Жол саласына жаңа технологиялар енгізілуде

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Жол саласына жаңа технологияларды енгізу: 2025 жылға арналған жол ғылымының негізгі бағыттары мен жоспарлары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғабдуллина Анар Момынғазықызы мен ҚазжолҒЗИ АҚ вице-президенті Әмірбаев Ерік Диханбайұлы қатысты.

Автожол саласындағы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін ҚР Көлік министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының бірлескен жұмысының нәтижесінде елімізде «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасы қайта жанданды. 

Өткен жылы 1000 мемлекеттік білім беру гранты бөлінсе, биыл бұл сан 800 қосымша грантпен толықтырылды.

«Бүгінгі таңда көлік саласында шамамен 34 мың студент білім алуда. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 14 пайызға артық. Осы көрсеткіш жастардың инфрақұрылым, логистика және мобильділік салаларымен байланысты мамандықтарға деген қызығушылығының артып келе жатқанын дәлелдейді», — деп атап өтті ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина.

Қазақстанда көпірлер мобильді экспресс-диагностика технологиясы арқылы тексеріледі. Жол инфрақұрылымын цифрландыру мен қауіпсіздікті арттыру аясында көпірлерді жедел диагностикалау технологиясы енгізілмек. Бұл технология жол бойындағы көлік қозғалысына шектеу енгізбей-ақ, ауыр арнайы техникасыз көпірдегі жасырын ақауды бірнеше минут ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Диагностикалық кешен жоғары сезімтал сенсорлармен, оның ішінде көпір құрылымындағы дірілді тіркейтін акселерометрлермен жабдықталған. Сонымен қатар құрылғы деформацияны тіркейтін тензодатчиктермен қамтылған.

«Мәселен, бұл технология көпірдің тірегіне ауыр жүк көлігі соқтығысып қалғанда жедел диагностика жасау үшін тиімді болмақ», – деп атап өтті ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Жаңа технологияның басты артықшылығы диагностиканы жедел әрі нақты жасауға болатындығында. Осы кезге дейін көпірлерді тексеру белгілі бір уақытты, техника мен арнайы мамандарды талап етті. Қазір барлық деректі тек бір ғана құрылғына қолдана отырып алуға болады. Бұл жүйе қандай да бір зақым болса инженерлік шешімді тез қабылдауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

«Көлік инфрақұрылымын дамыту — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы орайда Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жол құрылысы мен оны ұстау саласында ғылыми тәсілге ерекше мән береді. Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылы елімізде 12 мың шақырымға жуық автожолда жол және жол құрылысы жұмыстары жүргізілді. Биыл бұл көрсеткіш 13 мың шақырымға дейін ұлғайтылмақ. Бұл – алдыңғы қатарлы ұйымдастыру, технология және тәсілдерді талап ететін ауқымды жұмыс көлемі. Мұндай міндеттерді орындауда шешуші рөл атқаратын – ғылым, себебі дәл осы сала тиімді, қауіпсіз және экономикалық тұрғыдан негізделген шешімдердің іргетасы бола алады»», — деді Анар Ғабдуллина.

Қазақстан – табиғи, климаттық және аумақтық ерекшеліктері жағынан бірегей ел. Елді мекендердің бір-бірінен шалғай орналасуы, климаттық аймақтардың әртүрлілігі, температуралық айырмашылықтар, рельефтің күрделілігі мен жол жүктемесінің біркелкі болмауы жолдардың жобалануынан бастап пайдаланылуына дейін ғылыми негізделген дара тәсілді қажет етеді. Бұл тұрғыда әмбебап шешімдер жоқ – тек терең зерттеулер, сынақтар және технологияларды жергілікті жағдайларға бейімдеу арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады. Осы мақсатта Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитеті мен «ҚазжолҒЗИ» АҚ халықаралық тәжірибеге және отандық ғылыми-зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, еліміздің ғылыми әлеуетін жүйелі түрде дамытып келеді.

Соңғы жылдары отандық ғалымдар мен инженерлердің бастамасымен бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда: жаңа буынға арналған көктайғаққа қарсы реагент, жол белгілеуге арналған органо-ерітінділік бояу, полимер-битумды байлағыш дайындауға арналған құрылғы сияқты бірегей әзірлемелер жасалды.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы цифрлық және технологиялық шешімдер әзірленіп, тәжірибеге енгізілуде.

«Аталған жұмыстар 2025 жылы да өз жалғасын табады. Атап айтқанда, жол қозғалысын тоқтатпай-ақ көпір құрылымдарын экспресс-диагностикалауға мүмкіндік беретін мобильді жүйелердің іске қосылуы басталды. Бұдан бөлек, ел тарихында тұңғыш рет 79 жаңа материалдың далалық сынақтары жүргізіледі. Бұл ең тиімді шешімдерді іріктеп, енгізуге мүмкіндік береді. Superpave технологиясы бойынша жол жамылғыларын жобалаудың халықаралық стандарттары енгізілуде. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігі жөніндегі алғашқы Ұлттық стратегияны әзірлеу басталды. Бұл құжат алдағы бес жылда жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітім деңгейін кемінде 30 пайызға төмендетуді көздейді», — деді ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары.

