17 Сәуір 2025, 19:14

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов елімізде жасанды интеллект экожүйесін дамыту және мен кадрлық әлеуетті күшейту жөніндегі шаралар туралы туралы баяндама жасады.
Комитет төрағасы Ғиззат Байтұрсынов жасанды интеллект(ЖИ) саласындағы экожүйені дамыту мәселелерін талқылай келе, бұл – еліміздің технология тұрғысында егемендігін қамтамасыз ететін, экономиканың барлық саласына серпін беретін аса маңызды бағыттардың бірі екенін баса айтты.
«Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру – білім беру, ғылыми зерттеулер, инфрақұрылым, нормативтік-құқықтық база және кәсіпкерлік сынды бірнеше ірі компонентті қамтиды. Біз жасанды интеллектіні дамытудың кешенді тәсілін ұстанып отырмыз: мектеп оқушыларынан бастап мемлекеттік қызметшілерге дейінгі барлық деңгейде адами капиталды дамытып, әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымды құрудамыз», — деді спикер.
Оның мәлімдеуінше, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект ұлттық стратегиясын құруда. Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде жасанды интеллект туралы заң жобасы қаралуда және ол аталған технологияларды дамыту мен қауіпсіз пайдаланудың құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған.
Болашақ жасанды интеллект стратегиясы ауқымдырақ сипатқа ие болады және жасанды интеллектіні экономиканың басым салаларына интеграциялауға, ғылымды, білім беруді және инновациялық экожүйені дамытуға, сондай-ақ инвестиция тарту мен үздік халықаралық тәжірибелерді ұзақмерзімді перспективада бейімдеуге жағдай жасауға бағытталады.
Бүгінде еліміз жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытып келеді, нәтижесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге және экономикаға жаңа көзқарас қалыптасуда. Дамып келе жатқан суперкомпьютерлік инфрақұрылым Ұлттық жасанды интеллект платформасымен біріктіріліп, мемлекеттік цифрлық өнімдерді әзірлеу мен енгізудің негізгі элементі болады. Платформа деректер жиынтығын, есептеу ресурстарын және жасанды интеллект моделдерін әзірлеуге және оқытуға арналған құралдарды қамтиды.

Ғиззат Байтұрсынов өз кезегінде жасанды интеллект саласындағы технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыру жөнінде ақпарат берді. Министрлік жасанды интеллект үшін технологиялық инфрақұрылымды құру шеңберінде NVIDIA есептеу қуаттарын Қазақстан Республикасының аумағына экспорттауға өтінім берді, бұл барлық елдерге қолданылатын стандартты рәсім болып табылады. Экспорттық лицензияны алу процесі АҚШ мемлекеттік органдары белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
«Сонымен қатар (GPU) NVIDIA L40s арнайы графикалық видеокарталары сатып алынып, олар «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жұмыс істеп тұрған деректерді өңдеу орталығында орналастырылған және KazLLM қазақ үлкен тілдік моделіне негізделген мемлекеттік өнімдерді орналастыру үшін пайдаланылады. Аталған модель 148 млрд токенге оқытылып, қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін қамтиды және Hugging Face платформасында қолжетімді. Жасанды интеллект инфрақұрылымына, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдетуге арналған 11 ЖИ-агент прототипін қамтитын Ұлттық жасанды интеллект платформасы кіреді», — деп түсіндірді Ғиззат Байтұрсынов.
Министрлік өнеркәсіп, энергетика, медицина, қаржы салаларын қамтитын Industrial AI Accelerator бағдарламасын іске қосқанын жеткізген спикер аталған бағдарлама аясында командаларды іріктеу, оқыту және пилоттық жобаларды іске асыру кезеңдері өткізілгенін айтты.
Министрліктің жоспарына сәйкес, 2025 жылға дейін 1 миллион азаматты жасанды интеллект саласындағы базалық және тереңдетілген дағдыларға оқыту көзделген. Спикер келтірген мәліметке сүйенсек, экожүйенің маңызды құрамдас бөлігі ретінде Халықаралық alem.ai жасанды интеллект орталығы құрылмақ, орталық білім беру, ғылыми зерттеулер және кәсіпкерлік бастамаларды біріктіретін болады. Орталықтың құрамына қоғамдық кеңістіктер, TUMO мектебі, Tomorrow school, AI кампусы, R&D орталығы және AI Government ахуалдық орталығы кіреді.
2025 жылға арналған негізгі жоспарлардың ішінде: alem.ai орталығын іске қосу, жасанды интеллектіні дамыту бойынша кеңесті құру, суперкомпьютерлік кластерді іске қосу және білім беру бағдарламаларын іске қосу, жасанды интеллект стратегиясын бекіту мәселелері қамтылған.
Жасанды интеллектіні дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы:
деректер;
инфрақұрылым;
адами капитал;
ғылыми зерттеулер;
құқықтық реттеу;
акселерациялық бағдарламалар сияқты алты негізгі бағытты қамтиды.
Аталған бағыттар шеңберіндегі нақты міндеттерді мәселелерді шешуге және AI енгізу үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға негіз қалайды.
Сонымен қатар жасанды интеллектінің артып келе жатқан маңыздылығын және жүйелі тәсілдің қажеттілігін ескере отырып, қазіргі таңда Тұжырымдаманы ұлттық стратегияға айналдыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болашақ стратегия анағұрлым ауқымды сипатқа ие, ол жасанды интеллектіні экономиканың басым салаларына интеграциялауға, ғылымды, білім беруді және инновациялық экожүйені дамытуға, сондай-ақ инвестицияларды тарту және ұзақмерзімді перспективада үздік халықаралық тәжірибелерді бейімдеуге жағдай жасауға бағытталған.
Бүгінгі таңда KazLLM үлкен тілдік моделі Hugging Face платформасында әзірлеушілер мен стартаптарға және компаниялар үшін оның негізінде өнімдер мен қызметтер құруды ынталандыруға ашық қол жетімді.
Елімізде жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыру шеңберінде Министрлік Industrial АІ Accelerator жобасына – ЖИ-шешімдерді экономиканың негізгі салаларына енгізуге бағытталған акселерация бағдарламасына бастамашы жасады.
Бағдарлама командаларды іріктеу мен оқытудан бастап салалық бағыттардағы пилоттық жобаларды қолдау мен іске қосуға дейінгі барлық негізгі кезеңдерді қамтиды. Іске асырудың бірінші толқыны келесі секторларды:
Тау-кен өнеркәсібі (Mining) — өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;;
Энергетика және мұнай өндіру саласы (EnergyTech) — Энергетика министрлігі;
Медициналық технологиялар (MedTech) — Денсаулық сақтау министрлігі;
Қаржы технологиялары (FinTech) — «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО);
Мемлекеттік технологиялар (GovTech) — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ны қамтыды.
Бағдарламаның бірінші толқынының нәтижелері:
Қатысушы компаниялардан 116 өтінім түсті.
32 компания іріктеуден өтіп, акселерация бағдарламасын сәтті аяқтады.
түрлі салаларда 3 ай ішінде 27 қанатқақты жоба іске қосылды.
4 жобаның пилоттық нұсқасы тиімділігі және ауқымдылығымен аяқтады.
Сондай-ақ елімізде адами капиталды дамыту аясында Министрлік 5 жыл ішінде 1 млн адамды жасанды интеллектімен жұмыс істеу дағдыларына үйретуді жоспарлап отыр. Бұл экономиканы цифрлық трансформациялауды жалғастыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Аталған бағыттағы маңызды кезең alem.аі халықаралық жасанды интеллект орталығын құру болмақ.
Алаңда alem.ai-ды орналастыру жоспарланған:
* 1 қабат – қоғамдық кеңістік (жасанды интеллект саласындағы жетістіктерге арналған форумдар мен көпшілікке арналған дәрістер, сондай-ақ бос орындар жәрмеңкесі, хакатондар және жасанды интеллект саласындағы конкурстар өткізу);
* 2-3 қабаттар – TUMO School (бағдарламалау, робототехника, жасанды интеллект және ақпараттық технология саласындағы басқа да технологиялар бойынша 9-12 сынып оқушыларына арналған білім беру алаңы);
· 4-5 қабаттар – Tomorrow school жасанды интеллект мектебі (бәсекеге қабілетті ЖИ-кадрларды даярлау);
* 6 қабат – ai-кампус (жасанды интеллект стартаптарын қолдау, акселерация бағдарламалары, озық технологияларды дамыту және кәсіпкерліктің тұрақты экожүйесін құру);
* 7 қабат – R&D-орталығы (ғылыми зерттеулер және жасанды интеллект саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеу);
* 8 қабат – AI Government (мемлекеттік үдерістерді талдау және басқару, govtech-шешімдер қабылдау үшін ахуалдық орталық).
Жиында Министрліктің 2025 жылға арналған жоспарлары таныстырылды. Онда Аlem.ai жасанды интеллект халықаралық орталығын құру; AI дамыту кеңесін құру; суперкомпьютер кластерін іске қосу; Білім беру бағдарламаларын іске қосу; жасанды интеллектіні дамыту стратегиясын бекіту шаралары қамтылған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу