаңтар-қарашада ол 99,6%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 105,5%-ды немесе 364,4 млрд теңгені құрады, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің 3,7%-ға (181,6 млрд теңге) және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 8%-ға (181,6 млрд теңге) өсуі есебінен қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі ірі өнеркәсіп объектілерін салу және тұрғын үй көлемін ұлғайту есебінен 103%-ды (413,4 млрд теңге) құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылғы деңгейде сақталып, шамамен 89 мың бірлікті құрады (88 990).

Көлік саласында қызметтер көлемі 347,1 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, өткен жылғы қаңтар-қарашадағы деңгейге қарағанда 24%-ға төмендеді.

 

Қарағанды облысының ЖӨӨ жартысы — өнеркәсіп 

Жалпы облыста тұрақты көрініс байқалады. Өсім барлық салаларда байқалады. Эпидемиологиялық жағдай мен карантиндік шараларға қарамастан, өнеркәсіптік кәсіпорындардың еңбек ұжымдары оң динамиканы қамтамасыз ете алды.

Өнеркәсіп барлық кезеңде тұрақты жұмыс істеп келеді. 11 айда өнеркәсіптің нақты көлем индексі 101,4%-ды немесе ақшалай мәнде 2,6 трлн теңгені құрады.

Қарағанды облысындағы жалпы өңірлік өнімнің жартысы – өнеркәсіп. Оған 51,4%, ауыл, орман және балық шаруашылығына – 2,3%, бөлшек және көтерме сауда өнімдеріне, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуге – 10,9%, құрылысқа – 5,2%, көлік пен қоймаға қоюға – 4,5%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға – 6%, мемлекеттік басқару мен қорғанысқа, міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге – 2,1%, білім беруге – 3%, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге – 2,2% тиесілі.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор есепті кезеңде 99,6%-ды құрады.

Өңдеуші секторда өсім ерекше байқалады — мұнда өнім шығару ақшалай мәнде 3,4%-ға немесе 2 трлн теңгеге ұлғайды. НКИ 103,4%-ды құрады.

Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 98% немесе 349,8 млрд теңгені құрады.

Бұдан өзге түсті металлургияда 4,8%-ға, қара металлургияда 6,3%-ға, фармацевтикада 2,8 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдарында 7,6%-ға, азық-түлік өнімдері өндірісінде 14,3%-ға, химия өнеркәсібінде 0,9%-ға өсім байқалады.

 

Машина жасау саласы

Сонымен, металлургиядан кейін өнеркәсіп дамуының үлкен үлесі — 5%-ды машина жасау саласы алады. Қарағанды облысында «Kazcentrelectroprovod» ЖШС (кабельдік-өткізгіш өнім) және «Maker» ЖШС (тау-кен шахталық жабдықтарға қызмет көрсету) сияқты ірі кәсіпорындарды бөліп көрсетуге болады.

2020 жылдың есепті кезеңінде «Maker» ЖШС-да өндіріс көлемі 33% өсіммен 7,7 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар «Kazcentrelectroprovod» ЖШС кәсіпорнында оптикалық-талшықты кабель өндірісі 39,6%-ға өсті немесе 20,1 мың км құрады.

Сондай-ақ индустрияландыру бағдарламасы аясында «Бемер Арматура» шарлы крандарын шығаратын жаңа кәсіпорынның іске қосылғанын атап өткен жөн.

Биылғы желтоқсанда Саран қаласындағы бұрынғы резеңке техникалық бұйымдар зауытының өндірістік алаңында Yutong қытай компаниясымен бірлесіп жолаушылар автобустары өндірісін іске қосу жоспарлануда.

Ресейлік «Татнефть» ЖАҚ компаниясымен бірлесіп, 2022 жылы автомобиль шиналарын шығару бойынша ірі жобаны іске қосу көзделген.

 

Жеңіл өнеркәсіп

2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі номиналды мәнде 5 млрд теңгені құрады. Бұл ретте НКИ 55,2%-ды құрады.

Айта кету керек, төтенше жағдай кезінде жыл басында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары облыс кәсіпорындары мен тұрғындары үшін көп рет қолданылатын мата таңғыштарын тігуге кірісті.

Жекелеген кәсіпорындарда бетперде тігу көлемін ұлғайту мақсатында осы жылдың сәуір айының басында негізгі өндіріс тоқтатылды.

ТЖ кезінде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тәулік сайын шамамен 30 мың дана маска шығарды. Бүгінгі күні тәуліктік көлемі шамамен 5-7 мың дананы құрайды.

Облыстың жеңіл өнеркәсібі үш бағытта жұмыс істейді:

  • жалпы көлемнің 77% үлесімен киім тігу (негізінен формалы және арнайы жұмыс киімі);
  • былғарыдан жасалған бұйымдар – 11% (аяқ киім);
  • тоқыма бұйымдары – 11% (төсек-орын, асхана киімі, сондай-ақ ойын алаңдарына арналған жасанды жабын).

Жеңіл өнеркәсіпте барлығы 50-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 95%-ы шағын кәсіпорындар.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары өз өнімдерін негізінен облыстың жүйе құраушы және ірі кәсіпорындарына, сондай-ақ Қорғаныс министрлігіне, ІІМ-ге және басқа да мемлекеттік органдарға жеткізеді. Орташа жүктеме 60% құрайды. 

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қуаты облыстың медициналық, білім беру және басқа да ұйымдарының қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік береді.

Саланың негізгі кәсіпорындары:

  • «Ютария LTD» ЖШС (арнайы киім өндірісі);
  • «Temirtau associates and ancillaries» ЖШС (арнайы киім және шұлық-ұйық өнімдерін өндіру);
  • «Galex Plus» Саран тігін-трикотаж фабрикасы» ЖШС (арнайы және жұмыс киімдерін өндіру);
  • «Қарағанды аяқ киім фабрикасы» ЖШС (мамандандырылған және жұмыс аяқ киім өндірісі);
  • «Тэгам» ЖШС (шұлық-ұйық бұйымдарын өндіру);
  • «ЕСКО» ЖШС (шұлық-ұйық бұйымдарын өндіру);
  • «Руми-эн» ЖШС (шұлық-ұйық бұйымдарын өндіру);
  • «Стежок» ЖШС (арнайы киім өндірісі).

 

Құрылыс материалдары өндірісі

Сонымен қатар құрылыс индустриясы саласы өнеркәсіптік өндіріс көлемінде 2,3% үлесімен дамуда. Құрылыс индустриясында «Central AsiaCement» АҚ, «Қарағанды құрылыс индустриясы» ЖШС, «ККК Бетон» ЖШС және т. б. ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.

 

Азық-түлік өнімдері өндірісі

Сондай-ақ осы жылдың есепті кезеңінде азық-түлік өнімдерін өндірудің мынадай түрлері бойынша заттай көріністе өсім байқалады:

  • ет және тағамдық субөнімдер – 103,3%;
  • үй құсының еті, мұздатылған – 105,2%;
  • үй құсының тағамдық субөнімдері – 107,9%;
  • еттен, субет өнімдерінен немесе жануарлар қанынан жасалған дайын және консервіленген өнімдер – 100,8%;
  •  жаңа, тоңазытылған немесе мұздатылған балық – 178,7%;
  • сары май және сүтті спредтер (пасталар) – 112,1%;
  • ірімшік және сүзбе – 101,2%;
  • жаңа піскен нан – 100,8%;
  • макарон, кеспе, кускус және ұқсас ұн өнімдері – 122,7%;
  • шоколад, шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнімдер – 133,3%;
  • жоңышқа ұны мен түйіршіктерінен басқа, ауыл шаруашылығы малдарына арналған дайын азықтар – 110,3%.

2020 жылдың алғашқы 9 айында $31,4 млн сомасына 105,1 мың т ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда $5,2 млн-ға аз. Оның ішінде қайта өңделген өнім $28,2 млн сомасына 81,8 мың тонна экспортталды:

  • бидай ұны (66,1 мың т);
  • бидай және меслин (6,8 мың т);
  • маргарин және спредтер (7,4 мың т);
  • картоп (14,5 мың т);
  • жұмыртқа (0,4 мың т);
  • зығыр тұқымы (1,2 мың т);
  • макарон өнімдері (0,6 мың т).

Негізінен қазақстандық өнімдер Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Германия, Нидерланды, Польша секілді елдерге экспортталады.

 

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары

Ауыл шаруашылығында оң динамика байқалады. Осы жылдың 11 айында тамақ өнімдерінің нақты көлем индексі 114,3%-ды құрады. Өнім өндіру көлемі — 125,9 млрд теңге, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,3 млрд теңгеге артық.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 105,5%-ды немесе 364,4 млрд теңгені құрады, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің 3,7%-ға (181,6 млрд теңге) және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 8%-ға (181,6 млрд теңге) өсуі есебінен қамтамасыз етілді.

1 млн тоннадан астам астық жиналды, оның ішінде бидай 764,5 мың тонна. Орташа өнімділік 11,3 ц/га құрады. 893,6 мың га дәнді дақылдар жиналды.

Жалпы ауданы 10 213 га алқаптан картоп жинау кезінде 270 мың тонна тамыр дақылдары жиналды. Сонымен қатар 53 мың тонна көкөніс 1344 га алқаптан жиналды.

Жалпы осы жыл сала үшін айтарлықтай қолайлы болды. Саладағы барлық негізгі көрсеткіштер орындалды.

Заттай мәнде 590 мың т өндірілді (жоңышқа ұны мен түйіршіктерінен басқа, ауыл шаруашылығы малдарына арналған дайын азықтарды қоса алғанда). Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім байқалмады.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы секторының қызметкерлері арасында 43 756 адам жұмыс істейді.

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде де тұрақты даму байқалады. Аталған кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 364 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 105,5%.

Биыл АӨК мемлекеттік қолдау жалпы алғанда 17 193,1 млн теңгені құрады, оның ішінде салалар бойынша субсидиялау:

  • өсімдік шаруашылығы — 2994,8 млн теңге;
  • мал шаруашылығы — 4807,8 млн теңге;
  • инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу — 6812,3 млн теңге;
  • АӨК саласындағы дайындаушы ұйымдарға бюджетке төленген ҚҚС сомасы — 51,7 млн теңге;
  • АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыты шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлеме – 63,8 млн теңге.
  • несие беру кезіндегі сыйақы мөлшерлемелері — 2330 млн теңге.
  • қайта өңдеуші кәсіпорындардың мал шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу құны — 132,7 млн теңге.