Бұдан бөлек, ғылыми мектептерді дамыту мен білікті мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлінуде. Ғылымды жол-көлік саласының ажырамас бөлігі деп санаймыз. Қазақстан жағдайында жоғары тиімділік пен тұрақтылыққа тек терең зерттеулер, өндірістік сынақтар және инновацияларды енгізу арқылы қол жеткізуге болады.

ҚазжолҒЗИ АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының жол саласына жаңа технологияларды енгізу бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Жол-құрылыс маусымы аясында республикалық маңызы бар жеті жолда Superpave технологиясы сынақтан өтеді. Қазақстан жол сапасын жақсарту және олардың қызмет ету мерзімін ұзарту бағытында жаңа кезеңге қадам басқалы отыр. 2025 жылы елімізде заманауи Superpave технологиясы, яғни «суперасфальт» стандарты енгізіле бастайды. Биылғы жол-құрылыс маусымында елімізде Superpave әдістемесі бойынша жеті сынақ учаскесін салу жоспарланып отыр.

«Superpave (Superior Performing Asphalt Pavements) – бұл АҚШ-тың Мемлекеттік жол және көлік шенеуніктері қауымдастығы (AASHTO) әзірлеген асфальтбетон жамылғыларын жобалау жүйесі. Аталған жүйе өңірдің температуралық ерекшеліктерін, көлік ағынының қарқындылығын және ауыр жүк көліктерінің әсерін ескеруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев.

Бүгінде Superpave АҚШ, Канада, Қытай және Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Біріншіден 2025 жылғы жол-құрылыс маусымы аясында елімізде жол құрылысына арналған 79 жаңа материал сынақтан өтеді. Бұл материалдар зертханалық сынақтардан сәтті өтіп, алдағы уақытта нақты жол учаскелерінде тексерілетін болады. Сынақ нәтижелері қандай технологияларды қолданысқа ұсынуға болатынын, ал қайсысы талаптарға сай келмейтінін көрсетеді.

«Мысалы, қазіргі таңда «ҚазжолҒЗИ» ғалымдары жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстауға арналған "QSmart" атты заманауи технологиялар мен материалдар желісін екінші жыл қатарынан әзірлеп келеді. Қазіргі таңда бұл желіге оннан астам өнім кіреді. Атап айтқанда, "QSmart-AntiGlaze" көктайғаққа қарсы реагенттері, QSmart-S топырақты тұрақтандыратын қоспа, QSmart-PM битум мен асфальтобетон қоспасының модификаторы, цемент-бетон жолдарының беріктігін арттыруға арналған QSmart-P сіңіргіш құрамы, сондай-ақ QSmart AntiDust шаң басатын материалдар желісі және т.б. Бұл сынақтар RCMbase атты бірыңғай цифрлық платформа шеңберінде жүргізіледі. Бұл база жол-құрылыс материалдары, технологиялар, зертханалар және өндірістік қуаттылықтар туралы деректерді жинайды», — деді ҚазжолҒЗИ АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев.

Қазіргі таңда реестрге 153 материал енгізілген, олардың тек 41-і ғана «жасыл» мәртебеге ие болып, тиімділігі расталған. 2025 жылы сынақтан өтетін 79 материал әзірге «сұр» мәртебеде — яғни, зертханалық талаптарға сай, алайда далалық жағдайда сынақтардан өтпеген. 2025 жыл жаңа материалдар мен технологиялардың сапасын бағалауда маңызды кезең болмақ. Салада алғаш рет барлық қажетті сынақтардан өтпеген материалдардың жобаларда қолданылуына жол бермейтін жүйе енгізіліп жатыр.

Екіншіден. Қазақстан Superpave (суперасфальт) технологиясына көшу аясында жаңа жол жамылғысының стандартына өтуде. Бұл технология жолдардың ұзақ мерзімділігін арттырып, оларды күтіп ұстауға кететін шығындарды азайтуға бағытталған. 2025 жылы осы технология бойынша 7 пилоттық жол учаскесінің құрылысы басталады. Бұл әдіс бүгінде АҚШ пен басқа да елдерде кеңінен қолданылады. Оның Қазақстанда бейімделуі елге автомобиль жолдарын салудың халықаралық стандарттарына көшуге мүмкіндік береді. Қазақстанда оны бейімдеу халықаралық стандарттарға көшуге мүмкіндік береді.

