Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жұмыс орындарын ашу: ҚР-да халықты жұмыспен қамту шаралары

Бейсенбі, 15 Сәуір 2021, 19:33:56

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын және Жұмыспен қамтудың жол картасын 2020 жылы іске асыруды қорытындылап, 2021 жылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы айтты.

Өз сөзінің басында вице-министр соңғы онжылдықтағы COVID-19 пандемиясынан туындаған әлемдік әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстанда еңбек нарығының негізгі индикаторлары тұрақтылықты көрсеткенін хабарлады.

«Соңғы үш жылда жұмыс күшінің саны 43 мың адамға көбейді. Бұл жалдамалы жұмысшылар санының 75 мың адамға артуы және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының 37 мың адамға қысқаруы аясында орын алды. Бұл ретте еңбек нарығын сипаттайтын негізгі индикатор – жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды», — деді Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, жұмыссыздықтың күрт өсуі екі себепке байланысты болған жоқ.

Біріншіден, уақытша жұмыспен қамтылмаған халық саны 4,1 есе өсті. Төтенше жағдай кезінде жұмыс істемеген адамдар жұмыссыз емес, жұмыспен қамтылған халық құрамында уақытша жұмыспен қамтылмаған болып есептелді.

Қатаң карантиндік шаралар кезеңінде уақытша жұмыспен қамтылмағандардың саны 2020 жылдың басындағы 129 мыңнан 2020 жылдың екінші тоқсанындағы 536 мың адамға дейін өсті, ал ішінара жұмыспен қамтылғандардың саны 388 мыңнан 491 мың адамға дейін өсті.

Екіншіден, жұмыс уақытын пайдалану көрсеткіші 1-тоқсандағы 97%-дан 2020 жылғы 2-тоқсанда 90%-ға дейін қысқарды. Яғни, толық жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер саны – 36 сағаттан астам азайды (542 мың адамға), ал аптасына 30 сағаттан аз жұмыс істейтіндер саны керісінше өсті (104 мың адамға).

«Бүгін біз экономиканың біртіндеп қалпына келуін байқап отырмыз. Бұл еңбек нарығына жағымды әсер етеді. Осылайша, 4-тоқсанның қорытындысы бойынша уақытша жұмыспен қамтылмағандардың саны 147 мың адамға дейін қысқарды. Электрондық еңбек биржасындағы (бұдан әрі – ЭЕБ) резюмелер мен бос жұмыс орындарының саны осы жылдың наурыз айында 2020 жылдың сәуірімен салыстырғанда 2 есеге артты», — деп толықтырды вице-министр.

Ержан Біржанов COVID-19 пандемиясынан елеулі әлеуметтік-экономикалық салдарларға жол бермеу мақсатында ҚР Үкіметі бизнес пен халықты қолдау бойынша теңдессіз шаралар кешенін қабылдағанын, олардың арасында азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылғанын атап өтті.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қосымша 50 млрд теңге бөлінді, ал жалпы шығындар 176,1 млрд теңгені құрады. Біз жастар практикасы бойынша жұмыс орындарын және қоғамдық жұмыстарды субсидиялауды және бизнесті дамыту үшін гранттарға арналған шығыстарды ұлғайттық», — деп хабарлады вице-министр.

Жалпы, 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар құрамына 649 мың адам қосылды, оның ішінде:

  • тұрақты жұмыс орындарына 319 мың адам жұмысқа орналастырылды.
  • қысқа мерзімді курстармен және кәсіптік техникалық біліммен 37,1 мың адам қамтылды;
  • «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға
  • 33,2 мың адам жіберілді;
  • кәсіпкерлік бастаманы қолдау үшін 12,7 мың жеңілдетілген микрокредит берілді. 13,7 мың жұмыс орнын құру түрінде маңызды әлеуметтік әсер алынды;
  • жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді;
  • субсидияланатын жұмыс орындарына 210 мың адам жұмысқа орналастырылды;
  • солтүстік өңірлерге оңтүстік облыстардан 5,8 мың адам ерікті түрде қоныс аударды.