2020 жылға аналық ірі қара мал басын сатып алу жоспары 10 000 басты құрайды. 7890 бас ірі қара мал сатып алуға түскен 320 өтінім жалпы сомасы 3038,5 млн теңгеге бағаланады. 

Бүгінгі таңда 307 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жалпы сомасы 2665,5 млн теңгеге 6 713 мал басын сатып алуға несие берілді. 

Агро-несие корпорациясы желісі бойынша 2727 басқа 1511 млн теңгеге 17 өтінім берілді. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры желісі бойынша 3986 басқа 1 154,5 млн теңге сомасына 290 өтінім берілді.

Сонымен қатар 54 шаруашылыққа 15760 бас ұсақ мал сатып алуға 592 млн теңге несие берілді. АКК: 35 өтінім, 12987 бас, сомасы 471,7 млн теңге. АШҚҚҚ: 19 өтінім, 2773 бас. сомасы 119,8 млн теңге.

 

Қарағанды облысының инвестициялық жоспарлары және нақты перспективалары

Инвестиция тарту үшін жүйелі жұмыс жүргізілді. Облыста инвестиция тарту жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Кеңестің қызметі нақты жобалардың проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған.

Инвесторлармен жұмысты реттеу мақсатында Қарағанды облысының аумағында инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тәртібі әзірленді және бекітілді. Тәртіп «Сарыарқа» ӘКК» АҚ мамандарын және «Kazah Invest» ҰК» АҚ өңірлік өкілдерін бастапқы кезеңнен бастап толық өндірісті іске қосуды жеткізуге дейін инвесторларды сүйемелдеу бойынша іздеуді және нақты бекітуді көздейді. Бұл жұмысқа барлық мүдделі мемлекеттік органдар (қалалар мен аудандардың әкімдіктері, облыстық басқармалар, даму институттары) тартылған.

Облыста «бір терезе» қағидатымен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Мұнда халыққа қызмет көрсету орталығының, инвесторларға қызмет көрсету орталығының, «ҚазАгроГарант» АҚ Қарағанды филиалының консультанттары, Қарағанды облысының АШТӨ үшін инвестициялық субсидиялар бойынша оператор, «Даму» КДҚ» АҚ, сондай-ақ облыстағы энергетика, сумен және жылумен жабдықтау саласындағы қызмет көрсетушілердің өкілдері жұмыс жүргізуде.

«Сарыарқа» ӘКК және «Сарыарқа» АЭА Басқарушы компаниясы атынан инвестициялар тарту саласындағы ұйымдар анықталды. Олардың құрылымдық бөлімшелері инвесторларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, өңірдің инвестициялық имиджін ілгерілетеді.

Сондай-ақ, облыста өңірдің мамандандырылған инвестициялық сайты (www.investinQ.kz) жұмыс істейді, онда инвестор үшін барлық қажетті ақпарат бар.

2020 жылдың есепті кезеңінде инвестиция көлемі 590 млрд теңгені құрады. Инвестициялардың жалпы көлемінде 83% – жеке инвестиция, 34,2% – шетелдік инвестиция.

Бүгінгі таңда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 2 трлн теңгеге жуық сомаға 50 жаңа ірі инвестициялық жоба пулы жасалды. 

Биыл 2,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 203,6 млрд теңге сомасына 11 жоба іске қосылатынын айта кеткен жөн.

Жалпы құны 168,5 млрд теңге болатын сегіз жоба іске қосылды. Олардың арасында мыналар бар:

  • «Алтыналмас» алтын өндіру фабрикасы (46 млрд теңге, 300 жұмыс орны);
  • техникалық газ өндіру зауыты (27,5 млрд теңге, 20 жұмыс орны);
  • Ақадыр кентіндегі 26 мВт күн электр станциясы (ҚазСолар-50, Германия) (5,6 млрд теңге));
  • «Steel Manufacturing» жез зауыты (құны - 28,1 млрд теңге, 164 жұмыс орны);
  • «Global City» көтерме-логистикалық орталығы (құны - 24 млрд теңге, 1000 жұмыс орны);
  • Hitachi Construction ірі габаритті техникасына қызмет көрсету бойынша сервистік орталық (құны – 2,1 млрд теңге, 50 жұмыс орны);
  • Ферросилиций өндірісі бойынша «YDD Corporation» ЖШС (құны 34 млрд теңге, 450 жұмыс орны);
  • Polymet Solutions Corporation (құны 1,2 млрд теңге, 20 жұмыс орны).

 

Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру жөніндегі шаралар

Облыста экономикалық өсуді қалпына келтіру үшін 2020-2022 жылдарға арналған жедел үн қату және тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды сақтау бойынша дағдарысқа қарсы жоспар іске асырылуда.

Бизнесті дағдарысқа дейінгі қарқынға қалпына келтіру кәсіпкерлерді «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға белсенді тарту, шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен несиелендіру есебінен жоспарланып отыр.

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларда шамамен 15,2 мың жұмыс орны құрылды.

Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 33 612 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 18 232 – тұрақты жұмыс орны.

Бүгінгі таңда қаржылық қолдау шаралары 3,2 мың кәсіпкерге ұсынылды (инвестиция сомасы 83,8 млрд теңге).

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша 43,2 млрд теңге инвестиция сомасына 333 жоба мақұлданды.и«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 9,5 млрд теңгенің 114 жобасы мақұлданды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1187 кәсіпкерге 5 млрд теңгеге шағын несие берілді (оның ішінде қалаларда – 1 млрд теңгеге 98 және ауылдарда – 4 млрд теңгеге 1089 шағын несие).

Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ШОБ субъектілерін жеңілдікпен несиелендірудің жаңа бағдарламасы бойынша 25,1 млрд теңге сомасына 111 жоба мақұлданды.

Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 685,1 млн теңгеге (200 АЕК) 1233 грант берілді. Жас кәсіпкерлерді қолдауға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 145,8 млн теңгеге 216 грант берілді. Қарағанды облысы әкімінің гранттары 50 жас кәсіпкерге 50 млн теңгеге берілді.

Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларының арқасында ЖАО мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлікті жалға бергені үшін 1289 шарт бойынша 125 млн теңгеге төлемақы есептеу тоқтатылды.

4800 кәсіпкерге жалға алу құнынан 40% дейін толық босатудан жеңілдіктер берілді.

ЕДБ-нің 300 кәсіпкеріне несие, негізгі борыш және пайыздар бойынша төлемдерін кейінге қалдыру ұсынылды. 

Айта кету керек, 3211 жоба қолданыстағы бағдарламалардың арқасында қаржыландырылды. 2372 әлеуетті кәсіпкер «Бастау Бизнес» жобасы бойынша тиісті оқудан өтті.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 114 жоба 9,5 млрд теңгеге мақұлданды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі негізгі бағыт 31 инвестициялық жобаны (33,3 млрд теңге, 1567 жұмыс орны) іске асыру есебінен ауыл шаруашылығына инвестиция тарту болып отыр. Биыл 950,1 млн теңге сомасына 47 жұмыс орнын құрумен 7 жоба іске қосылды.

Айта кету керек, отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі жұмыс Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобалық кеңсе аясында жүргізіліп жатыр.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті қамту үлесі 2 есеге артты.

Салалар бөлінісінде:

  • жиһаз өндірісі – 87%
  • жеңіл өнеркәсіп – 83,5;%;
  • құрылыс материалдары – 91,3;%;
  • тамақ өнеркәсібі – 81,3;%;
  • машина жасау бойынша – 60,6;%;
  • химия өнеркәсібі – 53,6%.

Жұмыспен қамту жол картасы жобаларында жергілікті қамту үлесінің 90,7%-ға дейін өсуі қамтамасыз етілді.

Бұл көрсеткішке отандық тауар өндірушілермен олардың өнімдерін қолдану және өндірістік қуатын жүктеу тұрғысынан нақты кездесулер өткізу арқылы қол жеткізілді, ірі инфрақұрылымдық жобаларда отандық өнімді қолдану мәселелері пысықталды, мысалы, «Қарағанды-Теміртау» автожолында Қарағандыда өндірілген жарықтандыру аспаптары қолданылатын болады, орамішілік газ тарату желілері бойынша жергілікті өнімдерді пайдалану мәселесі шешілді.

Сондай-ақ, шикізаттық емес тауарларды сатып алуда жергілікті қамту үлесінің өсуін қамтамасыз ету үшін ірі компаниялармен, оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен және «Қазақмыс» корпорациясымен жұмыс жүргізілуде.

Осы жылдың ақпан айында «АрселорМиттал» компаниясымен Қарағанды өндірісінің шикізаттық емес тауарларының үлесін 5 млрд теңгеден 10 млрд теңгеге дейін арттыру бойынша меморандумға қол қойылды.

Бүгінгі таңда бұл жоспар асыра орындалды. Бұл ретте шикізаттық емес тауарлардың үлесі 5 есеге өсіп, 24,5 млрд теңгені құрады, ал келісімшарт жасасқан өндірушілер саны 20 компанияға артты.

Сол сияқты, мұндай жұмысты «Қазақмыс» корпорациясы да жүргізді. Ағымдағы жылдың соңына дейін «Қазақмыс»-тың қарағандылық өндірушілерден сатып алатын тауарларының үлесі 10 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін ұлғаяды.

2020 жылғы 1 желтоқсандағы дерек бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 88 990 бірлікті құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға (+306 бірлік) жоғары.

2020 жылдың 11 айында заңды тұлғалар арасында бизнес белсенділігінің 5,4%-ға және шаруа қожалықтары арасында 7,4%-ға өсуі байқалады. Бұл бизнестің неғұрлым салмақты секторлары, олар ШОБ өнімдерінің барлық шығарылымының 88,3%-ын қамтамасыз етеді.

ШОБ субъектілері өндірген өнім көлемі 2020 жылдың қаңтар-маусымында 621 млрд теңгені құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артты (+58,6 млрд теңге).

ШОБ шығарылымының негізгі үлесі өнеркәсіпке – 30,3%, саудаға – 25,6%, құрылысқа – 17,7% тиесілі.

Осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны сақталған – 233,4 мың адам (2019 жылдың тиісті кезеңіне 99,9%).

ШОБ-та жұмыс істейтіндердің жалпы санында ең үлкен үлес салмақты сауда секторы – 32,9%, өнеркәсіп – 14,3%, құрылыс – 10,3%, ауыл шаруашылығы –  8,9% алады. Облыстың жұмыспен қамтылған халқына қатысты (635 037 адам) ШОБ-та жұмыспен қамтылғандардың үлесі 36,7% құрады.

 

Тұрғын үйдің қолжетімділігі: облыста 400 шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

2020 жылдың 11 айында облыста 2019 жылдың тиісті кезеңіне 17,4% өсіммен 436,9 мың м² тұрғын үй пайдалануға берілді.

Пайдалануға беру көлемінің 27,8%-ы жеке тұрғын үйге (121,8 мың м²), 52,8%-ы коммерциялық (230,5 мың м²) және 19,4%-ы мемлекеттік сектордың тұрғын үйіне (84,7 мың м²) тиесілі.

Жыл қорытындысы бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен 525 мың м² тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Жалпы, 11 айдың қорытындысы бойынша Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Саран, Қаражал қалаларында және Бұқар жырау, Жаңаарқа, Нұра аудандарында 904 мемлекеттік тұрғын үй (283 жалға берілетін тұрғын үй, 621 кредиттік тұрғын үй) пайдалануға берілді.

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында Қарағанды облысында 3 желтоқсандағы жағдай бойынша 21,8 млрд теңге сомасына 1 962 өтінім берілді, оның ішінде 12,1 млрд теңге сомасына 1 093 өтінім мақұлданды.

Бағдарламаны іске асыруға жеке құрылыс салушылар және екінші деңгейдегі банктер («Сбербанк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Халық Банкі» АҚ) белсенді қатысады.

 

«Нұрлы жол» бағдарламасының автожол жобалары қалай дамуда

Қарағанды облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы шамамен 12,5 мың км құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар автожол – 2785 км, облыстық маңызы бар автожол – 3462 км, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендер көшелері – 6194 км.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басталуымен 2013-2020 жылдар кезеңінде «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін қайта жаңартуды ескере отырып, Қарағанды облысының мың шақырымнан астам автомобиль жолдары жөнделді.

Бүгінгі күні «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізі шеңберінде «Анар-Теміртау» (93 км), «Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналма жолы» (48 км) қайта жаңарту учаскелері аяқталды.

Жол-құрылыс жұмыстары «Қарағанды-Балқаш» (363 км), «Балқаш-Бурылбайтал» (150 км) учаскелерінде жүргізілуде. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Толық аяқтау 2023 жылға жоспарланған.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс бойынша 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 50%-дан астамы – тұрақты.

Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі жолдауында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында 2025 жылға дейінгі барлық республикалық жолдарды қайта жаңарту міндеті қойылды.

Облыс үшін негізгі бағыттардың бірі 4 бағыттағы автомобиль жолдары болып табылады. Олар: 

  • «Қызылорда-Жезқазған» (208 км),
  • «Жезқазған-Қарағанды» (513 км), 
  • «Қарағанды-Қарқаралы» (303 км), 
  • «Жезқазған-Арқалық» (126 км) жалпы ұзындығы – 1 150 км.

Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 426,3 км болатын «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңартуға жобалық құжаттаманы әзірлеу аяқталуда, оның ішінде Қарағанды облысы бойынша 207,7 шақырымы өтеді, жалпы алдын ала құны – 82 млрд теңге.

Жалпы ұзындығы 942 км болатын «Жезқазған-Қарағанды» (513 км), «Қарағанды-Қарқаралы» (303 км), «Жезқазған-Арқалық» (126 км) жобаларын кезең-кезеңмен іске асыру келесі жылдары жүзеге асырылатын болады.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына келетін болсақ, екінші бесжылдық аясында жөндеу жұмыстарымен 3500 шақырымнан астам облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қамту жоспарлануда, оларда 7500-ге жуық жұмыс орны құрылады.

Осылайша, 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ға дейін жеткізілетін болады.

 

Жұмыспен қамту жол картасын және «Еңбек» бағдарламасын іске асыру

Облыстағы жұмыссыздық деңгейі осы жылдың 3 тоқсанында 4,6% құрады. 11 айдың қорытындысы бойынша «Еңбек» бағдарламасы және ЖҚЖК бойынша 60 мыңнан астам адам қамтылды.

Облыста жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету үшін «Еңбек» бағдарламасының, Жұмыспен қамту жол картасының және т. б. барлық әлеуеті пайдаланылады.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға 43 мыңнан астам адамды қамту үшін 7,7 млрд теңге бөлінді.

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 1 қыркүйектен бастап 700 адам (жылдық жоспардың 100%) жіберілді.

Сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 1083 адам жіберілді немесе жылдық жоспардың 187% (жоспар – 580).

Кәсіпкерлікті дамытуға 1142 шағын несие берілді немесе жылдық жоспардың 105% (1091 шағын несие). Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 1502 мемлекеттік грант (жоспар 1502) немесе жоспардан 100% 200 АЕК (555,6 мың теңге) мөлшерінде 827,3 млн теңге бағытталды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2409 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар немесе жоспардан 134% (жоспар 1800) жіберілді.

Субсидияланған жұмыс орындарына (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар) 10448 адам жұмысқа орналастырылды. 

Жұмыспен қамту орталықтарымен 29303 адам жұмысқа орналастырылды.

2020 жылы 33039 жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде 12500 – тұрақты.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша 33612 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 18232 – тұрақты.

Дағдарысқа қарсы шараларға сәйкес облыста Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың жол картасы, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін елді мекендерді абаттандыру бойынша бағдарламалар іске асырылуда.