2025 жылы Superpave технологиясы келесі автожол учаскелерінде қолданылатын болады:

  1. KZ05-03 «Қонаев – Құрты» автожолы, 0–67 шақырым (1 шақырым учаске) – қайта жаңғырту жұмыстары;
  2. KAZ14 «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 24–76 шақырым (1 шақырым учаске) – қайта жаңғырту жұмыстары;
  3. KAZ06 «Алматы – Көкпек – Шонжы – Көктал – Хоргос» автожолы, 14–43 шақырым(1 шақырым учаске) – орташа жөндеу;
  4. KAZ11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау порты» автожолы (Шетпеге кіреберіс және Жетібай арқылы өтетін бөлігін қоса алғанда), 101,2–102,2 шақырым, 119,6–122 шақырым, 171,6–210 шақырым (1 шақырым жалпы учаске) – орташа жөндеу;
  5. KZ10-03 «Денисовка – Тавриченко – Аршалы – Комаровка» автожолы, 0–28 шақырым (1 шақырым учаске) – орташа жөндеу;
  6. KAZ08 «Алматы – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 1115–1130 шақырым (1 шақырым учаске) – орташа жөндеу;
  7. KAZ01 «Астана – Қарағанды (айналма жолмен) – Алматы» автожолы, 856–913 шақырым (1 шақырым учаске) – күрделі жөндеу.

Үшіншіден. Тағы бір жаңа енгізілім — көпірлерге жүргізілетін жылжымалы экспресс-диагностика технологиясы. Бұл әдіс көпірлердің жасырын ақауларын жол қозғалысын тоқтатпай әрі арнайы ауыр техниканы қолданбай анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе бірнеше түрлі датчиктерден тұрады. Олардың бірі – акселерометр – конструкцияның тербелісін тіркейді. Егер тербеліс жиілігі қалыптыдан ауытқыса, бұл зақымның ықтимал белгісі болып саналады. Сонымен қатар, деформацияны өлшейтін тензохабарлағыш та қолданылады. Мысалы, егер көпір арқалығы ірі габаритті көлік соққысынан зақымданса, бұл технология оны дереу анықтай алады. Жүйенің басты артықшылығы – жылдамдық пен тиімділік. Бұған дейін мұндай тексерулерге көп уақыт пен ресурс қажет болатын әрі жүргізушілерге қолайсыздық туғызатын. Енді бұл технология инженерлік шешімдер қабылдау үдерісін жеделдетіп, апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

«Төртіншіден. Жол қозғалысы қауіпсіздігі стратегиясын әзірленуді. Мақсат – алдағы бес жыл ішінде жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім санын кемінде 30%-ға дейін азайту. Жобаны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасымен Институт әзірлеуде. Құжат еліміздегі жол-көлік апаттарының артуына қарсы күресте негізгі құралға айналады деп күтілуде. Жобаға сәйкес, жол қозғалысы қауіпсіздігі стратегиясы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әрбір мемлекеттік орган үшін жол қауіпсіздігі саласындағы нақты жұмыс жоспарын, Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, автожолдардың жобалаудан бастап пайдалануға дейінге өмірлік циклында міндетті қауіпсіздік аудиті мен инспекциясын енгізуді қамтиды. Стратегияны әзірлеу барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айтарлықтай табысқа жеткен Швеция, Чехия, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты елдердің тәжірибесіне ерекше назар аударылуда. Бұл елдердің қолданылатын тәсілдері Қазақстанның ерекшеліктеріне сәйкес бейімделіп қолданылатын болады. Құжат елімізде адам өмірін сақтауға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған тұтас әрі тұрақты жол қауіпсіздігі жүйесін қалыптастырудың негізіне айналады деп күтілуде», — деді ҚазжолҒЗИ АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев.

Бесіншіден. Автожол саласындағы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін ҚР Көлік министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының бірлескен жұмысының нәтижесінде елімізде «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша жеке бағдарлама қайта жанданды.Автожол саласындағы кадр тапшылығы мәселесін жүйелі түрде шешу мақсатында өткен жылы «Транспорттық құрылыс» бағыты бойынша 1000 мемлекеттік білім беру гранты бөлінсе, биыл бұл сан 800 қосымша грантпен толықтырылды. Бүгінде көлік саласында шамамен 34 мың студент білім алуда. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 14%-ға артық. Осы көрсеткіш жастардың инфрақұрылым, логистика және мобильділік салаларымен байланысты мамандықтарға деген қызығушылығының артып келе жатқанын дәлелдейді.

«Айта кетерлігі, ҚазжолҒЗИ кадрлар тапшылығы мәселесін шешу мақсатында өткен жылы жол саласы мамандарының цифрлық банкін құрған болатын. Jolshy базасында жол саласының барлық маманы – ЖОО түлектері, тіпті автожолдарды салу және жобалау мен пайдалану саласында жұмыс істейтін ардагерлер туралы да ақпарат қамтылады. Атап айтқанда, мамандардың біліктілігі, олардың жұмыс тәжірибесі, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың болуы және басқа да мәліметтер көрсетіледі. Бүгінде база толықтырылып жатыр. Сонымен бірге басқа мемлекеттік жүйелермен интеграция жүргізілуде. База жақын арада тәжірибелік пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазіргі уақытты «ҚазжолҒЗИ»-да 3 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты және 4 PhD докторы жұмыс істейді, қалған қызметкерлердің басым бөлігі ғылым магистрі дәрежесіне ие», — деді ҚазжолҒЗИ АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу