Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Жеңілдікті несиелеу және экспорттық сақтандыру — қазақстандық экспорттаушыларға қандай қолдау шаралары қарастырылған

Жұма, 04 Желтоқсан 2020, 10:54:57

Логистикадағы шектеулер, шекаралардың жабылуы, карантиндік талаптар, кейбір өндірістердің тоқтауы, экономика мен сауданың жаһандық баяулауы — пандемия жағдайында отандық экспорттаушыларға оңай емес. Мұндай жағдайда мемлекеттік қолдау ерекше маңызды рөл атқарады. Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қ. Тоқаев отандық кәсіпорындарға экспорттық қолдауды күшейтуді тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асырылатыны туралы толығырақ материалдан оқыңыздар.

Сауда және интеграция министрлігі шикізаттық емес экспорт көлемінің одан әрі төмендеуіне жол бермеу мақсатында барлық бағыттар бойынша экспорттаушыларды қолдау жалғастырылғанын хабарлады.

Еңбекті қашықтан ұйымдастыруға көшу арқылы барлық бизнес-процестерді сақтап қана қоймай, сонымен бірге бизнеспен өзара әрекеттесудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік туды, өйткені көптеген мәселелерді шешу онлайнға өтті.

Экспорттаушыларды қолдау бойынша дағдарысқа қарсы орталық белсенді жұмыс істеуде, телеграм-арна арқылы жедел желі ұйымдастырылды, оның аясында 800 өтініш қаралып, бейінді министрліктер мен ұйымдардың сарапшыларын тарта отырып, жәрдем көрсетілді.

Сондай-ақ ҚР СИМ 16 тауар позициясына басымдық берді, олар бойынша оларды, оның ішінде жаңа нарықтарға ілгерілету бойынша жаңа шешімдер әзірленетін болады.

Министрлік БАӘ Елшілігімен бірлесіп, БАӘ-ге 22 тонна ет өнімдерін жеткізуге алғашқы авиаэкспрессті ұйымдастырды.

Мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы ретінде тәжірибеге бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасы іске қосылды. Ол қазақстандық өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін үдемелі дамытуға, кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін диагностикалауға, оқытуға, сондай-ақ Қытайдан келген контрагенттермен экспорттық келісімшарттарға қол қою сәтіне дейін сүйемелдеуге бағытталған шаралар кешенін қамтиды.

 

Экспорттаушылар үшін жеңілдікті кредит беру және экспорттық сақтандыру

ҚР сауда және интеграция министрлігі экспорттаушылардың шығындарын өтеу ережелерін өзгертті. Атап айтқанда, құжаттар пакеті жетілдірілді, тауарлар тізбесі өзектендірілді және өтелетін шығындардың жаңа түрлері енгізілді. Отандық экспорттаушылар жеңілдетілген несие мен экспорттық сақтандыруды ала алады.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ 2020 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша 70-тен астам қазақстандық экспорттаушылардың $148,2 млн-ға келісімшарттарын сақтандырды.

2020 жылы мемлекеттік қолдау 205 экспорттаушыға өз шығындарын $11,7 млн-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл көлік шығыстарына, жарнамаға, көрмелерге қатысуға, сертификаттауға және басқаларға арналған шығындар.

«ШОБ онлайнда» жаңа білім беру телеграмм-арнасы ашылды. Мұнда кәсіпкерлер электрондық сауданы қалай іске қосу, басқару және ұлғайту, онлайн-сабақтар мен серіктестердің ұсыныстары туралы өзекті ақпаратты таба алады.

Сондай-ақ электрондық сауда мәселелері мен проблемаларын кешенді шешу үшін «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығымен бірлесіп Е-commerce телеграмм-тобы құрылды. 

Қай елдерде өнімге деген сұраныс бар екендігі туралы өзекті сараптамалық талдау export.gov.kz бірыңғай экспорттық порталында орналастырылған. Портал арқылы экспорттық акселерация бағдарламасына қатысуға, шығындарды өтеуге, сондай-ақ халықаралық электрондық алаңдарға шығуға өтінім беруге болады.

 

Барлық ниет білдірген компанияларға қолдау көрсетіледі

Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларының негізгі бағыты — өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары. Бұл жұмыс істеп жүрген экспорттаушылар мен экспорттауды жоспарлап жүрген кәсіпорындар.

Бұл ретте экспортта тәжірибесі бар, сондай-ақ осы бағытқа жаңадан келген барлық ниет білдірген компанияларға қолдау көрсетілетінін атап өткен жөн. Алайда компаниялар іріктелетін бірқатар критерийлер бар, яғни конкурстық негізде таңдалады. Аталған бағдарламаға қатысқысы келетін компаниялардың, ең алдымен, қалауы болуы керек, сонымен қатар барынша ашық болып, сауалдарға жауап беруі керек. Жоғары экспорттық әлеуетті және әлемдік нарықтағы сұранысты ескере отырып, Бағдарламаның бірінші ағымы үшін негізгі сала ретінде азық-түлік өнеркәсібі таңдалды, Қытай мақсатты нарық ретінде анықталды.

 

2020 жылы экспорттық акселерация бағдарламасы іске қосылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында орта кәсіпкерлік субъектілері тек ішкі ғана емес, сыртқы нарықтарға да бағдарлануы тиіс екенін атап өтті. Оларды экспорттық қолдауды күшейту керек. Президент Үкіметке идеядан нәтижеге дейінгі нысаналы қолдауды қамтамасыз ету үшін орташа шикізаттық емес кәсіпорындарға бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінде атап өткендей, ағымдағы жылы Қазақстандағы алғашқы тәжірибеге бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасы іске қосылды. Талдау нәтижесі бойынша нысаналы нарық ретінде Қытай, ал басым сала ретінде тамақ өнеркәсібі таңдалды.

Қысқаша айтқанда, бұл кәсіпорынмен жеке жұмыс жүргізуді және оны нарыққа шығаруға толық дайындықты қамтиды.

Жалпы, бағдарламаға қатысуға 90-ға жуық компания өтінім берді, олар әрі қарай халықаралық скоринг моделі негізінде іріктелді, ол 6 критерий негізінде бағаланады: нарық, өнім, қаржы, құзыреттілік (мотивация), ұйымдастырушылық құрылым, корпоративтік мәдениет. Әр компанияға 6 критерийдің әрқайсысы бойынша сараптамалық баға берілді.

Бағалау қорытындысы бойынша экспорттық акселерацияның екінші кезеңіне қатысу үшін 35 компания таңдалды.

Екінші кезең шеңберінде 35 компания үшін Қытай нарығына шығу бойынша онлайн-вебинарлар режимінде оқыту және ақпараттық семинарлар/коучингтер өткізілді. Сонымен қатар, өнімнің Қытай нарығына шығуға дайындығы, қытай тұтынушыларының талғамдары, өнімнің белгілі бір санаты үшін оңтайлы сату арналары туралы халықаралық сарапшылармен жеке кездесулер өткізілді.

Қытай нарығына шығу бойынша нұсқаулықтар қамтылған жеке жол карталары, сондай-ақ әрбір өнім бойынша коммерциялық ұсыныстар дайындалды.

Қазіргі уақытта онлайн форматта бизнес-миссиялар өткізілуде, оның аясында көптеген қытайлық компаниялар қазақстандық өнімдерге қызығушылық танытуда.

Яғни, қолдау — кәсіпорынды Қытай нарығы үшін дайындау және оған әлеуетті сатып алушыны табу іс жүзінде жүзеге асырылды.

 

Экспорттық акселерация бағдарламасының экономикалық тиімділігі

Жоба алғаш рет қолға алынғанын және біздің елімізде аналогы жоқ екенін және жыл әлі аяқталмағанын ескере отырып, оның қорытындысын шығару әлі ерте, бірақ бағдарламаның қорытындысы бойынша мынадай салалар бойынша 10-15 әлеуетті экспорттық келісімшарт жасасу күтілуде: ет және балық өнімдері, өсімдік майы, ұн тарту өнеркәсібінің өнімдері, кондитерлік өнімдер мен бал және т.б. Алайда, сауда қатынастарын жасау мен орнату ішкі (қазақстандық компанияның жағдайына байланысты), сондай-ақ сыртқы (еларалық сауда қатынастары, шекарадағы жағдай, эпидемиологиялық жағдай және т.б.) жағдайларға байланысты болады. 

Қазіргі уақытта қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында 100 B2B астам кездесулер өткізілді.

Қатысушы компаниялардан алынған деректерге сәйкес, тек 35 компанияның 27-сінен ғана экспорттың жалпы жиынтық көлемі өткен 2019 жыл үшін 100 млрд теңгеден асты. Өрескел есептеулер бойынша, жаңа Қытай нарықтарына байланысты ағымдағы көлемнің 20% мөлшерінде өсуі күтілуде, тиісінше, Қазақстаннан Қытайға қосымша тамақ өнімдерінің экспорты 20 млрд теңге мөлшерінде немесе Қытайға ағымдағы тамақ өнімдерінің экспортынан 40% құрауы мүмкін.

Бюджетке ақшалай түсімдерден басқа, жұмыс орындарын құру, өндірісті ұлғайту, экожүйені құру сияқты жанама әсерлерге қол жеткізу жоспарлануда.

 

Онлайн-экспорт: Alibaba.com-да қазақстандық сауда

Электрондық сауда қарқынды өсуде. Тауарлардың экспортын Е-коммерц арналары арқылы ілгерлету қажеттілігі туындайды.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауы шеңберінде Alibaba.com халықаралық интернет-платформасында 100 қазақстандық компания ұсынылды. Компаниялар бекітілген іріктеу ережелеріне сәйкес export.gov.kz порталында өтініш беру арқылы конкурстық негізде іріктеледі. Іріктеуге қатысу үшін компаниялар конкурстық комиссияға құжаттар пакетін және толтырылған сауалнаманы ұсынуы қажет. Іріктеу нәтижелері export.gov.kz порталында орналастырылады.

Платформада орналасқан компанияларға «алтын жеткізуші» ретінде Alibaba.com халықаралық платформасына кіруге рұқсат берілді. Бұл премиум мәртебесі жаһандық аудиторияға қолжетімділікті, маркетплейс ішінде жан-жақты ілгерлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Alibaba.com платформасына шығудың арқасында компаниялар жаңа сату арнасын тауып, оны тиімді пайдалана алады. Бұл қазақстандық өнімнің танымалдылығын арттыруға және шикізаттық емес тауарлардың экспортын ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Мемлекеттің мақсаты — Қазақстанда сауда мен кәсіпкерліктің жаңа форматын қолдау және дамыту. Сервистік қолдаудың арқасында бүгінгі таңда 7,1 млрд теңгеге немесе $16,4 млн-ға өнім өткізуге келісімдер жасалды, қазақстандық компаниялар тауарларға 500-ден астам сұраныс алды. Сондай-ақ, 4 мыңнан астам қазақстандық тауарлар сауда алаңында орналастырылғанын атап өту қажет, оның ішінде макарон өнімдері, ұн, бал, кондитерлік өнімдер, ет, сусындар, өсімдік майы, жиһаз, киім, балаларға арналған тауарлар және тағы басқалары қамтылған. Сұраныстардың басым бөлігін Қытай, Германия, Марокко, Гонконг, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина және т.б. елдер жіберген. Сұраулар негізінен бал, жарма, ет, май және т. б. сияқты азық-түлік тауарларына түскен.

Аталған шараның қажеттілігін және оның тиімділігін ескере отырып, отандық өндірушілерді Alibaba.com әлемдік нарық алаңына шығару жалғасуда, мұнда жыл сайын сатылымның өсуі байқалады, егер соңғы деректерді салыстыратын болсақ, онда 2 есеге дерлік өскен. Сондықтан платформаның әлеуеті «Gold Supplier» мәртебесі берілетін аккаунттар ұсынылатын келесі 50 тауар өндіруші мен сауда компанияларының экспортына сөзсіз әсер етеді.

Бүгінгі таңда Alibaba.com ресми тарифтеріне сәйкес бір компания үшін Gold Supplier стандартты пакеті $2999 тұрады. 

 

Болашаққа жоспарлар

Сауда және индустрия министрлігі қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және кемелденген экспорттаушылар санын ұлғайтуға бағытталған ұлттық жобаға бастамашылық жасады.

Мынадай бағыттар бойынша жұмыстар атқару көзделген:

  • өнімнің сапасын арттыру үшін халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған техникалық реттеу;

  • экспортқа бағдарланған жобаларға инвестициялар тарту;

  • жаңа піскен өнімдерді жеткізудің түйінді бағыттары үшін, оның ішінде ЕАЭО, ОА елдеріне және Қытайға жеткізудің тиімді көлік-логистикалық арналарын құруға мүмкіндік беретін ұлттық тауар өткізу инфрақұрылымын құру, бұл өткізу нарықтарын айтарлықтай кеңейтеді;

  • отандық экспорттаушылар үшін идеядан бастап өнімді жаңа нарықтарға жеткізуге дейін мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларының кешенді нысаналы пакетін қалыптастыру.

  • Мұның бәрі жалпы шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспортын $41 млрд-қа дейін ұлғайтуға жол ашады.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 10:02
Үкімет ШОБ-ты қолдау шараларын қарады 
04 Мамыр 2021, 09:45
Халықты вакциналау қарқынын арттыру қажет — А. Мамин
03 Мамыр 2021, 14:57
4 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
02 Мамыр 2021, 10:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №110
01 Мамыр 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
30 Сәуір 2021, 18:35
АМСК көрсету, дәрігерлердің жалақысын арттыру және COVID-19-ға қарсы күрес — А. Цой Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуы туралы айтты
30 Сәуір 2021, 16:36
Мемлекет басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты
30 Сәуір 2021, 15:16
ЕАЭО пандемиядан кейінгі қалпына келу кезеңіне өтуде — А. Мамин
30 Сәуір 2021, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №220 Қаулысы
30 Сәуір 2021, 12:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №213 Қаулысы
29 Сәуір 2021, 11:53
Роман Скляр орман-дала өрттерінің алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша тапсырмалар берді
29 Сәуір 2021, 10:30
Әкім лауазымына кандидатураны ауыл тұрғындарының өздері ұсына алады — Ә. Әбдіқадыров 
28 Сәуір 2021, 23:21
Қазақстан мен Ресей 2021-2025 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасын қабылдады
28 Сәуір 2021, 18:19
Мемлекет басшысы ArcelorMittal компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады
28 Сәуір 2021, 18:19
А. Мамин «Arcelor Mittal» басшысы Л. Митталмен кездесті
27 Сәуір 2021, 23:18
Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады
27 Сәуір 2021, 23:14
Мемлекет басшысының өкімімен Әсет Шындалиев Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды
27 Сәуір 2021, 20:34
Мемлекет басшысы бірқатар елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
27 Сәуір 2021, 18:39
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
27 Сәуір 2021, 18:20
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: АӨК, көліктік және туристік инфрақұрылым
27 Сәуір 2021, 17:12
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.