«COVID-19 пандемиясының теріс салдарын азайту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» дағдарысқа қарсы арнайы әлеуметтік бағдарламасы әзірленді. Оны жүзеге асыру аясында 6,7 мың нысанның құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілді. 239 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың жартысынан астамы жұмыс іздеп жүрген адамдар және халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздар болып табылады. Отандық өндірушілерден 389 млрд теңгенің материалдары сатып алынды», — деді Ержан Біржанов.

2021 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен шамамен 1,2 млн адамды, оның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде – 700 мың адамды, жұмыспен қамтудың дағдарысқа қарсы Жол картасы бойынша – 32 мың адамды, басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде – 440 мың адамды қамту жоспарланып отыр.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 700 мың адамның 473 мыңы жұмыс орындарына орналастырылады, ал 227 мыңы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен қамтылады, олар 3 бағытты қамтиды. Бірінші бағыт бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарына және ТжКБ ұйымдарына оқуға 36 мың адам жіберіледі. Кәсіпкерлікті қолдауды көздейтін екінші бағыт бойынша 30 мың адамды бизнес-дағдыларға оқытумен қамтуды жоспарлап отырмыз, 5 мың адам микрокредиттер алады, тағы 21 мың адамға бизнес жобаларға гранттар берілетін болады. Үшінші бағыт шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындары есебінен еңбек нарығына бейімделу қиынға түсетін адамдар қатарынан 128 мың адамға қолдау көрсетілетін болады және 7 мың адамға олардың жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге өз еркімен көшуін қолдау бойынша шаралар көрсетілетін болады», — деп хабарлады вице-министр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрақты жұмыс орындарын құруға баса назар аудара отырып, ЖҚЖК іске асыру жалғасуда.Бүгінде жергілікті атқарушы органдар 32 мың жұмыс орнын, оның ішінде 12,1 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 378 инфрақұрылымдық жобаны іріктеп алды. Жұмыспен қамту жол картасы 6%-дан аспайтын мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредит беру бойынша жаңа бағытпен толықтырылды. ЖҚЖК аясында микрокредит алушылар қосымша 11 мың жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр.

Ержан Біржанов сондай-ақ, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру маңызды бағыт болып табылатынын атап өтті. Осылайша, 2020 жылғы қарашадан бастап 17 пилоттық жұмыспен қамту орталығында (облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада) ЭЕБ арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жоба іске қосылды.

Бұл келесі қызметтер:

  • жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу және кейіннен жұмыссыз мәртебесін беру;
  • жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жіберу арқылы еңбек делдалдығын көрсету;
  • жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау.

2021 жылғы 5 қаңтардан бастап пилоттық жұмыспен қамту орталықтарының тізбесіне облыстық маңызы бар 23 қала қосымша енгізілді. Пилот шеңберінде 20 мың адам жұмыс іздеп жүрген адам ретінде, 16 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелді.

5 мың адам ЭЕБ арқылы өз бетінше жолдама алып, субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысқа кірісті, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 1,8 мың қатысушыға төлемдер тағайындалды.

2021 жылдың соңына дейін барлық жұмыспен қамту орталықтары онлайн түрде қызмет көрсететін болады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз жобалық басқару жүйесін енгізе отырып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын ұлттық жобаға қайта форматтауға кірістік. Бұл ретте құралдар мен міндеттер жаңа әдіснамаға сәйкес өзектендіріліп қана қоймай, мүлдем жаңа тетіктер мен бизнес-процестер енгізілетін болады», — деп хабарлады Ержан Біржанов.

Вице-министрдің айтуынша, еңбек ресурстарының дағдыларын дамытуды көздейтін бірінші бағыт шеңберінде жұмыс берушілердің нақты қажеттіліктеріне практикалық дағдыларды алуға баса назар аударылатын болады. ЭЕБ базасында талап етілетін дағдылар бойынша онлайн оқытудың жалпыұлттық платформасын іске қосу жаңашыл жоба болады.