Жұмыспен қамтудың жол картасына 65,5 млрд теңге сомасына 16 106 жұмыс орнын құрумен 625 жоба кірді, оның ішінде Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 8053 адамды жұмысқа орналастыру бар.

Әлеуметтік-мәдени объектілер: (білім беру – 350, денсаулық сақтау – 60, мәдениет – 51, спорт – 230); тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (сумен жабдықтау – 3, жылумен жабдықтау – 16); инженерлік-көліктік инфрақұрылым (жолдар – 2).

Іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларда 15388 жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша 7759 адам жұмысқа орналастырылды. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын жұмыссыздардың орташа жалақы мөлшері ең төменгі жалақының кемінде екі мөлшерін құрайды.

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша жұмысқа шығуға дайын азаматтарға Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жұмыс орнына келгеннен кейін бірден 2 ЕТЖ немесе 85000 теңге мөлшерінде «көтерме ақы» қарастырылған.

Білім беру саласында жұмыспен қамтудың жол картасы жобаларын іске асыру мектептердің апаттылық проблемасын 100%-ға шешуге мүмкіндік береді және қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейтеді. Жақын арада Кеңгір ауылындағы Теректі станциясында жаңа мектеп, сондай-ақ Сәтбаев қаласында Оқушылар сарайы ашылады.

4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (860 орын) мен 2 бассейннің құрылысы жүйелі түрде спортпен шұғылданатын адамдарды қамтуды 30,5%-ға дейін арттырады.

Қарағанды қаласының Онкологиялық орталығында операциялық блоктың қосымша құрылысын салу алаңдар тапшылығын жояды.

Ғимараттар мен коммуникациялардың 100% тозуымен 2 жедел жәрдем қосалқы станциясының құрылысы (Қарағанды қ.) уақытылы алғашқы медициналық көмек көрсету сапасын арттырады. 37 елді мекенде сумен жабдықтау және су сапасы жақсарды. Көлік инфрақұрылымының жағдайы жақсарды, облыстың 80 елді мекенінде жергілікті жолдардың өткізу қабілеті артты. Облыс орталығында 421 аула аумағы абаттандырылды. 344 көпқабатты тұрғын үйдің сәулеттік келбеті жақсарды.

 

Цифрландыру және инновацияларды енгізу: Қарағанды облысы Қазақстанның «ақылды қалалары» рейтингінде үшінші орында

Облыста цифрландыру бойынша жұмыс «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 72-тармағына сәйкес жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жұмыс істейтін барлық ұйымдар компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген және Интернет желісі қолжетімді.

137 ұйым «Дамумед» бірыңғай медициналық ақпараттық жүйесіне қосылды, облыстың бірыңғай денсаулық сақтау экожүйесі құрылды.

Сонымен қатар медициналық ақпараттық жүйе жеке дәріханалар мен зертханалардың ақпараттық жүйелерімен біріктірілді.

Жасанды зердені енгізу бойынша жоба іске асырылуда — бұл сервистік модель қағидаты бойынша медициналық бейнелерді өңдеу, сақтау жөніндегі PACS-жүйелер. 

Білім беру саласында облыстың барлық мектептері кең жолақты интернетке қосылған.

Барлық мектептерде «Білімал»  АБЖ пайдалана отырып, электрондық журнал енгізілді. Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қою және қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылған.

Мектепке және ТжКБ ұйымдарына қабылдау  Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жүзеге асырылады.

Әлеуметтік салада облыс орталығының 5 мектебінде әлеуметтік ID картаны енгізу бойынша жоба іске асырылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Қарағанды қаласында орталықтандырылған жылумен жабдықталған көп пәтерлі тұрғын үйлер 95%-ға жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құрылғыларымен жабдықталған.

Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің құрылғыларымен қамту 79%-ды құрайды.

Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жоба іске асырылуда, оның аясында 200 мыңнан астам есепке алу құралдары орнатылды, 2 мыңнан астам орталық тарату пункттері, трансформаторлық қосалқы станциялар автоматтандырылды.

Көлік саласында облыс орталығында электрондық билеттеу және электрондық диспетчерлендіру жүйесі тестілік режимде іске қосылды.

Құрылыс саласында 3 жобалық ұйым ВІМ-технологияларды игеруде.

Өткен жылдың қараша айында «Senim109» бірыңғай үйлестіру орталығының іске қосылуы облыста «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асуының көрінісі болды. Осы жоба аясында 109 нөмірі бойынша қалалық ортаға қатысты өтініштер, шағымдар мен ұсыныстар қабылданады. Қазіргі таңда «Senim109» жүйесі облыстың барлық аумағында жұмыс істейді.

«Belsendi Azamat» мобильді қосымшасы әзірленді, ол арқылы тұрғындар 109 қызметіне хабарласа алады.

Қарағанды облысында атмосфералық ауаның жағдайын бақылау және сапасын жақсарту аса маңызды міндеттердің бірі.

Оның шешімдерінің бірі «SmartEcoKaraganda» жобасын іске асыру болды, оның шеңберінде өткен жылы облыстың 4 қаласында күрделі экологиялық жағдайы күрделі 10 газанализаторы орнатылды. Биыл тағы 20-сы орнатылды.