«Екінші бағытта елеулі «жаңару» – кәсіпкерлік бастамаларды қолдау арқылы халықтың табысын арттыру күтуде. Бұл жерде біз электрондық еңбек биржасы базасында кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың «бірыңғай терезесін» енгізуді және өтінімдерді беру мен қарау процестерін барынша автоматтандыруды жүргізуді жоспарлап отырмыз. Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікпен айналысу кедергілерін еңсеру үшін әлеуетті өнім өндірушілер мен сатып алушыларды түйістіру бойынша шаралар қабылданатын болады. Ол үшін біз өндірістік-өткізу тізбектерін қалыптастыруға негізделген аудандардың мастер-жоспарларын қалыптастыру бойынша шаралар қабылдағымыз келеді. Келесі жылы несиелендіру және гранттық қолдау үшін бизнес жобаларды іріктеу мастер-жоспарларды ескере отырып жүргізілетін болады», — деп толықтырды Ержан Біржанов.

Үшінші міндет – халықтың нысаналы топтарын атаулы қолдау. Бұл бағытта олардың қажеттіліктеріне қарай жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Мысалы, жастар үшін бұл «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны», ал зейнеталды жастағы адамдар үшін – «Күміс жас» және «Ұрпақтар келісімшарты». Жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған адамдар үшін (мүгедектігі бар адамдар немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар) – «Әлеуметтік жұмыс орындары».

«Мұның мәні белгілі бір уақыт кезеңінде еңбекке ақы төлеуді уақытша немесе толық субсидиялау болып табылады. Бұл өз бизнесінде қосымша тегін ресурс алатын, ал шараларға қатысушылар жұмыс пен табыс алатын жұмыс берушілер үшін тиімді», — деп түсіндірді вице-министр.

Сондай-ақ азаматтардың еңбек ұтқырлығын ынталандыру – жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бойынша жұмыс жалғасатын болады.

«Жоғарыда атап өткендей, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жөніндегі пилоттық жобаның нәтижелерін ескере отырып, еңбек нарығының инфрақұрылымын дамыту жалғасатын болады. Бұл мемлекеттік қызметтер мен жұмыспен қамтуды қолдаудың белсенді шараларын цифрлық форматқа көшіруді және цифрлық жұмыспен қамту орталықтарын – виртуалды көмекшілерді құруды, қашықтықтан қызмет көрсетуді, сондай-ақ резюме мен бос жұмыс орындарын салыстыру үшін электрондық еңбек биржасында жасанды интеллект элементтерін енгізуді көздейді», — деп түйіндеді Ержан Біржанов.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғындықов журналистің ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында қанша қазақстандықтың жұмыссыз қалуы және қандай себептермен жұмыссыз қалуы мүмкін екендігі туралы сұрағына осындай цифрларға талдау жасалғанын, бірақ жұмыстан айырылу түрлі факторларға байланысты екенін айтты. Яғни, бұл біліктілік деңгейі, адамдармен байланыс жасау қажеттігі және т.б. факторлар. Барлығы карантиндік шектеу шараларын енгізу жағдайларына байланысты.

«Бүгінгі таңда біздің бағалауымыз бойынша, 87 млн адамның 4,1 млн-ы жұмыс орындарында қалады. Яғни, бұл онсыз өмір сүру мүмкін емес секторлар немесе жұмыс түрлері», — деді Д. Арғындықов.

Оның айтуынша, шамамен 2,5 млн адам қашықтан жұмыс істеу режиміне көшірілуі мүмкін. Тәуекел аймағында 2 млн жуық адам қаралады. Бұл, әрине, қызмет көрсету, сауда, көлік саласының қызметкерлері. 165 мыңға жуық адам жұмысынан айрылады деп болжануда. Бірақ бұл толық шектеу шараларын енгізген жағдайда орын алады.

Журналистің жұмысқа қабылдауда көбіне бас тартатын 45+ жастағы азаматтарды қолдау үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы сұрағына вице-министр Е. Біржанов бұл нақты сан емес деп жауап берді.

«Талдау мәліметтеріне сәйкес, керісінше, 45+ жас – бұл ең белсенді еңбек жасы. Жалпы, ел бойынша жұмысшылардың шамамен 45%-ы осы санатқа жатады. Шын мәнінде, проблемалық жас — бұл 25 жасқа дейінгі жастар және зейнетке шыққанға дейін 2-3 жыл қалған зейнет алдындағы жас», — деді Е. Біржанов.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа бағдарламада азаматтардың осындай санаттары бойынша жаңа тәсілдер қарастырылған. Олардың ішінде бірінші жұмыс орнын субсидиялау, жұмыс орнында тағылымдамадан өту бар.