Датчиктер атмосфераға 4 негізгі ластаушы заттардың (азот диоксиді, күкірт оксиді, көміртегі оксиді, күкіртсутек) концентрациясын, сондай-ақ атмосфералық қысымды, ылғалдылықты, желдің жылдамдығын көруге мүмкіндік береді.

Биыл өңірлік геопортал іске қосылды, онда жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларындағы 8 мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру жоспарлануда.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында осы жылдың 9 айында 4 миллионнан астам (4 323 000) мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық түрде 3 миллионға жуық (2 976 655), бұл электрондық түрде алуға болатын қызметтердің жалпы көлемінің 84%-ын құрайды.

Осы жылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға қатысты халықпен үлкен түсіндіру жұмысы жүргізілді, облыс өңірлерінде «Open akimat» жобалары іске асырылды, 40 мыңға жуық адам цифрлық сауаттылыққа оқытылды.

Барлық осы шаралар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге (210-нан 53-ке дейін) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуды азайтуға және заңнама бұзушылықтарын 17 есеге (1280-ден 75-ке дейін) төмендетуге мүмкіндік берді.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Ақылды қалалар» рейтингіне сәйкес Қарағанды облысы республикада үшінші орында тұр.

 

Техникалық жабдықталу мен қолайлы жағдай жасау — облыста толыққанды білім алу үшін барлық жағдай жасалуда

Қарағанды облысында білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді. Сапалы тәрбие мен білім алу үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Үш ауысымда оқытуды жою мақсатында Жезқазған, Қарағанды қалаларында және Ұлытау ауданында мектептердің құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылдың соңында 5 білім беру нысанын: Қарағанды және Сәтбаев қалаларындағы оқушылар сарайларын, Қаражал және Саран қалаларындағы мектептерге жапсарлас құрылыстарды, Қарқаралыдағы жатақханаларды пайдалануға беру жоспарлануда.

Жалпы, облыс бойынша 12 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде, оның ішінде екі мектеп апатты мектептердің және тағы екеуі үш ауысымда оқытатын мектептердің орнына. 

Бұдан басқа, облыстық бюджеттен және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында білім беру нысандарын жөндеуге 17 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп.

Жаңа оқу жылында 504 мектеп жұмысын бастады, онда 204 мың оқушы білім алады, оның ішінде 22 мыңы - бірінші сынып оқушысы.

Оқушылардың 61%-ы қашықтан оқытылуда. Екінші тоқсаннан бастап 6096 кезекші сынып жұмыс істейді, онда 1-5 сынып оқушылары оқытылады.

Өңірдің эпидемиологиялық ахуалы 270 мектепке штаттық режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Барлық оқу орындарында санитарлық режим барынша күшейтілді, барлық қажетті санитарлық құралдар сатып алынды.

Онлайн оқытуды ұйымдастыру үшін облыстық бюджет есебінен 5 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алынды, сондай-ақ демеушілік қаражат есебінен бір мыңға жуық компьютер келіп түсті.

Мемлекет басшысының мектептерді бейнебақылау жүйесімен 100% қамтамасыз ету және барлық ауладағы дәретханаларды мектеп ғимараттарына 99% көшіру жөніндегі тапсырмасы орындалды.

Қазіргі уақытта үш ауысымдық оқыту Қарағанды қаласының «№34 мектеп-лицей» КММ, Жаңаарқа ауданы Атасу кентінің №132 мектеп-лицейінде сақталуда.

2020 жылдың қыркүйек айында үш ауысымдылық мәселесін шешу үшін Қарағанды қаласында 1200 орындық және Жезқазған қаласында 900 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы апатты мектептің орнына Ұлытау ауданының Бетбұлақ ауылында 80 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Нәтижесінде апатты мектептер саны 2 бірлікке дейін қысқарды, бұл 0,4% құрайды.

Апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымдылық мәселесін шешу үшін Қарағанды және Жезқазған қалаларында, Шет және Жаңаарқа аудандарында тағы төрт мектептің құрылысы жүргізілуде. Апатты мектептердің орнына Шет ауданының Киікті ауылы мен Жезқазған қаласының Теректі станциясында жаңа мектептер пайда болады.

Қазіргі уақытта облыста 504 мектеп жұмыс істейді, онда 204 мың оқушы оқиды (204 658), оның ішінде 22 050 – бірінші сынып оқушылары. 4 тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың 48,4% қашықтықтан білім алуда (234 мектептің 99 138 оқушысы).

Ата-аналардың өтініштері негізінде кезекші сыныптарда 1-4 сынып оқушылары ғана емес, 5 сынып оқушылары да оқиды. Нәтижесінде 6 096 кезекші сыныптарда (1 сынып – 1 432, 2 сынып – 1 299, 3 сынып – 1 195, 4 сынып – 1 073, 5 сынып – 1 097) 78 933 оқушы оқиды (1 сынып -18 586 адам, 2 сынып – 16 846 адам, 3 сынып – 15 463 адам, 4 сынып – 13 799 адам, 5 сынып – 14 239 адам).

Штаттық режимде 270 мектеп (26 587 оқушы немесе 13%) жұмысын жалғастыруда. 

Облыстың барлық мектептері оқыту форматына қарамастан санитарлық құралдармен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа 331,7 млн теңге бөлінді.