Зейнетке шығар алдындағы жасқа байланысты «күміс жас» жобасы пысықталуда, ол жұмыс берушіге екі жыл ішінде белгілі бір мөлшерде қызметкердің жалақысын өтеуді көздейді. Сандар, болжамдар есептелді. Жоба пысықталуда.

Сондай-ақ, вице-министр министрліктің барлық бастамалары нарық қажеттілігінен туындайтынын және халықаралық тәжірибені талдау арқылы бизнес-қоғамдастықпен, еңбек ұжымдарымен ынтымақтастықта пысықталып жатқанын атап өтті. Қабылданатын шаралар жүйелі және болашаққа есептелген.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
23 Шілде 2021, 20:20
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселелерін қарады
23 Шілде 2021, 15:06
Жартыжылдық қорытындысы: Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні тұрақты өсім көрсетіп отыр
23 Шілде 2021, 10:44
Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр
23 Шілде 2021, 09:44
Қажмұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Шілде 2021, 18:49
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
22 Шілде 2021, 13:45
Биыл жол салуға бөлінген қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмсалады — Маңғыстау облысының әкімі
22 Шілде 2021, 13:45
Алдағы қыс маусымына жем-шөп қорын құру үшін тиісті қаражат бөлінуде — Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
22 Шілде 2021, 13:34
С. Трұмов: халықаралық деңгейдегі туризм нысандарының салынуы облыс экономикасының дамуына зор серпін береді
21 Шілде 2021, 18:27
Е. Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
21 Шілде 2021, 15:38
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым, АӨК, цифрландыру   
21 Шілде 2021, 12:07
Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды
19 Шілде 2021, 21:23
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелерін қарады
19 Шілде 2021, 18:20
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
19 Шілде 2021, 15:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
16 Шілде 2021, 16:13
Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
14 Шілде 2021, 18:38
Ғабит Сыздықбеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
14 Шілде 2021, 17:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №429 Қаулысы
14 Шілде 2021, 17:20
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
14 Шілде 2021, 17:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №466 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №459 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы
13 Шілде 2021, 17:59
2021 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға өсті — Б. Сұлтанов
13 Шілде 2021, 16:15
Үкіметте 2021 жылы халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
13 Шілде 2021, 16:08
Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
12 Шілде 2021, 19:10
ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады
12 Шілде 2021, 14:48
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
12 Шілде 2021, 12:08
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
11 Шілде 2021, 10:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120
10 Шілде 2021, 16:55
ҚР Ұлттық банкі «цифрлық теңгені» енгізу бойынша пилоттық жобаны дайындап жатыр
10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды
09 Шілде 2021, 18:27
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді
09 Шілде 2021, 09:15
Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 20:36
Марат Қарабаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
07 Шілде 2021, 19:36
Е. Тоғжанов Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
06 Шілде 2021, 17:35
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады
04 Шілде 2021, 11:06
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119
03 Шілде 2021, 19:26
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
02 Шілде 2021, 20:42
Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты
02 Шілде 2021, 17:22
А. Мамин ЕАДБ отырысын өткізді – Банктің 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді
02 Шілде 2021, 17:20
А. Мамин Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
02 Шілде 2021, 14:17
ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгеріс жасады
02 Шілде 2021, 14:04
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Шілде 2021, 13:43
А. Мамин «Алтын Орда» көлік айрығын реконструкциялауды 2021 жылғы қазанда аяқтауды тапсырды
02 Шілде 2021, 13:08
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін Алматы метросының «Сарыарқа» және «Достық» станцияларының құрылысын аяқтауды тапсырды
02 Шілде 2021, 12:05
ВАК-та «Дельта» штаммына тән COVID-19 мутациясы анықталғаннан кейінгі қазіргі эпидемиологиялық жағдай талқыланды
02 Шілде 2021, 08:30
А. Мамин ҮАААЖ құрылысын 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды 
01 Шілде 2021, 21:58
Елбасы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяоны қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.