5 759 санитайзер, 20 мың литрден астам антисептикалық құрал, 21 962 аяқ киім өңдеуге арналған кілемше, 2 199 бактерицидті шам, 1 200 тепловизор, 791 926 маска сатып алынды.

Барлық білім беру ұйымдарында санитарлық-дезинфекциялық және маска режимдері, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтық қатаң сақталады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 28 058 бірлік компьютерлік техника (2 920 компьютер, 21 355 ноутбук және 3 783 планшет) сатып алынды.

Нәтижесінде компьютерлік парк толығымен жаңартылды және 56 мыңнан астам бірлікті құрайды. Бұл ҚР БҒМ – 1 компьютерге 4 оқушыға талаптарына толық сәйкес келеді.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды интернетпен қамтамасыз ету үшін 6 мыңға жуық роутер сатып алынды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 63,3 млн теңгеге 4 573 модем сатып алынды және 2 429 бала үшін 19,9 млн теңге сомаға теңгерім толықтырылуда.

 

Қарағанды облысында азаматтардың денсаулығы ерекше бақылауда

Алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып, облыста ауруды мүмкіндігінше ертерек анықтау, науқасты уақтылы оқшаулау және үй ауруханаларында сапалы емдеу үшін алғашқы медициналық көмекті күшейтуге баса назар аударылды.

Ол үшін облыста 288 мобильді емхана бригадасы құрылды. Қосымша 122 жеңіл автокөлік сатып алынды (жергілікті бюджеттен 102, демеушілік көмектің арқасында 20). Қазіргі уақытта облыста 48 реанимобиль бар, жыл соңына дейін тағы 12 реанимобиль түседі деп күтілуде.

Жедел жәрдемнің санитарлық автокөлік паркі жыл соңына дейін толығымен жаңартылады.

Шалғай ауылдарда жұмыс істеу үшін 9 жылжымалы медициналық кешен дайындалды.

Жедел вирусологиялық тексеруге көп көңіл бөлінеді. Облыста тәулігіне жалпы қуаты 10,5 мың зерттеу жүргізетін 10 ПТР-зертхана жұмыс істейді. Талдау нәтижелерін күту уақыты бір тәуліктен аспайды.

Сондай-ақ, тыныс алу жүйесінің ауруларын уақтылы диагностикалау және емдеу үшін жабдыққа ерекше назар аударылады. Биыл 226 ӨЖЖ аппараты, оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 55 ӨЖЖ, республикалық бюджет қаражатынан 151 ӨЖЖ, демеушілік көмектің арқасында 20 ӨЖЖ сатып алынды. Сонымен қатар, 2500 оттегі концентраторы, 2600 пульсоксиметр, 40 сандық рентген аппараты сатып алынды. 25 госпитальде орталықтандырылған медициналық газ беру жүйесі орнатылған (барлығы 710 нүкте), 18 компьютерлік томография кабинеті жұмыс істейді. Шахтинск, Балқаш, Жезқазған, Сәтпаев қалаларында тағы 4 компьютерлік томограф орнатылып жатыр.

Облыста кадр тапшылығы мәселесі белсенді шешілуде. Жұмысқа медициналық оқу орындарының ординаторлары мен студенттері тартылады.

Жезқазған өңіріндегі кадрлар мәселесі шешілді. Қазір науқастар жаңа жұқпалы аурулар ауруханасында қабылданады. Өңірде Қарағанды қаласының медициналық ұйымдарынан құрылған және жіберілген дәрігерлік бригадалар жұмыс істейді. Жезқазғанға жұмыс істеуге және тұруға келген дәрігерлер тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Облыста вахталық әдіспен жұмыс істейтін өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің денсаулығына бақылау қатаң сақталады.

Ауруханалар, емханалар мен дәріханалар үшін қажетті дәрі-дәрмек қоры толықтырылды.  «Фармация» СК препараттарының қосымша көлеміне (стационарлар – 1,8 млрд теңге, емханалар – 1,08 млрд теңге) өтінім жасалды. Мәлімделген көлемнің 75%-дан астамы жеткізілді.

Жеке дәріханаларда қолжетімді бағамен бөлшек саудада өткізу үшін дәрі-дәрмектер қорын құру үшін  «Фармация» СК-ға 247 млн теңге сомасында өтінім берілді.

Бұдан басқа дәрілік препараттардың 7 атауын: Азитромицин, Дексаметазон, Ибупрофен, Левофлоксацин, Надропарин, Ривароксабан, цефтриаксонды өткізу үшін өтінім қалыптастырылып,  «Фармация» СК-ға жіберілді.

Диспансерлік есепте тұрған барлық пациенттер (245 мың адам) 2021 жылғы қаңтарға дейін қоса алғанда 3 айға қажетті дәрі-дәрмек қорын алды. Бұл вирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың жоғары кезеңінде әлеуметтік қашықтықты сақтауға мүмкіндік береді.

Облыста күзгі-қысқы кезеңде бөлшек дәріхана желісінде сату үшін 1 млрд теңгеге халық арасында үлкен сұранысқа ие дәрілік заттардың тұрақтандыру қоры құрылды (80 мың вирусқа қарсы дәрі-дәрмек қаптамасы (2 атау), 1100 мың ыстықты түсіретін дәрі-дәрмек қаптамасы (2 атау), 200 мың бактерияға қарсы препараттар қаптамасы.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу